|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ ӨНЕР (отандық, шетел және заманауи көркем мәдениет) ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 10-11 сыныптар қоғамдық-гуманитарлық бағыт Астана - 2010ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ ӨНЕР (отандық, шетел және заманауи көркем мәдениет) ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған Астана 2010Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілгенБағдарлама авторлары: М.Х Балтабаев, Қ.Қ. Болатбаев, З.Ш. Айдарова, С.Ш. Райымбергенова, Т.К.Самұратова. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Өнер» (отандық, шетел және заманауи көркем мәдениет) оқу бағдарламасы.– Астана, 2010. – 17 б. © Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы, 2010І ТҮСІНІК ХАТ Жалпы білім беретін мектептің 10-11 сыныптарына арналған өнер (отандық, шетел және қазіргі заман көркем мәдениеті) оқу пәнінің бағдарламасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген және жалпы білім беретін мектептің «Өнер» білімдік аймағында оқытылатын пәндерді қортындылап, аяқтаушы кезең болып табылады. Көркемдік іс-әрекеттер мектеп оқушыларының Әлем картинасын тұтастықта қабылдау – оны рухани-практикалық жағынан меңгерудің алғашқыларының бірі және ұзақ уақыт бойы басымдылықпен танып білудің тәсілі болып табылады. Мектептің жоғары сыныбында оқытылатын «Өнер» отандық, шетел және заманауи мәдениет оқу пәнінің маңызы оның дүниетанымдық бағыттылығымен анықталады. Оқу пәні бір жағынан, оқушылардың «Өнер» білімдік саласында оқытылатын «Музыка», «Бейнелеу өнері» пәндері бойынша оқып, игерген білімдері мен практикалық дағдыларын әрі қарай жалғастырады және пәндер жүйесін логикалық тұрғыдан аяқтайды, ал екінші жағынан мектеп бағдарламасындағы «Тарих», «Әдебиет», «Қоғамтану», «Адам және қоғам» сияқты дәстүрлі пәндердің мазмұнын оқытудың аясын кеңейтеді. Гуманитарлық білім мазмұнын интеграциялайтын жаңа пәннің пайда болуы «Мәдениеттану», «Психология, «Әлеуметтану», «Философия» және «Өнертану» мектептік циклдегі дәстүрлі пәндерден оқушылардың ойын дамытудың біртұтас, үздіксіз траекториясын құруға мүмкіндік береді. Сондықтан да өнер адам өмірінде, әсіресе оның балалық шағында аса маңызды орын алады. Бірақ Адам бойында адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу, оның тұлғасын дамытып, жетілдіру оқу үрдісінен жырақта қалып қойды. Мектеп оқушысының ойлау қабілетінің табиғи сипатын және интеллектінің абстрактылы-логикалық ұғымдық жақтарын, «сезімдік мәдениетті, сананың көкейкөзді, интуитивті-бейнелі формасын тәрбиелеуге» бағытталған өнердің негізгі қызметі толығымен іске асырылмайды. «Өнер» (отандық, шетел және әлемдік көркем мәдениет) оқу пәні – қазақ халқының көркем мәдениетінің негіздерін әлемдік көркем мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде көрсететін өзіндік құндылыққа ие пән болып табылады. ХХ ғасырдағы әлеуметтік катаклизмдер қазақтың ұлттық-мәдени сана-сезімінің айтарлықтай өзгерістерге ұшырауы, қазақ өнерінің көптеген түпкі терең тамырлы негіздерінің әлсіреуіне, әсіресе қазақ тілінің жойылуына алып келді. Қазақ халқының мәдени мұрасы, Шығыс, Батыс Еуропа және Ресейдің көркем мәдениеті –оқушыларға әлемдік көркем мәдениет жүйесі жайлы тұтас ұғым беруі қажет болатын осы курстың негізгі логикалық өзегі болып табылады. Оқу материалының тарихи тұрғыдан қарастырылуы тарихи мәдени контестегі өнер әлеміндегі көркем құбылыстарды жан-жақты талқылап, тұжырымдап қарастыруға, мәдениеттің жалпы даму заңдылықтарын ашып көрсетуге мүмкіндік береді. Бағдарламаны құрастыру ұстанымы (тарихилық, интегралды-кешенді принцип, шығармашылық әдістер және т.б.), оның мазмұны, оқытудың әдістемелік жүйесі жоғары сынып оқушысының тұлғасын және оның өнегелі нанымын, дүниеге көзқарасы мен өмірлік ұстанымы негіздерін құрайтын эстетикалық тәрбиелілігін қалыптастыру үшін әртүрлі өнер түрлерінің кешенді жиынтығының әсер етуші күшін пайдалану мақсатын қояды. Оқу пәнінің пәні адам санасының әртүрлі эволюциялық тарихи даму кезеңдерінде, оның қоршаған әлем жайлы ұғымдарының ерекшеліктерін көрсететін көркемдік мәдениет ескерткіштері, яғни сәулеттік ғимараттар, бейнелеу өнері және мүсін өнерінің, музыкалық шығармалардың үлгілері, театр және хореографиялық қойылымдардың, әдебиеттік шығармалардың және т.б. үлгілері болып табылады. Оқушыларды өз халқының, өз елінің көркем мәдениетіне араластыру – тұлға қалыптастырудың этникалық және азаматтық факторларының бірі болып табылатынын атап өту керек. Мектеп практикасында тұңғыш рет ежелгі кезеңнен қазіргі заманауи кезеңге дейінгі қалыптасқан Қазақстанның көркемдік мәдени мұраларын оқып, зерделеуге басты назар аударылады. Бұл курс мектеп оқушыларының ұлттық санасын, Қазақ еліне деген патриоттық сезімі мен мақтанышын қалыптастыруда ерекше орын алады. Бағдарламаның басты идеясы оқушылардың дүниетанымдық ой-өрісін кеңейту, олардың бойында әртүрлі өнер түрлерінің даму ерекшеліктері жайлы ұғым қалыптастыру және қоғам дамуының әртүрлі кезеңдерінде адамзаттың ойлауын өзгерту, көркем шығармашылық әрекеттер аймағында жеткен жетістіктермен таныстыру және көркемдік құндылықтармен қарым-қатынаста болу мақсатын қояды. Өнер курсы мектеп оқшыларының өнер жайлы, қоршаған орта шындығын көрсетуге қолайлы құралдар жайлы және адам өміріндегі, қоғамның дамуындағы ролі жайлы негізгі білім, біліктерін қалыптастыруға бағытталған. Сондай-ақ, рухани байлық жайлы, заманауи өнер түрлерінің жүйелік ерекшеліктері жайлы, олардың әрқайсысынан көркемдік мәнерлілік құралдарының айырмашылықтары жайлы, олардың рухани қоғам өміріндегі алар орны жайды біліктіліктерін қалыптастыруға бағытталған. «Өнер» оқу пәнін оқып-үйрену мектеп оқушыларының бойында өнер шығармаларын қабылдау үрдісінде өзінің ішкі мүмкіншіліктерін санамен ұғып, түсіну қабілеттілігін тәрбиелеуге, өз еңбегіне деген және практикалық іс-әрекеттер арқылы алған білімін қолдана білу біліктілігіне деген талап қоюдың биік критерилерін қалыптастыруға мүмкіндік береді. «Өнер» оқу пәнінің мақсаты – жоғары сынып оқушыларының рухани тұлғасын жан-жақты дамыту, оның өмірлік бағыт-бағдарын, өнегелі жағымды көзқарасын, эстетикалық тәрбиесін және өзіндік дүниетанымдық ұстанымын қалыптастыру болып табылады. «Өнер» оқу пәнінің негізгі мақсатына сай төмендегідей міндеттер іске асырылады:
Жалпы білім беретін мектептің жоғары деңгейіне арналған «Өнер» білім бағдарламасының базалық мазмұнын іріктейтін дидактикалық ұстаным қатарына мыналар жатады: ғылымилық, жүйелілік, көрсетілімділік, шығармашылық, тұлғалық-бағдарлық ұстанымы. Ғылымилық ұстанымы білім мазмұнын саралаудың басты бағдары ретінде қызмет етеді және оның ғылыми жаңалықтарға сәйкестігінен көрінеді; мектеп оқушылары оқу жағдайында және күнделікті өмірде қолдана алатын культурологиялық терминдер мен ұғымдарды меңгеруінен байқалады. Жүйелілік ұстанымы оқушылардың әртүрлі гуманитарлық циклдегі пәндер бойынша (әдебиет, тіл, тарих, география, музыка, көркем еңбек, көркем мәдениет) алған білімдерін үйлестіреді, культурологиялық білім алып, оқуға саналы түрде, бірізділікпен меңгеруге, оларды жетілдіруге бағыттайды; Көрсетілімділік ұстанымы көркем мәдениеттің, тарих пен өмірлік фактілердің бір-бірімен шарттылығына негізделген, әртүрлі иллюстрацияларды, видео-аудио материалдарының көрсетілімдерін кеңінен пайдалануды қамтамсыз етеді. Шығармашылық ұстанымы оқушылардың қабілеттіліктері мен бейімділігін ашуға ықпалдастырады және өнермен қатынас жасауда жетістіктер мен қуаныш-шаттық жағдайын туғызады. Тұлғалық-бағдарлық ұстанымы интелектуалды және практикалық іс-әрекеттерді меңгеруге бағытталған; күнделікті өмірде талап ететін, заманауи мәдениет жәдігерлерін сақтау және жеке денсаулығын сақтаудың маңыздылығын білуге қажетті білім, білік, дағдыларды меңгеруге бағытталған. Алғашқы қауымдық мәдениет үлгілерінен заманауи шығарма шығармашылық туындыларына дейінгі жолдан өте отырып, мектеп оқушысы адамның қаншалықты өзгергенін, оның бойындағы өткен ата-бабадан не сақталғанын, сонымен қатар, олардың әке-шешесі өмір сүріп жатқан ұрпақтан қандай айырмашылығы бар екендігін түсінеді. Бұл жерде өзінің жеке мұмкіншіліктері мен өзінің жеке қызығушылықтарын саналы түрде танып, білу маңызды нәтиже болмақ. «Өнер» пәнін оқып, білу өзінің іс-әрекетінің нәтижесіне деген, өзінің жалпы қоғам игілігі үшін қосқан үлесінің нәтижесіне деген талаптардың күшеюіне ықпал етеді. Оқу пәнінің дүниетанымдық сипатын ескере отырып, бағдарламада теориялық материалдарды меңгеру, көркем шығармаларды қабылдау және анализ жасау, шығармашылық тапсырмаларды оырндау жұмыстарын ендіретін көркем шығармашылық әрекетерге деген тұтас амал подход іске асырылады. Іс-әрекеттердің барлық түрі әртүрлі өнер түрлерінің көркем тілін тануға бағытталған, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық белсенділігі айқындалу барысында, олардың индивидуалды мүмкіншіліктері ашылатын шығармашылық үрдіс ретінде жүреді. Пән бойынша оқу жүктемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру мемлекеттік стандартының типтік оқу жоспарына сәйкес қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарға арналған «Өнер» оқу пәні оқу жүктемесінің көлемі: оқу жылы бойынша барлық сағат саны: 128 сағат. 10 сынып - аптасына 2 сағат – барлығы - 64 сағат; 11 сынып - аптасына 2 сағат – барлығы - 64 сағат. «Өнер» оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі Өнертану цикліндегі пәндер мазмұны әртүрлі өнер түрлерінің өзара байланысы жайлы, адамның өнер әлемімен байланысының көпқырлылығы жайлы ұғымдарды оқушылардың бойына дарытуға бағытталған. Бұл циклдегі базалық пәндер қатарына мазмұына ұлттық-мәдени аспектілерді қамтитын 1-6 сыныптағы «Музыка», «Бейнелеу өнері», 10-11 сыныптарда оқытылатын «Өнер» отандық, шетел және заманауи көркем мәдениет оқу пәндері кіреді. Жалпы орта білімнің Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде дайындалған қосымша оқу бағдарламаларын іске асыруға бағытталған. Көркемдік білім мазмұнындағы Ежелгі әлемдік көркем мәдениет пен заманауи көркем мәдениет бағыттарын оқытып, үйрету үшін және «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін әртүрлі қосымша курстарды ұсынуға болады. Мектептің вариативті бөлігі шеңберінде өнер жеке пән ретінде де, мәдениеттану компоненті бар өзге курстар құрамында да (пәндік-бағыттаушы типтегі оқыту) оқытуға болады. Сонымен қатар, өнертану сабақтарының өзге түрлерінде (тұлғалық-бағыттап оқыту) оқу жоспарынан тыс, оқушының көркемдік дамуын қамтамасыз ететін оқу материалы ретінде де жүргізуге болады. ІІ «ӨНЕР» (ОТАНДЫҚ, ШЕТЕЛ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ МӘДЕНИЕТ) ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ 10 СЫНЫП Мәдениеттің пайда болуы (10 сағат) Мәдениет жайлы негізгі ұғымдар. Өнер және мәдениет анықтамасы. Өнер түрлері. Өнердің қызметі. Материалдық және рухани мәдениет. Рухани мәдениеттің түрлері. Өнер. Өнер түрлері. Өнер түрлерін саралау. Өнер түрлерін кезеңдерге бөлу. Көшпеліліер мен отырықшы халықтардың мәдениеті. Рухани және материалдық мәдениет (білім, ғылым, шығармашылық). Өнер жанрлары мен стилдері. Өнер түрлерін мәнерлеу құралдары. Әртүрлі өнер түрлерінің заманауи классификациясы. Мәдениет және өнер жайлы негізгі ұғымдар. Өнер шығармаларын анализ жасау. Мәдениеттің даму кезеңдері (8 сағат) Алғашқы дәуір мәдениеті. Ежелгі мәдениет (антикалық мәдениетті қоса алғанда). Орта ғасырлық мәдениет (Каролинг, Қайта жаңғыру, Романдық стиль және и Готиканы қоса алғанда). Қайта жаңғыру (Маньеризмді қоса алғанда). Барокко (Рококоны қоса алғанда). Классицизм (Жаңару және Ампир), Романтизм. Реализм. Модернизм. Эклектизм және XIX-ХХ ғасырдың аяғындағы көптеген бағыттар.. Импрессионизм, постимпрессионизм, экспрессионизм, сюрреализм, экзистенциализм, авангардизм және т.б. бағыттар. Ежелгі Қазақстанның өнері мен мәдениеті (10 сағат) Ертедегі көшпелі және отырықшы халықтардың өркениеті. Орта Азия көшпелі халықтарының өркениеті: сақтар, ғұндар. көшпелілер және отырықшы халықтар мәдениетінің дәстүрлі үлгісінің өз-ара әрекеті. Көшпелілер мәдениетінің отырықшы халықтардың дүниетанымына ықпалы. Қазақстан аймағы ежелгі көркемдік мәдениеттің негізгі ошағы ретінде. Өнердің шығу тарихы. Ежелгі өнердің синкетизмдік маңызы: жартастағы суреттердің діни, жорамалдық, дәстүрлік байланысы. Мифология және өнердің ертедегі үлгілері. Алғашқы қауымдағы өнердің тұтастығы: тастағы суреттердің ежелгі діни-нанымдармен байланысы (анимизм (барлық заттың жаны бар деп қараған алғашқы қоғамдағы қарапайым ойлау), фетишизм (киелі затқа табыну), магия (сиқыршылық), тотемизм (фантастикалық сенімдер), дінмен, салт-дәстүрмен байланысы. Ертедегі ою-өрнектердің мәңгілік әсемдігі (10 сағат) Ою-өрнектер – ежелгі өнердің ерекше аймағы. Әлем картинасының ашылмаған жұмбағы. Геометриялық ою-өрнектер – әлем көрінісінің символикалық формасы. Қазақ халқының ою-өрнектері этнографиялық бастау көзі ретінде. Қорқыт туралы аңыз және қазақ халқының алғашқы музыкалық аспабы қобыздың шығу тарихы. Тас ғасырындағы көркемдік мәдениеттің ерекшеліктері: петроглифтер, ою-өрнектер, қыштан, балшықтан істелген бұйымдар, ежелгі халықтардың жерлеу рәсімдерінің үлгісі. Қола және тас ғасырындағы өнер. Діншілдік және діндер. Күнге, өгізге табыну, құнарлылық (аналық-арғы тегі), отқа табыну. Тастағы бейнелеу өнері: әлемнің пайда болуын елестету, мифологиялық бейнелер, әдеби шығармалардағы оқиға желісінің дамуы (сюжет) және композиция. «Сақтар аң стилі» және сақтардың мифологиясы жайында аңыз. Үлкен Есік қорғанынан табылған сақтардың «Алтын жауынгер» ескерткіші. Ғұндар, әскери өнер, соғысқа арналған жабдықтар. Алғашқы бал-бал тастар (5 сағат) Жұмыр мүсіндердің жасалу жолдары. Дала сәулетіндегі ерекшеліктер, тас балбандары. Петроглифтер. Андронов, карасук, бенгазы-дандыбай, тасмола мәдениеті. Алғашқы көшпелілер әлемі. Қола дәуірінің мәдениеті. Сақ дәуірініңкөшпелілір ескерткіштері. Еуразия көшпеліліерінің өнері. Сақтар мен үйсіндердің ежелгі мәдениет ескерткіштерін өнер аңшылық өмірді көрсетуші дәстүрлер мен рәсімдердің құрамды бөлігі ретінде қарастыру. Эпос (5 сағат) Эпос – тарихи мағлұматтарды ауызша айту арқылы ақпараттарды сақтау формасы. Эпосты жасаушы, құрастырушылар. Эпосты орындаушылар. Тарихи шындық пен көркемдік ойдан шығаруды салыстымалы түрде қарастыру. Эпикалық шығармалардың құрылымы. Эпикалық айтушылар орындаушыларды оқыту. Әртүрлі халықтар эпостық жырларын тарату жолдары.Әлем халықтарының эпикалық жырлары («Гильгемаш жайлы аңыз», «Иллиада», «Махабхарата», «Рамаяма», сказания ортағасырлық Еуропа жыры: «Король Артур және дөңгелек ұстел рыцары», «Граале әулие жайлы жыр», «Нибелунгах жайлы жыр», «Ұшқыш голландец», «Калевала», «Манас» және т.б.). Эпос және жаңа заман. Қазақстанның заманауи өнері (10 сағат) Қазақстанның 20-30 жылдардағы өнері: қазақтың ауызша-кәсіби және еуропалық жазба дәстүрдегі өенр тұрлерін синтез жас ау. Кәсіби өнерді еуропалық жаңа жанр тұрғысынан қалыптастыру. Қазақстандық кескіндеме өнерінің мектебі. Ә. Қастеев –қазақтың алғашқы кәсіби суретшісі. Қазақстандағы театр өнерінің қалыптасуы. Кәсіби музыка өнерінің қалыптасуы: опера, балет, симфония, халық аспаптарының оркестрі. Қазақстандағы би өнері. Қазақстандағы кинематография өнері. 90-шы жылдардағы ХХ-ХХІ ғасырдың өтпелі кезеңінде өнер саласындағы және өнер мектептеріндегі жаңа бағыттар. Қазақстан бейнелеу өнеріндегі даму. Эстрадалық көпшілікке арналған музыка. Көгалды-ландшафт сәулет өнері (8 сағат) Негізгі ұғымдар (ландшафт, клумба, сарқырама, бақша және т.б.). Қазақстанның табиғи кокорайы. Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғат паркі (МҰТП). Астана паркі. Қазақстан Республикасы Тұңғыш президентінің паркі. Көгалды-ландшафт дизайны. Көгалды-ландшафт дизайны мен бау-бақша арасындағы негізгі айырмашылықтар. Мамандандырылған көгалды-ландшафт дизайнерлер қызметі. Ұлтық Бурабай паркі. Бурабай курорты. Бурабай көлдері. Өгем-Сайрамдық Ұлттық парк. Қазақстанның ұлттық табиғат парктері. Қазақтың денсаулық-сауықтыру кешендері. 11 СЫНЫП ӘЛЕМДІК КӨРКЕМ МӘДЕНИЕТ Ежелгі әлем өнері және өнердің ежелгі формалары (10 сағат) Ежелгі әлем өнерінің жұмбақ сырлары мен сиволикалық белгілері. Ежелгі әлемнің мифологиялық картинасы және өнердің ежелгі формалары. Ежелгі өнердің символикалық және дуалық қасиетінің маңызы. Дәстүр. Салт. Мифология және өнердің ертедегі үлгілері. Жартастағы суреттер. Геометриялық орнамент түрлері. Ритмнің жан-жақтылығы. Салт-дәстүр – сөз, музыка және бидің синтезі – театрлық іс-әрекеттер бейне-кейіпкер ретінде. Мифология – Ежелгі әлем өнерінің символикасы мен бейнелерінің басты көзі. Ежелгі египеттіктердің мифологиялық ұғымдары. Ежелгі египеттіктердің пирамидалары мен сарайларындағы символикалық белгілердің мәні. Әлемнің пайда болуы жайлы құранда айтылған сөздер сыры. Ежелгі Қытай өнеріндегі этикалық және эстетикалық өзара байланыстар. Қытай кескіндеме өнерінің бейнелеу өнеріндегі ерекшеліктері. Мифтік ұғымдардың мәдениеттегі ролі (миф – әлем жайлы, дін жайлы, өнер жайлы ертедегі ұғымдардың негізі). Ежелгі бейнелер мен символдық белгілер («Әлемдік байтерек». «Ана-Құдай». «Жол» және т.б.). Алғашқы қауымдық сиқыр кұш (магия). Салт-дәстүр сөздің, музыка, би, бейнелеудің, пантомима, киім-кешек (таңба басу, татуаж), қоршаған сәулеттік орта мен пәндік орта синтезінің негізі. Альтамира мен Стоунхендждің көркемдік кешендері. Геометриялық ою-өрнектердің символикалық белгілері. Фольклордың архаикалық негіздері. Мифтер және заманауи жаңа белгілер (көпшілік мәдени ортадағы мифтің алар орны.) Өнер түрлерінің синтезі (8 сағат) Ежелгі Үнді өнерінің синтетикалық сипаттамасы: ежелгі Ұнді салтанат сарайындағы сәулет өнері, мүсін өнері, музыка мен би өнерінің синтезі. «Ригведа», «Махабхарата», «Рамаяна» – Үнді әдебиетінің ежелгі ескерткіштері. Ежелгі Грек әлемінің көркемдік картинасының мифологизмі. Ежелгі салтанат сарайының үйлесімділігі, Құдай мен ержұрек батырларының бейнесі мүсін өнерінде бейнеленуі. Ежелгі грек театры: трагедия және комедия. Ежелгі Грек музыкалық аспаптары. Ежелгі Грек көркемдік мәдениетінің негізгі сипаты: салтанат сарайлары мен тұрғын үй құрылыстарының тепе-теңдігі, монументтік мүсін, портрет, аллегориялық рельеф. ХХ ғасырдағы Батыс Еуропа өнері (7 сағат) ХХ ғасырдағы Батыс Еуропа өнерінің пайда болуы және бағытылық ерекшеліктері: импрессионизм, постимпрессионизм, кубизм, экспрессионизм, абстракционизм, сюрреализм, конструктивизм және т.б. Өнердегі жаңа жанрлардың пайда болуы. Көркемдік фотосуреттер, кино, телевидение, видео, компьютерлік графика, дизайн. Заманауи қоғам өміріндегі өнердің көпшілік түрлері. Өнер және техногендік өркениет. ХХ ғасырдағы мәдени тоқырау кризис және мәдени тоқыраудың алдын алу. Орта ғасыр өнері: Шығыс және Батыс (10 сағат) Үндінің және Қытай орта ғасырдағы мәдениеті – әртүрлі діни және көркемдік жүйе бір-біріне кірігудің шығыстық моделі ретінде. Ислам және оның арабтар мәдениетін қалыптастырудағы ролі. Араб жазуы мен ою-өрнектері. Сәулеттік өнер. Орта ғасырлық Шығыстың классикалық поэзиясы. Ырғақ және мақам – классикалық Шығыстың монодикалық музыкасы. Батыс Еуроапның ортағасырлық өнері. Әлемдік дін – орта ғасырлық өнердің бейнелілігін көрсететін бастау көзі. Шіркеулер – қалалық орта ғасырлық рухани тіршілік орталығы сияқты. Қалалық орта ғасырлық сәулет өнеріндегі Романдық өнері. Готикалық шіркеу – әлем бейнесі іспетті. Готикалық өнердің негізгі ескерткіштері. Готикалық сарайлардағы мүсін өнерінң алар орны. Григориан хоралы – еуропалық көпдауыстылардың ертедегі формасы. Қайта өрлеу дәуірі және Жаңа заман кекзеңдерінің көркемдік мәдениеті (10 сағат) Қайта өрлеу дәуірі өнеріндегі гуманизм. Қайта өрлеу дәуірі өнеріндегі антикалық және библиялық бейнелер мен сюжеттербі баяндау ерекшеліктері. Суретші тұлғасы – «жан-жақты дамыған адам» идеалы ретінде: шығармашы, ғалым, инженер. Ұлы суретшілер шығармашылығы. Қондырғылы кескіндеме картинасында әлем көрінісінің аяқталған түрі. Табиғат көрінісі, портрет және тұрмыстық картиналар – солтүстік Ренессанс кескіндемесінің ерекшелігі. Италияндық Қайта өрлеудегі қондырғылы және монументалды мүсін өнері. Театр өнеріндегі дамушы гуманисикалық мазмұн. ХҮ-ХҮІ ғасыр өнеріндегі стилдер (10 сағат) Классицизм, барокко, рококо, реализм. Опера мен симфонияның пайда болуы. Қайта өрлеу кезеңіндегі идеалдар және олардың әдебиет пен музыкада көрініс табуы. ХІХ ғасырдағы өнердегі реализм мен романтизм. Өнердегі ұлттық мектептердің қалыптасуы. ХІХ ғасырдағы Ресейдегі өнердің өркендеуі және ұлттық ерекшеліктер. Орыс реализмінің әлемдік мән-мағынасы. Стилдердің қырлары: повильон, колонада, жарты шеңберлік терезелер, балкон, сәулеттік өрнектер, плафон, гризайль, сәулеттегі айналар (Бернини шіркеу колонадасы, Римдегі әулие Петр, Расстрелли. Петербордағы Қысқы сарай және Смольный шіркеуі). Салтанат сарайлары сәулеттік форма ретінде – Барокко – Лувр, Кіші Трианон, Цвингер және Шенбрунн, Қытай. Жапония. Орыс бароккосы. Петр бірінші және алғашқы Петербор. Жобалау әдісі – «сыртынан ішіне қарай». «Сәулеттік команда» – сәулет өнеріндегі қозғалысты бере білу.Сәулеттік формалардағы кескіндемелік және иллюзорлық көріністер (Д.Трезини, Петропавл қорғанысы, Б.Расстрелли «Қысқы сарай», «Смольный монастр шіркеуі», Д.Ухтомский «Қызыл қақпа» Мәскеу). Барокко стилі (2 сағат) Барокко (италия тілінен аударма ғажайып, таңқаларлық дегенді білдіреді) ХҮІ-ХҮІІІ ғасырда Еуропа өнеріндегі басымдылыққа ие өнер стилі. Сәулет өнері мен бейнелеу өнеріндегі Барокко. Қайта өркендеу дәуірінің дәстүрлері. Кескіндеме саласындағы Барокко (2 сағат) Барокко кезеңіндегі кескіндеме техникасы. Тік бағыттағы композиция. Тереңдетілген композиция. Колорит. Түстердің негізгі сипаттамалары. Түстік фон. Түстердің қанықтылығы. Ашық түстер. Суық және жылы түстер тоны. Алыс және жақын түстік тондар. Топтық портрет. Барокко кескіндемесіндегі италияндық мектептер: Тициан мектебі. Караваджо мектебі. Тьепло мектебі. Голландық және Испандық кескіндеме мектептері: Рембранд, Ван-Дейк, Рубенс, Веласкес, Эль Греко мектептері. Музыка саласындағы барокко (2 сағат) Музыка дамуындағы полифониялық кезеңнің аяқталуы. Аспаптық полифония және олардың заңдылығы. Фуга, чакона, пассакалия. Аспаптық импровизациялық формалар: прелюдия, токката, фантазия. Кіші полифониялың цикл. Соната, симфония, концерттер мен квартеттердің ежелгі формалары. Би өнерінің аспаптық сюитасы. Барокко кезеңіндегі театр (2 сағат) Опера саласының пайда болуы. Камерата, антикалық театрдағы музыка. Музыкалық спектакльдер. Кантилена, речитатив, ән айту мектебі bell canto, ария, da capo, флорентиялық мектеп. Неаполитандық, римдік және венециандық опералық мектептер. Seria операсы және buffa операсы. Кремонон консерваториясы. Балет өнерінің пайда болуы. Сарай жанындағы балет және театр. Рококо кезеңі. Люли кезеңі. Уинвердегі жұмыс жасап тұрған балет. Күн королі. Пастораль. Пейзандық сценалық көріністер. Тірі жанданған картиналар. Би Академиясы. Ерлердің виртуоздық шеберлік биі. Әйелдер биінің кезеңдік дамуы. ХХ ғасырдағы Батыс еуропалық өнер (10 сағат) ХХ ғасырдағы өнердегі бағыттардың пайда болу көзі және ерекшеліктері: импрессионизм, постимпрессионизм, кубизм, экспрессионизм, абстракционизм, сюрреализм, конструктивизм және т.б. ХХ ғасырдағы өнердегі жаңа жанрлар: көркемдік фотография, кино, телевидение, видео, компьютерная графика, дизайн. Заманауи қоғам өміріндегі өнер түрлерінің көпшілік түрлері. Өнер және техногендік өркениет. ХХ ғасырдағы мәдениеттің құлдырауы және оларды жеңу жолдары. ІІІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 10 сынып оқушылары: – өнердің шығу тарихын, алғашқы қауым адамдары жасап қалдырған өнер ескерткіштерін біледі; – XYII ғасырға дейінгі көркемдік шығармашылық даму ерекшеліктерін, өнердің әртүрлі кезеңдердегі шығу тарихын біледі; – әртүрлі өнер түрлері мен жанрларының үлгілерін таниды, олардың мазмұны мен мағынасын түсіндіріп бере алады; – адамзат тарихындағы әртүрлі кезеңдердегі көркемдік шығармашылықтың даму ерекшеліктерін біледі; – әртүрлі өнер түрлері мен жанрларының үлгілерін біледі, олардың мазмұны мен мән-мағынасын түсіндіріп береді;
– зерделенген мәдени ескерткіштердің мәнін заманауи проблемалармен байланыстырады;
11 сынып оқушылары: – әлемдік көркем мәдениет бағыттары мен стилдерінің негізгі қырларын және шығу тарихының ерешеліктерін біледі; – өнер пәнін ғылым ретінде және негізгі оқу пәні ретінде оның негіздерін, әдістерін түсінеді; – әлемдік өркениет тарихының қалай дамығандығы жайлы ұғымға ие болады;
ІV «ӨНЕР» (ОТАНДЫҚ, ШЕТЕЛ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ КӨРКЕМ МӘДЕНИЕТ) ОҚУ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ «Өнер» оқу пәні бойынша білім беру мазмұны оқу үрдісін ізгілендіруге бағытталған. Көркем өнерді оқытудың негізгі мән-мақсаты – оқушының тұлғалық берік сенімін көркемдік-шығармашылық жағынан дамыту және оның қызығушылығы мен ынта-тілегін, талабы мен қажеттіліктерін ескере отырып қатынас жасау болып табылады. Пәнді адамгершілік негізде ізгілендіру – «ұстаз және шәкірт» атты жүйедегі ынтымақтастық байланысты көздейді, мұның өзі мұғалімнің жұмысының әдіс-тәсілдерін өзгертуді талап етеді. «Өнер» оқу пәнінің шешуші әдістемесі оқушының сирек, дербес қасиетті тұлға екенін ескеретін, оның интеллектуалдық және адамгершілік еркіндігін құрметтейтін дербес қатынас жасау мәселесін ең басты міндет етіп қояды. Бұл әдіс оқу процесінде білім беру ісін оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамытумен ұштастыратындай етіп ұйымдастыруды көздейді. Көркем өнерге байланысты білім алуға, оқушылардың өздерін белсене қатыстыруға, оқу жұмысын бірлесе жүргізу әдісін қамтамасыз ете алатын тұлғалық амалды қолдану тиімді болмақ. Оқу үрдісін бұлай ұйымдастыру әдісі тек білім жинақтаудан оқушылардың тұлғалық дамуына қарай бет бұруға әсерін тигізеді. Сабақтарды өткізу кезінде оқушылардың шығармашылық қабілетін ашуға көмектесетін, бірлікте, ынтымақтастықта жұмыс атқару жағдайы жасалуы тиіс. Оқушылардың өнер сабағында белсенді-шығармашылық жұмыс жасауына іс-әрекеттік амалды қолдану ұсынылады. Сабақта зерделенетін білім аймағындағы мектеп оқушыларының танымдық қабілетін арттыру ғана емес, сондай-ақ олардың шығармашылық күшін, эстетикалық талғамын айқындауға мүмкіндік береді, әрбір оқушының өзін-өзі көрсете алуына жол ашылып, жағдай жасауға мүмкіндіктер беріледі. Оқушы мен оқытушының арасында пайда болған жаңа серіктестік қатынас мектеб оқушыларының коммуникативті қабілеттіліктерін дамытуға айтарлықтай әсерін тигізеді. Сұхбат-диалог түріндегі әдіс тұлғалық және іс-әрекеттік әдістердің тұтастығында көркем-эстетикалық білім беру әдістемесінің жай-жапсарын ашып мазмұнын құрайды. Бұл ұстанымдарды сабақта қолдану көркемдік-эстетикалық білім саласындағы өнер сабақтарын шығармашылық өреде өткізуге мүмкіндік береді. Алға қойылған міндеттерді тиімді іс-жүзіне асыру үшін төмендегідей педагогикалық технологиялардың қолданылғаны да жөн болмақ: – даралап жеке оқыту методологиясы, бұл технология оқушылардың әрқайсысына дербес қатынас жасауға негізделген және олардың қабілетін, қолдарынан қандай іс келетінін, шығармашылық мүмкіндіктерін ашу ұстанымына негізделеді; – іс-әрекеттік оқыту ұстанымы, бұл оқушылардың көркемөнер саласында қандай шығармашылық іс-әрекеттерді орындай алатынын таңдау және ұйымдастыруға бағытталады; – коммуникативті қарым-қатынас жасау арқылы оқыту ұстанымы – бұл өзгелермен қарым-қатынас жасау мәдениетін, әсерлі байланыс жасау шеберлігін, мәдениетті, өнегелі, сыпайы, сөйлей білу сон дай-ақ қандай жағдайда болсын орынды әрекет жасай білу қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етюді. – ұсынылған курстың кейбір тақырыптарын өз бетімен игеруге болатын, жобалау технологиясы да басшылыққа алынады; – интернет және басқа да жаппай ақпарат құралдарын пайдалана отырып, қажетті ақпараттарды жылдам табуға болатын ақпараттық технологиямен жұмыс жасау. «Ақпаратты іздеу» технологиясы оқушылардың шығармашылық тұрғылан ойлауына, қиялдауына және өнер мен мәдениет саласына қажетті материалдарды іріктеу қабілеттерін дамытуға ықпал етюді, сондай-ақ өз мүмкіншіліктерін шығармашылықпен жүзеге асыруға көмектеседі. «ӘЛЕМДІК КӨРКЕМ МӘДЕНИЕТ» ОҚУ ПӘНІНЕ ҚАЖЕТТІ ОҚУ–ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАР МЕН ЖАБДЫҚТАР 1. «Өнер» типтік оқу бағдарламасы.
Шығармашылық тапсырмалар Оқушылар алған білімдері негізінде әртүрлі шығармашылық тапсырмаларды орындайды. Негізгі басымдылық өнер түрлерінің қандай да бір, оқушы қалаған көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттер түріне беріледі. Маңыздысы, оқушылардың оқу әрекетін өзіндік дербес шығармашылық-ізденістік көркемдік білім аумағына ендіру болып табылады. |
![]() | Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама) | ![]() | Ұсыныстар беру үшін Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы Әзірлеген және ҰсынғАН |
![]() | 12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама) | ![]() | Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама) |
![]() | 12 жылдық бастауыш мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 27 ақпандағы №1 хаттама) | ![]() | 12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 27 ақпандағы №1 хаттама) |
![]() | 12 жылдық негізгі орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 27 ақпандағы №1 хаттама) | ![]() | Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама) |
![]() | Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылған (2013 жылғы 27 ақпандағы №1 хаттама) | ![]() | Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп) Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама) |
![]() | 12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент) Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы №3 хаттама) |