|
^
^
«Тұрақты жер пайдалану құқығына актiлер ресімдеу және беру» мемлекеттiк қызмет регламентіне 4-қосымша Әкiмшiлiк iс-қимылдардың қисынды сабақтастығы арасындағы өзара байланысты көрсететін схема (сызбаны қағаз нұсқасынан қарағыңыз) Маңғыстау облысы әкiмдiгiнiң 2012 жылғы 07 маусымда № 132 қаулысымен бекiтiлген «Уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiлер ресімдеу және беру» мемлекеттiк қызмет регламентi 1. Негiзгi ұғымдар 1. Осы «Уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiлер ресімдеу және беру» мемлекеттiк қызмет регламентiнде (бұдан әрi – Регламент) мынадай келесі ұғымдар пайдаланылады: 1) тұтынушы – жеке немесе заңды тұлға; 2) уәкiлеттi орган – жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшесi; 3) мамандандырылған кәсіпорын – Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми – өндірістік орталығы» республикалык мемлекеттік кәсіпорнының шаруашылық жүргізу құқығындағы Маңғыстау еншілес мемлекеттік кәсіпорны және оның филиалдары. ^ 2. Осы Регламент «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi. 3. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: автоматтандырылмаған. 4. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексiнiң 35, 37 және 43-баптарының негiзiнде жүзеге асырылады. 5. Регламенттің құқықтық реттеу мәні «Мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 561 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 102 қаулысымен бекітілген «Уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiлер ресiмдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандартын (бұдан әрi – Стандарт) сақтауды қамтамасыз етуге талаптарды белгілеу болып табылады. 6. Мемлекеттiк қызметтi уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына акті дайындайтын, осы Регламенттің 2 – қосымшасында көрсетілген мамандандырылған кәсіпорындардың қатысуымен, осы Регламенттің 1 – қосымшасында көрсетілген уәкілетті органдар, жер учаскесінің орналасқан жері бойынша баламалы негізде тiзбесi Стандартта көрсетілген халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталық) арқылы көрсетеді. 7. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi қағаз тасылмалдағыштағы уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына акті (бұдан әрi – акт) немесе уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актінің телнұсқасын (бұдан әрi – акт телнұсқасы) немесе қызмет көрсетуден бас тарту себебі жазбаша көрсетілген ол туралы уәжделген жауап беру болып табылады. ^ 8. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелері жөніндегі, мемлекеттік қызметті көрсету барысы туралы ақпаратты, осы Регламенттiң 1–қосымшасында, мекен – жайы мен жұмыс кестесі көрсетілген уәкілетті органнан, сонымен қатар Стандартта мекен – жайы мен жұмыс кестесі көрсетілген Орталықтан алуға болады. 9. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi: 1) тұтынушы осы Стандарттың 11 – тармағында айқындалған қажеттi құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi 6 жұмыс күнiн құрайды, жер учаскесiне уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына арналған актiнiң телнұсқасын берген кезде – 4 жұмыс күні; 2) құжаттарды тапсыру және алу кезiнде кезекте күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды; 3) құжаттарды тапсыру және алу кезiнде қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты 30 минуттан аспайды. 10. Мемлекеттiк қызмет ақылы негiзде көрсетiледi, уәкiлеттi органға немесе Орталыққа уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiнi дайындағаны үшiн қызмет ақысын төлегенi туралы құжатты (түбiртектi) бередi. Актiнi дайындау үшiн ақы төлеу қолма – қол немесе қолма-қол емес тәсiлмен екiншi деңгейдегi банктер арқылы мамандандырылған кәсiпорынның есеп шотына не мамандандырылған кәсiпорын ғимаратының кассасында жүргiзiледi, олар төлемнiң мөлшерi мен уақытын растайтын төлем құжатын бередi. 11. Тұтынушының Стандарттың 11 – тармағында көрсетiлген тиiстi құжаттарды ұсынбауы уәкiлеттi органның мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тартуы үшiн негiз болып табылады. 12. Мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтату үшiн: 1) аталған жер учаскесi бойынша сот шешiмдерiнiң болуы немесе сот қарауы жүрiп жатқаны туралы хабарламаның болуы; 2) заңнама нормаларының бұзылуы жойылғанға дейiн прокурорлық қадағалау актiсiнiң болуы; 3) бiр учаскеге құқықты ресiмдеуге қатысты бiрнеше өтiнiштiң болуы немесе құқықты ресiмдеу үдерісiнде осы жер учаскесiнiң басқа да пайдаланушылары анықталуы негiз болып табылады. 13. Тұтынушыдан мемлекеттiк қызмет көрсетудi алу үшiн өтiнiш алған сәттен бастап және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн берген сәтке дейiнгi мемлекеттiк қызмет көрсету кезеңдерi: 1) Тұтынушы Орталыққа немесе уәкiлеттi органға актiнi (акт телнұсқасын) беру туралы өтiнiш береді; 2) Орталықтың инспекторы өтiнiштi тiркеудi жүргізеді, ал жинақтаушы бөлiмiнiң инспекторы құжаттарды уәкiлеттi органға береді. Орталықтан құжаттар пакетін жөнелту фактісі мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құжаттар қозғалысын қадағалауға мүмкіндік беретін Штрихкод сканерінің көмегімен белгіленеді. 3) уәкілетті органның кеңсе қызметкері алынған құжаттарды Орталықтың ақпараттық жүйесінде (уәкілетті органда өзіндік ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда) белгілейді, тіркеуді жүргізеді және басшылықтың қарауына береді; 4) уәкілетті органның басшысы келіп түскен құжаттармен танысуды жүзеге асырады және уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесінің бастығына береді; 5) құрылымдық бөлiмшенің бастығы уәкілетті органның жауапты орындаушысын белгілейді; 6) уәкiлеттi органның құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы келіп түскен құжаттарды қарайды, уәжделген бас тарту немесе мемлекеттiк қызмет көрсетудi тоқтату туралы жазбаша хабарлама дайындайды немесе құжаттарды мамандандырылған кәсіпорынның кеңсесіне жолдайды; 7) мамандандырылған кәсіпорынның кеңсе қызметкері құжаттарды мамандандырылған кәсіпорынның басшылығына береді; 8) мамандандырылған кәсіпорынның басшысы келіп түскен құжаттармен танысуды жүзеге асырады және мамандандырылған кәсіпорынның қабылдап алу және тапсыру тобына береді; 9) мамандандырылған кәсіпорынның қабылдап алу және тапсыру тобы құжаттарды мамандандырылған кәсіпорынның өндiрiстiк бөлiмшесiне жолдайды; 10) мамандандырылған кәсіпорынның өндiрiстiк бөлiмшесi актiнi (актінің телнұсқасын) ресімдейді және мамандандырылған кәсіпорынның қабылдап алу және тапсыру тобына жолдайды; 11) мамандандырылған кәсіпорынның өндірістік бөлімшесі қол қоюға басшылыққа жолдайды; 12) мамандандырылған кәсіпорынның басшылығы мемлекеттік актіге қол қояды және қол қоюға уәкілетті органың басшылығына береді; 13) уәкілетті органның кеңсе қызметкері актiнi немесе актінің телнұсқасын Орталыққа береді, бұл ретте Орталықтың ақпараттық жүйесінде белгілейді (уәкілетті органда өзіндік ақпараттық жүйесі болмаған жағдайда) немесе уәкілетті органға өтініш жасаған жағдайда тұтынушыға береді. Уәкілетті органнан мемлекеттін қызметтің дайын нәтижесін қабылдау кезінде Орталық келіп түскен құжаттарды Штрихкод сканерінің көмегімен белгілейді. 14) Орталықтың инспекторы тұтынушыға актiнi немесе актінің телнұсқасын, немесе жазбаша түрде бас тарту себебі көрсетілген қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауапты береді. 14. Орталықта және уәкiлеттi органда мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын адамдардың ең аз саны бiр қызметкер құрайды. ^ 15. Актiнi немесе актінің телнұсқасын беру үшiн уәкілетті органға немесе Орталыққа Стандарттың 11 - тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсыну қажет. 16. Тұтынушы Орталыққа немесе уәкiлеттi органға құжаттарды тапсырғаннан кейiн тиiстi құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат береді, онда: сұраудың нөмiрi және қабылданған күнi; сұрау салынған мемлекеттiк қызмет түрi; қоса берiлген құжаттардың саны мен атаулары; құжаттарды беру күнi, уақыты мен орны; мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн өтiнiш қабылдаған Орталық инспекторының не уәкiлеттi орган қызметкерiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты мен лауазымы көрсетiледі. 17. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiнде мынадай құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi – ҚФБ) тартылады: 1) Орталықтың инспекторы; 2) Орталықтың жинақтаушы бөлiмiнiң инспекторы; 3) уәкiлеттi орган кеңсесiнің қызметкері; 4) уәкiлеттi органның басшылығы; 5) құрылымдық бөлiмшенiң бастығы; 6) уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы; 7) мамандандырылған кәсіпорын кеңсесiнің қызметкері; 8) мамандандырылған кәсіпорынның басшылығы; 9) мамандандырылған кәсіпорынның қабылдап алу және тапсыру тобы; 10) мамандандырылған кәсіпорынның өндiрiстiк бөлiмшесi. 18. Әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк iс-қимылдардың (рәсiмдердiң) орындалу мерзiмiн көрсеткен әкiмшiлiк iс-қимылдары (рәсiмдер) дәйектiлiгiнiң сипаттамасы және өзара iс-қимылының мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттiң 3-қосымшасында келтiрiлген. 19. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсiндегi әкiмшiлiк iс-қимылдардың қисынды сабақтастығы мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін схема осы Регламенттiң 4-қосымшасында келтiрiлген. ^ 20. Мемлекеттiк қызмет көрсетуге жауапты адамдар уәкiлеттi органның басшысы және Орталықтың басшысы (бұдан әрi – лауазымды адамдар) болып табылады. Лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес белгiленген мерзiмде мемлекеттiк қызмет көрсетудiң іске асырылуына жауапкершiлiк артады. «Уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiлер ресімдеу және беру» мемлекеттiк қызмет регламентiне 1-қосымша ^
«Уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiлер ресімдеу және беру» мемлекеттiк қызмет регламентiне 2-қосымша ^
^ «МаңғыстаужерҒӨО» ЕМК – Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің «Жер ресурстары және жерге орналастыру мемлекеттік ғылыми - өндірістік орталығы» республикалык мемлекеттік кәсіпорын шаруашылық жүргізу құқығындағы Маңғыстау еншілес мемлекеттік кәсіпорны «Уақытша өтеулi (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiлер ресімдеу және беру» мемлекеттiк қызмет регламентiне 3-қосымша Әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) дәйектілігінің және өзара іс-қимылының сипаттамасы 1-кесте. ҚФБ іс-қимылдарының сипаттамасы
|
![]() | Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 тамыздағы №1099 «Туризм саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысына... | ![]() | Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін... |
![]() | Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулысы Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы Туризм, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы | ![]() | 2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын... |
![]() | 2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын... | ![]() | 2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын... |
![]() | 2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын... | ![]() | 2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын... |
![]() | 2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын... | ![]() | 2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын... |
![]() | 2013 жылғы 28 қаңтарда 2851 нөмірімен енгізілді Мемлекеттік қызметтердің регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңы 27-бабының 2-тармағына, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қолдау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын... |