Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Орал қ. № 2009ж icon

Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Орал қ. № 2009ж



НазваниеЖұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Орал қ. № 2009ж
Дата конвертации08.05.2013
Размер134.64 Kb.
ТипДокументы
источник

Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт


Орал қ. №______ «______» ___________2009ж.


«Орал қаласының құрылыс бөлімі» ММ-сі, бұдан әрі Тапсырыс беруші деп аталатын, бөлім бастығы Н.Н.Мурзагалиев Ереже негізінде әрекет ететін, бір тараптан және бұдан әрі Мердігер деп аталатын ____________________ атынан Жарғы негізінде әрекет ететін, екінші тараптан, ҚР 2007 жылғы 21 шілдедегі №303 «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы №1303 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесіне, 2009 жылғы _________ №___ мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес осы мемлекеттік сатып алу туралы шартты (бұдан әрі-Шарт) жасасты және төмендегілер туралы келісімге келді:

  1. Конкурсты ұйымдастырушы – «Орал қаласының құрылыс бөлімі» ММ-сі «Серебряково кентіндегі «Сайран» шағынауданын сумен қамту» құрылыс жұмыстарын мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс жариялады.

________________________________________________________ жалпы теңге мөлшеріндегі сомаға тапсырыс беруші үшін және осы жұмыстарды орындауға орындаушының конкурстық өтінімін қабылдады (бұдан әрі-шарттың бағасы).

Шарттың бағасы тапсырыс беруші мен орындаушының арасында _______________________________________________бюджеттік бағдарламасы, _______________________________________________кіші бағдарламасы бойынша, 421 ________________________________________ ерекшелігі ________________________________________ теңгені құрайды.

  1. Жұмыстар_______________________________________________________________________________________ жобасы бойынша орындалады. Бас жобалаушы___________________________________________________

________________________________________________________________.

  1. Осы шартта төменде санамаланған ұғымдар мынадай түсіндірмені білдіретін болады:

    1. "Тапсырыс беруші" – мемлекеттік органдар, мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акциялардың ёүлестердің) елу және одан астам пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;

    2. "Бас мердігер" (бұдан әрі – Мердігер) – тапсырыс берушімен жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартта оның контрагенті ретінде әрекет ететін заңды тұлға, сондай-ақ консорцикм (сатып алуды жүзеге асыру ережесінде көзделген жағдайлар);

    3. "Қосалқы мердігер" (бірлескен орындаушы) – шарт бойынша учаскеде жұмыстардың бір бөлігін орындауға мердігермен шарты және (немесе) келісімі бар адамды немесе ұйымды білдіреді;

    4. "Техникалық қадағалаушы" – мердігерлік жұмыстарды мердігердің шарттың ережелеріне сәйкес орындауы жөніндегі бақылауды жүзеге асыруға тапсырыс беруші тағайындаған және мердігерге хабарланған адамды білдіреді;

    5. "Объект" – мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы мердігердің шартта көзделген түрде құрылуға, қайта жаңартуға және тапсырыс берушіге беруге тиіс деп анықтаған ғимарат, құрылым;

    6. "Учаске" – Объект құрылысын салуға немесе жұмыстарды жүргізуге бөлінген аумақты білдіреді;

    7. "Шарттың бағасы" - шарттың мердігер өзінің конкурстық өтінімде көрсеткен және тапсырыс беруші қабылдаған жалпы сомасын білдіреді;

    8. "Шарт" – Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес тапсырыс беруші мен өнім берушінің арасында ғимараттар мен имараттарды салуға және жөндеу-құрылыс жұмыстарына жасалған азаматтық-құқықтық шарт. Шартқа оған қол қойылғаннан кейінгі барлық толықтырулар мен қосымшалар, өзгерістер қабылдау жолымен жасалуы мүмкін. Шарт жобалаушы мен мердігер, тапсырыс берушілер мен қосалқы мердігерлер арасындағы қандай да бір шарттық қатыныстар қалыптастыратындай түрде түсіндірілуге тиіс емес;

    9. "Уақытша құрылыстар" – объектінің құрылысын салу мен жөндеу үшін қажетті, тұрғызылатын, орнатылатын және объектінің құрылысын салуды аяқтағаннан кейін мердігер алып тастайтын барлық уақытша ғимараттар мен құрылыстарын білдіреді;

    10. "Материалдар" – объект құрылысын салу үшін мердігер мен қосалқы мердігер пайдаланатын барлық шығыс материалдарын білдіреді;

    11. "Жабдық" – мердігер мен қосалқы мердігердің объектінің құрылысын салу үшін учаскеде уақытша тұрған барлық машиналары мен тетіктерін білдіреді;

    12. "Құрылыстардың ұзақтық мерзімі" мердігер объектінің құрылысын салуды аяқтауға тиіс мерзімді білдіреді;

    13. "Күндер" – күнтізбелік күндер, "айлар" – күнтізбелік айлар;

    14. "Өзгерістер" – тапсырыс беруші шартқа қол қойғаннан кейін берген мәліметтер өзгерісі;

    15. "Ақау" – жұмыстардың шарт ережелерін бұзып орындалған бөлігі;

    16. "Шалалықтар мен ақауларды жою кезеңі" – жұмыстардың орындалуын тексеру үдерісінде табылған шалалықтар мен ақауларды жою кезеңі.

  2. Өнім беруші шартты жасасқан күннен бастап он жұмыс күн ішінде банктік кепілдікті ұсыну әдісімен оның бағасынан 3% мөлшерде шарттың атқарылуын қамтамасыз етуді енгізуге тиіс. Тапсырыс беруші шарт бойынша енгізілген өзінің міндеттемелерін мердігермен тиісті және толық орындағаннан күннен бастап бес жұмыс күн ішінде өнім берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтарады.

Мердігер осы шартта қарастырылған барлық жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс.

  1. Шарт Қазақстан Республикасының қаңнамаларына сәйкес мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жасалады.

  2. Өнім берушіні таңдауға негіз болған сапаның және басқа да шарттардың өзгермейтін талабы жағдайында Мемлкеттік сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерістер енгізу ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 39-бабында көзделген жағдайда жол беріледі.

  3. Тапсырыс беруші мен Мердігер арасындағы нысана құрылысын салу мәселелеріне қатысты ресми қатынас жазбаша түрде ғана күшке ие болады.

  4. Мердігер қосалқы мердігерлік ұйымдармен жұмыстардың жалпы көлемінің (мердігерлік бағасының) 2/3 бөлігінен аспайтын Шарт жасаса алады және Тапсырыс берушінің жазбаша рұқсатынсыз Шартты үшінші тұлғаға бере алмайды. Қосалқы мердігерлердің болуы Тапсырыс беруші мен Мердігер арасындағы Шарттың талаптарын өзгертпейді.

  5. Учаскеде қосалқы мердігерлер болса Мердігер өзінің жұмыстарын олармен үйлестіріп отыруы тиіс.

  6. Тапсырыс беруші Мердігерге объектінің құрылысын салуға (жөндеуге, қайта жаңартуға) жобалау-сметалық құжаттаманы береді. Нысананың құрылысы дайын болған кезде тапсырылады.

  7. Мердігер негізгі қызметтерге біліктілігі туралы мәліметтерде көрсетілген қызметкерлерді жалдайды. Бұл адамдарды басқасына ауыстырған кезде Мердігер мұндай ауыстыруға Тапсырыс берушінің келісімін алуы тиіс. Жаңа қызметкерлердің біліктілігі туралы мәліметтерде санамаланған қызметкерлердің біліктілігіне тең немесе одан жоғары болуы тиіс.

  8. Егер Тапсырыс беруші Мердігерден Мердігердің немесе қосалқы мердігердің қызметкері болып табылатын адамды, себептерін көрсете отырып, объектіде жұмыстарды орындаудан алыстатуды сұрайтын болса, Мердігер мұндай адамды 72 сағат ішінде құрылыс объектісінен кетіруге міндетті, одан кейін бұл адамның осы шарт бойынша жұмыстарды орындаумен ешқандай байланысқа ие болмауы тиіс.

  9. Мердігер Тапсырыс берушінің мүлкіне, меншігіне шығындар немесе залал келтірумен және өз қызметкерлерінің денсаулығына, сондай-ақ өз қызметкерлерінің мерт болуымен байланысты және шартты орындау ағымында және салдарынан туындайтын барлық тәуекел үшін жауапты болады.

  10. Мердігер объектідегі жұмыстар өндірісінің қауіпсіздік техникасы үшін толығымен жауап береді.

  11. Тапсырыс беруші мердігердің объектінің құрылысын салуға бөлінген учаскенің барлығын пайдалануға рұқсат етеді.

  12. Тапсырыс беруші немесе оның уәкілетті тұлғасы, сондай-ақ жобалау-сметалық құжаттаманың әзірлеушілері учаскеге немесе шарт бойынша жұмыстар орындалып жатқан немесе орындалатын кез келген басқа орынға әрқашан рұқсаты болады.

  13. Тапсырыс беруші мен мердігер шарт бойынша немесе соған байланысты олардың арасында туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды тікелей келіссөздер үдерісінде шешуге барлық күш-жәгерлерін салуға тиіс.

  14. Егер осындай ресми емес келіссөздер басталғанынан 21 (жиырма бір) күн ішінде шарт бойынша дауды тапсырыс беруші мен өнім беруші бейбіт жолмен шеше алмайтын болса, тараптардың кез келгені бұл мәселені Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешуді талап етуі мүмкін.

  15. Егер мердігер шарттық құжаттардың талаптарын бұзып орындалған жұмыстарды түзету жөніндегі өз міндеттемелерін орындамаса, сондай-ақ егер мердігер жобалау-сметалық құжаттамасына сәйкес жұмысты соңына дейін орындауға қабілетсіз болып шықса, тапсырыс беруші жазбаша нұсқамамен мердігерге жұмыстарды тұтастай немесе тоқтап қалу себептерін жойғанға дейін жұмыстардың бір бөлігін тоқтату туралы өкім бере алады.

  16. Егер мердігер жұмысты түзете алмаса немесе түзеткісі келмесе (оны жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестендіру) және тапсырыс берушіден бұл туралы жазбаша ескерту алғаннан кейін жеті күн ішінде жазбаша немесе әрекеттерімен жауап бермесе тапсырыс беруші көрсетілген жеті күн мерзім өткеннен кейін өзінің талабын қайталауға құқылы. Егер мердігер келесі жеті күн мерзімі ішінде көрсетілген ақауларды түзетуге жағдай болмаса, тапсырыс беруші өзінің басқадай әсер ету әдістерін қолдану құқығынан бас тартпастан, осы жұмысты өз күшімен орындай алады. Мұндай жағдайларда негізінде мердігерге төлену тиіс болған сомадан тапсырыс берушінің қосымша қызметтер үшін мәжбүрлі шығындары өтемін қоса алғанда, көрсетілген ақауларды түзету құны шегерілетін қзгерістер туралы тиісті бұйрық шығарылады. Егер мердігерге төлеуге тиісті сома көрсетілген шығыстарды жабу үшін жеткіліксіз болса, мердігер тапсырыс берушіге айырманы өз қаражатынан төлеуге міндетті.

  17. Мердігер 3 күн мерзім ішінде тапсырыс берушіге объектінің құрылысын салу бойынша жұмыстарды орындау тәртібі мен мерзімі, сондай-ақ тапсырыс беруші тарапынан оның конкурстық өтініміне сәйкес төлемдерді жүргізу кестесі мазмұндалған жұмыстардың өндіріс кестесін бекітуге ұсынады.

  18. Егер форс-мажорлық жағдайлар орын алса немесе ол ұсынған ауытқулар жұмыстарды орындау үшін қосымша мерзімдер талап етсе, сондай-ақ егер, жұмыстарды орындау үдерісінде қосымша еңбек шығындарын талап ететін жасырын ақаулар анықталған жағдайда тапсырыс беруші жұмыстарды орындау мерзімін ұзартады. Бұл ретте мердігер азаматтық заңнамада көрсетілген рәсімге сәйкес тапсырыс берушіні жазбаша хабардар етуі тиіс.

  19. Мердігер білімін және қолда бар барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жұмысты бақылап және бағыттап отыруға міндетті. Мердігер құралдар, әдістер, техника, дәйектілік және жұмыстардың орындалу сапасын, сондай-ақ шарт бойынша барлық жұмыстарды үйлестіру үшін толығымен жауапты және жақылауды жүзеге асырады.

  20. Мердігер өз қызметкерлерінің, қосалқы мердігерлердің қызметкерлерімен сенім білдірілген адамдарының, сондай-ақ мердігермен шарт негізінде шарт шеңберіндегі жұмыстардың бір бөлігін орындайтын басқа да адамдардың іс-әрекеттері мен кемшіліктері үшін тапсырыс беруші алдында жауапты болады.

  21. Тапсырыс беруші жұмысты немесе конструкцияны тексеру үшін сынақ жүргізе алады. Егер тексеруден кейін тексерілген жұмыс немесе конструкция ақаулы болып шықса, мердігер жұмыстардың ақауын түзетеді және (немесе) конструкцияны алмастырады.

  22. Тапсырыс беруші табылған кез келген ақаулар туралы ақауларды түзету мерзімін көрсете отырып, мердігерді жазбаша түрде хабардар етеді.

  23. Мердігер ақаулар туралы хабарламаны алып, ақауды тапсырыс беруші көрсеткен уақыт кезеңі ішінде жоюға міндетті.

  24. Ақы төлеу нысаны: тізілімі

  25. Төлемдердің түрлері мен мерзімі: осы шарт күшіне енген сәттен бастап 15 банктік күн ішінде 30% мөлшеріндегі аванстық төлем, ағымдағы төлемдер орындалған жұмыстардың көлемдеріне пропорционалды мөлшердегі аванстық соманы шегере отырып түзетіледі. Ағымдағы төлемдерді төлеу шарттың 30-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсынған күннен бастап 3 банктік күн ішінде жүргізіледі. Осы шарт бойынша барлық жұмыстар аяқталған күннен бастап 15 банктік күн ішінде – 5% мөлшерде түпкілікті төлем. Түпкілікті төлем мемлекеттік мекеменің төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспары бойынша, шарттың 54-тармағын орындаған кезде жүргізіледі.

  26. Ақы төлеу алдындағы қажетті құжаттар:

    1. орындалған жұмыстардың актісі (Ф-2-В);

    2. Ф – 3;

    3. шот-фактура.

  27. Егер тапсырыс беруші мердігерге тиесілі соманы шартта көрсетілген мерзімде төлемесе, онда бұл жағдайда ол мердігерге мерзімі өткен әрбір күн үшін тиесілі сомасының 0,1%-ы мөлшерінде кідіртілген төлемдер бойынша тұрақсыздық айыбын төлейді. Тұрақсыздық айыбы келесі төлеммен жүргізіледі. Тұрақсыздық айыбының пайызы төлем жүргізілуі тиіс болған күннен бастап есептеледі және соңғы төлем жүргізілген кездегі күнмен аяқталады.

  28. Мердігер Тапсырыс берушіге шарт бойынша жеткізіп берілетін материалдар мен жабдықтардың жақсы сапада және техникалық өзіндік ерекшеліктер және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес болуына, жұмыс оның сапасын жобалау-сметалық құжаттаманың талаптарына сійкес келмейтін деңгейге дейін төмендететін ақауларсыз орындалатынына кепілдік береді. Осы талаптарға сәйкес келмейтін, жеткіліксіз негізделген және рұқсатсыз өзгертілген жұмыс ақаулы деп танылады. Мердігер (қосалқы мердігер) жүзеге асырмаған пайдалану, түрлендіру ережелерін бұзу, дұрыс ұстамау немесе жеткіліксіз техникалық қызмет көрсету себебінен, сондай-ақ жабдықты қалыпты пайдалану кезінде оның ұйғарынды тозуы немесе бөлінуі себебінен залалды өтеу немесе түзету мердігер беретін кепілдіктерге кірмейді. Тапсырыс берушінің талап етуі бойынша мердігер материалдар мен жабдықтардың сапасын куәландыратын құжаттарды беруге тиіс.

Мердігер тапсырыс берушіге пайдалануға кепілдікті 2 жыл мерзімге береді.

  1. Егер басқа тарап Шартта көзделген қағидатты талаптардан айыратын Шарттың талаптарын едәуір бұзушылық жасаған болса, Тапсырыс беруші немесе Мердігер Шартта көрсетілген мерзімге дейін Шартты бұза алады.

  2. Шарттың талаптарын едәуір бұзу мынаны қамтиды, бірақ санамаланғанмен шектеліп қалмайды:

    1. егер Мердігер жұмыстар кестесін орындау мерзімін бірнеше рет бұзса, Тапсырыс беруші Шартты бұза алады;

    2. мердігер тапсырыс берушінің тоқтатуға рұқсатын алмай мерзімі 10 күнге дейін жұмысты тоқтата тұрса;

    3. Мердігер Тапсырыс беруші белгілеген негізгі уақыт кезеңі ішінде Тапсырыс беруші көрсеткен ақауларды жоймаса;

    4. Тапсырыс беруші мердігерге жұмыстар барысын кідіртуге нұсқама жиырма күн ішінде күшін жоймаса;

    5. Не тапсырыс беруші, не мердігер оның қайта ұйымдастырылуын немесе бірлесуін қоспағанда, банкротқа ұшыраса немесе қандай да бір себептермен таратылса;

    6. Мердігер жобалау құжаттамасында және шарттық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды жүргізу ережелерін, нұсқаулықтарын және ережелерін ескермейтін болса.

  3. Егер шарт Мердігердің шартты едәуір бұзуы себебінен бұзылса, Тапсырыс беруші аванстарды шегере отырып, мердігерге іс жүзінде орындалған жұмыстар үшін қалған соманы төлейді.

  4. Тапсырыс беруші Мердігерге тиісті жазбаша хабарлама жіберіп, Шартты одан әрі орындаудың орынсыздығына байланысты оны кез келген уақытта бұза алады.Хабарламада Шартты бұзудың себебі көрсетіледі, Шарттың күші жойылған жұмыстарының көлемі, сондай-ақ Шартты бұзудың күшіне енетін күні айтылады.

  5. Мұндай жағдайларда тапсырыс беруші барлық орындалған жұмыстардың құнын төлейді.

  6. Жоғарыда санамаланған жағдаяттар негізінде Шарт жойылған кезде, Мердігер Шарт бойынша бұзуға байланысты оны бұзатын күнгі іс жүзіндегі шығындар үшін ғана ақы талап етуге құқылы.

  7. Мына фактілердің бірі анықталған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт кез келген кезеңде бұзылады:

    1. Заңның 6-бабында қарастырылған шектеулердің бұзылуы;

    2. Сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге Заңда қарастырылмаған ықпал етулер көрсетсе.

Егер шарт бұзылса Мердігер дереу жұмысты тоқтатып, нысананы консервациялауды және белгіленген тәртіппен оны Тапсырыс берушіге тапсыруды қамтамасыз етеді.

  1. Егер мердігердің шарт талаптарын едәуір бұзуы себебінен шарт бұзылатын болса, объектідегі барлық материалдар мен жабдықтар, сондай-ақ уақытша құрылымдар мен орындалған құрылыс жұмыстары тапсырыс берушінің меншігі болып саналады және шартты бұзуға байланысты қаржылық талқылаулар шешілгенге дейін оның билігінде болады.

  2. Егер дүлей апат, әскери іс-қимылдар немесе тапсырыс беруші немесе мердігер бақылай алмайтын қандай да бір басқа форс-мажорлық оқиға шарттың орындалуын бұзса, тапсырыс беруші шарттың тоқтатыла тұруын куәландырады. Мердігер тоқтата тұру туралы хабарлама алғаннан кейін қысөа мерзімде объектіні консервациялауды қамтамасыз етеді және жұмысты тоқтатады. Тапсырыс беруші мердігерге объектіні тоқтатқан күнге дейін орындалған жұмыстардың барлық көлемі үшін және объектіні консервациялауға байланысты жұмыстар үшін ақы төлеуді жүргізеді.

  3. Мердігер орындалған жұмыстарды және жұмыстарға байланысты барлық материалдарды, жабдықтарды, ресурстарды және өзге де позицияларды жаңбырға, су тасқынына, аязға, өртке, ұрлауға және өзге де сбептерге байланысты зиянның, зақымданудың, жойылудың барлық түрлерінен қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.Мердігер өзінің жұмыстарын жүргізу кезінде жоба бойынша басқа жұмыстарды, сондай-ақ тапсырыс берушіге тиесілі меншікті және оған тиесілі құрылыстарды қандай да бір зақымдану түрлерінен және жолды, ғимараттарды, материалдардың қоймаларын және жылжымалы және жылжымайтын мүліктің өзге де түрлерін қоса алғанда (бірақ, онымен шектеліп қоймай) басқа да себептерден қорғауды қамтамасыз етуге тиіс. Мердігер жоғарыда айтылғандарға байланысты шеккен барлық шығындар тапсырыс берушінің тарапынан қосымша өтелуге тиіс.

  4. Тапсырыс беруші мердігердің жоғарыда айтылған себептермен оларды толық аяқтағанға және қабылдағанға дейін жұмыстардың қандай да бір зияны немесе зақымдануы үшін жауапкершілік көтермейді және мердігер қосымша өтеусіз қандай да бір зиянды барлық түзетуді, қандай да бір зақымдануды және өзге де жоғары айтылғандар нәтижесінде өзге де ақауларды жүзеге асырады.

  5. Мердігер өнім беруді ұйымдастыру, мердігер беретін, объектіге жеткізілуге тиіс барлық материалдар мен жабдықтарды тасымалдау, тиеу және сақтау үшін жауапты болады. Өнімді беру тек қана мердігердің атынан жүзеге асырылады. Ешқандай жағдайда да тапсырыс беруші өнім беруге, өңдеуге, сақтауға және көлік құралдарының тоқтап тұруына ақы төлеуге байланысты шығыстар үшін жауап беруге тиіс емес. Ешқандай да өнім беру тапсырыс берушінің атына жіберілмейді.

  6. Мердігер тапсырыс берушіге учаскеде материалдар мен жабдықтар алу кестесін береді. Сақтау, төсеу немесе қатарлап жинау үшін тапсырыс беруші рұқсат берген учаскелер ғана пайдаланылуы мүмкін.

  7. Мердігер учаскенің аумағын таза ұстайды. Мердігер учаскеде барлық құрылыс қоқысын әкетуге және учаскені жедел түрде тәртіппен келтіруге тиіс.

  8. Мердігер шартта айтылған барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін тапсырыс берушіге жұмыстардың аяқталғаны туралы хабарлама жібереді. Тапсырыс беруші жеті күн мерзімнен кешіктірмей шартқа сәйкес жұмыстардың аяқталуын бағалау жөніндегі комиссияны (Жұмыс комиссиясы) тағайындайды.

  9. Жұмыс комиссиясы мердігердің қатысуымен өткізіледі.

  10. Жұмыс комиссиясы шалалықтардың тізбесін жасайды және оларды жою мерзімін көрсетеді. Барлық шалалықтарды жою фактісі объектіні пайдалануға түпкілікті қабылдау актісімен (Мемлекеттік комиссия актісімен) анықталады.

  11. Орал қаласы әкімімен Мемлекеттік комиссия бекітілген күн барлық аяқталған күн болып саналады.

  12. Мердігер нысананы -15.12.2009ж пайдалануға тапсыруға міндеттенеді.

  13. Мердігер қазақстандық мазмұнды қамтамасыз етуді міндетіне алады.

  14. Форс-мажорлық шарттарды қоспағанда, егер мердігер шартта айтылған мерзімде жұмысты орындамаса тапсырыс беруші шарттың шеңберінде өзінің басқа құқықтарына зиянсыз шарттың бағасынан әр бір мерзімі өткен күнге 0,1 пайыз сомасында тұрақсыздық айыбын есептеп шығарып отырады.

  15. ^ Тапсырыс беруші осы Шарт бойынша орындалған көлем үшін Шартта айтылған соманы төлеуге міндеттенеді.

  16. Мердігер орындаған жұмыстардың сомасынан ай сайын Тапсырыс беруші барлық жұмыстар орындалғаннан және шалағайлықтар мен ақаулар тізбесін жойғаннан кейін Мердігерге төленетін орындалған жұмыстар құнының 5%-ын ұстап қалады (бұдан әрі-түпкілікті ақы төлеу).

  17. Осы шарт бойынша мердігерге түпкілікті ақы төлеуді тапсырыс беруші мердігер осы шарт бойынша міндеттемелерді және ақауларды түзету жөніндегі өзінің барлық міндеттемелерін толық орындаған жағдайда жүргізеді.

  18. Осы шарт күшіне енетін күні жұмыстардың басталған мерзімі болып саналады.

  19. Осы Шарт Тапсырыс беруші оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін күшіне енеді.

  20. Шарттың әрекет уақыты ___________________________ дейін.

  21. Кепілдік уақытын бекіту - нысананы пайдалануға қабылдаған күннен бастап 2 жылдан кем емес.

  22. Тараптардың мекен-жайлары мен деректемелері.




Тапсырыс беруші


Орал қ., Достық даңғылы, 182/1

«Орал қаласының құрылыс бөлімі» ММ

50 34 59

(телефон, факс)

РНН 270100230861

ММ Коды – 4672001

Орал қ.ИИК 002130052 КНС

БИК 195301070

ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті Астана қ.

Бөлім бастығы

___________________Н.Н.Мурзагалиев


Мердігер


_______________________.





Похожие:

Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Орал қ. № 2009ж iconЖұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Орал қ. № 2009ж. «Орал қаласының құрылыс бөлімі»
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесіне, 2009 жылғы № мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес осы мемлекеттік...
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Орал қ. № 2009ж iconЖұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Орал қ. № 2009ж. «Орал қаласының құрылыс бөлімі»
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесіне, 2009 жылғы № мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес осы мемлекеттік...
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Орал қ. № 2009ж iconЖұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Орал қ. № 2009ж. «Орал қаласының құрылыс бөлімі»
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесіне, 2009 жылғы № мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес осы мемлекеттік...
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Орал қ. № 2009ж iconЖұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Орал қ. № 2009ж. «Орал қаласының құрылыс бөлімі»
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесіне, 2009 жылғы № мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес осы мемлекеттік...
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Орал қ. № 2009ж iconЖұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Орал қ. № 2009ж. «Орал қаласының құрылыс бөлімі»
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесіне, 2009 жылғы № мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес осы мемлекеттік...
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Орал қ. № 2009ж iconЖұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Орал қ. № 2009ж. «Орал қаласының құрылыс бөлімі»
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесіне, 2009 жылғы № мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес осы мемлекеттік...
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Орал қ. № 2009ж iconЖұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Орал қ. № 2009ж. «Орал қаласының құрылыс бөлімі»
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру Ережесіне, 2009 жылғы № мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға сәйкес осы мемлекеттік...
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Орал қ. № 2009ж iconЖұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Орал қ. № 2009ж. «Орал қаласының құрылыс бөлімі»
Ережесінің, бағалық ұсыныс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларының 2009 жылғы № шешімі негізінде өткен осы мемлекеттік сатып...
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Орал қ. № 2009ж iconЖұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Орал қ. № 2009ж. «Орал қаласының құрылыс бөлімі»
Ережесінің, бағалық ұсыныс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларының 2009 жылғы № шешімі негізінде өткен осы мемлекеттік сатып...
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Орал қ. № 2009ж iconЖұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Орал қ. № 2009ж. «Орал қаласының құрылыс бөлімі»
Ережесінің, бағалық ұсыныс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларының 2009 жылғы № шешімі негізінде өткен осы мемлекеттік сатып...
Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Орал қ. № 2009ж iconЖұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарт Орал қ. № 2009ж. «Орал қаласының құрылыс бөлімі»
Ережесінің, бағалық ұсыныс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындыларының 2009 жылғы № шешімі негізінде өткен осы мемлекеттік сатып...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы