Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және \"Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн  icon

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн

НазваниеАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
страница1/23
Дата конвертации20.02.2013
Размер4.2 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 Қаулысы

"Егемен Қазақстан" 2012.10.13., № 670-675 (27747), 2012.10.24., № 696-701 (27773), 2012.11.10., № 739-743 (272815); "Казахстанская правда" от 13.10.2012 г., № 352-353 (27171-27172), 2012.10.16., № 354-355 (27173-27174); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 973-құжат

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 34-бабына, «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-1-баптарына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ^ ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      1) «Қазақстан Республикасындағы Әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi төнген жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiн, олардың бөлiктерiн немесе дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беруi» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      2) «Жануарларға интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру жүргiзуге рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      3) «Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдауы» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      4) «Дала кемiргiштерiн жою кезiнде, сондай-ақ жануарлардың құтыруы мен басқа да ауруының iндетi жағдайларында улы химикаттарды қолдана отырып, жануарлар әлемi объектiлерiн аулауға келiсу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      5) «Жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      6) «Жерсiндiруге рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      7) «Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келiсу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      8) «Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекiре балық түрлерiнiң уылдырығын сатуға арналған марканы бекiту және оны Қазақстан Республикасының iшкi нарығында сатуға арналған марканы беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      9) «Бекiтiлген лимит негiзiнде жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн алып қоюға квоталар бөлу» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      10) «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау) қызметiн жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      11) «Пестицидтердi (улы химикаттарды) сату жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      12) «Аэрозольдық және фумигациялық тәсiлдермен пестицидтердi (улы химикаттарды) қолдану жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      13) «Шиттi мақта сапасы куәлiгiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      14) «Астықты экспорттаушыға мемлекеттiк астық ресурстарына астықты жеткiзу бойынша мiндеттемелердi астықты экспорттаушының сақтауы туралы растаманы беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      15) «Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсетуге лицензияны беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      16) «Ауыл шаруашылығын қолдауға берiлетiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      17) «Ауыл шаруашылығы өнiмдерi өндiрiсiн басқару жүйелерiн субсидиялау» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      18) «Ветеринариялық зертханалар беретiн сараптама актiсiн беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      19) «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      20) «Тиiстi аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердiң экспортына, импортына және транзитiне рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      21) «Экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған барабар құжатты тану» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      22) «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың болмауы (болуы) туралы ақпарат беру» мемлекеттiк қызмет стандарты;
      23) «Тұқым сапасына сараптама жүргiзу» мемлекеттiк қызмет стандарты бекiтiлсiн.
      2. «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiнде:
      «Ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк қызметтер» деген 9-бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 267-жолдың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Субсидиялар»;
      реттiк нөмiрi 268-жолдың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Субсидиялар»;
      реттiк нөмiрi 270-жолдың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке және заңды тұлғалар»;
      реттiк нөмiрi 276-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторы немесе оның орынбасарлары»;
      реттiк нөмiрi 277-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Экспорттаушы елдердiң құзыреттi органдары импортталған асыл тұқымды өнiмге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлiктi немесе оған барабар құжатты тану»;
      3-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жеке және заңды тұлғалар»;
      реттiк нөмiрi 284-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың болмауы (болуы) туралы ақпарат беру»;
      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қағаз түрiнде (жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу тiзiлiмiнен көшiрме)»;
      реттiк нөмiрi 286-жол алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 289-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жануарларды интродукциалау, реинтродукциялау және будандастыруды жүргiзуге рұқсат беру»;
      5 және 6-бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
      «АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары, АШМ Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары»;
      реттiк нөмiрi 290-жолдың 5 және 6-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
      «АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары»;
      реттiк нөмiрi 291-жол алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 292-жол алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 293-жолдың 5 және 6-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
      «АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi және оның аумақтық инспекциялары, АШМ Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары»;
      реттiк нөмiрi 294-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бекiтiлген лимит негiзiнде жануарлар дүниесiнiң объектiлерiн алып қоюға квоталар бөлу»;
      5 және 6-бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
      «АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары, АШМ Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары»;
      реттiк нөмiрi 296-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының сыртқы нарығында бекiре балық түрлерiнiң уылдырығын сатуға арналған марканы бекiту және оны Қазақстан Республикасының iшкi нарығында сатуға арналған марканы беру»;
      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қағаз түрiнде (марка, марканы бекiту туралы бұйрық)»;
      реттiк нөмiрi 297-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Жерсiндiруге рұқсат беру»;
      5 және 6-бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
      «АШМ Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары»;
      реттiк нөмiрi 298-жол алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 299-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Су тарту құрылыстарының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келiсу»;
      5 және 6-бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
      «АШМ Балық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары»;
      реттiк нөмiрi 301-жолда:
      5 және 6-бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
      «ҚазАгрЭкс» АҚ (сараптамалық ұйым)»;
      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қағаз түрiнде (куәлiк немесе тұқымды талдау нәтижесi, түйнектiк талдау актiсi)»;
      реттiк нөмiрi 302-жолдың 5 және 6-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
      «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК-нiң облыстық және аудандық филиалдары»;
      реттiк нөмiрi 304-жолда:
      2-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Облыстың жергiлiктi атқарушы органдарының жануарлар дүниесiн пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерiн бекiтiп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттiлiктерi үшiн сервитуттарды белгiлеу жөнiнде шешiмдер қабылдауы»;
      5-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары»;
      6-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң аумақтық инспекциялары»;
      реттiк нөмiрi 305-жолдың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Электронды, қағаз түрiнде (лицензия)»;
      реттiк нөмiрi 312-жолдың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Электронды, қағаз түрiнде (лицензия)»;
      реттiк нөмiрi 313-жолдың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Электронды, қағаз түрiнде (лицензия)»;
      реттiк нөмiрi 314-жолдың 7-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Электронды, қағаз түрiнде (лицензия)»;
      реттiк нөмiрi 315-жолда:
      5 және 6-бағандар мынадай редакцияда жазылсын:
      «АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетi, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары»;
      7-баған мынадай редакцияда жазылсын:
      «Электронды, қағаз түрiнде (лицензия)».
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                           К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1108 қаулысымен  
бекiтiлген     

«Қазақстан Республикасындағы Әкiмшiлiк органның құрып кету қаупi төнген жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiн, олардың бөлiктерiн немесе дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсат беруi» мемлекеттiк қызмет стандарты

^ 1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттiк қызметтi Әкiмшiлiк орган көрсетедi.
      Әкiмшiлiк орган:
      1) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесi мен өсiмдiктердi қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында – Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 5-кiреберiс мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi (бұдан әрi – Орман және аңшылық шаруашылығы комитетi);
      2) балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында – Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 13-кiреберiс мекенжайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Балық шаруашылығы комитетi (бұдан әрi – Балық шаруашылығы комитетi) болып табылады.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет:
      1) «Қазақстан Республикасының Құрып кету қаупi төнген жабайы фауна мен флора түрлерiмен халықаралық сауда туралы конвенцияға қосылуы туралы» (бұдан әрi – Конвенция) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының
      2) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 8-бабының 24-12) тармақшасының негiзiнде көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат және мемлекеттiк қызмет стандарты (бұдан әрi – стандарт) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында «нормативтiк құқықтық актiлер» бөлiмiнiң «Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары» кiшi бөлiмiнде, сондай-ақ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiндегi және Балық шаруашылығы комитетiндегi стендтерде орналастырылады. Стендтер мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайлардағы көрнектi орындарда орнатылады.
      5. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижесi құрып кету қаупi төнген жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiн, олардың бөлiктерiн немесе дериваттарын Қазақстан Республикасына әкелуге және одан тысқары жерлерге әкетуге рұқсатты (бұдан әрi – рұқсат) қағаз тасығышта беру не мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – мемлекеттiк қызмет алушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде көрсетiледi:
      1) мемлекеттiк қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетiлген қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi – бес жұмыс күнi iшiнде;
      2) қажеттi құжаттарды тапсыру кезiнде кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты – отыз минуттан аспау керек;
      3) мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алу кезiндегi кезекте күтудiң жол берiлетiн ең ұзақ уақыты – отыз минуттан аспау керек;
      4) мемлекеттiк қызмет алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап ұсынылған құжаттардың толық болуын тексеру мерзiмi – екi жұмыс күнi iшiнде.
      Осы тармақтың 1) тармақшасында белгiленген мерзiмдерде рұқсат берiлмеген немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап ұсынылмаған жағдайда рұқсат берiлген деп есептеледi және екi жұмыс күнi iшiнде мемлекеттiк қызмет алушыға берiлуге жатады.
      8. Мемлекеттiк қызмет ақылы түрде көрсетiледi.
      Сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекiре балық түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерiн және дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру үшiн мемлекеттiк қызмет алушы бюджетке айлық есептiк көрсеткiштен 200 пайыз мөлшерiндегi мемлекеттiк бажды қолма-қол ақшалай немесе қолма-қол ақшасыз тәсiлмен төлейдi.
      9. Мемлекеттiк қызмет жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн көрсетiледi, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда күту және қажеттi құжаттарды дайындау үшiн жағдай жасалады (күту креслолары, қажеттi құжаттарды толтыруға арналған орындар қажеттi құжаттар тiзбесi мен оларды толтыру үлгiлерi бар стендтермен жарақталады), өртке қарсы қауiпсiздiк шаралары қабылданады. Физикалық мүмкiндiктерi шектелген мемлекеттiк қызмет алушылардың кедергiсiз қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк қызмет алушыларды қабылдау жүзеге асырылатын үй-жайларда жабдықталған тұтқалар, пандустар және баспалдақ таяқшалары көзделедi.

^ 2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

      11. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн мемлекеттiк қызмет алушы мыналарды ұсынады:
      1) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
      2) құрылтай құжатының және мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмелерi (заңды тұлға үшiн);
      3) сәйкестендiру нөмiрiмен мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгiнiң көшiрмесi (дара кәсiпкер үшiн);
      4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi (жеке тұлға үшiн);
      5) жеке мақсаттарында әкетудi жүзеге асыратын тұлғаларды қоспағанда, экспорттаушы мен импорттаушы арасындағы осы әкетудi жасау туралы ниетiн растайтын келiсiмшарттың немесе шарттың көшiрмесi;
      6) үлгi Конвенцияның 1 және 2-қосымшаларына енгiзiлген жағдайда импорттаушы ел рұқсатының көшiрмесi;
      7) ғылыми орган қорытындысының көшiрмесi;
      8) құрып кету қаупi төнген жануарлар мен бекiре балық түрлерiн, сондай-ақ олардың бөлiктерiн және дериваттарын әкелуге және әкетуге рұқсаттар беру үшiн мемлекеттiк баждың бюджетке төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi.
      12. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуге арналған өтiнiш бланкiсiн Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң www.minagri.gov.kz, Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң www.fhc.kz, Балық шаруашылығы комитетiнiң www.fisher.minagri.kz интернет-ресурстарында немесе Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң және Балық шаруашылығы комитетiнiң кеңселерiнен осы стандарттың 1-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша алуға болады.
      13. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн қажеттi құжаттар Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң кеңсесiне Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 5-кiреберiс, 611-кабинет, телефоны: 8 (7172) 74-33-15 мекенжайы бойынша және (немесе) Балық шаруашылығы комитетiнiң кеңсесiне Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 13-кiреберiс, 367-кабинет, телефоны: 8 (7172) 74-17-43 мекенжайы бойынша тапсырылады.
      14. Мемлекеттiк қызмет алушыға:
      1) құжаттарды қабылдау нөмiрiн және күнiн;
      2) сұратылатын мемлекеттiк қызмет түрiн;
      3) қоса берiлген құжаттар санын және атауларын;
      4) мемлекеттiк қызметтi алу күнiн (уақытын) және құжаттарды беру орнын;
      5) құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегiн, атын, әкесiнiң атын;
      6) мемлекеттiк қызмет алушының тегiн, атын, әкесiнiң атын (жеке тұлға үшiн) немесе атауын (заңды тұлға үшiн), байланыс деректерiн көрсете отырып, қажеттi құжаттарды қабылдау туралы қолхат берiледi.
      15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi мемлекеттiк қызмет алушыға немесе сенiмхат бойынша уәкiлетiк берiлген тұлғаға жеке келген кезде рұқсаттар беру журналына қол қойғызып берiледi.
      16. Мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту үшiн:
      1) өтiнiштi белгiленбеген нысан бойынша ұсынылуы;
      2) ұсынылған құжаттарда дұрыс емес деректердiң болуы негiз болып табылады.
      Құжаттардың сәйкессiздiгiн жойған кезде мемлекеттiк қызмет алушы құжаттар пакетi бар өтiнiштi белгiленген құжаттар қабылдау мерзiмiнде әкiмшiлiк органға қарауға ұсына алады.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде тиiстi Комитеттiң лауазымды тұлғалары мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
      1) кiшiпейiлдiлiк таныту, өзiнiң лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдептi болу;
      3) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      4) қызмет көрсету мерзiмдерiн және күту уақытын қысқарту үшiн күш салу;
      5) мемлекеттiк қызмет алушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      6) мемлекеттiк қызмет алушы белгiленген мерзiмдерде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

^ 4. Жұмыс нәтижелерi

      18. Мемлекеттiк қызмет алушыларға мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша жұмыс нәтижелерi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Тиiстi Комитеттiң лауазымды тұлғаларының жұмысы олар бойынша бағаланатын мемлекеттiк қызметтiң сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң бұйрығымен жыл сайын бекiтiледi.

^ 5. Шағымдану тәртiбi

      20. Тиiстi Комитеттiң лауазымды тұлғаларының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсiндiрудi, сондай-ақ шағым дайындауда жәрдемдесудi тиiстi Комитеттiң заң қызметiнiң мамандары Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 5 және 13-кiреберiстер, 620 және 367-кабинеттер, телефоны: 8 (7172) 74-33-00 және 8 (7172) 74-26-95 мекенжайы бойынша жүзеге асырады.
      21. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң атына Астана қаласы, Кенесары көшесi, 36-үй, 301-кабинет, телефоны: 8 (7172) 55-57-63, электронды пошта: info@minagri.kz мекенжайы бойынша берiледi.
      Жұмыс кестесi: жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi.
      Шағым www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң блогында баяндалуы мүмкiн.
      22. Сыпайы қызмет көрсетiлмеген жағдайда шағым тиiстi Комитет Төрағасының атына Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 5 және 13-кiреберiстер, 611 және 367-кабинеттер, телефон: 8 (7172) 74-33-15 және 8 (7172) 74-17-43 мекенжайы бойынша берiледi.
      Жұмыс кестесi: жұмыс күндерi сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi түскi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, демалыс күндерi: сенбi, жексенбi және мереке күндерi.
      23. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызмет алушы заңнамада белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
      24. Шағымдар жазбаша түрде пошта, электрондық пошта бойынша не қолма-қол жұмыс күндерi осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетiлген ұйымдардың кеңселерi арқылы қабылданады.
      Шағым шағымда қойылған мәселелердi шешу құзыретiне не лауазымды тұлғаның атына жолданады.
      Шағымда мемлекеттiк қызмет алушының тегi, аты, әкесiнiң аты (жеке басын куәландыратын құжатта болған кезде), пошталық мекенжайы, шағым беру күнi және мемлекеттiк қызмет алушының қолы көрсетiледi.
      Шағым берiлген кезде әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi шағымдалатын лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, жүгiну себептерi және талаптар көрсетiледi.
      25. Қабылданған шағым осы стандарттың 21 және 22-тармақтарында көрсетiлген ұйымдардың кеңселерiнде тiркеледi. Шағым қабылдануының растамасы шағымданған мемлекеттiк қызмет алушыға күнi және уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды тұлғаның тегi және аты-жөнi көрсетiлген талонды беру болып табылады. Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты тиiстi ұйым кеңсесiнiң лауазымды тұлғаларынан алуға болады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмдерде жүзеге асырылады.
      26. Мемлекеттiк қызмет алушы қосымша ақпаратты тиiстi Комитеттiң кеңсесiнде Астана қаласы, Орынбор көшесi, 8-үй, «Министрлiктер үйi» әкiмшiлiк ғимараты, 5 және 13-кiреберiстер, 611 және 367-кабинеттер, телефоны: 8 (7172) 74-33-15, 8 (7172) 74-17-43 мекенжайы бойынша, сондай-ақ www.minagri.gov.kz, www.fhc.kz, www.fisher.minagri.kz интернет-ресурстарынан ала алады.

«Қазақстан Республикасындағы 
Әкiмшiлiк органның құрып кету
қаупi төнген жануарлар мен  
өсiмдiктер түрлерiн, олардың 
бөлiктерiн немесе дериваттарын
Қазақстан Республикасына әкелуге
және одан тысқары жерлерге  
әкетуге рұқсат беруi»     
мемлекеттiк қызмет стандартына
1-қосымша          

                          Қазақстан Республикасындағы Әкiмшiлiк орган
                          ___________________________________________
                                 (заңды тұлғаның толық атауы,
                          ___________________________________________
                               жеке тұлғаның (дара кәсiпкердiң)
                          ___________________________________________
                              тегi, аты, әкесiнiң аты, мекенжайы,
                          ___________________________________________
                                   телефон және факс нөмiрi)

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Похожие:

Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және \"Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн  iconАуыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн
Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы