|
1 Әкімдіктің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 589 қаулысына қосымша Облыс әкімдігінің 2010 жылғы 29 желтоқсандағы № 578 қаулысымен бекітілген «Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары 1-тарау. Миссиясы және пайымдауы Миссиясы - Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) – бұл облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын қалыптастыру және оны іске асыруды үйлестіру. Пайымдауы – 2009 жылға қарағанда облыс экономикасының 2015 жылға қарай нақты 20 %-ға сапалы өсуі. ^ ағымдағы ахуалын және даму беталысын талдау 1.1-стратегиялық бағыт Өңірлік макроэкономика 1.1) Қызметтің реттелетін саласы немесе аясын дамытудын негізгі параметрлері. 2009 жылы облыс экономикасының дамуы әлемдiк экономикалық дағдарысқа бейiмделу жағдайында өттi, негізгі экспортталып жатқан тауарларға (темір кен өнімі, бидай, ұн) арналған бағалар мен сұраныстың төмендеуіне ықпал етті. Экономикалық белсенділіктің бәсеңдеуіне облыс экономикасын кредиттеу төмендеуі айтарлықтай ықпал етті. 2009 жылдың бірінші тоқсанына өнеркісіптің өндіріс көлемдерін қысқартуға тура келді. Өнеркәсіпте өндіріс көлемдері 11,2 %, оның ішінде тау-кен өнеркәсібінде – 28,5 % қысқарды. Бірінші жартыжылдыққа қарағанда 2009 жылдың екінші жартыжылдығында, статистика мәліметтерін талдау экономиканың барлық негізгі көрсеткіштері бойынша экономикалық дамытудың оң беталысын көрсетіп отыр. Оның нәтижесінде 2009 жылы облыс бойынша жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) 723,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2008 жылға қарағанда 2,7 % артық, 2008 жылға қарағанда өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 101,8 % құрады. Облыс дамуының стратегиялық мақсаты қолайлы орта құру және халықтың өмір сүру сапасын дамыған елдердің деңгейіне жақындату болып табылады. Халықтың өмір сүру деңгейінің интегралдық көрсеткіші - халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 2007-2010 жылдары 624,5 мың теңгеден 975,4 мың теңгеге дейін немесе 1,6 есе ұлғайды. 2007-2010 жылдардағы жалпы өңірлік өнім
Елдің жалпы өңірлік өнімінде 2007-2010 жылдары облыстың үлес салмағы тиісті 4,36 %, 4,39 %, 4,26 % және 4 % құрады. Қазақстанның өңірлері арасында облыс ЖӨӨ көлемі бойынша 12 орынға, халықтың жан басына шаққандағы ЖӨӨ бойынша – 10 орынға ие. Ел экономикасында Қостанай облысының орны
Облыстың ЖӨӨ НКИ серпінін талдау 2007-2008 жылдардағы өсу ауыл шаруашылығы (2007 жылы – 1,5 есе, 2008 жылы – 1,2 есе), өнеркәсіп (тиісінше 1,3 және 1,5 есе), құрылыс ( 1,5 және 1,4 есе), сауда (1,5 есе және 13,8 %), көлік және байланыс (1.3 және 1,2 есе) көлемдерінің ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. 2009 жылы ауыл шаруашылығы көлемі тек 3,2 %, өнеркәсіп - 1,7 %, көлік және байланыс – 13,7 % өсті, құрылыс - 9,4 %, сауда - 10,2 % азайды. Қостанай облысының ЖӨӨ құрамын талдау млрд. теңге
Облыстың 2009 жылғы ЖӨӨ құрамын талдау ауыл шаруашылығы (22,9 %), өнеркәсіп (22,1 %), көлік және байланыс (13,2 %) айтарлықтай үлес салмағына ие екенің көрсетіп отыр. 2010 жылы кезеңде өнеркәсіптің, құрылыстың, сауданың үлес салмағы ұлғайды, көліктің үлес салмағы төмендеді. Облыстың ЖӨӨ өзгеруіне көбінесе ЖӨӨ көлемінің жартысына жуығы үлесіне тиесілі ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларының дамуы әсер етеді. Өндірістің республикалық көлемінде өңір салаларының үлес салмағы млрд. тенге
Облыс республиканың ЖӨӨ ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі бойынша 2009 жылы 15,84 % алды, бұл ел өңірлерінің арасында ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Жалпы республикалық көлемде басқа салалардың үлес салмағы 2,15 %-дан 5,12 %-ға дейін құрады. Кәсіпорындардың қаражаттары есебінен өткен жылмен салыстырғанда 2009 жылы негізгі капиталға инвестициялардың өсу қарқының бәсеңдеуіне қарамастан жалпы облыс бойынша оң қарқын сақталды және олардың көлемі 6,8 % өсті. Қаржыландыру көздері бойынша инвестициялардың құрамы бірқатар өзгерістерге ұшырады. Мемлекеттік бюджеттен инвестициялардың үлес салмағы 2008 жылы 15,6 %-дан 2009 жылы 17 %-ға дейін аздап өсті, заем қаражаттарының үлесі екі есе ұлғайды және 13 % құрады, шетел инвестициялары - өткен жылдың деңгейінде (2 %) қалды. 2009 жылы өндіріс өнімінің өсу қарқынының бәсеңдеуі мен осы салада шаруашылық субъектілері кірістерінің төмендеуі шаруашылық субъектілерінің өз қаражаты есебінен инвестициялардың 7,7 % қысқаруының негізгі себептері болып табылды, бұл инвестициялардың жалпы көлемінде олардың үлес салмағының 75,8 %-дан 68 %-ға дейін төмендеуіне әкелді. 2010 жылы облыстың сыртқы сауда айналымы 2276,6 млн. АҚШ долларын, оның ішінде экспорт – 1689,4 млн. АҚШ долларын, импорт – 587,2 млн. АҚШ долларын құрады.
Өңірлік экспорт Тауар айналымның құрамында 2009 жылы экспорттық жеткізулер 66 % алды, импорттық операциялардың үлесіне 34 % тиесілі. Облыс экспортының 90 % жуығы төрт тауарлық топқа жатады: темір кен өнімі (65,8 %), ұн-жарма өнеркәсібінің өнімі (12,3%), бидай нандары (6,6 %), асбест (3,4 %). Облыстың өнімдері негізінен Ресей Федерациясына (экспорттың жалпы көлемінен 36,7 %), Қытайға (34,3 %), Ауғанстанға (8,1 %), Швейцарияға (6,2 %) және әлемнің басқа елдеріне экспортталды. Импорттық өнімдерді жеткізу әлемнің 88 елінен жүзеге асырылды, олардың ең ірілері Ресей Федерациясы (жалпы импорт көлемінен 48,1 %), Германия (9,0 %), Украина (6,3 %), Қытай (5,8 %), Беларусь (5,4 %), АҚШ (2,9 %) және басқалар. Қазақстан Республикасының жалпы экспортында Қостанай облысы экспортының үлес салмағы млн. АҚШ доллары
2010 жылдың басынан бастап экспортының оң динамикасы бойынша 2009 жылына өсімі 19,3 % құрылған байқалып отыр. 1.2) Негізгі мәселелерді талдау Өңірдің ЖӨӨ әсер ететін негізгі мәселелері болып: өсіп жатқан энергия тапшылығы және экономика салаларын шектейтін желілерде шығындардың жоғары деңгейі. Экономика саласын дамыту салдарынан облыс экономикасын дамыту қарқынының бәсеңдеуі; салалық теңгерімсіздік: өнеркәсіп және инвестициялар көлемдерінде өңдеу өнеркәсібінің басым үлесі, шағын бизнесті әртараптандырудың төмен деңгейі; өнеркәсіп және АӨК шикізат бағыты; технологиялық дамуда кейін қалу және өңірлік экономиканың салалық сәйкессіздігі салдарынан ішкі нарықтың импорттық тәуелділіктің ұлғаюы. Стратегиялық талдаудың қорытындылары бес жылға арналған аумақтық дамудың пайымдауын, мақсаттарын, міндеттерін анықтауға, проблемаларды шешу жолдарын анықтауға мүмкіндік береді. 1.3) Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау Болжамдар бойынша облыс экономикасының барлық салаларында оң серпін сақталады. Облыс экономикасының дамуы шикізаттық экспортқа бағдарланған салаларды дамытуға байланысты, бұл өз кезегінде сыртқы нарыққа байланысты. Сондықтан келешекке шикізат емес секторының дамуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырма қойылып отыр. Болжамды бес жылдық кезеңде облыс экономикасының басымы негізінен өңдеу өнеркәсібінің ішкі сұранысқа бағдарланған шикізат емес секторының дамуы болып табылады. Экономиканың әртараптандырылуы мен шикізат емес салаларын дамытуға 2010 – 2014 жылдарға арналған экономиканы үдемелі индустриалды-инновациялық дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама ықпал етеді. Экспортталып жатқан тауарлар мен қолайлы бағалық конъюктураға арналған сұранымның орнын толтыру аясында Индустриаландыру картасының инвестициялық жобаларын іске асыру облыстың экономикалық өсуі үшін жақсы жағдайлар жасайды. |