«А» корпусының кадр резервіне кандидаттарының біліктілік деңгейі мен логикалық ойлауын анықтауға тестілеуден өту жөніндегі нұсқаулығы icon

«А» корпусының кадр резервіне кандидаттарының біліктілік деңгейі мен логикалық ойлауын анықтауға тестілеуден өту жөніндегі нұсқаулығы



Название«А» корпусының кадр резервіне кандидаттарының біліктілік деңгейі мен логикалық ойлауын анықтауға тестілеуден өту жөніндегі нұсқаулығы
Дата конвертации29.04.2014
Размер63.79 Kb.
ТипДокументы
источник

«А» корпусының кадр резервіне кандидаттарының біліктілік деңгейі мен логикалық ойлауын анықтауға тестілеуден өту жөніндегі нұсқаулығы


  1. Осы «А» корпусының кадр резервіне кандидаттарының біліктілік деңгейі мен логикалық ойлауын анықтауға тестілеуден өту жөніндегі нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) «А» корпусының кадр резервіне кандидаттарды өтестілеу өткізу тәртібін айқындайды және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы № 06-7/33 Бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесіне сәйкес әзірленген.

  2. Тестілеуге Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілеу бойынша шекті мән жинаған тұлғалар жіберіледі.

  3. Тестілеуге жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) бар, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты бар тұлғалар жіберіледі.

  4. Тестілеу басталғанға дейін өкілетті уәкіл тестіленуші тұлғаларды тестілеу бойынша нұсқаулықпен таныстырып, туындаған сұрақтарға жауап береді.

  5. Тестiлеу сәтiнде өзiн нашар сезiнген адамдар ол туралы әкімшіге тестілеу өткізу басталғанға дейін хабарлайды. Бұл жағдайда ол адамдарды тестілеу осы күнгі басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес анықталатын басқа күні өткізіледі.

  6. Тестiлеуді өткiзуге арналған орын-жай тестіленушілердің орналасуына ыңғайлы жағдайға лайық болуы тиіс.

  7. Тестіленуші тұлға кез келген компьютерге отырады. Компьютер тестілеу басында тестіленуші тұлғаға автоматты түрде берілетін мұрағат нөмірден тұрады.

  8. Жұмысты бастау алдында тестілеу әкімшісі осы Нұсқаулықтың
    1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тестілеуге жіберілген тұлғалар тізімімен кестеге тестіленуші тұлғалардың деректерін енгізеді. Бұл үшін тестілеу әкімшісі ЖСН және аты-жөні көрсетілген әрбір тестіленуші тұлғаға мұрағат нөмірін жазады. Бұдан кейін тестіленуші тұлға және тестілеу әкімшісі мұрағат нөмірінің берілгені туралы растап, қол қояды.

  9. «Сандармен амалдар» тестімен жұмыс үшін тестіленуші тұлғаларға А4 нысандағы қағаздың таза парағы беріледі. Тестілеу аяқталған соң тестіленуші осы парақты тестілеу залында қалдыруға міндетті.

  10. Жұмыстың нәтижесі жауаптардың толықтығы мен шынайылығына байланысты болады.

  11. Орындалған тапсырмалар туралы ақпарат құпия болып табылады. Деректер жасырын өңделіп, үшінші тұлғаларға беруге жатпайды.

  12. Тестіленуші адамдарға басқа адамдармен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, қағаз немесе электрондық түрдегі ақпараттарды қолдануға, орын-жайды тастап кетуге тыйым салынады. Тестіленуші адамдардың қабылдайтын-беретін электрондық құрылғылары (оның ішінде қалталық дербес компьютерлер және өзге де электрондық жабдықтар) тестілеуді өткізу уақытында өшіріледі.

Тестіленуші адам осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптарын бұзған жағдайда әкімші осындай адамның тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін орын-жайдан шығарып жібереді. Бұл ретте әкімші Мемлекеттік қызметшілерді және бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарды тестiлеу ұйымдастыру ережесінің 6-қосымшасына сәйкес нысандағы Тестілеу ережелерін бұзу туралы актіні (бұдан әрі - акт) толтырады.

Ережені бұзған адамның тестілеу нәтижесі жойылады.

Акт толтырылған адамдар қайта тестілеуді акт толтырылған күннен бастап алты айдан кем емес мерзімнен кейін өтеді

  1. Тестердi орындауға берiлген уақыт бiткенде, программа автоматты түрде аяқталады.

  2. Тестілеу аяқталғаннан кейін деректер автоматты түрде статистикалық өңдеу мен нәтижелерді бағалауға жолданылатын болады.

  3. Тестілеу барлық ағыны аяқталғаннан кейін отыз минуттен кеш емес уақытта тұлғаларға тестілеу әкімшісінің, өкілетті уәкілдің және тестіленушінің өзінің қолы қойылған тестілеу нәтижелері беріледі.

  4. Біліктілік деңгейін және логикалық ойлауды анықтауға арналған тестілеу 3 тесттен тұрады: Тұлғалық сауалнама, Сандармен амалдар және Басқару әдістерін талдау.


Тұлғалық сауалнама


Тұлғалық сауалнама 288 уәждерден тұрады. Оларға өз пікіріңізді төменде келтірілген жауап нұсқа түрлерін қолдана отырып, білдіре аласыз:

  • толық сәйкес,

  • сәйкес сияқты,

  • сәйкес емес сияқты,

  • мүлдем сәйкес емес,

  • пікірім жоқ (мүмкіндігінше осы нұсқаны қолданбауға тырысыңыз).

Келесі сұраққа көшкенге дейін ғана алдында енгізген жауабыңызды өзгертуіңізге болады.

Әр сөйлемге ұзақ ойланбай сөздерге тез жауап бергеніңіз абзал.

Тестіге берілген уақыт 60 минутты құрайды.


^ Сандармен амалдар


«Тұлғалық сауалнама» тесті аяқталғаннан кейін тестіленуші «Сандармен амалдар» тестіне өтеді.

Тапсырмаларда (x, y, z) айнымалы сандары кездескен жағдайда математикалық есептеу қажет.

Арифметикалық амалдарды орындаудан бұрын, шартқа сәйкес айнымалыларды матрицаға орналастыру қажет.

Есептеудің қиындығы арифметикалық амалдарды орындауда емес, мәселенің шарттарын дұрыс түсінуге және қолдануға байланысты.

Алынған нәтижені жауаптарға арналған тиісті ұяшыққа енгізу қажет.

Теріс сан жауап бола алмайды.

Жауапты теріп, «ок» пернесін басқаннан кейін алдыңғы тапсырмаға оралуға мүмкіндік болмайды.

Алғашқы сандарға амал қолдану жаттығу мысалдары ретінде беріледі.

Тестіге берілген уақыт 30 минутты құрайды.


Мысал:

 




SP1

SP2

SP3

SP4

SP5

SP6

1-жол

4

2

3

8

6

2

2-жол

6

7

1

5

0

7

3-жол

2

5

9

4

3

4

4-жол

3

9

4

6

7

2

5-жол

0

3

7

2

4

8

6-жол

5

1

8

4

9

3









«х» бағанының «z» жолындағы саннан «у» жолындағы санды азайтыңыз. Мұндағы:

x=5, y=3, z=1

Шешу жолы:

  1. 5-баған бойынан 3-жолдағы ұяшықты іздеңіз. Бұл жерде орналасқан сан: 3.

  2. 5-баған бойынан 1-жолдағы ұяшықты іздеңіз. Бұл жерде орналасқан сан:6.

Сұралатын есеп шарты келесідей: 6-дан 3-ті азайтыңыз. Нәтижесі: 6-3=3

Қиындық дәрежесі жоғары есептерде бағандар мен жолдардың нөмірлерін де айнымалы сандардың көмегімен есептеу қажет.

Мысал:

Келесі жолдарды бір-бірінен азайтыңыз z-y, мұндағы:

z=4, y=2

z=4 және y=2 болған жағдайда біздің іздеген жолымыз z-y 2-жол болады.


^ Басқару әдістерін талдау


«Сандармен амалдар» тесті аяқталғаннан кейін тестіленуші «Басқару әдістерін талдау» тестіне өтеді.

Басқару әдістерін талдау 6 баламалы әрекет тәсілдері және қалыптасқан 18 түрлі жағдайдан тұрады.

Ұсынылған жағдайлармен мұқият таныса отырып, әр жағдайға сәйкес ең жақын деген әрекет тәсілін таңдау қажет.

Әрі қарай бір немесе екі, ең көп дегенде үш тәсіл нұсқаларының арасында 10 баллды үлестіру керек. Нұсқалардың арасындағы жалпы сомада баллдардың жалпы саны 10 болу қажет.

Басқару стильдерін талдау бұл білімді тексеруге арналған тест емес. Көшбасшының әрекеті жақсы немесе жаман бола алмайтындығы себепті, дұрыс немесе бұрыс жауаптар болмайды.

Тестіге берілген уақыт 30 минутты құрайды.



Похожие:

«А» корпусының кадр резервіне кандидаттарының біліктілік деңгейі мен логикалық ойлауын анықтауға тестілеуден өту жөніндегі нұсқаулығы icon«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне кандидаттарының Қазтест жүйесі бойынша қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау тестілеуін өту нұсқаулығы
Тест тапсырмаларының мазмұны қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттілік талаптарын анықтайтын Қр ст 1926-2009, Қр...
«А» корпусының кадр резервіне кандидаттарының біліктілік деңгейі мен логикалық ойлауын анықтауға тестілеуден өту жөніндегі нұсқаулығы iconҚазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі
«А» корпусының кадр резервіне менімен ұсынылған үміткер үшін жауапкершілік аламын
«А» корпусының кадр резервіне кандидаттарының біліктілік деңгейі мен логикалық ойлауын анықтауға тестілеуден өту жөніндегі нұсқаулығы iconҰлттық комиссия «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатысу туралы өтініш
Мені «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеуге қатыстыруыңызды
«А» корпусының кадр резервіне кандидаттарының біліктілік деңгейі мен логикалық ойлауын анықтауға тестілеуден өту жөніндегі нұсқаулығы icon«А» корпусының кадр резервіне алынуға құжаттарын тапсырған адамдардың тізімі
Р көлік және коммуникация министрлігі Автокөлік жолдары комитеті Ақмола облыстық департаменті директорының орынбасары
«А» корпусының кадр резервіне кандидаттарының біліктілік деңгейі мен логикалық ойлауын анықтауға тестілеуден өту жөніндегі нұсқаулығы iconҚазақстан Республикасының Президенті жанындағы
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік...
«А» корпусының кадр резервіне кандидаттарының біліктілік деңгейі мен логикалық ойлауын анықтауға тестілеуден өту жөніндегі нұсқаулығы icon«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға және мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне тұруға үміткерлерге тестілеу бағдарламалары

«А» корпусының кадр резервіне кандидаттарының біліктілік деңгейі мен логикалық ойлауын анықтауға тестілеуден өту жөніндегі нұсқаулығы icon«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға және мемлекеттік әкімшілік қызметтің кадр резервіне тұруға үміткерлерге тестілеу бағдарламалары
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға тестілеу бағдарламасы
«А» корпусының кадр резервіне кандидаттарының біліктілік деңгейі мен логикалық ойлауын анықтауға тестілеуден өту жөніндегі нұсқаулығы iconМемлекеттік ќызмет туралы
«А» корпусы – Ќазаќстан Республикасыныѕ Президенті айќындайтын кадр резервіне іріктеудіѕ, конкурстыќ іріктеудіѕ, мемлекеттік ќызметті...
«А» корпусының кадр резервіне кандидаттарының біліктілік деңгейі мен логикалық ойлауын анықтауға тестілеуден өту жөніндегі нұсқаулығы iconМемлекеттік ќызмет туралы
«А» корпусы – Ќазаќстан Республикасыныѕ Президенті айќындайтын кадр резервіне іріктеудіѕ, конкурстыќ іріктеудіѕ, мемлекеттік ќызметті...
«А» корпусының кадр резервіне кандидаттарының біліктілік деңгейі мен логикалық ойлауын анықтауға тестілеуден өту жөніндегі нұсқаулығы iconҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Әкімшілік мемлекеттік қызметтің «Б» корпусының кадр резервiне алу туралы өтініш
Мені әкімшілік мемлекеттік қызметтің «Б» корпусының кадр резервiне санаты (санаттары) бойынша негізінде* алуды сұраймын
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы