2013-14 оқу жылының І жартыжылдығында мектеп кітапханасының атқарған жұмысынан ақпарат icon

2013-14 оқу жылының І жартыжылдығында мектеп кітапханасының атқарған жұмысынан ақпарат



Название2013-14 оқу жылының І жартыжылдығында мектеп кітапханасының атқарған жұмысынан ақпарат
Дата конвертации09.04.2014
Размер237.05 Kb.
ТипДокументы
источник

2013-14 оқу жылының І жартыжылдығында мектеп

кітапханасының атқарған жұмысынан ақпарат

Мектеп кітапханасының өз ерекшелігі мен өзгешілігі бар. Кітапхана жалпы кітапханалық қағидаларын ескере отырып, қазіргі заманғы мектептің оқу- тәрбие процесінің талаптарын басшылыққа алады. 


Кітапхананың негізгі көрсеткіштері

Р/с

көрсеткіштер

І жартыжылдық жоспары

орындалысы

1

Оқырмандар саны

480

482

2

Келу саны

4320

4384

3

Кітап беру саны

38100

38185



І. Жаңа технологияны пайдалана отырып кітапхана оқырмандарының кітап оқу, кітапқа қызығушылығын арттыру мақсатында атқарылған жұмыс


«Өзінің биік, таза, рухани қасиетімен кітап – мәдениет пен руханиятты қорғауда теңдесі жоқ қару болып табылады» -деп Елбасы айтқандай қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп - өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. Білімнің тұнық та мөлдір бұлағынан шәкірттерді сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, кітап оқуға баулу арқылы тағылымы мол әр түрлі формада жаңа технологияларды пайдаланып өткізілген іс- шаралар: Еліміздің елеулі күндеріне арналған тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылды, мысалы: «Келешектің кепілі – кемел білім», «Көкше көлінің қаламгерлері», «Өз Отанын сүю – адамшылдықтың асқар шыңы», «Тіл – достықтың дәнекері», «Экология – өмір өзегі», «Ұстазым-ұлағатым, үлгі-өнегем», «Ертегілер еліне саяхат», «Халықтың ұлы перзенті», «Келешегі кемел-Қазақстан», «Ырысты, мысты өлкем» кітап көрмелері ұйымдастырылып оқушыларға кітаппен дос болуға, көп оқып білуге, слайд арқылы тереңірек мағұлұматтар беріліп отырылды.


15.08. 2013 ж. «Ата заңымыз - болашақ бағдары» атты Қазақстан Республикасының Конституциясының 18 жыл толуына орай мектебіміздің фойесіне кітап көрмесі қойылып, мектеп оқушыларына ақпараттар берілді


29.08.2013 ж. «Конституция – мемлекеттік Тәуелсіздіктің негізі» атты интеллектуалды шолу сағаты өткізілді.


27.08.2013ж. «Конституция – халқымыздың бакуатты да лайықты өмірінің кепілі» атты ақпараттық сағат төменгі сыныптармен өткізілді.


02.09.13ж. Мектебімізде «Қазақстан -2050» Стратегиясы: бір халық, бір ел, бір тағдыр» атты барлық сыныптар арасында тәрбие сағаттары өткізіліп, мектеп кітапханасы білім күніне арналған тәрбие сағаттарына қатысып ақпараттық шолу жасады.

08.09.2013ж. Елбасымыздың бастамасымен елімізде алғаш рет Отбасы күні атап өтілді. Айтулы мереке қарсаңында кітапханада «Отбасылық құндылық – мемлекеттік мүдде» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, балқаштық үлгілі отбасы жайында ақпарат берілді.

13.09.13ж. Балқаш қаласына 76 жыл толуына орай қала тарихы, еңбек ардагерлері жайлы, ақын жазушыларына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

^ 16-23 қыркүйек аралығында «Тіл-достықтың алтын көпірі» атты Республикалық Тілдер күніне арналған және қаламыздың 76 жылдық мерекесіне арналған мектебімізде апталық өткізіліп, кітапхананың ұйымдастыруымен «Тіл-достықтың алтын көпірі» атты үлкен кітап көрмесінде ана тіліміздің әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен тазалығы, сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алған тілдердің бірі және үш тілді меңгеру – заман талабы екендігі жөнінде айтып өтті.

3-4сыныптар арасында «Сүйемін туған қалам-Балқашымды» атты тақырыпта эсселер байқауы өткізілді.

16.10.13ж. XX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ сөз өнері тарихына прозалық, драматургиялық туындыларымен елеулі үлес қосқан көрнекті қаламгер жазушы-драматург Т. Ахтановқа арнап оқырман конференциясы Т.Ахтановтың өз аузынан жазылып алынған шығармаларын бейнефильм арқылы көрсетілді.

25.10.13. Қалалық деңгейде Абылайханның 300 жылдығына арналған «Абылайхан дәуірі – қазақтың қайта бір тұтасқан дәуірі» атты тарихи әдеби-сазды танымдық қойылым мәжіліс залында қойылды. Абылайханға арналған бейнефильм көрсетіліп, кітап көрмесі қойылып оқушылардың тарихи көркем шығармаға қызығушылығы артырып 15 оқушы кітапханаға жаңадан жазылды.

^ 30.10.13ж. «Балалармен жарасқандай қадамы, жырыменен әлдидеген баланы» балалар ақыны М.Әлімбаевқа 90 жас толуына орай 7А, 7Ә сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өткізілді. Слайд арқылы оқушыларға баланың тілімен сөйлейтін ақын атамыздың өмір жолдарын, өз аузынан естіп, жырларын тыңдады.

2.11.13ж. Республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында өткізілген Ф.Оңғарсынованың «Дауа» жыр жинағына арналған «Жас өркен» баспасөз орталығының ұйымдастыруымен поэзия сағаты өтті. Мектебіміздің ақынжанды оқушылары ақын апамыздың жырларын нақышына келтіріп орындады. Олар: Таңат Б.7А Балықбаев Е6А, Алмұрат А.6А, Майкенбек А.7Б, З.Серікұлы 8В айтуға болады.

7.11.13ж. Ерлік залында Қазақстан Республикасының №1 Халық қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армия генералы С. Нұрмағамбетовты еске алуға арналған тарихи- танымдық сағат өткізілді.

^ 14.11.13ж. «Нашақорлық қоғамдық дерт» , «Салауатты Қазақстан – болашақтың берік діңгегі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

25.11.13ж.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай №15 жалпы білім беретін орта мектебінде Елбасының «^ ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ» атты кітабы бойынша әр мектептің 10 сынып оқушылары және тарих пәнінің мұғалімдерінің қатысуымен диалогтық алаң өткізілді. Қатысқан оқушылар кітап жайлы ой бөлісті. Оған «Нұр Отан» партиясының Балқаш қаласы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.М.Секербекова, «Балқаш қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысының орынбасары А.К.Куанышбаев, әдіскер Г.Б.Әсемханова және мектеп директоры Қ.Ш. Дүбірбекова қатысып жүргізіп, «Халықтың ұлы перзенті» кітап көрмесімен танысты.

Мектебіміздің көшбасшы оқушылары модератор болып, қала мектептерінен келген оқушылардың кітап барысындағы ой-пікірлерімен бөлісу үшін сұрақтар қойып, ашық диалогтық алаңға шақырды.

Ашық диалогтық алаңды жүргізуде 10 А сынып оқушысы К.Нұрасыл өзінің саяи сауаттылығын, кітапты оқу барысындағы ойларын жүйелеп отырды.

Мектепішілік «Жас өркен» баспасөз орталығы тілшілері келген қонақтардан сүбелі сұхбаттар алды.

27.11.13ж. 27 қазан 2013 жылы мектеп кітапханасында 5Г сынып жетекшісі Қордабаева А.А. сынып оқушыларымен Елбасы күніне орай «Днепрде қонған бақ» атты тәрбие сағаты өтті. Оқушылар Елбасына арналған өз шығармаларын оқып «Егер мен Президент болсам...»-деген тақырыпта өздерінің ойларын ортаға салып, күйден шашу шашты. «Таңшуақ» шағын орталығының ортаңғы топ бүлдіршіндері кітапханаға саяхат жасап, «Халықтың ұлы перзенті» атты кітап көрмесімен танысып, дайындап келген тақпақтарын айтты.

30 қараша күні Тұңғыш Президенті күні мерекесене арналған жерлес журналист-жазушы Айтбай Сәулебектегінің «Елбасының алтын бесігі» атты кітабы бойынша Үшқоңырдан ұшқан тас түлек, Днепрде қонған бақ, Қазақстан магниткасы, Теміртау тарландары бөлімдеріне арналған 8сынып оқушылары арасында мектепішілік «Жас өркен» баспасөз орталығының ұйымдастыруымен интеллектуалды ойын өткізілді. Ойын төрт кезеңмен өтті. Әділқазылардың шешімімен жеңіске жеткен оқушылар:

ІІІ орын Өзбеков Батырхан 8Ә сынып оқушысы,

ІІ орын Әсет Қызғалдақ 8Б сынып оқушысы,

І орын Қабдуахит Дарын 8А сынып оқушысы


7.12.13ж. Мектеп кітапханасы және қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі А.Ибрайбекованың ұйымдастыруымен "Рухани - ізгілікті педагогика" мектебі аясында “Жүректен шыққан сөз – жүрекке жетеді” атты 5 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу сайысы өтті. Оқушылар таза сөйлеу мәдениетін ұғына отырып тілге деген құрметтерін жыр жолдары арқылы жеткізе білді және оқып келген кітаптары бойынша ой бөлісті.

Сайыс қорытындысы бойынша:

5а Қасенханова Нұрай А.Құнанбаев «Қыс» ІІІ орын

5г Серік Алмас А.Құнанбаев «Өлен- сөздің патшасы» ІІІ орын

5б Қалқаманова Аружан М.Мақатаев «Үш бақытым» ІІ орын

5б Сапар Еркебұлан Ғ.Қайырбеков «Ана тілі» І орын

12.12.13ж. Тәуелсіздік күніне орай және мектебімізге 5 жыл толуына байланысты «Мектебім – мөлдір бұлағым, Тәуелсіздік – жыр әнім!» атты ата-аналарға арналған, қонақтарға арналған мерекелік іс-шара өтті.Тәуелсіз елдің ұландары Ұлы Отан соғысында жан қиярлықпен шайқасқан батырларымыздың ерлік істерін құрметтеу мақсатында, аға ұрпақтың ерліктеріне бас иіп 2010 жылы 26 қаңтарда Ұлы Жеңістің 65жылдық мерекесіне арналып осы «Ерлік» залы ашылды.

Қан майданда Ұлы Жеңіске қалай қол жеткізгенімізді, майдан даласында ерлікпен қаза болғандарды еске сақтау, арамызда жүрген соғыс ардагерлерінің есімдерін ардақтау, құрмет көрсету бүгінгілердің парызы.

Ұлы Отан соғысындағы әр жауынгердің есімі ел тарихында алтын әріппен жазылған. Соғыстың сұрапыл жылдары бізден алыстаған сайын, біз оның ұлылығын терең сезінудеміз. Соғыс ардагерлеріне зор көңіл бөлу тұңғыш Президентіміздің жолдауларында ерекше атап көрсетілген.

14.12.13ж. 14желтоқсан күні еліміздің басты мерекесі Тәуелсіздік күніне орай мектеп кітапханасы «Желтоқсан – Тәуелсіздіктің ұлы рухы» атты тарихи-танымдық сағаты өткізді. Оған: Қазақстан Республикасының мәдениет саласының үздігі, өлкетанушы, жазушы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Сардарбекова Күләш Ыбжановна, «СССР-дің құрметті металлургі», « Еңбек Даңқы» орденінің иегері, "Балқаш қаласының құрметті азаматы, ектебіміздің ата-анасы Оспанов Жолдаспай аға,Қаламыздың әдеби өміріне еңбегі сіңіп жүрген ақын-сазгер,«Северное прибалхашье» газетінің тілшісі Ордабаев Қанат, Қалалық білім беру бөлімінің әдіскері Әсемханова Гүлнар Базылханқызы қатысып бүгінгі ұрпаққа тағылымы мол тарихи деректерге сүйеніп желтоқсан оқиғасы жайлы әңгіме өрбітті. Қорытынды сөзбен мектебіміздің директоры Қ.Ш. Дүбірбекова, және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тарих және құқық пәні мұғалімі Б.М. Аблайханов 16желтоқсан Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

ІІ. 2013-2014 оқу жылының І жартыжылдығында мектеп мұғалімдерінің жергілікті, облыстық, республикалық басылымдарда жарық көрген мақалалары

Республикалық басылымдарда:

  1. Қ.Ш.Дүбірбекова, Н.Ғ.Жунус Болашаққа жол ашқан- мектебім мөлдір бұлағым. (Открытая школа №4. 2013. 15-19 б.)

  2. Сағдолдина М.Табиғатты сүйген баланың мейірімді болары сөзсіз. (мектеп директоры Қ.Ш.Дүбірбековамен сұхбат) (Игілік №1 01.2013ж)

  3. Жакупова А. «Әкем, шешем және мен» спорттық сайыс. (Мектептегі мерекелер №7, 2013ж.17б.)

  4. Джакупова З.А. «Разработка уроки имя существительное 4кл» (Обучение в начальной школе №6.2013г.)

  5. Жакупова А. «Талапты бала, талпынған құстай» интелектуалды ойын (Бастауыш мектеп №12.13ж.)

  6. Г.Жұманова Қ.Жұмалиевтың «Туған өлкем» шығармасы бойынша (әдебиеттік оқыту) (Бастауыш мектеп №12.13ж.)

  7. Б. Тойшыбекова«Кітаппен бірге өсеміз»(Мектептегі кітапхана №4.13ж.)

  8. Башарова Г.Т. «Табиғатты аяла да бағала» (Гүлстан №4-2013ж)

Облыстық басылымдарда:

  1. «Елбасының игі істері – ел бақыты» А.Өмірбаев 10А сынып оқушысы (Ізденіс №21. 15.12.13ж )

Жергілікті басылымдарда:

  1. Қ.Сағынтай Алғашқы қоңырау соғылды (Балқаш өңірі №.09.13)

  2. Ш. Лукпанова «Мектепке жол» мейірімділікке бастайды. (Балқаш өңірі №103-104.20.13)

  3. Б.Өзбеков 8Ә сынып оқушысы Табиғатты аяла да бағала (Балқаш өңірі №105.25.13)

  4. Е.Бақтораз Білім ордасындағы қос қуаныш (Балқаш өңірі №112-113. 11.10.13)

  5. С.Жамилов Парус ее надежды (Северноре прибалхашье №106-02.10.13)

  6. К.Ажибаев Премия от акима области (Северноре прибалхашье №110-111.11.10.13)

  7. Қ Мақсұтұлы Қаламгер жас қаламгерлерді қолдайды (Пульс №41 11.10.13ж.)

  8. Қ Мақсұтұлы Ұлы тойдан ұлағатты сый (Пульс №41 11.10.13ж.)

  9. Қ Мақсұтұлы Әкімнің сыйлығы – тағдырдың бұйрығы (Пульс №4111.10.13ж.)

  10. М.Күземхан «Ер есімі- ел есінде» (Балқаш өңірі №122. 6.11.13)

  11. А.Акчулакова Эпоха хана Аблая-эпоха единения (Пульс№44.1.11.13ж)

  12. «Жас өркен» газеті

  13. М.Күземхан «Шоқжұлдыз» фестивалі кішкентай жұлдыздарды жарқыратты (Балқаш өңірі №112-113. 11.11.13)

  14. Н.Кәрім Әнші балапан анықталды. (Балқаш өңірі №125. 13.11.13)

  15. Б.Тойшыбекова «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында «Дауа» жыр жинағы таңдалды. (Балқаш өңірі №128. 20.11.13)

  16. Қ.Ш.Дүбірбекова Егемен елдің кемеңгер басшысы. (Балқаш өңірі №132-133. 29.11.13)

  17. Н.Маратұлы Елбасы кітабы ой елегінен өтті. (Балқаш өңірі №132-133. 29.11.13)

  18. Хочется быть полезным стране (Северноре прибалхашье№130-131.29.11.13)

  19. Н. Маратұлы Ұрпағы болса айбатты, көкке шаншар байрақты. (Балқаш өңірі №135-136. 06.12.13)

  20. Е.Бақтораз Білім ордасына 5 жыл (Балқаш өңірі №140-141. 20.12.13)

  21. Е.Бақтораз Күләш атындағы вокал класы ашылды (Балқаш өңірі №140-141. 20.12.13)

  22. К.Ордабаев Первый юбилей (Северноре прибалхашье №.20.12.13)

  23. Қ.Мақсұтұлы Мектебім -мөлдір бұлағым Тәуелсіздік – жыр әнім (Пульс №5120.12.13.)

  24. К.Ордабаев Полку мастеров спорта прибыла (Северноре прибалхашье №139, 25.12.13)

  25. Б.Тойшыбекова Мәңгілік нұрдың қызметшісі (Балқаш өңірі №143-144. 27.12.13)

  26. Төлеубаева А.Т.(Мектеп өмірінен Балқаш өңірі №143-144. 27.12.13)

  27. М.Күземханов Экоштықтар табиғатты аялауға шақырады (Балқаш өңірі №143-144. 27.12.13)

  28. Ш.Сатенова Светом знаний озоряет (Северноре прибалхашье №140-141.27.12.13)


ІІІ. Қазақстан халқының халықтар бірлігі Ассамблеясының стретегиялық жоспарын орындалуы мақсатында өткізілген шаралар

Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жанғыруы мен дамуын қамтамасыз етіп, өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру. Бірлік пен ынтымаққа бастайтын жарқын жол – ұлттар достығы. Көреген Ұлт Көшбасшысының ұлы мақсатқа қол жеткізу бұл «Қазақстан-2050» Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» атты 3А,3Ә,4Б,5Ә сынып оқушыларымен тәрбие сағаты өткізілді. «Тіл-достықтың алтын көпірі» атты Республикалық Тілдер күніне арналған және қаламыздың 76 жылдық мерекесіне арналған мектебімізде апталық өткізіліп, кітапхананың ұйымдастыруымен «Тілдостықтың дәнекері» атты үлкен кітап көрмесінде ана тіліміздің әлемдегі тілдер арасынан көркемдігі мен тазалығы, сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алған тілдердің бірі және үш тілді меңгеру – заман талабы екендігі жөнінде айтып өтті. 3-4сыныптар арасында «Сүйемін туған қалам-Балқашымды» атты тақырыпта эсселер байқауы өткізілді. «Ынтымақ, бірлік, келісім - ең асыл байлық ел үшін» біздің елдегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыра түсті. Кітап көрмесінде бірліктің киелі бесігі болған еліміздегі әр ұлт өкілдерінің шығармалары топтастырылған. «Ел бірлігіең асыл қасиет» атты 8-9 сынып оқушылары арасында шығармалар байқауы, 6-7 сыныптар арасында мәнерлеп оқу сайысы өткізілді. «Елдің қуаты бірлігінде» атты библиографиялық көрсеткіш жасалынды


ІV 2013-14 оқу жылында мектеп оқушыларының оқулықпен қамтылуы

Жалпы мектепте 1047 оқушы 42 сынып бар, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 19 ақпандағы №173 қаулысымен бекiтiлген бұйрығы бойынша оқулықтарды сынып жетекшілерімен келісіп мектеп бойынша аз қамтылған отбасы балаларына, жетім, көп балалы отбасы балалары толық оқулықтармен қамтылды.

06.09.2013ж. №11, №30құжаты бойынша қалалық білім бөлімінен жаңа стандарт бойынша 2,9 сыныптарға 2590 дана оқулық 1619112 теңгеге алынса, оның ішінде «Өзін-өзі тану» пәні бойынша 2,9 сыныптарға бір рет пайдаланатын-80 дана дәптерлер құны - 21680теңге, 20 электронды оқулық 24300 теңгеге, 5 сыныпқа «Арман ПВ» баспасынан Е.А. Вьюшкованың 110дана информатика оқулығы және 6-18жас аралығында жас ерекшеліктеріне арналған дене тәрбиесі пәніне арналған оқу құралы 24дана 23340-теңгеге алынып, «талап ету» қағазы бойынша тексеріп алынды. Қалалық білім бөлімінен 14 дана тегін кітап алынды.

9 сыныптардың алгебра , геометрия оқулықтары әлі алынған жоқ. 5А,Ә,Б сыныптарда әдебиет, музыка, математика, жаратылыстану, ағылшын тілі оқулықтары.4 сыныптарда бейнелеу өнері,еңбекке баулу оқулықтары, 1сыныптарда ағылшын тілі оқу кітабы, ана тілі оқулықтары жеткіліксіз. Ал әліппе кітабы мен математика оқулықтарын ата-аналар сатып берді.





оқулық аты

баспасы

жылы

данасы

құны

электрондық оқулықтар

саны

құны

2 сынып



Ана тілі Б.Т. Қабатай, С.РРахметова

Атамұра

2013

150

88500

2

2900



Әдебиеттік оқу хрестом

Атамұра

2013

150

66000









Қазақ т Г.И. Уайсова

Атамұра

2013

150

85500

2

1960



Бейнелеу өнері Н. Раупова

Атамұра

2013

150

69000

2

2900



Дүниетану К. Жүнісқызы

Атамұра

2013

150

73500

2

2900



Еңбекке баулу Т.Оралбекова

Атамұра

2013

150

70500

2

2900



Математика Т.П.Кучер

Атамұра

2013

150

88500

2

2900



Музыка М Оразалиева

Атамұра

2013

150

51000









Өзін- өзі тану А Сейтақов

Бөбек

2013

50

28900









Өзін- өзі тану А Сейтақов (дәптер)

Бөбек

2013

45

12195









Өзін- өзі тану А Сейтақов әдістемесі

Бөбек

2013

1

271







5 сынып



Информатика Е.А. Вьюшкова

АрманПВ

2013

110

82500









Информатика Е.А.Вьюшкова (әдістеме)

АрманПВ

2013

1

600







9 сынып



Адам, қоғам, құқық К Жукешов

Мектеп

2013

78

50700









Алгебра Ә.Шыныбеков













2

1960



Ағылшын тілі. Т.Аяпова

Мектеп

2013

80

76800









Биология.М.ҚГильманов

Атамұра

2013

78

59280

2

1960



География В .Усиков

Атамұра

2013

78

73320

2

1960



Информатика. Сапаргалиева Б.Х,

Арман ПВ

2013

78

57720









Қазақ тілі. Хасанов, АКасымбекова

Арман ПВ

2013

78

60060









Қазақ әдебиеті. Ч.Тұрсынғалиева,

Арман ПВ

2013

78












Қазіргі дүниежүзі тарихы Қ.Қожахметұлы

Мектеп




77

60830









Қазақстан тарихы Б.Ғ.Аяған,

Атамұра

2013

78

54600

2

1960



Русская литература Ж Салханова

Мектеп

2013

79

56880









Сызу. В.Чукалин







40

18000









Технология (ұл балал) Е .Ермилова

Мектеп

2013

4

3120









Технология (қыз балал) Е .Ермилова

Мектеп

2013

5

4150









Физика және астрономия Р .Башарұлы

Мектеп

2013

79

67150









Химия Н.Нурахметов

Мектеп

2013

78

61620









6-18 жас аралығында дене тәрбиесі пәніне арналған оқу құралы

Астана

2013

24

23340









V Ағылшын тілі пәні бойынша алынған оқулықтар, әдістемелер

29.09.2012ж. №11 құжаты бойынша қалалық білім бөлімінен жаңа стандарт бойынша авторы Дайана Хикс,Эндрю Литлджан пьюплз бук 1 және активити бук1 122 дана оқулығы мен дәптері алынды.


VІ Ұсыныс

Кітап оқу бүгінгінің талабы сондықтан мектеп кітапхана қорына қазақ әдебиеті классиктерінің шығармалары алынса, заман ағымына сәйкес жаңа технологияны меңгеру мақсатында кітапхана оқырмандары ноутбук, планшет қажет.



Похожие:

2013-14 оқу жылының І жартыжылдығында мектеп кітапханасының атқарған жұмысынан ақпарат iconШымкент қаласы білімі бөлімінің 2012 жылының 6 айында атқарған жұмыстары туралы мәлімет
Шымкент қаласында жалпы білім беретін мектептер саны 2010-2011 оқу жылында 87 болса, 2011-2012 оқу жылында 86 болды. 2011 жылы бір...
2013-14 оқу жылының І жартыжылдығында мектеп кітапханасының атқарған жұмысынан ақпарат iconОблыс бойынша білім беру саласын ақпараттандыру мақсатында біршама жұмыстар жүргізілуде. Оқу жылының басында 449 мектеп интернетке толықтай қосылған соның ішінде 311 мектеп кең жолақты Интернетке қосылды, бұл 70% құрайды
...
2013-14 оқу жылының І жартыжылдығында мектеп кітапханасының атқарған жұмысынан ақпарат iconКүршім аудандық Әділет басқармасының 2010 жылдың 1-ші жартыжылдығында атқарған жұмыстары жайлы
Ағымдағы жылдың 1- ші жартыжылдығында жеке және заңды тұлғалардан 6650 арыз түсіп, барлық арыздар қанағаттандырылды
2013-14 оқу жылының І жартыжылдығында мектеп кітапханасының атқарған жұмысынан ақпарат iconҚостанай облысы Дін істері департаментінің 2012 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған жұмысы туралы ақпарат
Конфессияаралық және этникааралық қатынастар еліміздің ішкі саясатының ең маңызды бағыттарының бірі болып табылады
2013-14 оқу жылының І жартыжылдығында мектеп кітапханасының атқарған жұмысынан ақпарат iconОт 25. 05. 2011 №268 Облыстың жалпы білім беру мекемелеріндегі 2011-2012 оқу жылының басталуы туралы
Республикасы «Білім туралы» заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы...
2013-14 оқу жылының І жартыжылдығында мектеп кітапханасының атқарған жұмысынан ақпарат iconТарбағатай аудандық білім беру бөлімінің 2011 жылдың 4 айында атқарған жұмыстарынан
Аудандық білім беру бөліміне қарасты 50 мектеп, оның ішінде 1 гимназия–интернаты, 36 орта мектеп, 2 негізгі мектеп 11 бастауыш мектеп...
2013-14 оқу жылының І жартыжылдығында мектеп кітапханасының атқарған жұмысынан ақпарат iconОқу жылының басына, адам

2013-14 оқу жылының І жартыжылдығында мектеп кітапханасының атқарған жұмысынан ақпарат iconШығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының 2011 жылы атқарған жұмысы туралы есебі
Ханасы тек оқу орталығы ғана емес, жас ұрпақты рухани-адамгершілікке тарбиелеу орталығы болып саналады. Ал көпшілік балалар үшін...
2013-14 оқу жылының І жартыжылдығында мектеп кітапханасының атқарған жұмысынан ақпарат icon2010 – 2011 оқу жылының аяқталуын ұйымдастыру жөніндегі жадуал
Күндізгі және кешкі қалыпта оқытатын барлық орта білім беретін оқу орындарындағы мектепалды, 1-11 (12) сыныптардағы сабақтар 2011...
2013-14 оқу жылының І жартыжылдығында мектеп кітапханасының атқарған жұмысынан ақпарат iconМектеп кітапханасының пайдаланудың жалпы қағидалары
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы