МАҢҒыстау облысы білім басқармасының 2013 жылға арналған іс-қимылжоспа ры icon

МАҢҒыстау облысы білім басқармасының 2013 жылға арналған іс-қимылжоспа ры



НазваниеМАҢҒыстау облысы білім басқармасының 2013 жылға арналған іс-қимылжоспа ры
страница1/3
Дата конвертации28.05.2013
Размер472.64 Kb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3


Манғыстау облысының білім басқармасының

2012 жылғы « 26» желтоқсан

№ ¾ алқа мәжілісінің шешімімен бекітілді


МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

2013 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ІС-ҚИМЫЛ Ж О С П А РЫ


Ақтау қаласы 2012 жыл



І. Облыстық білім басқармасының 2012 жылғы жұмысына талдау


Облыстың білім беру жүйесін 2012 жылы дамыту басты стратегиялық мақсатқа- облыстағы білім берудің тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның қолжетімділігін кеңейту, сапасы мен тиімділігін арттыру, облыстың білім беру ұйымдарында оқушылар мен тәрбиеленушілер үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға сәйкес жүргізілді.

Облыстың білім беру жүйесін дамытудың басты басымдықтарының бірі сапалы білімге қолжетімділік болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыстың тиімділігін анықтайтын негізгі көрсеткіштер қатарына: мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім ұйымдары желісінің дамуының оң динамикасы және вариативтілігі, білікті педагог кадрлармен қамтамасыз етілуі, материалдық-техникалық базаның сәйкестігі, оқушылардың оқу мен тәрбиеде қол жеткізген жетістіктерінің деңгейі жатады.

ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға Мемлекеттік бағдарламасын Маңғыстау облысы бойынша іске асырудың 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (І кезең) облыстағы білім беру жүйесін дамытудың стратегиясын анықтайтын негізгі құжат болып табылады.

^ Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие жүйесі

«Балапан» бағдарламасының аясында 2012 жылғы қаңтар айынан бастап Маңғыстау облысында барлығы 2891 орындық жаңа 28 мектепке дейінгі ұйым (әрі қарай МДҰ) пайдалануға берілді:

  • құрылыс салу есебінен 1650 орындық 11 балабақша;

  • 585 орындық 3 балабақша қайтарылып алынды;

  • мектеп жанынан 150 орындық 5 шағын-орталық ашылды;

  • 506 орындық 9 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар ашылды.

Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде (01.10.2012ж) 2011 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны 149-дан 172-ге (өсім 23 бірлік), бала саны 21268-ден 23864-ке (өсім 2596 бала), ал 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту пайызы 36,3%-дан 37,7% –ға артты (өсім 1,4%).

Есепті кезеңнен кейін Түпқараған ауданы Аташ поселкесінде 140 орындық, Маңғыстау ауданы Шебір ауылында 50 орындық, Жаңаөзен қаласында 280 орындық, Қарақия ауданы Жетібай кентінде 50 орындық балабақша және Мұнайлы ауданы Атамекен ауылында 50 орындық жекеменшік шағын орталық ашылды.

Бүгінгі таңда облыста барлығы ^ 24 434 баланы қамтыған 177 мектепке дейінгі мекеме жұмыс жасайды. Оның ішінде 122 балабақшада 22072 бала, 55 шағынорталықта 2362 бала қамтылған.

МДҰ саны

ондағы бала саны

Мемлекеттік балабақшалар

Мемлекеттік шағын-орталықтар

Жекеменшік балабақшалар

Жекеменшік шағын-орталықтар

177

24 434

106

20667

32

1143

16

1405

23

1219

Қолданылып жатырған шараларға қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарға деген кезек жалғасуда. Бүгінгі күнге дейін балабақшаға орын алуға 25 566 (оның ішінде 8505 3-6 жастағылар) өтініш тіркелген.

Облыс бойынша 3 балабақша коррекциялық бағытта жұмыс жасайды. №1,4,5 арнайы (түзету) мектеп-балабақша кешендерінде балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қорғау жұмысы басты назарда ұсталып келеді. Балабақшалар арнайы спорт залдарымен, арнайы спорттық құрал-жабдықтарымен жабдықталған.

Облыста 8 балабақшада өкпе ауруынан сауықтыру жұмыстары жүргізіледі.

^ Жалпы орта білім туралы

Облыста барлығы 138 мектеп, оның ішінде 123 күндізгі жалпы білім беретін мемлекеттік мектеп (96117 оқушы) жұмыс жасайды.






01.10.2011ж

01.10.2012ж

Барлық мектеп саны

138

138

Оның ішінде:

- күндізгі жалпы білім беретін мемлекеттік мектептер

122

(93338 оқушы)

123

(96117 оқушы)

  • Арнайы түзету мектептері

5

5

  • Девианттық мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектептер

1

1

  • Жекеменшік мектептер

5

4

  • Кешкі мектептер

5

5

ШЖМ

19

19

Ресурстық орталық

1

2

3 ауысымды мектептер саны

5

6

Апатты жағдайдағы мектептер саны

0

2

Үш ауысымды мектептер:

- Бейнеу ауданы Манашы және Атамекен орта мектептері;

- Жаңаөзен қаласы №14 орта мектеп;

- Мұнайлы ауданы №3 орта мектеп

- Түпқараған ауданы Е. Өмірбаев атындағы орта мектеп және М.Әбдіхалықов атындағы орта мектеп. Үшінші кезеңде оқитын бала саны - 796.

Аталған проблемалық мәселелерді шешу бағытында келесі жұмыстар жасалуда.

  • 2012 жылы Жаңаөзен қаласы Теңге ауылында 900 орындық орта мектеп;

  • Жаңаөзен қаласы Мерей шағын ауданында 1200 орындық орта мектеп;

  • Бейнеу ауданы Бейнеу селосы Атамекен шағынауданында 624 орындық орта мектеп;

  • Мұнайлы ауданы Баянды ауылында 960 орындық орта мектеп;

  • Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылында 960 орындық орта мектеп;

  • Мұнайлы ауданы Маңғыстау-5 ауылында 960 орындық орта мектеп;

  • Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында 960 орындық орта мектеп құрылыстары басталды.

