|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ МИНИСТРЛІГІ Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ ФРАНЦУЗ ТІЛІ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 5-9 сыныптар Аcтана2010ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ ФРАНЦУЗ ТІЛІ оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ Астана 2010 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген Бағдарлама авторлары: Иванова А.М., Кармысова М.К., Қожалимова Н.Д., Атейбек С.Т. Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Француз тілі» оқу бағдарламасы. – Астана, 2010. – 30 б.© Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы, 2010І. ТҮСІНІК ХАТ Ұсынылып отырған «Шетел тілі» (француз тілі) оқу пәні білім берудің «Тіл және әдебиет» саласына кіреді. Оқу пәні тіл материалын (фонетика, лексика, грамматика), сөз әрекетінің түрлерін (тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу), оқытылып отырған тілдің мәдениетаралық-коммуникативтік қызметін қамтиды. «Шетел тілі» пәнінің мектептегі басқа пәндерден ерекшелігі сол, ол тек тілдік білім жүйесін (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық) оқытумен шектелмейді, ең бастысы шетел тіліндегі сөз әрекетін мәдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгертіп, нәтижесінде көптілдік және көптүрлі мәдениетті түсінетін тұлғаны қалыптастырудағы рөлімен дәйектеледі. Оқытуда екінші тілдік тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізетін тіл формасы мен мазмұнының ара қатысы, тіл мен мәдениеттің, тіл мен ойдың өзара тікелей байланысы аталған пәннің негізгі заңдылықтарының негізін қалайды. Оқу пәні ретінде шетел тіліне басқа пәндермен өзара пәнаралық байланыс тән, себебі шетел тіліндегі сөйлеудің пәндік мазмұны басқа білім салаларынан алынатын мағлұматтарға сүйенеді. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың білімдік әрекеттік нәтижесі оқушылардың универсалды сипаттағы білімдерін кеңейтуде, шеттілдік қарым-қатынастың пәндік мазмұндық аспектісін байытуда, оқу мотивациясын арттыруда, жеке тұлғаны және оның білім алу мен өзін-өзі жетілдіруін дамытуда көрінеді. Негізгі мектепке арналған француз тілі курсы жалпы орта білім беру деңгейінде білім алуға дайындауға бағытталады, яғни ол шетел тілін меңгерудің жалпы европалық деңгейлеріне (А1), (А2) сәйкес келеді. Француз тілін оқыту тәрбиелеу, басқа ұлт мәдениетін және өкілдерін танып (ұғынып) өзара әрекет ету құралы ретінде, шетел тілін әрі қарай меңгеруін дамытуға бағытталған: негізгі орта мектеп (5-9 сыныптар). Осыған сәйкес негізгі орта мектепте француз тілін оқытудың мақсаттары мен міндеттері анықталады. Оқу пәнінің жалпы мақсаттары: Шетел тілін оқытуда 2-4 сыныпта қол жеткен оқытудың бастапқы деңгейін негізге ала отырып, негізгі орта білім беру деңгейінің үздіксіздік ұстанымына сәйкес шеттілдік біліктіліктердің ары қарай тереңінен қалыптасуы мен дамуын көздейді. Оқушылардың шетел тілі бойынша дайындығының негізгі (жалпы білім беру) деңгейінің мазмұны А1 және А2 деңгейіне сәйкес келеді. «Шетел тілі» оқу пәнінің жалпы мақсаттары:
5-9 сыныптарда «Шетел тілі» (француз тілі) оқу пәнінің міндеттері:
Оқу пәнінің мазмұнын іріктеу әдіснамалық, сондай-ақ жалпы дидактикалық және әдістеменің төл ұстанымдарына негізделеді. Әдіснамалық ұстанымдар: танымдық, коммуникативтік, әлеуметтік-мәдени, лингвомәдени рефлексивтік дамытушылық. Жалпыдидактикалық ұстанымдар: Үздіксіздік ұстанымы әдіснама, әдістеме, оқыту мазмұны мен технологиясының оқытудың барлық деңгейлерінде өзара байланыста болуын қамтамасыз етеді. Саналылық ұстанымы шетел тілін оқытуда «саналы оқытудың құрамдас бөлігі» ретінде ана тілінің қатысын қамтамасыз етеді; тілдік білімді шеттілдік тәжірибеге дейін жеткізуді көздейді; шетел тілін оқыту үрдісінде өз бетінше саналы түрде шешім қабылдауға үйретеді. Көрнекілік ұстанымы баланың ойында мағынаның қабылдануын нақты жағдаятта «сол ортада өзін сезінетіндей жағдай туғызатын» барлық көрнекіліктерді (вербальді, иллюстративтік, сонымен қатар мұғалім қолданатын ым-ишара) қолдана отырып қамтамасыз етуді көздейді. Белсенділік ұстанымы үш топ ұстанымын қамтиды: жеке тұлғаға бағытталған, мәдениетке бағытталған және әрекетке бағытталған ұстаным. Жеке тұлғаға бағытталған ұстанымға төмендегілер кіреді: барабарлық ұстанымы, дамытушылық ұстанымы, психологиялық тұрғыдан жайлылық ұстанымы. Мәдениетке бағытталған ұстаным құрамында: әлем бейнесі ұстанымы, білім беру мазмұнының тұтастық ұстанымы, жүйелілік ұстанымы, әлемге мағыналық тұрғыдан қарау ұстанымы, білімнің мақсатқа бағытталу ұстанымы, мәдени стереотип және әлемдік көзқарас ретінде мәдениетке бағытталған ұстаным енеді. Әрекетке бағытталған ұстаным тобы оқушының оқу әрекетін басқаратын ережеден тұрады: әрекеттегі оқу ұстанымы, оқу жағдайындағы әрекеттен шынайы өмір әрекеті жағдаятын ауысу ұстанымы, оқу танымдық әрекеттен оқушының өз бетінше әрекетіне ауысу ұстанымы, дамытушылыққа сүйенетін ұстаным, шығармашылық іскерлігі және шығармашылық қажеттілікті қалыптастыру ұстанымы. Жүйелілік және бірізділік ұстанымы сабақ, тақырып, тоқсан үрдісінде тілдік материалды қайталау, қорытындылау және жүйелеу негізінде келесі дидактикалық ережені сақтау арқылы жүзеге асады: белгіліліктен белгісіздікке, жеңілден ауырға, қарапайымнан ауқымдылыққа қарай. Пәнаралық байланыс ұстанымы ретроспективтілік, параллельділік және перспективалық сипатқа ие бола отырып, келесі екі тәсіл арқылы жүзеге асады:
Әдістеменің жекелеген ұстанымдары: ана тілін ескеру ұстанымы, жағдаяттық ұстаным, аппроксимация ұстанымы. Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруда балаларға жеткен жетістіктерін сезінуге жағдай туғызатын жағымды орта жасау маңызды болып табылады. Пән бойынша оқу жүктемесі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының типтік оқу жоспарына сәйкес 5-9 сыныптарда француз тілін оқытуға аптасына әр сынып үшін 2 сағаттан беріледі. Жылына - 68 сағат, берілетін сағат санының жалпы саны ― 340 сағат. Оқу пәні мазмұнының вариативтік бөлігі негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты шеңберінде қосымша оқу бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған. Білім беру мазмұнының вариативтік бөлігі оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып жеке мінез құлығын дамытуды қамтамасыз етеді; оқушылардың және олардың ата-аналарының білімдік сұраныстары ескеріле отырып оқытуды ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. «Француз тілі» пәнін тереңірек оқыту үшін тақырыптар бойынша келесідей вариативтік бағдарламаларды дайындауды ұсынуға болады: 5 сынып: Mon hobby (sport, Internet, etc.) 6 сынып: Les langues étrangères que mes amis étrangers apprennent 7 сынып: Échanges scolaires. Correspondance 8 сынып: Le monde de la jeunesse 9 сынып: Le mode de vie de la famille typique en France et au Kazakhstan. II. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ Сағат санын көрсете отырып, сынып бойынша білімнің базалық мазмұнын бөлу 5 СЫНЫП (аптасына -2 сағат, жылына - 68 сағат)
Сөйлесімнің фонетикалық сипаты. Дыбыстардың артикулялық айырмашылығы; француз тілінде барлық дыбыстардың дұрыс айтылуын ажырата және айта білу; сөздер мен сөз тіркестеріндегі екпіннің дұрыс қойылуы; әр түрлі сөйлемдерде дұрыс интонацияны таңдау: (жай, сұраулы, бұйрықты сөйлемдер). Сөйлесімнің лексикалық сипаты. Лексика, тақырып ауқымындағы қатысымдық жағдаяттарға қажетті актив және пассив сөздік қор. Француз тіліндегі этикеттік орамдардың қарапайым түрлері, тұрақты орамдар, клишелер. Сөзжасам: -tion, -sion (collection, révision); - ment (appartement)жұрнақтары; сын есімнің жұрнақтары: eur/euse (heureux/heureuse); -ant (intéressant); - ique (sympatique) Лексикалық минимумның орфографиясы. Сөйлесімнің грамматикалық сипаты. Ашық райдағы (Indicatif) шақ формаларының Futur simple, imparfait жасалуы мен қолданылуы; Күрделі шақтарда avoir немесе être көмекші етістіктерімен жіктелетін етістіктер. Бұл саты үшін іріктеп алынған, ең кең тараған ережеге бағынбайтын етістіктерді жіктеу (prendre, mettre, savoir, lire, écrire, voir, venir және т.б.); Ережеге бағынатын етістіктерді бұйрық райдың (Impératif) болымды және болымсыз түрінде сөйлеу барысында қолдану. Зат есімдерді белгілілік, белгісіздік және біріккен артикльдермен қолдану. Жай жалаң және жайылма сөйлемдер, жақсыз сөйлемдер (il est intéressant). Есептік сан есімдер (100-ге дейін), реттік сан есімдер (10-ға дейін) кіреді. 2. Коммуникативтік бөлім Сөйлеу. Диалог сөз. Диалог сұрақ. Диалог әрекетке түрткі. Өтініш, өтінішті орындауға дайын болу және бас тарту (екі жақтан 2-3 репликадан). Монолог сөз. Өзі туралы ақпарат. Суретті, заттарды, аңдарды және т.б. (тақырып шеңберінде) сипаттау. Монолог сөз көлемі 5 -6 фраза. Тыңдап түсіну. Күнделікті өмірдегі қарапайым және нақты жағдаяттарда мұғалімнің, сыныптастарының және сол тілде сөйлеушілердің сөзін тікелей қарым-қатынаста түсіну, жанама қарым-қатынаста жеңіл аутенттік мәтіндердің мазмұнын көрнекілікке және тілдік болжамға сүйене отырып түсіну. Оқу. Таныс тілдік материал негізінде оқу ережелерін сақтай отырып, дыбыстау ритмикалық-интонациялық дағдыларды көрсете отырып, шағын мәтіндерді мәнерлеп оқу, мәтіннен қажетті ақпаратты алу, түсінгенін сурет, кесте, сұраққа жауап ретінде көрсету. Таныс материал негізінде іштей оқи отырып, мәтін мазмұнын толық түсіну, іштей оқи отырып, кейбір жаңа сөздері бар жеңіл түпнұсқалы мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну. Жазу. Жазуда орфографиялық дағдылар мен іскерліктерді қалыптастыру. Лексикалық минимумның барлық сөзін орфографиялық жағынан дұрыс жазу, сөздерді орнына қою, көрнекілікке сүйене отырып жаттықтырушы тапсырмаларын орындау, жазбаша сұрақ қою және жауап беру, қысқа құттықтаулар (туған күнімен, жаңа жылмен), үлгіге сүйене отырып хат жазу, жеке басына қатысты ақпарат қажет қағаздар (формуляр) толтыру. 3. Әлеуметтік-мәдени бөлім Француз тілді елдерде және Қазақстан Республикасында мейрамдарды өткізу дәстүрлерімен (Наурыз, Жаңа жыл, Рождество), интернационалды сөздермен танысу. Өзінің аты-жөнін, сонымен қатар туған-туыстарының және достарының аты-жөнін француз тілінде жазу, француз тілінде мекен-жайды дұрыс жазу. I. Әлеуметтік-тұрмыстық ая 1.Менің жанұям және мен: жанұя мүшелерімнің бет әлпеті. Менің достарымның мінездері және жеке қасиеттері. Ma famille et moi : l’apparence des membres de ma famille. Les caractères et les qualités personnelles de mes amis. 2. Біз сауда жасаймыз (киім кешек, тұрмыстық заттар, оқу құралдарын сатып алу). Ақша. Nous faisons des courses (vêtements, appareils ménagers, fournitures scolaires). Argent. II. Әлеуметтік мәдени ая 1.Францияның астанасымен танысайық! Көрнекі жерлерін тамашалаймыз! Шетелдік құрбыларыңа Астананың қандай жерлерін аралауға кеңес берер едің? Allons, promonons – nous à travers la capitale de la France! Visitons les curiosités ! Quelles curiosités de la capitale du Kazakhstan peux-tu conseiller à tes amis étrangers de visiter ? 2. Саяхатыңызға сәттілік! Транспорттың түрлері. Bon voyage! Types de transports. Мен олимпияда ойындарының тарихы жайлы не білемін? Que sais-je de l’histoire des Jeux olympiques ? 3. Мен киноны ұнатамын (театрды, теледидарды, радионы). Менің сүйікті әншім (тенің сүйікті актерім). J’adore le cinéma (le théâtre, la télé, la radio). Mes artistes préférés (mes acteurs préférés) III. Оқу еңбек аясы 1. Менің сүйікті пәндерім. Менің және шетелдік құрбыласымның оқу жүктемесі (пәндер, үй тапсырмалар). Mes objets préférées. Le nombre d’heures de cours que j’étudie et celui de mon ami étranger. 2. Мен (үйірмеге, қызығушылық бойынша клубқа, спорт секцияларына) қатысамын. Je fréquente les sections sportives, les cercles et clubs d’intérêt 6 СЫНЫП (аптасына -2 сағат, жылына - 68 сағат) 1.Тілдік бөлім Сөйлесімнің фонетикалық сипаты. Француз тілінің артикуляциялық базасының негізгі сипатын сақтай отырып сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемнің айтылуы: сөз соңындағы дауыссыз дыбыстардың артикуляциясы; әр түрлі сөйлемдердің (құрмалас салалас, құрмалас сабақтас сөйлемдер) айтылуындағы ырғақ-интонацияның дағдылары; диалогтік және монологтік мәтіндерді үндендіру; кірме сөздердің айтылуы. Сөйлесімнің лексикалық сипаты. Лексикалық қордағы тұрақты сөз тіркестер, түрлі репликалар, қарым-қатынасты қамтамасыз етудің тілдік этикеттің элементтері /120/ лексикалық бірлік аффикстерді:
Лексикалық минимумның орфографиясы Сөйлесімнің грамматикалық сипаты. Ең көп тараған ережеге бағынбайтын етістіктердің ашық рай шақ формалары Рassé proche, Passé composé: өздік етістіктердің жіктелуі; шартты райдың шақ формасы Conditionnel présent, оның тілекті білдіру үшін қолданылуы; зат есімдердің артиклдің белгілілік, белгісіздік, бөлшектік, біріккен формаларымен қолданылуы; сын есімдер мен үстеулердің салғастырмалы шырайы; есептік сан есім (100 –ден жоғары), реттік сан есім (31-ге дейін). 2. Коммуникативтік бөлім Тілдесім. Диалогтік сөйлесім. стандартты қарым-қатынас жағдаяттарындағы этикеттік сипаттағы диалогта тілдік этикеттің сәйкес формуласын қолдану; Этикеттік диалогтің көлемі: әр коммуниканттан 3-4 реплика болу керек. Сынып тақырып аясында инициативті реплика қалай болса, реактивті реплика солай болу режиміндегі диалог-түрткі (Диалог-сұрақ. Диалог-түрткі); стандартты жағдаяттарда (сәлемдесу, сыйлыққа рахмет айту, сүйікті ісі, музыканттар, спортсмендер және т. б.) жайлы сөйлесу, жасауы; типтік жағдаяттар (сауда жасау, дәрігердің қабылдауында) бойынша диалог құру. Монологтік сөйлесім. оқу жағдаятына сәйкес, алдын-ала дайындықсыз қисынды және жүйелі түрде айтып беру; тақырып бойынша мәлімет жасау; 5-7 сыныптың бағдарламалық тілдік материалдарының аясында тыңдалған немесе оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын өз сөзімен айтып беру; бір күн ішінде жасаған жұмыстары жайлы қысқаша мәлімет беру, өзінің дүкен аралағаны, сатып алған заттары туралы айтып беру; белгілі тілдік клишелерді қолдана отырып, өзінің оқыған немесе тыңдаған мәтіндеріне болымды/болымсыз пікірлерін беру; оқыған мәтін бойынша мәлімет беру; аталмыш сыныптың тақырып аясында суретті, фотоны суреттеу. Монологтік айтылым көлемі кемдегенде 9 фраза. Тыңдалым. Дидактикалық сипаттағы: әмбебапта, әуежайда, вокзалда пойыздың келуі, кешігуі туралы қысқа радиохабарламаларды, аталмыш сыныптың тақырып аясында дұрыс/бұрыс ақпаратты түсіну; қарапайым әрекеттерді, есімдерді, апта күндерін, датаны көріп отырып түсіну; қысқаша диалогтар және олардағы әрекеттерді визуальды бейнесімен қиыстыру; алынған ақпаратты сөйлеу әрекетінің басқа (продуктивті) түрлерінде қолдану; Бір мәліметтің тыңдалуы 60 сек. дейін. Тест тапсырмаларының жалпы тыңдау көлемі 5 мин. дейін (5 мәлімет 60 секундттан.). Оқылым. Француз тілі жүйесіндегі негізгі дыбыстық-әріптік сәйкестік; аталмыш сыныптың лексикалық минимумының оқу ережесі; аутентикалық мәтіндерді (хабарландыру, жарнамалық мәтіндері, құттықтаулар, хаттар, қысқа әңгімелер) мәнерлеп оқу; сөздік және фразалық екпін; Оқу және түсіну стратегиясы: қысқа қарапайым (таныса оқу түрі) мәтіндер; бар ақпаратты табу, түсіндіру (зерттей оқу); мәтіннен нақты коммуникативті мәселелерді шешу үшін ғана қажетті ақпаратты табу (іздестіре оқу ). Коммуникативті стратегияның таныстыру оқу түрін қолдану: иллюстрация, тақырып бойынша мәтін мазмұнын болжау; негізгі ой; болмашы мәліметтерді қалдырып отырып, негізгі фактілерді іріктеу. Мәтін көлемі 400 сөзге дейін. Коммуникативті стратегияның жете зер салып оқу түрі қолдану: тілдік болжамдарды, мәтіндік материалдарды өңдеу; екі тілдік сөздіктерді қолдану; алынған ақпаратты сөйлеу әрекетінің басқа (продуктивті) түрлерінде қолдану. Мәтін көлемі 300 сөзге дейін. Коммуникативті стратегияның іздестіре оқу / қарап шығу оқу түрі: аутентикалық мәтіндер қарастыру (жеке хат, открытка, газет хабарландыруы, жарнамалық мәтін) және оқушыларға қызық немесе коммуникативті тапсырмаларды орындауға қажетті ақпаратты іріктеу. Мәтін көлемі 150 сөзге дейін. Жазылым. Француз тілінде сөйлейтін елдерде қалыптасқан қарым-қатынастың жазба түрлерінің дәстүрлі және ұлттық-мәдени ерекшеліктері; тірек сөздерге сүйене отырып, бір күн ішінде істегені жайлы жазу; тірек сұрақтар негізінде суреттерді суреттеу; ресми шақыруға келіспеу/келісуді; тірек сөздерге сүйене отырып электорондық хат жазу (5-6 сөйлем); ауырып қалғандағы хал-жайы туралы, сауда жайы, спорт туралы өз пікірін білдіртіп электорондық хат жазу (5-6 сөйлем). 3. Әлеуметтік мәдени бөлім Мәтіннен реалилерді табу және оларды тақырыптық ұстаным бойынша жүйелеу; мәдени танымдық коолаждар, карталар, салыстырмалы кестелер; француз тілінде сөйлейтін мемлекеттердің мәдениеті мен төл мәдениетінің арасындағы сәйкестіктер мен айырмашылықтар (аталмыш сыныптың тақырып аясында); өз елі мен оның мәдениеті туралы француз тілінде айтып беру СӨЙЛЕУ ТАҚЫРЫПТАРЫ I. Әлеуметтік тұрмыстық ая 1. Менің жанұям және мен: менің жанұя мүшелеріммен жақын туыстарым сөйлейтін тіл. Ma famille et moi : les langues que les membres de ma famille et mes proches parlent. Ma carte de visite. 2. Сыйлықтар. Мен шетелдік досыма Қазақстаннан сувенир таңдаймын. Cadeaux. Je choisis un souvenir typique au Kazakhstan pour mon ami étranger. Argent de poche II. Әлеуметтік мәдени ая 1.Музыка әлемі: француз тілді елдердің көрнекті музыканттары және олардың әлемдік мәдениетке қосқан үлестері. Мен шетелдік қонақтарға өз елімнің көрнекті музыканттары туралы не айта аламын? L’univers de la musique : les musiciens éminents des pays francophones et leurs apports dans la culture mondiale. Que puis-je dire aux étrangers des musiciens éminents de mons pays natal ? 2. Менің жақсы көріп шұғылданатын ісім (кітаптар, маркалар, шахмат және т.б.). Mon hobby (livres, timbres, échecs- sport et etc.). 3. Француз тілді елдердегі және Қазақстандағы атақты спортшылар және олардың спорттың дамуына қосқан үлестері. Менің ұқсағым келетін сүйікті спортшым. Les plus célèbres sportifs de la France et du Kazakhstan et leurs apports dans le développement du sport. Mon sportif préféré que je voudrais imiter. 4. Денсаулық. Ауру мен жаман әдетке жол жоқ! Santé. Non aux maladies et aux mauvaises habitudes ! III. Оқу еңбек аясы 1.Мен оқитын шетел тілі. Ол не үшін қызмет етеді? (Француз тілінде әлемде неше адам сөйлейді?) Менің шетелдік құрбыластарым оқитын шетел тілдері. 2. Интернет, ол маған оқуда көмектесе ме? Qu’est –ce que c’est la langue étrangère que j’apprends ? (à quoi elle sert ? Combien de personnes parlent cette langue dans le monde entier ?). Les langues étrangères que mes amis étrangers apprennent. Est-ce que l’Internet m’aide dans mes études ? |
![]() | Ұсыныстар беру үшін Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы Әзірлеген және ҰсынғАН | ![]() | Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама) |
![]() | 2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы №3 хаттама) | ![]() | 2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы №3 хаттама) |
![]() | 12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама) | ![]() | Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама) |
![]() | 12 жылдық бастауыш мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 27 ақпандағы №1 хаттама) | ![]() | 12 жылдық негізгі орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 27 ақпандағы №1 хаттама) |
![]() | 12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 27 ақпандағы №1 хаттама) | ![]() | Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылған (2013 жылғы 27 ақпандағы №1 хаттама) |
![]() | Кәсіптік бейімдеп оқыту әдістемесі (12 жылдық мектеп) Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама) |