Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы «29» желтоқсан icon

Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы «29» желтоқсан



НазваниеАлматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы «29» желтоқсан
Дата конвертации20.02.2013
Размер74.95 Kb.
ТипДокументы
источник


Алматы облысы әкімдігінің

2012 жылғы «29» желтоқсан

№ 436 қаулысымен бекітілген


«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті



  1. Негізгі ұғымдар




  1. Осы «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі - Регламент) келесі ұғымдар қолданылады:

  1. тұтынушы – жеке тұлға;

  2. уәкілетті орган – білім басқармасы;

  3. уәкілетті органның жауапты қызметкері – лауазымдық қызметіне сәйкес жүктелген арнайы білім беру ұйымының қызметкері;

  4. уәкілетті органның бастығы – арнайы білім беру ұйымының директоры.




  1. Жалпы ережелер


2. Осы мемлекеттік қызметтің регламенті Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабындағы 4 тармаққа сәйкес әзірленді.

3. «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) ұйымдастырушылық-құқықтық, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан арнайы білім беру ұйымдары көрсетеді.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 19-бабымен және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы №1119 қаулысымен бекітілген «Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес ұсынылады (бұдан әрі - стандарт).

6. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі мемлекеттік қызмет стандартының 5 тармағына сәйкес білім беру ұйымының бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады.



  1. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар


7. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы ақпарат білім беру мекемелерінің стендтерінде және стандарттың 4, 11 тармақтарында көрсетілген.

8. Аталған қызмет жеке тұлғаларға – 7-18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері стандарттың 7 тармағында көрсетілген.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттың 16 тармағында көрсетілген жағдайларда ұсынылмайды.

11. Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.

12. Тұтынушыдан мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініш алғаннан бастап мемлекеттік қызметтің нәтижесін ұсынғанға дейінгі уәкілетті орган арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудің кезеңдері:

1) тұтынушы уәкілетті органға өтініш білдіреді;

2) уәкілетті органның жауапты қызметкері тұтынушының өтінішін тіркейді және құжаттарды рәсімдеуге өтінішті қабылдаған уәкілетті органның жауапты қызметкерінің аты-жөні, лауазымы, қабылдаған құжаттардың тізімі, күні, нөмірі көрсетілген қолхат береді;

3) уәкілетті органның жауапты қызметкері бұйрықтың жобасын дайындап, басшыға қол қойдырады.

13. Мемлекеттік қызмет білім беру ұйымының ғимаратында жүзеге асырылады. Қызмет көрсетілетін бөлме көлемі, орналасуы және сырт пішіні жағынан сапалы қызметтерді ұсыну талаптарына сай келеді. Күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға қолайлы жағдай жасау үшін бөлме креслолармен және орындықтармен жабдықталған.



  1. Мемлекеттік қызмет көрсету барысында әрекет ету

(өзара қызметтердің) тәртібінің сипаттамасы


14. Құжаттарды уәкілетті органның қызметкері қабылдайды.

Уәкілетті органның қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде стандарттың 11 тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарды тексереді.

Уәкілетті органның жауапты қызметкері тұтынушыға құжаттарды қабылдаған тұлғаның аты-жөні, тіркелген күні көрсетілген қолхат береді.

15. Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін стандарттың 11 тармағына сәйкес құжаттар ұсынады.

Мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық тапсырмауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болады.


  1. Мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершіліктері.


16. Уәкілетті органның басшысы мемлекеттік қызметті көрсететін жауапты тұлға болып табылады.

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес, мемлекеттік қызметтің белгіленген мерзімде көрсетілуіне уәкілетті органның басшысы жауапты болады.

______________________________________


«Арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқыту үшін мүмкіндіктері шектеулі балалардың құжаттарын қабылдау және арнайы білім беру ұйымдарына қабылдау» мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосымша


«Қала (аудан) әкімдіктерінің білім бөлімдері»

мемлекеттік мекемелерінің тізімі


№ п/п

Бөлімдердің атауы

Орналасқан мекенжайы


Байланыс телефондары




1

2

3

4

Алматы облысы



«Алакөл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Үшарал қаласы

Қонаев көшесі, 50

8 (728 33) 210-33, 225-64



«Ақсу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жансүгір поселкісі,

Желтоқсан көшесі, 5

8 (728 32) 215-80, 222-90



«Балқаш ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бақанас ауылы,

Қонаев көшесі,72

8 (728 73) 913-70, 918-53



«Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Есік қаласы,

Алматы көшесі, 312

8 (728 75) 453-57, 415-50



«Ескелді ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарабұлақ п.,

Оразбеков көшесі, 31

8 (728 36) 312-00, 307-74



«Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ұзынағаш ауылы,

Мәжітов көшесі, 4

8 (728 70) 228-51, 233-48



«Іле ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Өтеген батыр п., Титов көшесі, 33

8 (728)52-235-05, 236-94



«Қаратал ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Үштөбе қаласы,

Молдағұлова көшесі, 67

8 (728 34) 215-36, 213-82



«Қарасай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қаскелең қаласы,

Қабанбай батыр көшесі, н/ж

8(728 71) 210-80, 220-37



«Кербұлақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сарыөзек п.,

Тимирязев көшесі,1

8 (728 40) 320-68, 314-34



«Көксу ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Балпық би,

Мырзабеков көшесі, 38

8 (728 38) 217-61, 202-95



«Панфилов ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жаркент қаласы,

Розыбакиев көшесі, 22

8 (728 31) 507-69, 517-75



«Райымбек ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Кеген ауылы,

Момышұлы көшесі, 19

8 (728 77) 212-52, 214-50



«Саркан ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Сарқант қаласы,

Тынышбаев көшесі, 8

8 (728 39) 227-39, 213-04



«Талғар ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Талғар қаласы,

Қонаев көшесі, 65

8 (728 74) 214-00, 236-89



«Ұйғыр ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Шонжы ауылы,

Исмаилов көшесі, 70

8 (728 78) 228-25, 217-04



«Қапшағай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қапшағай қаласы,

Жамбыл көшесі, 13

8 (728 72) 422-65, 411-76



«Текелі ауданы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Текелі қаласы,

Абылайхан көшесі, 34

8 (728 72) 425-24, 447-70



«Талдықорған қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Талдықорған қаласы,

Абай көшесі, 256

8 (728 22) 710-00, 707-08



________________________________________________





Похожие:

Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы «29» желтоқсан iconАлматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы «19» желтоқсан
Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау) қызметін жүзеге асыруға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы «29» желтоқсан iconАлматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы «19» желтоқсан
«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы «29» желтоқсан iconАлматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы «29» желтоқсан
«Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет...
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы «29» желтоқсан iconАлматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы «29» желтоқсан
Осы «Білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде (бұдан әрі Регламент) келесі...
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы «29» желтоқсан iconАлматы облысы әкiмінің 2012 жылғы «13»
Алматы облысы әкiмінің 2012 жылғы «13» желтоқсан №395 қаулысымен бекiтiлген
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы «29» желтоқсан iconАлматы облысы әкiмінің 2012 жылғы «13»
Алматы облысы әкiмінің 2012 жылғы «13» желтоқсан №395 қаулысымен бекiтiлген
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы «29» желтоқсан iconАлматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы «19» желтоқсан
«Аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны...
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы «29» желтоқсан iconАлматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы «19» желтоқсан
«Астық қолхаттарын беру арқылы, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын...
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы «29» желтоқсан iconАлматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы «29» желтоқсандағы №437 қаулысымен бекітілді
Алматы облысының жер қатынастары басқармасы (одан әрі – Басқарма) Алматы облысының аумағында жер қатынастары саласындағы функцияларды...
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы «29» желтоқсан iconЖамбыл ауданы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстарын
Алматы облысы әкімдігінің 2012 жылғы 16 ақпандағы «Алматы облысы аумағында ауылшаруашылығы жануарларына (түйе, жылқы, ұсақ мал, шошқа)...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы