|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ 5-9 СЫНЫПТАР Астана 2010 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ Астана 2010 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілді.Бағдарлама авторлары: Тайжанов. С., Тлеуғалиев Ю. Ғ., Қасымбекова С.И., Нұралиева С. К. Жалпы білім беретін мектептің 5-9 сыныптарына арналған «Дене шынықтыру» оқу бағдарламасы .– Астана, 2010. –36 б.Бағдарлама төмендегі құжаттар негізінде дайындалды: 1. ҚР Президентінің «ҚР-да 2001-2005 ж. аралығында дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» 12.03.2001 ж. Жарлығы, № 570. 2. ҚР Президентінің «ҚР-да 2007-2011 ж. аралығында дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» 28.ХІІ.2006 ж. Жарлығы, № 230. 3. 1999 ж. 12 желтоқсандағы «ҚР-ның дене шынықтыру және спорт туралы Заңы», № 490-1 ЗРК. 4. «ҚР-да 2001-2005 ж. арналған дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы» БжҒМ-нің 27.06.2001 жылғы № 505, 30.04.2002 жылғы № 352, 29.05.2003 жылғы № 351 бұйрықтары (Мұнда аптасына 3 сағат дене тәрбиесін өткізу тапсырылған). І ТҮСІНІК ХАТ «Дене шынықтыру» оқу пәні мемлекеттік міндетті білім беру стандартының маңызды компоненті есебінде «Дене шынықтыру» білім беру саласына кіреді. Оқу пәнінің нысаны – пән арқылы дамитын және әлеуметтік ортамен өзара әрекет ететін дамып келе жатқан бала организмі. «Дене шынықтыру» оқу пәні – бұл дене және психикалық саулықты нығайту үшін арнайы ұйымдастырылған қозғалыс белсенділігі туралы білімдер жүйесі. Осы пәннің іс жүзіндегі мақсаты – бұл қазіргі қоғамның жалпы мәдениетінің бөлігі есебінде дене шынықтырудың құндылығы жөнінде білім алу. Ол қозғалыс қабілеттерін дамытып, жетілдіруге, сондай-ақ салауатты өмір салтының ережелеріне үйретуге бағытталған. Оқу пәнінің жалпы мақсаттары. Пәннің мақсаты оқушыларда оңтайлы қозғалыс белсенділігіне қажеттілікті тәрбиелеу және өзінің дене және психикалық саулығын нығайтуға деген себептерді қалыптастыру болып табылады. Оқу пәнінің міндеттері:
Оқытудың деңгейлері бойынша «Дене шынықтыру» пәні мазмұнының сабақтастық қағидасын сақтау қарастырылады. Табиғи көркемдік қағидасы өсіп келе жатқан организм үшін дамытатын оңтайлы қозғалыс ортасын қалыптастыруды және балалардың қозғалыс белсенділігіне сұранысты қанағаттандыруды қамтамасыз етуді қарастырады Практикаға бағыт ұстану қағидасы қимыл-қозғалыс дамуының кезеңдік және соңғы мақсатын сипаттайтын оңтайлы ұқсас қимылды меңгеруді көздейді. Баланың жүйке жүйесі мен психикасын қалыптастыруға тән дамудың негізгі факторларын іске асыру қарастырылады. Бірінші кезекте ілесетін, үйлестіретін бір жағынан көздің, мойын еттерінің сенсорлық ақпараттарды қабылдаудағы құлақтың және екінші жағынан қолдардың, дене бөліктерінің, беттің, еріннің, қимылмен жауап қайтарғандағы тілдің қозғалыстарын дамыту жатады. Оқу пәнінің мазмұнын іріктеу педагогикалық тәсілдерге негізделген:
Пән бойынша оқу жүктемесі: Типтік оқу жоспары бойынша «Дене шынықтыру» оқу пәніне аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат бөлінеді. 5 сынып – аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат. 6 сынып – аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат. 7 сынып – аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат. 8 сынып – аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат. 9 сынып – аптасына 3 сағат, жылына 102 сағат. Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі дене дамуында жетіспеушілігі бар балалар үшін сауықтыру дене шынықтыруымен және оқушылар мен ата-аналардың сұранысы мен қызығушылығын есептей отырып, спорт түрімен шұғылдану. ІІ ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ 5 сынып (барлығы 102 сағат, аптасына 3 сағат) Теориялық мәлімет Дене тәрбиесі. Дене дамуы. Дене тәрбиесі және оның адамның дене бітімін жетіддіруге мақсатты бағытталуы. Дене тәрбиесінің эстетикалық және сауықтыру қызметі. Мектептегі дене тәрбиесі сабағының тазалық және ұйымдастырушылық негіздері. Жеңіл атлетика Жүгіру. Қысқа қашықтыққа жүгіру, екпінмен ұзындыққа секіру техникалық дағдыларын орнықтыруға бағытталған арнайы дене жаттығулары, ең жоғарғы жылдамдықпен 30-60 м қашықтыққа жүгіру. Жүгіру, 3-5 минут аралығында орташа шапшаңдықпен жүгіру, 400 м қашықтыққа (уақытын есептеу) жүгіру. Ұзындыққа секіру. Екпін алып, орнында түрып, нәтижесін есептемей екпін алып, серпілетін аяқтың тірек реакциясын ескере екпінмен үзындыққа секіру, техникалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталған арнайы дене жаттығулары. Биіктікке секіру. Биіктікке секіруде адымдау тәсілімен екпін алу, серпілу және жерге түсу техникалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған арнайы дене жаттығулары. 5-6 адымнан екпін алып биіктікке секіруді орындау (биіктігі 50-60 см). Лақтыру. Алысқа жөне нысанаға лақтыру дағдысын орнықтыруға бағытталған арнайы дене жаттығулары. 10-15 м арақашықтықтан аз салмақты допты алысқа және нысанаға лақтыру. Жүгіру, ұзындыққа секіру, көп қайтара қарғулар, допты нысанаға лақтыру элементтері бар эстафеталар мен ойындар. Спорттық ойындар Баскетбол. Дағдылардың бекуі мен қалыптасуына бағытталған арнайы дене жаттығулары: жүгіру, жүру, секіру техникалары (белгі бойынша тоқтап, бағыты мен жылдамдығын өзгерте жүгіру). Дағдылар: бір адым жасап екі қолмен кеудесінен допты беру және ұстау; біресе оң, біресе сол қолмен ауыстыра допты жүргізу (адымдай және ақырын жүгіре), орнынан екі қолмен торға доп салу. Волейбол. Дағдының бекуі мен қалыптасуына бағытталған арнайы дене жаттығулары: алаңда ауысу техникасы, дағдылары. Ойынның түрысы: түрған қалыптан оңға, сол-ға, аддыға, артқа қарай ауысулар; жартылай отырған қалып-тан жоғары секіру; орнынан допты беру және тосу; жоға-рыдан допты екі қолмен тосу, тордан 2-3 м қашықтықтан допты беру, жеңілдетілген ереже бойынша волейбол ойынын ойнау. Футбол. Дағдының қалыптасуы мен нығаюына бағытталған арнайы дене жаттығулары: алаңда ауысу және жүгіру, допты соғу техникасы. Дағдылары: аяқтың орта шенімен, табанның ішкі жағымен жатқан допты соғу, қарсыласына допты жіберу, допты тоқтату, алу, қарсы алу (әріптестердің арақашықтығы 5-6 м.). Доға жасап және түзу сызықпен ақырын шапшаңдықта жүгіріп, допты жүргізу (арақашықтық 5-6 м.) Қол добы. Екі қолмен допты ұстау, ақырын шапшаңдықта жүгіріп, допты ауыстыра допты алып жүру, секіру арқылы тосқауыл қою. Қақпашының қимыл әрекет дағдысы (қақпа маңайыңдағы ауысулар; екі; бір қолмен допты тойтару). Гимнастика. Саптық жаттығулар және саптағы қозғалыста орындалатын жаттығулар. Жүрудің әр түрлілігі: саптық, аяқтың ұшымен, окшемен, тізені котере, жартылай отыра жүру. Қайта сап түзеу: бір лектен екі лекке (орнында); екі лектен бір лекке (спорт залды айнала жүгіру); алдыға қолын соза қашықтықта лекті ажырату (орнында және қозғалыста). Жалпы дамыту жаттығулары. Саппен жүріп келе жатып орындалатын жаттығулар: иық белдеуі және жамбас, сонымен қатар, табан мен сирақ буындарының қимылын дамыту, тыныс алу мен қан айналымын нығайту; дұрыс мүсінді қалыптастыруға мүмкіндік беретін, тепе-теңдікті нығайтатын, белсенді көңіл-күйге, денені босаңсытуға арналған жаттығулар. Төсеніште құралсыз орындалатын жалпы дамыту жаттығулары: дененің негізгі бөліктерінің бұлшық еттерін нығайту жаттығулары, қимылдың үйлесімділігін дамытатын, сонымен қатар, дененің тізе, табан бөліктерінің иілгіштігінің дамуына, денені босаңсытуға және тыныс алу қимылдарын үйлестіруге арналған жаттығулар. Акроботика. Жартылай отырып секіргіштен секіру, толық отырып секіру, серігінің көмегімен қолмен жүру. Күшке арналған жаттығулар: жерге жатып қолды бүгіп, жазу, алдыға және артқа; жиналып тоңқалаң асу: жауырында тұру; статикалық элементтердің жеңілдетілген түрлері: көпір, шатқа отыру, қарлығаш болып тұру. Акробатикалық элементтері бар эстафеталар мен ойындар. Орта биіктіктегі белтемірге (ұлдар) іліне тұра, біреуімен серпіле екіншісінен жұлқи көтеріліп аударыла тірелу. Тірелуден оңға бұрыла сілтей – сырықтан сол жағымен қарғып түсу. Әр – түрлі биіктіктегі сырық – төменгі сырғауыл (қыздар). Іліне тік тұрып біреуімен сілтей, екіншімен жұлқи көтеріле, аударыла тірелу. Тірелуден сол аяқпен сілтей, сырықтан сол жағымен қарғып түсу. Өрмелеу. Әр түрлі жағдайда асылып 3 әдіспен арқанға өрмелеу (биіктігі 2,5-3м.) Бөрене. Тепе-теңдік жаттығулары: аяқ ұшымен (қол екі жақта), тізені жоғары көтере (қол белде), тіркеме алдымен жүру (қол белде), аяқты айқастыра тоқтап орында айналу, тез, шапшаң жүру, қарғи секіріп түсу. Гимнастикалық кіші ат. Тіркеліп кіші ағаш аттан секіру (снаряд биіктігі 110см). Аяғын бүге немесе екі жаққа жазып екпінмен көтеріле көпірден серпіліп секіру (көпірше снарядтан 30-35 см қашықтыққа орналасқан). Ырғақты гимнастика. 8-10 жалпы дамытушы сипаттағы, музыкамен орындалатын жаттығулар кешені. Шаңғы дайындығы Екі адымды алмастырып жүру, бір мезгілде бір адымды жүріс, «соқамен тоқтау», жылжи бұрылу, тегіс жерде 2 км дейінгі қашықтықты жүріп өту. Кросстық даярлық (қарсыз жерде). Тегіс жерде 100-200м ақырын жүру, 800м орта шапшаңдықта жүгіру, 800-1000м қашықтыққа ойлы-қырлы жерлермен орта шапшаңдықта жүгіру. Жүзу Құрлықта дағдының нығаюы мен қалыптасуына бағытталған арнайы дене жаттығулары: жерде жатып қолмен ескекті қимыл жасау техникасы (кроль, брасс әдістерімен жүзу сияқты). Құрлықта орындалатын арнайы дене жаттығулары: аяқ, қол, иық бұлшық еттері күшінің дамуына, қимыл мен тыныстың үйлесімділігіне мүмкіндік беретін жаттығулар. Қолды алға созып, дененің су бетінде жылжуы; сол сияқты суда демала, ескектік қимылдар жасау; аяғымен су түбіне итеріле және суда демала екі-үш ескектік қимылдар жасау, су бетінде жылжу. . Бағдарлама бойынша берілетін сағаттарды оқу жылындағы тоқсандарға бөліп өткізу (5 сынып) 1-кесте
6-сынып (барлығы 102 сағат, аптасына 3 сағат) Теориялық Мәліметтер Қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасуы үшін дене жаттығуларының мәнділігі. Күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік және т.б. қимыл-қозғалыс қасиеттерінің қалыптасуына дене жаттығуларының әсері. Денсаулықты нығайтудағы жалпы дамытатын жаттығулардың маңызы. Жеңіл атлетика Жүгіру. Қысқа қашықтықтағы дағдының нығаюына, жылдамдық төзімділігінің жоғарлауына мүмкіндік беретін арнайы дене жаттығулары. Жоғары жылдамдықпен 30-60 м жүгіру, уақытты есептеп 100 м қашықтыққа жүгіру. 4-6 минут аралығында орта шапшандықта жүгіру. Секіру. Ұзындыққа секіруде жеке бөліктерді (элементтерді) орындау дайындығының нығаюына (екпін алу, серпілу, ұшу және жерге түсу) мүмкіндік беретін арнайы жаттығулар: нәтижесін есептемей 5-10 м қашықтықтан «аяқты бүгу» әдісімен екпін алып секіру, бір орында тұрып ұзындыққа секіру. Биіктікке секіруде жеке бөліктердің (элементтердің) орындалуындағы дағдының нығаюына (екпін алу, серпілу, ұшу жөне жерге түсу) мүмкіндік беретін арнайы жаттығулар, 5-10 м қашықтықтан екпін алып, нәтижені есепке алмай «адымдау» әдісімен толық үйлесімділікте биіктікке секіру. Лақтыру. Кіші допты алысқа және нысанаға лақтыруда жеке бөліктерді орындау дағдысының нығаюына мүмкіндік беретін арнайы даярлық жатығулары. Нәтиже есебіне нысанаға жене қашықтыққа доп лақтыру. Нысанаға доп лақтыру, жүгіру, секіру элементтері бар ойындар мен эстафеталар. Спорттық ойындар Баскетбол. Дағдыларды бекітуге арналған дене жаттығулары: алаңда ауысу, аралас және бір адым жасап екі қолмен кеудеден доп жіберу және ұстау, оң (сол) қолмен не қолдарды алмастыра допты алып жүру (адымдау және ақырын жүгіру кезінде), бір орында тұрып және қозғалыста торға (себетке) екі қолмен допты лақтыру. Жеңілдетілген ережемен баскетбол ойнау. Волейбол. Дағдыны бекітуге бағытталған арнайы дене жаттығулары: екі қолмен төменнен және жоғарыдан допты алу, аланда ауысу техникасы. Артқа, алға, оңға, солға ауыса білу жөне бір орында тұрып допты қабылдау және астынан жіберу. Жеңілдетілген ережемен волейбол ойнау. Футбол. Дағдыны бекітуге бағытталған арнайы дене жаттығулары: допты алу және соғу, алаңда алмасу техникалары. Дағдылар: аяқтың ортаңғы алқымымен (бәлігімен), табанның ішкі жағымен қозғалыстағы және бір орындағы допты соғу, 2-3 адым екпін алып, қарама-қарсы орналасқан серігіне допты жіберу, допты алу, тоқтату (ара қашықтық 5-6 м), ирек және түзу сызық бойымен орташа шапшаңдықпен допты алып жүру (қашықтық 6-10 м). Жеңілдетілген ережемен футбол ойнау. Қол добы. Допты екі қолмен тосу, орташа шапшаңдықпен жүгіре, допты бір немесе екі қолмен ырғыту, қолды ауыстыра допты алып жүру. Секіру кезінде лақтыруға тосқауыл қою. Қақпашының іс-әрекет дағдылары: бір не екі қолмен допты қайтару (үстінен, төменнен) Гимнастика. Сап және саппен қозғалыс кезінде орындалатын жаттығулар. Жүрістің әр түрлілігі: сапта аяқ ұшымен, өкшемен, тізені жоғары көтере, жанымен және бір аяққа толық отыра жүру. Қайта сап түзеу: бір лектен екі лек түзеу (бір орында), бір лектен үш лекке (спорт залды айнала) тұру, жанына және алдыға қолды соза сапты созу (бір орында түрғанда жөне қозғалыста). Жалпы дамытатын жаттығулар, саппен орындалатын жаттығулар, иық пен жамбас, сонымен қатар табан мен сирақ бұлшық етінің қимылын дамыту, тыныс алу мен қан айналысын арттыратын, дұрыс тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік беретін жаттығулар (бұлар қозғалыстың үйлесімділігін, белсенді көңіл-күйді, тепе-тендікті нығайтады.) Бір орында құралсыз орындалатын жалпы дамытатын, аяқтар мен кеуде, иық, мойын бұлшық еттерін нығайтуға, дененің табан, бел, тізе бөліктеріндегі иілгіштікті дамытуға, босаңсу мен шапшаңдық төзімділігіне арналған жаттығулар. Акробатика. Орнында түрып ұзындыққа және биіктікке екі аяқпен бірдей серпіле секіру, көп қайтара қарғулар, жартылай отырған жағдайдан жоғары секіру, тез, баяу шапшаңдықпен төрт тағандап (төрт аяқтап) алға, артқа жүру. Күшке арналған жаттығулар: нәтижесін есептей отырып, жатып тіреле қолды шапшандата бүгіп, жазу. Жинақталып тоңқалаң асу, алға және артқа екі реттен тоңқалаң асу, жауырынға тұру. Статикалық элементтердің жеңілдетілген түрі: көпір, шат, қарлығаш. Акробатикалық элементтері бар ойындар мен эстафеталар. Орта биіктіктегі белтемір (перекладина) (ұлдар). Біреуімен сілтей, іліне көтеріле, екіншісімен айналып қолмен тірелу. Тіреле сілтеп, артқа жанай айналу және кермеден секіріп түсу. Белтемірге асылып тұрып тартылу. Әртүрлі биіктіктегі сырық (қыздар) Тіке асылып тұрып, бір аяқты сілтей, екіншісімен итеріліп, аударылып түсіп, қолға тұру. Тіреліп тұрып сол аяқты сілтеу, екінші аяқты да сілтеп оң жағымен айнала тірелу, аяқтарды сілтей, артқа секіріп түсу. Өрмелеу. Аралас асылумен арқанға үш әдіспен шығу (арқан биіктігі 3 м). Тепе-теңдік жаттығулары (бөрене). Жүрістің әр түрлілігі: аяқтың ұшымен (қолды екі жаққа, жоғары ұстап), тізені жоғары котере (қол белде), кедергілерден аттап өту (қүм салынған қаптар және т.б.), бөрене бойымен жүгіріп, қашыққа секіріп түсу. Гимнастикалық кіші аттан секіру (снарядтың биіктігі 115 см.) Аяқтарды бүгіп немесе аяқтарды екі жаққа алшақ жіберіп, көпіршеден серпіле екпінмен секіру (көпіршенің снарядтан қашықтығы 35-40 см). Ырғақты гимнастика. Музыканың сүйемелдеуімен жалпы дамытушы сипаттағы 8-12 жаттығулар кешенін орындау. Шаңғы даярлығы ![]() Дала жарысы (кросстық даярлық). Шаңғы даярлығының орнына қарсыз жерлерде жүргізіледі. Тегіс жерде 200-400 м-ді орташа шапшаңдықпен жүгіру. 1000-1500 м қашықтыққа ойлы-қырлы жерлермен жүгіру (уақыты есептеледі). Жүзу ![]() |
![]() | Ұсыныстар беру үшін Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы Әзірлеген және ҰсынғАН | ![]() | Жобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама) |
![]() | 2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы №3 хаттама) | ![]() | 2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы №3 хаттама) |
![]() | 12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама) | ![]() | Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама) |
![]() | 12 жылдық бастауыш мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 27 ақпандағы №1 хаттама) | ![]() | 12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 27 ақпандағы №1 хаттама) |
![]() | 12 жылдық негізгі орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 27 ақпандағы №1 хаттама) | ![]() | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің 2014 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған тексеру жоспары Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №1519... |
![]() | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаментінің 2012 жылдың II жартыжылдығына арналған тексеру жүргізу жоспары Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төраға орынбасарының 2012 жылғы 4 мамырдағы... |