Источник: ис параграф, 04. 03. 2011 17: 05: 56 Қазақстан Республикасының icon

Источник: ис параграф, 04. 03. 2011 17: 05: 56 Қазақстан Республикасының



НазваниеИсточник: ис параграф, 04. 03. 2011 17: 05: 56 Қазақстан Республикасының
страница1/3
Дата конвертации04.05.2013
Размер447.9 Kb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3

Источник: ИС ПАРАГРАФ, 04.03.2011 17:05:56


Қазақстан Республикасының

Заңы

 

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметі

және сыныптық шендер, әскери және арнаулы атақтар беру, әскери қызметшiлердiң

 және өзге де мемлекеттiк органдар қызметкерлерiнiң нысанды киiм киiп жүру құқығы мәселелерi бойынша

өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

 

1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 5-6, 24-құжат; № 17-18, 241-құжат; № 21-22, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 33-құжат; № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 25-құжат; № 5, 30-құжат; № 11, 56, 64, 68-құжаттар; № 14, 109-құжат; № 15, 122, 139-құжаттар; № 18, 142-құжат; № 21-22, 160-құжат; № 23, 171-құжат; 2004 ж., № 6, 42-құжат; № 10, 55-құжат; № 15, 86-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 139, 140-құжаттар; № 24, 153-құжат; 2005 ж., № 5, 5-құжат; № 7-8, 19-құжат; № 9, 26-құжат; № 13, 53-құжат; № 14, 58-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21-22, 86, 87-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 19, 20-құжаттар; № 3, 22-құжат; № 5-6, 31-құжат; № 8, 45-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 55-құжат; № 12, 72, 77-құжаттар; № 13, 85, 86-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 98, 102-құжаттар; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 16, 18-құжаттар; № 3, 20, 23-құжаттар; № 4, 28, 33-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 13, 99-құжат; № 15, 106-құжат; № 16, 131-құжат; № 17, 136, 139, 140-құжаттар; № 18, 143, 144-құжаттар; № 19, 146, 147-құжаттар; № 20, 152-құжат; № 24, 180-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; № 12, 48, 51-құжаттар; № 13-14, 54, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 62-құжат; № 20, 88-құжат; № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 7, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 15-16, 70, 72, 73, 74, 75, 76-құжаттар; № 17, 79, 80, 82-құжаттар; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97, 115, 117-құжаттар; № 24, 121, 122, 125, 129, 130, 133, 134-құжаттар; 2010 ж., № 1-2, 1, 4, 5-құжаттар; № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат; № 9, 44-құжат; № 11, 58-құжат; № 13, 67-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112, 114-құжаттар; № 20-21, 119-құжат; 2010 жылғы 24 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 23 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

531-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі

«Мемлекеттiк органдардың айырым белгiлерi және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киiмдi, сондай-ақ нысанды және арнаулы киiм-кешектi немесе нысанды киiмдi», «мемлекеттiк органдардың айырым белгiлерi және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киiм, сондай-ақ нысанды және арнаулы киiм-кешек немесе нысанды киiм» деген сөздер тиісінше «Айырым белгiлерi және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киiмдi, сондай-ақ нысанды киім мен арнаулы киiм-кешектi», «айырым белгiлерi және (немесе) нышандары бар нысанды әскери киiм, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешек» деген сөздермен ауыстырылсын.

2. 2003 жылғы 8 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Орман кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 16, 140-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 16, 97-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):

1) 12-бап мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:

«15) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекітеді.»;

2) 21-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«4. Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен нысанды киiммен (погонсыз) және қызметтiк қарумен қамтамасыз етiледi.

Нысанды киiм (погонсыз) киiп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тiзбесiн, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін уәкiлеттi орган айқындайды.»;

3) 69-баптың 5-тармағындағы «нысанды киiм-кешекпен» деген сөздер «нысанды киiммен (погонсыз)» деген сөздермен ауыстырылсын.

3. 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 1, 1-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 11-12, 55-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат):

116-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Мемлекеттiк экологиялық инспекторлар белгiленген тәртiппен нысанды киiммен (погонсыз), қызметтiк куәлiктермен, омырау белгiлерiмен және белгiленген үлгiдегi мөрлермен және пломбирлермен қамтамасыз етiледi.

Нысанды киiм (погонсыз) киiп жүру құқығы бар лауазымды адамдар лауазымдарының тiзбесiн, нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi орган айқындайды.».

4. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат):

1) орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;

2) орыс тіліндегі мәтіні өзгертілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді.

5. 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I; 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат, № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат, № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат, 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат, № 7, 28, 29-құжаттар; № 11, 58-құжат, № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы; 2010 жылғы 4 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 26 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):

156-баптың 1-тармағында:

8) тармақшадағы «ішкі істер органдарының, қаржы полициясының, қылмыстық-атқару жүйесі және мемлекеттік өртке қарсы қызметі органдары мен мекемелерінің» деген сөздер «құқық қорғау органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы 8-1)-тармақшамен толықтырылсын:

«8-1) әскери, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар қызметтік міндеттерін басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда, құқық қорғау органдарында атқаруына байланысты алатын төлемдердің барлық түрі;».

6. 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 20-21, 89-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 32-құжат; № 15, 71-құжат):

1) мазмұнының жүз алпыс төртінші абзацындағы «ішкі істер органдарының, әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің, өртке қарсы қызметтің, қаржы полициясының» деген сөздер «құқық қорғау органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын;

2) 135-баптың тақырыбындағы және 1-тармағындағы «ішкі істер органдарының, әділет органдары қылмыстық-атқару жүйесінің, өртке қарсы қызметтің, қаржы полициясының» деген сөздер «құқық қорғау органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын.

7. 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 14, 70-құжат):

1) мазмұнында:

бес жүз елу бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«483-бап. Кеден органдары лауазымды адамдарының нысанды киімі»;

бес жүз елу екінші - бес жүз елу алтыншы, бес жүз елу тоғызыншы – бес жүз алпыс төртінші, бес жүз жетпісінші және бес жүз жетпіс бірінші абзацтар алып тасталсын;

2) 6-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

«5. Кеден ісі саласындағы уәкілетті орган қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді.»;

3) 478-баптың 2-тармағы:

«Кодекспен,» деген сөзден кейін «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен,» деген сөздермен толықтырылсын;

«Кодекске» деген сөзден кейін «, «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен толықтырылсын;

4) 479-баптың 5-тармағы алып тасталсын;

5) 483-бап мынадай редакцияда жазылсын:

«483-бап. Кеден органдары лауазымды адамдарының нысанды киімі

1. Құқық қорғау органдарының функцияларын атқаратын кеден органдарының лауазымды адамдарына арнаулы атақтар беріледі.

Құқық қорғау органдарының функцияларын атқаратын кеден органдарының арнаулы атақтар берілетін лауазымды адамдарының тізбесін және соларға сәйкес шекті арнаулы атақтарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген лауазымды адамдарды қоспағанда, кеден органдарының лауазымды адамдары нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етіледі.

3. Нысанды киімнің және нысанды киімнің (погонсыз) үлгілерін, онымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын және айырым белгілерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Нысанды киім және нысанды киім (погонсыз) киіп жүру тәртібін кеден ісі саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;

6) 484, 485, 486, 487 және 488-баптар алып тасталсын;

7) 490-бапта:

2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) денсаулық жағдайына байланысты;»;

3-тармақ алып тасталсын;

8) 59-тарау алып тасталсын;

9) 496-баптың 2-тармағы алып тасталсын;

10) 497-баптың 1-тармағының он бірінші абзацы алып тасталсын;

11) 500 және 501-баптар алып тасталсын.

8. «Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы» 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 15, 201-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 186-құжат; 1998 ж., № 24, 447-құжат; 2001 ж., № 23, 309, 321-құжаттар; № 24, 338-құжат; 2003 ж., № 10, 54-құжат; 2004 ж., № 18, 110-құжат; № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 15, 63-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 14, 89-құжат; 24, 148-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 17-18, 114-құжат):

25-баптың 17) тармақшасында:

екінші бөлік «нысандық киім» деген сөздер «нысанды киім (погонсыз)» деген сөздермен ауыстырылсын;

мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:

«Нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.

Нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.».

9. «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы» 1995 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 6, 45-құжат; № 14, 98-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1999 ж., № 8, 247-құжат; № 23, 925-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат):

8-баптың үшінші абзацындағы «бұрынғы КСР Одағының iшкi iстер және мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының» деген сөздер «бұрынғы КСР Одағының мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарының және iшкi iстер органдарының» деген сөздермен ауыстырылсын.

10. «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 23, 154-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; 1998 ж., № 17-18, 225-құжат; № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; № 23, 920-құжат; 2000 ж., № 3-4, 66-құжат; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 17-18, 245-құжат; № 20, 257-құжат; № 23, 309-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 12, 82-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154, 155-құжаттар; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; 2008 ж., № 15-16, 61-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 32-құжаттар; № 8, 41-құжат):

1) 5-1-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:

«7-2) қылмыстар профилактикасы, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қорғау, халық тарапынан сенім мәселелеріне басымдық беріп, өкілді органдар мен жұртшылық беретін сыртқы бағалау тетіктерін айқындай отырып, сыбайлас жемқорлық деңгейінің рейтингтік бағасын енгізіп, есептілік және қызметті бағалау жүйесін жетілдіреді, сондай-ақ азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастықтың әртүрлі нысандарын белгілейді;»;

2) 3 және 4-тараулар алып тасталсын;

3) 5-тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«5-тарау. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің құқықтық жағдайы

20-бап. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің және өзге де жұмыскерлерінің еңбегін құқықтық реттеу

Ішкі істер органдары қызметкерлерінің еңбек қатынастары «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріліп, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен реттеледі.

Ішкі істер органдарының өзге де жұмыскерлерінің еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасымен реттеледі.

21-бап. Iшкi iстер органдары үшiн кадрлар даярлау

1. Iшкi iстер органдары үшiн кадрлар даярлауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылатын, қайта құрылатын және таратылатын Iшкi iстер министрлiгiнiң бiлiм беру ұйымдары, сондай-ақ өзге де бiлiм беру ұйымдары жүзеге асырады.

2. Iшкi iстер министрлiгiнiң бiлiм беру ұйымдарына қабылдау тәртiбiн тиiстi түрдегi бiлiм беру ұйымдарына қабылдаудың үлгiлік ережелерiне сәйкес Iшкi iстер министрi айқындайды.

22-бап. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң арнаулы атақтары

Ішкі істер органдарының негізгі міндеттері мен функцияларын атқаратын ішкі істер органдарының лауазымды адамдарына арнаулы атақтар беріледі.

Ішкi iстер органдарының арнаулы атақтар берілетін лауазымды адамдарының тізбесін, сондай-ақ орталық және аумақтық бөлімшелердегі соларға сәйкес шекті арнаулы атақтарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

23-бап. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi

1. Iшкi iстер органдарының қызметкерлерi Республиканың бүкiл аумағында, атқаратын лауазымына және iшкi ведомстволық бағыныстылығына, уақытына қарамастан, азаматтар мен лауазымды адамдар оларға құқық бұзушылық туралы арыз немесе хабар берген жағдайда не осындай әрекет тiкелей анықталған ретте құқық бұзушылықтың жолын кесу және құқық бұзушыларды ұстау, көмекке мұқтаждарға жәрдем беру, оқиға болған орынды күзету, сондай-ақ таяу жердегi iшкi iстер органын хабардар ету үшiн өзiне берiлген құқықтарды толығымен пайдалануға мiндеттi.

2. Учаскелiк полиция инспекторы, iшкi iстер органы желiлiк пунктiнiң бастығы, патрульдiк учаскенiң бастығы, кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi учаскелiк полиция инспекторы қызмет көрсетiлетiн әкiмшiлiк учаскеде немесе аумақта iшкi iстер органдарының барлық мiндеттерiн, оның iшiнде ұйымдар үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға, оларды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға бағытталған мiндеттi ұсыныстар әзiрлей отырып, өз құзырының көлемi мен шегiнде атқаруды ұйымдастырады және жүзеге асырады.

3. Iшкi iстер министрлiгiнiң жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы лауазымы бойынша Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi бас мемлекеттiк инспектор болып табылады.

4. Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң азаматтардың құқықтарын уақытша шектейтiн iс-әрекеттерi «Заң атымен» деген сөздердi айта отырып жасалады. Кез келген адам мұндай жағдайда белсендi iс-әрекеттi тоқтатып, iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң талаптарына мүлтіксiз бағынуға және оның қызметтiк мiндеттерiн орындаумен байланысты нұсқауларын орындауға мiндеттi.»;

4) 6-тарау алып тасталсын.

11. «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының
  1   2   3



Похожие:

Источник: ис параграф, 04. 03. 2011 17: 05: 56 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 04. 03. 2011 17: 07: 36 Қазақстан Республикасының
Республикасының мына заңнамалық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн
Источник: ис параграф, 04. 03. 2011 17: 05: 56 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 28. 01. 2011 08: 58: 20 Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы құзыретi
Источник: ис параграф, 04. 03. 2011 17: 05: 56 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 28. 01. 2011 09: 17: 21 Қазақстан Республикасының
Жеке және заңды тұлғалардың ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы құқықтары мен міндеттерi
Источник: ис параграф, 04. 03. 2011 17: 05: 56 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 28. 01. 2011 09: 28: 49 Қазақстан Республикасының
Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заң­намасында белгіленген талаптарға сәйкестігі нысанасына бай­қау және тексеру...
Источник: ис параграф, 04. 03. 2011 17: 05: 56 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 08. 02. 2012 09: 52: 26 Қазақстан Республикасының
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы
Источник: ис параграф, 04. 03. 2011 17: 05: 56 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 04. 03. 2011 16: 45: 21 Қазақстан Республикасының
Республикасының құқық қорғау қызметіне тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ Қазақстан...
Источник: ис параграф, 04. 03. 2011 17: 05: 56 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 28. 01. 2011 08: 41: 54 Қазақстан Республикасының
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу, оның төлнұсқаларын беру, қолданылуын тоқтату және тоқтата тұру
Источник: ис параграф, 04. 03. 2011 17: 05: 56 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф www, дата последнего изменения документа: 2013. 01. 17
Источник: ис параграф www
Источник: ис параграф, 04. 03. 2011 17: 05: 56 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 20. 06. 2013 09: 22: 12 Қазақстан Республикасының
Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі нысанасына байқау және тексеру жүргізуді...
Источник: ис параграф, 04. 03. 2011 17: 05: 56 Қазақстан Республикасының iconИсточник: ис параграф, 20. 06. 2013 09: 22: 12 Қазақстан Республикасының
Заңның 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі нысанасына байқау және тексеру жүргізуді...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы