Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 2012 жылы іске асырылуы және 2013 жылға арналған міндеттер туралы icon

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 2012 жылы іске асырылуы және 2013 жылға арналған міндеттер туралы



НазваниеЖұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 2012 жылы іске асырылуы және 2013 жылға арналған міндеттер туралы
Дата конвертации29.05.2013
Размер41.77 Kb.
ТипДокументы
источник

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 2012 жылы

іске асырылуы және 2013 жылға арналған міндеттер туралы


2012 жылы жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналасуға ықпал ету жөніндегі өтінішпен 16372 адам, оның ішінде Жұмыспен қамту бағдарламасына қатысуға 1591 адам хабарласты. 1707 әлеуметтік келісімшартқа қол қойылды, оның ішінде:

- өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 17,8%;

- жұмыссыздардың үлесі – 81%;

- аз қамтылғандардың үлесі – 1,2%.

Бағдарлама қатысушылары ішіндегі жастардың үлесі - 66,7% (1139 адам), әйелдер - 58,3% (995 адам).

^ Бағдарламаның бірінші бағыты аясында жұмыссыздар, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар мен аз қамтылғандарды кәсіптік оқыту, қайта даярлау және біліктілігін арттыру шараларымен 2303 адам қамтылды.

Бүгінгі таңда оқытуды аяқтаған 1034 адамның 524-і жұмысқа орналастырылды. Объективті себептер бойынша 65 адамды жұмысқа орналастыру мүмкін болмай отыр (оның ішінде, 12 адам әскер қатарына шақыртылған, 2 адам басқа облысқа көшкен, 1 адам қайтыс болған, 2 әйел - бала күтіміне байланысты).

Ағымдағы бос орындарға 327 адам жұмысқа орналастырылды.

Әлеуметтік жұмыс орындары мен жастар практикасына 850 адам жұмысқа орналастырылды (ӘЖО – 343, ЖП - 507). Өткен жылы бұл көрсеткіш тек 410 адам ғана құрады.

Осылайша есептік кезеңде жоғарыда аталған жұмыс орындарын құрушы Бағдарлама қатысушыларының саны 4 есеге дейін артты (94-тен 261-ге дейін).

^ Екінші бағыт бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 200 адам оқытылды және 224 адамға микрокредит берілді. Микрокредиттің орташа мөлшері - 2,0 млн. теңге.

Аталған бағыттағы проблемалардың бірі кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріндегі теңгерімсіздік болып табылады. Мәселен, микрокредиттер мал шаруашылығын дамытуға ғана беріледі де, мал өнімін одан әрі өңдеу және өткізу жөніндегі мәселелер қарастырылмайды.

Соған байланысты осы мақсатқа бөлінген қаржының тиімділігін арттыру мақсатында әрбір ауданның деңгейінде кәсіпкерлікті дамыту картасы жасақталады.

^ Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша Форт-Шевченко қаласында 8 пәтерлік 2 тұрғын үйдің және 2 пәтерлік 7 тұрғын үйдің құрылысы жалғастырылуда.

Бағдарламаға қатысуға және Форт-Шевченко қаласына көшуге 7 отбасы (отбасы мүшелерінің барлық саны 23 адам) ниет білдірді.

2014 жылдан бастап Бағдарлама аясында тұрғын үй, оның ішінде жастарға арналған жатақхана құрылысын қаржыландыру қаралды, сонымен қатар Бағдарлама қатысушыларын тұрақты жұмыспен қамту жөнінде шарт жасаса отырып, жұмыс берушілердің аталған құрылыс жұмыстарын қоса қаржыландыруы (10 %-дан кем емес) қамтамасыз етіледі.

^ Төртінші бағыт бойынша іс-шаралар ауылдық елді мекендерде халықты жұмыспен қамтуға бағытталды.

Ауылдардағы әлеуметтік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарын күрделі жөндеуден өткізу және ауылдарды абаттандыру бойынша 15 жоба іске асырылды. 165 адам уақытша жұмыспен қамтылды, оның ішінде 109 адам - Бағдарлама қатысушылары.

Облыста тұрғындар арасында белсенді ақпараттық-түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізіледі.

Ай сайын бос орындар жәрмеңкелері өткізіледі. Өткен жылы барлығы 35 жәрмеңке ұйымдастырылды. Жұмыс берушілер 2530 бос жұмыс орнын ұсынды. Жәрмеңке жұмыстарына барлығы 4590 адам қатысты, оның ішінде әйелдердің саны - 2505. Нәтижесінде 742 адам жұмысқа орналастырылды, 3612 адам жұмыспен қамтуға ықпал етудің белсенді шараларымен қамтылды.

2012 жылдың 22 қарашасында облыстық басқарманың ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесі және Бағдарламаның екінші бағыты қатысушылары тауарларының жәрмеңкесі өткізілді.

Облыс телеарналарында, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында Бағдарламаға қатысудың арқасында мақсатқа қол жеткізген азаматтар туралы арнайы сюжеттер көрсетілді, сондай-ақ «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Литер», «Маңғыстау», «Огни Мангистау», «Лада», «Ақтау-Ақпарат», «Жаңаөзен», «Мұнайлы», «Қарақия», «Рауан», т.б. республикалық және жергілікті басылымдарда материалдар жариялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.


^ 2013 жылы Жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдар алдына қойылған міндеттер

1. Бағдарламаның 1675 қатысушысын кәсіптік оқытуды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және оларды жұмысқа орналастыруға ықпал ету.

2. Бағдарламаның 505 қатысушысының әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жастар практикасы аясында оқу орындарының бітірушілері қатарынан 250 қатысушының тәжірибе алуына, практикалық машықтануына мүмкіндік жасау.

3. Бағдарлама қатысушыларына кредит беруді жалғастыру және қаржыландыру көлемін 900 млн.теңгеге дейін ұлғайту.

4. Жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ететін жобаларды іске асыратын кредиттік серіктестіктерді құру бойынша шаралар алу.

5. Кәсіпкерлікті дамыту картасын жасақтау.

6. Түпқараған ауданында тұрғын үй құрылысын аяқтау және Бағдарлама қатысушыларын көшіруді қамтамасыз ету.

7. Ауылдық жердегі инфрақұрылым нысандарын жөндеу және қайта жаңғырту бойынша жұмыстарды жүргізу (қаржыландыру көлемі 845,9 млн. теңге 21 жоба), ауылдық жерде орналасқан дәрігерлік амбулаториялар мен ФАП-тың құрылысын салу. 1 123,4 млн. теңгеге жүргізілетін жұмыстарды жүзеге асыру үшін елді мекендерде 650 жұмыс орны құрылады.

8. Әлеуметтік, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым-дарды күрделі жөндеу, жаңғырту, дамыту және ауылдық елді мекендерді абаттандыру, жатақханалар құрылысын салу бойынша 2014 жылға арналған бюджеттік өтінімді мерзімінде қалыптастыру үшін ЖСҚ әзірлеуді қамтамасыз ету.



Похожие:

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 2012 жылы іске асырылуы және 2013 жылға арналған міндеттер туралы iconЖұмыспен қамту-2020» бағдарламасы Көкпекті ауданында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының іске асырылуы
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы жетілдірілді. Жұмыспен қамту орталықтары құрылды. Осы бағдарламаны іске асыру үшін келесі мекемелер...
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 2012 жылы іске асырылуы және 2013 жылға арналған міндеттер туралы icon«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы Көкпекті ауданында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының іске асырылуы
«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы жетілдірілді. Жұмыспен қамту орталықтары құрылды. Осы бағдарламаны іске асыру үшін келесі мекемелер...
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 2012 жылы іске асырылуы және 2013 жылға арналған міндеттер туралы icon2012 жылғы 1 ақпанына бойынша Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру барысы туралы
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде іс-шараларды іске асыру үшін 2012 жылы республикалық бюджеттен Қостанай облысына 1171,4...
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 2012 жылы іске асырылуы және 2013 жылға арналған міндеттер туралы icon2012 жылғы 1 мамырына бойынша Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру барысы туралы
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының шеңберінде іс-шараларды іске асыру үшін 2012 жылы республикалық бюджеттен Қостанай облысына 2078,5...
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 2012 жылы іске асырылуы және 2013 жылға арналған міндеттер туралы icon«Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға қолғабыс ету»
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 2012 жылға арналған екінші бағытын іске асыру туралы ақпарат
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 2012 жылы іске асырылуы және 2013 жылға арналған міндеттер туралы icon2012 жылғы 1 тамызына бойынша Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасын іске асыру барысы туралы
Бағдарламаны іске асыруға арналған іс-шараға 2012 жылы республикалық бюджеттен Қостанай облысына 2078,5 млн теңге бөлінді
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 2012 жылы іске асырылуы және 2013 жылға арналған міндеттер туралы iconҚаулы жобасы зырян ауданы бойынша 2020 Жұмыспен қамту бағдарламасы шегінде 2012 жылы нысаналы топтағы тұрғындар үшін әлеуметтік жұмыс орындарды және жастар тәжирибесін өтуге
«2020 Жұмыспен қамту бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «2011...
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 2012 жылы іске асырылуы және 2013 жылға арналған міндеттер туралы iconЖұмыспен қамту орталығы хабарлайды «Жұмыспен қамту 2020»
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, табысы аз адамдарды және жұмыссыз...
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 2012 жылы іске асырылуы және 2013 жылға арналған міндеттер туралы iconЖұмыспен қамту 2020 бағдарламасының орындалуы
Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасын іске асыру шеңберінде, «Кәсіпкерлікті дамытуда жәрдемдесу» екінші бағыт бойынша қатысушыларға кәсіпкерліктің...
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының 2012 жылы іске асырылуы және 2013 жылға арналған міндеттер туралы icon2011-2015 жылдарға арналған Катонқарағай ауданында дамыту бағдарламасының жұмыспен қамту іс –шаралар жоспарын, «Облыстық жол карта 2011», «Бизнес жол карта-2020»
Катонқарағай ауданында дамыту бағдарламасының жұмыспен қамту іс –шаралар жоспарын, «Облыстық жол карта 2011», «Бизнес жол карта-2020»...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы