«Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» icon

«Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»



Название«Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
Дата конвертации06.05.2013
Размер51.28 Kb.
ТипДокументы
источник

«Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ





  1. Жалпы ережелер


1. «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі-бөлім) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдылықтарына қол жеткізуге және қалыптасуына ықпал ететін мемлекеттік жоспарлау жүйесін іске асыру саласындағы мемлекеттік басқару және бақылау функциясын орындауда қалалық бюджеттен қаржыландырылатын уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.

2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, әкімдіктің қаулылары мен қала әкімінің шешімдеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады. Мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрі мен мөртабаны, белгілі үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қазынашылық органдарында шоттары бар.

Бөлім өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастар жасайды.

Бөлім заңнамаға сәйкес оған уәкілетті болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастар жасауға мүддесін білдіре алады.

4. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимитін қала әкімдігі бекітеді.

5. Бөлімнің заңды мекенжайы 417000, Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 182/1.

6. Бөлімнің мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Орал қаласы «ЭБЖБ» ММ), орыс тілдегі – государственное учреждение «Отдел экономики и бюджетного планирования города Уральска» (ГУ «ОЭБП» города Уральск).

7. Бөлімнің құрылтайшысы болып Орал қаласының әкімдігі танылады.

8. Құрылтай құжаттары болып қала әкімдігінің 2005 жылғы «13 » қаңтардағы №22 қаулысы және осы ереже танылады.

9. Бөлім қызметі қала бюджетінен қаржыландырылады.

Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен бөлімнің қызметіне жататын міндеттерін орындау барысында шарттық қарым-қатынастар жасауға тыйым салынады.


2.Қызмет пәні, мақсаты, міндеттері және бөлімнің құқығы


10.Қызмет пәні:

1) орта мерзімді кезеңге қаланың әлеуметтік-экономикалық даму басымдылықтары мен стратегиялық мақсаттарын белгілеу;

2) қала аумағындағы салық және ақшалай несие беру саясатымен өзара әрекет ете отырып, жергілікті деңгейде мемлекеттік бюджеттік саясатын қалыптастыру және жүзеге асыру.

11. Мақсаты:

Қала экономикасының динамикалық дамуына жету үшін орта мерзімді және бюджеттік жоспарлау процестерін үйлестіруді қамтамасыз ету.

12. Міндеттері:

1) қаланың аумақтық және институционалдық дамуы туралы ұсыныстар дайындау;

2) ауыл аумақтарын дамыту, үйлестіру және оларды жүзеге асыру бойынша қызметінің қорытындысына мониторинг жүргізу жөніндегі шараларды жоспарлау;

3) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының, қала дамуының стратегиялық және орта мерзімді жоспарларының негізгі бағыттарын дайындау, оны дайындауға қатысатын жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;

4) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингі, қала дамуының стратегиялық және орта мерзімді жоспарларын жүзеге асыру, қала әкімі үшін ақпараттық аналитикалық материалдар дайындау;

5) бюджеттік жоспарлауға әдістемелік көмек көрсету;

6) аумақтық салық органымен бірлесіп, жергілікті бюджетке табыстарды болжау;

7) үш жылдық кезеңге қала бюджетінің негізгі параметрлерін, алдағы қаржы жылға қала бюджетінің жобасын, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобаларын дайындау;

8) қала әкімдігі қаулысының жобасын, қала әкімінің шешімі мен өкімін дайындау;

9) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың штаттық кестесін талдау;

10) басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру;

11) қолданымдағы және дайындалу үстіндегі бағдармалардың одан әрі тізбесін жалғастыру және қалыптастыру;

12) қалалық бағдармаларды, бюджеттік бағдармаларды және бюджеттік инвестицияларды жүзеге асырудың бағалау тиімділігін (нәтижесін) өткізу;

13) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау.

^ 13. Бөлімнің құқығы:

1) қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары бойынша ұсыныс енгізуге;

2) орта мерзімді жоспарларды, өңірлік, қалалық бағдарламаларды, Үкіметтің бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша шаралардың жоспарларын жергілікті атқарушы органдарымен жүзеге асыру мониторингін жүргізуге;

3) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғалардан және басқа да ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұратуға және алуға;

4) сараптау өткізуге және кеңес беруге орталық және жергілікті органдарының мамандарын (келісім бойынша), сондай-ақ тәуелсіз сараптаушыларды тартуға құқылы.



  1. ^ Бөлімнің мүлкі


14. Бөлімнің оперативтік басқару құқында өз мүлкі бар. Бөлімнің мүлігі мемлекеттің мүлігі есебінен құрылады және негізгі қорлары мен айналым қаражаттарынан, сондай-ақ құны бөлімнің балансында көрінетін басқа мүліктен тұрады.

15. Бөлімнің қарауына тіркелген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

16. Бөлімнің өзіне бекітілген мүлікті өз еркімен иесіздендіруге немесе басқа жолмен иеленуге құқығы жоқ.


^ 4. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру


17. Бөлімді бөлім бастығы басқарады, бөлім бастығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен лауазымға тағайындалады және босатылады.

18. Бөлім бастығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орынбасарын лауазымға тағайындайды және босатады.

Бөлім бастығы бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді, сондай-ақ бөлімге жүктелген міндеттер мен қызметтердің орындалуына жеке жауапты .

^ Осы мақсатта бөлім бастығы:

1) өзінің орынбасарының, бөлім меңгерушілерінің және басқа мамандардың міндеттері мен өкілеттігін белгілейді;

2) заңнамаға сәйкес бөлімнің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;

3) заңнамада белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза салады;

4) барлық мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді;

5) бөлімнің жұмыс регламентін бекітеді.

19. Бөлімде қабылданатын шешімдер бөлім бастығының бұйрықтарымен ресімделеді.



  1. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу


20. Құрылтайшы құрылтай құжаттарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленен тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқылы.


  1. Бөлімді қайта құру және тарату


21. Бөлімді қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Бөлім тараған кезде оның мүлкі коммуналдық меншік бойынша уәкілетті органның қарауына енеді.



Похожие:

«Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» icon«Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне,...
«Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» icon«Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже Жалпы ережелер «Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
«Жангелдин ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі экономика саласында басшылықты жүзеге асыратын...
«Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» icon«Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекетік мекемесі туралы ереже
...
«Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» icon«Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі Жалпы ережелер «Өскемен қаласының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі»
Не бюджетті жоспарлау бөлімі мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме), экономика саласында қала ауқымында мемлекеттік биліктің құзыреті...
«Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» icon«Тарбағатай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» Мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ереже. 1 «Тарбағатай ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
Бөлім Тарбағатай ауданы Әкімдігінің 2005 жылғы 13 қантар айындағы №939 қаулысы негізінде құрылды, аудандық бюджет қаражаттары есебінен...
«Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» iconҚала кәсіпкерлерінің назарына! «Курчатов қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мм
«Курчатов қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мм 2012 жылы Курчатов қаласы бойынша «Шағын бизнес саласында жылдың...
«Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» iconБюджеттік бағдарлама 453 «Балқаш қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі»
«Балқаш қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» бюджеттік бағдарлама әкімшісінің коды және атауы
«Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» icon«Семей қаласының экономика және қаржы бөлімі» мм бюджеттік бағдарламалары 459 «Семей қаласының экономика және қаржы бөлімі»
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономикалық саясатын қалыптастыру мен дамыту, мемлекеттік жоспарлау, бюджеттік атқару және...
«Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» icon«Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мм ұйымдастырушының пошталық мекен-жайы
«Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мм 071405, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 8
«Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже жалпы ережелер «Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» icon«Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мм ұйымдастырушының пошталық мекен-жайы
«Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мм 071405, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 8
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы