«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережес І icon

«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережес І



Название«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережес І
Дата конвертации20.02.2013
Размер79.52 Kb.
ТипДокументы
источник


Облыс әкімдігінің
2009 жылдың 22 шілдесіндегі
№ 128 қаулысымен БЕКІТІЛДІ

 

«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің
Е Р Е Ж Е С І

 І. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) облыста жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын атқарушы органы болып табылады.
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, облыс әкімдігінің қаулыларына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрықтары мен нұсқауларына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес асырады.

3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атаулы мемлекеттік тілде жазылған мөрі мен мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкілер, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен қазынашылық органдарда ашылған шоттары болады.

Басқарма азаматтық құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
4. Басқарма заңда белгіленген тәртіппен өзінің құзыретіндегі мәселелер бойынша, басқарма бастығының бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

5. Алматы облысының әкімдігі Басқарманың құрылтайшысы болып табылады.
6. Басқарма  туралы Ереже, Басқарманың құрылымы, шекті штат саны Алматы облысының әкімдігінен бекітіледі.

7. Басқарманың заңды мекен-жайы: 040000, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 26 үй.

8. Басқарманың мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Орыс тіліндегі толық атауы: государственное  учреждение «Управление координации занятости и социальных программ Алматинской области»

9.Осы Ереже Басқарманың құрылтайшылық құжаты болып табылады.

10. Басқарманың қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Басқармаға, өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынасқа түсуге тиым салынады.

 ^ 2. БАСҚАРМАНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
ЖӘНЕ ФУНКЦИЯЛАРЫ

11. Басқарма заңда белгіленген тәртіппен төмендегілерді жүзеге асырады:
1) халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, аз қамтамасыз етілген отбасыларына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, балалы отбасыларына жәрдемақы және тұрғын үй көмегін уақытылы, дұрыс тағайындау жөніндегі заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді іске асыру;

2) халықты әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік стратегияны іске асыру, еңбек ресурстарын тиімді пайдалану, халыққа атаулы қолдау көрсету;

3) халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі облыстық іс-шаралар Жоспарын әзірлеу және орындалуын қамтамасыз ету;

4) кедейшілікті азайту, жұмыспен қамту жөніндегі және басқа да әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, сондай-ақ жүзеге асырылуын талдау;

5) жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсынысқа болжам жасау, мониторинг жүргізу, еңбек рыногының біртұтас ақпараттық базасын құру, халықты еңбек рыногының жай-күйі жөнінде ақпараттандыру;

6) халықты жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал ететін белсенді шараларды дамыту, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтамасыз ету деңгейін көтеру. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және жұмыссыздарды кәсіби даярлау тәжірибесін жетілдіру;

7) жұмыссыздарды әлеуметтік қорғауды жүзеге асыру, еңбек рыногында бәсекеге қабілетсіз азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал ететін шаралар өткізу;

8) шетелдік жұмыс күшін пайдалануды реттеу жолымен ішкі рынокты қорғауды замтамасыз ету, шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру;

9) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасын, әрбір нақты отбасының кедейшілік деңгейін саралап, жіктеуді қамтамасыз ету жолымен іске асыру;

10) халықтың өмір сүру деңгейін анықтайтын мінездемелерге талдау жасау, халықтың өмір сүру деңгейін және әлеуметтік қорғау тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламалардың жобаларын әзірлеуге қатысу;

11) атаулы әлеуметтік көмек және тұрғын үй көмегі туралы индикативтік жоспар жасауға қатысу;
12) азаматтардың өтініштері мен арыздарын қарау, талдау және олардың жазылу себептерін қорыту;

13) әлеуметтік қорғау саласы бойынша қолданыстағы заңдарды жетілдіру жөнінде жоғары тұрған органдарға ұсыныстар әзірлеу және енгізу;

14) мүгедектерді әлеуметтік қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жоспарлау және ұйымдастыру;

15) соғыс және еңбек ардагерлерін, мүгедектерді және халықтың басқа да санатын әлеуметтік қорғау жөніндегі заңдарды іске асыру;

16) халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің мекемелерінде тұратын зейнеткерлерге, мүгедектерге, материалдық-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік және мәдени қызмет көрсету, сондай-ақ мүгедектерді қол арбамен қамтамасыз ету, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғаларға санаторлық-курорттық жолдамалар беру;

17) мүгедектерді оңалту, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық, педагогикалық, коррекциялық қолдау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу, маслихаттың бекітуіне ұсыну және іске асыру;

18) ауыр дәрежедегі кемістігі бар балаларды күту ісіне әлеуметтік көмек көрсету және ұйымдастыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

19) жалғызбасты қарттарға және еңбекке қабілетсіз азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы 6 собес нысаны бойынша ведомостволық статистикалық есепті жасау;

20) интернат-үйлерінің қызметін үйлестіру;

21) әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастары саласында әлеуметтік әріптестік туралы Келісімдердің жобаларын әзірлеуге қатысу, ұжымдық шарттарды бекіту тәжірибесін жинақтау, олардың орындалуына бақылау жасау, сондай-ақ өзінің құзыреті шегінде әлеуметтік әріптестік жөніндегі үшжақты комиссияның жұмысын қамтамасыз ету;
22) кәсіпорындардың және экономикалық қызметтің барлық түрлеріндегі ұйымдардың еңбекті нормаландыру және оған ақы төлеу жағдайын талдау;

23) Басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне әдістемелік және іс-жүзінде көмек көрсету;

24) қаржылық және статистикалық есептерді құрастыру және оларды белгіленген мерзімде тиісті органдарға ұсыну;

25) Басқарманың аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, ведомостволық мекемелердің (бұдан әрі – бақылау объектілері) жұмысының сапасын және өнімділігін арттыру мақсатында қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асыру;

26) бақылау объектілерінде басқару жүйесінің қызмет етуіне бағалау жүргізу, Басқарманың бірінші басшысына оны жақсарту жөніндегі ұсыныстар енгізу;

27) бақылау объектілерінде Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңдарының сақталуына тексеру жүргізу;

28) бақылау объектілерінде стратегиялық және операциялық жоспарлардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асыру және нәтижесін бағалау;

29) бақылау объектілерінде есепке алу мен есептіліктің анық және дұрыс жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру;

30) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджет қаржысын пайдалану кезінде кемшіліктерді анықтау, жою және  жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау;

31)  бақылау объектілеріне жіберілген ұсыныстардың орындалуына және бақылау нәтижелерінің қорытындысы бойынша қабылданған шешімдерге бақылауды жүзеге асыру.

^ 3. БАСҚАРМАНЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ

12. Басқарма негізгі міндеттерді және өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін, заңда белгіленген тәртіппен төмендегі құқықтарға ие:

1) халықты әлеуметтік қорғау, кедейшілік және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі мемлекеттік емес құрылымдардың құрылуына ықпал ету;

2) Басқармаға жүктелген қызметтерді жүзеге асыруға қажет құжаттарды, қорытындыларды, анықтамаларды және өзге де материалдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ басқа да ұйымдардан сұратып алу;
3) халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша құзыретті орган ретінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңда ескерілген құқықтарды иелену;

4) әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың нақтылығын тексеру;

5) әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу мәселелері бойынша қажетті түсініктемелер беру;

6) жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша белгіленген тәртіпте семинарлар және кеңестер өткізу;

7) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жергілікті өкілетті және атқарушы органдармен өзара әрекеттер жасау;

8) бақылау объектілерінен бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсіндірмелерді белгіленген уақытта сұратуға және алуға;

9) бақылау объектілерінің бақылау шаралары мәселелеріне қатысты құжаттарымен қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын құпияларды сақтау режимін ескере отырып, кедергісіз танысуға;

10) Басқарманың басшысы белгілейтін өзге өкілеттіліктерді жүзеге асыруға.


^ 3. БАСҚАРМАНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

13. Басқармаға бастық басшылық етеді. Басқарма бастығын Алматы облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

14.Басқарма бастығының екі орынбасары болады.

Басқарма бастығының орынбасарларын Басқарма бастығы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Басқарма бастығы Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауап береді.


15. Басқарма бастығы осы мақсатта:

1) Басқарманың аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне басшылық жасайды;

2) орынбасарларының міндеттерін және өкілеттіліктерінің шегін белгілейді;

3) құрылымдық бөлімше басшыларының міндеттерін белгілейді және жауапкершілігін анықтайды;

4) өзінің құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және олардың орындалуын ұйымдастырады;

5) заңда белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

6) мемлекеттік органдармен, басқа да ұйымдармен қарым-қатынастарда қолданыстағы заңдарға сәйкес Басқарманың мүддесін білдіреді;

7) заңда белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді, материалдық көмек көрсетеді, тәртіптік жаза қолданады;

8) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

16. Басқарма аудандық қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің, басқа да ведомстволық мекемелердің қызметіне басшылықты  жүзеге асырады.

Бұл органдар Басқарманың алдында өз жұмыстары туралы есеп береді және оның бақылауында болады.

17. Бастықтың жанында кеңестік-мәжілістік орган болып табылатын басқарманың алқасы болады. Алқаның санын және құрамын басқарма бастығы бекітеді.


^ 4. БАСҚАРМАНЫҢ МҮЛКІ


18. Басқарманың жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады. Басқарманың мүлкі мемлекет берген мүліктің есебінен құралады, сондай-ақ негізгі және айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Басқармасының балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.

19. басқарманың мүлкі коммуналдық меншікке жатады.

20. басқарманың өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

21. басқарма қайта ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда оның мүлкі меншік иесіне өтеді.


^ 5. ЕРЕЖЕГЕ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
 ЕНГІЗУ ТӘРТІБІ


22. Басқарма туралы Ережеге өзгерістер мен толықтырулар құрылтайшының шешімімен енгізіледі.


6. БАСҚАРМАНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТУ


23. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

24. Қайта ұйымдастырылғанда Басқарманың мүлкі, міндеттері мен құқықтары заңда белгіленген тәртіппен құқықты мирасқорына өтеді.

25. Басқарма қызметі мемлекеттік тіркеу тіркелімінде бұл туралы жазба енгізілгеннен кейін тоқтатылады және Басқарманы жою аяқталды деп есептеледі.



Похожие:

«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережес І icon«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі...
«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережес І icon«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі бұдан әpi
«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережес І icon«Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қысқаша тарихы
Басқарманың негізгі қызмет бағыттары: өңірде халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелерін үйлестіруді жүзеге асыру
«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережес І iconМаңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының қызметтік міндеттері
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын үйлестіреді
«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережес І iconМаңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының
Жұмыспен қамтуды үйлестіру, әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелері жөніндегі бөлім
«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережес І iconМаңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережес І iconМаңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережес І iconМаңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережес І icon«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

«Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережес І icon«Қостанай облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы