«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon

«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті



Название«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Дата конвертации29.05.2013
Размер219.86 Kb.
ТипДокументы
источник


Маңғыстау облысы әкімдігінің

2012 жылғы «___» __________

№ ____ қаулысымен бекітілген


«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер


1. Осы «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабына сәйкес әзірленді.

2. Осы Регламенте мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – ҚФБ) – мүдделі органдардың жауапты тұлғалары, ақпараттық жүйелер және олардың ішкі жүйелері;

2) уәкілітті орган - Маңғыстау облысының аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері.

3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім беру мекемелерінің мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларының және «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет стандарты негізінде көрсетіледі.

5. Мемлекеттік қызмет алушы алатын көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алушыларға мемлекеттік қызмет алушының (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама, не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.


^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар


6. Мемлекеттік қызмет мекен-жайлары осы Регламенттің 1 және 2-қосымшаларында көрсетілген уәкілетті органмен, ал уәкілетті орган болмаған жағдайда кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімімен (бұдан әрі – селолық округтің әкімі) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі туралы толық ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http:/www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында;

2) уәкілетті органның, селолық округ әкімінің стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.

8. Уәкілетті органның және селолық округ әкімінің жұмыс кестесі: демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңында белгіленген мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен күн сайын сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

9. Мемлекеттік қызмет алушының атаулы әлеуметтік көмек алушыларға (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беруден бас тарту ағымдағы тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек көрсету туралы мәліметтер болмаған жағдайда жүргізіледі.

Мемлекеттік қызмет беруді тоқтата тұру үшін негіздеме жоқ.

10. Мемлекеттік қызметті алу үшін алушыдан өтініш алған сәттен мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру сәтіне дейін мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

уәкілетті органға өтініш білдірген кезде:

1) алушы уәкiлеттi органға өтiнiш бередi;

2) уәкілетті органның маманы тіркеуді жүзеге асырады және оның мемлекеттік қызметті алушыға тіркеу және алу күні, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон береді, уәкілетті органның басшысына құжаттарды жібереді;

3) уәкілетті органның басшысы келіп түскен құжаттармен танысуды жүзеге асырады және уәкілетті органның жауапты маманын анықтайды;

4) уәкілетті органның жауапты маманы ұсынылған құжаттарды қарайды, хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын ресімдейді, уәкілетті органның басшысына қол қойдырады және уәкілетті органның маманына жібереді;

5) уәкілетті органның маманы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын алушыға береді.

селолық округтің әкіміне өтініш бiлдiрген кезде:

1) алушы селолық округтің әкімі аппаратына өтiнiш береді;

2) селолық округтің әкімі аппаратының маманы тіркеуді жүзеге асырады, тізім бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушыларды тексереді, хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын дайындайды және аулдық әкіміне қол қоюға жолдайды;

3) селолық округтің әкімі түскен құжаттармен танысуды жүзеге асырады, хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабына қол қояды және селолық округтің әкімі аппаратының маманына жолдайды;

4) селолық округтің әкімі аппаратының маманы хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын алушыға береді.


^ 3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-қимыл (өзара іс-қимыл) тәртібінің сипаты


11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызмет алушылар уәкілетті органға немесе селолық округтің әкіміне мынадай құжаттарды ұсынады:

жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан азаматтары – жеке куәліктің (паспорт) көшірмесі, шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның ішкі істер органдарында тіркелгені туралы белгісі бар куәлігі).

Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқалар мен көшірмелерде не нотариалды расталған көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары мемлекеттік қызмет алушыға қайтарылады.

12. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде мынадай ҚФБ тартылады:

1) селолық округтің әкімі;

2) селолық округтің әкімі аппаратының маманы;

3) уәкiлеттi органның маманы;

4) уәкiлеттi органның басшысы;

5) уәкiлеттi органның жауапты маманы.

13. Әрбiр әкiмшiлiк iс-әрекетiнiң орындалу мерзiмiн көрсете отырып әрбір ҚФБ әкiмшiлiк iс-қимылы дәйектiлiгiнiң және өзара іс-қимылының мәтiндiк кестелiк сипаттамасы осы Регламенттiң 3-қосымшасында көрсетiлген.

14. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде әкiмшiлiк іс-қимылдардың қисынды дәйектiлiгi мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететiн схемалар осы Регламенттiң 4-қосымшасында көрсетiлген.

15. Хабарламаның не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауаптың нысаны осы Регламентің 5-қосымшасында көрсетілген.


«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламентіне

1-қосымша


^ Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі уәкілетті органдардың тізбесі





^ Уәкілетті органның атауы

Орналасқан мекен-жайы

Телефон нөмірі

1

2

3

4

1

«Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Ақтау қаласы,

11 шағын аудан, № 50 ғимарат


8 (7292) 432670

2

«Жаңаөзен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жаңаөзен қаласы,

3 а шағын аудан,

«Достар» ғимараты


8 (72934) 42988

3

«Түпқараған ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Түпқараған ауданы,

Форт-Шевченко қаласы, Маяулы көшесі,

Жастар орталығы


8 (72938) 22848

4

«Мұнайлы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мұнайлы ауданы,

Маңғыстау селосы,

қоғамдық ұйымдар ғимараты


8 (72924) 66445

5

«Маңғыстау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Маңғыстау ауданы,

Шетпе селосы,

аудандық әкімдігінің ғимараты


8 (72931) 21243

6

«Бейнеу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Бейнеу ауданы,

Бейнеу селосы,

М. Бегенов көшесі, 26 «б»


8 (72932) 21275

7

«Қарақия ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қарақия ауданы,

Құрық селосы,

Досан Батыр көшесі, 4


8 (72937) 21561



«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламентіне

2-қосымша


^ Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі селолық округ әкімі аппараттарының тізбесі





Атауы

Орналасқан мекен-жайы

Телефон нөмірі

1

2

3

4

1

«Өмірзақ ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Ақтау қаласы, Өмірзақ ауылы

8 (7292)

445272

445158


2

«Ақжігіт селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Бейнеу ауданы, Ақжігіт селосы

8(72932) 34448

3

«Бейнеу селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы

8(72932) 21262

4

«Боранкұл селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы

8(72932)

31237

5

«Есет селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Бейнеу ауданы, Есет селосы

8(72932) 35222

6

«Ноғайты селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Бейнеу ауданы, Ноғайты селосы

8 (72932) 37010

7

«Сам селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Бейнеу ауданы, Сам селосы

8(72932) 36127

8

«Сарға селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Бейнеу ауданы, Сарға селосы

8(72932) 23335

9

«Сыңғырлау селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Бейнеу ауданы, Сыңғырлау селосы

8(72932) 24333

10

«Тәжен селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Бейнеу ауданы, Бейнеу селосы, Д. Тажиев көшесі, «Акиматсервис» ғимараты

8(72932) 38010

11

«Төлеп селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Бейнеу ауданы, Төлеп селосы

8(72932) 32343

12

«Тұрыш селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Бейнеу ауданы, Тұрыш селосы

8(72932) 33310

13

«Қызылсай селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Жаңаөзен қаласы, Қызылсай селосы

8(72934) 25066

14

«Теңге ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Жаңаөзен қаласы, Теңге ауылы, Ақтан Керейұлы, 32

8(72934) 21301

15

«Бостан селолық аумағы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Қарақия ауданы, Бостан селосы

8(72937) 61101 61107

16

«Жетібай кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Қарақия аудан, Жетібай кенті, Жаңақұрылыс көшесі

8(72935) 26090 26664

17

«Құланды селолық аумағы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Қарақия ауданы, Құланды селосы

8(72937) 71010 71009

18

«Құрық селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Қарақия ауданы, Құрық селосы, Досан Батыр көшесі, № 4 үй

8(72937) 22110 21572

19

«Мұнайшы кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Қарақия ауданы, Мұнайшы кенті

8(72935) 28291 28391

20

«Сенек селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Қарақия ауданы, Сенек селосы

8(72937) 31341 31394

21

Ақтөбе селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Маңғыстау ауданы, Үштаған селосы

8(72931) 43718

22

«Ақшымырау ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Маңғыстау ауданы, Ақшымырау селосы

8(72931) 42523

23



«Жармыш селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Маңғыстау ауданы, Жармыш селосы

8(72931) 27201

24

«Жыңғылды селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Маңғыстау ауданы, Жыңғылды селосы

8(72931) 24432

25

«Қызан селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Маңғыстау ауданы, Қызан селосы

8(72931) 42031

26

«Онды ауылының әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Маңғыстау ауданы, Онды селосы

8(72931) 24600, 24622

27

«Өтес селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Маңғыстау ауданы, Өтес селосы

8(72931) 45325 45326

28

«Отпан селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Маңғыстау ауданы, Тұщыбек селосы

8(72931) 28010

29

«Тұщықұдық селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Маңғыстау ауданы, Тұщықұдық селосы

8(72931) 41341

30

«Шайыр селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Маңғыстау ауданы, Шайыр селосы

8(72931) 27694

31

«Шебір селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Маңғыстау ауданы Шебір селосы

8(72931) 41711

32

«Шетпе селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Маңғыстау ауданы, Шетпе селосы

8(72931) 21218 21431

33

«Атамекен селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Мұнайлы ауданы, Атамекен селосы

8(7292) 340065 330776

34

«Басқұдық селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Мұнайлы ауданы, Басқұдық селосы

8(7292) 344108 330780

35

«Баянды селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Мұнайлы ауданы, Баянды селосы

8(7292) 467100 467101

36

«Дәулет селолық округі әкімдігінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Мұнайлы ауданы, Дәулет селолық округі

8(7292) 466656 330992

37

«Қызылтөбе селолық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе елді мекені

8(7292) 464654 464666

38



«Маңғыстау селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Мұнайлы ауданы, Маңғыстау селосы

8(7292) 465255 465393

39



«Ақшұқыр селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Түпқараған ауданы, Ақшұқыр селосы, Б. Қожашева көшесі, 11

8(72938) 23241

40

«Баутин поселкесі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Түпқараған ауданы, Форт-Шевченко қаласы, Баутино поселкесі, Қ. Күржіманұлы көшесі, 6

8(72938) 24846

41

«Қызылөзен селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Түпқараған ауданы, Қызылөзен селосы, С.Сисенбаев көшесі, № 2 үй

8(72938) 23875

42

«Таушық селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Түпқараған ауданы, Таушық селосы, Елмұханбетов көшесі, № 6 үй

8(72938) 44205

43

«Сайын Шапағатов селосы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов селосы, А.Бекенжанов көшесі, № 17 ғимарат

8(72938) 50102 50103



«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламентіне

3-қосымша


Әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) дәйектілігінің және өзара іс-қимылының сипаттамасы


1-кесте. Селолық округтің әкімімен қызмет көрсету кезінде ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы



Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

1

Іс-қимылы (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

2

ҚФБ, атауы

Селолық округтің әкімі аппаратының маманы


Селолық округтің әкімі

Селолық округтің әкімі аппаратының маманы


3

Іс-қимылдың (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, тізім бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушыларды тексереді, хабарламаны не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын дайындайды

Құжаттармен танысу

Алушыға хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды беру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешімі)

Құжаттарды жинау, құжаттарды селолық округтің әкіміне жолдау

Құжатқа қол қою

Алушыға хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды беру

5

Орындау мерзімі

15 минут

15 минут

15 минут

6

Келесі іс-қимылдың нөмірі

2

3

-



^ 2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс



1-топ ҚФБ

Селолық округтің әкімі аппаратының маманы

2-топ ҚФБ

Селолық округтің әкімі

№ 1 іс-қимыл

Құжаттарды қабылдау, тізім бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушыларды тексереді, хабарламаны дайындау

№ 2 іс-қимыл

Келіп түскен құжаттармен танысу. Құжатқа қол қою

№ 3 іс-қимыл

Алушыға хабарламаны беру






^ 3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс



1-топ ҚФБ

Селолық округтің әкімі аппаратының маманы

2-топ ҚФБ

Селолық округтің әкімі

№ 1 іс-қимыл

Құжаттарды қабылдау, тізім бойынша атаулы әлеуметтік көмек алушыларды тексереді, дәлелді бас тартуды дайындау

№ 2 іс-қимыл

Келіп түскен құжаттармен танысу. Құжатқа қол қою

№ 2 іс-қимыл

Алушыға дәлелді бас тартуды беру






^ 1-кесте. Уәкілетті органмен қызмет көрсету кезіңде ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы



Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

1

Іс-қимылы (жұмыс барысының, ағынының) №

1

2

3

2

ҚФБ, АЖ атауы

Уәкілетті органның маманы


Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның жауапты маманы

3

Іс-қимылдың (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, тіркеу

Келіп түскен құжаттармен танысу, орындау үшін жауапты маманды анықтау

Құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асыру, хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды дайындау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешімі)

Басшыға құжаттарды бұрыштама қою үшін жіберу

Бұрыштама қою, жауапты маманға құжаттарды жөнелту

Уәкілетті органның басшысына материалдарымен бірге құжаттарды беру

5

Орындау мерзімі

15 минут

15 минут

15 минут

6

Келесі іс-қимылдың нөмірі

2

3

4

Негізгі үдерістің (жұмыс барысының, ағынының) іс-қимылы

Іс-қимылы (жұмыс барысының, ағынының) №

4

5

ҚФБ, атауы

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті органның маманы

Іс-қимылдың (үдерістің, рәсімдеудің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Құжаттармен танысу

Алушыға хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды беру

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-басшылық ету шешімі)

Құжатқа қол қою

Алушыға хабарламаны немесе дәлелді бас тартуды беру

Орындау мерзімі

15 минут

15 минут

Келесі іс-қимылдың нөмірі

5

-



^ 2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс



1-топ ҚФБ

Уәкілетті органның маманы

2-топ ҚФБ

Уәкілетті органның басшысы

3-топ ҚФБ

Уәкілетті органның жауапты маманы

№ 1 іс-қимыл

Алушыдан құжаттарды қабылдау, тіркеу, құжаттарды уәкілетті органның басшысына жөнелту

№ 2 іс-қимыл

Бұрыштама қою, уәкілетті органның жауапты маманына құжаттарды жөнелту

№ 3 іс-қимыл

Құжаттарды қарау, хабарламаны дайындау, уәкілетті органның басшысына материалдармен бірге құжаттарды беру

№ 5 іс-қимыл

Алушыға хабарламаны беру

№ 4 іс-қимыл

Хабарламаға қол қою






^ 3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс


1-топ ҚФБ

Уәкілетті органның маманы

2-топ ҚФБ

Уәкілетті органның басшысы

3-топ ҚФБ

Уәкілетті органның жауапты маманы

№ 1 іс-қимыл

Алушыдан құжаттарды қабылдау, тіркеу, құжаттарды уәкілетті органның басшысына жөнелту

№ 2 іс-қимыл

Бұрыштама қою, уәкілетті органның жауапты маманына құжаттарды жөнелту

№ 3 іс-қимыл

Құжаттарды қарау, дәлелді бас тартуды дайындау, уәкілетті органның басшысына материалдармен бірге құжаттарды беру

№ 5 іс-қимыл

Алушыға дәлелді бас тартуды беру

№ 4 іс-қимыл

Дәлелді бас тартуға қол қою




«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламентіне

4-қосымша


Әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) дәйектілігінің және өзара әрекеттестігінің сипаттамасы


1-схема. Қызметті алушы уәкілетті органға өтініш берген кезде ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы



^ Уәкілетті органның маманы хабарламаны не дәлелді бас тартуды тіркейді және береді

(15 минут)



2-схема. Қызметті алушы селолық округтің әкіміне өтініш берілген кезде ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы





«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламентіне

5-қосымша


АНЫҚТАМА

   __________________________________ ______________ тіркеу нөмірдегі 20 ___ жылғы ____ тоқсанда шын мәнінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушысы болып табылғандығы туралы берілді.

Отбасының мына мүшелеріне:

  1. ___________________________________________________________

  2. ___________________________________________________________

  3. ___________________________________________________________

  4. ___________________________________________________________

  5. ___________________________________________________________

Анықтама талап еткен орынға көрсету үшін берілді.


Уәкілетті органның бастығы

(кент, ауыл (село), ауылдық

(селолық) округтың әкімі) __________________________



Похожие:

«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» регламентінде (бұдан әрі...
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» регламентінде (бұдан әрі...
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» регламентінде (бұдан әрі...
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті...
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті iconӨтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру мемлекеттік қызмет регламенті
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру»
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттiк
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» (көрсетілетін қызметті берушіге...
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама...
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама...
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама...
«Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Атаулы әлеуметтік көмек алушыларға өтініш берушінің (отбасының) тиесілігін растайтын анықтама...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы