«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер.«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» icon

«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер.«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»

Название«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер.«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»
Дата конвертации20.02.2013
Размер148.73 Kb.
ТипДокументы
источник

Алматы облысы әкімдігінің

2012 жылғы «11» қазан № 304 қаулысымен бекітілген

«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

1..«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 303 кабинет орналасқан «Алматы облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» Мемлекеттік Мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган) сондай-ақ «электрондық үкімет»: www.zhetesu-gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.

2..Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылмаған.

3..Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 20-бабының 3) тармақшасына және 48-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы «Мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелерін бекіту туралы» № 207-ө бұйрығына сәйкес көрсетіледі.

4..Мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат уәкілетті органның www.priroda.zhetesu-gov.kz, интернет-ресурсында, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, уәкілетті орган үй-жайының 3 қабатында орналасқан стенділерде.

5..Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі II, III және IV санат объектілері үшін «келісіледі/келісілмейді» нәтижесімен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын электрондық түрде немесе қағаз тасығышта беру болып табылады.

6..Мемлекеттік қызмет қызмет түрлері бойынша II, III және IV санаттарға жататын объектілері бар жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – тұтынушылар) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1).тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – алдын ала сараптама үшін құжаттаманың мемлекеттік экологиялық сараптамаға келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күнінен артық емес мерзімде;

2).тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған, алдын ала сараптамадан өткен қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – бір айдан артық емес;

3).тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында анықталған барлық қажетті құжаттарды қайталама мемлекеттік экологиялық сараптама өткізу үшін тапсырған сәттен бастап – он жұмыс күнінен аспайды;

мемлекеттік қызметті алғанға дейін кезек күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды;

мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты – 30 минуттан аспайды.

8..Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде ұсынылады.

9..Құжаттарды қабылдау жұмыс күндері 900 – 1800, түскі үзіліс 1300 – 1400 дейін демалыс және мереке кундерінен басқа, күн сайын жүзеге асырылады. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде жүзеге асырылады. Порталда – демалыс және мереке күндерісіз, тәулік бойы.

10..Мемлекеттік қызмет:

1).дене мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар (пандустар) көзделген уәкілетті органның ғимаратында көрсетіледі;

2) порталда – жеке кабинетінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

11..Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы мынадай құжаттар тізбесін ұсынады:

1..Уәкілетті органға:

1).ІІ санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін:

көзделіп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге де қызметке тапсырыс берушіден (инвестордан) не мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын нормативтік құқықтық актілердің, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеуді жүргізетін мемлекеттік органның басшысынан еркін нысандағы ілеспе хатты;

Қоршаған ортаға әсер етудің iлеспе бағалау материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, келесі құрамда:

жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есептеудің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;

жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдары туралы өтініш;

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

қоршаған ортаға кері әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асырудың мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары:

жер пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;

су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аймағында объектіні орналастырған немесе қызметті жүзеге асырған кезде);

жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;

жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалар орналасуы мүмкін учаскелерде), сондай-ақ жерасты суларын пайдалану кезінде және олардың болжамды ластану көздері болған кезде;

орман шаруашылығын, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;

балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);

жергілікті мемлекеттік органдарда әзірленетін қоршаған ортаға әсер етуді бағалаудың оларға ілеспе материалдарымен бірге өңірлік бағдарламалардың жобалары, келесі құрамда:

жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есептеудің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;

жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдарлары туралы өтініш;

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

қоршаған ортаға кері әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асырудың мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттарын:

жер пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;

су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аймағында объектіні орналастырған немесе қызметті жүзеге асырған кезде);

жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;

жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалар орналасуы мүмкін учаскелерде, сондай-ақ жерасты суларын пайдалану кезінде және олардың болжамды ластану көздері болған кезде);

орман шаруашылығын, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;

балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);

эмиссия нормативтерiнiң жобалары, келесі құрамда:

жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есептеудің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісу;

іске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсер етуі мүмкiн, жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлейтін Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;

осы жобаны қайталама экологиялық сараптамаға ұсынған жағдайда - мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын құжаттарға мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларының көшермелері қоса беріледі.

2).ІІІ және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін:

көзделіп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызметке тапсырыс берушіден (инвестордан) еркін нысандағы ілеспе хат;

қоршаған ортаға әсер ететін оған iлеспе бағалау материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, келесі құрамда:

жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есептеудің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;

жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдарлары туралы өтініш;

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

қоршаған ортаға кері әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асырудың мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары:

жерді пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;

су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аймағында объектіні орналастырған немесе қызметті жүзеге асырған кезде);

жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;

жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалар орналасуы мүмкін учаскелерде, сондай-ақ жерасты суларын пайдалану кезінде және олардың болжамды ластану көздері болған кезде);

орман шаруашылығын, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;

балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);

эмиссия нормативтерiнiң жобалары, келесі құрамда:

жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есептеудің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісу;

осы жобаны қайталама экологиялық сараптамаға ұсынған жағдайда - мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын құжаттарға мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларының көшірмелері қоса беріледі.

2. Порталда:

1).ІІ санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін:

тұтынушының электрондық цифрлық қолы қойылған электрондық құжат түріндегі еркін нысандағы өтінім;

электрондық салым түрінде қоршаған ортаға әсер етудің оған iлеспе бағалау материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, келесі құрамда:

жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдарлары туралы өтініш – сканерленген көшірме ретінде электрондық өтінімге тіркеледі;

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері – сканерленген көшірме ретінде электрондық өтінімге тіркеледі;

қоршаған ортаға кері әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асырудың мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары - сканерленген көшірме ретінде электрондық өтінімге тіркеледі:

жерді пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;

су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аймағында объектіні орналастырған немесе қызметті жүзеге асырған кезде);

жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;

жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалар орналасуы мүмкін учаскелерде, сондай-ақ жерасты суларын пайдалану кезінде және олардың болжамды ластану көздері болған кезде);

орман шаруашылығын жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;

балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);

электрондық салым түрінде жергілікті мемлекеттік басқару органдар әзірлейтін қоршаған ортаға әсеретуді бағалаудың оларға ілеспе материалдарымен бірге өңірлік бағдарламалардың жобалары, келесі құрамда:

жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдарлары туралы өтініш – сканерленген көшірме ретінде электрондық өтінімге тіркеледі;

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері – сканерленген көшірме ретінде электрондық өтінімге тіркеледі;

қоршаған ортаға кері әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асырудың мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары – сканерленген көшірме ретінде электрондық өтінімге тіркеледі:

жер пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;

су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аймағында объектіні орналастырған немесе қызметті жүзеге асырған кезде);

жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;

жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалар орналасуы мүмкін учаскелерде, сондай-ақ жерасты суларын пайдалану кезінде және олардың болжамды ластану көздері болған кезде);

орман шаруашылығын, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;

балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);

электрондық салым түрінде тұтынушының электрондық цифрлық қолы қойылған эмиссия нормативтерiнiң жобалары, келесі құрамда:

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісу – сканерленген көшірме ретінде электрондық өтінімге тіркеледі;

тұтынушының электрондық цифрлық қолы қойылған электрондық салым түрінде іске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсерлерге әкеп соғуы мүмкiн, жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлейтін Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;

осы жобаны қайталама экологиялық сараптамаға ұсынған жағдайда - мемлекеттік экологиялық сараптамаға жіберілетін құжаттарға мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларының сканерленген көшірмелері қоса беріледі.

2).ІІІ және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін:

тұтынушының электрондық цифрлық қолы қойылған электрондық құжат түріндегі еркін нысандағы өтінім;

электрондық салым түрінде қоршаған ортаға әсеретудің iлеспе бағалау материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, келесі құрамда:

жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдарлары туралы өтініш – сканерленген көшірме ретінде электрондық өтінімге тіркеледі;

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері – сканерленген көшірме ретінде электрондық өтінімге тіркеледі;

қоршаған ортаға кері әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асырудың мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары – сканерленген көшірме ретінде электрондық өтінімге тіркеледі:

жерді пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;

су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аймағында объектіні орналастырған немесе қызметті жүзеге асырған кезде);

жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;

жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалар орналасуы мүмкін учаскелерде, сондай-ақ жерасты суларын пайдалану кезінде және олардың болжамды ластану көздері болған кезде);

орман шаруашылығын, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;

балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);

электрондық салым түрінде тұтынушының электрондық цифрлық қолы қойылған эмиссия нормативтерiнiң жобалары, келесі құрамда:

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісу – сканерленген көшірме ретінде электрондық өтінімге тіркеледі;

осы жобаны қайталама мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынған жағдайда - мемлекеттік экологиялық сараптамаға жеберілетін құжаттарға мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындылардың сканерленген көшірмелері қоса беріледі.

12..Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат, қажетті құжаттар тізбесі уәкілетті органның интернет-ресурстарында, уәкілетті органның үй-жайларында орналасқан арнайы ақпараттық стенділерде орналастырылады.

13..Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 301 кабинет уәкілетті органдардың кеңсесіне тапсырылады. Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау тұтынушының жеке кабинетінде жүзеге асырылады.

14..Тұтынушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген барлық қажетті құжаттарды тапсыруы растау:

1) уәкілетті органдар кеңсесінің тіркеу мөртабаны (кіріс нөмірі, күні және қоса берілген құжаттар саны) бар тұтынушының ілеспе хатының көшірмесі;

2) портал арқылы өтінген кезде тұтынушыға порталдағы жеке кабинетіне тұтынушының мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсетумен мемлекеттік қызметті ұсыну үшін өтінімді қабылдау туралы хабарлама-есеп жолданады.

15..Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тұтынушы өзі келе отырып немесе сенімхат бойынша өкілі, не порталдағы тұтынушының жеке кабинетінде қабылдайды.

16..Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартудың негізі осы стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетін ұсынбау болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

17..Қызметтерді тұтынуға байланысты уәкілетті органдар басшылыққа алатын негізгі жұмыс қағидаттары мыналар болып табылады:

1) адамның конституциялық құқықтарын және еркіндігін сақтау;

2) қызметтік парызын орындау кезінде заңдылықты сақтау;

3) тұтынушылармен жұмыс кезіндегі сыпайылық;

4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;

5) өтініштерді қараған кездегі лауазымды тұлғалар қызметінің ашықтығы;

6) тұтынушы құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету;

7) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы және құпиялылығы.

4. Жұмыс нәтижелері

18..Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19..Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтеріні сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

20..Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіру, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесу Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 303 кабинет және 8 (7282) 27-00-62 телефоны бойынша уәкілетті органның кеңсесінде жүзеге асырылады.

21..Көрсетілген қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым жоғары тұрған аппеляция органына – Алматы облысының әкімдігiне Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 38-үй мекен жайына 8 (7282) 27-13-46, 27-18-33, 27-07-43; телефондар және күндері 900 – 1830, түскі үзіліс 1230 – 1400 дейін демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын жұмыс кестесі бойынша беріледі.

22..Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым уәкілетті орган басшысының атына Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 301 кабинет мекен жайына 8 (7282) 27-16-69 телефоны және жұмыс күндері сағат 900 – 1800, түскі үзіліс 1300 – 1400 дейін демалыс және мереке күндерінен басқа, күн сайын жұмыс кестесі бойынша кеңсеге беріледі.

23..Мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

24..Шағым еркін нысанда қағаз тасығышта не электрондық пошта бойынша қабылданады.

25..Шағымды қабылдаудың растамасы онда берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны, одан шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды тұлғаның байланыс деректері көрсетілген талонды тұтынушыға беру болып табылады.

26..Қосымша ақпаратты тұтынушы уәкілетті органдардың интернет-ресурсында, және Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26, 301 кабинет үй-жайында орналастырылған стенділерден ала алады.

_________________________

Похожие:

«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер.«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» icon«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»
Осы «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) регламентінде...
«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер.«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» icon«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»
«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті
«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер.«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» icon«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»
«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер.«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» icon«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттік қызмет
«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер.«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» icon«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті

«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер.«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» icon«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет стандарты

«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер.«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» icon3. Мемлекеттік қызмет осы стандартқа
«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» (бұдан әрі мемлекеттік қызмет)
«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер.«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» iconСапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік
«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер.«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» icon«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 29. 12. 2012 n 1755 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы