\" Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы\" мемлекеттiк мекемесiнiң ережесi icon

" Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң ережесi



Название" Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттiк мекемесiнiң ережесi
Дата конвертации28.05.2013
Размер113.66 Kb.
ТипДокументы
источник



Маңғыстау облысы әкiмдігінің

«13» ақпан 2009 жылғы

№ 401 қаулысына

Қосымша


" Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және

табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"

мемлекеттiк мекемесiнiң ережесi


  1. Жалпы ережелер


1. Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (одан әрi- Басқарма) Қазақстан Республикасының заңнамамен белгіленген тәртіппен құрылатын, мемлекеттiк басқару функцияларын орындауға уәкiлеттiк берiлген мемлекеттiк мекеме болып табылады.

2. Басқарма өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Үкiметiнiң актiлерiне, облыс әкiмдігінің қаулыларына, облыс әкiмнiң шешiмдерi мен өкiмдерiне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Басқарма заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабаны, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес банктерде шоттары болады.

Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кiрiседi.

Басқарманың, егер оған заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.

4. Басқарма өз құзыретiндегi мәселелер бойынша заңнамамен белгiленген тәртiппен Маңғыстау облысының аумағында мiндеттi күшi болатын бұйрықтар түрiнде актiлер шығарады.

5. Басқарманың Ережесi мен штатының шекті санын Маңғыстау облысының әкiмдігі бекiтедi.

6. Басқарманың заңды мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 23 шағын аудан, 100 үй.

7. Басқарманың толық атауы:

мемлекеттiк тiлде - "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттiк мекемесi;

орыс тiлiнде - государственное учреждение "Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Мангистауской области".

8. Басқарманың құрылтайшысы Маңғыстау облысының әкiмдігі болып табылады.

Басқарманың құрылтай құжаттары "Маңғыстау облыстық табиғатты пайдалану жөнiндегi басқармасын құру туралы" Маңғыстау облысы әкiмиятының 2002 жылғы 29 сәуірдегі № 97 қаулысы, "Маңғыстау облысы әкiмиятының құрылымы туралы" Маңғыстау облысы әкiмиятының 2004 жылғы 10 желтоқсандағы № 253 қаулысы және осы Ереже болып табылады.

9. Басқарманың қызметiн қаржыландыру тек облыстық бюджеттен ғана жүзеге асырылады.

Басқармаға, осы басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлермен шарттық қатынастар жасасуға тыйым салынады.

Егер басқармаға заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер облыстық бюджеттiң кiрiсiне бағытталады.


  1. ^ Басқарманың негiзгi құқықтары, мақсаттары мен мiндеттерi


10. Басқармасының негiзгi мiндеттерi:

1) қоршаған ортаны қорғау саласында табиғат қорғау іс-шараларын жүргізуді іске асыру;

2) Маңғыстау облысы аумағындағы қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану жөніндегі бағдарламаны әзірлеу және іске асыру, қоршаған ортаны қорғау бойынша объектілер салу және оларды қайта құрылымдау;

3) қоршаған ортаны қорғау саласында табиғат қорғау іс-шараларын жүргізуді жүзеге асыру;

4) табиғатты пайдалануды реттеу;

5) экологиялық сараптама ұйымдастыру және өткізу;

6) облыстағы экологиялық жағдайды жан-жақты және обьективті зерделеу, қорыту және талдау;

7) қоршаған ортаның жай-күйiн жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау iс-шараларын қаржыландырудың тұрақты жүйесiн қалыптастыру болып табылады.

11. Басқарма мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiлген қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану жөнiндегi iс-шаралар және олардың тиiстi аумақтарда iске асырылуы көзделетiн бағдарламалар мен өзге де құжаттар әзiрлеудi ұйымдастырады;

2) табиғатты қорғау іс-шараларын және табиғат пайдаланылуын реттеудi жүзеге асырады;

3) оларды қаржыландыру және бақылау жасау үшін табиғат қорғау мен ресурстар сақтауға арналған қаражат бөлу жоспарын қалыптастыруға және бекітуге қатысады;

4) табиғатты қорғау жұмыстары бойынша мемлекеттiк сатып алуларын ұйымдастырады және өткiзедi;

5) өз құзыретi шегiнде табиғатты қорғау iс-шараларына бөлiнген ақша қаражатының мақсатты және толық пайдалануын бақылайды;

6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлейді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс етеді;

7) қалдықтарды басқару жөнiнде бағдарламалар әзiрлеудi ұйымдастырады және олардың орындалуын қамтамасыз етедi;

8) қалдықтардың пайда болу көлемдерiн бақылауды жүзеге асырады және қалдықтардың пайда болу көлемдерiн азайтуға, олардың қайтадан немесе баламалы түрде пайдаланылу деңгейiн арттыруға және көмiлуге тиiс қалдықтар көлемiн қысқартуға бағытталған iс-шаралар мен экономикалық ынталандырулар әзiрлейдi;

9) табиғат қорғау объектілерін салу мен олардың қайта құрылымдауды жүзеге асырады;

10) өз құзыретi шегiнде шаруашылық қызмет объектiлерiнiң мемлекеттiк экологиялық сараптамасын ұйымдастырады және жүргiзедi;

11) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар штаттан тыс сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргiзуге тартады;

12) мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзу кезiнде қоғамдық тыңдау ұйымдастырады және қоғамдық экологиялық сараптама жүргiзудiң тiркелуiн жүзеге асырады;

13) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсаттар береді;

14) қоршаған орта эмиссиясы үшін төлем ставкаларын есептейді;

15) қоршаған ортаны ластағаны үшiн мiндеттi төлемдердi төлеушiлердi есепке алуды жүргізеді;

16) өзіне заңнамалық актілерімен берілген құзыреті шегінде, жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу үшін берілген жер және су учаскелерінің қорғалуына, жер қойнауын пайдаланушының экологиялық қауіпсіздік ережелерін сақтауына, археологиялық ескерткіштер мен басқада тарихи-мәдени мұра объектілерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

17) құзыретті орталық атқарушы органдардың келісімі бойынша, жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілері мен экологиялық, ғылыми, мәдени және өзге де жағынан ерекше құнды, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың санатына жатқызылған жер қойнауы учаскелерінің тізбесін бекітеді;

18) келісім-шарт жасалған кезде өңір тұрғындарының экологиялық мүдделерін сақтауға байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушылармен келіссөздер жүргізуге қатысады;

19) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге келісім-шарттар жасасады, оларды тіркейді және орындайды және келісім-шарттар талаптарының орындалуын бақылайды;

20) ашық конкурс ұйымдастырады, тікелей келіссөздер жүргізеді және жер қойнауын пайдалануға келісім-шартар жасауды қамтамасыз етеді;

21) табиғи ресурстарды Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіппен табиғат пайдалануға беру туралы шешім қабылдайды;

22) орманды, жануарлар мен өсімдік дүниесін молайту және пайдалану саласында ведомствалық бағыныстағы органдармен ұйымдарды жедел басқаруды және қызметтеріне бақылау жасауды жүзеге асырады;

23) уәкiлеттi органмен келісе отырып орман қорын күзету, қоғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсіру жөніндегі өңірлік бағдаламаларды әзірлеп, оларды іске асырады;

24) ормандарды күзетудi, қорғауды, молықтыру мен орман өсiрудi ұйымдастырады және қамтамасыз етедi, өздерiнiң функционалдық қарауындағы мемлекеттiк орман қоры аумағында орман пайдалануды реттейдi;

25) мемлекеттiк орман қоры аумағында ормандағы өрттердiң алдын алу және оларға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзiрлеп, оны орындауды iске асырады;

26) орманда өрт қаупi болатын маусымда мемлекеттiк орман қоры аумағында өрттердi сөндiру үшiн жанар-жағар май материалдарының резервiн жасау жөнінде ұсыныстар енгізеді;

27) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудың бағдарламалары жөнінде ұсыныстар енгізеді, осы аумақтарды құру жөніндегі негіздемелерін келіседі;

28) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастырады;

29) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға арналған жерлердің резервін жасауды белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді;

30) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі мен жұмысына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады ;

31) өз құзыреті шегінде, тиісті мемлекеттік органдарға орман шаруашылығын пайдалану, ормандарды пайдалану жөніндегі төлем ставкаларын және оның қарамағындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану тәртібін белгілеу жөнінде ұсыныс енгізеді.

32) облыс аумағында тұрған су обьектілерінің жай-күйі туралы тұрғындарды хабардар етуді жүзеге асырады;

33) жергілікті өкілді органдармен, ҚР қоршаған ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлімшелерімен және азаматтар денсаулығын сақтау саласына басшылық етуді жүзеге асыратын уәкілетті органның келесімі бойынша атмосфералық ауаны, топырақ-жер және су ресурстарын ластайтын өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыратын орындар бөледі ;

34) уәкілетті органмен келісім бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және санитарлық-қорғау аймақтарын белгілейді;

35) жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдалағаны үшін төлемақы ставкаларын әзірлейді;

36) су пайдалану лимиттерін су пайдаланушылар арасында үлестіреді;

37) өз құзырет шегінде су және орман ресурстарын пайдалануға рұқсат береді және шарттар жасасады;

38) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша су объектілерін оқшау және бірлесіп пайдалануға береді;

39) бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысады;

40) су объектілерін ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеуге қатысады, оларды іске асыруды қамтамасыз етеді;

41) су объектілерін ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі бассейндік бағдарламаларды іске асыруды жүзеге асырады;

42) экологиялық жағдайды сауықтыруға және жұртшылықты экологиялық мәселелер боынша хабардар етуге бағытталған ғылыми-практикалық іс-шаралар (конференция, семинар, жиналыстар, дөнгелек үстел, симпозиум және басқа іс-шаралар) өткізеді;

43) ақпараттық база (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, топтастыру және жіктеу жұмыстарын жүзеге асырады;

44) экологиялық бiлiм, ағарту және экологиялық туризмді дамытуға ықпал етедi;

45) қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласында ақпараттық және ағарту жұмысын ұйымдастырады;

46) қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің Бірыңғай мемлекеттік жүйесі шеңберінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табиғи ресурстарды пайдалану туралы ақпарат береді;

47) өз құзыретi шегiнде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерiн әзiрлейдi;

48) Маңғыстау облысы бойынша Каспий маңы өңіріндегі экологиялық жағдайын зерделеу, талдау және болжамдау жөніндегі жұмыстарын жүргізеді;

49) облыстағы экологиялық жағдай және басқарманың басқа да бағыттары бойынша есебін береді;

50) жеке және заңды тұлғалардың сұратуы бойынша экологиялық ақпарат беруді қамтамасыз етеді;

51) экологиялық талаптар бұзылған жағдайда, сот тәртібімен шаруашылық және өзге де қызметтi жүргізуді тоқтатады және тиiстi шаралар қолданады;

52) ерекше экологиялық, ғылыми және мәдени құндылығы бар қоршаған орта объектiлерiн қорғау және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру туралы шешiмдер қабылдайды немесе жоғары тұрған органдарға ұсыныстар енгiзедi;

53) қоршаған ортаны қорғау мәселелерi бойынша облыс әкiмдігінің және әкiмiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлеуге қатысады;

54) мемлекеттiк органға қолданыстағы заңнамамен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

12. Басқарманың:

1) Басқарманың негiзгi мiндеттерi мен функцияларын жүзеге асыруға қажеттi ақпараттар мен мәлiметтердi барлық меншiк нысандарындағы ұйымдар мен кәсiпорындардан және басқа да мемлекеттiк органдардан сұратуға;

2) заңнамалық актiлер мен нормативтiк әдiстемелiк құжаттарды дайындауға қатысады және ұсыныстар беруге;

3) Басқарманын қызметiне қатысты мәселелердi талқылаған кеңестерге қатысуға;

4) ұйымдар мен кәсiпорындардың табиғат қорғау қызметiне байланысты есептерiн тексеруге;

5) басқарманың ұйымдық және материалдық-техникалық қызметін жетілдіру жөнінде облыстық әкімдігіне ұсыныстар беруге;

6) экологиялық жүйеге кері әсерін тигізетін барлық қызмет түрлерін тоқтату және реттеу, олардың қорғау аймақтарын белгілеу жөнінде облыс әкімдігіне ұсыныстар беруге;

7) жұмыстармен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып кірісуге;

8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-шараларды өткізуге келісім–шарт жасауға;

9) Қазақстан Республикасы заңнамасына және халықаралық келісім шарттарға сәйкес өз құзырет шегінде шоттар ашуға және ТМД елдермен алыстағы шет елдермен валютаралық операциялар жасауға;

10) атқарушы және басқа мемлекеттік органдарда, Басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімінің және облыс әкімі орынбасарының тапсырмасы бойынша облыс әкімдігіне уәкілдік етуге;

11) қоршаған ортаны қорғау саласы бойынша ақпараттық бюллетень, буклет, ғылыми және оқу-әдістемелік құжаттар шығаруға;

12) мемлекеттiк органға қолданыстағы заңнамамен жүктелген өзге де құқықтары бар.


  1. ^ Басқарманың мүлкi


13. Басқарманың оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады, ол негiзгi қорлар мен айналым құралдарынан , сондай- ақ құны оның балансында көрсетiлген өзге де мүлiктен тұрады.

14. Басқармаға бекiтiлiп берiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

15. Басқарманың өзiне бекiтiлген мүлiкті дербес оқшалауға немесе оларға өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.


  1. Басқарманың қызметiн ұйымдастыру


16. Басқарма бастығын Маңғыстау облысының әкiмi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Басқарма бастығының заңнамамен белгiленген тәртiппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

17. Басқарма бастығы Басқарманың жұмысын ұйымдастырады әрi оған басшылық жасайды және басқармаға жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке дара жауапкершілікте болады.

18. Басқарма бастығы осы мақсатта:

1) өзiнiң орынбасарының және Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерiнiң мiндеттерi мен өкiлеттiгiн белгiлейдi;

2) заңнамаға (жекелеген жағдайларда және жоғары тұрған мемлекеттiк орган бекiтетiн лауазымдардың номенклатурасына) сәйкес Басқарманың қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамамен белгiленген тәртiппен Басқарманың қызметкерлерiне тәртiптiк жаза қолданады;

4) Басқарманың актiлерiне қол қояды;

5) Басқарманың құрылымдық бөлiмшелерi туралы ереженi бекiтедi;

6) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан уәкiлдiк етедi;

7) заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.


  1. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату


19. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


  1. Ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу


20. Ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген жағдайда мемлекеттiк мекеме ол туралы әдiлет органына бiр ай мерзiмде хабарлайды.




Похожие:

\" Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы\" мемлекеттiк мекемесiнiң ережесi iconПавлодар облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Павлодар облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының миссиясы – қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану...
\" Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы\" мемлекеттiк мекемесiнiң ережесi iconМемлекеттік органда стратегиялық жоспарының жүзеге асырылуы туралы Есеп «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы»
«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мм
\" Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы\" мемлекеттiк мекемесiнiң ережесi iconОңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға стратегиялық жоспары
Түстік Қазақстан облысы аумағындағы табиғи ресурстарды мемлекеттік басқару және табиғат пайдалануды реттеу, сондай-ақ қоршаған ортаны...
\" Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы\" мемлекеттiк мекемесiнiң ережесi iconҚарағанды облысының аумағында "Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы" мемлекеттiк мекемесiнiң қорғау аймағын белгiлеу туралы
Заңының 27-бабына сәйкес, антропогендiк әсер етуден "Қорғалжын мемлекеттiк табиғи қорығы" мемлекеттiк мекемесiнiң табиғат кешенiн...
\" Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы\" мемлекеттiк мекемесiнiң ережесi iconҚызметтік тізім послужной список
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары, d-о-2 санаты
\" Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы\" мемлекеттiк мекемесiнiң ережесi iconҚызметтік тізім послужной список
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы бастығының орынбасары, d-о-2 санаты
\" Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы\" мемлекеттiк мекемесiнiң ережесi iconУәкілетті органда немесе Халыққа қызмет көрсету орталығында
Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
\" Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы\" мемлекеттiк мекемесiнiң ережесi iconҚызметтік тізім послужной список
ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы, құжаттандыруды қамтамасыз ету және жұмыстарды ұйымдастыру
\" Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы\" мемлекеттiк мекемесiнiң ережесi icon«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің
Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
\" Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы\" мемлекеттiк мекемесiнiң ережесi iconАтырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы басшының (А. Ж. Т.)
Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы