Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы icon

Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы



НазваниеАлматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы
Дата конвертации20.02.2013
Размер96.44 Kb.
ТипДокументы
источник


Алматы облысы әкімдігінің

2012 жылғы «____» ___________

№ _____ қаулысымен бекітілді

  

«Астық қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
 


1. Жалпы ережелер

 

1. Электрондық мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – қызмет беруші), стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді, сондай-ақ www.e.gov.kz мекенжайы бойынша «электрондық үкімет» веб-порталы және www.elicense.kz мекенжайы бойынша «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы көрсетеді.

2. Қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысымен бекітілген «Астық қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) негізінде көрсетіледі.

3. Қызметті автоматтандыру дәрежесі: ішінара автоматтандырылған.

4. Қызметті көрсету түрі: транзакциялық.

5. Осы регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:

1) ақпараттық жүйе – ақпаратты апарттық-бағдарламалық кешенді қолдана отырып сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған жүйе (бұдан әрі – АЖ);

2) «электрондық үкімет» веб-порталы – нормативтік-құқықтық базаны қоса алғанда барлық біріктірілген үкіметтік ақпаратқа және электрондық мемлекеттік қызметтерге бірыңғай қол жеткізу терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

3) «Е-лицензиялау» веб-порталы – берілген, қайта ресімделген, тоқтата тұрғызылған, қайта жаңартылған және қолданылуын тоқтатқан лицензиялар, сондай-ақ лицензияланатын қызмет түрін (кіші түрін) жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкілдіктері (объектілері, пункттері, учаскелері) туралы мәліметтері бар, ол лицензиар беретін лицензиялардың сәйкестендіру нөмірін орталықтандырып қалыптастыратын ақпараттық жүйе (бұдан әрі –
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ);

4) «электрондық үкімет» шлюзі – электрондық қызметтерді іске асыру шеңберінде «электрондық үкімет» ақпараттық жүйелерін ықпалдастыруға арналған ақпараттық жүйе (бұдан әрі – ЭҮШ);

5) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі – жеке және заңды тұлғалардың төлемдерді жүзеге асырған кезде екінші деңгейдегі банктердің, банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және «электрондық үкіметтің» ақпараттық жүйелері арасындағы өзара әрекеттесуді қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе (бұдан
әрі – ЭҮТШ);

6) «Заңды тұлға» мемлекеттік деректер базасы – Қазақстан Республикасында заңды тұлғаларды бірыңғай сәйкестендіруді енгізу және олар туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді мемлекеттік басқару органдарына және басқа да субъектілерге олардың өкілеттіктерінің шеңберінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсыну мақсатында ақпаратты автоматтандырып жинауға, сақтауға және өңдеуге, Ұлттық бизнес сәйкестендіру нөмірлері тізілімін құруға арналған автоматтандырылған жүйе (бұдан әрі – ЗТ МДБ);

7) алушы – электрондық мемлекеттік қызмет оған көрсетілетін заңды тұлға;

8) бизнес сәйкестендіру нөмірі – заңды тұлға (филиал және өкілдік) үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір (бұдан әрі – БСН);

9) пайдаланушы –оған қажетті электрондық ақпаратты ресурстарды алу үшін ақпараттық жүйеге кіретін және оларды пайдаланатын субъекті (алушы, қызмет беруші);

10) транзакциялық қызмет – электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, ақпаратпен өзара алмасуды талап ететін, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөніндегі қызмет;

11) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен құрылған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиістігін және мазмұнының өзгермейтінің растайтын электрондық цифрлық символдар жинағы (бұдан әрі – ЭЦҚ);

12) электрондық құжат – онда ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен куәландырылған құжат;

13) электрондық мемлекеттік қызмет – ақпараттық технологияларды қолдана отырып, электрондық нысанда көрсетілетін мемлекет қызмет;

14) электрондық лицензия – ақпараттық технологияларды пайдалана отырып ресімделетін және берілетін, қағаз тасығыштағы лицензияға мәні тең электрондық құжат түріндегі лицензия;

15) ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірліктер;

16) АЖО – автоматтандырылған жұмыс орны;

17) БНАЖ – Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе.


2. Қызмет берушінің электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қызметінің тәртібі

 

6. Қызмет берушінің ЭҮП арқылы әрбір қадамдық әрекетері мен шешімдері (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесудің № 1 диаграммасы) осы Регламентке
2-қосымшада келтірілген:

1) алушы БСН және парольдің көмегімен ЭҮП-де тіркеуді жүзеге асырады (ЭҮП-де тіркелмеген алушылар үшін жүзеге асырылады);

2) 1-процесс – қызметті алуы үшін алушының логині мен парольін
ЭҮП-ге енгізу процесі (авторлау процесі);

3) 1-шарт – тіркелген алушы туралы деректердің дұрыстығын логин мен пароль арқылы ЭҮП-де тексеру;

4) 2-процесс – алушының деректерінде бар бұзушылықтарға байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны ЭҮП-де қалыптастыру;

5) 3-процесс – алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, алушының нысанды толтыруы (деректерді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті сканерленген құжаттарды қоса беруі, сондай-ақ алушының сұрау салуды куәландыруы (қол қоюы) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

6) 4-процесс – алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде оның болмауы туралы деректерді және алушының сәйкестендіру деректерін ЭҮП-де сұрату;

7) 2-шарт – алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде оның болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін
ЭҮП-де тексеру;

8) 5-процесс – алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

9) 6-процесс – қызметті көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);

10) 7-процесс – ЭҮТШ-де қызметке ақы төлеу, бұдан кейін төлем туралы ақпарат «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға келіп түседі;

11) 8-процесс – электрондық құжатты (алушының сұрау салуын) ЭҮШ арқылы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға жолдау және «Е-лицензиялау» МДБ
АЖ-да қызметті өңдеу;

12) 3-шарт – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызметті көрсету үшін төлем фактісін тексеру;

13) 9-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызмет көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

14) 10-процесс – алушының ЭҮП-де қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.

7. Қызмет беруші арқылы әрбір қадамдық әрекетері мен шешімдері (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық өзара әрекеттесудің № 2 диаграммасы) осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген:

1) 1-процесс – қызмет беруші қызметкерінің қызмет алу үшін
«Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға логин мен пароль енгізу процесі;

2) 1-шарт – қызмет берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да логин мен пароль арқылы тексеру;

3) 2-процесс – қызмет беруші қызметкерінің деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты авторлаудан бас тарту туралы хабарламаны «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қалыптастыру;

4) 3-процесс – қызмет беруші қызметкерінің таңдауы осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығаруы және қызмет беруші қызметкерінің алушы деректерін, алушының өкілі сенімхатының деректерін (нотариалдық куәландырылған сенімхат кезінде, сенімхат өзге куәландырылған кезде сенімхат деректері толтырылмайды) енгізуі, сондай-ақ қызмет беруші қызметкерінің сұрау салуды куәландыруы (қол қоюы) үшін ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

5) 4-процесс –ЭҮШ арқылы ЗТ МДБ-ға алушы деректеріне, БНАЖ-ға өкіл сенімхатының деректеріне және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға қызмет беруші қызметкерінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімі және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде оның болмауы туралы деректерге сұрау салу;

6) 2-шарт – ЗТ МДБ-да алушы деректерінің, БНАЖ-да сенімхат және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызмет беруші қызметкерінің ЭЦҚ тіркеу куәлігі деректерінің болуын тексеру;

7) 5-процесс – ЗТ МДБ-да алушы деректерінің, БНАЖ-да сенімхат деректерінің болмауына немесе қызмет беруші қызметкерінің ЭЦҚ тіркеу куәлігі түпнұсқалығының расталмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;

8) 6-процесс – қағаз тасығыштағы құжаттардың болуы туралы бөлігінде сұрау салу нысанын толтыруы және қызмет беруші қызметкерінің алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына қоса беруі;

9) 7-процесс – қызметті көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерін) қызмет беруші қызметкерінің ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);

10) 8-процесс – ЭҮТШ-де қызметке ақы төлеу, бұдан кейін төлем туралы ақпарат «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға келіп түседі;

11) 9-процесс – электрондық құжатты «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да тіркеу және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызметті өңдеу;

12) 3-шарт – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызметті көрсету үшін төлем фактісін тексеру;

13) 10-процесс – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да қызмет көрсету үшін төлемнің болмауына байланысты сұратылатын қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

14) 11-процесс – ЭҮП-де қалыптастырылған қызмет нәтижесін (электрондық лицензияны) алу. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.

8. Қызмет көрсетуге сұрау салу нысанын толтыру бойынша әрекеттер сипаты:

1) оған ЭҮП-ге кіру үшін электрондық лицензия берілетін тұлғаның деректерін (логин мен парольді) пайдаланушының енгізуі;

2) «Лицензия беру» қызметін таңдау;

3) «online қызметтерге тапсырыс беру» батырмасының көмегімен қызметке тапсырыс беру;

4) сұрау салуды толтыру:

пайдаланушыны ЭҮП-де тіркеу нәтижелері бойынша БСН автоматты түрде таңдалады;

пайдаланушы «сұрау салуды жолдау» батырмасының көмегімен сұрау салуды куәландыруға (қол қоюға) көшуді жүзеге асырады;

5) алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;

6) сұрау салуды куәландыру (қол қою) – пайдаланушы «қол қою» батырмасының көмегімен сұрау салуды ЭЦҚ-мен куәландыруды (қол қоюды) жүзеге асырады, бұдан кейін сұрау салу ЭҮШ арқылы «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-ға өңдеуге беріледі;

7) алушының «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да алушы сұратқан ақпараттың мазмұны туралы хабарламаны алуы;

8) қызметке ақы төлеу;

9) сұрау салуды «Е-лицензиялау» МДБ АЖ-да өңдеу:

пайдаланушыдағы дисплей экранында мынадай ақпарат шығарылады: БСН; сұрау салу нөмірі; қызмет типі; сұрау салу мәртебесі; қызмет көрсету мерзімі;

«мәртебені жаңарту» батырмасының көмегімен алушыға сұрау салуды өңдеу нәтижелерін қарау мүмкіндігі ұсынылады;

«Е-лицензиялау» МДБ АЖ-дан жауап алынған кезде «нәтижені қарау» батырмасы пайда болады.

9. Сұрау салу өңделгеннен кейін алушыға сұрау салуды өңдеу нәтижелерін мынадай түрде қарау мүмкіндігі ұсынылады:

«ашу» батырмасын басқаннан кейін сұрау салу нәтижесі дисплей экранына шығарылады;

«сақтау» батырмасын басқаннан кейін сұрау салу нәтижесі алушы енгізген магниттік тасығышта Adobe Acrobat форматында сақталады.

10. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету бойынша қажетті ақпаратты және консультацияны саll-орталықтың (1414).телефоны бойынша алуға болады

3. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
өзара әрекеттесу тәртібінің сипаты

 

11. Қызметті көрсету процесіне қатысатын ҚФБ:

ЭҮП;

ЭҮТШ;

«Е-лицензиялау» МДБ АЖ;

ЭҮШ;

ЗТ МДБ;

БНАЖ.

12. Әрекеттер (рәсімдер, функциялар, операциялар) кезектілігінің мәтінді кестелі сипаты әрбір әрекетті орындау мерзімін көрсете отырып, осы Регламентке 1-қосымшада келтірілген.

13. Әрекеттердің олардың сипатына сәйкес қисынды кезектілігі арасындағы өзара байланысты (электрондық мемлекеттік қызметті көрсету процесінде) көрсететін диаграмма осы Регламентке 2-қосымшада келтірілген.

14. Алушыларға қызмет көрсету нәтижелері осы Регламентке
3-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімдік көрсеткіштерімен өлшенеді.

15. Алушыларға қызмет көрсету процесіне қойылатын талаптар:

1) құпиялылық (ақпаратты заңсыз алудан қорғаныш);

2) бүтіндік (ақпаратты заңсыз өзгертуден қорғаныш);

3) қол жетімдік (ақпарат пен ресурстарды заңсыз ұстап қалудан қорғаныш).

16. Қызмет көрсетудің технологиялық шарты:

1) Интернетке шығу;

2) оған электрондық лицензия берілетін тұлғада БСН болуы;

3) ЭҮП-мен авторлау;

4) пайдаланушының ЭЦҚ болуы;

5) екінші деңгейдегі банкте банктік карточкасының немесе ағымдағы шотының болуы.


__________________________________________________________________



Похожие:

Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы iconАлматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы «29» желтоқсандағы №437 қаулысымен бекітілді
Алматы облысының жер қатынастары басқармасы (одан әрі – Басқарма) Алматы облысының аумағында жер қатынастары саласындағы функцияларды...
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы iconЖамбыл ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 16 ақпандағы «Алматы облысы аумағында ауылшаруашылығы жануарларына (түйе, жылқы, ұсақ мал, шошқа)...
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы iconАлматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы «20» қарашада
«Дене шынықтыру және спорт салаларында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы»
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы iconАлматы облысы әкiмінің 2012 жылғы «13»
Алматы облысы әкiмінің 2012 жылғы «13» желтоқсан №395 қаулысымен бекiтiлген
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы iconАлматы облысы әкiмінің 2012 жылғы «13»
Алматы облысы әкiмінің 2012 жылғы «13» желтоқсан №395 қаулысымен бекiтiлген
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы iconАлматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы «5» қарашадағы
«Мүгедектерді санаторлық-курорттық жолдамалармен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметінің регламенті
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы iconАлматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы «5» қарашадағы
«Мүгедектерді санаторлық-курорттық жолдамалармен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу» мемлекеттік қызметінің регламенті
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы iconАлматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы «19» желтоқсан
Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) қызметін жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы iconАлматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы
«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы iconШығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 31 қазандағы №289 қаулысы «Шығыс Қазақстан облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы»
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы №319 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің...
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы iconАлматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы «5» қарашадағы
«18 жасқа дейінгі балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы