Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ереженi бекiту туралы icon

Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ереженi бекiту туралы



НазваниеҚазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ереженi бекiту туралы
страница1/3
Дата конвертации05.05.2013
Размер398.88 Kb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы

 

Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында

қызмет өткеру туралы ереженi бекiту туралы

 

"Қазақстан Республикасының Президентi туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 21-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:

1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ереже бекiтiлсiн.

2. Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Жарлықтан туындайтын шараларды қолдансын.

3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлігіне жүктелсiн.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н.Ә. Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2005 ж. қыркүйектің 6-сы.

№ 1642

 

Қазақстан Республикасы

Президентiнiң

2005 жылғы 6 қыркүйектегi

N 1642 Жарлығымен

бекiтiлген

 

Қазақстан Республикасының

қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы

ЕРЕЖЕ

 

Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы осы ереже (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткерудiң тәртiбi мен шарттарын регламенттейдi.

 

^ 1. Жалпы ережелер

 

1. Қаржы полициясы органдарындағы қызметтiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрi - Заң), Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерi және осы Ереже құрайды.

2. Осы Ережеде қаржы полициясы органдарының қызметiн регламенттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерiнде айқындалған ұғымдар пайдаланылады.

3. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң қызметте болған уақыты олардың жалпы еңбек өтiлiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызмет өтілiне есептеледi.

4. Қаржы полициясы органдарындағы iшкi тәртiп Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiнiң (қаржы полициясының) (бұдан әрi - уәкілеттi орган) басшысы бекiтетiн регламентпен белгiленедi.

 

^ 2. Қаржы полициясы органдарына қызметке қабылдау

 

5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы полициясы органдарына қызметке он сегiз жасқа толған, өзiнiң жеке, моральдық, iскерлiк, кәсiби қасиеттерi, білiм деңгейi және денсаулық жағдайы бойынша қаржы полициясы органдарында қызмет өткеруге жарамды, бiрақ жасы қырықтан аспаған, ал қатардағы және кiшi басшы құрамға - отыз екi жастан аспаған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Ерекше жағдайларда, жеке тәртiпте, көрсетiлген жас шектеуi уәкiлетті орган басшысының шешiмiмен өзгертiледi.

6. Қаржы полициясы органдарының оқу орындарында оқу үшiн белгіленген тәртiппен әскери есептен шығарыла және қаржы полициясы органдарында арнайы есепке қойыла отырып, он алты жасқа толған, орта бiлiмi бар, денсаулық жағдайы бойынша қаржы полициясы органдарында қызмет өткеруге жарамды адамдар қабылданады.

Қаржы полициясы органдарының оқу орындарына қабылдау тәртiбiн Қазақстан Республикасының оқу орындарына қабылдаудың үлгi ережелерiне сәйкес уәкiлеттi органның басшысы айқындайды.

Қаржы полициясы органдары оқу орындарының күндізгі бөлiмдерiнде оқу мерзiмi мерзiмдi әскери қызметтi өткеруге теңестiрiледi.

7. Қатардағы және кiшi басшы құрамның лауазымдарына орта бiлiмнен төмен емес бiлiмi бар азаматтар қабылдана алады.

Орта және аға басшы құрамның лауазымдарына жоғары бiлiмi бар азаматтар қабылданады.

8. Қатардағы және басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған немесе қаржы полициясы органдарының кадрларына қабылданған әскери мiндеттiлер белгіленген тәртiппен әскери есептен шығарылады және қаржы полициясы органдарында арнайы есепте тұрады.

9. Қаржы полициясы органдарына қызметке кiру азаматтар мiндеттi арнайы тексеруден, сондай-ақ қызметке жарамдылығын анықтау үшiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi жүйесiнiң әскери-дәрiгерлiк комиссияларында (бұдан әрi - әскери-дәрiгерлiк комиссия) медициналық куәландырудан өткен жағдайда жүзеге асырылады.

10. Егер Қазақстан Республикасының азаматы:

сотпен белгiлi бiр мерзiм iшiнде мемлекеттiк лауазымдарды атқару құқығынан айырылған;

соттың күшiне енген шешiмiмен әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлетi шектеулi деп танылған;

соттылығы бар немесе бұдан бұрын сотты болған және ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатылған;

мемлекеттiк қызметке кiрер алдында бiр жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшiн жауапкершiлiкке тартылған;

қызметке кiрер алдында бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзушылығы үшiн сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жаза қолданылған;

мемлекеттік қызметтен бұдан бұрын терiс қылықтары бойынша шығарылған;

маскүнемдiкпен немесе нашақорлықпен созылмалы науқас ретiнде денсаулық сақтау органдарында есепте тұрған;

науқасы бойынша мерзiмдi әскери қызметтен босатылған және әскери басқару органдарында әскери саптық қызметке жарамсыз не шектеулi жарамды ретiнде әскери есепте тұрған болса;

осы Ереженiң 5 және 7-тармақтарында көзделген талаптарға сай келмесе, қаржы полициясы органдарына қызметке қабылдана алмайды.

11. Қызметкерлердi қаржы полициясы органдарына қызметке қабылдау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және осы Ережеге сәйкес ресiмделедi.

Бұйрық қаржы полициясы қызметкерiне қолын қойғызып жарияланады.

12. Қаржы полициясы органдарына қызметке қабылданған азаматтар ант қабылдайды, оны қабылдау тәртiбiн уәкiлеттi органның басшысы айқындайды.

13. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне ақшалай үлес және стипендия төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген мерзiмдерде жүргiзiледi.

14. Толық емес ай үшiн ақшалай үлес төлеу кезiнде күнтiзбелiк күн үшiн төлем мөлшерi толық ай үшiн тиесiлi ақшалай үлес сомасын сол айдағы күнтiзбелiк күндердiң санына бөлу жолымен айқындалады.

Егер қызметкерге ақшалай үлес төленетiн кезеңде атқаратын лауазымы бойынша лауазымдық жалақысы өзгеруiне, лауазымдық жалақысын, үстемеақыларын ұлғайту құқығы туындауына байланысты ақшалай үлесiнiң мөлшерi өзгерсе немесе оған арнайы атақ берiлсе, қызметкерге тиiстi қайта есептеу жүргізiледi.

15. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің орын ауыстыруы, ауысуы, сондай-ақ қызметтен босатылуы кезiнде қаржы-шаруашылық бөлiмшесi оларға ақшалай үлес төлейдi және төленген сомалар туралы ақша аттестатына жазылады.

16. Бланктiң нысанын, ақша аттестатын берудiң тәртiбi мен шарттарын уәкілеттi органның басшысы бекiтедi.

17. Қаржы полициясы органының қызметкерi белгiленген тәртiппен нысанды және арнайы киiм-кешекпен тегiн қамтамасыз етiледi, оны киiп жүру ережелерiн уәкiлеттi органның басшысы белгiлейдi.

18. Қаржы полициясы органдарының оқу орындарына күндiзгі оқу нысаны бойынша оқуға түсетiн адамдар келiсiмшарт жасасады. Келiсiмшартта тараптардың (оқуға түсетiн адамның және оқу орны басшысының) өзара мiндеттемелерi мен жауапкершiлiгi белгiленедi және оқу орнын бiтiргеннен кейiн қаржы полициясы органдарында әрi қарай қызмет өткеру тәртiбi мен мерзiмi көзделеді. Келiсiмшарт қабылдау комиссиясының оқуға түсетiн адамды қаржы полициясы органдарының оқу орнына қабылдау туралы шешiмiнен кейiн жасалады. Келiсiмшарттың нысанын, оны жасасудың тәртiбiн уәкілеттi органның басшысы айқындайды.

Қаржы полициясы органдары оқу орындарын күндiзгi оқу нысаны бойынша бiтiрушiлер қызметке бөлiнуiне сәйкес қызмет өткередi.

19. Қаржы полициясы оқу орындарының курсанттарына (тыңдаушыларына) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымдық жалақылар (стипендиялар) төленеді.

Қаржы полициясы органдары оқу орындарының күндiзгi бөлiмдерi курсанттарының (тыңдаушыларының):

әскер жасына толған және үлгермеушiлiгi, тәртiпсiздігі бойынша, сондай-ақ өз еркiмен оқудан шығарылғандары, егер олар оқу орнына түскенге дейiн мерзiмдi әскери қызметтiң белгіленген мерзiмiн өткермесе, арнайы есептен шығару үшiн тұрғылықты жерi бойынша әскери басқару органдарына жiберiледi. Олар өздерiнiң оқыған кезеңiнде лауазымдық жалақы (стипендия) төлеуге, тамақтануына, заттай үлеске жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұстап қалуға жатқызылатын сома оқу орнында болған әрбiр толық ай үшiн теңбе-тең есептелiнедi;

қаржы полициясы органдарының оқу орындары диплом алдындағы практикадан өту үшiн қаржы полициясы органдарына жiберiлгендерi практикадан өту кезеңiне тиiстi ақшалай үлес төлене отырып, лауазымға тағайындалады;

қаржы полициясы органдарына лауазымға тағайындалмай тағылымдамаға жiберiлгендерi қаржы полициясы органдарының оқу орны төлейтiн лауазымдық жалақы (стипендия) алады.

Қаржы полициясы органдары оқу орындарының күндізгі бөлiмiн бiтiрген қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қаржы полициясы органдарында кемiнде бес жыл жұмыс iстеуге мiндеттi.

Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi ол қаржы полициясы органдарының оқу орнын бiтiргеннен кейiн қаржы полициясы органдарында бұдан әрi қызмет өткеруден бас тартқан не келiсiмшартты мезгілiнен бұрын бұзған жағдайда олар өздерiнiң оқыған кезеңiнде лауазымдық жалақы (стипендия) төлеуге, тамақтануына, заттай үлесiне жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұстап қалуға жатқызылған сома келiсiмшарт мерзiмiнiң аяқталуына дейiн әрбiр өткерiлмеген толық ай үшiн теңбе-тең есептелiнедi.

20. Қаржы полициясы органдары оқу орындарының педагог қызметкерлерiне Қазақстан Республикасының жоғары бiлiктi ғылыми кадрларды аттестациялау саласындағы уәкiлеттi органы берген тиiстi дипломы болған жағдайда ғылым кандидаты және ғылым докторы ғылыми дәрежелерi үшiн ғылым кандидатына бip айлық ең төменгi жалақы және ғылым докторына екi айлық ең төменгi жалақы мөлшерiнде қосымша ақы белгіленедi.

Ізденушiнiң (тыңдаушының, адъюнкттiң, докторанттың) ғылыми-зерттеу қызметіне басшылық еткенi үшiн ғылыми жетекшiге (кеңесшiсiне) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақы төленедi.

 

^ 3. Қызметтік куәлiктердi және жетондарды беру тәртiбi

 

21. Қаржы полициясы органдары қызметкерлерiне оның жеке басын және өкiлеттігін растайтын қызметтiк куәлiк және белгiленген үлгідегі жетон беріледi.

Куәлiктiң және жетонның сипаттамасын уәкiлеттi органның басшысы бекiтедi.

22. Куәлiк адамдарға қызметке тағайындалған, қызметi бойынша ауысқан, арнайы атақ берiлген кезде және бұрын берiлген куәлiктiң қолданылу мерзiмi бiткен кезде берiледi.

Қызметке алғаш қабылданған қызметкерге куәлiк, жетон тапсырған кезде кадрлар бөлiмшесiнiң басшысы уәкілеттi орган басшысы бекiткен құжатты пайдалану ережелерi мен оны сақтау тәртiбi туралы нұсқамадан өткiзедi.

Кейiннен қызмет бойынша ауысқан, қаржы полициясы органдарынан шығарылған, кезектi атақ берiлген және бұрын берiлген куәлiктiң қолданылу мерзiмi өткен кезде ол алынған жерiне қайтарылады.

 

^ 4. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн лауазымға

тағайындау және қызмет бойынша ауыстыру

 

23. Қатардағы, кiшi, орта және аға басшы құрам лауазымдарының тiзбелерiн және осы лауазымдарға сәйкес келетiн шектi арнайы атақтарды уәкiлеттi органның басшысы бекiтедi.

24. Қаржы полициясы органы басшысының тиiстi лауазымға тағайындау туралы бұйрығы қызметкерге ақшалай үлес төлеу үшiн негiз болып табылады.

Қаржы полициясы органдары оқу орны басшысының оқуға қабылдау туралы бұйрығы лауазымдық жалақы немесе стипендия төлеу үшiн негiз болып табылады.

Қызметкерлерге ақшалай үлес және басқа да төлем түрлерiн төлеу қызметке кiрiскен күннен бастап жүргiзiледi, бiрақ бұйрықта көрсетiлген күннен немесе егер лауазымға тағайындау күнi көрсетiлмесе, тағайындау туралы бұйрыққа қол қойылған күннен ерте төленбейдi.

25. Қаржы полициясының аумақтық және мамандандырылған органдары, оқу орындары және ведомствоға қарасты өзге де мекемелерi басшыларының (бұдан әрi - қаржы полициясы органдары мен мекемелерiнiң басшылары) қызметке қабылдау, лауазымдарға тағайындау және босату, қаржы полициясы органдарынан қызметтен босату жөнiндегi өкiлеттiктерiн уәкiлеттi органның басшысы айқындайды.

26. Лауазымға тағайындауды, қызмет бойынша ауыстыруды және жоғарылатуды қаржы полициясы органдары мен мекемелерiнiң басшылары өздерiне берiлген құқықтарға сәйкес жүргізедi. Бұл ретте мынадай талаптар сақталады:

1) қатардағы және басшы құрам адамдарын лауазымға тағайындау және қызмет бойынша ауыстыру кезiнде олардың негiзгi немесе ұқсас мамандығы не жинақталған тәжiрибесi ескерiлуi қажет;

2) қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн қызмет бойынша ауыстыру, әдетте, оларды тиiстi қаржы полициясы органы кадрларының қарамағына алмастан жүзеге асырылуға тиiс;

3) орта, аға және жоғары басшы құрамның адамдарын басқа лауазымдарға, сондай-ақ басқа жерге шұғыл ауыстыру қажет болған кезде, бұл туралы шешiмдi көрсетiлген адамдардың келiсiмiмен, осы адамдардың даярлығы мен қызмет тәжiрибесiн ескере отырып, олардың тiкелей бастықтары қабылдайды;

4) қатардағы және басшы құрам адамдарын лауазымдарға тағайындау, қызмет бойынша ауыстыру әскери-дәрiгерлiк комиссияның медициналық куәландыруы нәтижелерi ескерiле отырып жүргiзiледi.

27. Қатардағы және басшы құрам адамдарын қызмет бойынша ауыстыру:

1) жоғары тұрған лауазымдарға - қызмет бойынша жоғарылату тәртiбiмен;

2) тең дәрежелi лауазымдарға - басқа лауазымдарды алмастыру қажет болған кезде не олардың iскерлiк және жеке қасиеттерiн неғұрлым мақсатты пайдалану, жаңа мамандық бойынша даярлау үшiн, сондай-ақ отбасы жағдайы немесе денсаулық жағдайы бойынша осы адамдардың келiсiмiмен;

3) қаржы полициясы оқу орындарының күндiзгi оқу нысанына оқуға түсуiне байланысты - атқаратын штаттық лауазымынан босата отырып, сондай-ақ оқу орнын бiтiргеннен кейiн лауазымға тағайындалған кезде;

4) төмен тұрған лауазымдарға тiкелей бастықтарының не уәкiлеттi орган басшыларының ұсынысымен:

штат қысқарған немесе қаржы полициясы органын және/немесе мекемесiн қайта ұйымдастыру кезiнде - осы адамдарды тең дәрежелi лауазымдарға ауыстыру мүмкiн болмаған жағдайда және олардың келiсiмiмен жүргiзіледi. Штат қысқарған немесе қаржы полициясы органын және/немесе мекемесiн қайта ұйымдастыру кезiнде қаржы полициясы органының қызметкерi төмен тұрған лауазымнан бас тартқан жағдайда, ол тараптардың келiсiмi бойынша не бiр тараптың бастамасы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасында белгiленген өзге де негіздер бойынша қызметiнен босатылуға жатады. Қызметкердiң төмен тұрған лауазымнан бас тартуы қаржы полициясы органдарының және/немесе мекемелерiнiң кадрлар бөлiмшелерi жасайтын актiмен ресiмделедi;

денсаулық жағдайы бойынша - әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы (қаулысы) негiзiнде және көрсетiлген адамдардың келiсiмiмен;

аттестациялаудың қорытындылары бойынша анықталған, қызметiне сәйкес келмеуi бойынша;

тәртiптiк жаза қолдану ретiнде;

жеке өтiнiші бойынша жүргiзiледi.

28. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн ауыстыру барлық жағдайларда қаржы полициясы органдары және/немесе мекемелерi басшыларының бұйрықтарымен ауыстыру негiзi көрсетiле отырып ресiмделедi.

29. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi денсаулық жағдайы бойынша, оның iшiнде қызмет өткеру кезеңiнде алған жарақаты, дене жарақаты, ауруы салдарынан қызметiнен төмендетiлген жағдайда, төмендегілер алдындағы соңғы лауазымы бойынша немесе онымен салыстырғанда көбiрек ақшалай үлестi бос орынды лауазымға тағайындалғанға дейінгі мерзiмге төмендетілер алдындағы соңғы лауазымы бойынша ақшалай үлес төленедi.

30. Ұйымдастыру-штаттық iс-шараларды (қысқарту, қайта ұйымдастыру, көшiру, тарату) жүргізу кезiнде қаржы полициясы органдары қызметкерлерiн ауыстыру осы Ережеге сәйкес жүргiзіледi.

31. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерi қаржы полициясы органдарының қарамағына 15 күннен аспайтын мерзiмге енгiзіле алады және қарамағына 15 күннен артық, бiрақ екi айдан аспайтындай болуына уәкілеттi орган басшысының рұқсатымен жол беріледі.

Қарамақта тұрған қызметкерлердiң жұмысқа, демалысқа, ауруы бойынша демалысқа шығуының есебiн жүргiзудi олардың тiкелей бастықтары жүзеге асырады және жұмыс уақытын есептеу табелiнде ресiмдейдi.

Қарамақта тұрған қызметкерлерге сондай-ақ қайта ұйымдастыру кезiнде қаржы полициясы органдарының кадрлар бөлiмшесi лауазым ұсынады, ал ұсынылған лауазымнан бас тартқан жағдайда қызметкерлермен еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес тоқтатылады.

32. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне қарамақта болған уақытына, бiрақ штаттық лауазымынан босатылған күнiнен бастап екі айдан артық емес уақытқа ақшалай үлес соңғы негізгi лауазымы бойынша лауазымдық жалақысы мен арнайы атағы үшiн қосымша ақысы мөлшерiнде төленедi. Олар қарамаққа енгізiлгенге дейiн тұрғын үйiн ұстауға және коммуналдық қызмет төлемдерiне ақшалай өтемақы алып тұрған болса, олардың осындай өтемақы алуына да құқығы бар.

33. Қаржы полициясы органдарының қарамағында болған мерзiмге:

1) қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң осы Ережеде белгіленген демалыстарда болған кезеңi;

2) қаржы полициясы органдары қызметкерлерінің емдеу мекемелерiнде емделуде болған кезеңi;

3) ақтайтын негiздер бойынша ақтау үкiмi шығарылған жағдайда қылмыстық іс қысқартылған немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылуына байланысты қамауда болған уақыты қамауға алынған күннен бастап босатылған күндi қоса алғанда есептелмейдi.

34. Атқаратын лауазымдарынан босатылған және қарамақта тұрған, кезектi жыл сайынғы демалысын пайдаланбаған қызметкерлерге, олардың қызметте одан әрі болуы туралы мәселенiң шешiмi кешiктiрiлген жағдайда, пайдаланылмаған демалысы берілуi мүмкiн.

35. Бос қызмет орны бойынша мiндеттердi уақытша атқарудың үздiксiз мерзiмi екі айдан, ал бос емес қызмет орны бойынша, әдетте, төрт айдан аспауы тиiс.

36. Белгіленген тәртiпте негізгі мiндеттерiнен босатыла отырып, басқа лауазымдар бойынша мiндеттердi уақытша орындау жүктелген штаттық лауазымдағы қызметкерлерге ақы төлеу мынадай тәртiпте жүргізiледi:

штаттағы орынбасарларға, өздерiнiң тiкелей бастықтарының бос емес лауазымы бойынша қызметтік мiндеттерiне қарамастан, ақшалай үлес төлеу уақытша атқарып жүрген лауазымы бойынша емес, олардың негізгi лауазымы бойынша жүргізiледi;

басшының бос қызмет орны бойынша мiндеттi, соның iшiнде оның орынбасарларының да, уақытша атқаруы кезiнде, бос қызмет орны бойынша коэффициент алына отырып, бiрақ екi айдан артық емес уақытқа ақы төленедi, бұдан әрi оларды осы лауазымға тағайындау немесе бос қызмет орны бойынша мiндеттердi орындаудан босату туралы шешiм қабылдануы қажет.

Лауазым бойынша мiндеттердi уақытша атқарудың үздiксiз мерзiмi лауазымды атқаруға кiрiскен күннен бастап, бiрақ бұйрықта айтылған күннен ерте емес, ал күнi көрсетiлмеген жағдайда, бұйрыққа қол қойылған күннен ерте емес, мiндеттерiн атқарудан босатылған күн қоса алынып есептеледi.

Лауазым бойынша мiндеттi атқарушы етiп тағайындау қызметкерлердi лауазымдарға тағайындау және оларды ауыстыру құқығы берiлген қаржы полициясы органдары басшыларының бұйрығымен ресiмделедi.

37. Бос емес лауазымдар бойынша мiндеттердi уақытша атқарғаны үшiн ақы төлеу, егер осы лауазымды тұрақты атқаратын қызметкер қаржы полициясы органынан кеткен (емделуге, демалысқа, қызметтiк iссапарға, оқуға және т.б.) жағдайда ғана жүргізiледi.

Лауазымдарды уақытша атқаруға тағайындалған қызметкерлердiң демалыста, уақытша атқаратын лауазымы бойынша мiндеттердi атқарумен байланысты емес қызметтік iссапарда, оқуда, емдеу мекемелерiнде емделуде болған уақыты үшiн лауазымдық жалақылары олар тағайындаған лауазымдар бойынша төленедi.

38. Қаржы полициясы органдарына алғаш рет қызметке алынатын адамдар үшiн тиiстi лауазымға тағайындай және кандидатқа тәжiрибелi қызметкерлер арасынан тәлiмгер бекiте отырып, 3 айдан аспайтын сынақ мерзiмi белгіленуi мүмкiн. Кандидаттың себептi жағдайлармен қызметте болмаған күндерi сынақ мерзiмiне есептелмейдi.

Кандидаттарға тәлiмгерлердi бекiту тәртiбiн уәкiлеттi органның басшысы белгiлейдi.

39. Сынақ мерзiмi уақытында кандидат атқаратын лауазымына сәйкес қаржы полициясы органы қызметкерiнiң мiндеттерiн атқарады.

40. Лауазым бойынша мiндетiн атқаруда қанағаттанғысыз нәтиже көрсеткен кандидат сынақ мерзiмiнен өте алмаған ретiнде жұмыстан шығарылуы мүмкін.

41. Егер сынақ мерзiмi аяқталып, ал кандидат қаржы полициясы органдарында қызметiн жалғастыра берсе, сынақ мерзiмi қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне лауазымдық жалақысына коэффициент белгiлеуге және зейнетақы тағайындауға құқық беретiн қаржы полициясы органдарындағы қызмет өтiлiне есептеледi. Бұдан кейiн жұмыстан шығару тек Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздер бойынша жүргiзiледi.

42. Қаржы полициясы органдарына қызметке алынатын және аға және жоғары басшы құрамның басқарушы лауазымдарына тағайындалатын адамдарға, қаржы полициясы органдары оқу орындарының бiтірушiлерiне сынақ мерзiмi белгiленбейдi.

43. Қаржы полициясы органдарына алғаш алынатын азаматтар, бұдан бұрын құқық қорғау органдарында қызмет өткерген адамдардан басқалары, алғашқы даярлықтан өтедi.

Қаржы полициясы органының оқу орны алғашқы даярлықты, бiлiктiлiктi арттыруды және қайта даярлауды жүзеге асырады.

Алғашқы даярлықтан өтудiң, бiлiктiлiктi арттырудың және қайта даярлаудың тәртiбi мен шарттарын уәкiлеттi органның басшысы бекiтедi.

44. Қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiне алғашқы даярлық, қайта даярлау, бiлiктiлiктi арттыру курстарында оқыған кезеңiнде ақшалай үлесi сақталады.

45. Өзiне қатысты қылмыстық iс қозғалған және қамауда ұстау түрiндегi бұлтартпау шарасы қолданылмаған қаржы полициясы органдарының қызметкерi, сот осы қылмыстық iс бойынша шешiм қабылдағанға дейiн Қазақстан Республикасының қылмыстық-iс жүргiзу
  1   2   3



Похожие:

Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ереженi бекiту туралы icon«Қаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау туралы ережесін бекіту»
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ереженің 6-тармағына сәйкес, «Қазақстан...
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ереженi бекiту туралы iconМемлекеттiк қызмет өткеру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы
Мемлекеттiк қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында қаулы етемiн
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ереженi бекiту туралы iconМемлекеттiк қызмет өткеру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы
Мемлекеттiк қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңын iске асыру мақсатында қаулы етемiн
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ереженi бекiту туралы iconҚазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы 2002 жылғы 4 шілдедегі n 336-іі қазақстан Республикасының Заңы
Осы Заң қаржы полициясы органдарының құқықтық мәртебесiн, мiндеттерiн, ұйымдастырылу және қызмет ету принциптерiн, өкiлеттiгiн, сондай-ақ...
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ереженi бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қызметкері
Республикасының қаржы полициясы органдары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шілдедегі Заңының 20-бабын іске асыру мақсатында...
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ереженi бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының қатардағы және басшы
Республикасының қаржы полициясы органдары туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы...
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ереженi бекiту туралы iconҚазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының туы мен нышанының сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 ақпандағы n 1020 Жарлығы
Республикасының қаржы полициясы органдары туралы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6-тармағына сәйкес қаулы етемін
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ереженi бекiту туралы iconТұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж мемлекеттiк қызметшiлерге жеке тұрғын үй салу үшiн жер учаскелерiн берудiң тәртiбi мен шарттары жөнiндегi Ереженi бекiту туралы
Мемлекеттiк қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 маусымдағы Заңының 24-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының...
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ереженi бекiту туралы iconМемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан
Мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдарында қызмет өткеру туралы ереженi бекiту туралы iconҚаржы полициясы академиясына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы
Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Төрағасының 2012 жылғы 15 маусымдағы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы