2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы icon

2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы



Название2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
страница7/13
Дата конвертации09.04.2014
Размер2.02 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

Физика

«Физика» пәнін 7-9 сыныптарда оқытудың мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетанымының негіздерін, танымдық қызығушылығын, сын тұрғысынан ойлауын, зияткерлік және шығармашылық қабілетін қалыптастыру, физиканың негiзгi заңдарымен танысудан, табиғаттың құбылысын зерттеуден меңгерген білімі және білігін техникада және күнделiктi өмiрде пайдалана білу.

Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу қамтамасыз етедi:

  • қазіргі заманғы әлемнің физикалық бейнесінің негізін беретін физикалық құбылыстар, ұғымдар, заңдылықтар және теориялық қорытынды туралы білімдерді, табиғаттың ғылыми таным әдістері туралы білімдерді, құбылыстарды бақылау, эксперименттік тапсырмаларды орындау, болжау және жобалауды жүзеге асыру біліктілігін меңгерту;

  • физикалық экспериментті орындау дағдысын, зерттеушілік қабiлетін, өмірлік, тәжірибеде мәні бар есептерді шешу үшін игерген білім және білігін қолдану үдерісінде танымдық қызығушылығын, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • оқу және зерттеу жұмысына жауапкершілікпен қарау, қоршаған ортаны қорғау және табиғат құндылықтарын тиімді пайдалану, қоғам және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету,

  • базалық білім негізінде экономикалық және саяси, әлеуметтік, мәдени қызметтерге ат салысу дағдысына тәрбиелеу.

7-9 сыныптарда «Физика» пәнін оқытқанда оқушылардың жас ерекшелігін, оқу үдерісінің логикасын, пәнішілік және пәнаралық байланыстарды ескере отырып тарауларды және тақырыптарды оқытудың сабақтастығы сақталуын ескеру қажет.

Теориялық мәліметтерді зерттеуге және білім алушылардың практикалық дағдысын қалыптастыруға уақытты тиімді бөлу маңызды. Уақыттың
30% жуығын көрсетілім, практикалық және лабораториялық жұмыстарды орындауға бөлу керек. Оқушылардың білімiн тексеру үшін уақыттың 10% қарастырылуы тиіс.

Оқу процесiн ұйымдастыру, оқу процесiн ұйымдастырудың әр түрін пайдалану, қазiргi оқыту әдiстерін және педагогикалық технологияларды енгiзу және жергiлiктi жердің жағдайын ескеруге (5% ) оқу уақытының бос қорынан 10 сағат көлемiнде уақыт бөлінуі есерілуі тиіс.

7-9-сыныптарға арналған «Физика» пәнінің базалық оқу материалының мазмұны оқушылардың негізгі игерген білімдерін тәжірибеде көбірек қолдануға бағытталған және қазіргі қоғамда өмірлік жағдаяттарға бейімделуге негізделеді.

7-сыныпта физикалық терминдерге ерекше назар аударылады. Масса және тығыздық ұғымы шаманың мөлшері ретінде «Заттың құрылысы» бөлімінен бастап оқытылады.

8-сыныпта «Магнит өрісі» тақырыбы «Электр тогының магниттік әсері» ретінде қарастырылады.

11-сыныпта электромагниттiк толқындар және тербелiстерді оқығанда «Тербелістер және толқындар» тақырыбын қарастырмайды сондықтан 9-сыныпта тақырыптар жүйеленіп беріледі.

7-9-сыныптарға арналған «Физика» пәні оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп олардың жаңа контексте игерген білімдерін қолдануға және даму үдерісінің жаһандануы, табиғаттың физикалық заңдылықтарының мәнiн аша отырып практикалық жұмыстарды орындауына кеңінен мүмкiндiк туғызады.

Практикалық бағытта оқытуды жүзеге асыру үшін 7-сыныпта
8 лабораториялық жұмыс, 12 практикалық жұмыс, 4 бақылау жұмысы;
8-сыныпта 11лабораториялық жұмыс, 6 практикалық жұмыс, 4 бақылау жұмысы; 9-сыныпта 4лабораториялық жұмыс, 6 практикалық жұмыс, 6 бақылау жұмысы және 8 лабораториялық практикум өткізілу қарастырылады.

Оқу жүктемесінің көлемі:

7-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат;

8-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат;

9-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат.


Химия

Химия пәні мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарына сай жалпы, бейорганикалық және органикалық химия салалары бойынша оқушыларда базалық білім қалыптастыруға, табиғаттағы, адам өміріндегі, қоғамдық-экономикалық дамудағы химия ғылымы мен өндірісінің рөлін түсіндіруге, қоршаған әлемге ғылыми көзқарас, экологиялық мәдениет, әлеуметтік маңызды құндылықтар қалыптастыруға міндетті.

Оқушыларға химия пәні бойынша тиянақты білім беру үшін химия білімін дамытудың қазіргі төмендегідей басымдылықтарына назар аудару керек:

- оқытудың жүйелілік-іс-әрекеттік сипаты, теория мен практиканың сабақтастығы, өмірмен, жаңа технологиялардың енгізілуімен және елдің индустриалдық-экономикалық даму мәселелерімен байланыстылығы;

-химиялық тәжірибелер жасау және өзіндік білім алу іс-әрекеттері үлесінің артуы негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту басымдылығы;

-білім мазмұнындағы қазақстандық компоненттің және өңірлік даму элементерінің кеңейтілуі;

-білім мазмұнының ізгілендірілуі, экологиялық сипатының артуы негізінде білімнің дүниетанымдық мәні мен тәрбиелеушілік әлеуетінің күшейтілуі;

- білім мазмұнының тұтастығы, басқа жаратылыстану пәндерімен интеграциялануы мен жүйелілігінің артуы;

- оқу барысында оқушылардың өзіндік білім алу дағдыларын дамыту, оқу үдерісінің жобалау-зерттеу, шығармашылық сипатының артуы;

Химия пәнінің мазмұны инвариантты және вариативті бөліктерден тұрады. Оқу жоспарының инварианттық бөлімі мемлекеттік міндетті білім мазмұнын игеруді, ал вариативті бөлімі оқушылардың таңдауы бойынша қызығушылықтары мен икемділігіне қарай білім-білік алуын қамтамасыз етуге бағытталады.

Білім беру үдерісінде жоғары сапалы химия сабағын ұйымдастыруға қойылатын төмендегі жалпы талаптарға назар аудару керек:

- сабақта ғылымилық, көрнекілік, қолжетімділік дидактикалық ұстанымдарды оңтайлы арақатынаста жүзеге асыру;

- оқу материалының өмірмен, оқушының практикалық қызметі мен іс-әрекетімен байланыстылығын, химиялық заттарды, материалдарды қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, қолдану мәдениетін қалыптастыру;

- сабақты оқу материалдарын орнықты меңгеруге ықпал ететін тартымды, теориялық және эксперименттік қызықты фактілерді және әдіс-тәсілдерді қолдана отырып түрлендіру;

- сабақ мазмұны мен түрін жоспарлауда оның химия бойынша жалаң мағлұматтарды игертугеемес, адами құндылықтар мен оның мүдделерін ұғынуға басымдық беру, яғни сабақты химия пәніне емес, оқушы тұлғасының мүдделеріне бағдарлау;

- оқытудың ақпараттық-коммуникациялық, мультимедиялық құралдарын ұтымды пайдалану.

Оқу үдерісі «Кабинет паспорты», «Техника қауіпсіздігі ережелері», «Техника қауіпсіздігі журналы», қышқылдар, сілтілер, органикалық заттар, жылыту құралдары, шынылармен жұмыс істеуге арналған нұсқаулық карточкалар, сонымен қатар химиялық реактивтер (сақталу тобы бойынша), зертханалық және демонстрациялық құралдар, баспа құралдары, мультимедиалық құралдар мен электрондық оқулықтар және басқа да оқыту құралдарымен жабдықталған кабинетте жүзеге асырылады. «Прекурстар тізбесіне» (калий перманганаты, күкірт және тұз қышқылдары және т.б.) енетін заттарды қолдануға тыйым салынады.

Химия бойынша жазбаша орындалатын үйрету мақсатындағы жұмыс түрлеріне тапсырмалар, тестер, есептер, презентациялар, конспект- жоспарлар, тірек сызбалар, талдамалық және қорытындылаушы кестелер, зертханалық тәжірибелер, практикалық және бақылау жұмыстары жатады.

 Үйрету мақсатындағы жұмыстардың түрін, мазмұнын және көлемін оқу бағдарламасы, сонымен қатар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары талаптарын ескере отырып, оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдартағы тапсырмалар негізінде мұғалім анықтайды.

Білім алушыларда 3 дәптер болуы тиіс (сынып, үй тапсырмалары және зертханалық тәжірибелер үшін дәптер; практикалық жұмысқа арналған дәптер және бақылау жұмыстары дәптері).

Сынып журналына барлық демонстрациялық және зертханалық тәжірибелер оқып отырған тақырыппен бірге жазылады (Оттегін алу, №3 дем., №4 зертх.) және мұғалім оқушылардың жұмыстарын таңдауы бойынша тексеріп, бағалайды. Барлық оқушылардың тәжірибелік жұмыстары (№ … пр.ж. «Тақырып») мен бақылау жұмыстары (№ …бақылау жұмысы) толық бағаланып, журналға жазылады.

Үйрету мақсатындағы жұмыс дәптеріне оқушылар сабақ бойынша бақылау жұмысы аясында алынатын өздік жұмыстары нәтижелерін, ал бақылау жұмысы дәптеріне тақырыптық бақылау мен тест жұмыстары аясында алынатын өздік жұмыстарын көрсетуіне болады.

Практикалық және бақылау жұмыстарын арналған дәптерлер оқу жылы көлемінде сақталады және олар оқушылардың сол жұмыстары орындауы үшін беріліп отырады.

Бақылау жұмыстары бойынша талдау жұмыстарын оқушылар бақылау жұмысынан кейінгі сабақта (сынып журналына жазылмайды) орындайды, сонымен қатар практикалық жұмыстарды талдау мұғалімнің қалауы бойынша және қажеттілігіне қарай үйрету жқмыстарынан кейін сәйкес дәптерге орындалады.

Білім алушылардың зерттеушілік мәдениеті мен танымдық-ойлау белсенділігін дамыту мақсатында белгілі бір тарауды аяқтаған соң кіші жобаларды қорғау, шығармашылық жұмыстар байқауы сияқты қорытындылаушы дәстүрден тыс сабақтарды жүйелі түрде өткізіп отыру қажет.

Алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын дамыту үшін зертханалық тәжірибелер мен демонстрациялық жұмыстарды орындауда бейне тәжірибелермен мультимедиалық құралдарды қолдану тиімді.

Химия пәні бойынша оқу арнайы жабдықталған, химиялық реактивтермен, препараттармен, құралдармен және керек-жарақтармен, зертханалық және көрнекілік, баспа, мультимедиалық құралдармен, электрондық оқулықтармен, диафильм, кино- және бейнефильмдермен қамтамасыз етілген кабинетте жүзеге асырылады.

Оқытудың мақсаты: қоршаған әлем туралы химиялық білім мен жаратылыстануғылыми түсініктердің біртұтас жүйесін қалыптастыру, талдау қабілеті бар, функционалды сауатты және шығармашыл тұрғыда ойлай алатын және өз білімін практикада қолдана алатын оқушы тұлғасын дамыту,оның туған өлкеге және қоршаған ортаға экологиялық-гуманистік қарым-қатынасты тәрбиелеуболып табылады.

Оқыту міндеттері:

1) әлемнің химиялық жаратылыстану-ғылыми көрінісі туралы білімді меңгерту және олардың функцияларын (танымдық, кіріктірілген, түсіндірмелі, болжау) қолдану;

2) заттардың құрамы, құрылысы, қасиеттері мен қолдану арасындағы себеп-салдарлы байланыстарды анықтау;

3) химиялық терминологияны, химиялық элементтердің таңбаларын, заттардың формулаларын сауатты түрде пайдалану білігін қалыптастыру;

4) заттарды танудың химиялық әдістерін меңгеру;

5) заттардың сандық және сапалық құрамын анықтауда және олардың қасиеттерін зерттеуде реактивтер, қыздыру құрылғыларымен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтай отырып, химиялық тәжірибелер жүргізудің әмбебап дағдылары мен зерттеу біліктіліктерін дамыту;

6) адамзаттың экологиялық, азық-түлік, өндірістік, энергетикалық мәселелерді шешудегі химияның өскелең мәні мен гуманистік бағыттағы рөлін ашу;

7) өмірлік және экологиялық мәселелерді шешуде алған білімді пайдаланудың функционалдық қабілеттіліктерін арттыру;

8) мультимедиалық сандық білім беру ресурстарын қолдану, презентация мен жобалау жұмыстарын жасауда коммуникативті-ақпараттық біліктіліктері мен дағдыларын дамыту;

9) негізгі мектепті бітірушінің ары қарай оқу бағытын таңдау дайындығы мен өз білімін жетілдіруге деген құлшынысын дамыту.

Негізгі мектептің 8-9 сыныптарындағы химия курсы оқушылардың жаңа білімді игеруі, танымдық қабілеттері мен қызығушылығын арттыру, білімін іс жүзінде қолдану қабілеттерін, яғни функционалдық сауаттылығын ұштау мақсаттарында кең қолданылуы тиіс. Химия пәнін оқытуда мұғалім мен оқушы арасындағы әріптестік қарым-қатынасты құра білуге, оқушылардың ғылыми жобаларды орындауына, практикалық сабақтар мен эксперименттік жұмыстарында өз бетімен білімі мен білігін шыңдап, алған теориялық білімін практикада, әртүрлі өмірлік жағдаяттарда қолдана білуіне үлкен маңыз беріледі. Оқытуды ұйымдастырудың жүйелік-іс-әрекеттік тәсілі шеңберінде оқушылардың өмірлік қажетті дағдылары мен функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға мүмкіндік ашатын ұтымды педагогикалық технологияларды қолданған тиімді. Түрлі технологияларды қолдану барысында оқушының өз бетінше әрекет етуін, белсенділігін, креативтілігін, оның химияға ықыласын арттыратын оқытудың проблемалық-іздестіру, интерактивтік, коммуникативтік, ойындық тәсілдері, жобалау тәсілдері тиімді болып табылады.

Мектептегі химия білімі жүйесі алдында қойылған міндеттерді орындауды оқу процесін технологияландыру және жобалау арқылы жүзеге асыруға болады.

8,9 сыныптардағы алғашқы сабақта арнайы журналға белгілей отырып Техникалық қауіпсіздік ережесі бойынша кіріспе нұсқау беру сабағы өткізіледі.

Оқу жоспарының жылжымалы бөлігі есебінен элективтік қолданбалы курстар,факультатив сабақтары өткізу ұсынылады.

Сабақтан тыс жұмыстар:

- зерттеу жобаларын дайындау және қорғау;

- олимпиадалар,конкурстер,тақырыптық кештер;

- таңдау боыйынша элективтік курстер;

- он-лайн режиміндегі конференциялар мен қашықтан жүргізілетін сабақтар, білім байқаулары;

- химиялық ғылым мен өндіріс нысандарына таным-жорықтар түрінде өткізіледі.

«Химия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

8-сыныпта барлығы 68 сағат аптасына 2 сағаттан;

9-сыныпта барлығы 68 сағат аптасына 2 сағаттан.


^ 2.4 «Адам және қоғам» білім саласы


Қазақстан тарихы

Пәнді оқытудың мақсаты – оқушылардың білімі мен дайындық деңгейін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі нақты тарихы бойынша білім беру.

Қойылған мақсаттарға сай пәнді оқытудың келесі міндеттері орындалуы тиіс:

  1. оқушыларға Қазақстан тарихы бойынша толыққанды, жүйелі білім беру;

  2. Қазақстан тарихы бойынша тарихи терминологияларды меңгерту;

  3. оқушылардың тарихи фактілер мен құбылыстарды талдап-қорыту, тарихи оқиғалардың мақсаты мен мәнін анықтай білу, оның маңызын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру;

  4. оқушыларды оқытылатын кезеңдегі ғылым мен мәдениеттің көрнекті өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы талдау жасауға дағдыландыру;

  5. оқушылардың қазақ және басқа да халықтардың мәдени мұраларына қызығушылығын қалыптастыру;

6)оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, түрлі дерек көздерінен қажетті ақпаратты іздестіру арқылы өзіндік жұмыспен айналысуына мүмкіндік беру.

Пәнді оқытуда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 шілдедегі №961 қаулысымен бекітілген Мемлекет басшысының «Қазақстанды әлеуметтік жаңғырту: жалпыға ортақ еңбек қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласында берілген тапсырмаларын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 27-тармағын басшылыққа алу керек.

Оқу жүктемесінің көлемі:

5-сыныпта аптасына – 1сағат, оқу жылында 34 сағат;

6-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат;

7-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат;

8-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат;

9-сыныпта аптасына – 2сағат, оқу жылында 68 сағат.


^ 5-сынып. «Қазақстан тарихынан әңгімелер»

Пәнді оқытуда бастапқы кезең пропедевтикалық, яғни кіріспе курс маңызды рөл атқарады. Тарихқа кіріспе ретінде берілетін бұл курстың мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктері мен психологиялық деңгейіне сәйкес болу керек.

Пропедевтикалық курстың негізгі міндеттері:

  • оқушы бойында тарих туралы қарапайым ұғымдар мен түсініктерді қалыптастыру;

  • Отан тарихына деген қызығушылықты ояту, отандық және әлемдік тарихтың маңызды оқиғаларымен және құбылыстарымен таныстыру;

  • танымдық қызметтің қарапайым тәсілдерін игеру, тарихтың жүйелі курсын қабылдау мен игеруге оқушыларды дайындау.

Бұл кіріспе курста барлық материалды жүйелі түрде сипаттау талабы қойылмайды, алайда уақыттық және логикалық бірізділік сақталуға тиісті.

Тарихтың пропедевтикалық курсын оқыту процесінде оқиғалардың хронологиясын жасау, тарихи оқиғалардың сабақтастығы мен ұзақтығын анықтау, әңгімеде қосымша материалдарды қолдану, салыстыру және ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау біліктері қалыптасады.


^ 6-сынып. «Ежелгі Қазақстан тарихы»


Негізгі орта білім деңгейінде тарихтың жүйелі курсы тарихи білім беру құрылымы мен мазмұнына сәйкес 6-сыныптан бастап оқытылады.

Ежелгі Қазақстан жеріндегі алғашқы адамдардың қоршаған ортасы, қола және ерте темір дәуіріндегі шаруашылықта, қоғамдық-мәдени өміріндегі өзгерістер, көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы, ежелгі адамдардың антропологиялық бейнесі туралы түсініктер беріледі. Оқушылар бұл сыныпта тарихи таным негіздері, негізгі ұғымдар, категориялар, тарихи үдерістің заңдары туралы түсініктерімен танысады. Оқыту барысында тарихи мәтіннің қысқаша жоспарларын жасауы, басты мәселені анықтау және тарихи картадан ертедегі адамдар мекендеген аймақтарды, олардың қоныстанған орындарын көрсете білу дағдылары қалыптасады.


^ 7-сыныпта «Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы» бойынша орта ғасыр кезеңдерінің ерекшеліктері, түркі кезеңі, қазақ жері арқылы өтетін Ұлы Жібек жолының қалалық мәдениеттің дамуына әсері менортағасырлық ұлы ғұламалар тарихы, моңғол, жоңғар шапқыншылықтарының зардаптары, біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы мен оның дербес саяси бірлестікке, орталықтанған мемлекетке айналуы туралы білім алады. Мемлекеттердің құрылуы, олардың саяси, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері туралы тақырыптарды қарастыруда ұқсас тарихи оқиғаларды салыстырып, айырмашылығын таба білу, орта ғасырлардағы қалалар мен сәулет өнері ескерткіштеріне сипаттама бере білу, көрнекті қайраткерлердің тарихтағы рөлін ашып көрсету біліктері мен дағдылары тереңдетіледі.


^ 8-сыныпта «Қазақстан тарихы» бойынша XVIII ғасырдағы Қазақстанның саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуы, қазақ-жоңғар соғыстары, Қазақстанның Ресейге қосылуы және тәуелсіздік үшін күрес, отаршылдық саясатқа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы, ХІХ ғасырдағы әкімшілік реформалар, патша өкіметінің отарлау саясатының күшеюі, жұмысшы қозғалысының басталуы, ХХ ғасырдың басындағы мәдени өмір туралы білім алады.

Бұл сыныпта оқушылардың саяси тарихтағы өзгерістерді талдауына, тарихи құбылыстар арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтауына, хронологиялық, синхронды кестелер жасауына, тұлғалар мен тарихи оқиғаларға өздігінен сипаттама бере алуына ерекше назар аударылады.


^ 9-сыныптағы «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оқушылар бірінші дүниежүзілік соғыс, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, 1917 жылғы ақпан қазан төңкерістерінің қоғамдық өмірге әкелген өзгерістері, саяси партиялардың құрылуы, Ұлттық Алашорда үкіметінің қызметі, Қазақ Кеңес мемлекетінің құрылуы, азамат соғысының негізгі оқиғалары, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан, ағарту ісі мен ғылымның дамуы, «қайта құру» мен тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан туралы жүйелі білім беріледі.

Осы сыныпта оқушыларда тарихи ақпараттарды жүйелеп іздеу, зерттеушілік, тарихи деректердің түрлерімен кешенді жұмыс жасау дағдылары қалыптасады. Тарих сабағында оқушыларды ойландыратын және өздігінен жұмыс жүргізуге ынталандыратын оқыту әдіс-тәсілдерін қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Оқушылардың өзара мағұлмат алмасу белсенділігін арттыруға, зерттеліп отырған тақырыпқа ғылыми дұрыс бағыт ұстануына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған интерактивті әдістер, жаңа педагогикалық технологиялармен қатар, тарихи анықтамалық, тапсырмалар жинағы, ғаламтор материалдары, мультимедиялық құралдар, электронды оқулықтарды кеңінен қолдану тиімді.

Жүйелі тарихи білімді меңгеру барысында оқушылар тарихи тақырыпта шығармашылық жұмыстар, жобалар, рефераттар, тарихи эсселер, шығармалар (портфель) жазуға үйренеді.


^ Дүниежүзі тарихы

Пәнді оқытудың мақсаты: оқушыларды ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі адамзат тарихындағы маңызды тарихи оқиғалармен таныстыра отырып, жүйелі білім негіздерін қалыптастыру.

Пәнді оқытудың міндеттері:

  1. оқушыларға дүниежүзi тарихы бойынша маңызды оқиғалар мен үдерiстер және олардың өзара байланысы мен хронологиялық сабақтастығы жөнiнде жүйелi бiлiмдi меңгерту;

  2. тарихи қалыптасқан мәдени, дiни және ұлттық салт-дәстүрлермен танысу барысында құндылық бағыт-бағдарды қалыптастыру;

  3. алған тарихи бiлiмiн күнделiктi өмiрде қолдана бiлу дағдысын қалыптастыру;

  4. оқушылардың тарихи даму заңдылықтары мен ерекшеліктерін түсіне отырып, қоғам дамуындағы өзінің бағыт-бағдарын, көзқарастары мен ұстанымдарын айқындау қабілетін дамыту;

  5. дүниежүзі халықтарының тарихын тығыз байланыста қарастыра отырып оқушыларды халықтар арасындағы өзара түсінушілікке, бір-біріне құрметпен қарауға, толеранттылыққа, адам құқығы мен еркiндiгiн, демократиялық ұстанымдарын құрметтеуге тәрбиелеу;

  6. тарихи танымның бастапқы әдiс-тәсiлдерiн меңгерту, әртүрлi дерек көздерiмен өз бетімен жұмыс iстеуге үйрету;

  7. оқушыларды дүниежүзілік мәдени жетістіктерге құрметпен қарауға тәрбиелеу;

  8. қазіргі кезеңдегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және халықаралық проблемаларды талдауға тарихи білімін қолдана алу қабілетін жетілдіру.

Оқу жүктемесінің көлемі:

6 сыныпта аптасына – 1сағат, оқу жылында 34 сағат;

7 сыныпта аптасына – 1сағат, оқу жылында 34 сағат;

8 сыныпта аптасына – 1сағат, оқу жылында 34 сағат;

9 сыныпта аптасына – 1сағат, оқу жылында 34 сағат.


^ 6-сынып. «Ежелгі дүние тарихы»

Мектепте тарихтың жүйелі курсы тарихи білім беру құрылымы мен мазмұнына сәйкес 6-сыныптағы «Ежелгі дүние тарихы» курсынан басталады. Ежелгі мемлекеттердің тарихымен танысу барысында оқушылар табиғаттың адам өміріне ықпалы, оттың маңызы, мемлекеттердің пайда болу алғышарттары, алғашқы діни түсініктер туралы білім алу арқылы ұқсас тарихи оқиғаларды салыстыру, сипаттама бере білу, тарихи картаны оқи білу дағдылары қалыптасады.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13



Похожие:

2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы icon2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы №3 хаттама)
2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы iconОт 25. 05. 2011 №268 Облыстың жалпы білім беру мекемелеріндегі 2011-2012 оқу жылының басталуы туралы
Республикасы «Білім туралы» заңын іске асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы...
2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы iconОқу жылында қолдануға рұқсат еткен оқу басылымдарының тізбесін бекіту туралы
«6 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында 2011-2012 оқу жылында қолдануға рұқсат еткен оқу-танымдық...
2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 25 желтоқсандағы №651 бұйрығы «Білім туралы»
Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың...
2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы iconБастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруҒдің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...
2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы iconБастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...
2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы icon149 от 07. 04. 09 Қарағанды облысының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының емтихандарын өткізу және
Республикасының білім және ғылым министрлігінің 18. 03. 2009 жылғы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындары оқушыларының...
2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы icon«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Білім беру ұйымы – меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан негізгі орта, жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын...
2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы icon«Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру»
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік...
2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы icon«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруҒдің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы