Ашық тәрбие сағаты 10-11-сынып Сабақтың тақырыбы icon

Ашық тәрбие сағаты 10-11-сынып Сабақтың тақырыбы



НазваниеАшық тәрбие сағаты 10-11-сынып Сабақтың тақырыбы
Дата конвертации09.04.2014
Размер71.79 Kb.
ТипДокументы
источник


Ашық тәрбие сағаты

10-11-сынып


Сабақтың тақырыбы: Терезесі тең, керегесі кең өркениетті Қазақстан!

Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың Қазақстан туралы білімдерін кеңейту. Ел тарихын білу.

ә) Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, әсемдікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұлттық мінез, ұлттық намыс қалыптастыру.

б) Өнерге, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер, көрініс.


  1. Отан! Отан! Бәрінен биік екен. Мен сені мәңгілікке сүйіп өтем.

М. Мақатаев

2. Отанды сүю - өркениеттіліктің бірінші белгісі.
Нұрсұлтан Назарбаев

3. Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет.
Нұрсұлтан Назарбаев


Сабақтың түрі:

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі

3. Жүргізушілерге сөз беріледі ( сахнада үнтаспадан күй ойналып тұрады)


Мира: Тында жолдас,тында дала,тында ел!Сөйлеп тұрған күншығыстан жомарт өңір Қазақстан! Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке - менің елім-келбетті, нұр сәулетті Қазақстан!

Айдана: Жасыл шүйгін,кең жайлау, асау өзен, асқар тау, кербез орман, көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанға сая панамыз – Қазақстан көркем жер!

"Қазақстан" туралы видеоролик.

Сара: Бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме,бақыты мен шаттығы мол қазыналы жеріме. Қазақстан – бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан! Бір отбасы,бір туысқан бір–біріне қарасқан! Тәуелсіздік асқарынан барласаң, бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан!

Елдана: Қазақстан – бүгін міне,достықтың туын тіккен жер! Мәуелі бақтай жемісін шашты көп ұлттар, бір кісідей мандай терін төккен жер!

Мира: Бүгін міне, еңбек пенен ерлікке,байлық пенен ырысқа, әсем ән мен күйге толы, жырға толы,сырға толы менің байтақ мекенім! Бірлікке білек қосылып, жүрекке жүрек тіл қатты, ағайынды адамдай, ұғасқан көңіл тым қатты!

Айдана: Бүгін міне, өркендеуге өнеркәсіп, шалқып өсер шаруамыз. Мәдениет шешек атып, ғылымымыз өрлеуде. Байтақ Отан қол соғады дәл осындай қарқынға. Самға, самға, өс, өркенде, жайна елім, аршында!

^ Мира: Бүгін міне, қазақ халқы азат болды, орын алды тарихтың төрінен. Бақыт тапты шаттық көрді, қош айтысты сан ғасырлық шерімен!

Алтынай: Бүгін міне,азаттықтың арайлы таңы шұғыла шашты, ел мерейін асырды, егеменді ел түрлендірді, нұрландырды ғасырды!

Мира: 1990 жыл ...

24 сәуірде Қазақ ССР – інің ХII шақырылған Жоғарғы Кеңесінің I- сессиясында Н.Ә. Назарбаев республиканың алғашқы Президенті болып сайланды.

25 қазан. « Қазақ ССР –інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация заң жүзінде бекітілді. Декларация республиканың тең құқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынан басқа, алғаш рет Қаз ССР – інің егеменділік құқығы жағдайы үшін мемлекеттік - құқықтық нормаларын бекітті.

Айдана: 1991 жыл ...

1 желтоқсан республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ ССР-інің алғашқы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.

Алтынай: Елің үшін қуанғын және қайғыр,

Даңққа бөлен өзің де данадай бір.

Жаңа қаулай бастаған жапырағымды,

Аяздарға тоңдырмай аялай біл.

Тарихтың жадында даусың қалсын,

Дала өзінді жарылқап, тау шындысын.

Баста бізді бақытқа, көзіндегі

Елге деген мейірім таусылмасын!

Мира: 10 желтоқсанда Қазақ ССР Президенті Н.Ә.Назарбаев біздің мемлекетімізге Қазақстан Республикасы атауын беру туралы заңға қол қойды. Ел атауын өзгерту өмірдегі өзгерістер болып жатқан жаңа тарихи кезенде республика азаматтарының өркениетті демократиялық қоғамды тандағанын білдірді.

Айдана: 16 желтоқсан ҚР-ның Жоғарғы Кеңесі

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық занды қабылдады. Бұл заңды көп күткенді. Енді республика өз аумағында барлық билікті жүргізетін, ішкі және сыртқы саясатын өзі жүргізетін тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет құдіретін заңды тұрғыда рәсімдеді ( отырғандар шапалақ ұрады).

Иса:

Мерейім – нұрлана бер,азат Күнім,

Көрейін бақытымның азаттығын.

Тауымды тамылжытқан бостандықтан

Танылды бар әлемге қазақ бүгін.

Құттысың тәуелсіздік – киелі күн!

Құт күшім –егемендік иелігім,

Уақыттың биігінен шуақ төгіп,

Бақытым – еркіндік боп үйілер күн.

Айдана: 1992 жылдың 4 маусымы. Казақстан тарихында ұмытылмас тарихи қүн:Бұл күні Қазақстанның Жоғарғы Кенесі өз жұмысын талқылаудан бастады. Ежелден бейбітшілік, біртұтастық, сабырлылық және амандықтың белгісі – байрақ үшін көгілдір түс, елтаңба үшін мейірімділік, ізгілік белгісі - алтын түс таңдап алынды.


Сабина : Мәңгілік азат елдің Сен белгісі,

Мемлекет мерейінің сенген күші.

«Жасасын, еркін Қазақ!»-деп шаттанар,

Шалқалап сол биіктен көрген кісі.


Аяулым: Шарықта, шарла көкті көк Байрағым,

Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.

Мен сенің салтанатты сағатыңа,

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.


Анель: Ал самға әлем кезіп, Әнұраным,

Қалықта Елтаңбасы - шаңырағым.

Көк Байрақ, көгерт менің көсегемді,

Аспандат Атам қазақ Аруағын!


Мира: 1992 жылдың 29 қырқүйегі мен 3 қазаны Алматы қаласында қазақтардың бірінші дүниежүзілік құрылтайы болып өтті.

Оған Министрлер Кабинетінің «Қазақтардың бүкіл дүниежүзілік конгресін дайындау және өткізу туралы» қаулысы себеп болды. Құрылтайға Түркия ,Иран, Монғолия, АҚШ, Қытай, Германия, Англия сияқты 30-дан астам елден барлығы 700-ден аса делегаттар келді. Бұл конгресті өткізу қазақ халқының өзіндік санасының дамуы үшін маңызы зор, мәдениеті мен дәстүрлерін калпына келтіру және көтеруге ықпал етті.

Айдана: 1993 жыл. 28 қаңтарда халық депутаттары «Қазақстан Республикасының алғашқы Конституциясы туралы» Заң қабылдады. Алғашқы демократиялық Конституцияның қабылдануы - Қазақстан өміріндегі тарихи, кең көлемді жаңалық. Ол біздің ресбупликада жаңа үлгідегі қоғамның орнауына, барлық қазақстандықтардың болып жатқан өзгерістерге және егеменді Қазақстанда жаңаша өмір сүру мүмкіндігіне сенімнің нығаюына ықпал етті.

^ Мира: (сұрақ қою) 15 қарашада Қазақстан Республикасының халықаралық ұлттық валютасы - теңге енгізілді.

Айдана: (сұрақ қою) 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы ел тәуелсіздігінің бес жылдығын салтанатты түрде атап өтті.

Мира: 1997 жыл ... Жаппай қуғын –сүргін құрбандары еске алу жылы! Миллиондардың жанындағы жарақатқа шипа болып, әділетке сенімді күшейті. Озбыр билік пен тоталитарлық саяси жүйенің табиғатын мықтап танытып, демократиялық құндылықтардың маңызын жете түсінуге және қастерлей білуге көмектесті.

Елдана: Қуғын-сүргін құрбандары:

1. Әлихан Бөкейханов

2. Ахмет Байтұрсынов

3. Жақып Ақбаев

4. Әлімхан Ермеков

5. Шәкәрім Құдайбердиев

6. Мағжан Жұмабаев

7. Міржақып Дулатов

Айдана: 1998 жыл ... Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы!Өткенді еске түсіру көп уақыт көмескіленіп келген ұлттық тарихымыздың жай –жапсарына жан– жақты көз салғызды.Сол арқылы адамзат дамуының бағыт – бағдырын терең пайымдап,бүгінгі күрделі дүниедегі өз орнымызды деп басып,өз аяң – жөніндегі байыпты бағамдай білуімізге түрткі болды. Дәл осы жылы Қазақстанның астанасы Алматыдан Астанаға көшірілді.

Мира: Таңғажайып дархан да алып жеріміздің нақ ортасы кіндігі – Астана қаласы! Тәнірден тыныштық сұраған, өмірден ырыс-құт сұраған еліміздің баспанасы, түндігі сенсің, Астана!

"^ Астана" әні. Орындайтын 11 сынып оқушысы Дауылбаева Камила

Айдана: Кешегі ұрпақ бүгінгіге, бүгінгі ұрпақ болашаққа үміт артты. Елдің болашағы – тәуелсіздік тұғырының беріктігіне, өміріміздің көріктілігіне байланысты болды. Жаңа жарқ еткен дәуірде ерікті де, еркін дәурен сүру сәті туды. Ғасыр мен ғасыр, мыңжылдық пен мыңжылдық тоғысқан –2000 жыл мәдениетті қолдау жылы!

Мира: Мыңжылдықтар мен ғасырлар тоғысында біз артта қалған ғасырларға көз жіберіп, алдарына зор мақсат қоя білген, оны іске асырып қаһармандық танытқан, сол жолда тар жол тайғақ кешуден өткен ата-бабаларымыздың іс-қимылына баға беру мәртебесіне ие болдық.

^ Көрініс. Әйтеке бидің балаларға өсиеті. "Бірлікке шақыру"

Айдана: Даңғыл ... Алыс пен жақынды қосатын, бүгінгі мен болашақты жалғайтын – ұлы даңғыл. Тәуекел қайығына мініп, тәуелсіздік даңғылына түскенімізге–22 жыл толды. Басқа халықтар ғасырлар бойы өткен бұл даңғылдан біз он бес жылда өттік.

Мира : Ұзақ жылдар бойы жолында қан да, жас та, тер де төгілген тәуелсіздік – біздің халқымыз үшін аса қымбат.Себебі тәуелсіздік ата–баба рухын көтерді, сөнген мемлекетіміздің отын маздатты, елімізді қатарға қосып, әлемдік қауымға ендірді.

^ Сара: Мен жастарға сенемін.

Мәңгілік есімізде:

Қайрат Рысқұлбеков

Ләззат Асанова

Сабира Мұхаметжанова

Айдана: Тәуелсіздік – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды қаз–қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп, барша 62 тамырымызды игізіп ата-жұртын сүйдірді.

^ Назарбаев туралы видеоролик

Мира: Аз ғана уақыттың ішінде елімізді, халқымызды шар-тарап танып үлгерді. Бірде жүгіріп, бірде жығылып жүрген қазақ елі енді еңсесі биік, көңілі көтеріңкі, қадамы мығым, «Менің тірегім - байтақ Қазақстан» деп маң–маң басатын болды. Еліміз өркениетті замана ағысына қосылды. Осының бәрі Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ерен еңбегі мен қосқан үлесі емес па? Былтырғы жылдан бастап 1 желтоқсан - тұңғыш президентіміздің күні деп бүкіл қазақстан халқы бір ауыздан қабылдады. Өзінің парасаттылығымен, көшбасшылығымен, көргендігімен әлемге қазақ елін танытқан ел кемеңгері.

Гимн ойналады.

Тәрбие сағаты аяқталды.


"Балқаш қаласындағы жалпы білім беретін №24 орта мектеп" КММ


Бекітемін:

Мектеп директоры:

Қ.Ж.Ахметова


Ашық тәрбие сағаты




10-11 сыныптар


Сынып жетекшісі: Серикова Э.З.


2013-2014 оқу жылы



Похожие:

Ашық тәрбие сағаты 10-11-сынып Сабақтың тақырыбы iconСынып: 3 Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы : Құттықтау Сабақтың мақсаты
Сабақтың тақырыбы : Құттықтау Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тақырып бойынша тілдесім әрекеттерін жандандыру. Тақырыпты шынайы өмірмен...
Ашық тәрбие сағаты 10-11-сынып Сабақтың тақырыбы icon1. Сынып: 7 Сабақтың тақырыбы

Ашық тәрбие сағаты 10-11-сынып Сабақтың тақырыбы iconӨткізілетін күні: 23. Х. 2013 жыл. Сынып 7 а пән мұғалімі: Бекмаганбетова Н. С. Сабақтың тақырыбы: Paint гарфикалық редакторы Сабақтың мақсаты
Бұл бағдарламаның көмегімен қарапайым суреттен бастап, күрделі графикалық шығармаларға дейін жасауға болады
Ашық тәрбие сағаты 10-11-сынып Сабақтың тақырыбы iconСабақтың тақырыбы: Зат есім Сабақтың мақсаты
Сабақтың әдісі:" Топтастыру, " "ой қозғау" стратегиясы, сұрақ-жауап, көрнекілік
Ашық тәрбие сағаты 10-11-сынып Сабақтың тақырыбы iconСынып: 8 Күні: Сабақтың тақырыбы
Оқушылардың ойлау, білім, білік, дағдыларын,қабілеттерін, қорытындылай білуді дамыту
Ашық тәрбие сағаты 10-11-сынып Сабақтың тақырыбы iconСабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты
Байланыстыра сойлеу мәнерін, сөздік қорын молайту есте сақтау қөбілетін, танымдық дағдыларын дамыту. Апта туралы білімдерін жетілдіре...
Ашық тәрбие сағаты 10-11-сынып Сабақтың тақырыбы iconСабақтың тақырыбы: Құстар – біздің достарымыз. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Құстар туралы мәлімет беру, тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
Ашық тәрбие сағаты 10-11-сынып Сабақтың тақырыбы iconСабақтың тақырыбы: Құстар – біздің достарымыз. Сабақтың мақсаты
Сабақтың мақсаты: Құстар туралы мәлімет беру, тақырып бойынша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру
Ашық тәрбие сағаты 10-11-сынып Сабақтың тақырыбы iconСабақтың тақырыбы
Сабақтың көрнекілігі: Кестелер, дербес компьютер, интерактивті тақта, палакаттар
Ашық тәрбие сағаты 10-11-сынып Сабақтың тақырыбы iconСабақтың тақырыбы: Күз- жыл мезгілі. Сабақтың мақсаты

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы