|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ ХИМИЯ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 10-11 сыныптар қоғамдық-гуманитарлық бағыт Аcтана 2010ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ ХИМИЯ оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ Астана 2010 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген Бағдарлама авторлары: Нұрахметов Н.Н., Дүйсебек Ә.Т., Бекішев Қ.Б., Темірболатова Ә.Е., Жұмаділова Р.Н. Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сыныптарына арналған «Химия» оқу бағдарламасы .– Астана, 2010. – 18 б. © Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы, 2010І. Түсініктеме «Химия» оқу пәні «Жаратылыстану» білім беру саласына жатады. Орта білім жүйесіндегі оның рөлі оқушыларға табиғат туралы, қоршаған орта туралы ғылыми білімдерін қалыптастыру, оларды ҚР қазіргі заманғы химиялық және металлургиялық өндірістердің ғылыми-практикалық және технологиялық даму заңдылықтарымен таныстыру қажеттілігінен туындаған, атап айтқанда оқу пәнінің көмегімен алдыңғы қатарлы және жоғары құзыретті Қазақстан Республикасының азаматын қалыптаструға мүмкіндік туғызу болып табылады. Орта мектептің 10-11 сыныптарының базалық деңгейінде химия курсы қоршаған әлемнің химиялық ғылым негізіндегі жалпы сипаттамалары мен жалпы заңдылықтарын оқытады, ғылымның қолданбалы аспектілері - өмір мен оқу жағдайларында қызметтің құзыретті тәсілдерін қалыптастыру мен дамыту негізі ретінде қарастырылады. Білімдік және құзыретті нәтижелерді қалыптастыру негізін дүниетанымдық идеялар құрайды:
Жоғары сатыда химия курсын оқу оқушыларды әлемнің бірыңғай ғылыми көрінісін (химиялық құрауышын қалыптастыру) қалыптастыруға үлесін қосып қана қоймайды, сонымен бірге түлектерді біліммен, дағдымен және адам өмірінде, материалдық өндірісте қажетті қызмет тәсілдерімен қаруландырады. Қоршаған орта, органикалы және бейорганикалық заттар оқу пәнінің нысандары. Оқу пәнінің зерттеу аймағы: заттардың құрамы, құрылысы және қасиеттері, олардың химиялық өзгерістерінің заңдылықтары, химия технологиясы мен оның экологиялық аспектілері. «Химия» пәнін оқытудың жалпы мақсаттары
«Химия» пәнін оқытудың міндеттері
10-11 сыныптардағы «Химия» пәнін оқыту мазмұны мына дидактикалық ұстанымдарға сәйкес құрылған:
Осындай дидактикалық ұстанымдарға сәйкес жоғары сыныптардағы химия пәнінің мазмұндық элементтерін таңдау мыналар арқылы жүзеге асырылады: біріншіден, оқу бағдарламасында тұлғаның өзіндік әлеуетінің дамуына ықпал етуші танымдық-дамытушылық қызметінің қамтылуы; екіншіден, оқушылардың табиғи процестер мен құбылыстарға зерттеу жүргізе алу дағдыларын қалыптастырушы танымдық-оқыту қызметінің қамтылуы; үшіншіден, білім беру мен тәрбиенің бір-біріне үйлесімділігі және оқушылардың қоршаған ортаға экологтық-гуманистік қатынасын қалыптастыратын тәрбиелік қызметінің қамтылуы; төртіншіден, қазіргі өзгермелі дүниеде тұлғаның өз бетінше білім алу мен өз-өзін жүзге асыру қабілеттерін қалыптастыруға жағдай жасайтын әлеуметтік-бейімділеу қызметінің қамтылуы. Пән бойынша оқу жүктемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру мемлекеттік стандартының типтік оқу жоспарына сәйкес қазақ тілінде оқытатын мектептің 10-11 сыныптарындағы «Химия» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі оқу бағдарына байланысты: 10 сыныпта –аптасына 1 сағат, жылына-34 сағат; 11 сыныпта –аптасына 1 сағат, жылына-34сағат. II ХИМИЯ ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ 10- сынып (аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағат) 1-Тақырып. Атом құрылысы iлiмi тұрғысынан қарағандағы периодтық заң мен химиялық элементтердiң периодтық жүйесi ( 4 сағат) Химияның негiзгi ұғымдары: химиялық элемент, атомдар, молекулалар, салыстырмалы молекулалық масса және заттың молярлық массасы. Бейорганикалық қосылыстардың жіктелуі. Химиялық элементтердiң алғашқы жіктелуі. Д.И.Менделеевтiң периодтық заң мен периодтық жүйенi ашуы. Химиялық элементтердiң периодтық жүйесiнiң құрылысы. Атом құрылысының күрделiлiгiнiң анықталуы. Атом құрамы. Изотоптар. Атомдағы электрондардың күйлерi. Электрондардың энергетикалық деңгейлерге таралуы. I-IV период элементтерi атомдарының электрондық құрылысы. s-, р-, d- және f- элементтер туралы түсiнiк. Периодтық жүйенiң негiзгi сипаттамаларының физикалық мағынасы. Химиялық элементтер мен жай заттардың қасиеттерiнiң өзгеруi. Бейорганикалық қосылыстардың қасиеттерiнiң периодтар мен топтар бойынша өзгеруi. Периодтық заң мен химиялық элементтердiң периодтық жүйесi туралы ғылыми білімдердің дамуы және олардың ғылымның дамуы мен ғылыми-жаратылыстық көзқарасты қалыптастырудағы маңызы. Есептер мен жаттығулар.
Көрсетiлiмдер.
2 -тақырып. Химиялық байланыс және зат құрылысы (3 сағат) Коваленттiк байланыс. Иондық байланыс. Иондық және коваленттiк қосылыстардың қасиеттерi. Кристалдық торлардың типтерi. Металдық байланыс. Сутектiк байланыс. Көрсетiлiмдер.
Зертханалық тәжiрибелер. Молекулалардың модельдерiн жасау. 3-тақырып. Химиялық реакциялардың жылдамдығы және химиялық тепе-теңдiк (5 сағат) Химиялық реакцияларды әрекеттесетін және реакция нәтижесiнде түзiлетiн заттардың саны және құрамы бойынша, тотығу дәрежесiнiң өзгеруi бойынша, қайтымдылығы және жылу эффектiлерi бойынша жiктеу. Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Реакция жылдамдығына әсер ететiн факторлар: әрекеттесетiн заттардың табиғаты, концентрация, температура, жанасу бетi, катализаторлар мен ингибиторлар. Химиялық тепе-теңдiк және оны ығыстыру шарттары. Ле Шателье принципi. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтарын бiлудiң химиялық процестердi басқару үшiн маңызы. Көрсетiлiмдер:
Есептер мен жаттығулар. Химиялық реакциялардың әртүрлi типтерiнiң химиялық теңдеулерiн құруға мысалдар. 4-тақырып. Ерiтiндiлер. Ерiтiндiлердегi реакциялар. Қышқылдық - негiздiк әрекеттесу теориялары (5 сағат). Ерiтiндiлер туралы жалпы мағлұматтар. Бейорганикалық заттардың әртүрлi кластарының диссоциациялануы. Қышқылдар мен негiздердiң иондық теориясы. Судың диссоциациялануы. Сутектiк көрсеткiш. Тұздардың гидролизi. Қышқылдық-негiздiк әрекеттесулер туралы осы күнгi көзқарастар. Көрсетiлiмдер.
Зертханалық тәжiрибелер. Гидроксидтердi алу және олардың қасиеттерiн зерттеу. 5-тақырып. Металдар (7 сағат) Металдар мен бейметалдар. Металдардың периодтық жүйедегi орнына және атомдарының құрылысының ерекшелiктерiне байланысты жалпы сипаттамасы. Негiзгi және қосымша топша металдары. Табиғи, биологиялық процестерде және техникада маңызды роль атқаратын металдар: сiлтiлiк металдар, кальций мен магний, алюминий және темiр. Металдардың жемірілуі және одан сақтану. Адамдардың тұрмысында кең қолданылатын маңызды металдардың табиғаттағы қосылыстары. Металдардың Қазақстандағы маңызды кен орындары. Қазақстанның металлургия өнеркәсiбi және қоршаған ортаны өндіріс қалдықтарының зиянды әсерінен қорғау. Көрсетiлiмдер.
Зертханалық тәжiрибелер. 1. Металдардың химиялық белсенділігін салыстыру. 2. Натрий, калий, кальций қосылыстарының үлгiлерiмен таныстыру. 3. Алюминий және оның құймаларының үлгiлерiмен таныстыру. Практикалық жұмыстар. Металдар тақырыбына арналған тәжiрибелiк есептердi шешу. Есептер мен жаттығулар.
6-тақырып. Бейметалдар және олардың қосылыстары (8 сағат) Бейметалдардың жалпы сипаттамасы. Бейметалдардың периодтық жүйедегi орналасуы. Бейметалдардың негiзгi қасиеттерiнiң периодтық жүйедегi өзгеру заңдылықтары. Бейметалдардың күнделiктi тұрмыста және техникада қолдануға қажеттi басты физикалық және химиялық қасиеттерi. IV А - топ элементтерiнiң жалпы сипаттамасы. Көмiртек пен кремний. Табиғатта таралуы. Аллотропиялық түр өзгерiстерi: олардың құрылысы мен физикалық қасиеттерi. Химиялық қасиеттері. Көмiртек пен кремнийдiң маңызды қосылыстары, олардың тұрмыста, құрылыста және Қазақстан өнеркәсiбiнде қолданылуы. VА - топ элементтерiнiң жалпы сипаттамасы. Азот және фосфор. Табиғатта таралуы, алынуы, физикалық және химиялық қасиеттерi, қолданылуы, биохимиялық ролi. Азот пен фосфордың маңызды қосылыстары, олардың маңызы. Қазақстанның фосфор өнеркәсiбi және оның қалыптасуы мен өркендеуiне Қазақстан ғалымдарының қосқан үлесi. VIА - топ элементтерiнiң жалпы сипаттамасы. Оттек және күкiрт. Табиғатта таралуы, алынуы, физикалық және химиялық қасиеттерi, қолданылуы, биохимиялық ролi. Күкiрт пен оттектiң маңызды қосылыстары, олардың табиғаттағы ролi және қолданылуы. Қазақстандағы күкірт қышқылы өндірісі. VIIА – топ элементтерiнiң жалпы сипаттамасы. Хлор және йод, олардың қосылыстары. Көрсетiлiмдер.
қосылыстар жинақтамасы). Зертханалық тәжiрибелер. Аммоний тұздарының сiлтiлермен әрекеттесуi. Практикалық жұмыстар
Есептер мен жаттығулар. 1. Бейметалдар қатысатын реакция теңдеулері бойынша есептеулер. 2. Бейметалдардың генетикалық қатарына сүйене отырып, реакция теңдеулерiн құрастыру. 7-тақырып. Бейорганикалық заттар және қоршаған ортаны қорғау. (2 сағат) Қоршаған ортаның химиялық заттармен ластануы. Азоттың, күкiрттiң, көмiртектiң, галогендердiң, ауыр металдардың әсерiнен биосферада болатын өзгерiстер. Химия ғылымы мен технологияның қоршаған ортаны қорғаудағы рөлi. Химия және салауатты өмiр сүру. Есептер мен жаттығулар.
11- сынып(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағаттан) 1–тақырып. Кiрiспе. Органикалық заттар – көмiртек қосылыстары (3 сағат) Органикалық химия пөнi. Органикалық қосылыстардың көптүрлiлiгi. Органикалық заттардың ерекшелiктерi. А.М.Бутлеровтың органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясы. Көмiрсутектердiң электрондық құрылысы. Көмiртек атомдарының валенттiк күйлерi. Гомология және изомерия туралы түсiнiк. Зат қасиеттерiнiң құрамы мен құрылысына байланыстылығы. 2–тақырып. Көмiрсутектер (7 сағат)Көмiрсутектердiң жiктелуi. Қаныққан, қанықпаған және ароматты көмiрсутектер. Олардың жалпы формулалары мен аталуы. Алкандар (қаныққан көмiрсутектер) және циклопарафиндер (циклоалкандар). Гомолог қатарлары, өкiлдерi. Олардың күнделiктi өмiр мен техникада қолданылуларына негiз болатын физикалық және химиялық қасиеттерi. Қанықпаған көмiрсутектер. Этилен, бутадиен, ацетилен. Олардың адамның тiршiлiк iс-әрекетiне қажеттi негiзгi физикалық және химиялық қасиеттерi. Марковников ережесi. Арендер (ароматты көмiрсутектер). Бензол, толуол. Ароматты көмiрсутектердiң негiзгi физикалық және химиялық қасиеттерi. Улы химикаттар (пестицидтер, гербицидтер) және қопарылғыш заттар жөнiнде түсiнiк. Көмiрсутектердiң табиғи шикiзат көздерi. Газ, мұнай, көмiр. Тас көмiрдi кокстеу. Көмiр – отын және химиялық өнеркөсiп шикiзаты. Мұнай және мұнайдан алынатын өнiмдер, олардың қолданылуы. Қазақстандағы газдың, мұнайдың, көмiрдiң негiзгi кен орындары және оларды өндiру. Көмiрсутектер мен олардың өнiмдерiнiң қоршаған ортаға әсерi. Газ, мұнай, көмiр кендерiндегi өндiру және өңдеу жұмыстары кезiнде қоршаған ортаны қорғау мәселелерi. Көрсетiлiмдер: 1.Органикалық заттар құрамындағы көмiртектi сапалық анықтау. 2.Қанықпаған көмiрсутектер құрамындағы еселi байланыстың бар екенiн тәжiрибе жүзiнде көрсету. Зертханалық тәжiрибелер: Көмiрсутектердiң молекулалық модельдерiн жасау. Есептер мен жаттығулар: Көмiрсутектердiң изомерлерiнiң құрылым формулаларын жазу. Көмiрсутектер қатысатын реакциялар теңдеулерi бойынша есептеулер жүргiзу. 3–тақырып. Оттектi органикалық қосылыстар (12 сағат)Оттектi органикалық қосылыстардың жiктелуi. Спирттер, фенолдар, альдегидтер, карбон қышқылдары, жай және күрделi эфирлер, көмiрсулар. Функционалдық топтар. Оттектi органикалық қосылыстардың жалпы формулалары және аталуы туралы түсiнiкОрганикалық гидроксоқосылыстар. Спирттер және олардың түрлерi. Бiр атомды және көп атомды спирттердiң өкiлдерi: метанол, этанол, этиленгликоль, глицерин. Фенол. Олардың маңызды физикалық және химиялық қасиеттерi. Бiратомды және көп атомды спирттердi, фенолды сапалық анықтау. Спирттер мен фенолдардың тiрi организмге өсерi. Қоршаған ортаны құрамында фенолы бар өнеркөсiп қалдықтарынан қорғау.Карбонилдi қосылыстар. Құрамы. Жеке өкiлдерi: құмырысқа, сiрке альдегидтерi, ацетон. Қаныққан және қанықпаған карбон қышқылдары. Олардың табиғатта кездесуi. Құмырысқа, сiрке, стеарин, акрил, олеин, сүт, қымыздық, лимон қышқылдары. Карбонилдi қосылыстардың физикалық және химиялық қасиеттерi. Альдегидтер мен карбон қышқылдарын сапалық анықтау. Эфирлер. Жай және күрделi эфирлер. Құрамы. Табиғатта таралуы. Диэтил эфирi және күрделi эфирлердiң көп тараған өкiлдерi. Майлар: сұйық және қатты майлар. Олардың құрамдарының ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Сұйық майдан қатты май алу. Майдың гидролизденуi. Тағам майының организмдегi биохимиялық ролi. Сабын және синтетикалық жуғыш заттар туралы түсiнiк. Табиғатты синтетикалық жуғыш заттармен ластанудан қорғау. Қазақстандағы синтетикалық жуғыш заттар өндірісі. Көмiрсулар. Табиғатта таралуы. Жiктелуi. Моносахаридтер, дисахаридтер және полисахаридтердiң жеке өкiлдерi: глюкоза, фруктоза, сахароза, крахмал, целлюлоза. Олардың адамның қолданылуларына қажеттi негiзгi физикалық және химиялық қасиеттерi. Фотосинтез реакциясының маңызы. Көмiрсулардың биохимиялық ролi. Қазақстанның май, қант, целлюлоза өндiрiстерi. Бейорганикалық және органикалық заттардың өзара айналулары. Көмiрсутектер мен оттектi органикалық қосылыстардың арасындағы генетикалық байланыстар. Көрсетiлiмдер: Этанол мен глицериннiң суда ерiгiштiгi. Этанол, глицерин, фенол, альдегидтер мен карбон қышқылдарының сапалық реакциялары. Практикалық жұмыстар: Майлардың қасиеттерiн зерттеу (ерiгiштiгi, қанықпағандығын дәлелдеу). Майлардан сабын алу. Сабын мен синтетикалық жуғыш заттардың қасиеттерiн салыстыру. Есептер мен жаттығулар: Оттектi органикалық қосылыстардың генетикалық байланыстарына жаттығулар орындау. 4–тақырып. Азотты органикалық қосылыстар (3 сағат) Аминдер. Аминдердiң құрылысы және изомериясы. Аминдер - органикалық негiздер, олардың сумен және қышқылдармен әрекеттесуі. Анилин - ароматты негiздердiң өкiлi. Нитробензолдан анилиндi алу (Н.Н.Зинин реакциясы). Анилиннiң практикалық маңызы. Амин қышқылдары. Құрылысы және изомериясы. Амин қышқылдарының құрамына байланысты (амин және карбоксил топтарының болуы) химиялық қасиеттерiнiң ерекшелiктерi. Амин қышқылдарының тiршiлiк үшiн маңызы және табиғатта кездесуi. Пептидтер синтезi, олардың құрылысы. Құрамында азоты бар органикалық қосылыстар (пиррол, пиридин) жөнiнде жалпы түсiнiк. Көрсетiлiмдер: Амин қышқылдарының ерiтiндiлерiнен функционалдық топтарын сапалық анықтау. Анилиндi бояумен матаны бояу. 5–тақырып. Жоғары молекулалы қосылыстар (5 сағат) Жоғары молекулалы қосылыстар жайындағы негiзгi түсiнiктер. Мономер, полимер, сополимер, полимерлену дәрежесi. Полимерлердiң жiктелуi. Полимерлердi алу өдiстерi: полимерлену және поликонденсациялану. Табиғи және синтетикалық жоғары молекулалы қосылыстар. Каучук, белоктар және нуклеин қышқылдары - табиғи полимерлер өкiлдерi. Белоктар - жоғары молекулалы қосылыстар. Оларды түзейтiн негiзгi амин қышқылдары. Белоктың бiрiншi реттiк, екiншi реттiк және үшiншi реттiк құрылымдары. Белоктардың қасиеттерi: денатурациялануы, гидролизденуi, екідайлылығы, түстi реакциялары. Организмдегi өзгерiсi. Белоктарды зерттеуде және олардың биосинтезiнде Қазақстан ғылымында қол жеткен табыстар. Нуклеин қышқылдары және нуклеотидтер. Нуклеотидтердiң құрамы: гетероциклдi азотты (пуриндi, пиримидиндi) негiздер, рибоза мен дезоксирибоза және фосфор қышқылының қалдығы. ДНҚ молекуласының құрылымы. ДНҚ қос спиралiнiң құрылысындағы толықтыру (комплементарлық) принципi. РНҚ молекуласының құрылымы және түрлерi. Нуклеин қышқылдарының тiршiлiк үшiн маңызы. Синтетикалық жоғары молекулалы қосылыстар. Пластмассалар және олардың жiктелуi. Полиэтилен, полипропилен, поливинилхлорид. Олардың негiзгi қасиеттерi және қасиеттерiне байланысты қолданылуы. Талшықтардың жiктелуi. Синтетикалық талшықтар және олардың түрлерi. Маңызды өкiлдерi: капрон, кевлар, лавсан. Олардың қасиеттерi мен қолданылуы. Синтетикалық каучук (көксағыз): бутадиен, изопрен, бутадиенстирол. Вулканизация реакциясы. Резеңке, қасиеттерi мен қолданылуы. Қазақстандағы пластмасса мен каучук өнеркәсібі. Көрсетiлiмдер: Пластмассалар, көксағыз және талшықтар жиынтықтары. Табиғи, жасанды және синтетикалық талшықтардың қасиеттерiн салыстыру. Талшықтарды танып бiлу. 6–тақырып. Органикалық қосылыстардың адам тiршiлiгiндегi маңызы ( 4 сағат) Биологиялық маңызды органикалық қосылыстар: белоктар, амин қышқылдары, ферменттер, майлар, сiрке қышқылы, глюкоза, крахмал, витаминдер, нуклеин қышқылдарының организмдегi рөлi. Ферменттер - биологиялық катализаторлар. Тағам құрамындағы органикалық заттар. Тағамның құндылығы. Жасанды тамақ өндiрiсiнiң дамуы. Тағамды дұрыс пайдалану және бұзылудан сақтау жолдары. Витаминдер, олардың маңызы және табиғатта кездесуi. Тұрмыста қолданылатын органикалық заттар: сабын, шампунь, тiс пасталары, әртүрлі жуғыш заттар, косметикалық препараттар, өсiмдiктердi қорғаудың химиялық құралдары. Пестицидтер, гербицидтер және өсiмдiктердiң өсуiн тездетушiлер жөнiнде түсiнiк. Органикалық заттар негiзiндегi әртүрлі ерiткiштер, бояулар, лактар, желiмдер және т.б. Қоршаған ортаның ластану көздерi. Химиялық экология зардаптары және адам денсаулығы. Адам денсаулығына керi әсерiн тигiзетiн химиялық заттар және оларға қарсы күрес шаралары. Дәрi-дәрмектiк заттарды дұрыс сақтау және пайдалану. Химия - жаратылыстағы өзгерiстердi зерттейтiн ғылым. Химияның басқа ғылымдармен байланысы. Жалпы ғылымдардың дамуы мен табиғатты, өмiрдi, қоғамды диалектикалық тұрғыдан түсiнудегi химияның маңызы. Материя қозғалысының химиялық түрi. Жаратылыстың диалектикалық заңдарын химиялық тұрғыдан ұғынып түсiну. Органикалық химияны дамытудағы Қазақстандық ғалымдардың еңбектерi. III ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР Оқушы Біледі: - ертінділермен, газдармен және қатты химиялық заттармен жұмыс істеуде және күнделікті өмірде, тұрмыста қолдануда техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды; - маңызды химиялық өнімдерді өндірудің технологиялары, химиялық процесстерді жүргізудің тиімді жағдайларын және ұстанымдарының ғылыми негіздерін; - Қазақстандағы маңызды табиғи миниралды ресурстармен химиялық өндіріс орындарын, оларды дамытудың жолдарымен болашағын тиімді және экологиялық қауіпсіз жаңа технологияларды өндірудің және олардың негізінде алынатын химиялық өнімдерді өндіру мәселелері; - табиғаттағы заттардың және химиялық элементтердің, энергияның өзара алмасу заңдылықтары және оларды адамның өндірістік қызметі салдарынан бұзылу мүмкіндіктерін және оның қауіптілігін; - тұрмыста, өндірісте қолданылатын химия ғылымының маңызды заңдылықтарын; - тамақ, құрылыс материалдары, тұрмыстық химия және басқа химиялық өнімдерді дұрыс және қауіпсіз қолдануды; - Қазақстанның экологиялық проблемаларын, олардың аймақтық ерекшеліктерін және оларды алдын-алудың ғылыми-технологиялық шарттарын; - химия ғылымы бойынша теориялық және практикалық білімдерін басқа жаратылстану-ғылыми, технологиялық, экологиялық және экономиакалық білімдермен үйлестіре отырып, адам қызметінің әртүрлі саласында қолдану негіздерін. Түсінеді: - дүниенің жаратылыстану-ғылыми сипатының химиялық мәнін, бейорганикалық және органикалық заттардың, табиғи және синтетикалық материалдардың құрамын, құрылысын, өзара айналу заңдылықтарын, теорияларын түсіндіретін негізгі ұғымдарды; - бейорганикалық және органикалық дүниенің бірлігімен өзара үйлестіру және байланыстылығын; - ел экономикасын дамытудағы халықтың әлауқатын жақсартудағы және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы химияның ролін; - адамның табиғатты пайдаланудағы және түрлендірудегі өзінің өндірістік-тұрмыстық қызметін ұйымдастырудағы жауапкершілігін; - химияның адамзаттың шикізат өңдеу жаңармай және энергетикалық проблемаларын шешудегі маңызын; Жасай алады: - химиялық процестермен табиғаттың химиялық қалдықтар әсерінен ластануы салдарынан болатын адамзаттың жақандық проблемалырын талдауды және болжауды; - химия пәнінен алған білімдерін оқу үрдісінде күнделікті өмірде және тұрмыста тиімді түрде қолдануды; - химиялық заттарды қате пайдалану салдарынан зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Қолдана біледі:
IV ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ Орта білім беру жүйесінде Химия пәнін оқытудың басым міндеті ретінде оқушылардың танымдық іс-әрекет және ақпараттық-коммуникативті іс-әрекет түрлерін ұйымдастыруды меңзейді: - танымдық іс-әрекет қоршаған дүниені танып білу үшін бақылау, өлшеу, эксперимент жүргізуді, модельдеуді пайдалануды; зерделеу нысандары арасындағы мәнді қызметтік байланыстар мен қатынастарды бөліп көрсетуді; себеп-салдарлық байланыстардың сипатын айқындауды; оқу және практикалық есептерді шешуді, өз бетінше әр түрлі шығармашылық және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра алуды; мақсат қою, нәтиже, оны бағалау тәрізді проблемаларды шешу компетенттілігі аясында өзінің танымдық іс-әрекетін өз бетінше, қызығушылықпен ұйымдастыра алуды болжайды; - ақпараттық- коммуникативті іс-әрекетке бастапқы және қосалқы ақпаратты ала білу және оны өңдей алу, сондай-ақ оны пайдалана білу; негізгі ақпаратты қосалқыдан бөле алу, алынған ақпараттың сенімділігін бағалай алу; қойылған мақсатқа сәйкес ақпарат мазмұнын жеткізе алу; ақпаратты бір таңбалық жүйеден екіншісіне көшіре білу; пайымдауын кеңінен негіздей алу, анықтамалар беріп, дәлелдемелер келтіре білу; ақпараттарды өңдеу, жіберу, жүйелеу үшін, танымдық және практикалық іс-әрекеттің нәтижелерін көрсету үшін мультимедиялық қорларды, копьютерлік технологияны пайдалана алу біліктілігімен қаруландыру; жазу, көпшілік алдында сөйлей білу (өз ойын айту, монолог, пікір талас және т.б.), топпен жұмыс істей алу коммуникацияларының негізгі түрлерін меңгеру; пікір алмасушының көзқарасын түсіне білу және басқа пікірдің болуын мойындай білу қабілеттілігін дамыту, сұқбаттасу және пікірталас жүргізудің этикалық нормалары және ережелерін білу жатады. Оқу үдерісінде оқушылар өздері байқап көре алатын көрсетілімдер, эксперименттер, қарапайым зерттеулер кеңінен пайдалануы тиіс. Бұл ұсыныстар көрнекілікті қамтамасыз етуге ғана емес, ең алдымен, «Химия» пәні бойынша мектеп түлектерінің дайындық деңгейіне қойылатын стандарт талаптарын жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар туғызуға бағытталған. Талаптарда зерттеушілік, аналитикалық сипаттағы, ақпараттық құралдармен жұмыс істеу сияқты жалпы оқу біліктері маңызды орын алады. Олардың барлығы білім берудің іс-әрекеттік компоненттері болып табылады. Оқу үдерісін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілуі бұл міндеттерді тиімді шешуге жеткілікті болуы тиіс. . Химия пәні бағдарламасында адамның табиғатпен өзара қарым-қатынасы, адамның Әлемдегі және планетадағы орны, өмірдің мәні туралы мәселелер, сондай-ақ оқушыларға білім беруде және тәрбиелеуде үлкен мәні бар лабораториялық және практикалық жұмыстар маңызды орын алады. Оқу бағдарламасының мазмұны мұғалімге оқушыларда жаратылыстану заңдары мен заңдылықтары негізінде практикалық тапсырмалар орындау біліктерін қалыптастыруға көмектеседі. Оқыту үдерісі негізінен интерактивтік негізде құрылады. Бұл тапсырмалардың біліктілік қалыптастыруға бағдарланған сипатта болуын көздейді. Оқу бағдарламасында жұмыстың креативті тәсілдеріне және формаларына ерекше орын бөлінеді, проблемалық мәселелерді талқылау арқылы ұжымдық жұмыс жүргізу, оқушыларды өзіндік шығармашылық жұмысқа және топта бірігіп және жеке жасайтын қызықты тапсырмаларға бағыттайтын дамытушы сипаттағы шығармашылық тапсырмаларды орындау және практикалық есептерді шығару ұсынылады. 10-11 сыныптарға арналған «Химия» пәнінің кез келген тақырыбын игеру ақпараттық-коммуникативтік технологияларды (ИКТ), негізінен компьютерді оқу құралы ретінде пайдалану түрінде қолдану арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Мұнда ақпараттық-компьютерлік технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылатын оқу материалдарының мазмұны жалпы оқытуға бөлінген сағаттың 15-20%-ын құрайды. Мультимедиялық бағдарламалардың көмегімен сабақ үстінде көрсетілімдік тәжірибе арқылы қарастыруға болмайтын табиғаттағы құбылыстар мен процестерді көрсетілімдеуге болады. Виртуалды тәжірибелер құбылыстар мен процестердің мәнін оқушылар тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. |
![]() | Тақырыптарды өз бетінше оқу Басқару лауазымына тағайындалған мемлекеттік қызметшілер біліктілігін арттыру курстардан өту тәжірибесі бар болғандықтан, олар үшін... | ![]() | Источник: ис параграф, 23. 02. 2012 11: 49: 03 Қазақстан Республикасының «оқу және тәрбие процесі», «оқу және тәрбие процесін», «Оқу және тәрбие процесі», «оқу және тәрбие процесінің» деген сөздер тиісінше... |
![]() | Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі n 319 Заңы Оқу және тәрбие процесін", "оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесін", "Оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесінің"... | ![]() | Документи 1. /задания 1/ИВТ/C__Users_1_Desktop_Задачи для олимпиады учителей.docx 2. /задания... |
![]() | Мектеп 31 мұғалім жұмыс істейді Пән мұғалімі – Бахриденова А.Қ. 8 сыныпта тереңдетіліп оқу бағдарламасы биология пәнінен жүргізіледі. Пән мұғалімі – тұрсынова Н.... | ![]() | Қ. Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің химия пәні мұғалімі Жанжаксина Альмира Шайхслямқызы Саулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім үдерісін ақпараттандыру –жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану... |
![]() | Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және азаматтарды жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – жоо) магистратурасына,... | ![]() | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына қабылдау қағидалары Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелеріне... |
![]() | Оқу жылында қолдануға рұқсат еткен оқу басылымдарының тізбесін бекіту туралы «6 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында 2011-2012 оқу жылында қолдануға рұқсат еткен оқу-танымдық... | ![]() | «Темір жол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» кәсіптік стандарты Білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды... |
![]() | Жоғары оқу орнының ақпараттық картасы (жоғары оқу орнының атауы) Жоо-дағы оқу процесі үшін пайдаланылатын спорт ғимараттарының жалпы пайдалану алаңы, ш м |