Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы icon

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы



НазваниеҚазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы
Дата конвертации20.02.2013
Размер345.27 Kb.
ТипДокументы
источник
1. /Б_л_м Стандарты/начальная школа/adeb_oku_2-4_kaz.doc
2. /Б_л_м Стандарты/начальная школа/beineleu_1-4_kaz.doc
3. /Б_л_м Стандарты/начальная школа/dunie_tanu_1-4_kaz.doc
4. /Б_л_м Стандарты/начальная школа/fizkultura_1-4_kaz.doc
5. /Б_л_м Стандарты/начальная школа/kazak_tili_2-4_kaz.doc
6. /Б_л_м Стандарты/начальная школа/matematika_1-4_kaz.doc
7. /Б_л_м Стандарты/начальная школа/muzyka_1-4_kaz.doc
8. /Б_л_м Стандарты/начальная школа/russkii_jaz_3-4_kaz.doc
9. /Б_л_м Стандарты/начальная школа/sauat_ashu_1kl_kaz.doc
10. /Б_л_м Стандарты/начальная школа/trud_1-4_kaz.doc
11. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/GOSO_kaz_04.doc
12. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/algebra_7-9_kaz.doc
13. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/angliiskii_5-9_kaz.doc
14. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/beineleu_5-6_kaz.doc
15. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/biologija_6-9_kaz.doc
16. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/dunie_zhuzi_tarikhi_6-9_kaz.doc
17. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/fizika_7-9_kaz.doc
18. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/fizkultura_5-9_kaz.doc
19. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/francuzskii_5-9_kaz.doc
20. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/geografija_5-9_kaz.doc
21. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/informatika_7-9_kaz.doc
22. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/kaz_adebiet_5-9.doc
23. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/kazak_tarikhi_5-9_kaz.doc
24. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/kazak_tili_5-9_kaz.doc
25. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/khimija_8-9_kaz.doc
26. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/kogam_bilim_neg_9syn_kaz.doc
27. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/matematika_5-6_kaz.doc
28. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/matematika_7-9_kaz.doc
29. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/muzyka_5-6_kaz.doc
30. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/nemeckii_5-9_kaz.doc
31. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/russkaja_rech_5-9_kaz.doc
32. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/syzu_9kl_kaz.doc
33. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/tekhnololgija_5-9_kaz.doc
34. /Б_л_м Стандарты/основная школа 5-9/zharatylystanu_5syn_kaz.doc
35. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/GOSO_kaz_2010.doc
36. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/algashky_askeri_daiyn_KG_10-11_kaz.doc
37. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/algebra_KG_10-11_kaz.doc
38. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/angliiskii_KG_10-11_kaz.doc
39. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/biologija_KG_10-11_kaz.doc
40. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/dunie_zhuzi_tarikhi_KG_10-11_kaz.doc
41. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/fizika_KG_10-11_kaz.doc
42. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/fizkultura_KG_10-11_kaz.doc
43. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/franuczskii_KG_10-11_kaz.doc
44. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/geografija_OG_10-11_rus.doc
45. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/geometrija_KG_10-11_kaz.doc
46. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/informatika_KG_10-11_kaz.doc
47. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/kazak_tarikhi_KG_10-11_kaz.doc
48. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/kazak_tili_KG_10-11_kaz.doc
49. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/khimija_KG_10-11_kaz.doc
50. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/kogam_bilim_neg_KG_10-11_kaz.doc
51. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/kukyktanu_neg_KG_10-11_kaz.doc
52. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/nemeckii_KG_10-11_kaz.doc
53. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/oner_KG_10-11_kaz.doc
54. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/russkaja_rech_5-9_kaz.doc
55. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/russkii_jaz_KG_10-11_kaz.doc
56. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/Когамдык гуманитарлык багыт/tekhnologija_KG_10-11_kaz.doc
57. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/GOSO_kaz_2010.doc
58. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/algashky_askeri_daiyn_KG_10-11_kaz.doc
59. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/algebra_KG_10-11_kaz.doc
60. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/angliiskii_KG_10-11_kaz.doc
61. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/biologija_KG_10-11_kaz.doc
62. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/dunie_zhuzi_tarikhi_ZHM_10syn_kaz.doc
63. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/fizika_ZHM_10-11_kaz.doc
64. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/fizkultura_KG_10-11_kaz.doc
65. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/franuczskii_KG_10-11_kaz.doc
66. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/geografija_OG_10-11_rus.doc
67. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/geometrija_KG_10-11_kaz.doc
68. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/informatika_KG_10-11_kaz.doc
69. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/kaz_tarikhi_ZHM_10-11_kaz.doc
70. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/kazak_tili_KG_10-11_kaz.doc
71. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/khimija_ZHM_10-11_kaz.doc
72. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/kogam_bilim_neg_KG_10-11_kaz.doc
73. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/kukyktanu_neg_KG_10-11_kaz.doc
74. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/nemeckii_KG_10-11_kaz.doc
75. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/oner_KG_10-11_kaz.doc
76. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/russkaja_rech_5-9_kaz.doc
77. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/russkii_jaz_KG_10-11_kaz.doc
78. /Б_л_м Стандарты/средняя школа 10-11/естественно математическое направление/tekhnologija_KG_10-11_kaz.doc
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы әдебиеттік оқу оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы бейнелеу өнері
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүниетану оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дене шынықтыру
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ тілі оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы
Программа для 3-4 классов общеобразовательных школ с нерусским языком обучения Астана 2010 Утверждено
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы сауат ашу оқу бағдарламасы
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы еңбекке баулу оқу бағдарламасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты Государственный общеобязательный стандарт образования Республики Казахстан Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім Начальное, основное среднее, общее среднее образование
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы алгебра оқу бағдарламасы
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы ағылшын тілі оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы бейнелеу өнері
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүние жүзі тарихы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дене шынықтыру
Қазақстан республикасы білім және ғылыми министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы француз тілі оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы география оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ Әдебиеті оқу бағдарламасы
Қазақстан тарихы
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ тілі оқу бағдарламасы
Химия оқу бағдарламасы
ҚОҒамдық білім негіздері
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы математика оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы геометрия оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы музыка оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылыми министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы неміс тілі оқу бағдарламалары
Программа для 5-9 классов школ с нерусским языком обучения Астана 2010 Утверждено
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы сызу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы технология оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы жаратылыстану оқу бағдарламасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты Государственный общеобязательный стандарт образования Республики Казахстан Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім Начальное, основное среднее, общее среднее образование
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы алғАШҚЫ Әскери дайындық
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы алгебра және анализ бастамалары
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы ағылшын тілі оқу бағдарламасы
Қазақстан респуликасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүние жүзі тарихы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дене шынықтыру оқу бағдарламасы 10-11 сыныптар қоғамдық гуманитарлық бағыт
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы француз тілі оқу бағдарламасы
Программа для 10-11 классов общественно-гуманитарного направления общеобразовательных школ Астана 2010
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы геометрия оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Қазақстан тарихы
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ тілі оқу бағдарламасы
Химия оқу бағдарламасы
ҚОҒамдық білім негіздері
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қҰҚЫҚтану негіздері
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы неміс тілі оқу бағдарламасы
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы өнер (отандық, шетел және заманауи көркем мәдениет)
Программа для 5-9 классов школ с нерусским языком обучения Астана 2010 Утверждено
Программа для 10-11 классов общественно-гуманитарного направления общеобразовательной школы с нерусским языком обучения
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы технология оқу бағдарламасы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты Государственный общеобязательный стандарт образования Республики Казахстан Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім Начальное, основное среднее, общее среднее образование
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы алғАШҚЫ Әскери дайындық
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы алгебра және анализ бастамалары
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы ағылшын тілі оқу бағдарламасы
Қазақстан респуликасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы биология оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дүние жүзі тарихы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы дене шынықтыру оқу бағдарламасы 10-11 сыныптар қоғамдық гуманитарлық бағыт
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы француз тілі оқу бағдарламасы
Программа для 10-11 классов общественно-гуманитарного направления общеобразовательных школ Астана 2010
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы геометрия оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы информатика оқу бағдарламасы
Қазақстан тарихы
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қазақ тілі оқу бағдарламасы
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы химия оқу бағдарламасы
ҚОҒамдық білім негіздері
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы қҰҚЫҚтану негіздері
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы неміс тілі оқу бағдарламасы
Ы. алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы өнер (отандық, шетел және заманауи көркем мәдениет)
Программа для 5-9 классов школ с нерусским языком обучения Астана 2010 Утверждено
Программа для 10-11 классов общественно-гуманитарного направления общеобразовательной школы с нерусским языком обучения
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы технология оқу бағдарламасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ


ФИЗИКА


ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


7-9 сыныптар


Аcтана 2010


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ АКАДЕМИЯСЫ


ФИЗИКА


жалпы білім беретін мектептің 7-9 сыныптарына арналған


ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ


Астана 2010

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген


Бағдарлама авторлары: Қазақбаева Д.М., ТоқбергеноваУ.Қ.,

Башарұлы Р., Кронгарт Б.А.