2014 жылы Жаңаөзен қаласында 1200 орындық бейіндік мектеп, Бейнеу ауданы Бейнеу селосы Манашы шағынауданында 900 орындық орта мектеп құрылысы басталады деп жоспарлануда.

^ Апатты жағдайдағы мектептер:

Маңғыстау ауданы С. Нұрниязұлы атындағы мектеп - интернат және Қарақия ауданы Құланды орта мектебі.

Проблеманы шешу бағытында жасалған жұмыстар:

2013 жылы республикалық бюджеттен Маңғыстау ауданы С.Нұрниязұлы атындағы мектеп-интернат құрылысы басталады деп жоспарлануда.

Қарақия ауданы Құланды орта мектебінің жаңа құрылысы бойынша жобалық –сметалық құжаттамасы дайындалуда.

Облыста 19 шағын жинақты мектеп жұмыс жасайды.

Маңғыстау ауданында А. Меңдалұлы атындағы орта мектеп тірек мектебі – ШЖМ үшін ресурстық орталық болып бекітілген. 2012 жылы Бейнеу ауданында бір ресурстық орталық ашылды.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының озық тәжірибесін тарату бойынша облыста «Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп – интернаты» және №11 мамандандырылған физика – математикалық мектебі базалық мектептер болып бекітілді.

^ Білім сапасы туралы

2012 жылы жаратылыстану-математикалық бағытта Ақтөбе қаласында өткен оқушылардың республикалық пәндік олимпиадасына облыстан 34 оқушы қатысты. Оның ішінде 13 оқушы жүлдегер атанды: І орын – 4; ІІ орын –2; ІІІ орын – 7. Облысымыз командалық есепте екінші орынды иеленді.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 29 оқушы Қарағанды қаласында өткен олимпиадаға қатысып, 17 оқушы жүлделі орындарды иеленді: ІІ орын - 9, ІІІ орын – 8. Облысымыз командалық есепте екінші орынды иеленді.

Алматы қаласында өткен республикалық ғылыми жобалар байқауына 15 жобамен 18 оқушы қатысып, 10 оқушы жүлделі орындарды иеленді (1 күміс медаль, 6 қола медаль, 3 оқушы ерекше жетістіктері үшін грамотамен). Облыс командасы 3-ші орын иеленіп, «Үздік команда-2012» атағын жеңіп алды.

2012 жылдың қаңтар айында Алматы қаласында өткен математика пәнінен О.Жәутіков атындағы халықаралық олимпиадаға бір оқушы қатысып алтын медальді иеленді.

Қаңтар айында Щучье қаласында «Зерде» жас зерттеушілер арасында өткізілген байқауға 16 оқушы қатысып, 2 күміс, 7 қола, 7 төртінші орынды иеленді.

3-7 ақпан аралығында Баку қаласында өткен «INEPO» VI халықаралық ғылыми жоба байқауына қатысқан бір оқушы алтын, екі оқушы қола медальді иеленді.

2012 жылдың 1-2 наурыз күндері Алматы қаласында өткен Ө.Жолдасбеков атындағы механика және математикадан зерттеу жұмыстарының ІІ Халықаралық конкурсына қатысқан 8 оқушының 1-і күміс, 6-ы қола медальді иемденді.

13-15 наурыз аралығында Ақтөбе қаласында «XXІІІ Азия-Тынық мұхит еледері арасында өткізілген халықаралық олимпиадаға 7 оқушы қатысып, бір алтын, бір күміс, бір қола медальді иеленді.

5-7 сәуір күндері Байқоңыр қаласында «Ғылым әлемін ашамыз!» атты халықаралық ғарыштық зерттеулер жарысына 6 оқушы үш жобамен қатысып, екі жобамен 4 оқушы қола медальді иеленді.

1—5 мамыр аралығында Мәскеу қаласында өткен «Математика және жобалау» халықаралық ғылыми жоба байқауынан үш оқушы күміс медальмен оралды.

3-7 мамыр аралығында Румынияның Бухарест қаласында өткен «INFOMATRIX» Х - халықаралық компьютерлік жобалар байқауына қатысқан екі оқушы қола медальге ие болды.

Мамыр айында Түркияда өткізілген «Балқан» халықаралық олимпиадасына математика пәнінен бір оқушымыз қатысып қола медальді иеленді.

Маусым айының 12-18 аралығында Саха Республикасы Якутия қаласында өткізілген «Туймаада-2012» халықаралық олимпиадасына (математика, химия, физика пәндерінен ) бес оқушымыз қатысып, екі алтын, екі қола медальді иеленді.

Шілденің 12-18 аралығында Алматы қаласында өткізілген «Бастау» математикалық турниріне 7 оқушы қатысып, оның үшеуі командалық І орынды, біреуі ІІ орынды, үшеуі төртінші орынды иеленді.

22-29 қазан аралығында Бразилияда өткен «Mostratec» халықаралық ғылыми жобалар байқауына қатысқан екі оқушы алтын медальге ие болды.

^ Педагог кадрлардың сапалық құрамы

Облыстың күндізгі жалпы білім беретін мектептерінде барлығы 8208 мұғалім, ауыл мектептерінде 4103 мұғалім жұмыс жасайды.

Барлық мұғалімнің 6180-і жоғары білімді (75,3% - ы, 2011ж - 74,1%), жоғары санатты мұғалім саны 1083 (барлық мұғалімнің 13,2% - ы, 2011ж - 10,8%). Жоғары және бірінші санатты мұғалімдер үлесі барлық мұғалімдердің 43,2 пайызын (ауылдық мектептерде 39 пайызын) құрайды. Облыс мектептерінде 25 мұғалім-магистрант жұмыс жасайды (2010 жылы – 18, 2011ж - 23).

Бүгінгі таңда облыс мектептерінде 212 мұғалім жетіспейді Оның ішінде қала мектептеріне 152, ауыл мектептеріне 60 мұғалім қажет етіледі.

Негізгі жетіспейтін пәндер:

қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті – 24 (оның ішінде ауыл мектебіне 12), математика - 37, технология – 22, музыка - 17, физика - 13, дене тәрбиесі - 12.





01.10.2011ж

01.10.2012ж

Барлық педагогтар саны, оның ішінде:

7890

8208

Жоғары білімді

5852 (74,2%)

6180 (75,3%)

Жоғары санатты

848 (10,8%)

1083 (13,2%)

Жоғары және бірінші санатты мұғалімдер үлесі

41,9%

43,2%


Ұлттық бірыңғай тест қорытындысы


Облыста 2011-2012 оқу жылында күндізгі жалпы білім беретін 106 мектеп, 3 кешкі мектеп, 1 жекеменшік мектепті 4883 түлек бітірді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 23.05.2012ж № 242 бұйрығымен халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың қатысушылары мен жеңімпаздары 36 түлек ҰБТ - ден босатылды (2011 жылы – 54).30 оқушы денсаулығына байланысты емтиханнан босатылды. 1650 түлек мектептерде дәстүрлі емтихан тапсырды. ҰБТ-ға барлығы 3167 түлек (2712 қазақ тілінде және 455 орыс тілінде оқығандар), яғни қатысуға өтініш бергендердің 96,5% немесе мектеп бітірушілердің жалпы санының 64,85% (республика - 75%) қатысты. Тестілеуге бітірушілердің ең көп қатысқаны Маңғыстау ауданы (87,55%), ең аз қатысқаны Бейнеу ауданы (41,83%) болды.

Облыс бойынша орта балл 65,71, өткен жылмен салыстырғанда 26,92 балға төмен. Республика көлемінде орташа балл 70,9, ол былтырғы жылмен салыстырғанда 15,7 балға төмен.

Облыстың аудан, қалалары арасында төмен көрсеткіш көрсеткен Маңғыстау ауданы – орташа балы 54,80 (2011 жылы – 91,79), айырмашылығы 36,99 балл; Жаңаөзен қаласы – орташа балы 58,75 (2011 ж – 96,37) айырмашылығы 37,62 балл; Бейнеу ауданы – орташа балы 58,83 (2011ж – 100,81) айырмашылығы 41,98 балл.

Облыс бойынша «Алтын белгі» белгісіне үміткер 99 оқушының 26-ы (26,3%) (республика – 24,3) өз білімдерін дәлелдеді.

ҰБТ қорытындысында орта балы бойынша жоғары көрсеткіш көрсеткен мектептердің ішінде Ақтау қаласынан 4 мектеп, облыстық бағыныстағы 2 мектеп, Мұнайлы ауданынан 3 мектеп, Түпқараған ауданынан 1 мектеп алғашқы ондыққа енді.






^ Облыс бойынша ең жоғары көрсеткіш көрсеткен мектептер






Аудан, қала

атауы

^ Оқушы саны

қатысқаны

%

орта балы

конкур. балы

АБ

ҮА

1

Ақтау

№4 гимназия

40

39

97,50

100,87

79,69

3

1

2




КТЛ

42

16

38,09

97,94

72,00

2

3

3

Ақтау

экон. лицей

80

71

88,75

95,92

75,37

3

2

4

Мұнайлы

лицей

13

13

100

93,46

74,92

2

 

5

Ақтау

№7 лицей

21

20

95,24

92,20

71,50

1

 

6




ОМИ

66

56

84,84

90,73

77,75

2

1

7

Түпкараған

№1 лмектеп-лицей

20

12

60,00

90,40

72,66

1

0

8

Мұнайлы

№3

5

4

80

86,25

69,5

0

0

9

Мұнайлы

№1

45

24

53,33

85,16

65,79

0

0

10

Ақтау

№13 гимназия

48

48

100,00

84,25

67,17

2

1



^ Облыстың білім беру ұйымдарындағы ақпараттандыру деңгейінің жай-күйі

Білім беру жүйесін компьютерлендіру

Орта білім беретін мектептерде мультимедиялық-лингафондық кабинеттерді қосқанда барлығы 5832 компьютерлік техникалар бар. Әртүрлі қаржы көздерінен облыстың 123 мектебі мультимедиялық-лингафондық кабинеттерді қоспағанда 3256 жаңа үлгідегі компьютерлермен жабдықталған, оның ішінде ауыл мектептерінде 1697 компьютер бар.

Орта білім беретін мектептердің соңғы бес жылдағы компьютерлермен жабдықталуы:

жылдар

2008 ж.

2009 ж.

2010 ж.

2011ж.

2012ж.

компьютерлер саны

жалпы

ауылда

жалпы

ауылда

жалпы

ауылда

жалпы

ауылда

жалпы

ауылда


3355


1752


3535


1908


3401


1789


3385


1804


3256


1697


Облыс мектептерінде барлығы 161 мультимедиялық-лингафондық кабинеттер бар: 2012 жылы 93 компьютерлік техника немесе 7 компьютерлік класс-комплектісі орнатылды. Бүгінгі таңда облыс бойынша 1 компьютерге 30 оқушыдан келеді, ал мультимедиялық-лингафондық кабинеттерді қоса есептегенде 1 компьютерге 16 оқушыдан келеді.

Мектептерді «Интернет» желісіне қосу

Қазіргі таңда 123 жалпы білім беретін мектептің барлығы да кең жолақты Интернет жүйесіне қосылған, қосылу 100 пайызды құрайды.Интернет желісіне қосылған 123 мектептің 123-де АDSL технологиясымен және мектептердің 27-сі Dial-up технологиясымен, 8-і спутниктік байланыс арқылы да қосымша жұмыс жасайды. Ауылдық жерде орналасқан 70 мектептің барлығы да кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген.

Білім беру бағдарламаларына сәйкес электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету

Облыс бойынша барлығы 6908 электрондық оқулық бар. Олар облыстың барлық мектептеріне таратылып, мектептерде пән сабақтарында пайдаланылады.

Оқытудың интерактивтік жүйесін құру, жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану арқылы оқу процесінің материалдық техникалық базасын жетілдіру мақсатында облыстың 123 мектебінің 116-да 291 интерактивтік тақталармен және құрылғылармен қамтылып, бұл 95 пайызды құрады.

Оқытудың интерактивтік жүйесін құру

Оқытудың интерактивтік жүйесін құру бағытында облыс мектептері интерактивтік тақталармен жабдықталуда. 2012 жылы жылы жергілікті бюджет есебінен 3 интерактивті тақта орнатылды. Сонымен, облыс мектептерінде барлығы 291 интерактивті тақта орнатылған, оның ішінде 155-і мультисервистік ақпараттық-коммуникациялық оқыту жүйесі құрылғылары.

Облыс бойынша 80 мектеп, (66 пайыз) он-лайн режиміндегі интерактивті сабақтарға қатысып отыр, қазіргі таңда қалған мектептердің интерактивті сабақтарға қатысуына жұмыстар жасалып жатыр.

2011-2012 оқу жылында облыстық 27 пәндік интерактивті сабақтар және 9 тәрбиелік интерактивті шаралар өткізілді, сондай ақ, мектептер 24 республикалық интерактивті сабақтар мен шараларға қатысты.

Білім беру ұйымдарына қажетті мамандар даярлау және оларды қайта даярлау курстарынан өткізу

Облыс мектептерінде 7 сыныптан бастап Информатика және есептеу техникасы негіздері пәні оқытылады.123 жалпы білім беретін күндізгі мектептерде 96117 оқушы оқиды, оларға 325 информатика пәні мұғалімдері дәріс береді. Информатика пәні мұғалімдерінің 250-і (77 пайыз) жоғары білімді, 69-ы (21 пайыз) арнаулы орта және 6-ы (2 пайыз) аяқталмаған жоғары білімді мұғалімдер. Облыс бойынша информатика пәні мұғалімдерінің 20-сы (6 пайыз) жоғары, 53-і (16 пайыз) І санатты, 91-і (28 пайыз) ІІ санатты мұғалімдер, сапа 22 пайыз.

Жыл сайын информатика пәні мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағытында жұмыстар жүргізіледі.

2011-2012 оқу жылында информатика пәні мұғалімдерінің 56-сы (17 пайыз) Республикалық педагог кадрлар біліктілігін арттыру институтында, 50-і (15 пайыз) Маңғыстау облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру институтында, 170-сі (52 пайыз) Маңғыстау облысының білім беруді ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығында біліктілік курстарынан өтті.

Сондай-ақ, 2012 жылы білім беруді ақпараттандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіншіліктерін білім сапасын арттыруда кеңінен пайдалану мақсатында Маңғыстау облысының білім беруді ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығында 49 курс ұйымдастырылып, оған 681 пән мұғалімдері, оның ішінде 170 информатика пәні мұғалімдері тартылды. Облыстықдеңгейде бірнеше семинарлар ұйымдастырылды.

Қазіргі таңдағы инновациялық жобаларды жүзеге асыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, жалпы білім беретін мектептерде, сондай-ақ бастауыш және орта кәсіптік білім беретін оқу орындарында оқушылардың білім сапасын арттыру мақсатында сонымен бірге, оқушылардың білім сапасын сырттай бақылау жасауға мүмкіндік беретін www.mektep.edu.kz интернет ресурсы 2012 жылы да «AWARD.kz ұлттық интернет жүлдесі» байқауында «Балалар тәрбиесі, білім және ғылым номинациясы бойынша жүлделі ІІ орынға ие болды.

www.mektep.edu.kz интернет ресурсы 2010-2011 оқу жылынан бастап Ақтау және Жаңаөзен қалаларының мектептеріне пилоттық жоба ретінде енгізілсе, 2011-2012 оқу жылынан бастап облыстың барлық мектептеріне енгізіліп, жұмыс жасап, биылғы 2012-2013 оқу жылында да өз жалғасын табуда.

Бұл ақпараттық орта мұғалімдер мен басқарушы және бақылаушы қызметкерлердің жұмысын жетілдеруге және жеңілдетуге септігін тигізеді. Мектеп пен жұртшылық, мектеп пен ата-ана арасындағы электрондық байланысты жүзеге асырады. Сонымен бірге, әрбір оқушыны өз бетімен білім алуға дағдыландырады.

«E-learning» электрондық оқыту жүйесіне енуі

Облыс бойынша «E-learning» электрондық оқыту жүйесі 2012 жылы енгізілетін 18 ұйымның 17-сі жалпы білім беретін мектептер. Облыста «ҰАТ» АҚ бірлесе отырып,білім беру ұйымдарына зерттеулер жүргізілді.ББЖ БКАРИ мен бірлесе отырып, «E-learning» жүйесіне енгізілетін білім ұйымдарының 2011 жылы 300, 2012 жылы 213 педагог мамандарға біліктілік арттыру курстары ұйымдастырылды. Оның ішінде, 17 мектептен 17 мектеп директоры, 37 мектеп директорының орынбасарлары, 18 жүйелік қызметті үйлестіруші 244 мұғалім курстан өтіп, «E-learning» электрондық оқыту жүйесін мектептерге енгізу жұмыстары жүргізілуде.

Мектептердің веб-сайттарының іске қосылуы

2008 жылдан бері Маңғыстау облысының білім басқармасының www.mangystau.edu.kz ақпараттық сайты жұмыс жасайды. Қазіргі таңда жаңғыртылып, толықтырулар жүргізілген. Облыс бойынша 123 мектептің 74-інде (61 пайыз) жеке веб сайттары ашылған.

^ Тамақтандыруды ұйымдастыру, оқушыларды тасымалдау

Облыстың 123 мектебінің 114-де ыстық тамақ ұйымдастырылған, онда – 62 671 (65,8%) қамтылған. (2011ж -53658 (58%))

Бастауыш сыныпта оқитын оқушы саны- 42522, оның 15 591 (36,7%) тегін ыстық тамақпен қамтылған, (2011ж – 13576, 34%).

20 734 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, 33%. 85796 - оқушы аз қамтылған отбасыларынан шыққан, олардың 100% тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

Жергілікті бюджеттен ыстық тамақты ұйымдастыруға 2012 жылы 466,227 мың теңге, 2011 жылы 391,640 мың теңге бөлінген.

Әлеуметтік қорғалмаған оқушыларға және аз қамтылған отбасылардың оқушыларына көмек көрсету үшін жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы жылы ұстауға қарастырылған шығыстар облыс бойынша 3 % құрайды.

Облыста 13 мектебі жоқ елді мекендерден мен саяжайдан 73 автобуспен 9317 оқушы күнделікті тасымалданады. Мектептерде тасымалға байланысты оқушыларды автобусқа мінгізіп, белгілен тұрақтан күтіп алу кестелері жасақталып, оған жауапты кезекші мұғалімдер бекітілген.

^ Білім беру ұйымдарын оқу әдебиеттерімен қамту жағдайы туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 қаңтардағы № 12 бұйрығымен 2012-2013 оқу жылында қолдануға рұқсат еткен оқулықтар тізбесі бекітілді.

Маңғыстау облысы бойынша ^ 2012-2013 оқу жылында оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерін сатып алуға облыстық бюджеттен 304738,0 тенге қаржы бөлініп, облыс мектептеріне қажетті оқулықтар сатып алынды.

Бөлінген қаржыға, бірінші кезекте қайта басылып шығатын 1,7,8 сынып оқулықтарына 100% көлемінде, сондай-ақ, облыс мектептеріндегі оқушы санының тұрақты артып отыруына байланысты, қалған сыныптарға жетіспейтін оқулықтар 20% көлемінде мүмкіндігінше тапсырыс берілді.

Облыстағы барлық аудандық, қалалық білім бөлімдері «Атамұра», «Мектеп», «Алматыкітап», «Білім», «Жазушы», «Келешек-2030», «Бөбек», «Арман-ПВ», т.б.баспаларымен 2012 жылдың сәуір-мамыр айларында шартқа толық отырды.

Барлық аудан, қалаларға оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендері 2012 жылдың 25 тамызында 100 % жеткізілді.

Жаңаөзен қаласы, Бейнеу, Мұнайлы аудандарында оралман отбасыларының көбеюіне байланысты, оқулықпен барлық сынып оқушыларын 100% қамту қиындықтар туғызуда. Алайда, негізгі пән оқулықтарымен толық 100% қамту бойынша жұмыстар атқарылды. (мектептер арасында оқулықтар алмасу, т.б.).

Білім басқармасы тарапынан аталған қала, аудан әкімдеріне алдағы бюджетті нақтылау кезінде оқулықтарға қосымша қаражат қарастыру жөнінде хаттар жіберілді.

Бүгінгі таңда облыс мектептерінде оқу әдебиеттерімен барлық оқушы қамтылды.


^ Педагог имиджін көтеру туралы

Педагог мәртебесін көтеру мақсатында 2012 жылдан бастап педагогтардың біліктілігін арттыру жаңа форматтағы 3 деңгейлі оқулардан облыстың 247 мұғалімі өтті. II деңгей бойынша - 15 мұғалім Алматы қаласында КБАРИ-да , III деңгей – 32 мұғалім, Астана қаласы НЗМ Педагогикалық шеберлік орталығында, III деңгей – 200 мұғалім, ҚР БжҒМ Маңғыстау облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында мемлекеттік тапсырыс бойынша дайындық курсынан 1134 мұғалім өтті.

2012 жылы мамыр «Үздік педагог» байқауы ұйымдастырылып,І орынды Түпқараған ауданы, №1 мектеп-лицейінің физика пәні мұғалімі Жауперова Шырынгүл Бакыевна, ІІ орын – Түпқараған ауданы, Ж. Мыңбаев атындағы мектептің қазақ тілі мұғалімі Төлеуова Анар Қаражігітқызы жеңіп алды. Аталған жеңімпаздар республикалық «Үздік педагог» сайысына қатысып,мемлекет тарапынан 1млн 618 мың теңге грантты иеленді. ІІІ орынды Ақтау қаласы №21 орта мектептің физика пәні мұғалімі Сатанбаева Ақтөре Қайысбайқызы алды.

2012 жыл желтоқсанда ұйымдастырылған «Жыл әдіскері» байқауында бас жүлдені Бейнеу ауданы, Бейнеу лицейінің әдіскері Сабырбаева Шынаргүл Бақытқызы,І орын – Жаңаөзен мектеп-гимназиясының әдіскері Есмағамбетова Света Аяпбергеновна,ІІ орын – Ақтау қаласы №21 орта мектептің әдіскері Қорабайқызы Гүлзада,ІІІ орын – Түпқараған ауданы

С. Шапағатов селосы №1 мектеп-лицейінің әдіскері Ізмағанбет Амангүл Әбуханқызы иеленді.

2012 жыл желтоқсан «Үздік білім беру ұйымы» сайысында І орынды Ақтау қаласы №11 мамандандырылған физика-математикалық мектеп, ІІ орынды Түпқараған ауданы №1 мектеп-лицейі, ІІІ орынды Бейнеу ауданы, Бейнеу лицейі жеңіп алды.

«Үздік ұйымдастырушы» байқауында І орын – Түпқараған ауданы №1 мектеп-лицейінің ұйымдастырушысы Жүсіпова Асия, республикалық сайыста «Диалог» номинациясын иеленді.

ІІ орын –Ақтау қаласы №21 мектеп Қаржаубаева Гүлфайрус, республикалық сайыста «Корермен көзайымы» номинациясын иеленді.

«Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының ұйымдастырған «Үздік психолог» сайысында «Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп – интернаты» психологы Маскарова Тілектес III орын иеленді.

2012 жылдың желтоқсан айының 4-6 жұлдызында «Білім ұясы: «Ең үздік шағын орталық -2012», «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым - 2012», «Ең үздік мектепке дейінгі ұйым педагогы – 2012» облыстық байқауы ұйымдастырылып өткізілді. «Білім ұясы: Ең үздік мектепке дейінгі ұйым-2012» номинациясы бойынша бас жүлде - Ақтау қаласы № 60 «Ер Төстік» балабақшасы, директоры Қ. Бөкебаева,І орын-Жаңаөзен қаласы № 4 «Самал» балабақшасы, директоры А. Ожақаева,ІІ орын -Түпқараған ауданы «Айгүл» балабақшасы, директоры А. Ізтұрғанова,ІІІ орын- Бейнеу ауданы «Балауса» балабақшасы, директоры З. Әзірханова,Ынталандыруды Маңғыстау ауданы «Айдын» балабақшасы, директоры Г. Бесбаева жеңіп алды.«Білім ұясы: Ең үздік мектепке дейінгі шағын орталық-2012» номинациясы бойынша І орын- Мұнайлы ауданы Маңғыстау селосы № 1 жалпы білім беру орта мектебі жанындағы «Айгөлек» шағын орталығы, директоры Г. Қонысбаева,ІІ орын- Ақтау қаласы № 8 жалпы білім беру орта мектебі жанындағы «Қызғалдақ» шағын орталығы, директоры Ж. Ізтұрғанова,ІІІ орын- Маңғыстау ауданы Бекі ауылы, Бекі бастауыш мектебі жанындағы «Қарлығаш» шағын орталығы, директоры Ш. Бердібеков алды.«Білім ұясы: Ең үздік мектепке дейінгі ұйым педагогы -2012» номинациясы бойынша бас жүлде - Бейнеу ауданы «Бөбек» балабақшасының ағылшын тілі пәні мұғалімі Гаухар Шақпаққызы Тастемірова,І орын- Ақтау қаласы № 46 «Ручеек» балабақшасының тәрбиешісі Рузалия Ризабековна Таимова, ІІ орын- Мұнайлы ауданы Дәулет ауылы № 4 орта мектеп жанындағы «Құлыншақ» шағын орталығының тәрбиешісі Зоя Тоқсанбайқызы Отарова,ІІІ орын- Түпқараған ауданы «Ақбота» балабақшасының тәрбиешісі Ұлмекен Мұратбайқызы Ақжігітова,ынталандыруды Маңғыстау ауданы Шетпе кенті «Балбөбек» балабақшасының тәрбиешісі Айтуарова Бақтыгүл Қайырмағанбетқызы жеңіп алды.

Ағымдағы жылдың қазан айында «Мұғалімдер күні» мерекесіне арналған облыс көлемінде салтанатты шара өтті. Облыс әкімі 7 номинация бойынша үздік педагог қызметкерлерді Құрмет грамотасымен марапаттап, ноутбуктер сыйланды. Ағымдағы жылы 2 мұғалім Қазақстан Республикасының «Мұғалімдер Даңқ кітабына» енді. Олар: Қазиева Ж.Е.- Түрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп интернатының жоғары санатты математика пәні мұғалімі, Ахметова А.С. – Ақтау қаласының №13 мектеп-гимназиясының директоры.

Ағымдағы жылдың тамыз кеңесі «^ Білім беру жүйесін жаңғырту – адами капиталдың сапалы өсуінің басты бағыты» тақырыбында өтті. Облыста білім саласының дамуына қосқан үлесі мен жұмыс нәтижелері, жетістіктері бойынша білім беру ұйымдары әртүрлі номинациялармен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Оның ішінде «Үздік олимпиадалық команда» номинациясымен Облыстық қазақ-түрік лицейі ұжымы, «Дарынды бастау-2012» номинациясымен – Ақтау қаласының №11 мамандандырылған физика-математикалық мектебі, «Ілгері қадам» номинациясымен Қарақия ауданы №5 орта мектебі, «Жылы жүрек, жомарт қол-2012» - номинациясымен Жаңаөзен облыстық балалар үйі, мектепке «Жаңашылдық - 2012», «Асыл ұя-2012» номинацияларымен Ақшұқыр селосы «Жауқазын» балабақшасы және №1 арнайы түзету мектеп-балабақшасы, «Өрлеу» номинациясымен Мұнайлы ауданы Қызылтобе мектеп - лицейі ұжымы марапатталды.

Облыс бойынша қоғамда педагогтың оң имиджін қалыптастыру мақсатында білім беруді ақпараттандыру оқу-әдістемелік орталығының базасында да жыл сайын жүйелі түрде байқаулар мен сайыстар өткізіліп келеді. 2012 жылға арналған іс-қимыл жоспары бойынша сәуірде «Үздік информатика кабинеті -2012» информатика пәні мұғалімдеріне арналған сырттай байқау (қатысушылар саны 14) ұйымдастырылды. 22-23 қарашада «Алтын диск» мұғалімдер арасында (қатысушылар саны-13) сайыс өткізілді. Облыстық сайыстар нәтижесінде мұғалімдердің пәнге қызығушылығы артып, информатика пәні оқытушыларының кәсіби шеберлігі шыңдалып, шығармашылық жұмыстары да жүйеленіп келе жатқанын көруге болады.

^ Техникалық және кәсіптік білім беру

2012-2013 оқу жылында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары 25 мекемені құрады, соның ішінде 15 мемлекеттік және 10 мемлекеттік емес білім беру ұйымдары.

2012-2013 оқу жылында жергілікті бюджет есебінен кәсіптік лицейлерге 825, колледждерге – 2420, барлығы – 3245 оқушы қабылданды (2011ж – 850 кәсіптік лицейге, 2045 колледждерге, барлығы – 22895). Республикалық бюджет есебінен 182, соның ішінде «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша – 132 оқушы қабылданды (2011ж. – 725). 2012-2013 оқу жылының басында оқушылардың саны 27092 адамды құрайды. (2011-2012 оқу жылы – 27841).

Маңғыстау облысының 2012 жылғы 3 тамыздағы №191 «Білім саласындағы кейбір мемлекеттік кәсіпорындарды қайта атау туралы» қаулысымен кәсіптік лицейлер колледжге ауыстырылды.

2011-2012 жылғы бітірушілердің 61% - жұмысқа орналасты (2010 ж.- 67,7%), оның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша оқығандар 59,6% (2010 ж.-47,1%). 2011-2012 оқу жылында бітірушілерді жұмысқа орналастыру (жұмысқа орналасқандар, оқуын жалғастырғандар, армия қатарына шақырылғандар, бала күтіміндегілер) 79%-ды құрады (2011ж.- 90,7%).

2011-2012 жылы 22 маусымда «Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұхбаты» атты III облыстық Форумы өткізілді. Форум барысында ЖШС «МАЭК-Казатомпром» мен Маңғыстау энергетикалық колледжі, ЖШС «КазАзот» пен Маңғыстау энергетикалық колледжі, «Ақтау Ренессанс» қонақүйі мен Маңғыстау туризм колледжі, ЖШС «Бұрғылау» мен Жаңаөзен мұнай және газ колледжі, Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ Маңғыстау сигнализация және байланыс депосы» филиалы мен М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақтау көлік колледжі, ЖШС «Мұнай қондырғыларын жөндеу зауыты» мен Маңғыстау политехникалық колледжі, АҚ «ҰК «Қазақстан темір жолы» «Маңғыстау жолдар бөлімі» филиалы мен Жаңаөзен политехникалық колледжі келісім шартқа отырды. Сонымен қатар, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары 504 кәсіпорындармен келісім шартқа отырды.

2012 жылы барлығы 5326 оқушы бітірді, оның ішінде бюджет есебінен 2821 адам (2011ж.- 4924, оның ішінде бюджет есебінен 2027).


^ Мектептен тыс білім беру жұмысы

Облыста мектептен тыс ұйымдарда балалардың жеке басының дамуына, денсаулығын нығайтуға, кәсіптік бағдарын айқындауына, шығармашылық еңбегіне, өздерінің қабілеттерін іске асыруына қажетті жағдайларды қамтамасыз ету және балаларды қоғам өміріне бейімдеу, олардың бос уақытын мазмұнды етіп ұйымдастыруда өскелең ұрпақтың сана-сезімін, жалпы мәдениетін,салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 14 мектептен тыс ұйым, 470 үйірме жұмыс жасайды. Оған 19950 оқушы тартылып отыр. Қосымша білім беру ұйымының 4 ауылдық жерде орналасқан. ондағы 98 үйірмеге 3364 оқушы қатысады.

^ Мектептен тыс ұйымдардың желісі:

- саз мектебі - 350 оқушы (Жаңаөзен қаласында).

-8 өнер мектебі - 5362 оқушы (4 қалада, 4 ауылда).

- Оқушылар шығармашылық үйі - 4094 оқушы (Жаңаөзен қаласында).

- Оқушылар орталығы - 7463 оқушы (Ақтау қаласында).

-Мектептен тыс жұмыстардың облыстық кешені - 950 оқушы.

- Облыстық «Дарын» қосымша білім орталығы - 1344 оқушы.

-Түпқараған аудандық «Дарын» қосымша білім орталығы - 387 оқушы.

Облыстағы мектептен тыс ұйымдарда 543 мұғалім қызмет етеді, оның ішінде 256 – жоғарғы білімді. Облыс бойынша 39 аула клубы бар, онда 10575 бала қамтылған.

Аула клубтары «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33 бабының 8 тармақшасына сәйкес, балалар мен жасөспірімдердің тұрғылықты жерде бос уақытын тиімді пайдаланып, олардың техникалық және көркемдік шығармашылықпен, туризммен, спортпен және көркемөнерпаздықпен айналысуын қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандардың арасында қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында жұмыс жасайды.

^ Оқушыларды жазғы сауықтыру және еңбекпен қамту туралы

Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы мен сауықтырылуына 36557 бала (2011ж - 34546 оқушы), немесе 1-10 сынып оқушыларының 41,2%, (2011 жылы -40,4%) қамтылды.

Қала/ауыл сыртындағы 9 лагерьде 8177 бала демалды (2011ж 8-7752).

Алыс - жақын шетел мемлекеттерінде 16426 оқушы (2011ж -9533) оқушы демалды.

Мектеп жанынан 8298 баланы қамтитын 51 лагерь (2011ж. - 40 лагерь, 8131 бала), 25 кәсіптік лагерьлер ұйымдастырылды (2011ж- 20).

Әлеуметтік қолдауға мұқтаж 6755 бала лагерьмен (2011ж-7541) қамтылып, оларға облыстық және жергілікті бюджеттерден 177 млн 727 мың теңге (2011ж -164 млн 029 мың теңге) қаражат бөлінді.

Еңбекпен қамту жұмысына 5237 оқушы, немесе 5,6% тартылды (2011ж-1394 оқушы, 1,6%).

2011 жылы жазғы демалыс және еңбекпен 82058 оқушы қамтылса (95,6%), 2012 жылы 82924 оқушы немесе жалпы оқушының 93 пайызы қамтылып отыр.

^ Арнайы білім беру туралы

Облыста 5 арнайы түзеу ұйымдары бар және оларда 420 мектеп жасындағы бала тәрбиеленуде.

Ақтау мен Жаңаөзен қаласында психологиялық медициналық педагогикалық консультациясы, 104 мүмкіндігі шектеулі балаларға Маңғыстау мен Бейнеу ауданында психологиялық медициналық педагогикалық кабинеттері жұмыс жасайды. Облыстың 16 жалпы білім беретін мектептерінде 24 арнайы (түзеу) сыныптары ашылған.

Облыста 474 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала бар. Олардың 178 тұрғын үймен қамтылған, 296-ы үй алу кезегіне қойылған. Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар облыста 3 жерде:

  • Ақтау қаласындағы Облыстық балалар үйінде 78 бала,

  • Ақтау қаласында Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылында 57 бала,

  • Ақтау қаласында Облыстық балалар баспанасында 11 бала тәрбиеленуде.

Жоғарыда айтылған ұйымдарда балалар 18 жасқа дейін тәрбиеленеді. 18 жастан кейін облыстағы кәсіптік білім беру ұйымдарында оқуларын жалғастырады. Оларға жатақханалар беріледі, облыстық балалар үйіне қарасты үйлерге орналасады (Ақтау қаласында 26 ш/а31 үй 5 бөлмелік 131 квартира, 30 ш/а 168 үйдің 2 бөлмелік 39 квартира, 29 ш/а 6 үйден 3 бөлмелік 9 квартира, Жаңаөзен қаласында «Өркен» ш/а, 3 бөлмелік үй).

16-23 жас аралығындағы облыстық балалар үйі мен балалар ауылында тәрбиеленушілер үшін 2013 жылы Ақтау қаласынан «Жасөспірімдер үйін» ашу мәселесі шешімін табатын болады.



Қаржыландыру, материалдық техникалық жабдықтау

2012 жылы облыстың білім саласының мемлекеттік бюджет есебінен шығыны 2011 жылмен (30,6 млрд.тенге) салыстырғанда 14%-ға өсіп, барлығы 34,8 млрд.тенгені құрады.

Республикалық бюджет есебінен облыстың жалпы орта білім беру ұйымдары 25 химия кабинеттерімен жабдықталды.

Облыстың 17 білім нысанында 2 034 600 мың теңгеге, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.


II. Білім саласын жақсартуда 2013 жылға арналған негізгі міндеттер:

1. 2013 жылы мектепке дейінгі мекемелер санын көбейту, 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту шараларын жалғастыру.

2. Мектеп жасындағы балалардың мектепке толық қамтылуын қамтамасыз ету.

3. Білім саласының басты мақсаты барлық білім деңгейінде білім берудің сапасын арттыру.

4. Жетім және ата- анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім ұйымдарындағы балалардың құқықтарын әлеуметтік қорғау, еңбекке орналастыру және тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізу, Ақтау қаласында «Жасөспірімдер үйін» ашу

5. Кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының мамандар даярлау сапасын арттыру, облыстың еңбек нарығының сұранысына сәйкес мамандар даярлау, оқу орындарының оқу-материалдық базасын нығайту, оған әлеуметтік серіктестер әлеуетін пайдалану, кәсіптік оқу орындарының желісін көбейту.

6. Оқушылардың «Жас Ұлан» облыстық ұйымын құру

7. 2013 жылы аудан қалаларда аула клубтарының санын көбейту.

8. Мынадай жұмыстарды жалғастыру:

8.1. Үш ауысымды оқуды жою мақсатында мектептер құрылысын салу;

8.2. Инновациялық педагогикалық технологияларды кең түрде пайдалану;

8.3. Дарынды балаларға қолдау көрсету мақсатында «Дарын» қосымша білім орталығының базасында оқушылардың дайындық жұмыстарын жүргізуді жалғастыру;

8.4. Оқушыларды мәдени, рухани – адамгершілік құндылықтарды сақтау және көбейту жұмыстарына баулуды күшейту, білім мекемелерінде азаматтық-патриоттық сезімді қалыптастыру жұмыстарын жетілдіру;

8.5. Облыстағы білім саласындағы жетістіктерді ынталандыру;

8.6. Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспарланған шараларды жүзеге асыру;

8.7. «Жол картасы» аясында мамандықтар бағытынша азаматтарды даярлау және қайта даярлау;

8.8. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына жағдайлар туғызу;

8.9. Облыс мектептерінде инклюзивтік білім беру ісін жолға қою;

8.10.«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ –ның базалық мектептерінің материалдық базасын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүзеге асыру;

8.11. 12 жылдық білім беруге көшуге дайындық жұмыстарын жүргізу;

8.12. Білім беру ұйымдарындағы эксперимент алаңдарының талдау-сараптау жұмыстарын жандандыру;

8.13. Дарындылықты ерте бастан анықтау, жан-жақты дамыту жұмыстарын жандандыру;

8.14. Мұғалім мәртебесін көтеру бағытында жұмыстарды жалғастыру.


ІІ. Аудандар мен қалалар әкімдерімен өткізетін кеңеске ұсынылатын мәселелер



Іс –шаралар атауы

Орындалу мерзімі

Жауаптылар

1.1.

  • Облыстағы мектеп бітірушілерді ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге дайындық туралы

сәуір

Д.Жұмашева


1.2.

  • Жазғы кезеңде жасөспірімдер мен балалардың демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру туралы

мамыр

Д.Жұмашева






  • Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамту

маусым

Д.Жұмашева



  1   2   3



Похожие:

МАҢҒыстау облысы білім басқармасының 2013 жылға арналған іс-қимылжоспа ры iconҚостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының 2013 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресінің ведомстволық жоспарын іске асыру туралы
Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 21 желтоқсандағы №1390 қаулысын орындау, Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының...
МАҢҒыстау облысы білім басқармасының 2013 жылға арналған іс-қимылжоспа ры iconКелісілді Маңғыстау облысы әкімдігінің Қазақстан Республикасы «24» желтоқсан 2010 жылғы
Маңғыстау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған
МАҢҒыстау облысы білім басқармасының 2013 жылға арналған іс-қимылжоспа ры icon2013 жылға арналған Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының
Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Мемлекеттік мұрағаты» кмм директоры
МАҢҒыстау облысы білім басқармасының 2013 жылға арналған іс-қимылжоспа ры icon2014-2016 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
Маңғыстау облысы Түпқараған аудандық мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы №17/119 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде...
МАҢҒыстау облысы білім басқармасының 2013 жылға арналған іс-қимылжоспа ры iconОңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының 2010-2014 жылдарға стратегиялық жоспары
Оңтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының миссиясы – еліміздің болашақ интеллектуалды потенциалы ретінде өсіп келе жатқан жас...
МАҢҒыстау облысы білім басқармасының 2013 жылға арналған іс-қимылжоспа ры iconАтырау облысы Білім беру басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған Стратегиялық даму жоспары Атырау қаласы Мазмұны
...
МАҢҒыстау облысы білім басқармасының 2013 жылға арналған іс-қимылжоспа ры iconШығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылға арналған ЖҰмыс жоспары
Серікқазы Биғазыұлы Оразалиев- шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының бастығы
МАҢҒыстау облысы білім басқармасының 2013 жылға арналған іс-қимылжоспа ры iconОблыстық мәслихаттың бюджет, экономикалық реформалар және өңірлік даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2013 жылға арналған жұмыс жоспары
Серікқазы Биғазыұлы Оразалиев Шығыс Қазақстан облысы қаржы басқармасының бастығы
МАҢҒыстау облысы білім басқармасының 2013 жылға арналған іс-қимылжоспа ры iconБатыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
...
МАҢҒыстау облысы білім басқармасының 2013 жылға арналған іс-қимылжоспа ры iconПресс-релиз Павлодар облысы білім басқармасының жұмыс жоспары негізінде Білім беруді және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығының ұйымдастыруымен мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін шыңдау,
«Жыл мұғалімі-2013» облыстық конкурсы өтеді. Конкурска жалпы орта білім беру мектептерінің мұғалімдері қатысады.Әділ қазылар алқасы...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы