|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ МАТЕМАТИКА ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 1-4 сыныптар Астана – 2010 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ МАТЕМАТИКА жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ Астана – 2010 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген Бағдарлама авторлары: Оспанов Т.Қ., Ералиева М.Е., Құрманалина Ш.Х., Әлдібаева Т.Ә. Жалпы білім беретін мектептің 1-4 сыныптарына арналған «Математика» оқу бағдарламасы.– Астана, 2010. – 28 б.© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы, 2010I. ТҮСІНІК ХАТ Жалпыға міндетті орта жалпы білім беру стандартына сәйкес «Математика» оқу пәні өзінің дербестігін сақтай отырып, «Математика» білім беру саласының мазмұнына енеді. Математика – мазмұнына сандар мен оларға қолданылатын амалдарды, шамаларды, есептерді, алгебра, геометрия элементтерін біріктірген, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні. Бастауыш білім берудің базалық пәні болып табылатын математика, бір жағынан, өзге пәндерді (информатика, қоршаған орта, көркем еңбек, т.б.) оқытудың алғышартын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады. Бастауыш мектеп математикасы негізгі орта мектеп математикасының табиғи бір бөлігі болып табылады. Бұл бастауыш мектепте математиканы оқытудың төмендегідей мақсаты мен міндеттеріне жетудің қажеттілігін қамтамасыз етеді. Мақсаты::
Міндеттері:
Оқу бағдарламасы оқу материалының мазмұнын және пәннің құрылымын іріктеудің төмендегідей негізгі ұстанымдарына сүйенеді: ғылымилық, білім берудің үздіксіздігі, іс-әрекеттік, пәнішіндік және пәнаралық интеграция, қолжетерлік, оқушылардың дара жетістіктері мен шығармашылығын ескеру. Ғылымилық ұстанымы кіші жастағы оқушылардың күнделікті өмірде және оқу барысында ғылыми терминдер мен ұғымдарды меңгеру және қолданысқа енгізу үшін қажетті жағдайлар жасауды көздейді. Үздіксіздік ұстанымы мектепке дейінгі дайындық, бастауыш және негізгі мектеп («Математика» 5-6 сыныптар) математикасы курсындағы барлық мазмұндық-әдістемелік желілердің ретімен дамуын қамтамасыз етеді, оқытудың әдіснамасы, мазмұны, әдістемесі мен технологиясы деңгейінде оқытудың барлық сатылары арасындағы сабақтастықты білдіреді. Іс-әрекеттік ұстанымы математикалық ұғымдар мен амал-тәсілдерін саналы әрі берік игеруге арналған негізді қамтамасыз етеді. Оқушыларды белсенді оқу-танымдық іс-әрекетке тарту арқылы жаңа білімді «ашуға», өзін-өзі бағалау мен өз әрекетін бақылауды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Пәнішілік интеграция ұстанымы математикалық білім беру мазмұнын құрайтын сан және өрнек, теңдеулер мен теңсіздіктер, функциялар, геометриялық фигуралар және геометриялық шамаларды өлшеу, ықтималдық теориясы мен статистика элементтері деп аталатын мазмұндық желілер арасындағы табиғи бірлікті қамтамасыз етеді. Пәнаралық интеграция әлемнің біртұтас бейнесін оқушыларда қалыптастыруға мүмкіндік береді, олардың әр түрлі оқу пәндердің өзара байланысын саналы түрде түсiнулерiне көмектеседі. Осы ұстанымның маңызды компоненті қарым-қатынас жасаудың ерекше құралы ретіндегі математикалық тілге үйрету болып табылады. Қолжетерлік ұстанымы баланың жас ерекшелігін ескеруді және психологиялық жағдай туғызуды, жетістікке жетуді, тілектес болуды көздейді, бастауыш мектеп математикасын оқыту барысында оқушының жеке білім беру траекториясы бойынша өз қозғалыс бағытын сезінуіне көмек береді. Оқушының жеке ерекшеліктерін ескеру ұстанымы қиындық деңгейі әр түрлі тапсырмаларды, оқытудың тұлғалық-маңызды мотивтерін қалыптастыратын өздік, зерттеу және жобалық жұмыстарды қолдануды көздейді, тиімді оқыту технологияларын және оларды бейімдеу деңгейін іріктеуге, әр түрлі іс-әрекетті (жасау, түрлендіру, алгоритмдік және шығармашылық) ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Шығармашылық ұстанымы оқушылардың өз бетімен стандартты емес, шығармашылық, логикалық есептердің шешуін табу қабілеттерін қалыптастыруды, жаңа амал-тәсілдерді «ашуды», практикалық бағыттағы тапсырмаларды орындауды көздейді. Пән бойынша оқу жүктемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында ұсынылған типтік оқу жоспарына сәйкес 1-4 сыныптардағы «Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 1 сынып - аптасына 4 сағат, барлығы 136 сағат. 2 сынып - аптасына 4 сағат, барлығы 136 сағат. 3 сынып - аптасына 5 сағат, барлығы 170сағат. 4 сынып - аптасына 5 сағат, барлығы 170сағат. «Математика» оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі Бастауыш сыныптардағы математиканың вариативті мектептік компоненті пәнді тереңдете оқытуға бағытталған. Пәнді тереңдете оқыту математиканың бастауыш курсының негізгі математикалық мазмұнын кеңейту арқылы мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін: стандартты емес және қызықты есептерді, қиындығы жоғары есептерді шешу; тиімді есептеу тәсілдері; сандардың бөлінгіштігі; ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың элементтері және т.б. Вариативті оқушылық компоненті стандарт деңгейінде бағдарлама мазмұнын меңгеру барысын түзетуді көздейді. ІІ. БІЛІМНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ 1 сынып (аптасына – 4 сағаттан, барлығы –136 сағат) Қарапайым түсініктер (16 сағат) Заттарды санау (Қанша? Неше? Нешеу?) Заттарды әр түрлі белгілеріне (түci, өлшемі, пішіні) қарай салыстыру (бірдей, әр түрлі, дөңгелек, үшбұрыш, шаршы). Заттарды ұзындығына қарай салыстыру (ұзын-қысқа, биік-аласа, қалың- жұқа). Ұзындықты өлшеу. Заттардың екі тобын салыстыру (артық кем, сонша). Кеңістік туралы түсінік (жоғарыда, теменде, сол жакта, он, жакта, астында, устінде, арасында, қатар, алдында, артында және т.б.). Қозғалыс бағыты (солдан оіңға қарай, оіңнан солға қарай, жоғарыдан төмен қарай, төменнен жоғары қарай). Уақыт аралығы туралы түсінік (бұрын, кейәін, алдымен, содан кейін, сонан соң, соған дейін). Заттарды санау (Heшінші?), апта күндерінің, жыл мезгілдерінің, айдың атаулары және peтi. Біріктірy және бөліп алу. Сызықтар (түзу, қисық сызық, тұйықталған қисық сызық тұйықталмаған қисық сызық). Нүкте. Сәуле. Бұрыш. Keciнді және оны сызу. Кесіндінің ұзындығын өлшеу (сантиметр). Фигураны бөліктерге бөлу және құрастыру. Он көлеміндегі сандар (36 сағат) Заттарды санаудың, кесіндінің ұзындығын өлшеудің және амалдың нәтижесі ретіндегі сан жөнінде түсінік. Цифр санды жазып қорсету ушш қолданылатын таңба. 1-ден 10-ға дейін сандардың атауы, peтi және жазылуы. Нөл саны мен оның жазылуы. Сандарды салыстыру. Салыстыру танбалары (=,<,>). Бір таңбалы сандардың қатары. Он - екі таңбалы сан. Амалдардың менмағынасы және атаулары (қосу және азайту) және олардың белгіленуі ("+" және "" танбалары). Сандарды және сәйкес шамаларды (ұзындыктарды) қосу және азайту. Санды теңдіктер мен теңсіздіктер. Тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктер. Санды тендіктер мен теңсіздіктерд іқұру және оқу. Бір амалдан тұратын санды өрнек құру, оқу, жазу және оның мәнін табу. Өрнек. Өрнектің мәні. Қосылғыштар. Азайткыш. Азайғыш. Қосынды. Айырма. Қосындының және айырманың мәні. Қосудың ауыстырымдылық қасиеть Қосумен азайту өзара кepi амалдар. Өрнектерді салыстыру. Кестелеп қосу және азайту (63 сағат) Санды және әріпті өрнектер. Құрамында бip әріп болатын өрнектерді құру, жазу, оқу және олардың мендерін табу. Тендеу. Қарапайым тендеулер құру және шешу ("сынап керу" әдісімен). 2, 3, 4... , 10 сандарының құрамы және олардың әркайсысының сәйкес құрамдарға жіктелуі. Есептеу тәсілдері: а) натурал сандар қатарының негізгі қасиеті уралы білім негізінде қосу және азайту; ә) санның құрамы жайындағы білім негізінде қосу және азайту; б) сандар қатары көмегімен қосу және азайту; в) өзінің ауыстырымдылық қасиетіне негізделген қосу; г) қосудың сәйкес жағдайы жайындағы білім негізінде азайту. 10 көлеміндегі қосу кестесі және азайтудың оған сәйкес жағдайлары. 3-3; 3-0; 0+3; 3+0 түріндегі қосу және азайту. Есеп математикалық жаттығулардың ерекше түpi. Есептің мәнді белгілерін тағайындау. Есептің құрамды бөліктері және оны шешу үдерісінің кезеңдері. Қосуға және азайтуға берілген жай есептерді құру және шығару (қосындыны және қалдықты табу; берілген саннан бірнеше бірлік артық немесе кем санды табу; бip санның екінші саннан қанша бірлік артық немесе кем екенін анықтау). Kepi есеп. Өзара кepi есептер. Есептерді салыстыру және түрлендіру. Геометриялық фигуралар (төртбұрыш, бесбұрыш, алтыбұрыш). Көпбұрыштың төбeci, бұрышы және қабырғасы жайында түсінік. Геометриялық фигураларды салыстыру және оларды бip-бірінен ажырату. Кесінділердің ұзындықтарын салыстыру. Кесінділердің қосындысы мен айырмасы. Кесінді сызу. Кесіндінің ұзындығын арттыру және кеміту. Бір сағатқа дейінгі дәлдікпен уақытты анықтау. Толық ондықтар. Жүз. (11 сағат) Ондықты шығарып алу. Ондықтың санаудың жана бірлігі екендігі жайында түсінік. Ондықтармен санау. Ондықтардың атаулары, peтi, оқылуы, жазылуы. Ондықтарды салыстыру. Ондықтарды және сәйкес шамаларды (ұзындықтарды) қосу және азайту. Заттардың және кесінділердің ұзындықтарын салыстыру. Дециметр және оның сантиметрмен ара-қатынасы. Еркін өлшеммен көпбұрыш сызу. Геометриялық фигуралардың қиылысу нүктелерін табу. Көпбұрыштың кабырғаларының ұзындықтарын өлшеу. Ондықтарды қосуға және азайтуға берілген жай есептер құру және шығару. Қайталау (10 сағат) Санау, сандарды оқу, жазу және салыстыру; ұзындыкты салыстыру және өлшеу; фигураларды бip-бірінен ажырату; кесінділер сызу; кестелік қосу және азайту; ондықтарды қосу және азайту; өрнектер, теңдіктер және теңсіздіктер; теңдеу және оны шешу; есептер шығарту; баланың білім деңгейін анықтау. 2 сынып (аптасына –4 сағаттан, барлығы – 136 сағат) Жүз көлеміндегі сандар (104 сағат) Сандарды оқу, жазу, салыстыру, қосу және азайту (12 сағат); Ондықтан аттап ауызша қосу және азайту (24 сағат); Ондықтан аттап жазбаша қосу және азайту (20 сағат). Кестелік қосу және азайту (28 сағат); Ондықтан аттап ауызша қосу және азайту (20 сағат); Бірліктермен және ондықтармен санау. 0-ден 100-ге дейінгі сандардың аталуы, peri және жазылуы. Екі таңбалы сандар. Екі таңбалы сандарды салыстыру. Екі таңбалы сандардың ондық құрамы және олардың сәйкес жіктелуь Амаддарды орындаудың рет тәрттбі. Жақшалар. Екі амалдан (қосу және азайту) тұратын санды өрнек құру, жазу, оқу, мәнін табу. Өрнектерді салыстыру. Қосу және азайту. Өзара кepi амалдар. Қосудың қасиеттері (ауыстырымдылық, терімділік). 100 көлеміндегі сандарды және сәйкес шамаларды ауызша және жазбаша қосумен азайту. Қосуды және азайтуды тексеру. Есептеу тәсілідерк санды беліктері бойынша қосу және азайту; сандардың ондық құрамы жайындағы білімге негізделген қосу және азайту; санның бip таңбалы Екі санның қосындысы түріндегі құрамы жайындағы білімге негізделген қосужәне азайту; қосудың сәйкес жағдайы жайындағы білімге негізделген азайту; сандардың разряд бірліктері бойынша қосу және азайту. 20 көлеміндегі сандарды қосу кестесі және азайтудың сәйкес жағдайлары. Бір таңбалы санды немесе ондықтарды және екі таңбалы санды қосужәне азайту. Ондықтан аттамайтын және аттайтын жағдайлардағы ауызша және жазбаша қосу мен азайту. Қосу мен азайтуға берілген жай есептерді құру және шығару (бұрыннан белгілі негізгі түрлері және белгісіз қосылғышты, азайғышты және азайткышты табуды қосындыны және қалдықты табу есептеріне кepi есептер ретінде қарастыру). өзара кepi жай есептер құру және шығару. Олардың шешулерін салыстыру. Екі амалмен (қосу және азайту) шығарылатын есептер. Екі амалмен шығарылатын есептерді салыстыру және түрлендіру. Бір әріпі бар құрылысы күрделірек өрнек және оның мәнін табу. Осындай өрнектерді салыстыру. Теңдеу. Қарапайым тендеулер құру және шешу. Геометриялық фигуралар (тік сүйір және доғал бұрыштар, көпбұрыш, тік төртбұрыш (шаршы), сынык сызык тұйықталған және түйықталмаған сынык сызыктар) және оларды салу. Көпбұрыштың периметрі. Тк төртбұрышты (шаршыны) геометриялық ұғым ретіңде анықтау және оның қасиеттері. Уақыт аралығы туралы қарапайым түсінік. Минут, сағат, тәуілік, апта, ай, жыл, мүшел, ғасыр және олардың арақатынасы. Сыйымдылық туралы түсінік. Литр. Масса туралы түсінік. Килограмм. Ұзындықты өлшеу. Метр, оның дециметрмен және сантиметрмен арақатынасы. Қарапайым шамаларды (масса, ұзындық сыйымдылық) салыстыру. Мың көлеміндегі сандар (24 сағат) Сандарды оқу, жазу және салыстыру (12 сағат); Қосужәне азайту (12 сағат). Жүздікті шығарып алу. Жүздіктердіің санаудың жаңа бірлігі екендігіжайында түсінік. Жүздіктермен санау. Толық жүздіктердің атаулары, peri, окылуы және жазылуы. Жүздіктермен, ондықтармен және бірліктермен санау. Үш таңбалы сан және оның ондық құрамы. Үштаңбалы сандарды салыстыру. 1000 көлеміндегі сандарды оқу және жазу. Үш таңбалы сандарды және сәйкес шамаларды қосумен азайту. Қосу және азайту өзара кepi амалдар. Қосуды, азайтуды тексеру. Есептеу тәсілдері: 100 көлеміндегі сандармен орындалатын амалдарға келтіру аркылы қосужәне азайту; кестелік жағдайларға келтіру аркылы қосужәне азайту; разряд бірліктері бойынша қосу және азайту; сандардың ондық құрамы жайындағы білімге негізделген қосу және азайту. Шамалар, оларды өлшеу және салыстыру (өлшем бірліктері: уақыт секунд, ұзындык километр, масса грамм, центнер, тонна); бip ғана шаманың өлшем бірліктерінің ара қатынасы. Тендеу. Қарапайым тендеулер құру және оларды туратендіктердің, озара Kepi амалдардың қасиеттеріне сүйеніп шешу. Көбейту және бөлу амалдарын енгізуге дайындык (бірдей қосылғыштардың қосындысын табумен, тиісінше және теңдей бөлумен байланысты практикалық жұмыстар). Қайталау (8 сағат) Сандарды оқу, жазу, салыстыру және жжтеу; шамалар және оларды салыстыру, өлшеу; кестелік қосу және азайту; кестеден тыс қосу және азайту; есеп және оны шығару тәсілдері; алгебраның және геометрияның элементтері; оқушылардың білім денгейін анықтау.
(аптасына –5 сағаттан, барлығы – 170 сағат) Мың көлеміндегі сандар. Мың көлеміндегі сандарды қосу және азайту (қайталау) (4 сағат) Мың көлеміндегі сандарды көбейту және бөлу (22 сағат) Амалдардың мән-мағынасы және атаулары (көбейту мен бөлу) және олардың белгшенуі ("х және :" таңбалары). Көбейту мен бөлу, өзара кepi амалдар. Бip амалдан (көбейту немесе бөлу) тұратын санды өрнек құру, оқу, жазу және мәнін табу. Көбейткіштер. Бөлінгіш. Бөлгіш. Көбейтінді және бөлінді. Көбейтіндінің және бөліндінің мәні. Көбейтудің (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік) қасиеттері. Көбейтуді және бөлуді тексеру. Қосындыны санға көбейту және бөлу. Қалдықпен бөлу және оны тексеру. Есептеу тәсілдері: еселеп қосу арқылы көбейту; көбейтудің ауыстырымдылық қасиетіне негізделген көбейту; көбейтудің сәйкес жағдайы туралы білімге негізделген бөлу; 0 мен 1 сандарының қасиеттеріне негізделген көбейту және бөлу; амалдардың қасиеттеріне, яғни қосындыны санға көбейту мен бөлуге негізделген көбейту және бөлу; бөліндінің мәнін "сынап керу" тәсілімен табу. Кестелік көбейту және бөлу (55 сағат) Ауызша көбейту және бөлу (50 сағат) Жазбаша көбейту және бөлу (29 сағат) Бір таңбалы сандарды көбейту кестесі және бөлудің сәйкес жағдайлары. Көбейту мен бөлудегі 0 мен 1 қасиеттері. Нөлге бөлудің мүмкін еместігі. Ондықтарды және сәйкес шамаларды бip таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу. Ондықты ондыққа ауызша бөлу. Екі таңбалы санды бip таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу. Екі таңбалы санды екі таңбалы санға "сынап керу" тәсілімен бөлу. Екі таңбалы санды бip таңбалы санға калдықпен бөлу Көбейтуге және бөлуге берілген жай есептерді құру және шығару: бірдей қосылғыштардың қосындысын табу, тиісінше және теңдей бөлу, саннан бірнеше есе артық немесе кем санды табу, бip санның екінші саннан неше есе артық немесе кем екенін табу, белгісіз көбейткішті, бөлгішті және бөлінгішті табу, санның үлесін табу және үлесінің мөлшері бойынша санды табу, негізгі топтағы шамалар арасындағы тәуелділік; өзара кepi жай есептер құру және шығару. Жай есептерді салыстыру және түрлендіру. Қосу, азайту, көбейту және бөлуге берілген 23 амалмен шығарылатын есептерді шешу. 23 амалмен шығарылатын есептерді салыстыру және түрлендіру. Yш таңбалы сандарды және сәйкес шамаларды бip таңбалы санға көбейту және бөлу. Есептеудің
Санның квадраты және кубы жөнінде тусшік. Осындай санды өрнектер құру, оқу, жазу және олардың мәндерін табу. Тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін табудың әр түрлі тәсілдері. Геометриялық фигураларды әріптермен бөлгілеу. Аудан жөнінде түсінік. Фигураның ауданын табу. Ауданның бірлігі -сантиметр квадрат (см2). Палетканың кемегімен ауданды табу. Тік төртбұрыштың (шаршының) ауданы және оны квадрат сантиметрмен өлшеу. Бір әріп, бөлу және көбейту амалдарымен байланысты қарапайым өрнек құру, оқу, жазу. Құрылымы күрделірек санды және әріпті өрнектердің мәндерін табу. 23 амалдан тұратын (жақшалы және жақшасыз) өрнектердегі амалдарды орындаудың рет тәртібі. Тендеу. Қарапайым тендеулер құру және оларды тура теңдіктердің, өзара кepi амалдардың қасиеттеріне сүйеніп шешу. Қарапайым теңдеулерді жай есептердің мазмұны бойынша құру. Шамалар. Оларды өлшеу және салыстыру. Шамалар арасындағы тәуелділік жөнінде түсінік (бағасы, саны және кұны, бip заттың массасы, заттың саны және жалпы массасы). Кубтың көлемі жөнінде түсінік. Көлемнің өлшем бірлігі - куб сантиметр (см3). Қайталау (10 сағат) Сандарды және шамаларды оқу, жазу және салыстыру; кестелік қосумен азайтуды және көбейту мен бөлу; есептер шығарту; алгебра мен геометрия элементтері.
(аптасына –5 сағаттан, барлығы –170 сағат) Қайталау (25 сағат) Натурал сандар және нөл. Сандар және шамалар, олармен жүргізілетін амалдар. Көптаңбалы сандар, оларды оқу, жазу және салыстыру. Сандарға және өрнектерге қолданылатын амалдар (қосу және азайту). Бір таңбалы санға көбейту және бөлу (60 сағат); екі таңбалы санға көбейту және бөлу (20 сағат); үш таңбалы санға көбейту және бөлу (25 сағат) 1000000 көлеміндегі сандарды оқу, жазу және салыстыру. Бірліктер класы және мыңдар класы, олардың разрядтық бірліктері. Санды, оның разрядтық қосылғыштарының қосындысы түрінде керсету. Санды көбейтіндіге көбейту және бөлу. Санды қосындыға көбейту. Натурал сандармен және нөл санымен, сәйкес шамалармен орындалатын арифметикалық амалдар. Есептеудің
Көп таңбалы сандармен, сәйкес шамалармен:
- нөлмен аяқталатын сандардың ерекшеліктерін ескерін; бip, екі және үштаңбалы санға көбейту және бөлу - алгоритмдерін пайдаланып ауызша, жазбаша есептеулер жүргізу. Тура және жанама түрде тұжырымдалған, шамалардың негізгі тобымен (бағасы, саны, кұны; жылдамдық уакыт, кашыктық; заттардың саны, бip заттың массасы, жалпы массасы; тік төртбұрыштың ұзындығы, ені, ауданы және т.б.) байланысты есептер. Kepi есептер оларды салыстыру және түрлендіру. Қосу, азайту, көбейту және бөлуге берілген, 3-4 амалмен шығарылатын есептерді қарастыру. 3-4 амалмен шығарылатын есептерді салыстыру және түрлендіру. Дөңгелек. Шеңбер. Көп бұрыштардың периметрлерін табу. Ауданды квадрат дециметрмен және квадрат метрмен өлшеу. Палетқаның көмегімен көпбұрыштың ауданын табу. Көлем. Тік бұрышты параллелипедтің көлемі. Көлемнің өлшем бірлігі дм3 және м3. Геометриялық фигураның нүктелердіің жиыны екендігі жайында түсінік. Фигураларды; яғни:
-cүйір, тік және доғал бұрыштарды, көпбұрыштарды салыстыру. Геометриялық салулар: кесіндіні қақ бөлу; параллель және перпендикуляр түзулерді жүргізу; берілген параметрлері бойынша тік төртбұрышты (шаршыны) сызу. Шамалар арасындағы тәуелділіктер, көпбұрыштың (әcipece оның дербес түрлерінің) периметрі мен ауданы жайындағы білімге негіздей отырып құрылымы күрделі санды және әріп өрнектер құру, жазу, салыстыру және олардың мәнін табу. Құрылымы күрделі (х+714=1520:4 және т.б.) тендеулер құру және шешу. Eceптi шешудің алгебралық тәсілінің мән-мағынасы. Осындай тендеулер көмегімен есептер шығару. 3 – 4 амалдан тұратын (жақшалы және жақшасыз) өрнектердегі амалдарды орындаудың рет-тәртібі. Шамалар, оларды өлшеу және салыстыру (өлшем бipліктepi: көлемнің см3, дм3, м3; ұзындыктың мм; ауданның дм2, м2, мм2, а, га. Өлшеу бірліктерінің арасындағы қатынастар. Шамалар арасындағы тәуелділіктің мысалдары (бip қалыпты қозғалыстағы уакыт, жылдамдық, жол; баға, мөлінері, кұны; тік төртбұрыштың ауданы және сыбайлас қабырғалары және т.б.) Жақындау және алыстау жылдамдығы. Бір-біріне кездесу және қарама-қарсы бағыттардағы қозғалыстарда уақыт, қашықтық және жылдамдықтың арасындағы тәуелділік. Микрокалькулятор көмегімен есептеулер жүргізу. Қайталау (40 сағат) Сандардың шығарылып алынуы, жазылуы және окылуы, сандарды салыстыру (сан, цифр, натурал сан, нөл саны, натурал сандар қатары; ондық санау жүйесінің ерекшелігі; бірліктермен, ондықтармен, жүздіктермен, мыңдармен, миллиондармен, миллиардтармен санау, ондық жүйеден езгеше санау жүйелері). Арифметикалық амалдар және олардың қасиеттері (әрбір амалдың мәнмағынасы; 0 мен 1-дің қасиеті; амалдардың орындалу мүмкіндт; қосумен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік заңдары; көбейтудің қосуға катысты үлестірімдігік заіңы; амалдар заңдарының колданылу аясы). Шамалар және оларды өлшеу. Шамалардың өлшеу бірліктері мен олардың арасындағы қатынастардың кестесі (шама ұғымын нақтылай түсу); шаманы өлшеудің мән-мағынасын аша түсу; санаудың ондық жүйесі мен өлшеудің метрлік жүйесінің байланысы; шаманы өлшеу бірліктерін түрлендіру; уақыттың өлшеу бірліктері жүйесінің өлшеудің метрлік жүйесінен айырмашылығы. Санның және шаманың үлестері. Бүтінді бөліктерге бөлу, бөлінекті шығарып алу. Сандармен және шамалармен жүргізілген амалдар (кестелік, кестеден тыс ауызша және жазбаша есептеулер; сандармен және шамалармен жүргізілетін амалдарды салыстыру; тік төртбұрыштың (шаршының) периметрін және ауданын, тік бұрышты параллелепипедтің көлемін есептеп табу). Өрнектер: өрнектің түрлері, ерекшеліктері, өрнектерді құру, оқу, жазу, салыстыру және олардың мәндерін табу; өрнектерді ықшамдаудың қарапайым мысалдары. Тендеулер және оларды шешу тәсілдері: теңдеу ұғымын нақтылай түсу; бip түбipi, бірнеше түбipi болатын, түбipi болмайтын тендеулердің мысалдары; тендеулерді құру және шешу. Геометриялық фигуралар және олардың қасиеттері: нүкте аркылы кәсілдни боліктерге бөлу; кесіндіге, сәулеге және түзуге тиісті және тиісті емес нүктелерді табу; фигураларды кесінділерден құрастыру, геометриялық фигураларды әріптермен белгілеу және оқу; анықталатын және анықталмайтын геометриялық ұғымдар; кeciндi, түзу, сәуле, дөңгелек, шеңбер сияқты геометриялық ұғымдардың мән-мағынасын аша түсу; дөңгелекке, көпбұрышка және шеңберге тиісті және тиісті емес нүктелерді табу; транспортирдің көмегімен бұрыштарды өлшеу және салу; параллель және перпендикуляр түзулер салу, ушбұрыштарды салу. Есептер мен оларды шешудің әдістерін жай есептерге сәйкес амалды анықтау және оны негіздегі беру; құрама есептің шешу жоспарын құру; есепті әр түрлі әдісіпен шешу; есепті арифметикалық және алгебралық тәсілдермен шығару. |
![]() | Ұсыныстар беру үшін Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы Әзірлеген және ҰсынғАН | ![]() | 2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы №3 хаттама) |
![]() | 2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы №3 хаттама) | ![]() | Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама) |
![]() | 12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама) | ![]() | Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама) |
![]() | 12 жылдық бастауыш мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 27 ақпандағы №1 хаттама) | ![]() | 12 жылдық негізгі орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 27 ақпандағы №1 хаттама) |
![]() | 12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 27 ақпандағы №1 хаттама) | ![]() | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің 2014 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған тексеру жоспары Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №1519... |
![]() | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаментінің 2012 жылдың II жартыжылдығына арналған тексеру жүргізу жоспары Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төраға орынбасарының 2012 жылғы 4 мамырдағы... |