Жалпы білім беретін мектептің 7-9 сыныптарына арналған «Физика» оқу бағдарламасы.– Астана, 2010. – 25 б.




© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім беру академиясы, 2010



І. ТҮСІНІК ХАТ


Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «Физика» оқу пәні «Жаратылыстану» білім саласына жатады. Физика курсының негізгі орта білім беру деңгейі (7-9 сыныптар) пәнді әрі қарай (10-11 сыныптарда) зерделеу үшін негіз болып табылады. 10-11 сыныптарда физика курсы жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша оқытылады.

Бұл жағдайда негізгі орта білім беру деңгейіндегі физика курсы жаңа мәнге ие болады. Ол базалық аяқталған, физика ғылымының негіздері бойынша барлық оқушыларды олардың болашақ мамандығына тәуелсіз іргелі білімдер жүйесімен қамтамасыз етуді көздейді. Сондықтан курс бағдарламасы қазіргі заманғы адамның жалпы мәдениетінің негіздерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін мазмұнға сүйенуге тиіс.

Физика оқу пәні ретінде қоршаған әлемнiң сансыз құбылыстарында орын тебетiн табиғаттың жалпы заңдылықтарын қарастырады, оның ғылыми, техникалық және гуманитарлық әлеуеті бар, ол адамзат мәдениетінің маңызды құраушысы болып табылады.

«Физика» оқу пәнінің негізгі орта білім беру деңгейіндегі мақсаты оқушылардың ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабiлетiн дамыту;

физиканың қазiргi қоғам өмiрiндегi және жалпы адамзат мәдениетiн дамытудағы рөлiн ашу; табиғатқа ғылыми көзқарасты бекiту; адамның дүниеге қатынасына, жеке тұлғаның құндылық жүйесiне, физикадан берiлетiн бiлiмдi түрлi мәселенi шешуге шығармашылықпен қолдануға алғы шарт болатын әлеуметтiк мәнi бар бiлiктер мен дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру болып табылады.

Оқу пәнінің міндеттері:

- оқушылардың ғылыми дүниетанымы мен ой-өрісін, танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту; әлемнің физикалық бейнесі, ондағы адамның орны мен рөлі туралы біртұтас көзқарасын қалыптастыру;

- ғылыми таным әдістерін, ғылыми мәлiметтердi түсiну, ғылыми бiлiмдi өз бетiнше игеру және қолдану, физикалық құбылыстарды бақылау, оны түсiндiру, өз бетiнше зерттеулер жүргiзу біліктілігін қалыптастыру;

- жауапкершілікке, ғылыми және экологиялық мәдениетке, физика ғылымының әлеуметтік рөлін түсінуге тәрбиелеу;

- ғылым мен техниканың, заманауи технологиялардың негізгі даму бағыттары туралы түсінік қалыптастыру.

«Физика» пәні бойынша білім мазмұнын таңдап алудың негізіне төмендегілерді ескеретіндей негізгі тұжырымдық ұстанымдар басшылыққа алынды, яғни негізгі орта білім беру деңгейіне арналған физика курсы:

- логикалық аяқталған және біртұтас, яғни ол бізді қоршаған әлемнің ғылыми бейнесін жасауға мүмкіндік беретін қазіргі заманғы физиканың негізгі ұғымдары мен заңдылықтарын және теориялық қорытындыларын кешенді түрде қамтиды;

- ғылыми дүниетаным (табиғат, техника, ондағы адамның рөлі, оның түрлендіруші іс-әрекеті, қоршаған ортаны қорғау проблемалары және т.б.) қалыптастыруды қамтамасыз етеді, адамның тұрмыстағы және өндірістегі практикалық қызметі үшін қажетті физиканың қолданбалы мәселелерін, әсіресе, қазіргі заманғы технологиялар жайлы кейбір мәліметтерді қарастырады;

- оқушыларда зерттеудің ғылыми әдістері мен ғылыми танымның әдіснамасы туралы, стандартта көрсетілгендей, жаңа білімдерді өзбетінше меңгеру мен білімді жалғастыру үшін қажетті түсініктер қалыптастыруды көздейді;

- оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес танымдық мүмкіндіктері, сонымен бірге олардың жаратылыстану-математика пәндерінен алған білімдері ескеріледі;

- деңгейлік (ішкі) саралауға бағдарланған, яғни оқу материалы оқушылардың басым көпшілігіне түсінікті болуымен қатар, физиканы тереңдете оқуға қабілеті мен қызығушылығы бар оқушылардың да талап-тілектерін ескереді.

Пән бойынша оқу жүктемесі

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының типтік оқу жоспарына сәйкес негізгі орта білім беру деңгейіндегі (7-9 сыныптар) «Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі:

аптасына 6 сағатты, оқу жылында 204 сағатты, оның ішінде:

7 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты,

8 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты,

9 сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.

Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі

Оқу пәні мазмұнының вариативті бөлігі оқушылардың бағдаралды дайындығын ұйымдастыруға бағытталған әрі оларды дамытудың сараланғандық сипатын қамтамасыз етеді және балалар мен ата-аналардың талап-тілектері ескеріле отырып құрылады.

ІІ. ОҚУ ПӘНІНІҢ БАЗАЛЫҚ МАЗМҰНЫ


7 - сынып

(Барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан)


Физика және астрономия – табиғат туралы ғылымдар (7 сағат)


Табиғат және адам. Физика – табиғат туралы ғылым. Физикалық ұғымдар. Физика және техника. Астрономия – аспан денелері туралы ғылым. (Орталық Азия ғалымдарының ғылымды дамытудағы рөлі. Ежелгі дүниедегі халық астрономиясы.) Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері. Физикалық эксперимент. Физикалық теория.

Физикалық шамалар. Шамаларды өлшеу. Өлшеулер мен есептеулердің дәлдігі. Өлшемдердің метрлік жүйесі. Үлкен және кіші сандарды ықшамдап жазу.

Көрсетілімдер:

1. Шардың көлбеу жазықтық бетімен домалауы.

2. Электр ұшқыны.

3. Судың қайнауы.

4. Линзадан алынатын кескін.


1-лабораториялық жұмыс. Өлшеуiш цилиндр (мензурка) бөлiктерiнiң құнын анықтау. Дененiң көлемiн өлшеу.


Зат құрылысы (4 сағат)


Атомдар және молекулалар. Заттың молекулалық құрылысы. Молекулалардың қозғалысы. Диффузия құбылысы. Дене температурасының оның молекулаларының қозғалыс жылдамдығына тәуелділігі. Заттың әр түрлі агрегат күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық түсінік негізінде түсіндіру.


2-лабораториялық жұмыс. Кіші денелердің өлшемін анықтау.


Қозғалыс (9 сағат)


Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы. (Планеталардың қозғалысы.) Күннің жылдық қозғалысы. Ежелгі ғалымдардың Күн жүйесінің құрылысына көзқарасы. Коперниктің гелиоцентрлік жүйесі.

Материялық нүкте. Қозғалыс траекториясы. Жол және орын ауыстыру. Бiрқалыпты және бiрқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері. (Бiрқалыпты емес қозғалыс кезiндегi орташа жылдамдық.) Бiрқалыпты түзу сызықты қозғалыс графигi.

Инерция. (Кеңістік және уақыт.)


Көрсетілімдер:

1.Қозғалыстың салыстырмалылығы.

2.Траектория.

3. Бірқалыпты қозғалыс.

4.Инерция құбылысы мен денелердің өзара әрекетін иллюстрациялайтын тәжірибелер.


Масса және күш (11 сағат)


Денелердің өзара әрекеттесуі. Дененiң массасы. Зат тығыздығы.

Күш. Деформация. Гук заңы. Динамометр. Денеге бір түзудің бойымен әрекет ететін күштерді қосу. Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші. (Басқа планеталардағы ауырлық күші.) Дененің салмағы. (Салмақсыздық.) Үйкеліс күші. (Үйкеліс әрекетін техникада ескеру.)


Көрсетілімдер:

1. Денелердің массасын таразының көмегімен өлшеу.

2. Көлемдері бірдей әртүрлі денелердің массаларын және массалары бірдей әртүрлі денелердің көлемдерін салыстыру.


3 лабораториялық жұмыс. Қатты дененің массасы мен тығыздығын анықтау.

4 лабораториялық жұмыс. Серпімді деформацияларды зерделеу.


Қысым (16 сағат)


Қысым. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы. Гидравликалық машиналар. Газдың қысымы. Ауырлық күшінің әрекетінен сұйықтар мен газдарда болатын қысым. Қатынас ыдыстар. Су құбыры.

Атмосфералық қысым. Торричелли тәжірибесі. Барометр. Атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруі. Манометрлер. Сорғылар. Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары. (Ареометрлер.) Су көлiгi. Ауада ұшу.

(Беттік керілу.) Жұғу. Қылтүтіктік құбылыстар.


Көрсетілімдер:

1. Қатты дененің тіреуге түсіретін қысымының әрекет етуші күшке және тіреу ауданына тәуелділігі.

2. Қысымның сұйықтар және газдар арқылы берілуі.

3. Гидравликалық престің, тежеуіштің құрылысы мен жұмысы.

4. Сұйықтың ыдыс түбіне және қабырғаларына түсіретін қысымы.

5. Сұйық ішіндегі қысымның тереңдікке байланысты өзгеруі.

6. Қатынас ыдыстар.

7. Манометрдің құрылысы.

8. Сорғылардың құрылысы мен жұмысы.

9. Ауа шарын сорғы қалпағының астында үрлеу.

10. Сұйық және газ ішіндегі денеге архимед күшінің әрекет етуі.

11. Архимед күшінің ығыстырылып шығарылған сұйықтың салмағына тең болатындығы.

12. Денелердің жүзуі.


5 лабораториялық жұмыс. Архимед заңын тексеру.

6 лабораториялық жұмыс. Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау.


Жұмыс. Қуат. Энергия (11 сағат)


Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. Қуат. Энергия. Денелердің потенциалдық және кинетикалық энергиялары. (Ауырлық күші әрекет ететін дененің потенциалдық энергиясы. Деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы.) Механикалық энергия. Механикалық энергияның сақталу заңы.

Күш моменті. Айналатын дененің тепе-теңдігі. Иінді таразы.

Жай механизмдер. Көлбеу жазықтық. Механиканың «Алтын ережесі». Механизмдердің пайдалы әрекет коэффициенті.


Көрсетілімдер:

1. Дене орын ауыстырған кездегі жұмысты өлшеу.

2. Жерден жоғары көтерілген дененің және деформацияланған серіппенің потенциалдық энергиясы.

3. Дененің кинетикалық энергиясы есебінен істелінетін жұмыс.

4. Механикалық энергияның бір түрден екінші түрге өтуі.

5. Су турбинасының жұмысы (моделі мысалында)

6. Күш моменті. Моменттер ережесі.

7. Иіндік пен біліктің құрылысы мен жұмысы.

8. Жай механизмдерді қолдану кезіндегі жұмыстардың теңдігі.


7 лабораториялық жұмыс. Денені бірқалыпты көтеру кезіндегі жұмысты анықтау. Көлбеу жазықтықтың ПӘК-ін анықтау.

8 лабораториялық жұмыс. Иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау.

Уақыт қоры (10 сағат)


8 - сынып

(Барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан)


Жылу құбылыстары (22 сағат)


Жылулық қозғалыс. Температура, оны өлшеу тәсілдері. (Термометрлер. Температуралық шкалалар.)

Iшкi энергия. Iшкi энергияны өзгерту тәсiлдерi. Жылу берілу түрлері – жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару. Табиғаттағы және техникадағы жылу берілу. Жылу мөлшері. Жылу мөлшерін есептеу. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы. Отынның меншікті жану жылуы. Отынның энергиясы.

Қатты денелердiң балқуы және қатаюы. Балқу температурасы. Меншiктi балқу жылуы. Балқу және қатаю кезiндегi iшкi энергияның өзгеруi. Булану және конденсация. Қанықпаған және қаныққан булар. Қайнау. (Қайнау температурасының атмосфералық қысымға байланыстылығын анықтау.) Меншiктi булану жылуы.

Ауаның ылғалдылығы. Ылғалдылықты өлшеуге арналған құрал. (Айдағы, Марстағы, Шолпандағы термодинамикалық жағдайлар.)

Термодинамиканың бiрiншi заңы. Газдың және будың жұмысы. Жылу қозғалтқыштары. Іштен жану қозғалтқыштары. (Бу және газ турбиналары. Тоңазытқыш.) Жылу қозғалтқыштарының п.ә.к.-ті. (Жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдары.) Жылу қозғалтқыштарының энергетиканың дамуындағы рөлi. Жылу машиналары және табиғатты қорғау.


Демонстрациялар:

1. Түрлі денелердің жылу өткізгіштігі.

2. Металдардың жылу өткізгіштігіндегі айырмашылықтар.

3. Сұйықтар мен газдардағы конвекция.

4. Әртүрлі сұйықтардың булануы.

5. Будың конденсациясы кезіндегі энергияның бөлінуі.

6. Қаныққан булардың қасиеттері.

7. Судың қайнауы.

8. Судың төменгі қысымда қайнауы.

9. Жұмыс атқарғанда және жылу берілу кезінде дененің ішкі энергиясының түрленуі.

10. Әртүрлі металдардың жылу сыйымдылықтарын салыстыру.

11. Колориметр және онымен жұмыс істеу.

12. Термостың құрылысы.

13. Будың жұмысы.

14. Бу турбинасының құрылысы (моделі).

15. Төрт тактілі іштен жану қозғалтқышының құрылысы мен жұмысы (моделі).

№ 1 лабораториялық жұмыс. Мұздың меншiктi балқу жылуын анықтау.

2 лабораториялық жұмыс. Температуралары әртүрлi суды араластырғандағы жылу балансын анықтау.

3 лабораториялық жұмыс. Ауаның ылғалдылығын анықтау.



Электр құбылыстары (22 сағат)


Денелердің электрленуі. Электр заряды. Элементар электр заряды. Қозғалмайтын зарядтардың өзара әрекеттесуi. Кулон заңы.

Электр өрiсi. Электр өрісінің кернеулігі. Электростатикалық өрістегі өткізгіштер мен диэлектриктер. Потенциал және потенциалдар айырымы. Электрстатикалық өрiс кернеулiгi мен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс. Конденсаторлар.

Электр тогы. Ток көздері. Ток күшi. Кернеу. Амперметр. Кернеу. Вольтметр. Өткiзгiштiң электр кедергiсi. Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы. (Электр кедергісінің температураға тәуелділігі. Асқын өткізгіштік.) Өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi. Электр тізбектері. Өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосу.

Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы. Қыздыру шамы. Электр қыздырғыш құралдар. Қысқа тұйықталу. Балқымалы сақтандырғыштар.

Әртүрлi ортадағы электр тогы. Электролит ерiтiндiлерiндегi электр тогы. (Электролиз заңы.) Шала өткiзгiштер және олардың электрлік қасиеттері. (Шала өткізгішті диод және оны қолдану.)


Көрсетілімдер:

1. Әртүрлі денелердің электрленуі. Электрленген денелердің өзара әрекеттесуі.

2. Электрометрдің құрылысы мен жұмыс істеуі.

3. Электр зарядының бөлінгіштігі.

4. Кулон заңының дұрыстығын иллюстрациялау.

5. Ток көздері.

6. Амперметрдің жұмыс істеу принципі.

7. Ток күшін амперметрмен өлшеу.

8. Вольтметрдің жұмыс істеу принципі.

9. Кернеуді вольтметрмен өлшеу.

10. Электр тізбегін құрастыру.


4 лабораториялық жұмыс. Электр тiзбегiн құрастыру және оның әртүрлi бөлiктерiндегi ток күшiн өлшеу.

5 лабораториялық жұмыс. Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңын тексеру.

6 лабораториялық жұмыс. Өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосуды зерделеу.

7 лабораториялық жұмыс. Электр тогының жұмысы мен қуатын анықтау.


Электромагниттiк құбылыстар (6 сағат).


Магнит өрiсi. Түзу токтың магнит өрiсi. Тогы бар катушканың магнит өрiсi. Электр-магниттер және олардың қолданылуы. Тұрақты магниттер. (Жердің магнит өрісі. Аспан денелерінің магнит өрісі.) Тогы бар өткiзгiшке магнит өрiсiнiң әсерi. Электр қозғалтқышы. Электр өлшеуіш құралдар. Заттың магниттiк қасиеттерi. (Ақпаратты магнит арқылы жазу.)

Электр-магниттiк индукция. (Генераторлар. Трансформаторлар. Электр энергиясын алыс аралықтарға жеткiзу.)

Көрсетілімдер:

1. Тогы бар өткізгіштің магнит өрісін бақылау.

2. Тогы бар түзу өткізгіш пен раманың магнит өрісіндегі қозғалысы.

3. Тұрақты ток электр қозғалтқышының құрылысы мен жұмысы.


8 лабораториялық жұмыс. Тұрақты магниттiң қасиеттерiн оқып-үйрену және магнит өрiсiнiң бейнесiн алу.

9 лабораториялық жұмыс. Электр-магниттi құрастыру және оның әсерiн сынау.


Жарық құбылыстары (8 сағат).


Жарық. Жарық көздері. Жұлдыз – Күн. Жарықтың таралуы. Күннің және Айдың тұтылуы. Жарық жылдамдығы.

Жарықтың шағылуы. Шағылу заңдары. (Толық шағылу.) Жазық және сфералық айналар. Жарықтың сынуы.

Линзалар. Линзаның оптикалық күшi. Линзаның көмегімен кескiн алу. Жұқа линзаның формуласы. Фотоаппарат. Проекциялық аппарат. Көз. Көзілдірік. Лупа. Микроскоп. Телескоп.


Көрсетілімдер:

1. Жарықтың шағылу заңы.

2. Жазық айнадағы кескін.

3. Жарықтың сыну заңы.

4. Линзаның көмегімен кескін алу.


10 лабораториялық жұмыс. Шынының сыну көрсеткiшiн анықтау.

11 лабораториялық жұмыс. Линзаның көмегiмен кескiн алу.

Уақыт қоры (10 сағат)


9-сынып

(Барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағаттан)


Кинематика негіздері (9 сағат)


Қозғалыс – материяның басты қасиеті. Векторлар және оларға амалдар қолдану.

Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс. Түзусызықты теңайнымалы қозғалыс кезiндегi жылдамдық және орын ауыстыру. Дененiң еркiн түсуi. Еркiн түсу үдеуi.

Қисықсызықты қозғалыс. Материялық нүктенiң шеңбер бойымен бiрқалыпты қозғалысы. Сызықтық және бұрыштық жылдамдықтар. Центрге тартқыш үдеу.


Динамика негіздері (9 сағат)


Ньютонның бiрiншi заңы. Инерциялық санақ жүйелерi. Күш. Ньютонның екiншi заңы. Масса. Ньютонның үшінші заңы. Салыстырмалылық принципi.

Бүкiләлемдiк тартылыс заңы. Дененiң ауырлық күшiнiң әрекетiнен қозғалуы. Жасанды серiктердiң қозғалысы. Дененің салмағы. Салмақсыздық.


Сақталу заңдары (4 сағат)


Дене импульсі. Импульстiң сақталу заңы. Реактивтi қозғалыс.

Энергия. Энергияның сақталу және бiр түрден екiншi түрге айналу заңы.

Көрсетілімдер:

1. Түзу сызықты және қисық сызықты қозғалыс.

2. Орын ауыстыруларды қосу.

3. Стробоскоп .

4. Дененің ауада және ауасы сиретілген кеңістікте түсуі.

5. Еркін түсу кезіндегі үдеуді өлшеу.

6. Үдеумен көтерілген және түскен кездегі дененің салмағы.

7. Салмақсыздық.

8. Спидометр.

9. Шеңбер бойымен қозғалыс кезіндегі жылдамдықтың бағыты.

10. Айналмалы қозғалыстың берілу түрлері.

11. Центрден тепкіш тахометр.

12. Ұшу қашықтығының лақтыру бұрышына тәуелділігі.

13. Инерцияның білінуі.

14. Денелердің массаларын салыстыру.

15. Ньютонның екінші заңы.

16. Күштерді өлшеу.

17. Біріне-бірі бұрыш жасай әрекет ететін күштерді қосу.

18. Ньютонның үшінші заңы.

19. Импульстің сақталу заңы.

20. Реактивтік қозғалыс.

21. Ракетаның моделі.

22. Дене энергиясының жұмыс істеген кезде өзгеруі.

23. Потенциалдық энергияның кинетикалық энергияға және керісінше, кинетикалық энергияның потенциалдық энергияға түрленуі.


1 лабораториялық жұмыс. Теңайнымалы қозғалыс кезiндегi дененiң үдеуiн анықтау.

2 лабораториялық жұмыс. Горизонталь лақтырылған дененің қозғалысын зерделеу.

Тербелістер (5 сағат)

Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар. Тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі. Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелісі. Еркін және еріксіз тербелістер.

Резонанс.


Толқындар (6 сағат)


Толқындық қозғалыс. Дыбыс. Дыбыстың сипаттамалары. Акустикалық резонанс. Жаңғырық. Ультрадыбыс.

Электромагниттік тербелістер. Электромагниттік өріс туралы түсінік.

Электромагниттік толқындар. (Электр-магниттік толқындардың дифракциясы, интерференциясы және поляризациясы.) Радиобайланыс.

Көрсетілімдер:

1. Жіпке және серіппеге ілінген жүктердің еркін тербелістері

2. Тербелмелі қозғалыстың жазбаша көрінісі

3. Жүктің тербеліс периодының серіппенің қатаңдығы мен жүктің массасына тәуелділігі

4. Жіпке ілінген жүктің тербеліс периодының жіптің ұзындығына тәуелділігі

5. Еріксіз тербелістер

6. Маятниктер тербелісінің резонансы

7. Маятниктердің сағатта қолданылуы

8. Көлденең және қума толқындардың түзілуі мен таралуы

9. Толқын ұзындығының тербеліс жиілігіне тәуелділігі

10. Тербеліп тұрған дене дыбыс көзі ретінде

11. Дыбыс қаттылығының тербеліс амплитудасына тәуелділігі

12. Тонның жоғарылығының тербеліс жиілігіне тәуелділігі

13. Акустикалық резонанс

14. Ультрадыбыстың қолданылуы


3 лабораториялық жұмыс. Маятниктің көмегімен еркін түсу үдеуін анықтау.

4 лабораториялық жұмыс. Беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау.


Астрономия негіздері (5 сағат)


Жұлдызды аспан. Аспан сферасы. Аспан координаталарының жүйесі. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы. Аспан сферасының әртүрлі географиялық ендіктердегі қозғалысы. Жергілікті, белдеулік және бүкіләлемдік уақыт. Күнтізбе. Кеплер заңдары. Күн жүйесінің денелеріне дейінгі қашықтық.


Атом құрылысы. Атомдық құбылыстар (5 сағат)

Жылулық сәулелену. (Абсолют қара дене. Стефан – Больцман заңы.) Денелердің сәуле шығару құбылысын түсіндірудегі құбылыстар. Жарық кванттары туралы Планк гипотезасы.

Фотоэффект құбылысы. Эйнштейн формуласы. Фотоэффектті техникада пайдалану. Рентген сәулелері.

Радиактивтілік.


Атом ядросы. Ядролық энергетика. Элементар бөлшектер және Ғалам дамуы туралы мәліметтер (6 сағат)


Резерфорд тәжірибесі. Атом және оның ядросының құрамы. Атом шығару және жұту спектрлері. Бор постулаттары.

Ядролық өзара әрекеттесу. Ядролық күштер. Физикалық шамалардың ядролық физикада қолданылатын өлшем бірліктері. Массалар ақауы. Ядроның байланыс энергиясы. (Радиактивті сәулеленудің табиғаты. Радиактивті ыдырау заңы. Ауыр ядролардың бөлінуі.) Тізбекті реакция. Кризистік масса. Ядролық реактордың жұмыс принципі. Атом электр станциялары.

Термоядролық реакциялар. Күн мен жұлдыздардың энергиясы.

Радиактивтi изотоптар және оларды қолдану.

Радиактивті сәулеленуден қорғану.


Жалпылау сабақтары (2 сағат).


Физиканың дүниетанымдық маңызы. Ғаламның дамуы туралы мағлұматтар. Ғылыми-техникалық өркениет және ноосфера. Экологиялық мәдениет.


Лабораториялық практикум (8 сағат).


1. Дененiң еркiн түсу үдеуiн өлшеу.

2. Серпiмдi деформацияны зерделеу.

3. Ньютонның екiншi заңын зерделеу.

4. Механикалық энергияның сақталу заңын зерделеу.

5. Денелердiң соқтығысуы кезiндегi импульстiң сақталу заңын зерделеу.

6. Электр қыздырғышы бар қондырғының ПӘК-iн өлшеу.

7. Еркiн және ерiксiз тербелiстердi зерделеу.

8. Күзгі, қысқы және көктемгі аспандағы жарық жұлдыздар мен негізгі шоқжұлдыздарды табу.


Уақыт қоры (10 сағат)


III. СЫНЫПТАР БОЙЫНША ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАЙЫНДЫҚ ДЕҢГЕЙІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР


Пән бойынша оқушылардың білім, білік және дағдысына қойылатын талаптар сыныптар бойынша оқушылардың дайындық деңгейін анықтайды.


7 - сынып оқушылары:

- механикалық қозалыс, жол және орын ауыстыру, жұмыс, кинетикалық және потенциалдық энергия, инерция, жылдамдық, масса, тығыздық, күш, қысым, атмосфералық қысым, импульс, қуат, пайдалы әрекет коэффициентi, күш моментi сияқты физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсiнуi,

- Архимед, Гук, Паскаль заңдары мен механикалық энергияның сақталу заңын түсiнуi және тағайындай бiлуi,

- бiрқалыпты және бiрқалыпты емес қозғалыс кезiндегi дененiң жүрген жолы мен жылдамдығын, ауырлық күшi мен массаның байланысын, сырғанау үйкелiс күшiнiң қысым күшiне тәуелдiлiгiн, гидростатикалық қысымды есептеуге арналған формулаларды қолдана бiлуi,

- атмосфералық қысымның бар болуын, оның биiктiкке байланысты өзгеруiн түсiнуi,

- механиканың негiзгi ұғымдары мен заңдарының жай механизмдердегi, машиналар құрылысындағы, су көлiгiндегi, гидравликалық қондырғылардағы практикалық қолданыстарын бiлуi,

- күштердi (бiр түзудiң бойындағы) қосу ережесiн және механикалық энергияның сақталу заңын қолдануға, сол заңға енетiн физикалық шамаларды, сондай-ақ қуат пен қондырғылардың ПӘК-iн есептеуге, Паскаль заңын қолдануға, архимед күшiнiң сұйықтың тығыздығы мен дененiң сұйыққа батқан бөлiгiне тәуелдi болатынын анықтауға арналған қарапайым есептердi шығара бiлуi,

- күштi сызбада берiлген масштабпен кескiндей алуы,

- механикалық қозғалысты, серпiмдi деформацияны байқауға болатын белгiлердi атай алуы,

- мына физикалық шамаларды: ара қашықтықты (сызғышпен), көлемдi (мензуркамен), атмосфералық қысымды (барометр-анероидпен), массаны (иiндi таразымен), күштi (динамометрмен) өлшей және есептей алуы,

- тәжiрибе арқылы тығыздықты, жылдамдықты, қатты дененiң қысымын, ПӘК-iн, қуатты анықтай алуы,

- денелердiң жүзу шартын көрсете алуы, оған мысалдар келтiре бiлуi,

- аспаннан Темiрқазық жұлдызын, Жетiқарақшы, Кiшi Аю шоқжұлдыздарын таба алуы,

- механикадан алған бiлiмдерiн бiр-екi физикалық құбылысты немесе деректердi (оқушының қалауы бойынша) түсiндiруге қолдана алуы,

- бақылаулар нәтижелерiн кесте, сызықтық графиктер түрiнде кескiндей бiлуi және өңдей алуы,

- эксперимент нәтижелерi бойынша қорытынды дайындай бiлуi,

- эксперимент үшiн суретi, сызбасы немесе сипаттамасы бойынша қондырғы жинай бiлуi,

- өлшеулердiң қатесiн ескере отырып, физикалық шамалардың тiкелей өлшеу нәтижелерiн жаза бiлуi тиiс.


8 - сынып оқушылары:

- жылулық қозғалыс, температура, iшкi энергия, жылу берiлу (жылу өткiзгiштiк, конвекция, сәуле шығару), жылу мөлшерi жылу сыйымдылық, электр заряды, электр өрiсi, электр тогы, электр тогының бағыты, электр тiзбегi, ток күшi, электр кернеуi және кедергiсi, өткiзгiштiң меншiктi кедергiсi, магнит өрiсi сияқты физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсiнуi,

- жылулық процестердегi энергияның сақталу және айналу заңын, Джоуль – Ленц, Кулон заңдарын, тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы мен зарядтың сақталу заңын түсiнуi және тағайындай бiлуi,

- дене температурасы өзгергенде, отын жанғанда, заттың агрегат күйлерi өзгергенде бөлiнiп шығатын немесе жұтылатын жылу мөлшерiн; материалы белгiлi өткiзгiштiң ұзындығы мен көлденең қимасының ауданы бойынша электр кедергiсiн, электр тогының жұмысы мен қуатын, шығындалған электр энергиясының құнын (белгiлi тариф бойынша) есептеп шығаруға арналған формулаларды қолдана бiлуi;

- молекулалық физиканың негiзгi ұғымдары мен заңдарының жылу қоғалтқыштарындағы, техникалық қондырғылар мен құралдардағы практикалық қолданыстарын; электродинамиканың негiзгi ұғымдары мен заңдарының электр қыздырғыш құралдардағы, магниттi-электрлiк жүйелердiң электр өлшеуiш құралдарындағы (дыбыстың магниттiк жазылуы, металлургия мен гальванотехникадағы электролиз, электронды-сәулелiк түтiкше) практикалық қолданыстарын бiлуi,

- жылу мөлшерiн, газдың атқаратын жұмысын, термодинамиканың бiрiншi заңын есептеуге арналған қарапайым есептердi шығара бiлуi,

- нақты мысалдар мен құбылыстар арқылы термодинамиканың бiрiншi заңын, өзгермелi электр және магнит өрiстерiнiң өзара байланысы жайлы қағиданы көрнекi түрде көрсете алуы,

- зат құрылысының дискреттiлiгiн, бөлшектердiң жылулық қозғалысын, олардың өзара әсерiн қуаттайты, сондай-ақ дененiң iшкi энергиясының механикалық энергияға және денелердiң механикалық энергиясының олдардың iшкi энергиясына түрлене алатындығын дәлелдейтiн тәжiрибелер мен құбылыстарды атай алуы,

- мына физикалық шамаларды: температураны (термометрмен), ылғалдылықты (психрометрмен), ток күшiн (амперметрмен), кернеудi (вольтметрмен), кедергiнi (омметрмен) өлшей алуды және шамалардың өлшеу бiрлiктерiн ескере отырып, қуаттың ток күшiмен және кернеумен, ток күшiнiң өткiзгiш бойымен өтетiн зарядпен, толқын ұзындығының оның жиiлiгi мен жылдамдығымен байланысын өрнектейтiн формулалар бойынша есептей алуы,

- газдардың, сұйықтардың және қатты денелердiң қасиеттерiн олардың iшкi құрылысы арқылы, сондай-ақ заттың балқу және қайнау температурасының тұрақтылығын түсiндiре алуы,

- жылу қозғалтқыштарын қолдануға мысалдар келтiруi және олардың бiрiнiң (оқушының таңдауы бойынша) жұмыс принципiн түсiндiруi;

- қарапайым электр тiзбектерiн құрастыра бiлуi,

- металдардағы, электролит ерiтiндiсiндегi, газдардағы электр тогының табиғатын түсiндiре алуы,

- электр зарядының таңбасын, магнит полюсiн, кеңiстiктiң қандай да бiр нүктесiндегi электр және магнит өрiсiнiң таңбасын қандай белгiлерге қарап ажыратуға болатынын көрсете бiлуi,

- қысқа тұйықталудың пайда болу шартын көрсете алуы,

- нәрсенiң жазық айнадағы, линзадағы кескiнiн салуы,

- электр-магниттiк индукцияны, магнит өрiсiнiң тогы бар өткiзгiшке әсерiн пайдалануға мысалдар келтiре бiлуi,

- мына оптикалық жүйелердiң: жазық айна, фотоаппарат, проекциялық аппарат, микроскоп, телескоп, «көз-көзiлдiрiк» жүйесiнiң бiреуiнiң жұмыс принципiн түсiндiре бiлуi,

- ай фазаларының өзгеруiн, Күн мен Айдың тұтылуын, күн мен түннiң, жыл мезгiлдерiнiң ауысуын түсiндiруi,

- молекулалық физика мен термодинамикадан және электродинамикадан алған бiлiмдерiн бiр-екi физикалық құбылысты немесе деректердi (оқушының таңдауы бойынша) түсiндiруге қолдана алуы,

- эксперимент нәтижелерi бойынша қорытынды дайындай бiлуi,

- эксперимент үшiн сурет немесе сызба бойынша, сипаттамасы бойынша қондырғы жинай бiлуi,

- өлшеулердiң қатесiн ескере отырып, физикалық шамалардың тiкелей өлшеу нәтижелерiн жаза бiлуi тиiс.

9 - сынып оқушылары:

- механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы, жол және орын ауыстыру, кинетикалық және потенциалдық энергия, ниерция, жылдамдық, күш, импульс, қуат, пайдалы әрекет коэффициентi, тербелiс амплитудасы, периоды, жиiлiгi, көлденең және қума тоқындар, толқын ұзындығы сияқты ұғымдардың физикалық мағынасын түсiнуi,

- бiрқалыпты және бiрқалыпсыз қозғалыс кезiндегi дененiң жүрген жолы мен жылдамдығын, ауырлық күшiн есептеуге арналған формулаларды қолдануы,

- Ньютон, Гук, импульстiң сақталу заңдарын; энергияның сақталу және түрлену заңдарын тағайындауы және түсiнуi,

- механиканың негiзгi ұғымдары мен заңдарының жай механизмдердегi практикалық қолданыстарына мысалдар келтiруi,

- нақты тәжiрибелер мен құбылыстар арқылы Ньютон заңдарының әсерiн, импульс пен механикалық энергияның сақталуын көрнекi түрде көрсете алуы,

- күштердi (бiр түзудiң бойындағы) қосу ережесiн, импульстiң (бiр түзудiң бойымен қозғалыс кезiндегi) және механикалық энергияның сақталу заңдарын қолдануға, сол заңдарға енетiн физикалық шамаларды, сондай-ақ қуат пен қондырғылардың п.ә.к.-iн есептеуге қарапайым есептер шығаруы,

- күштi сызбада берiлген масштабпен кескiндей алуды,

- механикалық қозғалыс түрлерiн, серпiмдi деформацияны байқауға болатын белгiлердi атай алуы,

- алған бiлiмдерiн бiр-екi физикалық құбылысты немесе фактiлердi (оқушының қалауы бойынша) түсiндiруге қолдана алуы,

- атом құрылысы және оны зерттеу әдiстерi, элементар бөлшектер (фотон, электрон, протон, нейтрон), радиоактивтiлiк, радиоактивтi ыдырау, ядролық реакция сияқты ұғымдар мен шамалар туралы түсiнiк алуы,

- үлкен массалы ядролардың бөлiнуi кезiнде энергияның бөлiнiп шығатындығын сапалық деңгейде түсiндiруi,

- атомдардың жарықты шығаруы мен жұтуын, фотоэффект құбылысын түсiндiруi және оны пайдалануға мысалдар келтiруi,

- фотоэлементтердiң, спектрлiк анализдiң, ядролық реактордың практикалық қолданыстарын, ядролық энергетиканың экологиялық проблемаларын түсiндiруi,

- қазiргi заманғы астрономия мен астрофизиканың негiзгi идеялары туралы, аспан денелерiнiң табиғаты, Әлем құрылымы мен оның эволюциясы туралы түсiнiктер алуы,

- неғұрлым анық шоқжұлдыздарды атауы және олардың жылдың әртүрлi мезгiлiндегi орнын анықтай бiлуi,

- астрономиялық бақылаулар бойынша географиялық координаттарды анықтау принциптерiн, Күн жүйесiнiң құрамын бiлуi,

- Жердiң Күндi айнала қозғалуының себебiн; Ай фазаларының өзгеруiн, Күн мен Айдың тұтылуын; күн мен түннiң, жыл мезгiлдерiнiң ауысуын; аспан шырақтарының эклиптика бойымен қозғалуын түсiндiруi,

- қарусыз көзбен неғұрлым анық шоқжұлдыздарды анықтауы; жұлдызды аспанның жылжымалы картасын пайдаланып, аспан денелерiнiң жылдың кез келген мезгiлiндегi орнын анықтай алуы; қарапайым астрономиялық құралдарды пайдалану сияқты бiрқатар практикалық тапсырмаларды орындауы,

- ғылым ретiндегi астрономияға үлес қосқан Шығыс ғалымдары, халық астрономиясының шығуы мен дамуы, оның негiзгi ұғымдары, болжамдары, маңызы туралы түсiнiктер алуы тиiс.

IV. ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Бұл бөлімде оқу курсының жеке тарауларын және тақырыптарын оқыту бойынша, практикалық сабақтарды, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру бойынша мұғалімдерге арналған ұсыныстар беріледі.

Оқушылардың танымдық қабілетін, алған білімін оқу және өмірлік жағдаяттарда пайдалана білу біліктерін дамытуды, жалпы пәндік біліктерін қалыптастыру арқылы өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі басқаруды қамтамасыз етуді көздейтін білім беру мақсаттары физика курсын оқытудың басым міндеті ретінде мектептің негізгі орта білім беру деңгейіндегі оқушылардың келесі іс-әрекет түрлерін ұйымдастыруды меңзейді:

- танымдық іс-әрекет қоршаған дүниені танып білу үшін бақылау, өлшеу, эксперимент, модельдеуді пайдалануды; зерделеу нысандары арасындағы мәнді қызметтік байланыстар мен қатынастарды бөліп көрсетуді; себеп-салдарлық байланыстардың сипатын айқындауды; оқу және практикалық есептерді шешуді, өз бетінше әр түрлі шығармашылық және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыра алуды; мақсат қою, нәтиже, оны бағалау тәрізді проблемаларды шешу компетенттілігі аясында өзінің танымдық іс-әрекетін өз бетінше, қызығушылықпен ұйымдастыра алуды болжайды;

- ақпараттық-коммуникативті іс-әрекетке бастапқы және екінші ақпаратты ала білу және оны өңдей алу, сондай-ақ оны пайдалана білу; негізгі ақпаратты қосалқыдан бөле алу, алынған ақпараттың сенімділігін бағалай алу; қойылған мақсатқа сәйкес ақпарат мазмұнын жеткізе алу; ақпаратты бір таңбалық жүйеден екіншісіне көшіре білу; пайымдауын кеңінен негіздей алу, анықтамалар беріп, дәлелдемелер келтіре білу; ақпараттарды өңдеу, жіберу, жүйелеу үшін, танымдық және практикалық іс-әрекеттің нәтижелерін көрсету үшін мультимедиялық қорларды, копьютерлік технологияны пайдалана алу біліктілігімен қаруландыру; жазу, көпшілік алдында сөйлей білу (өз ойын айту, монолог, пікір талас және т.б.), топпен жұмыс істей алу коммуникацияларының негізгі түрлерін меңгеру; пікір алмасушының көзқарасын түсіне білу және басқа пікірдің болуын мойындай білу қабілеттілігін дамыту, сұқбаттасу және пікірталас жүргізудің этикалық нормалары және ережелерін білу жатады.

Физика ғылым ретінде адамзат мәдениетінде маңызды орын алады. Өзінің мазмұнында деректерді, түсініктерді, заңдарды, теорияларды, модельдерді, іргелі тәжірибелерді, физика әдістерін және т.б. қамти отырып, адам қызметінің түрлі саласында кеңінен қолданыс табатын түсініктер, ойлау жүйесі мен практикалық қызметі үшін тиімді тәсілдер қоры жинақталады. Физиканың жалпы мәдени мәнділігін және оның негізінде ғылыми дүниетанымды және көзқарасты қалыптастыру қазіргі кездегі оқу пәнінің басым мақсаттарына жатады.

Оқыту үдерісін ұйымдастырудың маңызды ерекшелігі оқытудағы іс-әрекеттік тәсілді жүзеге асыруда болып табылады, бұл бағдарламада айқын көрініс тапқан. Мәселенің осылайша қойылуы мемлекеттік жалпыға міндетті орта жалпы білім беру стандартының оқушыларға білім мен тәрбие беру сапасын көтерудің маңызына қатысты талаптарымен толық сәйкес келеді.

«Физика және астрономия» оқу пәнінің мазмұны оқушылардың «Жаратылыстану» бойынша алған білімдерін ескере отырып құрастырылған және физиканың іргелі идеялары мен теориялары айналасына топтастырылған. Бағдарламаның құрылымы базалық ғылымның логикасымен анықталады, яғни материяның қозғалыс формасының күрделену ретімен құрылған.

Қазіргі заманғы мектеп физикасының даму негізі оқу іс-әрекетінің алуан түрін пайдалануды қамтамасыз ететін оқыту әдістерін үйлестіру болып табылады. Осыған байланысты физиканы оқытудың оқу-тәрбиелік мақсаттары, білім мазмұнын таңдап алудың ұстанымдары, сондай-ақ оқушылардың дайындық сапасын бағалау әдістері нақтыланды.

Мектептік білім беруде қазіргі кезеңде оқыту үдерісінің өзегіне оқушыны қояды. Барлық назар оқушыны дамытуға, оның мотивациялық саласын және ойлау еркіндігін қалыптастыруға бағытталады.

«Физика» оқу пәні адамзат мәдениетінде маңызды орын алады. Өзінің мазмұнына деректерді, түсініктерді, заңдарды, теорияларды, модельдерді, іргелі тәжірибелерд, физика әдістерін және т.б. қамти отырып, адам қызметінің түрлі саласында кеңінен қолданыс табатын түсініктер, ойлау жүйесі мен практикалық қызметі үшін тиімді тәсілдер қоры жинақталады. Физиканың жалпы мәдени мәнділігін және оның негізінде ғылыми дүниетанымды және көзқарасты қалыптастыру қазіргі кездегі оқу пәнінің басым мақсаттарына жатады.

Физика салыстырмалы түрде материяның неғұрлым қарапайым және сонымен қатар неғұрлым жалпылама түрлерін (зат, өріс) және материя қозғалысының неғұрлым күрделірек түрлерінің құрамына кіретін физикалық түрін зерттейді. Материяның жалпылама, іргелі құрылымды түзілістерімен және қасиеттерімен айналысатын (физика ғылымы білім беруді ұйымдастырудың неғұрлым жоғары сатысьіна жетті және оның дамыған математикалық және экспериметтік зерттеу құралдары бар. Оның түсініктері, зерттеу нәтижелері мен әдістері, ойлау стилі бүкіл ғылыми-жаратылыстану ойлау стиліне елеулі ьіқпалын тигізеді. Іргелі физикалық теориялардың біртұтас жүйесі ретінде ұсынылған әлемнің физикалық бейнесі оқушылардың дүниетанымын және біртұтас ғылыми-жаратылыстану бейнесі туралы көзқарасын қалыптастырудағы басым модель болып табылады.

Мектептің негізгі деңгейіндегі «Физика және астрономия» курсының мазмұны іргелі физикалық теориялардың динамикалық түрде дамитын жүйесі ретіндегі дүниенің ғылыми-физикалық бейнесі туралы шынайы көзқарас қалыптастыруға бағытталған тұжырымдық идеяға сәйкес анықталады. Оқытудың жоспарланған нәтижелеріне сәйкес мектептің негізгі деңгейінде «Механика», «Молекулалық физика және термодинамика», «Электродинамика», «Кванттық физика» бөлімдері оқытылады.

Мектептік «Физика» пәні оқушыларға жалпы ғылыми таным әдістері мен зерделенетін ғылымның арнайы жеке әдістерінен білім береді, сондай-ақ қарастырылатын әдістерді тәжірибеде қолдана алу біліктілігін қалыптастырады. Соған байланысты физиканы оқыту оқушыларға ғылыми таным әдістерін меңгертуге, оларға табиғат құбылыстары мен техниканы өздерінің жас ерекшеліктері мен білім алу сатысына сәйкес теориялық және эксперименттік тұрғыда зерттеуге мүмкіндік беретін интеллектуалдық және практикалық біліктілігін дамытуға жағдай жасауы тиіс.

7-9 сыныптарға арналған физикадан оқу бағдарламасы пән мазмұнының міндетті көлемі сақталу жағдайында «Физика және астрономия» пәнін оқытуға әр түрлі тұрғыдан қарауды жүзеге асыруға үлкен мүмкіндіктер туғызады. Оның мазмұны оқушылардың «Жаратылыстану» оқу пәні бойынша алған білімдерін ескере отырып құрастырылған және физиканың іргелі идеялары мен теориялары айналасына топтастырылған. Бағдарламаның құрылымы базалық ғылымның логикасымен анықталады, яғни материяның қозғалыс формасыынң күрделену ретімен құрылған.

7-9 сыныптарға арналған «Физика және астрономия» оқу пәні сәйкес 2+2+2 сағат мөлшеріне есептеліп құрылған. Негізгі мазмұнын қоршаған ортаның жалпы сипаттамасы, Әлемнің, заттардың құрылымы туралы мәліметтер, табиғаттың түрлі құбылыстары (механикалық, жылулық, электр және электр-магниттік, жарық), негізгі физикалық және астрономиялық ұғымдар, физикалық заңдарды практикада қолдану мысалдары туралы мәліметтер құрайды. Оқушылардың материалды игеруі олардың қоршаған әлемдегі физикалық заңдардың неғұрлым маңызды көріністері мен адамның оларды практикалық қызметінде пайдалануын түсінетіндей деңгейде болуы көзделеді.

Сандық заңдылықтардың барлығының дерлік заңның мағынасы мен құбылыстың мәнін түсінуге мүмкіндік беретіндей көлемде қамтылуы ұсынылып отырған базалық курстың басты ерекшелігіне жатады. Бұл физикалық процестерді және олардың табиғатта байқалуы мен техникада қолданылуын сапалық түрде қарастыру кезінде оқушылар зейінін аударуға мүмкіндік береді.

«Физика және астрономия» курсының бағдарламасы 7-сынып оқушыларын зат құрылысымен, денелердің қозғалысымен таныстыруды көздейді, бұл білімдер физика курсының барлық басқа бөлімдерін оқу кезінде пайдаланылады. Механикалық құбылыстар (қозғалыс) жайлы білім табиғат құбылыстарын түсіндіру кезінде оның өне бойында қолданылады. Зат құрылысы туралы түсініктер сұйықтар мен газдардағы қысымды түсіндіруде пайдаланылады. Жұмыс, қуат, механикалық энергия ұғымдары жай механизмдер мысалында қарастырылады, механизмдердің пайдалы әрекет коэффициенті енгізіліп, энергиянын сақталу заңы беріледі. Иіндік пен біліктерге байланысты күш моменті ұғымы, денелердің тепе-тендік шарттары енгізіледі.

8 сыныптың физика курсының негізгі мазмұнын құрайтын бөлімдер: жылулық, электрлік, электрмагниттік және оптикалық құбылыстар. Онда заттардың құрылымы туралы мәліметтер, табиғаттың түрлі құбылыстары (механикалық, жылулық, электр және электр-магниттік, жарық), негізгі физикалық және астрономиялық ұғымдар, физикалық заңдарды практикада қолдану мысалдары туралы мәліметтер құрайды. Оқушылардың материалды игеруі олардың қоршаған әлемдегі физикалық заңдардың неғұрлым маңызды көріністері мен адамның оларды практикалық қызметінде пайдалануын түсінетіндей деңгейде болуы көзделеді.

9-сынып материалы, негізінен, денелердің өзара әрекеттесуін, тербелістер мен толқындарды, атом және атом ядросы физикасын, аспан сферасы мен аспан координаталарын оқытуға арналған.

Оқу бағдарламасында, адамның табиғатпен өзара қарым-қатынасы, адамның Ғаламдағы және планетадағы орны, өмірлік мәні бар мәселелер және оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуде үлкен маңызы бар лабораториялық және практикалық жұмыстар кең орын алады.

Физикалық құбылыстарды, тарихи-ғылыми және тарихи-өмірбаяндық материалдарды зерделеуде пәндік дағдылармен қарулану және пәнді жақсы түсіну математикамен, химиямен, биологиямен және географиямен пәнаралық байланыс арқылы қамтамасыз етіледі.

Физиканы зерделеуге саналы қатынас шығармашылық тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді, яғни бұл пән оқушылардың ой-өрісінің қарқынды дамуына маңызды үлес қосады, сондай-ақ эстетикалық талғамдылықты, әдемілікті, адам ойының күштілігін және оның қоршаған ортаны тану қабілетінің молдығын сезіне білуге үйретеді.

Оқу бағдарламасының базалық мазмұны мұғалімге оқушыларда физикалық заңдар мен заңдылықтар негізінде практикалық тапсырмалар орындау біліктіліктерін қалыптастыруға көмектеседі.

Барлық оқу үдерісі коммуникативті негізде құрылады, ал бұл құзыретті-бағдарланған тапсырмалардың коммуникативтік, ақпараттық, проблемаларды шеше алу біліктілігін жүзеге асыруға бағыталған кешенді сипатта болуын ескереді.

Бағдарламада оқу пәнінің мазмұны пәнішілік және пәнаралық байланыстарды, оқу процесінің логикасын, оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып нақтыланады; сыныпта орындалатын көрсетілімдер мен лабораториялық жұмыстардың минимал жиынтығы анықталады, іс-әрекеттік тапсырмалар ұсынылады.

Оқу бағдарламасында жұмыстың креативті тәсілдеріне және формасына ерекше орын бөлінеді, проблемалық мәселелерді талқылау арқылы ұжымдық жұмыс жүргізу, оқушыларды өзіндік шығармашылық жұмысқа және топта бірігіп және жеке жасайтын қызықты тапсырмаларға бағыттайтын дамытушы сипаттағы шығармашылық тапсырмаларды орындау және практикалық есептерді шығару ұсынылады.

«Физика және астрономия» пәні бойынша білім беру бағдарламасы мұғалімнің оқушылардың өз бетінше танымдық іс-әрекетін көрсететін оқыту технологияларын пайдалана отырып, оқу процесін ұйымдастыруына бағыт-бағдар береді.

Оқу бағдарламасында, адамның табиғатпен өзара қарым-қатынасы, адамның Әлемдегі және планетадағы орны, өмірдің мәні мәселелері және оқушыларға білім беруде және тәрбиелеуде үлкен мәні бар лабораториялық және практикалық жұмыстар маңызды орын алады.

Оқу бағдарламасының базалық мазмұны мұғалімге оқушыларда физикалық заңдар мен заңдылықтар негізінде практикалық тапсырмалар орындау біліктерін қалыптастыруға көмектеседі.

Барлық оқу үдерісі коммуникативті негізде құрылады, ал бұл іс-әрекетке бағдарланған тапсырмалардың орындалуын жүзеге асыруға бағыталған кешенділік сипаты болуын ескереді.

Бағдарламада «Физика» оқу пәнінің мазмұны пәнішілік және пәнаралық байланыстарды, оқу прцесінің логикасын, оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып нақтыланады; сыныпта орындалатын көрсетілімдер мен лабораториялық жұмыстардың минимал жиынтығы анықталады, іс-әрекетке бағдарланған тапсырмалар ұсынылады.

Физикалық құбылыстарды, тарихи-ғылыми және тарихи-өмірбаяндық материалдарды зерделеуде пәндік дағдылармен қарулануға және пәнді жақсы түсінуге математикамен, химиямен, биологиямен және географиямен пәнаралық байланыс арқылы қамтамасыз етіледі.

Физиканы зерделеуге саналы қатынас шығармашылық тұлғаның қалыптасуына ықпал етеді, яғни бұл пән оқушылардың ой-өрісінің қарқынды дамуына маңызды үлес қосады, сондай-ақ эстетикалық талғамдылықты, әдемілікті, адам ойының күштілігін және оның қоршаған ортаны тану қабілетінің молдығын сезіне біледі.

Оқу бағдарламасында жұмыстың креативті тәсілдеріне және формасына ерекше орын бөлінеді, проблемалық мәселелерді талқылау арқылы ұжымдық жұмыс жүргізу, оқушыларды өзіндік шығармашылық жұмысқа және топта бірігіп және жеке жасайтын қызықты тапсырмаларға бағыттайтын дамытушы сипаттағы шығармашылық тапсырмаларды орындау және практикалық есептерді шығару ұсынылады.

Физика ғылымы қоршаған әлемнің сансыз құбылыстарында орын тебетін табиғаттың жалпы заңдылықтарын қарастырады. Физиканың зерттеу ауқымы өте кең, сондықтан ол қоршаған әлем жайлы білімнің маңызды көзі болып табылады.

Физика адамзаттық мәдениеттің маңызды құраушысы ретінде тек ғылыми-техникалық қана емес, гуманитарлық әлеуетке де ие болып отыр. Сөйтіп мектеп физикасы дүниетанымдық қызметпен қатар дамытушылық және тәрбиелеушілік қызметтерді де қоса атқарады. Бұлар мектептік физика курсының білім берудегі ең басты мәнін анықтайды.

Мектепке арналған физика курсының мәнділік қызметінің мазмұнына орай, бұл пәнді оқытудың негізгі мақсаты мынаған саяды: оқушылардың ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту; физиканың қазіргі қоғам өміріндегі және жалпы адамзат мәдениетін дамытудағы рөлін ашу; табиғатқа ғылыми көзқарасты бекіту; адамның дүниеге қатынасына, жеке тұлғаның құндылық жүйесіне, физикадан берілетін білімді түрлі мәселені шешуге шығармашылықпен қолдануға алғышарт болатын әлеуметтік мәні бар біліктер мен дағдыларды оқушы бойында қалыптастыру.

Курста ғылым мен техниканың даму бағыттарымен, құралдардың, техникалық құрылғылардың, технологиялық қондырғылардың жұмыс істеуінің физикалық негізімен таныстыру нәтижесінде оқушылардың политехникалық білімдерінің негізі қаланады. Олардың теориялық және қолданбалы білімдерді меңгеруі, лабораториялық жұмыстарды орындауы мен есептер шығаруы барысында политехникалық білім беру міндеттері шешіледі.

Бағдарлама оқушылардың зерттеушілік қабілетін дамытуға, байқаулар жүргізу және эксперименттік тапсырмалар орындау біліктерін қалыптастыруға бағытталған. Мұнда тәжірибелік жұмыстар ерекше орын алады.

Бағдарламада материалды оқытудағы сабақтастық, математикамен, технологиямен, биологиямен, географиямен, химиямен пәнаралық байланыстар ескерілген. Көптеген тақырыптарды зерделеу оқушылардың «Дүниетану» курсынан алған білімдеріне сүйенеді. Бұл дәстүрлі бағдарламамен салыстырғанда уақыт үнемдеуге, яғни уақыт қорын құруға мүмкіндік береді.

Бағдарламада физикадан білім беру стандартына, іргелі физикалық теориялар құрылымына сәйкес жүйеленген оқушылар дайындығының міндетті деңгейіне қойылатын талаптар берілген.

Әлемнің физикалық бейнесін қалыптастыру теориялық және эксперименттік зерттеу әдістері негізінде жүзеге асырылады. Осыған байланысты физикалық білімнің базалық мазмұны мектептік физикалық эксперимент, лабораториялық практикум, типтік (соның ішінде эксперименттік және есептеу) физикалық есептер, сонымен қатар физикалық құралдар мен физикалық шамаларды өлшеуді де қамтиды.

Бағдарлама оқушылардың зерттеу қабілетін дамытуға, бақылау жүргізу, эксперименттік тапсырмаларды орындау біліктерін қалыптастыруға бағытталған. Мұнда лабораториялық және практикалық жұмыстарға, оқушыларға тәрбие беруде маңызы бар жұмыстарға ерекше рөл беріледі.

Оқу бағдарламасының мазмұны мұғалімге физикалық заңдар мен заңдылықтар негізінде оқушылардың практикалық мәселелерді шешу біліктерін қалыптастыруға көмектеседі.

Оқыту үдерісі тұтастай коммуникативтік негізде құрылады. Бұл іс-әрекетке бағдарланған тапсырмалардың кешенді сипатта болуын қамтамасыз етеді, өйткені олар оқытудың практикалық бағыттылығын жүзеге асыруға және оқушылардың қабілетін дамытуға, алған білімін түрлі жағдаяттарға қолдана білу біліктерін қалыптастыруға бағытталған.

Физиканы зерделеуге саналы қатынас шығармашыл тұлғаның қалыптасуына жәрдемдеседі, себебі бұл пән оқушылардың ой-өрісін дамытып, олардың эстетикалық талғампаздығын, әсемдікті сезіне білуін қалыптастырады, адам ойының шексіз мүмкіндігін ұғынуға мүмкіндік береді, танымдық іс-әрекетін күшейтеді.

Оқу бағдарламасында проблемалық мәселелерді талқылауға байланысты ұжымдық жұмыстарға, бірлесіп және жеке орындайтын практикалық мәселелерді шешуге, оқушыларды өздік шығармашылық жұмыстар мен жеке тапсырмаларды орындауға бағыттайтын дамытушы шығармашылық тапсырмалар мен жобалардың әр түріне ерекше орын беріледі.




Похожие:

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы iconҰсыныстар беру үшін Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы Әзірлеген және ҰсынғАН
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы icon2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы №3 хаттама)
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы icon2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы №3 хаттама)
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы iconЖобалау және зерттеу қызметі негізінде 12 жылдық білім беру жағдайында
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы icon12 жылдық білім беру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың тұжырымдамалық тұғырлары
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы iconОқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда 12 жылдық білім беру мазмұнының кіріктірілуі мен сабақтастығы
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы iconҒылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынатын
Азақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Баяндамалары – Доклады Национальной академии наук Республики Казахстан (физика,...
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы icon12 жылдық бастауыш мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 27 ақпандағы №1 хаттама)
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы icon12 жылдық негізгі орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 27 ақпандағы №1 хаттама)
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы icon12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 27 ақпандағы №1 хаттама)
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы физика оқу бағдарламасы iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің 2014 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған тексеру жоспары
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №1519...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы