«кемсітуді білмейміз – БӘрімізде бірдейміз» icon

«кемсітуді білмейміз – БӘрімізде бірдейміз»



Название«кемсітуді білмейміз – БӘрімізде бірдейміз»
Дата конвертации28.10.2013
Размер140.99 Kb.
ТипДокументы
источник





«КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ –

БӘРІМІЗДЕ БІРДЕЙМІЗ»

(мүмкіндіктері шектеулі адамдардың, балалардың, жастардың, мүгедектер құрған қоғамдық бірлестіктердің арасындағы)

АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРС ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ


Астана к. 2013 жыл


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

2013 ж. «__»_______ №___ бұйрығына

1-қосымша


«КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ – БӘРІМІЗДЕ БІРДЕЙМІЗ»

(мүмкіндіктері шектеулі адамдардың, балалардың, жастардың, мүгедектер құрған қоғамдық бірлестіктердің арасындағы)

^ АЛҒАШҚЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРС ТУРАЛЫ

ЕРЕЖЕ


I. Жалпы ережелер

1. Осы ереже мүгедектердің қоғамдық ұйымдары мен мүмкіндіктері шектеулі адамдардың арасындағы республикалық конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейді.

2. Негізгі мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі көрсетуге жәрдемдесу, қоғамға мүгедектерді етене араластырудың тиімді тәжірибесін өрістету.

3. Міндеттері:

3.1. Жас дарындарды анықтау, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін қолдау, олардың әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу, әлеуметтік белсенді тұлға қалыптастыру.

3.2. Шығармашылық қабілетін іске асыруға, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың бойында креативтілікті дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге, шығармашылық байланысты қалыптастыруға жағдай жасау.

3.3. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың әлеуеті туралы қоғамды ақпараттандыру және қоғамның мүгедектер проблемаларына оң қарым-қатынасты қалыптастыру.

3.4. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өзін-өзі көрсету мен өзін-өзі таныту құралы ретінде жасампаздық-шығармашылық қызметіне қоғамдық назарды аудару, олардың дарындығы мен қабілетін қоғамдық тану.

3.5. Қоғамға мүгедектерді тиімді кіріктіру бойынша әлеуметтік бағдарланған ұйымдардың тәжірибесін өрістеу. Қамқоршылық пен қайырымдылықты мадақтау.


^ II. Конкурсты ұйымдастырушы

4. Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады. Конкурстық рәсімдерді дайындау мен өткізуді мүгедектер құрған қоғамдық бірлестіктерді тарту арқылы облыстардың, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары жүзеге асырады.

^ III. Конкурсты Ұйымдастыру комитеті

5. Конкурсты дайындау және өткізу кезеңінде ұйымдастыру мен шығармашылық қызметті үйлестіру үшін Ұйымдастыру комитеті құрылады.

Орталық деңгейде конкурсты дайындау мен өткізу жөніндегі жұмысты үйлестіру үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұйымдастыру комитетін құрады. Өңірлік деңгейде іріктеу турын өткізу үшін жергілікті атқарушы органдар Ұйымдастыру комитетін құрады.

6. Ұйымдастыру комитетінің құрамын Конкурсты ұйымдастырушы бекітеді.

7. Ұйымдастыру комитеті барлық конкурстық рәсімдер толықтай аяқталғанға дейін жұмысын жалғастырады.

8. Ұйымдастыру комитеті конкурс номинацияларын, конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімдерін, орны мен тәртібін, қазылар алқасының құрамын бекітеді, конкурсқа қатысуға өтінімдерді іріктеуді жүргізеді, конкурстың барлық кезеңдерін дайындау мен өткізуді, оны ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

9. Ұйымдастыру комитетінің Конкурс туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашылық етуге, сондай-ақ форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда іс-шараны тоқтату туралы құрылтайшыға ұсыныс енгізуге құқығы бар.


^ IV. Конкурсты өткізу тәртібі

10. Конкурс 2 турдан тұрады:

10.1. Бірінші тур (іріктеу) а.ж. мамыр және қыркүйек айлары аралығында өтеді.

10.2. Екінші тур (соңғы) а.ж. қыркүйек және қазан айлары аралығында өтеді.

Іріктеу және соңғы турларды өткізетін күнді турларды ұйымдастырушылар өз бетінше анықтайды.

11. Іріктеу турын ұйымдастырушы жергілікті атқарушы орган болып табылады, олар конкурсты өңірлерде өткізеді және осы Ереженің талаптарын сақтай отырып, соңғы турға қатысушыларды іріктейді.

12. Соңғы турды ұйымдастырушы Министрлік, ол конкурстың жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау рәсімімен конкурсты республикалық деңгейде өткізеді. Өткізілетін уақыты мен орны соңғы турды өткізу басталғанға дейін бір ай бұрын жергілікті атқарушы органдарға хабарланады.

13. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

13.1. «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясы

Номинацияға 18 жастан 40 жасқа дейінгі мүмкіндіктері шектеулі адамдар, мүліктің жалғыз иесі мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері болып табылатын жастардың қоғамдық бірлестіктері, мүгедектердің қоғамдық ұйымдары қатысады.

Номинацияға үміткерлер мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қолжетімді орта құруда жоғары әлеуметтік тиімді, мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсартуға жәрдемдесетін және мүгедектердің проблемаларына жұртшылықтың қарым-қатынасының өзгеруіне оң әсер ететін әзірленген және іске асырылған жобаларды (бағдарламалар, бизнес-жобалар, идеялар және т.б.) ұсыну қажет. Аталған номинацияға қатысуға өңірлік әлеуметтік маңызды жобалардың авторлары да жіберіледі.

Үміткерлер конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар:

- белгіленген нысан бойынша өтінім;

- енгізу орындылығына негіздемемен; іске асыру нәтижесінің сипаттамасымен (БАҚ мақалалар, жобаның іске асырылу барысы туралы DVD жазбалары (құпталады)) жобаны іске асыру туралы пікірлермен жобаны (немесе оның көшірмесі) ұсынады. Жаңа жоба ұсынған жағдайда оны өткізу қажеттігі бойынша негіздеме, жобаны іске асырудан күтілетін нәтиже қоса беріледі.

Ұйымдастыру комитеті жобаларды іріктейді, оның авторлары конкурсқа қатысу үшін шақырылады. Жобалардың соңғы іріктеуі презентация түрінде өтеді.

Номинанттарды іріктеу мынадай:

- жобаның әлеуметтік маңыздылығы;

- жобаның уәжді негіздемесі;

- жобаны тәжірибелік іске асырудан оң нәтижелердің, жоба шеңберінде өмірлік қиын жағдайда жүрген халықтың әлеуметтік көмекпен және қолдаумен қамтылуы;

- жобаны презентациялаудың сапасы деген санаттар бойынша жүргізіледі.

Жоба «Үздік авторлық жоба», «Үздік әлеуметтік жоба», «Үздік бизнес-жоба» номинациялары бойынша қарастырылады.

Іріктеу балды: 10-нан 7-ге дейінгі балл – жоғары баға; 7-ден 3-ке дейін – орташа; 3,5-тен 1-ге дейінгі балл – төмен шкала бойынша жүзеге асырылады.

13.2. «Үздік спортшы» номинациясы

Номинацияға мүмкіндіктері шектеулі адамдар қатарынан спортшылар, параолимпиадалық спорт түрлеріне, «Спешиал Олимпикс» қозғалысына қатысушылар және т.б. қатысады.

Үміткерлерді іріктеу мынадай спорт түрлері бойынша жүзеге асырылады:

боулинг, жеңіл атлетика, үстел теннисі, жүзу, мини футбол.

Үміткерлер конкурсқа қатысу үшін белгіленген нысан бойынша өтінім толтырады.

Үміткерлерді іріктеу мынадай өлшемшарттар бойынша өткізіледі:

- спорт тәжірибесінің болуы;

- жағымды пікірлердің, мінездеменің болуы;

- алғыс хаттардың, дипломдардың болуы;

- наградалардың, медальдардың және т.б. болуы.

Ұйымдастыру комитеті командаларды іріктейді және олар конкурс шеңберінде ұйымдастырылған сайыстарға қатысу үшін шақырылады.

Жеңімпазды іріктеу қорытындысы спорттық сайыстар нысанында өткізіледі.

Үміткерлер өткізілген сайыс қорытындысы бойынша анықталады.

13.3. «Кәсібінің үздігі» номинациясы.

Номинацияға 18 жастан 40 жасқа дейінгі мүмкіндіктері шектеулі, еңбек қызметінде жетістіктері, жұмыста кәсіби шеберлігі мен біліктілігі үшін бірнеше рет жұмыс беруші тарапынан марапатталған, ұжым өмірінде белсенді орын алатын жұмыскерлер қатысады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мыналарды:

- белгіленген нысан бойынша өтініш;

- белгіленген нысан бойынша портфолио ұсынады.

Қатысушыларды іріктеу мынадай өлшемшарттар:

- кәсіби шеберлік пен біліктілік;

- жағымды пікірлердің, мінездеменің болуы;

- алғыс хаттардың, дипломдардың болуы;

- наградалардың, медальдардың болуы;

- лицензиялық жұмыстардың, жобалардың, табысты іске асырылған идеялардың болуы және т.б. бойынша өткізіледі.

Ұйымдастыру комитеті үміткерлерді іріктейді және конкурсқа қатысу үшін шақырады.

Номинанттарды іріктеу қорытындысы кезеңдерден тұратын конкурс түрінде өткізіледі:

- «Таныстыру (өзіңді және өз ұйымыңды (мекемеңді) таныстыру қажет)» конкурсы;

- «Менің кәсібім.....» конкурсы (жұмыстағы жетістіктер, ұйым өміріндегі өзінің рөлі, профессионал ретінде өзі туралы айту қажет.)

- «Үй тапсырмасы» конкурсы.

Үміткерлер өткізілген конкурстардың қорытындысы бойынша айқындалады.

Іріктеу балды шкала бойынша жүзеге асырылады: 10-нан 7-ге дейінгі балл – жоғары баға; 7-ден 3-ке дейін – орташа; 3,5-тен 1-ге дейінгі балл – төмен.

13.4. «Ақылдылар» номинациясы.

Номинацияларға даму мүмкіндіктері шектеулі мектеп жасындағы адамдар, мектеп олимпиадаларына, турнирлерге, интеллектуалдық конкурстарға қатысушылар, аудандардың, облыстардың, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары қатысады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мыналарды:

- белгіленген нысан бойынша өтініш;

- белгіленген нысан бойынша портфолио ұсынады;

Ұйымдастыру комитеті үміткерлерді іріктейді және сайыстарға қатысу үшін шақырылады.

Жеңімпаздарды қорытынды іріктеу пәндер бойынша олимпиада түрінде (турнир) өткізіледі. Үміткерлер өткізілген іріктеу қорытындысы бойынша анықталады.

13.5. «Үздік студент» номинациясы.

Номинацияларға орта арнаулы және жоғары оқу орындарында оқитын, үлгерімі үздік (жақсы), оқуда жетістіктерге жеткен, студенттік өмірге белсенді араласатын, студенттік қозғалыстарға, конкурстарға, турнирлерге және т.б. қатысатын мүмкіндіктері шектеулі студенттер қатысады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мыналарды:

- белгіленген нысан бойынша өтініш;

- белгіленген нысан бойынша портфолио ұсынады.

Ұйымдастыру комитеті үміткерлерді іріктейді және конкурсқа қатысу үшін шақырады.

Номинанттарды іріктеу қорытындысы кезеңдерден тұратын студенттік турнирлер түрінде өткізіледі:

- «Таныстыру (визитка)» конкурсы;

- «Үздік әлеуметтік идея» конкурсы (әлеуметтік бағыттылығы және өңірде оны іске асыруға болатын идея қажет.)

- «Үй тапсырмасы» конкурсы.

Үміткерлер өткізілген конкурстардың қорытындысы бойынша айқындалады.

Іріктеу балды шкала бойынша жүзеге асырылады: 10-нан 7-ге дейінгі балл – жоғары баға; 7-ден 3-ке дейін – орташа; 3,5-тен 1-ге дейінгі балл – төмен.

13.6. «Үздік жасампаз» номинациясы

Номинация даму мүмкіндіктері шектеулі бейнелеу өнерімен және декоративтік-қолданбалы шығармашылықпен айналысатын адамдар қатысады.

Конкурста қатысу үшін үміткерлер белгіленген нысан бойынша өтінімді толтырады.

Қатысушыларды іріктеу мынадай өлшемшарттар:

- жеке шығармашылық, шеберлік;

- бейнелеу өнерде және декоративтік-қолданбалы шығармашылықта тәжірибесі;

- жұмыс техникасы;

- жұмысында шығармашылықтың заманауи тәсілдері мен жолдарын қолдану бойынша өткізіледі.

Ұйымдастыру комитеті үміткерлерді іріктейді және конкурсқа қатысу үшін шақырады.

Үміткерлерді соңғы іріктеу жасап шығарған және сурет бұйымдары көрмесін ұйымдастыру арқылы конкурс түрінде өткізіледі.

Үміткерлер өткізілген конкурс қорытындысы бойынша анықталады.

13.7. «Ең тату отбасы» номинациясы

Номинацияда мүгедек балаларды тәрбиелеуші отбасылар қатысады. Отбасылардың конкурсқа қатысуының негізгі шарты (әлеуметтік қызметтер ұйымдастырған үйірмелерде, секцияларда, дәрістерде, конкурста және т.б. қатысқан) баланың әлеуметтік бейімделуі болып табылады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мыналарды:

- белгіленген нысан бойынша өтініш;

- белгіленген нысан бойынша портфолио ұсынады.

Ұйымдастыру комитеті отбасыларды іріктеп, конкурсқа қатысу үшін шақырады.

Номинанттарды іріктеу қорытындысы кезеңдерден тұратын конкурс түрінде өткізіледі:

- «Таныстыру (визитка)» конкурсы;

- «Қатар жүріп келеміз, болашаққа сенеміз» конкурсы (бала тәрбиесінде өз отбасының жетістіктері туралы айту қажет. Сонымен қатар, бірінші сөйлем «Қатар жүріп келеміз, болашаққа сенеміз» деп басталуы қажет)

- «Үй тапсырмасы» конкурсы.

Үміткерлер өткізілген сайыс қорытындысы бойынша анықталады.

Іріктеу балды шкала бойынша жүзеге асырылады: 10-нан 7-ге дейінгі балл – жоғары баға; 7-ден 3-ке дейін – орташа; 3,5-тен 1-ге дейінгі балл – төмен.

13.8. «Алтын қауырсын» номинациясы

Номинацияға даму мүмкіндіктері шектеулі әдеби шығармашылықпен айналысатын, өз шығарылымдары, басылымдары бар адамдар қатысады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мыналарды ұсынады:

- белгіленген нысан бойынша өтініш;

- белгіленген нысан бойынша портфолио.

Ұйымдастыру комитеті отбасыларды іріктеп, конкурсқа қатысу үшін шақырады.

Үміткерлердің іріктеу қорытындысы екі кезеңнен тұрады:

- «Таныстыру (визитка)» конкурсы;

- «Кім шапшаң.....» конкурсы (белгілі бір уақытта қатысушы белгіленген тақырып бойынша өлең, әңгіме, мақала және т.б. шығаруы қажет);

- «Үй тапсырмасы» конкурсы.

Номинант өткізілген конкурс нәтижесі бойынша анықталады.

13.9. «Үздік би» номинациясы

Номинацияға өз әлеуетін би жанрында іске асыратын даму мүмкіндіктері шектеулі адамдар қатысады. Қатысушы адамдардың саны 10-нан аспауы қажет.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мыналарды ұсынады:

- белгіленген нысан бойынша өтініш;

- Конкурста сөйлейтін сөздердің DVD жазбасы.

Ұйымдастыру комитеті үміткерлерді іріктейді, олар конкурсқа қатысу үшін шақырылады.

Үміткерлерді соңғы іріктеу конкурс түрінде өтеді, оның қорытындысы бойынша номинант анықталады.

13.10. «Үздік орындаушы» номинациясы

Номинацияға өз әлеуетін вокалды-аспаптық жанрда, ымдау тілінде ән салуда іске асыратын даму мүмкіндіктері шектеулі адамдар қатысады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мыналарды ұсынады:

- белгіленген нысан бойынша өтініш;

- Конкурста сөйлейтін сөздердің DVD жазбасы.

Ұйымдастыру комитеті үміткерлерді іріктейді, олар конкурсқа қатысу үшін шақырылады.

Үміткерлердің соңғы іріктеу конкурс түрінде өтеді, оның қорытындысы бойынша номинант анықталады.


^ V. Конкурсты өткізу шарттары

14. Іріктеу турларына қатысушылар дамуда мүмкіндіктері шектеулі 6 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар болуы мүмкін, тек «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясынан басқа, онда 18 жастан 40 жасқа дейінгі адамдар қатысуға жіберіледі. Қатысушының жасы конкурсқа қатысу үшін өтінім бергеннен бастап айқындалады.

15. Соңғы турдың қатысушылары іріктеу турлары номинацияларының жеңімпаздары болып табылады.

16. Іріктеу турына қатысуға өтінім белгіленген нысанға сәйкес іріктеу турын өткізу туралы хабарландырудан бастап ұсынылады. Өтінімдерді қабылдау іріктеу турдың соңғы күніне 15 күн қалғанда аяқталады.

17. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер өтінімге қоса қатысуға талап етілетін құжаттар (таңдалған номинацияға сәйкес) береді.

18. Құжаттар Ұйымдастыру комитетінің конкурсты өткізу туралы хабарламасында көрсетілген электрондық немесе пошталық мекенжайға жіберілуі мүмкін, немесе қолма қол ұсынылады. Құжаттар толық жиынтықта болған және оларды беру мерзімі сақталған жағдайда қарауға қабылданады.

19. Іріктеу турына шақыру – хабарлама алған адам конкурсқа қатысушы болып танылады.

20. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар Ұйымдастыру комитетіне хабарласуға қарай оны өткізгеннен кейін қатысушыларға қайтарылады.


^ VI. Конкурсқа қатысушыларды іріктеу өлшемшарттары

21. Әрбір номинация бойынша арнайы іріктеу өлшемшарттары осы Ережеде номинацияларға қойылған талаптарды ескере отырып, Ұйымдастыру комитеті айқындайды.

22. Барлық номинациялар үшін ортақ өлшемшарттар: жаңалық, сапалық, шығармашылық даралық, сонылық, заманауилық, шеберлік, номинация тақырыбына сәйкестік, кәсібилік, техника, идеяны аша білу.


VII. Конкурсқа қатысушыларды марапаттау

23. Марапаттау рәсімі конкурсты өткізудің қорытынды кезеңі болып табылады.

24. Конкурс жеңімпаздары конкурс символикасымен диплом және сыйлық алады.

25. Конкурсқа қатысушылар Ұйымдастыру комитеті мүшелері мен демеушілердің арнайы жүлделерімен тіркеліп марапатталуы мүмкін.


VIII. Конкурсты қаржыландыру:

26. Іріктеу турларын өткізудің шығыстарын төлеу іріктеу турларын Ұйымдастырушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

27. Соңғы турларды өткізудің шығыстарын төлеу соңғы турларды Ұйымдастырушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

28. Конкурсты басқа да қаржы көздерінен қаржыландыруға жол беріледі.

29. Конкурсты өткізуге демеушілер, серіктестер, меценаттар, жеке азаматтар мен мекемелер, осы мақсаттар мен міндеттерді қолдайтын, оны қаржыландыруға қатысушылар, ұйымдар және өткізушілер (бұдан әрі – демеушілер) жұмылдырылады.

30. Демеушілер мен ұйымдастырушылардың өзара қарым-қатынас мәселелері жасалған келісімшарттар (келісімдер) шеңберінде шешіледі.

31. Конкурсқа қатысу тегін.


«Кемсітуді білмейміз –

Бәрімізде бірдейміз»

атты алғашқы

жыл сайынғы конкурстың

ережесіне 1-қосымша


Конкурсқа қатысуға өтінім


1.

Қатысушының Т.А.Ә.




2.

Қатысушының заңды өкілінің Т.А.Ә.




3.

Қатысушының туған күні




4.

Мекенжайы




5.

Байланыс ақпараты

(телефон, факс, сайт)




6.

Қатысушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат (мүгедектік туралы анықтама, ПМПК қорытындысы)




7.

Байланысатын адамның Т.А.Ә.,

телефоны, e-mail




8.

Қатысқысы келетін номинацияның атауы




9.

Өтінім берген күні





Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

  • тууы туралы куәліктің көшірмесі (16 толмаған қатысушылар үшін) немесе жеке куәлігі;

  • мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;

  • jpg, tiff, png немесе gif форматындағы қатысушының екі дана түрлі-түсті фотосуреті.



«Кемсітуді білмейміз –

Бәрімізде бірдейміз»

атты алғашқы

жыл сайынғы конкурстың

ережесіне 2-қосымша


Портфолионы құрастыруға қойылатын талаптар*


  1. Қатысушының Т.А.Ә.

  2. Туған күні

  3. Жұмыс орны мен кәсібінің түрі

  4. Мекенжайы

  5. Отбасы, ата-анасы туралы мәліметтер

  6. Өзі туралы қысқа эссе

  7. Жеке қызығушылықтары, хоббиі

  8. Жасаған жұмыстарының фотосуреттері

  9. Жеткен жетістіктері мен дәрежелерін растайтын құжаттардың көшірмелері:

  • марапаттары, құрмет грамоталары, алғыс хаттары, дипломдары және т.б.

  • ұсыным хаттар, іске асырылған жобалары туралы пікірлер;

  • газет, журнал беттерінен өзі және өзінің қызығушылықтары туралы үзінді материалдар;

  • БАҚ-тағы мақалалары.


Конкурсқа қатысуға үміткердің қол жеткізген табыстарын дәлелдейтін басқа да қосымша құжаттары да қосылуы мүмкін.


* Портфолио ағылшын тілінен аударғанда portfolio - портфель немесе құжаттарға арналған папка. Портфолио мақсаты – кәсібилік пен біліктілігін көрсету.




Похожие:

«кемсітуді білмейміз – БӘрімізде бірдейміз» icon«БӘріміз бірдейміз кемсітуді білмейміз» алғАШҚы республикалық конкурсын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті туралы ереже
...
«кемсітуді білмейміз – БӘрімізде бірдейміз» icon«БӘріміз бірдейміз кемсітуді білмейміз» алғАШҚы республикалық конкурсын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті туралы ереже
...
«кемсітуді білмейміз – БӘрімізде бірдейміз» icon«БӘріміз бірдейміз кемсітуді білмейміз» алғАШҚы республикалық конкурсын дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитеті туралы ереже

«кемсітуді білмейміз – БӘрімізде бірдейміз» iconАқтөбе облыс әкімінің орынбасары С.Қ. Нұрқатова
Тұңғыш рет «БӘріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз» атты (мүмкіндігі шектеулі адамдар және ұйымдар үшін) республикалық конкурсын өткізу...
«кемсітуді білмейміз – БӘрімізде бірдейміз» iconАқтөбе облыс әкімінің орынбасары С.Қ. Нұрқатова
Алғашқы рет «БӘріміз бірдейміз-кемсітуді білмейміз» атты (мүмкіндігі шектеулі адамдар мен мүгедектер қоғамдық ұйымдар арасында) республикалық...
«кемсітуді білмейміз – БӘрімізде бірдейміз» icon«БӘріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атта алғАШҚы республикалық конкурс туралы
Осы Қағидалар мүгедектердің қоғамдық ұйымдары мен мүмкіндіктері шектеулі адамдар, балалардың, жастардың, мүгедектер құрған қоғамдық...
«кемсітуді білмейміз – БӘрімізде бірдейміз» icon«БӘріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атта алғАШҚы республикалық конкурс туралы
Осы Қағидалар мүгедектердің қоғамдық ұйымдары мен мүмкіндіктері шектеулі адамдар, балалардың, жастардың, мүгедектер құрған қоғамдық...
«кемсітуді білмейміз – БӘрімізде бірдейміз» icon«БӘріміз бірдейміз – кемсітуді білмейміз» атта алғАШҚы республикалық конкурс туралы қАҒидалар
Осы Қағидалар мүгедектердің қоғамдық ұйымдары мен мүмкіндіктері шектеулі адамдар, балалардың, жастардың, мүгедектер құрған қоғамдық...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы