|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 8 сәуірдегі № 292 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) құқықтық мәртебесін және өкілеттігін айқындайды. 2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, оның ішінде Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын және осы ережені басшылыққа алады. ^ 3. Комиссияның міндеттері: 1) кезектен тыс аттестаттаудан*: құқық қорғау органдары бірінші басшыларының бірінші орынбасарларын және орынбасарларын; құқық қорғау органдары ведомстволарының басшыларын және олардың орынбасарларын; құқық қорғау органдары орталық аппараттарының департаменттері бастықтарын (Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің құзыретіне тіл саясаты, ақпараттық және құжаттамалық қамтамасыз ету, мемлекеттік құпияларды қорғау мәселелері кіретін департаменттерінен, сондай-ақ тылдық және қаржылық қамтамасыз ету департаменттерінен басқа); құқық қорғау органдарының аумақтық немесе оларға теңестірілген мамандандырылған бөліністерінің басшыларын және олардың орынбасарларын; құқық қорғау органдарының ведомстволық жоғары оқу орындарының басшыларын; құқық қорғау органдарының орталық аппараттарының республикалық аттестаттау комиссияларының құрамына кандидаттарды өткізу; 2) құқық қорғау органдарының қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру және үйлестіру болып табылады. ^ 4. Комиссияның: 1) мемлекеттік органдардан, ведомстволар мен ұйымдардан Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұратуға; 2) қажетіне қарай мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен мамандарын, сондай-ақ мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартуға; 3) отырыстарда Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша Комиссия мүшелерін, аттестатталатын қызметкерлерді, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға; 4) Комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар. 4. Комиссия қызметін ұйымдастыру 5. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы Комиссия төрағасы болып табылады. 6. Комиссия төрағасы: 1) Комиссия қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады; 2) Комиссия отырыстарын өткізу орны мен уақытын айқындайды; 3) Комиссия отырыстарында төрағалық етеді; 4) Комиссия мүшелеріне орындау үшін міндетті нұсқаулар береді. 7. Комиссия мүшелері: 1) Комиссияның жұмыс кестесі жөнінде ұсыныстар енгізуге; 2) Комиссия отырысында қаралатын мәселелерді талқылауға қатысуға құқылы. 8. Комиссия хатшысы Комиссия отырыстарын өткізуді ұйымдастырады. 9. Комиссия отырысына құрамының кемінде үштен екісі қатысқан болса, ол заңды болып саналады. Комиссия шешімдері Комиссияның отырысына қатысқан мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілігі дауыс беруімен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады. 10. Комиссия қабылдаған шешiм Комиссия төрағасы мен хатшысы қол қоятын және Комиссияның барлық мүшелерінің бірыңғай пікірін білдіретін хаттамамен ресiмделедi. 11. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. Ескертпе: * - құқық қорғау органдары бірінші басшыларының бірінші орынбасарларын және орынбасарларын, құқық қорғау органдарында кемінде жиырма жыл қызмет өтілі бар, сондай-ақ жаңа лауазымға кемінде бір жыл бұрын тағайындалған қызметкерлерді кезектен тыс аттестаттау «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына тиісті түзетулер қолданысқа енгізілуіне қарай жүргізіледі |