Моноқалаларды дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №683 Қаулысы «Мемлекет  icon

Моноқалаларды дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №683 Қаулысы «Мемлекет



НазваниеМоноқалаларды дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №683 Қаулысы «Мемлекет
страница2/4
Дата конвертации29.05.2013
Размер0.65 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4
4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

^ Бағдарламаның мақсаты

      Моноқалалардың орта және ұзақ мерзімді перспективада тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Бағдарламаның нысаналы индикаторлары

      2015 жылға:
      1) экономикалық әлеуеті төмен моноқалаларда бір немесе бірнеше «зәкірлі» инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде өнеркәсіптік өндіріс көлемін – кемінде 20%-ға арттыру (2011 жылмен салыстырғанда);
      2) моноқалаларда белсенді жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар санын – 2 есе ұлғайту (2011 жылмен салыстырғанда);
      3) моноқалалардағы кірісі күнкөріс минимумынан төмен халық санын – 6%-дан аспайтындай етіп төмендету;
      4) моноқалалардағы жұмыссыздық деңгейін – 5,5%-дан аспайтындай етіп төмендету.
      2020 жылға:
      1) моноқалаларда белсенді жұмыс істеп тұрған шағын кәсіпорындар санын – 4 есе ұлғайту (2011 жылмен салыстырғанда);
      2) моноқалалардағы кірісі күнкөріс минимумынан төмен халық санын – 6%-дан аспайтындай етіп азайту (2015 жылы күнкөріс минимумы шамасын айқындау әдістемесін жетілдіруді ескере отырып);
      3) моноқалалардағы жұмыссыздық деңгейін – 5,0 %-дан көп емес деңгейге дейін төмендету.

Міндеттері

       Бағдарламаны іске асыру шеңберінде міндеттерді шешу төрт бағыт бойынша жүзеге асырылады:
      1. Тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты моноқалаларды оңтайландыру.
      2. Экономиканы әртараптандыру және моноқалалардың жұмыспен қамтылғандарының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін шағын және орта бизнесті дамыту.
      3. Моноқалалардың еңбек ресурстарының ұтқырлығын жоғарылату, жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына өз еркімен көшуге ынталандыру.
      4. Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын тұрғындардың оңтайлы санына есептей отырып дамыту.
      Бағдарлама міндеттерін шешу мақсатында уәкілетті орган нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды.
      Уәкілетті орган мен облыстар әкімдері арасында Бағдарламамен айқындалған нысаналы индикаторларға қол жеткізу нәтижелері туралы келісімдер жасалады.
      Бағдарламаны іске асыру шеңберінде жергілікті атқарушы органдар уәкілетті органның ұсынымдарына сәйкес (2 - қосымша) моноқалаларды жоғары, орташа және төмен экономикалық әлеуетті қалаларға топтау жүргізіледі, оның негізінде олардың проблемаларын шешу тәсілдері (шаралары) де әртараптандырылады.
      Жалпы алғанда әлемдік тәжірибені және қазіргі проблемалар талдауын ескере отырып, Бағдарлама шеңберінде моноқалаларды мемлекеттік қолдау шараларын былайша басымды ету ұсынылады:
      1-басымдық. Төмен әлеуетті моноқалалардың бірінші кезектегі өткір проблемаларын шешу.
      2-басымдық. Орта әлеуетті моноқалаларды дамыту үшін жағдай жасау.
      3-басымдық. Жоғары әлеуетті моноқалаларды одан әрі тұрақты дамыту.
      Жоғары әлеуетті моноқалалар ағымдағы бәсекелестік жағдайында және қабылданған мемлекеттік бағдарламалық құжаттар, оның ішінде облыстарды дамытудың бесжылдық кезеңге арналған бағдарламалары шеңберінде дами алатын қалалар ретінде қаралады.

       Бірінші бағыт: Тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты моноқалаларды оңтайландыру.
      1. Моноқалалардың экономикалық әлеуетін және перспективалы жаңа мамандандыруларын анықтау.
      Осы бағыт шеңберінде әрбір моноқаланың экономикалық әлеуеті, оларды дамытуға теріс әсер ететін факторлар, сондай-ақ моноқалалардың перспективалы жаңа мамандырылулары анықталатын болады.
      Уәкілетті мемлекеттік орган жергілікті атқарушы органдармен бірге әрбір моноқаланың жүйелік диагностикасын және олардың жағдайы мен перспективаларының маркетингтік талдауын жүргізеді. Мемлекеттік қолдау әлеуетті барынша пайдалануға және моноқалалардың бірінші кезектегі өткір проблемаларын шешуге бағытталады.
      Бұл ретте мемлекеттік қолдау саясатының тетіктері моноқаланың әлеуетіне қарай әртараптандырылатын болады. Жоғары даму әлеуеті бар моноқалалар бәсекеге қабілеттілікті арттырудың жалпы саясаты шеңберінде, оларды дамыту мониторингі жүргізе отырып дамитын болады.
      Төмен және орта экономикалық әлеуетті моноқалаларға олардың әлеуетін неғұрлым жоғары санатқа көтеру үшін Бағдарлама шеңберінде мақсатты түрде қолдау көрсетіледі.
      Уәкілетті орган моноқалаларды дамытудың орталық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдар тарапынан қолдануын үйлестіруді қамтамасыз етеді.
      2. Моноқалаларды дамытудың кешенді жоспарларын әзірлеу.
      Жергілікті атқарушы органдар даму перспективаларын, халықтың болжанатын санын және моноқалалардың жаңа мамандандыруларын айқындай отырып, Ұзақ мерзімді перспективаға арналған моноқалаларды дамытудың кешенді жоспарларын (бұдан әрі – ДКЖ) әзірлейді.
      Уәкілетті орган ДКЖ әзірлеу бойынша ұсынымдар әзірледі, оларға сәйкес моноқаланың ДКЖ мыналарды қамтуы тиіс:
      1) мақсаттары, міндеттері және дамудың басымды бағыттары;
      2) нысаналы көрсеткіштер мен индикаторлар жүйесі;
      3) іске асыру тетіктері, іс-шаралар және инвестициялық жобалар;
      4) жергілікті атқарушы органдардың қызметін моноқалаларды дамыту бөлігінде жетілдіру жөніндегі шаралар.
      ДКЖ бәсекеге қабілеттілік өсімін, ұзақ мерзімді перспективада моноқалаларды тұрақты дамытуды, экономика құрылымын әртараптандыруды, кәсіпкерлікті және іскерлік белсенділікті дамытуды, халықтың өмір сүру сапасын арттыруды, тиісті инфрақұрылымды дамытумен жалпы елді және өңірді дамытуға интеграцияны қамтамасыз етуі тиіс.
      3. Моноқалалардың басты жоспарларын түзету.
      Басты жоспарларды түзету халықтың болжанатын санын ескере отырып, әлеуметтік, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымды дамыту мен жаңғыртуға бағытталатын болады.
      Әлеуметтік, тұрғын үй және инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жоспарлар тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындардың өндірістік сыйымдылығына байланысты халықтың перспективалы санына қарай моноқалаларды дамыту, жаңғырту және оңтайландыру жөніндегі шараларды қамтуы тиіс.

       Екінші бағыт: Экономиканы әртараптандыру және моноқалалардың жұмыспен қамтылғандарының оңтайлы құрылымын қамтамасыз ету үшін шағын және орта бизнесті дамыту.
      Бағдарламаны іске асырудың осы бағыты шеңберінде мынадай іс-шаралар көзделеді:
      1. Моноқалалардың экономикасын ұзақ мерзімді әртараптандыру үшін «зәкірлік» инвестициялық жобаларды іске асыру
      Жергілікті атқарушы органдар индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органмен бірлесе отырып, әрбір моноқалада іске асыру үшін 1-3 «зәкірлі» инвестициялық жобаны іріктейтін болады.
      Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары (бұдан әрі – ӘКК) компанияның ерекшеліктерін, жобаның қаржы-экономикалық және өндірістік орындылығын негізге ала отырып, моноқалаларда «зәкірлік» инвестициялық жобаларды іске асыру үшін құрылатын ұйымдардың жарғылық капиталына кіру мүмкіндігін қарайтын болады.
      Бұл ретте ӘКК-тардың моноқалалардағы осы жобаларға қатысуы үшін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында айқындалған тәртіпте ӘКК-нің жарғылық капиталын ұлғайту жүргізіледі.
      «Зәкірлік» инвестициялық жобаларды мемлекеттік қолдау қолданыстағы кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары («Бизнестің жол картасы 2020», «Өнімділік 2020» және басқа да салалық бағдарламалар) шеңберінде жүзеге асырылады.
      Шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын іске асыруды мемлекеттік қолдау осы бағыттың 6-шы кіші бөлімінде көрсетілген шараларды көрсету жолымен жүзеге асырылады.
      2. Ұлттық холдингтердің моноқалаларда, олардың ерекшелігін ескере отырып, қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарды орналастыруы.
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ компанияның ерекшеліктерін, жобаның қаржы-экономикалық және өндірістік орындылығын негізге ала отырып, моноқалалардағы инвестициялық жобаларды ықтимал іске асыру бойынша шаралар қабылдайтын болады.
      3. Қала құраушы кәсіпорындардың моноқалаларды, олардың ерекшелігін ескере отырып, қосалқы және қызмет көрсету өндірістерін, тапсырыстарды орналастыруы.
      Жергілікті атқарушы органдар қала құраушы кәсіпорындармен бірлесе отырып, әрбір моноқалада кемінде бір инвестициялық жобаны іске асыру жөніндегі шараларды оның мамандандырылуына сәйкес қабылдайтын болады.
      4. Моноқалаларда бұрынғы мамандандыруды қалпына келтіру.
      Бұл шаралар мыналар арқылы іске асырылады:
      1) Қаратау және Жаңатас қалаларында «Еврохим» АҚ тәжірибесінің мысалында қолданыстағы мамандандыруды жаңғырту үшін стратегиялық инвесторды тарту;
      Бағдарлама шеңберінде стратегиялық инвесторды тарту үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Инвестицияларды тарту жөніндегі ұлттық жоспар шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсету шараларын қабылдайтын болады.
      Бұдан басқа төмен және орташа әлеуетті моноқалаларда инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асырушы заңды тұлғаларға газға, электр энергиясына кететін шығындардың орнын толтыру немесе бір бөлігін төлеу, жер учаскесін сатып алу және ғимараттар, имараттар (құрылыс) сатып алу жолымен өнеркәсіптік жеңілдіктер ұсынылатын болады.
      Сонымен қатар, пайдалы қазбалардың өңделетін кен орнын шектеулі пайдалану мерзімі бар кәсіпорындарға уәкілетті органмен тікелей келіссөздер негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру мүмкіндіктері қарастырылатын болады.
      2) моноқалаларға жақын орналасқан перспективалы пайдалы кен орындарын, «Казгеология» ҰК» АҚ-ның немесе кәсіпорындардың шикізат базасын ұлғайтуға мүдделі жеке инвесторлардың қатысуымен, оларды толығымен барлау шараларын айқындай отырып, анықтау.
      5. «Тұйыққа тірелу» проблемаларын шешу және моноқалалардың транзиттік әлеуетін дамыту.
      Жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-мен бірлесе отырып, тұйыққа тірелу проблемасын шешу үшін көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша шаралар қабылдайтын болады.
      6. Моноқалаларда шағын және орта бизнесті дамыту.
      Моноқалаларды шағын және орта кәсіпкерлікті жандандыру үшін мынадай қосымша шаралар қабылданатын болады:
      1) салалық шектеулерсіз кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау және төмен және орташа әлеуетті моноқалалар үшін кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау мөлшерлерін ұлғайту;
      2) өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;
      3) жаңа өндірістер құруға 1,5-тен 3 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде гранттар беру;
      4) шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша әріптестік бағдарламаларын (қала құраушы кәсіпорындары бар мемлекет) іске асыру;
      5) микрокредиттік ұйымдары бар бизнес-инкубаторлар құру;
      6) кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру;
      7) өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және аз қамтамасыз етілген тұрғындарға кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.
      Бұл ретте мемлекеттік қолдаудың жоғарыда көрсетілген қосымша шаралары:
      тау-кен саласының кәсіпорындарына;
      минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1514 қаулысына сәйкес мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындарына;
      құрылтайшылары ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға тиесілі ұйымдар болып табылатын заңды тұлғалар, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген заңды тұлғаларға;
      акциздік тауарлар шығаруды көздейтін жобаларға көрсетілмейді.
      Кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау шарттары.
      Екінші деңгейдегі банктердің және/немесе өзге қаржы ұйымдарының кредиттер/лизингтік операциялар бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау төмен және орташа әлеуетті моноқалаларды кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жаңа кредиттер бойынша жүзеге асырылады.
      Жаңа кредиттерге 2012 жылдың 1 шілдесінен бастап банктермен берілген кредиттер жатады.
      Субсидиялауға қарыздарды қайта қаржыландыруға/қаржылық лизинг шарттарына бағытталған 2012 жылғы 1 шілдеден кейін алынған Бағдарламаның критерийлеріне сәйкес кредиттер жатады.
      Субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға, кредит сомасынан 30% аспайтын негізгі қаражатты сатып алуға және/немесе жаңғыртуға және/немесе өндірісті кеңейтуге берілетін кредит шеңберінде жүзеге асырылатын қаражат айналымын қаржыландыру жағдайларын қоспағанда, берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылмайды.
      Кредиттің сомасы – 750 млн. теңгеге дейін.
      Кредиттің мерзімі – 10 жылға дейін.
      Субсидиялау мерзімі ұзарту мүмкіндігімен бірге 3 жылды құрайды. Пайыздық ставканы субсидиялау тиісті сыйақы ставкасы 14%-дан аспайтын кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін, бұл ретте 10%-н мемлекет өтейді.
      Жобаларды субсидиялау туралы шешімді өңірлік үйлестіру кеңестері (бұдан әрі - ӨҮК) қабылдайтын болады.
      Бұдан басқа, моноқалалардағы жеке кәсіпкерлік субъектісіне бағдарламаның барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.
      Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту шарттары:
      Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жетпейтін инфрақұрылымды жақындатудан тұрады және өндірістерді жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған жобалар үшін, сондай-ақ жекелеген жобалар үшін де әрі өнеркәсіп алаңдарды ұйымдастыру шеңберінде де жүзеге асырылуы мүмкін.
      Қаражат бөлу тек мынадай инфрақұрылым құрылысы мен реконструкциясына бағытталуы мүмкін: жолдар, су бөлу, газдандыру, су тартқыш, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, өнеркәсіп алаңдарына арналған қазандықтардың құрылысы мен реконструкциясы, су құбырлары, теміржол тұйықтары, телефон орнату, кіші электр станциялары, электр тарату желілері.
      Өндірістік инфрақұрылымды дамытуға қаражат бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
      Жеткіліксіз инфрақұрылымды жеткізу бірнеше жобаларды қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкін.
      Инфрақұрылым құрылысы (реконструкциясы) жеке жоба үшін инфрақұрылымды жақындатқан жағдайда жоба құнының 50 %-ынан аспауы тиіс.
      Жаңа өндірістер құруға 1,5-тен 3 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде гранттар беру шарттары:
      Бағдарлама шеңберіндегі гранттың ең жоғары сомасы бір кәсіпкер үшін 3,0 млн. теңгеден аспайды.
      Грант қаражатын нысаналы гранттар ұсынуда кәсіпкерлерді іріктеу бойынша өткізілген конкурстардың қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – үйлестіруші) арқылы мемлекет ұсынатын болады.
      Республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат моноқалалар бойынша жекелеген квоталарды айқындай отырып жергілікті бюджеттерге жіберілетін болады.
      Конкурсты өткізу үшін үйлестірушілер гранттарын ұсынуға үміткер әрбір моноқаладағы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін іріктеу бойынша конкурстық комиссия құрады және оның құрамын бекітеді. Конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары: кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың бірдейлігі, ұсынылатын құжаттардың жан-жақтылығы мен оларды зерттеулердің толықтығы, қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады.
      Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қараған кезде кәсіпкердің бизнес-жобасын бағалаудың мынадай критерийлерінің негізінде ұсынымдар береді:
      1) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);
      2) бизнес-жобаның енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, кәсіпкерді, өткізу нарығын орналастыру үшін орын-жайдың болуы, өндірістерді іске қосу үшін жобаның дайын болу деңгейі).
      Бизнес-жобаның міндетті шарты кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру шығыстарын ұсынылатын Грант көлемінің кем дегенде 20%-ы мөлшерінде қоса қаржыландыру болып табылады.
      Кәсіпкерлер грант қаражатын мынадай мақсаттарға пайдалана алады:
      1) негізгі құралдар мен материалдарды сатып алу;
      2) материалдық емес активтерді сатып алу;
      3) технологияларды сатып алу;
      4) франшизаға құқықтарды сатып алу.
      Грант қаражаты Бағдарлама шеңберінде жылжымайтын мүлікті, жер учаскесін сатып алуға және жалдау ақысы ретінде пайдаланылмайды.
      Конкурстық комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және комиссия мүшелерінен тұрады. Конкурстық комиссияның құрамы атқарушы билік органдары, қоғамдық бірлестіктер өкілдерінің, салалық сарапшылардың, ғылыми-білім беру мекемелерінің, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының, қаржы агентінің міндетті түрде қатысуымен жасалады.
      Конкурстық комиссияның ұсынымдары ӨҮК-де қаралады, олар грант беру жөнінде түпкілікті шешім қабылдайтын болады.
      Моноқалаларда шағын кәсіпкерлікті дамыту бойынша әріптестік бағдарламаларын (мемлекеттің қала құраушы кәсіпорындармен) іске асыру шарттары.
      Мемлекеттің қала құраушы кәсіпорындармен әріптестік бағдарламаларын іске асыру «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-ның үлгісінде ірі компаниялардың, мемлекеттің және қаржы институттарының күш-жігерін біріктіру арқылы өңірлерде шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамыту мен қолдауға бағытталатын болады.
      Республикалық бюджеттен Бағдарлама шеңберінде мыналарды қамтитын құралдардың инвестициялық пакеті ұсынылатын болады:
      1) кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын субсидиялау;
      2) кредиттерге кепілдік беру;
      3) инфрақұрылымды жеткізу;
      4) ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау;
      5) бухгаалтерлік есеп, салықтық есептілікті жасау, ІТ-қызметтер, заң мәселелері, кедендік рәсімдер, Сапа менеджменті жүйесін енгізу мәселелері бойынша жобаларды сервистік қолдау;
      6) «Іскер байланыстар» жобасы шеңберінде квоталар ұсыну.
      Әріптестік бағдарламаларын іске асырудағы ірі компаниялардың рөлі:
      1) жергілікті өндірушілерді ұзақ мерзімді тапсырыстармен қамтамасыз етуді, моноқалалардың кәсіпорындары шығарылатын өнімдерді «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қамқор Менеджмент» ЖШС, «Казцинк» ЖШС, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «КЕGOC» АҚ, «АрселорМиталл Теміртау» АҚ, «Қазатомпром» ҰАК» АҚ, «Еуразиялық энергетикалық компаниясы» АҚ сияқты ірі кәсіпорындардың сұранымына ие өнімдер тізбесіне қосу;
      2) «келесі қайта жасауды» дамыту үшін шикізатқа квоталар ұсынуды;
      3) баламалы қызмет түрлерін дамыту жөніндегі жобаларды қолдауды білдіреді.
      Халықаралық ұйымдар:
      1) технологиялар тартуға және жабдықтар сатып алуға;
      2) оқыту бағдарламалары мен мамандандырылған тренингтерді ұйымдастыруға;
      3) консультациялар беру үшін тікелей кәсіпорындарға біліктілігі жоғары шетелдік мамандарды тартуға көмек көрсететін болады.
      Әріптестік бағдарламаларын іске асыру тетіктері:
      1) әріптестік бағдарламаларын іске асыру бойынша ірі компаниялармен бірлескен іс-қимылдар жоспарын әзірлеу;
      2) әріптестік бағдарламаларын іске асыру бойынша ірі компаниялар, жергілікті атқарушы органдар, «Даму» КДҚ» АҚ арасында өзара түсіністік пен ынтымақтас туралы меморандумдарға қол қою;
      3) кәсіпкерлердің жергілікті қауымдастықтарын құру;
      4) ірі компанияның сатып алынатын тауарлар мен қызметтер тізбесінің негізінде жергілікті ШОБ субъектілерінен сатып алу үшін пилоттық бағыттарды, жауапты тұлғалар мен өзара іс-қимыл форматын айқындауы;
      5) жергілікті ШОБ субъектілерінің өзекті тізілімін құру және жүргізу және оларды өнім түрлері бойынша бөлу;
      6) жүйе құраушы компаниялардың, әкімдіктің, «Даму» КДҚ» АҚ-ның қатысуымен моноқалалардың ШОБ субъектілерімен мерзімдік кеңестер өткізу;
      7) таңдалған пилоттық бағыттар бойынша ШОБ-тың мүдделі компаниялары есебінен әлеуетті қатысушыларды іріктеу және олар үшін мамандандырылған семинарлар мен тренингтер ұйымдастыру; бизнес-тағылымдамалар ұйымдастыру; жаңа қызмет түрін қалыпқа келтіру, бизнес-жоспар әзірлеу, технологиялар мен жабдықтар сатып алу, маркетингті және өткізулерді ұйымдастыру және т.б. мәселелер бойынша кәсіпкерлерге жеке консультациялық көмек көрсету;
      8) жергілікті ШОБ субъектілерімен ұзақ мерзімді келісімшарттар жасау;
      9) қаржыландыруды ұсына отырып, жеткіліксіз инженерлік инфрақұрылымды жеткізуге көмектесе отырып мәселелерді шешу.
      Барлық моноқалаларда микрокредит ұйымдары бар бизнес-инкубаторлар құру шарттары (ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау, старт-ап жобалар).
      Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерді қолдау үшін барлық моноқалаларда бизнес-инкубаторлар құрылатын болады.
      Бизнес-инкубаторлардың қызметі жалға орын-жайлар ұсынуды, консультациялар беруді, бизнес-жоспар әзірлеуді қоса алғанда ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге кешенді қолдау көрсетуді, шағын кредиттер ұсынуды, сервистік қызметтер көрсетуді, кәсіби қызметкерлер, әлеуетті тұтынушылар желісімен байланыс жасауды қамтитын болады. Осыған байланысты бизнес-инкубатор аумағында шағын кредит беру ұйымдары, сервистік компаниялар мен консультанттар орналасатын болады.
      «Даму» КДҚ» АҚ қызметкерлері сияқты шетелдік мамандарды да тарту арқылы халықаралық ұйымдар мен қаржы институттары бағдарламалары шеңберінде, кейіннен оларды жемісті жұмыс жасайтын халықаралық аналогтарда тағылымдамадан өткізе отырып инкубаторлар қызметкерлерін тұрақты түрде оқыту жүзеге асырылатын болады.
      Бизнес-инкубаторларды құру және дамыту үшін әріптестік бағдарламаларын іске асыру шеңберінде ірі компаниялар тартылатын болады.
      Бизнес-инкубаторлар жергілікті атқарушы органдардың қаражаты, сондай-ақ әріптестік бағдарламаларын іске асыру шеңберінде ірі компаниялардың демеушілік қаражаты есебінен құрылатын болады. Бизнес-инкубаторлардың қызметін әдіснамалық қолдау халықаралық ұйымдардың ресурстарын тарта отырып «Даму» КДҚ» АҚ арқылы жүзеге асырылатын болады.
      Әрбір моноқалада кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру шарттары.
      Кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамашылығы бар адамдарға ақпараттық-консультациялық көмек көрсету үшін моноқалаларда кәсіпкерлікті қолдау орталықтары құрылатын болады.
      Орталықтардың көрсетілетін қызметтер кешені:
      1) бизнесті ашу және жүргізу мәселелері бойынша консультациялар беруді;
      2) кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары туралы хабардар етуді;
      3) қаржы институттарымен бірге шарттарды түсіндіруді және қолдау алу үшін құжаттар жинау бойынша консультациялар беруді;
      4) құқықтық мәселелер бойынша консультациялар беруді қамтиды.
      Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары жергілікті атқарушы органдар ұсынатын қызметтерге адамдардың қолайлы қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарының орын-жайларында орналастырылатын болады.
      Кәсіпкерлікті қолдау орталықтары консультанттарының қызметтерін операторлар ұсынады, ақысы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін болады.
      Кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру операторы «Даму» КДҚ» АҚ болып табылады.
      Өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және аз қамтамасыз етілген халықтың кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу шарттары.
      Аталған бағыттың шеңберінде мемлекеттік қолдаудың келесі түрлері көрсетіледі:
      1) консультациялық қызметтерді ұсыну;
      2) оқытуға материалдық көмек көрсетуді ұсына отырып кәсіпкерлік негіздеріне ақысыз оқытуға жіберу;
      3) шағын кредиттерді ұсыну;
      4) жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.
      Шағын кредит беруге өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және аз қамтамасыз етілген халық санынан өз жұмысын ұйымдастыру немесе кеңейтуді қалайтын және мүмкіндіктері бар, моноқалаларда тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар (бұдан әрі – тұлғалар) қатысады.
      Тұлғаларға шағын кредиттер беру кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін белсенді шара болып табылады.
      Шағын кредит беру шарттары:
      Республикалық бюджеттен бюджеттік кредиті жергілікті атқарушы органға 0,01 жылдық сыйақы ставкасымен қайтарымды, шұғыл және ақылы қағидатында 5 жылға ұсынылады;
      бюджеттік кредиттің нысаналы бағыты – өз ісін ұйымдастыру және кеңейту, айналым капиталын толықтыру;
      кредит тұтыну мақсаттарына, өткен қарыздарды өтеуге және жылжымайтын тұрғын-үйді иеленуге ұсынылмайды;
      кредит ұсыну мерзімі – 5 жылдан көп емес;
      кредиттің ең жоғарғы сомасы 3,0 млн. теңгеден аспауы қажет;
      кредит бойынша соңғы қарыз алушыға, шағын кредит ұйымдарына және/немесе кредиттік бірлестіктерге негізгі қарызды өтеу бойынша кредит беру мерзімінің ұзақтылығының үштен бірінен жоғары емес жеңілдік кезеңі ұсынылуы мүмкін.
      Моноқалаларда тұратын тұлғаларға шағын кредит беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қағидаттары мен тетіктері бойынша жүзеге асырылады.
      Шағын кредит беруде және мемлекеттік қолдау көрсетуде өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және аз қамтамасыз етілген халық санынан Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандардың қатысу жағдайы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 816 қаулымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін белсенді шараларға қатысатын тұлғаларға кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесінде қарастырылған.
      Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібін, кредиттік ресурстарды іріктеу және микроқаржы ұйымдары мен кредиттік қоғамдастықтарға беру, сондай-ақ олардың бөлінген кредиттік ресурстарды мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізу шарттары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 819 қаулысымен бекітілген Микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидаты шеңберінде көзделген.

       Үшінші бағыт: Жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерден және экономикалық өсу орталықтарынан өз еркімен көшіруді ынталандыру арқылы моноқалалардың еңбек ресурстарының ұтқырлығын жоғарылату.
      Осы бағыт халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесуші белсенді шараларды іске асыру жолымен еңбек ресурстарының ұтқырлығын жоғарылату шараларын қарастырады.
      1. Моноқалалар тұрғындарын оқыту және жұмысқа орналасуларға жәрдемдесу.
      Моноқалалар тұрғындарын оқыту және жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 815 қаулысымен бекітілген өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар мен табысы аз адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаты шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
      2. Моноқалалар тұрғындарын техникалық және кәсіби білім беру салаларындағы облыс оқу мекемелерінде оқытумен қамтамасыз етуді.
      Моноқалалардағы жастарды оқыту Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылатын болады.
      Болашақта тоноқалалардың жастарын енді салынып жатқан өңіраралық кадрлар даярлау орталықтарында (Атырау, Өскемен, Екібастұз, Шымкент) оқыту, сонымен қатар моноқалалардың тұрғындарын ірі өндірістік компанияларға орналасуға нысаналы іріктеу, олардың оқу орталықтарында оқыту мәселелері пысықталатын болады.
      3. Жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына ерікті түрде көшіруге ынталандыру.
      Жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар елді мекендерге және экономикалық өсу орталықтарына көшуді ұйымдастыру кезінде мемлекеттік қолдау алуда жастар басым құқыққа ие болады.
      Өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар санынан Қазақстан Республикасы азаматтарын төмен әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар моноқалалардан жоғары әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар моноқалаларға және экономикалық өсу орталықтарына көшіру бір облыс шегінде жүзеге асыралуы мүмкін.
      Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру мәселелері жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша өңірлік комиссиялар берген өтініштер мен ұсыныстардың және Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы операторының қорытындысы негізінде азаматтарды республиканың басқа облысына көшіру жүзеге асырылуы мүмкін.
      Ерікті көшіруге мемлекеттік қолдау көрсетілетін моноқалалар тұрғындары келесі критерийлерге сәйкес келуі қажет:
      1) өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздар мен табысы аз адамдар санатына жатуы;
      2) соңғы үш жылда әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті төмен моноқалаларда тұруы.
      Бағдарламаның қатысушыларын мемлекеттік қолдау мыналарды:
      1) көшіруге субсидиялар ұсынуды;
      2) кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарында оқуды, сонымен қатар жаңа тұрғын орнында жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді;
      3) заңнамада бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасы азаматтарына қызметтік үйлер беруді;
      4) психологиялық бейімделуді қамтиды.
      Көшіруге байланысты субсидиялар көшіруге кететін шығындардың орнын толтыруды қамтиды.
      Аталған бағдарламаны іске асыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қағидаттары мен тетіктері бойынша жүзеге асырылады.
      Бағдарламаның аталған бағытында қатысу жағдайы және мемлекеттік қолдауды ұсыну Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі № 817 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамтуға жәрдемдесетін белсенді шараларға және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге қатысатын тұлғалардың ұтқырлығын жоғарылатуға жәрдемдесу ережелерінде қарастырылған.
      Сондай-ақ, облыс әкімдіктері әзірлейтін моноқалаларды дамытудың кешенді жоспарларында жүйе құрушы кәсіпорындармен бірге тұрғын үй салу қарастырылатын болады.
      Төртінші бағыт: Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санын есептей отырып дамыту.
      Моноқалалардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымы бюджеттік шығындардың тиімділігін арттыру мақсатында моноқаланың даму әлеуетінің деңгейіне байланысты ұзақ мерзімді перспективаларды ескере отырып жүзеге асырылады.
      Пилоттық және кейінгі жылдары республикалық және жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде моноқалалардағы көшелерге жарық жүргізу және абаттандыру, тұрғын-үй қорларын сақтау және қоқыстарды шығару, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою, иесіз объектілерді бұзу, қатты тұрмыстық қалдықтарды және мал көмінділерінің полигондарын жайластыру, жылыту су құбырларын, кәріз жүйелерін жөндеу, балалардың аула ойын алаңдарын орнату, қала ішілік автомобиль жолдары мен әлеуметтік объектілерді жөндеу, аулаларды, скверлерді, көшелерді жайластыру, арық желісін жөндеу бойынша шығындар қаржыландырылады.
      ВАК одан әрі дамыту бойынша шешім қабылдаған әлеуеті жоғары және орташа моноқалалар бойынша инвестициялық жобалар бюджеттік заңнамада бекітілген тәртіпте қаржыландырылады. Бұл ретте, бірінші кезектегі тәртіпте қала тыныс-тіршілігінің неғұрлым өткір мәселелері шешіледі (жылумен, сумен, электрмен, газбен жабдықтау, жолдар, апатты және тозығы жеткен тұрғын үйлерді ысыру, абаттандыру және экология), сондай ақ әлеуметтік мәдени тұрмыс объектілерін салу және қайта жаңарту. Әлеуметтік инженерлік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі жобалардың қуатын моноқаланы дамытудың құрылымы мен өндірісті одан әрі әртараптандыру және халық санының өсу немесе төмендеу серпінін есепке ала отырып ескеру керек.
      Әлеуеті жоғары және орташа моноқалалар үшін:
      1. Бекітілген нормативтерге дейін жеткізумен әлеуметтік объектілер инфрақұрылымын жаңғырту және (немесе) салу.
      Бұл ретте қолданыстағы мемлекеттік, салалық бағдарламалар шеңберінде әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін реконструкциялау және (немесе) салу іс-шаралары жүргізілетін болады, соның салдарынан бір салалы қалалар халқы әлеуметтік саладағы қол жетімді және сапалы қызметтермен қамтамасыз етіледі.
      Облыстардың әкімдіктері әзірлейтін моноқалаларды дамытудың кешенді жоспарларында кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерінің оқу-өндірістік базасының деңгейін арттыру, оның ішінде жатақханалар салу үшін қаражат көзделетін болады.
      2. Тыныс-тіршілік инфрақұрылымын халықтың оңтайлы санына қатысты реконструкциялау және (немесе) салу (сумен-, жылумен-, электрмен-, газбен жабдықтау, кәріз және телекоммуникация, жолдар, экология) көзделеді.
      Бұл үшін қаржыландыру көздерінің мүмкіндіктерімен сомалардың теңгерімділігі және құны есептелген, инвестициялауға жататын объектілері айқындалған әрбір перспективалы бір салалы қаладағы нақты жағдайлар қарастырылады.
      Сумен жабдықтау. «Ақ бұлақ» бағдарламасының критерийлеріне сәйкес іске асырылатын моноқалада шағын кәсіпкерлікті және қайта өңдеу өндірістерін, ауыл шаруашылығын дамыту үшін су ресурстарының тапшылығын азайту және моноқаланың сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілу деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар.
      Электрлендіру. Жаңа электр желілері құрылысы, электр беру желілерін реконструкциялау және жөндеу.
      Жолдар. Моноқалаларды ірі қалалармен немесе облыс орталығымен байланыстыратын жолдарды реконструкциялау, күрделі және ағымдағы жөндеу.
      Газдандыру. Газ тарату желілерінің құрылысы, сұйылтылған газбен толтыру және баллон алмастыру орталықтандырылған пункттерін техникалық жарақтандыруды арттыру.
      Моноқалаларда аварияларға, апаттарға және зілзала апаттарға қарсы тұру инфрақұрылымын дамыту. Жаңа және қазіргі бар өрт сөндіру депосына және суда құтқару станцияларына күрделі жөндеу жүргізу, ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық күшейту, инженерлік қорғау құрылыстарын салу, шаруашылық ауыз сумен және өртке қарсы сумен жабдықтауға күрделі жұмыс жүргізу.
      Әлеуеті төмен моноқалалардағы әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымның жағдайы орташа республикалық деңгейде болады.
      Моноқалаларда жөндеу және қалпына келтіру, ал жекелеген қалаларда апатты тозығы жеткен тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі іс шаралар іске асырылады.
      Мына критерийлерді ескере отырып, қаржыландыруға жобаларды іріктеу жалпы республикалық көрсеткіштерге жету мақсатында жүзеге асырылатін болады:
      1. Салу қажеттілігі туындаған әлеуметтік инженерлік инфрақұрылым объектілерінің болмауы.
      2. Моноқалада тұратын тұрғындардың өмірі мен денсаулығына әлеуетті қауіп төндіретін, сондай-ақ төтенше жағдай қаупін төндіретін әлеуметтік инженерлік инфрақұрылым объектілерінің күрделі және апаттық жағдайы.
      3. Әлеуметтік инженерлік инфрақұрылым объектілерінің болмауы/күрделі жағдайы нәтижесінде сапалы қызметтерді алмаған/толығымен алмаған тұрғындар саны.
      4. Әрбір моноқалалар бойынша Кешенді жоспарда көзделген ерекше критерийлер.

      Бағдарламаның жоғарыда аталған міндеттерін іске асыру мынадай іс қимыл алгоритміне сәйкес жүзеге асырылады:
      1. Уәкілетті органның ұсынымдары негізінде облыс әкімдіктері ұзақ мерзімді кезеңге әрбір моноқалаларды дамытудың кешенді жоспарын әзірлейді.
      2. Уәкілетті орган жанынан құрылған Жұмыс тобы кешенді жоспарларды қарайды.
      Жұмыс тобы әрбір кешенді жоспарды егжей-тегжейлі зерделейді, пысықтау бойынша ұсыныстар береді және мемлекеттік қолдау шараларын көрсету әрі кейіннен оны Өңірлік саясат мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізуі үшін инвестициялық жобаларды іріктейді.
      3. ВАК жұмыс тобының ұсыныстарын ескере отырып кешенді жоспарларды, сондай ақ ұлттық компаниялар мен даму институттары, республикалық бюджет есебінен іске асыру үшін инвестициялық жобаларды қолдайды.
      4. Іріктелген бюджеттік инвестициялық жобалар тиісті бюджетті қалыптастыруда тиісті республикалық және басым бюджеттік инвестициялардың жергілікті тізбелеріне қосылады.

1   2   3   4



Похожие:

Моноқалаларды дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №683 Қаулысы «Мемлекет  iconМоноқалаларды дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №683 Қаулысы «Мемлекет
Моноқалаларды дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы
Моноқалаларды дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №683 Қаулысы «Мемлекет  iconҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы №130 Қаулысы «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы»
Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын
Моноқалаларды дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №683 Қаулысы «Мемлекет  iconӨңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы «Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050»
«Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар...
Моноқалаларды дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №683 Қаулысы «Мемлекет  iconМоноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы
Республикасы Президентінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы №261 Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық...
Моноқалаларды дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №683 Қаулысы «Мемлекет  iconЖоба «Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде микрокредиттер беру»мемлекеттік көрсетілетін
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983, «Кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы...
Моноқалаларды дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №683 Қаулысы «Мемлекет  icon2011 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы...
Моноқалаларды дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №683 Қаулысы «Мемлекет  icon2011 2020 жылдарға арналған "Ақ бұлақ" бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 24 мамырдағы №570 Қаулысы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы»
Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы №922 Жарлығын және Қазақстан Республикасы...
Моноқалаларды дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №683 Қаулысы «Мемлекет  iconКелісу парағЫ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы жобасының атауы
«Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту...
Моноқалаларды дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №683 Қаулысы «Мемлекет  iconҚазақстан Республикасында ана мен бала денсаулығын қорғаудың 2001-2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 ж. 14 мамырдағы n 630 қаулысы
Дентінің 2000 жылғы 24 қазандағы Қазақстан халқына "Еркін, тиімді және қауіпсіз қоғамға" Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру...
Моноқалаларды дамытудың 2012 2020 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы №683 Қаулысы «Мемлекет  icon«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қызметінің 2010 жылғы қорытындылары және «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға
«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы