Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дене шынықтыру оқу бағдарламасы 10-11 сыныптар қоғамдық гуманитарлық бағыт icon

Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дене шынықтыру оқу бағдарламасы 10-11 сыныптар қоғамдық гуманитарлық бағыт



НазваниеЫ. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дене шынықтыру оқу бағдарламасы 10-11 сыныптар қоғамдық гуманитарлық бағыт
Дата конвертации20.02.2013
Размер276.32 Kb.
ТипДокументы
источник
1. /Б_л_м Стандарты/начальная школа/adeb_oku_2-4_kaz.doc
2. /Б_л_м Стандарты/начальная школа/beineleu_1-4_kaz.doc
3. /Б_л_м Стандарты/начальная школа/dunie_tanu_1-4_kaz.doc
4. /Б_л_м Стандарты/начальная школа/fizkultura_1-4_kaz.doc
5. /Б_л_м Стандарты/начальная школа/kazak_tili_2-4_kaz.doc
6. /Б_л_м Стандарты/начальная школа/matematika_1-4_kaz.doc
7. /Б_л_м Стандарты/начальная школа/muzyka_1-4_kaz.doc
8. /Б_л_м Стандарты/начальная школа/russkii_jaz_3-4_kaz.doc
9. /Б_л_м Стандарты/начальная школа/sauat_ashu_1kl_kaz.doc
10. /Б_л_м Стандарты/начальная школа/trud_1-4_kaz.doc
11. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/GOSO_kaz_04.doc
12. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/algebra_7-9_kaz.doc
13. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/angliiskii_5-9_kaz.doc
14. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/beineleu_5-6_kaz.doc
15. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/biologija_6-9_kaz.doc
16. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/dunie_zhuzi_tarikhi_6-9_kaz.doc
17. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/fizika_7-9_kaz.doc
18. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/fizkultura_5-9_kaz.doc
19. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/francuzskii_5-9_kaz.doc
20. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/geografija_5-9_kaz.doc
21. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/informatika_7-9_kaz.doc
22. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/kaz_adebiet_5-9.doc
23. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/kazak_tarikhi_5-9_kaz.doc
24. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/kazak_tili_5-9_kaz.doc
25. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/khimija_8-9_kaz.doc
26. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/kogam_bilim_neg_9syn_kaz.doc
27. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/matematika_5-6_kaz.doc
28. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/matematika_7-9_kaz.doc
29. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/muzyka_5-6_kaz.doc
30. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/nemeckii_5-9_kaz.doc
31. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/russkaja_rech_5-9_kaz.doc
32. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/syzu_9kl_kaz.doc
33. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/tekhnololgija_5-9_kaz.doc
34. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/zharatylystanu_5syn_kaz.doc
35. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/GOSO_kaz_2010.doc
36. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/algashky_askeri_daiyn_KG_10-11_kaz.doc
37. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/algebra_KG_10-11_kaz.doc
38. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/angliiskii_KG_10-11_kaz.doc
39. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/biologija_KG_10-11_kaz.doc
40. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/dunie_zhuzi_tarikhi_KG_10-11_kaz.doc
41. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/fizika_KG_10-11_kaz.doc
42. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/fizkultura_KG_10-11_kaz.doc
43. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/franuczskii_KG_10-11_kaz.doc
44. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/geografija_OG_10-11_rus.doc
45. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/geometrija_KG_10-11_kaz.doc
46. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/informatika_KG_10-11_kaz.doc
47. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/kazak_tarikhi_KG_10-11_kaz.doc
48. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/kazak_tili_KG_10-11_kaz.doc
49. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/khimija_KG_10-11_kaz.doc
50. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/kogam_bilim_neg_KG_10-11_kaz.doc
51. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/kukyktanu_neg_KG_10-11_kaz.doc
52. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/nemeckii_KG_10-11_kaz.doc
53. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/oner_KG_10-11_kaz.doc
54. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/russkaja_rech_5-9_kaz.doc
55. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/russkii_jaz_KG_10-11_kaz.doc
56. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/tekhnologija_KG_10-11_kaz.doc
57. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/GOSO_kaz_2010.doc
58. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/algashky_askeri_daiyn_KG_10-11_kaz.doc
59. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/algebra_KG_10-11_kaz.doc
60. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/angliiskii_KG_10-11_kaz.doc
61. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/biologija_KG_10-11_kaz.doc
62. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/dunie_zhuzi_tarikhi_ZHM_10syn_kaz.doc
63. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/fizika_ZHM_10-11_kaz.doc
64. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/fizkultura_KG_10-11_kaz.doc
65. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/franuczskii_KG_10-11_kaz.doc
66. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/geografija_OG_10-11_rus.doc
67. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/geometrija_KG_10-11_kaz.doc
68. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/informatika_KG_10-11_kaz.doc
69. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/kaz_tarikhi_ZHM_10-11_kaz.doc
70. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/kazak_tili_KG_10-11_kaz.doc
71. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/khimija_ZHM_10-11_kaz.doc
72. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/kogam_bilim_neg_KG_10-11_kaz.doc
73. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/kukyktanu_neg_KG_10-11_kaz.doc
74. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/nemeckii_KG_10-11_kaz.doc
75. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/oner_KG_10-11_kaz.doc
76. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/russkaja_rech_5-9_kaz.doc
77. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/russkii_jaz_KG_10-11_kaz.doc
78. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/tekhnologija_KG_10-11_kaz.doc
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы әдебиеттік оқу оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы бейнелеу өнері
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүниетану оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дене шынықтыру
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ тілі оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы
Программа для 3-4 классов общеобразовательных школ с нерусским языком обучения Астана 2010 Утверждено
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы сауат ашу оқу бағдарламасы
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы еңбекке баулу оқу бағдарламасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты Государственный общеобязательный стандарт образования Республики Казахстан Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім Начальное, основное среднее, общее среднее образование
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы алгебра оқу бағдарламасы
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы ағылшын тілі оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы бейнелеу өнері
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүние жүзі тарихы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дене шынықтыру
Қазақстан республикасы білім және ғылыми министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы француз тілі оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ Әдебиеті оқу бағдарламасы
Қазақстан тарихы
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ тілі оқу бағдарламасы
Химия оқу бағдарламасы
ҚОҒамдық білім негіздері
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы геометрия оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылыми министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы неміс тілі оқу бағдарламалары
Программа для 5-9 классов школ с нерусским языком обучения Астана 2010 Утверждено
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы сызу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы технология оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы жаратылыстану оқу бағдарламасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты Государственный общеобязательный стандарт образования Республики Казахстан Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім Начальное, основное среднее, общее среднее образование
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы алғАШҚЫ Әскери дайындық
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы алгебра және анализ бастамалары
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы ағылшын тілі оқу бағдарламасы
Қазақстан респуликасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүние жүзі тарихы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дене шынықтыру оқу бағдарламасы 10-11 сыныптар қоғамдық гуманитарлық бағыт
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы француз тілі оқу бағдарламасы
Программа для 10-11 классов общественно-гуманитарного направления общеобразовательных школ Астана 2010
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы геометрия оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Қазақстан тарихы
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ тілі оқу бағдарламасы
Химия оқу бағдарламасы
ҚОҒамдық білім негіздері
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қҰҚЫҚтану негіздері
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы неміс тілі оқу бағдарламасы
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы өнер (отандық, шетел және заманауи көркем мәдениет)
Программа для 5-9 классов школ с нерусским языком обучения Астана 2010 Утверждено
Программа для 10-11 классов общественно-гуманитарного направления общеобразовательной школы с нерусским языком обучения
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы технология оқу бағдарламасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты Государственный общеобязательный стандарт образования Республики Казахстан Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім Начальное, основное среднее, общее среднее образование
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы алғАШҚЫ Әскери дайындық
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы алгебра және анализ бастамалары
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы ағылшын тілі оқу бағдарламасы
Қазақстан респуликасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүние жүзі тарихы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дене шынықтыру оқу бағдарламасы 10-11 сыныптар қоғамдық гуманитарлық бағыт
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы француз тілі оқу бағдарламасы
Программа для 10-11 классов общественно-гуманитарного направления общеобразовательных школ Астана 2010
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы геометрия оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Қазақстан тарихы
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ тілі оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы химия оқу бағдарламасы
ҚОҒамдық білім негіздері
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қҰҚЫҚтану негіздері
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы неміс тілі оқу бағдарламасы
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы өнер (отандық, шетел және заманауи көркем мәдениет)
Программа для 5-9 классов школ с нерусским языком обучения Астана 2010 Утверждено
Программа для 10-11 классов общественно-гуманитарного направления общеобразовательной школы с нерусским языком обучения
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы технология оқу бағдарламасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ


ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ


ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


10-11 СЫНЫПТАР


қоғамдық - гуманитарлық бағыт


Астана 2010

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ


ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ


жалпы білім беретін мектептің қоғамдық - гуманитарлық

бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған


ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Астана 2010

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілді.




Авторлар: Тлеугалиев Ю. Ғ., Тайжанов С. Т., Нуралиева С. К.


Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық - гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Дене шынықтыру» оқу бағдарламасы.– Астана, 2010. – 19 б.


© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім беру академиясы, 2010

Бағдарлама төмендегі құжаттар негізінде дайындалды:

1. ҚР Президентінің «ҚР-да 2001-2005 ж. аралығында дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» 12.03.2001 ж. Жарлығы, № 570.

2. ҚР Президентінің «ҚР-да 2007-2011 ж. аралығында дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» 28.ХІІ.2006 ж. Жарлығы, № 230.

3. 1999 ж. 12 желтоқсандағы «ҚР-ның дене шынықтыру және спорт туралы Заңы», № 490-1 ЗРК.

4. «ҚР-да 2001-2005 ж. арналған дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы» БжҒМ-нің 27.06.2001 жылғы № 505, 30.04.2002 жылғы № 352, 29.05.2003 жылғы № 351 бұйрықтары (Мұнда аптасына 3 сағат дене тәрбиесін өткізу тапсырылған).


І Түсінік хат


«Дене шынықтыру» оқу пәні орта жалпы білімнің мемлекеттік білім беру стандартының маңызды компоненті есебінде «Дене шынықтыру» білім беру саласына кіреді. Оқу пәнінің нысаны – пән арқылы дамитын және әлеуметтік ортамен өзара әрекет ететін дамып келе жатқан бала организмі.

«Дене шынықтыру» оқу пәні –бұл қазіргі қоғамның жалпы мәдениетінің бөлігі есебіндегі дене шынықтыру мен спорттық құндылығы туралы білімдер жүйесі. Ол дене және психикалық саулықты, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында қозғалыс белсенділігінің мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған.

Пәннің мақсаты оқушыларда оңтайлы қозғалыс белсенділігіне қажеттілікті тәрбиелеу және өзінің дене және психикалық саулығын нығайтуға деген себептерді қалыптастыру болып табылады.

Оқу пәнінің міндеттері:

  • дененің және психиканың дамуы мен оларды жетілдіру жөніндегі білім негіздеріне үйрету;

  • сыртқы ортаның жағымсыз әсерлеріне организмнің қарсылығын арттыру үшін шынығу тәсілдеріне үйрету;

  • оқушылардың жас және жыныстық ерекшеліктеріне сәйкес келетін деңгейге дейін организмінің функционалдық қабілеттерін арттыру;

  • түрлі мақсатқа бағытталған дене жаттығуларын орындауда қозғалыс тәжірибесін бойға жинақтау және оның ауқымын кеңейту;

  • денсаулықты нығайтуға қажеттілік пен оңтайлы қозғалыс белсенділігі үшін себептерді қалыптастыру;

  • дене мен психиканы жетілдірудің физиологиялық және психологиялық заңдылықтары туралы білім негіздеріне үйрету.

Үйретудің кезеңдері бойынша «Дене шынықтыру» пәні мазмұнының сабақтастық қағидаларын сақтау қарастырылады.

Табиғи сәйкестілік қағидасы өсіп келе жатқан организм үшін дамытатындай ортаның жиынтығын қалыптастыруды және жасөспірімдер мен қыздардың қозғалыс белсенділігіне қажеттілікті қанағаттандыруды қамтамасыз етуді көздейді.

Қолдануға бағыт ұстану қағидасы оңтайлы қимыл-қозғалыс дағдыларын меңгеруді және тиісті деңгейге дейін функционалдық қабілеттерді арттыруды қарастырады. Оқушылардың жүйке жүйесі мен психикасын қалыптастыруға тән боп келетін дамытудың негізгі факторларын жүзеге асыру көзделеді. Қозғалыс әрекеттеріндегі түрліше қозғалыс міндеттерін жүзеге асыру үшін дененің барлық бөліктеріне байланысты қызметі мен үйлесімділігі бірінші орынға шығады.

Оқу пәнінің мазмұнын іріктеу педагогикалық тәсілдерге негізделген:

  • жеке тұлғаға бағытталған көзқарас оқушы организмінің функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес келетін дене жүктемелерін мөлшерлеуді көздейді;

  • іс-әрекеттік көзқарас оқушының дамуы қозғалыс кезінде іске асатындығын қарастырады;

  • құзыреттілік тұрғыдан келу негізгі біліктіліктерді меңгеруді көздейді;

  • денсаулықты сақтау тұрғысындағы көзқарас үйрету процесінде оқушының денсаулығының міндетті түрде сақтауды қарастырады.

Пән бойынша оқу жүктемесі:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру мемлекеттік стандартының типтік оқу жоспары бойынша «Дене шынықтыру» оқу пәніне аптасына 3 сағат, жылына102 сағат бөлінеді:

10 сынып – аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат.

11 сынып – аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат.

Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі дене дамуында жетіспеушілігі бар балалар үшін сауықтыру дене шынықтыруымен және оқушылар мен ата-аналардың сұранысы мен қызығушылығын есептей отырып, спорт түрімен шұғылдану.

ІІ ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

2.1. Сағат санын көрсете отырып, сынып бойынша білімнің базалық мазмұнын бөлу

Бағдарламаның оқу материалдары мектептiң сабақ кестесiндегi «Дене шынықтыру» пәнi бойынша 3 сағатқа есептелген. Осыған сәйкес бағдарламаның тараулары бойынша сағаттарды бөлу кестесi берiлiп отыр (1- қосымша).

«Дене шынықтыру» пәнi бойынша оқушылар қол жеткiзген нәтижелер (Бiлiм берудің Мемлекеттiк стандартына сәйкес) арнайы оқу нормативтерiн-сынақ тапсырмаларын орындау қортындысы бойынша бағаланады (2 - қосымша).


10 сынып

(аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат)


Жалпы және арнайы бiлiм негiздерi. Жалпы дене дайындығы және өмiрлiк маңызды кәсiби-қолданбалы дағдылар қорын жинақтау мен дене қасиеттерiн тәрбиелеудегi оның орны. Денсаулықты нығайтудағы, жоғары еңбек өнiмдiлiгi мен қоғамдық өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттырудағы дене тәрбиесi мен спорттың ролi. Дене жаттығулары жеке тұлғаның қалыптасуында дененiң функционалды және психикалық қасиеттерiне жағымды әсер ететiн факторлар есебiнде. Дене жаттығулары қозғалыс режiмiнiң дербес түрiн ұйымдастырудың негiзгi құралы есебiнде. Дене тәрбиесi дамуының дүниежүзiлiк тарихы мен Қазақстандағы жоғары жетiстiктер спорты бойынша хрестоматиялық материалдар.

Жеңiл атлетика

Жүгiру. Қысқа және орта қашықтыққа жүгiру техникасын жетiлдiру мен жүгiру дайындығы деңгейiн көтеруге жәрдемдесетiн жалпы дамытатын және арнайы дене жаттығулары. Қашықтықтың ұзақтығын бiртiндеп арттыра бiрқалыпты - аралас екпiнде жүгiру; шамалы ғана ойлы-қырлы жерлермен орташа екпiнде жүгiретiн дала жарысы (кростық жүгiрiс - 2000-3000 м қашықтық) секiлдi жалпы шыдамдылықты дамытуға бағытталған арнайы дене жаттығулары.

Орта қашықтыққа жүгiру. 400-800 м қашықтықты баяу, бiрқалыпты және жылдамдықты үдете жүгiрiп өту; 800-1600 м-дi орташа екпiнде жүгiрiп өту.

Қысқа қашықтыққа жүгiру. Арнайы дене жаттығулары: кiбiртiктеп жүгiру (қайталаумен); жоғарғы сөреден (старттан) қайталап жүгiру; үдемелi жүгiрiстен еркiн жүгiруге ауысу; 30-50 м қиындыда бiрден орташа және бар шапшаңдықпен жүгiру. Төменгi сөре (старт). Сөрелiк екпiн алудан 50-60 м-лiк қиындыда қашықтықтығы жүгiрiске ауысу. 50-60 м-лiк қиындыдағы еркiн жүгiрiстен кейiн шапшаңдықты арттыру. Финиш сызығынан бар шапшаңдықпен жүгiрiп өту. Уақытты есептеп, бар шапшаңдықпен төменгi старттан 60,100 м-дi жүгiрiп өту. Эстафеталық жүгiрiс 4х100 м.

Екпiн алып ұзындыққа секiру. «Аяқты бүгу» тәсiлiмен екпiн алып ұзындыққа секiру техникасын жетiлдiру. Екпiн алу. Екпiн алудың нұсқалары: екпiн алу қашықтығының соңғы үштен бiрiнде шапшаңдықты бiртiндеп арттыру; екпiн алудың басталуында жүгiрудi жылдам жеделдету - осы шапшаңдықты қашықтықтың ортасында да сақтау - серпiлудiң алдындағы соңғы қадамдарда қайталап үдету.

Серпiлу. Екпiн алу қиындыларын (18-24 жүгiру қадамы) қайталап жүгiрiп өту - әрбiр бесiншi жүгiру адымында серпiлу; «бiрден жүгiру» - 15-20 м-лiк қиынды да орташа шапшаңдықпен екпiн алу – дәл белгiленген сызықтан серпiлу; «бiрден жүгiру» - 15-20 м-лiк қиынды да орташа шапшаңдықпен екпiн алу - серпiлетiн аяқпен тақтайшаға түсу. Оңтайлы шапшаңдықпен қысқа және қалыпты екпiн алудан секiру - серпiлу - сiлтейтiн аяқтың «старттағы жазылуы». Оңтайлы шапшаңдықпен қысқа және қалыпты екпiн алудан секiру - серпiлу - қолдардың белсендi әрекетi (iс-қимылы).

Ұшу және жерге түсу. Кең адымның қалпы, серпiлетiн аяқты сiлтейтiн аяққа тарту (жақындату), тiзелердi кеудеге таман көтеру; жерге түсуге дайындалу. Жинақталу, аяқтарды жазу, қолдар мен кеуденiң қалпы, жерге түскенде тепе-теңдiктi ұстау (сақтау). Нәтижелер мен техниканы есептей отырып секiру.

Екпiн алып биiктiкке секiру. «Адымдау» тәсiлмен биiктiкке секiру техникасын жетiлдiру. Екпiн алу. «Бiрден жүгiру» -5-9 жүгiру адымындай қиындыда үдетiп, екпiн алу. Және сiлтейтiн аяқ жағынан екпiн алу бұрышын есептей отырып, екпiн алу.

Серпiлу. Аз шапшаңдықпен еркiн екпiн алудан кейiн серпiлетiн аяқты қою. Екпiн алудың соңғы қадамдарын есептеп бөлу - серпiлетiн аяқты қою. Кергiден өту. Серпiлу аяқталғаннан кейiнгi аяқтардың қозғалысы; ұшу және кергiден өту сәтiндегi кеуде мен аяқтардың қозғалысы. Жерге түсу. Кергiден өтердегi және оған дейiн, жерге түсу сәтiндегi аяқтар мен қолдардың қозғалысы. Техника мен нәтижелердi есептей отырып секiру.

Гранатты, кiшi допты лақтыру. Лақтыру техникасының элементтерiн жетiлдiру. Екпiн алу. Жүгiру адымдарын бiртiндеп үдетiп екпiн алу. Арнайы - ұқсас жаттығулар. Баяу жүгiру - снаряд ұстаған қолды үшiншi-төртiншi лақтыру адымында тiке-артқа және доғаша артқа шығару. Жүгiру - аяқты бақылау сызығына қою. Жүгiру - аяқтарды айқастырып қою, айқасқан адымнан кейiнгi қимыл, дененiң “лақтыру алдындағы” қалпы. Техника мен нәтижелердi есептей отырып лақтыру.

Спорт ойындары

Баскетбол. Ойын техникасы элементтерiн жетiлдiру.

Алаңда қозғалу, бұрылу, секiру секiлдi тұрақты дағдыларды қалыптастыруға бағытталған арнайы дене жаттығулары.

Допты беру және лақтырулар. Бiр және екi қолмен қашыққа, дәлдiкке, жоғарыдан, төменнен, жаннан беру тәсiлдерi. Орнында және қозғалыста допты ұстау. Допты алып жүру. Сол және оң қолмен допты төмен және биiк алып жүру. Жоғары және төмен алып жүргенде қарсы ойыншыны айналып өту. Допты себетке орнынан, екпiн алып, секiрiп лақтыру. Ойын тактикасының элементтерi. “Позициялық” шабуыл кезiндегi шабуылшылардың iс-әрекетi. Қорғаныс: дербес, аймақтық. Ойыншының жеке iс-әрекетi. Допты қағып жiберу, жұлып алу тәсiлдерi.

Волейбол. Ойын тактикасының элементтерiн жетiлдiру. Алаңда ауысу, допты ойынға қосу және допты қабылдау, сондай-ақ шабуыл соққыларын орындау тәсiлдерi секiлдi тұрақты дағдыларды қалыптастыруға бағытталған арнайы дене жаттығулары. Допты ойынға қосу: тура жоғарылата, жоғарыдан, төменнен. Екi қолмен жоғарыдан беру және қабылдау; бiр қолмен төменнен; құламай және құлап бара жатып екi қолмен жоғарыдан; Шабуыл соққылары - қозғалыс қимылдарының фазалары: екпiн алу, секiру, соққы жасау қозғалысы, жерге түсу. Тосқауыл қою элементтерi. Шабуыл мен қорғаныс кезiндегi ойын тактикасының элементтерi. Ойыншының жеке iс-әрекетi. Допты ойынға қосу мен тосқауыл қоюдың тиiмдi тәсiлдерiн пайдалану.

Футбол. Ойын техникасының элементтерiн жетiлдiру. Ойыншылардың алаңда ауысуы, допқа ие болу секiлдi тұрақты дағдыларды қалыптастыруға бағытталған арнайы дене жаттығулары. Допқа ие болу: допты тебу, тоқтату, алып жүру, допты тартып алу, өрнектi ойындар. Аяқтың сыртқы бөлiгiнiң ортаңғы алқымымен ұшып келе жатқан допты тебу. Шоршығаннан кейiн, түсiп келе жатқан допты табанмен, ұшып келе жатқан допты аяқтың iшкi жағымен тоқтату. Табанның iшкi және сыртқы жағымен, аяқтың ұшымен алып жүру.

Өрнектi ойындар: табанмен тоқтатамын деп алдау, тебемiн деп алдау. Шабуылдау, қорғану кезiндегi ойын тактикасының элементтерi; Шабуыл мен қорғаныс кезiндегi ойыншының жеке iс-әрекетi.

Қол добы (гандбол). Ойын тактикасының элементтерiн жетiлдiру. Ойыншылардың алаңда ауысуы, допты алып жүру, беру және лақтыру секiлдi тұрақты дағдыларды қалыптастыруға бағытталған арнайы дене жаттығулары. Допты алып жүру. Допты жоғарыдан, жаннан; орнынан және қозғалыс кезiнде беру. Допты орнында тұрып және секiру кезiнде жоғарыдан бүгiлген қолмен беру. Қақпашаның әрекетi: тұрыстары, қозғалысы.

Гимнастика

Саптық жаттығулар. Лектегi саппен залда орын ауыстыру тәсiлдерi. Лектегi сапта қозғалыс бағытын ауыстыру. Лектегi ажырау, жақындау тәсiлдерi және залды айнала лектегi саппен жүргендегi бұрылулар.

Белтемiрдегi жаттығулар. Күшпен орындалатын жаттығулар: Асылып тұрған қалыптан күшпен көтерiлiп, таянып тұру. Асылудан күшпен артқа аударыла көтерiлiп, таянып тұру. жаттығу комбинациясын құрастыру үшiн элементтер: асылып тұрып орташа тербелiспен аяқты сiлтеу (қолды тұзақ-iлмекте ұстау); таянып тұрған қалыптан аяқтарды доғаша сiлтеп - сiлтеу кезiнде артқа секiрiп түсу; асылып тұрғанда аяқтарды сiлтеп тербелiп-иiлiп көтерiлу; таянып тұрғанда аяқтарды сiлтей, артқа айналым жасау.

Қос сырықтағы жаттығулар. Статикалық жағдайда күшпен және сiлтеу қозғалыстарын пайдаланумен орындалатын жаттығулар (қайталау, өтiлген материалдарды бекiту). Аяқтарды сiлтеумен орындалатын жаттығулар. Жаттығу комбинацияларын құрастыру үшiн элементтерi: қолдарға таянып тұрып аяқтарды сiлтеу; қолдарды бүгiп таяну-жазыла көтерiлiп, аяқтардың арасын ашып, отыру; аяқтардың арасын алшақ ұстап отырудан күшпен бүгiлiп, алға тоңқалаң асып, аяқтардың арасын ашып отыру; таянып тұрып аяқтарды сiлтей, артқа шалқая секiрiп түсу.

Бөренеде тепе-теңдiк сақтау жаттығулары. Бiр орында орындалатын жаттығулар: тұрудың әр түрлiлiгi, бiр аяқпен тұрып, тепе-теңдiк сақтау; таянудың әр түрлiлiгi (таянып отыру, таянып сол аяқпен отыру - оң аяқты артқа шығару; ұзына бойына таянып отыру; ұзына бойына тiрелiп отыру - қолдар жанда).

Тiрелу орнын алмастырып орындалатын жаттығулар: жүрудiң, (аяқтардың ұшымен, бүгiлген аяқтың тiзесiн биiк көтере, алға аттап басып); секiрулердiң, бұрылулардың (жартылай сiлтеп және толықтай сiлтеп бұрылулар) әр түрлiлiгi.

Әр түрлi биiктiктегi қос сырықтағы жаттығулар (қыздар). Жаттығу комбинациясын құрастыру үшiн элементтер: асылуда аяқтарды ие сiлтеу; төменгi сырықта отырып асылудан, бiр аяқты сiлтей, екiншiсiмен итерiле жоғарғы сырыққа артқа аударыла көтерiлу; жоғары сырықта таянып тұрудан төменгi сырықта жатып асылу жағдайына ауысу - оңға бұрылу, жоғары сырықтан оң қолмен ұстап оң санмен отыру; төменгi сырыққа сол қолмен тiреле бұрыш жасап отыру, оң қолмен жоғары сырықтан ұстау - оң қолды босата, сол жаққа бұрыла секiрiп түсу.

Тiрелiп секiру. Тiрелiп секiру техникасының элементтерiн жетiлдiру. Тұрақты дағдыларды қалыптастыруға, тiрелiп секiрудiң фазалық қозғалыс қимылдарын орындауға бағытталған арнайы дене жаттығулары: екпiн алу; көпiршеге секiрiп түсу; аяқпен серпiлу; қолмен итерiлуге дейiнгi ұшу; қолмен итерiлу; қолмен итерiлгеннен кейiнгi ұшу, жерге түсу. Қолдарды снарядтың қашық екiншi шетiне қойып, аяқтардың арасын ашып секiру (немесе көпiршеден снарядқа дейiнгi қашықтықты есептей кiшi ағаш аттан аяқтардың арасын ашып секiру - биiктiгi 130 см). Көпiршеден снарядқа дейiнгi қашықтықты есептемей, биiктiгi 130 см кiшi ағаш аттан аяқтардың арасын ашып секiру (қыздар).

Би мен еркiн жаттығулардың элементтерi бар акробатика. Жаттығу комбинациясын құрастыру үшiн элементтер (жасөспiрiмдер): жанға аунап түсу; қолға және басқа тұру; жинақталып алға және артқа тоңқалаң асу (екпiнмен 2-3 рет қатарынан); бiр аяқты сiлтеп, екiншi аяқпен итерiле қолға тұру (ұстап тұрмай-ақ) - жинақталып алға тоңқалаң асу; жинақталып алға созылып барып тоңқалаң асу.

Билердi, еркiн жаттығуларды және ырғақты гимнастиканы қыз балалар) құрастыру және оның элементтерi: адымдап секiру, жартылай және толықтай аяқты сiлтеп бұрылу; бiр аяқта тепе-теңдiк сақтау; жинақталып алға және артқа тоңқалаң асу; жауырынға тұру; көпiр-көпiрден тұрып кету; би қозғалыстарының адымдау, жүру, бұрылуларынан тұратын жаттығу комбинациялары; «қатты» және «жұмсақ» стильде орындалатын ырғақты гимнастиканың жаттығу кешендерi.

Өрмелеу. Уақытты есептеп биiктiгi 4м (жасөспiрiмдер) және 3,5 м (қыздар) арқанмен кез келген тәсiлмен өрмелеу.

Шаңғы дайындығы

Шаңғымен жүру тәсiлдерi. Бiр-екi шаңғы жүрiстерiнiң техникасын жетiлдiру. Алма кезек екi адымды жүрiс, бiр мезгiлдегi екi адымды жүрiс тәсiлдерiнде тұрақты дағдыларды орнықтыруға бағытталған арнайы дене жаттығуы. «Сырғанау адымымен», «шырша» тәсiлдерiмен беткей, қырға көтерiлу. Жоғарғы және төменгi тұрыста қырдан түсу. Шаңғымен жүгiру жағдайында тегiс емес қашықтықты (трасты) жүрiп өту тәсiлдерi. Шаңғымен бұрылу: «аттап басып», «соқамен», «тiрелiп». Шаңғымен жүгiру тактикасының элементтерi: жүрiстен жүрiске ауысу, серiгiн басып озу. Шамалы ойлы-қырлы жерлермен 1500-3000 м қашықтықты жүрiп өту (не шаңғы жаттығу жолында).

Жүзу

Жүзу тәсiлдерi. Тәсiлдердiң бiрiмен жүзу техникасының элементтерiн жетiлдiру. Кеудемен еркiн жүзу, брасс, жанмен жүзуде тұрақты дағдыларды қалыптастыруға бағытталған арнайы дене жаттығулары. Жүзудiң қолданбалы тәсiлдерi. Брасс: дененiң қалпы, қолдар мен аяқтардың қозғалысы, тыныс алу.

Жанмен жүзу: кеуденiң қалпы, қолдар мен аяқтардың қозғалысы, тыныс алу. Тереңге сүңгу тәсiлдерi: брасс және жанмен; қолдар мен аяқтардың қозғалысы, тыныс алу. Нәтижелерi есептей жүзудiң бiр тәсiлiмен 25 м қашықтықты жүзiп өту.

11 сынып

(аптасына 3 сағат, жылына102 сағат)


Жалпы және арнайы бiлiм негiздерi. Дене тәрбиесiнiң даму тарихының белгiлерi бойынша қалыптасқан дене жаттығуларын сұрыптау ерекшелiктерi. Гимнастиканың, ойындардың, спорт пен көңiл-көтерулердiң ағза жағдайына әсер ету ерекшелiктерi. Ағза жүйелерiнiң функционалды жағдайларына дене жаттығуларының әсер ету тиiмдiлiгiн анықтайтын факторлар: жаттығулар сипаты (циклды, күрделi үйлесiмдi); дене жүктемелерiнiң көлемi мен қарқындылығы. Дене жаттығуларының жан-жақты және iрiктеп әсер ету ерекшелiктерi. Денсаулықты нығайту және қасиеттерiн дамыту үшiн дене жаттығуларының әр түрiн дербес пайдалану тәжiрибесi.

Жеңiл атлетика

Жүгiру. Орта қашықтыққа жүгiру. 400-800м қашықтықты баяу, бiрқалыпты және жылдамдықты үдете жүгiрiп өту; 800-1600м-дi орташа екпiнде жүгiрiп өту. Қысқа қашықтыққа жүгiру. Төменгi сөре-сөреден екпiн алу. Әр түрлi қашықтықты жүгiрiп өткеннен кейiнгi мәре (финиш). 100 және 200м қашықтықта шапшаңдықты өзгертiп жүгiру. Нәтиженi есептей отырып, 3000м (жасөспiрiмдер) және 2000м (қыздар) қашықтықты бiрқалыпты және ауыспалы екпiнде жүгiру. 4х100м-ге топтық эстафеталық жүгiрiс.

Секiру. «Аяқты бүгiп», «адымдау» әдiстерiмен екпiн алып ұзындық пен биiктiкке секiру.

Лақтыру. Теннис добын (гранатты) екпiн алып қашықтыққа, орнынан нысанаға лақтыру.

Спорт ойындары

Баскетбол. Бұрын меңгерген элементтердi пайдалана отырып, допты алып жүру мен берудiң түрлiше техникалық тәсiлдерiн орындау. Ойын тактикасының элементтерi. Ойыншының шабуыл мен қорғаныс кезiндегi iс-әрекетi. Қорғаныс пен шабуылдау жағдайында бiр команда ойыншыларының өзара iс-қимылы (жарыс ережелерiне сәйкес екi жақты ойын барысында).

Волейбол. Допты ойынға қосу тәсiлдерi мен стратегиясы (қарсыластар алаңының түрлi аймақтарына (зоналарына) допты беру). Тор маңындағы қауiпсiздiк. Шабуыл соққыларына тосқауыл қою нұсқалары (түрлерi). Шабуыл мен қорғанысты ұйымдастыру кезiндегi ойыншылардың топтық және жеке тактикалық iс-әрекеттерi (жарыс ережесi бойынша екi жақты ойын барысында).

Футбол. Үйренген тәсiлдерiмен допты тебу және тоқтату (оның iшiнде баспен де, кеудемен де). Қарсыласты алдап өту; ойыншының қарсыласуы жағдайында допты тартып алу. Өрнектi қимылдар. Шабуыл мен қорғаныс кезiндегi ойын тактикасының элементтерi (аймақтық (зоналық), қорғанудың дербес түрлерi). Шабуылдау мен қорғаныс-тактикалық iс-әрекет (жарыс ережесi бойынша екi жақты ойын барысында).

Қол добы. Төрешiлiк ету ережесi. Ойын тактикасының элементтерi. Тактикалық iс-қимылдардың оңтайлы тәсiлдерiн меңгеру. Шабуыл мен қорғаныс жағдайларында ойыншылардың өзара iс-әрекетi. Ойыншылардың жеке iс-әрекетi: доп үшiн талас, «қақпаға бұзып-жарып өту», лақтыру. Шабуыл мен қорғанысты ұйымдастыру кезiндегi ойыншылардың топтық тактикалық iс-қимылы (жарыс ережесi бойынша екi жақты ойын барысында).

Гимнастика

Саптық жаттығулар. Залды айналып жүргенде бiр лектен екi, үш, төрт лекке қайта сапқа тұру. Лектегi саппен қозғалыс кезiнде бұрылулар жасау және араны ажырату (алшақтату).

Белтемiрдегi жаттығулар. Күшпен орындалатын жаттығулар. Асылудан күшпен көтерiлiп, таянып тұру; асылудан күшпен артқа аударыла көтерiлiп, таянып тұру. Жаттығу комбинациясын құрастыру үшiн элементтер: асылып тұрып аяқтарды сiлтеуден жазылып көтерiлiп, таянып тұру; таянып тұрғанда екi аяқты сiлтей, тiреле артқа аударылу; таянып тұрғанда аяқтарды доғаша сiлтей - сiлтеу кезiнде 90 градусқа артқа секiрiп түсу.

Қос сырықтағы жаттығулар. Статикалық жағдайда күшпен және сiлтеу қозғалыстарын пайдаланумен орындалатын жаттығулар (қайталау, өтiлген материалдарды бекiту). Жаттығу комбинациясын құрастыру үшiн элементтер: қолдарға таянып тұрып аяқтарды сiлтеу; қолдарға тiрелiп тұрып сiлтеу; қолдарға таянып тұрып сiлтеу - қолдарды бүгiп таяну-жазыла көтерiлiп, аяқтардың арасын ашып отыру; таянып тұрып аяқтарды сiлтей, артқа шалқая секiрiп түсу.

Бөренедегi теп-теңдiк сақтау жаттығулары (қыздар). Жаттығу комбинацияларын құрастыру үшiн элементтер: алға қозғала адымдап секiру; адымдап секiрiп тоқтау - бiр аяқта тұрып (сол немесе оң аяқта) тепе-теңдiк сақтау - қолдарды жанға, жоғары созу; бiр аяққа таянып отырып бұрылу; аяқты алға қаттырақ сiлтеп, керi айналу (бұрылу).

Әр түрлi биiктiктегi қос сырықтағы жаттығулар (қыздар). Жаттығу комбинациясын құрастыру үшiн элементтер: аяқтарды ие сiлтеу; жоғары сырыққа асылудан, аяқты бүге секiрiп, төменгi сырыққа асыла жату; төменгi сырықта отырып асылудан - бiр аяқты сiлтей, екiншiсiмен итерiле жоғарғы сырыққа артқа аударыла көтерiлу; жоғары сырықта таянып тұрудан төменгi сырықта жатып асылу жағдайына ауысу; жоғары сырықтан оң қолмен ұстап оң санмен отыру; төменгi сырыққа сол қолмен тiреле бұрыш жасап отыру - оң қолды босата, кейiн бұрылып секiрiп түсу (сол қолды айнала).

Тiрелiп секiру. Қолдарды снарядтың екiншi қашық шетiне қойып, аяқтардың арасын ашып аттан (биiктiгi 130 см) секiру немесе көпiршеден снарядқа дейiнгi қашықтықты есептеп кiшi ағаш аттан аяқтардың арасын ашып секiру (жасөспiрiмдер). Көпiршеден снарядқа дейiнгi қашықтықты есептемей, биiктiгi 130 см кiшi ағаш аттан аяқтардың арасын ашып секiру (қыздар).

Би мен еркiн жаттығудың элементтерi бар акробатика. Жаттығу комбинациясын құрастыру үшiн элементтер (жасөспiрiмдер): жанға аунап түсу; бiр аяқты сiлтей және екiншiсiмен итерiле қолға тұру (ұстап тұрмай-ақ) - жинақталып алға тоңқалаң асу; таянып отырған қалыптан, қолдар мен басқа күшпен тұру; жинақталып, екпiнмен алға және артқа екi рет тоңқалаң асу.

Жаттығу комбинациясын құрастыру үшiн элементтер (қыздар): бiр аяқпен тепе-теңдiк сақтау (“қарылғаш”). Тiрелiп отырған қалыптан жинақталып алға тоңқалаң асып аяқты жазы

п отыру - кеуденi аяқтарға қарай еңкейту; отырған қалыптан артқа аударылып, жауырынмен тұру; тiрелiп отырған жағдайдан артқа тоңқалаң асып, бiр тiземен таянып отыру; қолдарды жанға созып жартылай шатқа отыру; сандарға жатып таяну; таянып отыру - шалқайып жоғары қарай секiру.

Ырғақты гимнастика. Музыканың сүйемелдеуiмен ЖДЖ (8-10 жаттығу) кешенiн орындау; тақырыптық немесе сюжеттiк би кешенiн құрастыру.

Өрмелеу. Уақытты есептеп биiктiгi 4м (жасөспiрiмдер) және 3,5м (қыздар) арқанмен кез-келген тәсiлмен өрмелеу.

Шаңғы дайындығы

Шаңғы жүрiстерi. Бiр-екi шаңғы жүрiстерiнiң техника элементтерiн жетiлдiру. Шаңғымен жүгiру тактикасының элементтерi: жүгiру жағдайы мен шаңғы жолының бедерiне байланысты жүрiстен жүрiске ауысу; қашықтық кезiнде күштi дұрыс бөлу; басып озу, алда жүру; мәре сызығын қиып өту. Уақытты есептеп 5000м-дi (жасөспiрiмдер) және 3000м-дi (қыздар) жүрiп өту.

Кросс дайындығы. 3000м-дi (жасөспiрiмдер) және 2000 м-дi (қыздар) ойлы-қырлылығы аз жерлермен жүгiрiп өту тактикасын меңгеру.

Жүзу

Жүзу тәсiлдерi. Кеудемен еркiн жүзу, брасс тәсiлдерiмен жүзу техникасының элементтерi. Жүзу мен сүңгудiң қолданбалы түрлерi. Уақытты есептемей бұрын меңгерген тәсiлдермен 3х50м-ге кешендi түрде жүзу (жасөспiрiмдер). Уақытты есептемей 50м қашықтықты кез-келген тәсiлмен жүзiп өту (қыздар).


ІІІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ БІЛІМ, БІЛІК ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Бағдарлама тараулары бойынша сағаттарды бөлу
(10-сынып)
1-қосымша

Бағдарламаның бөлiмдерi

Бағдарламаның тараулары

Сағаттар саны


Негiзгi (базалық)



1. Жеңiл атлетика

17

2. Спорттық ойындар

23

3. Гимнастика

15

4. Шаңғы дайындығы**

11

5. Жүзу***

11

Негiзгi бөлiм бойынша барлығы

77

Өзгермелi

1. Аймақтың климат жағдайына байланысты


25




2. Мұғалiмнiң қалауы бойынша

Өзгермелi бөлiм бойынша барлығы

25

Оқу жылы iшiндегi сағат саны

102


Ескерту:

** - жекелеген қарсыз аймақтарда шаңғы дайындығы сабақтарын дала жарысымен (кросс дайындығы) алмастыру ұсынылады;

*** - сусыз аймақтарда жүзу сабақтарын гимнастика (ырғақты, атлетикалық) сабақтарымен алмастыру ұсынылады.



10-сынып оқушыларының дене даярлығын бағалау үшiн оқу нормативтерi
2- қосымша




Қозғалыс сынақтарының түрлерi

Өлшем бiрлiгi

Бағалар





Ер балалар

Қыз балалар

3

4

5

3

4

5

100 м-ге жүгiру

с

15.00

14.5

14.2










3000 м-ге жүгiру

мин,с

16.30

15.00

13.00










2000 м-ге жүгiру

мин,с










12.40

11.40

10.10

Бiр орыннан ұзындыққа секiру

см

160

180

205

140

160

190

Белтемiрде тартылу

саны

8

10

12










Бастапқы шалқалап жату қалпынан дененi көтеру

1 минут iшiндегi саны










35

40

45

Шаңғымен 3000 м-ге жүгiру

мин,с

21.00

20.00

19.00

23.30

21.30

20.30

Шаңғымен 5000 м-ге жүгiру

Уақыт есептелмейдi


25 м-ге жүгiру

с

52.00

50.00

48.00

56.30

54.30

52.00


Гранат лақтыру (700/500)

м

22.00

26

32

11

13

18



Бағдарлама тараулары бойынша сағаттарды бөлу
(11-сынып)

1-қосымша


Бағдарламаның бөлiмдерi

Бағдарламаның тараулары

Сағаттар саны


Негiзгi (базалық)



1. Жеңiл атлетика

17

2. Спорттық ойындар

23

3. Гимнастика

15

4. Шаңғы дайындығы**

11

5. Жүзу***

11

Негiзгi бөлiм бойынша барлығы

77

Өзгермелi

1. Аймақтың климат жағдайына байланысты


25




2. Мұғалiмнiң қалауы бойынша

Өзгермелi бөлiм бойынша барлығы

25

Оқу жылы iшiндегi сағат саны

102


Ескерту:

** - жекелеген қарсыз аймақтарда шаңғы дайындығы сабақтарын дала жарысымен (кросс дайындығы) алмастыру ұсынылады;

*** - сусыз аймақтарда жүзу сабақтарын гимнастика (ырғақты, атлетикалық) сабақтарымен алмастыру ұсынылады.



Дене даярлығын бойынша 11-сынып оқушылары үшiн Президент тестерiндегi сынақ түрлерi мен нормативтерi
2- қосымша




Сынақ түрлерi

Өлшем бiрлiгi

Даярлық деңгейiнiң нормативтiк талаптары





Президенттiк

Ұлттық

Ер

балалар

Қыз балалар

Ер балалар

Қыз балалар

100 м-ге жүгiру

с

12.6

15.00

13.00

15.50

1000 м-ге жүгiру

мин,с

-

4.00

-

4.30

3000 м-ге жүгiру

мин,с

11.00

-

12.00

-

Бiр орыннан ұзындыққа секiру

см

265

205

140

160

190

Белтемiрде тартылу

саны

18


-

15

-

Бастапқы шалқалап жату қалпынан дененi көтеру

1 минут iшiндегi саны

-

50

-

45

5 км шаңғымен жүру

мин,с

22.30


-

23.30

-

3 км шаңғымен жүру

мин,с

-

15.30

-

16.30


6 минут iшiнде жүру-жүгiру

м

1700

1350

1550

1240


25 м-ге жүзу

с

40

50

50

1 мин00с

Кiшi калибрлi винтовкадан (пневатикалық) ату (5 рет)

ұпай

42

40

38

36



ІҮ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Осы бағдарлама теориялық, әдістемелік және практикалық тарауларды қарастырады. Дене тәрбиесінің қазіргі тұжырымдамасына тән белгілердің бірі оқушының дене тәрбиесін ойдағыдай қалыптастырудың жағдайын анықтаушы есебінде білім беру бағытының рөлін арттыру жағына басымдық берілуде.

Тренинг (немесе белсенді демалыс) сөзсіз басты болып табылатын оқушылар дене тәрбиесінің өзге де түрлерінің аясында дене шынықтырудың интеллектуалды компоненті қажетті болып табылады.

Ұйымдасқан түрде өткізілетін, сондай-ақ, әсіресе дербес жүргізілетін жаттығу сабақтарының тиімділігі себепті-қажеттілік саласының қалыптасуына және осы интеллектуалды компоненттің басты құраушысы болып табылатын арнайы білімдердің деңгейіне тікелей тәуелді болып келеді.

Сөйтіп, мұғалім әрбір кезеңнің басталуында сабақтың міндеттерін, қайсыбір қимыл-қозғалыстарды және оған сәйкес келетін жүктемелерді теориялық тұрғыдан негіздеу үшін уақыт бөлуі тиіс. Алайда, сабақтың өту тығыздығына қойылатын талаптарды есептей отырып, мұғалім пәнаралық байланыс жүйесін пайдалануы, әріптес пән мұғалімдерімен (бәрінен бұрын адам анатомиясы мен физиологиясы, валеология, биология, өмір қауіпсіздігі негіздері, алғашқы әскери даярлық, физика, химия, әдебиет және басқа пәндердің) бірлесе қайсыбір оқу пәндері тұрғысынан дене жаттығуларының сауықтыру мәнін сипаттайтын мысалдарды дайындауы керек.

Дайындықтың әрбір түрі әдістемелік сабақ түрінде басталуы тиіс. Ол жеке тұлғаның қасиеттерін қозғалыс қабілеттерінің деңгейін көтеру, денені жетілдіруге қол жеткізу мақсатында дене шынықтыру мен спортта дербестікті дамытуға себепші болатын оқу, кәсіби және өмірлік мақсаттарға жету үшін дене шынықтыру-спортық қызметтің әдістері мен тәсілдері жөнінде түсініктерді кеңейтеді. Осында дене жаттығуларымен шұғылдану кезінде өзін-өзі бақылау әдістері жөнінде де білім беріледі.

Бағдарламаның практикалық тарауын жүзеге асыруда дене тәрбиесіне үйретудің міндетті компоненті жаттығудың сыныптық-сабақтық жағдайына жеке типологиялық тұрғыдан келу. Бұның жалпы практикада қолданылып жүрген сыныпта немесе топта мұғалімнің «орташа балаға» бағыт ұстауынан көп айырмашылығы бар. Осы тұрғыдан келу айналмалы жаттығу әдісімен қамтамасыз етіледі.

Көптеген зерттеулер жақсы дене дайындығы бар, тіпті қолданбалы іскерліктер мен дағдыларға ие болған балалар мен жастар үлкен әлеуметтік батылдыққа ие екендігін көрсетеді. Олар жаңа ұжымда, таныс емес жағдайларда дұрыс шешімді жылдам қабылдайды. Сондықтанда бағдарламаның міндетті бөлімі қолданбалы дене дайындығы болып табылады.




Похожие:

Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дене шынықтыру оқу бағдарламасы 10-11 сыныптар қоғамдық гуманитарлық бағыт iconҚоғамдық-гуманитарлық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы №3 хаттама)
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дене шынықтыру оқу бағдарламасы 10-11 сыныптар қоғамдық гуманитарлық бағыт iconЖобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дене шынықтыру оқу бағдарламасы 10-11 сыныптар қоғамдық гуманитарлық бағыт icon12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дене шынықтыру оқу бағдарламасы 10-11 сыныптар қоғамдық гуманитарлық бағыт iconОқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дене шынықтыру оқу бағдарламасы 10-11 сыныптар қоғамдық гуманитарлық бағыт icon2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы №3 хаттама)
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дене шынықтыру оқу бағдарламасы 10-11 сыныптар қоғамдық гуманитарлық бағыт icon2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы №3 хаттама)
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дене шынықтыру оқу бағдарламасы 10-11 сыныптар қоғамдық гуманитарлық бағыт iconҰсыныстар беру үшін Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы Әзірлеген және ҰсынғАН
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дене шынықтыру оқу бағдарламасы 10-11 сыныптар қоғамдық гуманитарлық бағыт icon12 жылдық бастауыш мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 27 ақпандағы №1 хаттама)
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дене шынықтыру оқу бағдарламасы 10-11 сыныптар қоғамдық гуманитарлық бағыт icon12 жылдық негізгі орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 27 ақпандағы №1 хаттама)
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дене шынықтыру оқу бағдарламасы 10-11 сыныптар қоғамдық гуманитарлық бағыт icon12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 27 ақпандағы №1 хаттама)
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дене шынықтыру оқу бағдарламасы 10-11 сыныптар қоғамдық гуманитарлық бағыт iconТәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылған (2013 жылғы 27 ақпандағы №1 хаттама)
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы