Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органның есебі
Жалпы ережелер Осы әдістемелік ұсыныстар көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органның есеп нысанын (бұдан әрі – Есеп нысаны) толтыруына бірыңғай талаптарды анықтайды және ұсыныстық сипатқа ие. Есеп нысаны Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 3 желтоқсандағы № 280 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі туралы ереженің 15-тармағы 18) тармақшасына сәйкес әзірленген. Аталған нысанды жүргізудің басты мақсаты мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі бақылау нәтижелеріне мониторинг жүргізу болып табылады. Есеп нысаны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерін есепке алып облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктерімен толтырылады және ай сайын есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-і күніне дейін ұсынылады. Есеп нысаны есептік кезеңнен кейінгі айдың бірінші күніне көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау мәселелері бойынша жүргізілетін бастапқы деректер негізінде өсімдік қорытындысымен толтырылады және ұсынылады. Есеп нысанына мемлекеттік органның басшысы, ал ол болмаған жағдайда оның міндетін атқаратын адам қол қояды.
Есеп нысанын толтыру бойынша түсініктеме Есептік нысанның 1-тармағында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы және мемлекеттік органның өзінде жалпы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны туралы сандық мәліметтер көрсетіледі. Есептік нысанның 2-тармағында халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы және мемлекеттік органның өзінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алған адамдардың саны туралы сандық мәліметтер көрсетіледі. Сонымен бірге, көрсетілетін қызмет алушының көрсетілетін қызметті алу жөніндегі өтінішін оның есептік кезеңде көрсетілетін қызмет берушіге тиісті көрсетілетін қызмет түрін алу үшін өтініштерінің қайталанған санына қарамастан тек ғана бір рет есептеу және қосу қажет. Есептік нысанның 3-тармағында халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы және мемлекеттік органның өзінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерімен белгіленген мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны туралы сандық мәліметтер көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің кесініде көрсетіледі. Есептік нысанның 4-тармағында көрсетілетін қызмет алушылардың халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы және мемлекеттік органның өзінде мемлекеттік көрсетілген қызметтерге келіп түскен шағымдардың саны туралы сандық мәліметтер көрсетіледі. Есептік нысанның 5-тармағында көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасымен белгіленген халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы және мемлекеттік органның өзінде мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдарды қарау мерзімдерінің бұзылу саны туралы сандық мәліметтер көрсетіледі. Есептік нысанның 6-тармағында мемлекеттік қызметтер алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдардың көздерінің саны туралы сандық мәліметтер көрсетіледі. Есептік нысанның 7-тармағында есептік кезеңде мемлекеттік қызметтер алушылардың қаралған шағымдардың жалпы саны туралы сандық мәліметтер көрсетіледі. Есептік нысанның 8-тармағында есептік кезеңде мемлекеттік қызмет алушылардың мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдары бойынша ішкі бақылау шеңберінде, соның ішінде мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен жүргізілген тексерулердің жалпы саны туралы сандық мәліметтер көрсетіледі. Есептік нысанның 9-тармағында мемлекеттік қызмет алушылардың мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдарының шешілмеген жалпы саны туралы сандық мәліметтер көрсетіледі. Есептік нысанның 10-тармағында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттері мен стандарттарының талаптарын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдардың, соның ішінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің және ведомстволық бағыныстағы мекемелер кесінінде жалпы саны туралы сандық мәліметтер көрсетіледі. Есептік нысанның 11-тармағында есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттері мен стандарттарының талаптарын бұзғаны үшін тиісті қолданылған тәртіптік жазалардың, соның ішінде тәртіптік жазалар кесінінде жалпы саны туралы сандық мәліметтер көрсетіледі. Есептік нысанның 12-тармағында жергілікті атқарушы органдармен (ведомстволық бағыныстағы мекемемен) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін бұзуды алдын алу бойынша қабылданған шаралардың жалпы саны туралы сандық мәліметтер көрсетіледі. Есептік нысанның 13-тармағында мемлекеттік органмен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мәселелері бойынша өткізілген семинар-кеңестердің, «дөңгелек үстелдердің», брифингтердің, конференциялардың жалпы саны туралы сандық мәліметтер көрсетіледі. Есептік нысанның 14-тармағында жергілікті атқарушы органдардың (ведомстволық бағыныстағы мекеменің) қызметкерлерімен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің мәселері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеулердің саны туралы сандық мәліметтер көрсетіледі. |