«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті icon

«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті



Название«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті
Дата конвертации25.08.2014
Размер311.09 Kb.
ТипДокументы
источник

Астана қаласы әкімдігінің


2012 жылғы «29» желтоқсандағы

158-1925 қаулысына

2-қосымша

«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың

салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті



1. Негізгі ұғымдар

     

1. Осы регламентте пайдаланылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамасы:

1) арнайы комиссиялар – Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу үшiн аудандар (қалалар) әкiмдерiнiң шешiмдерiмен құрылатын комиссиялар;

2) ЖҚжӘББ – Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, арнайы комиссияның жұмыс органы;

3) ЗТМО – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Астана қалалық филиалы, өтемақы төлеу жөнiндегi уәкiлеттi ұйым;

4) «СЯСП» ААЖ – «Семей ядролық сынақ полигонында сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды есепке алу» ведомстволық автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;

5) iс қағазының макетi – азаматтың өтемақы алуға арналған жеке iс-қағазының макетi;

6) ХҚКО – Халыққа қызмет көрсету орталығы;

7) ХҚКО инспекторы – тұтынушының өтініштері мен құжаттарын қабылдауды жүзеге асыратын халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкері.

2. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы:
^

Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу.


Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге 1949-1965 жылдары, 1966-1990 жылдарда радиоактивтiк ластануға ұшыраған аумақтарда тұратын, тұрған, жұмыс iстеген немесе қызмет өткерген (оның iшiнде мерзiмдi) азаматтар жатады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органның атауы:

«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Мемлекеттік қызмет сондай-ақ баламалы негізде ХҚКО арқылы көрсетіледі.

4. Көрсететін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

Мемлекеттік қызмет көрсетуде «СЯСП» ААЖ қолданылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік-құқықтық актінің атауы, бабы (тармағы) және баптың (тармақтың) мазмұны:

мемлекеттiк қызмет «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының (бұдан әрi – Заң) 11-бабы және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 20 ақпандағы № 110 қаулысымен бекiтiлген Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу қағидасының 2-тарауы негiзiнде көрсетiледi.

6. Тұтынушы алатын мемлекеттік қызметтің қорытындысы және ұсыну түрі:

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу және есепке алу туралы шешiм жөнiнде хабарлама не мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіште дәлелдi жауап.

7. Мемлекеттік органдардың және басқа да мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне енгізілген субъектілердің тізбесі:

1) меншік нысанына қарамастан ұйым және мекеме;

2) ЖҚжӘББ;

3) облыстардың, Алматы қаласының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары;

4) арнайы комиссиялар;

5) ЗТМО;

6) ХҚКО.

^ 3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар
8. Мемлекеттік органның, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үшін хабарласу қажет болатын басқа да мүдделі органдардың орналасқан жері және жұмыс кестесі:

мемлекеттік қызметті Астана қаласы, Ш. Иманбаева көшесі, № 16 мекенжайында орналасқан ЖҚжӘББ-ның әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі бөлімдері көрсетеді.

Жұмыс кестесі: дүйсенбiден жұмаға дейін сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Мемлекеттік қызмет баламалы негізде мына мекенжайлар бойынша ХҚКО арқылы көрсетіледі:

Астана қаласы, Республика даңғылы, № 12/2, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалы (бұдан әрі – ХҚКО РМК);

Алматы ауданы бойынша бөлімі, Астана қаласы, Мирзоян көшесі, № 25;

№ 1 бөлімше, Астана қаласы, Республика даңғылы № 12/2;

№ 2 бөлімше, Астана қаласы, Абай даңғылы № 53;

№ 2 бөлімше, Астана қаласы, Железнодорожный кенті, Ақтасты көшесі, № 20;

Сарыарқа ауданы бойынша бөлімі, Астана қаласы, Республика даңғылы, № 43;

«Тілендиев» бөлімшесі, Астана қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, № 6а;

«Ақжайық» бөлімшесі, Астана қаласы, І.Есенберлин көшесі, № 16/2;

«Өндіріс» бөлімшесі, Астана қаласы, Кемеңгерұлы көшесі, № 6/1;

«Кенесары» бөлімшесі, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, № 12;

«Жеңіс» бөлімшесі, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, № 34;

Есіл ауданы бойынша бөлімі, Астана қаласы, Сауран көшесі, № 7;

Есіл ауданы бойынша бөлімшесі, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, № 5/1;

жұмыс кестесі:

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген демалыс және мейрам күндерінен басқа, күн сайын сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз.

9. Тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы мәселелер жөнінде ақпарат алу тәртібі:

мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат ресми мерзімдік басылымдарда, ЖҚжӘББ-ның, 21-28-39 телефоны арқылы ХҚКО фойесінде орналасқан стендтерде, сонымен қатар ЖҚжӘББ-ның www.uzsp.astana.kz және ХҚКО РМК www.con.gov.kz сайтында орналастырылады.

Азаматты Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен деп тану немесе танудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда тұтынушы қағаз жеткізгіште жазбаша хабарлама алады.

10. Егер мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде бірнеше мүдделі органдар қатысатын болса барлық әкімшілік тәртіптемелерден өту:

1) меншік нысандарына қарамастан ұйымдар мен мекемелер – ЖҚжӘББ-ның қарауына жұмыс істейтін осы Регламентке 3-қосымшаға сәйкес азаматтардың іс қағаздары макеттерін қалыптастырады және ұсынады;

2) ЖҚжӘББ – төмендегілерді қабылдайды:

жұмыссыз азаматтардан, зейнеткерлерден, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардан қажетті құжаттарды;

меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен мекемелерден жұмыс істейтін азаматтардың іс қағаздарының макеттерін.

3) облыстардың, Алматы қаласының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары – Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы төлеу/төлемеу фактілерін растауды жүзеге асырады;

4) арнайы комиссия – іс қағаздарының макеттерін қарастырады және азаматты Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен деп тану (танудан бас тарту) туралы шешім шығарады.

5) ЗТМО – кейіннен арнайы комиссия шешімінің негізінде өтемақы төлеуді жүзеге асырады.

11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде уақыт бойынша шектеу мерзімдері:

1) осы регламенттің 16-тармағында анықталған қажетті құжаттарды қызмет тұтынушы тапсырған сәттен бастап мемелекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

ЖҚжӘББ – жиырма күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде;

ХҚКО – жиырма күнтiзбелiк күннен аспайтын мерзiмде (мемлекеттiк қызметке құжат қабылдау және беру (нәтиже) күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi);

2) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтi алуға дейiн күтудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты (талон алғанға дейiн) 30 минуттан аспайды;

3) тұтынушы өтiнiш берген күнi сол жерде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет тұтынушысына қызмет көрсетудiң рұқсат берiлген ең көп уақыты ЖҚжӘББ 15 минуттан аспайды, ХҚКО – 30 минут.

12. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға, оның ішінде құжаттар қабылдаудан және қарастырудан бас тартуға негіздеме:

тексеру қорытындылары бойынша Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен, іс қағаздар макеті ресімдел-ген азаматқа өтемақы төлеу фактісін анықтау, сондай-ақ тұтынушы құжаттар тапсыру кезінде толық емес және (немесе) расталмаған мәліметтер берген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

ЖҚжӘББ құжаттар ресімдеу кезінде қателіктер анықталса, құжаттар пакетін толық ұсынбаса және құжаттарды тиісті түрде ресімдемеген жағдайда құжаттар пакетін алғаннан кейін жиырма күн ішінде бас тартуының себептерін көрсете отырып хабарлама береді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға негіз жоқ.

13. ЖҚжӘББ хабарласып, мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұтынушыдан сауал алған кезден бастап мемлекеттік қызметтің қорытындысын шығару кезіне дейін мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

ЖҚжӘБ маманы:

1) қабылдау мен тіркеуді:

жұмыссыз азаматтардан, зейнеткерлерден, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардан қажетті құжаттарды;

меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен мекемелерден жұмыс істейтін азаматтар үшін істер макетін қабылдауды жүзеге асырады;

2) ЖҚжӘБ басшылығы келіп түскен өтініштермен танысады, ЖҚжӘБ маманына орындауға жөнелтуді жүзеге асырады;

ЖҚжӘБ маманы:

3) облыстардың, Алматы қаласының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына азаматтарға біржолғы өтемақыны төлеу (төлемеу) жөнінде сауалдарды жолдайды, біржолғы өтемақыны төлеу (төлемеу) мәніне «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ-ның тізілімдемесімен салыстыруды;

4) «СЯСП» ААЖ базасы мен журналға істер макетінің деректерін енгізу;

5) арнайы комиссияның қарауына сауалдың нәтижесімен істер макетін жіберуді;

6) Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азамат деп тану немесе бас тарту туралы арнайы комиссия шешім қабылдағаннан кейін бес күн ішінде ЗТМО-ға істер макетін;

7) тұтынушыға арнайы комиссияның қабылдаған шешімі жөнінде хабарламаны жіберуді жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушыдан өтініш алған кезден бастап ХҚКО арқылы мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру кезіне дейінгі мемлекеттік қызметті көрсету кезеңдері:

  1. тұтынушы ХҚКО-ға өтініш береді;

2) ХҚКО инспекторы келіп түскен құжаттарды тіркейді, тұтынушыға тиісті құжаттарды мыналарды: сауалды қабылдау мерзімі мен нөмірін; сұратылған мемлекеттік қызметтің түрін; қоса берілген құжаттардың атаулары мен сандарын; құжаттарды беру мерзімін, уақыты мен орнын; құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған ХҚКО инспекторының тегін, аты-жөнін көрсетіп, қабылдағаны жөнінде қолхат береді;

  1. ХҚКО инспекторы құжаттарды ЖҚжӘББ-ның кеңсесіне табыстайды;

мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құжаттардың қозғалысын бақылауға болатын, ХҚКО-нан ЖҚжӘББ-на құжаттардың жолданғаны жөніндегі айғақ штрих-код сканерінің көмегімен белгіленеді;

  1. ЖҚжӘББ-ның кеңсесі келіп түскен құжаттарды ХҚКО ақпараттық жүйесінде белгілейді, тіркейді және ЖҚжӘББ-ның басшылығына табыстайды;

  2. ЖҚжӘББ-ның басшылығы келіп түскен құжаттармен танысады және орындауға ЖҚжӘББ-ның маманына жолдайды;

  3. ЖҚжӘББ-ның маманы мемлекеттік қызмет көрсетуге алушының құқығын белгілеуге келіп түскен құжаттарды қарайды, арнайы комиссияның қарауына құжаттарды дайындайды болмаса қызмет алуға құқығы жоқ, құжаттар пакеті толық болмағанда екі күн ішінде ХҚКО-ға қайтарылады;

  4. ЖҚжӘББ-ның маманы тұтынушыға арнайы комиссияның қабылдаған шешімі жөнінде хабарлама жобасын дайындайды, басшының қолы қойылады, оны ЖҚжӘББ-ның кеңсесіне жолдайды;

  5. ЖҚжӘББ-ның кеңсесі мемлекеттік қызмет көрсету қорытындысын ХҚКО-ның ақпараттық жүйесінде белгілейді және оны ХҚКО-ға құжаттарды табыстайды;

  6. ХҚКО инспекторы штрих-код сканерінің көмегімен мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа қорытындысын қабылдайды, белгілейді және оны тұтынушыға табыстайды.

14. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттар қабылдайтын тұлғалардың ең аз саны – бір маман.

^ 4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет
(өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау
15. Кіріс хат-хабарды (соның ішінде электрондық) ресімдеу тәртібі және тұтынушының мемлекеттік қызмет көрсетуге жазған сауалын (өтінімін) қабылдау (тіркеу) туралы ақпарат алу:

1) тұтынушы қажетті құжаттардың тізбесімен 1-қосымшаға сәйкес өтініш бланкісі беріледі;

2-қосымшаға сәйкес біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы алу үшін өтініш және құжаттар қабылдау азаматтарды тіркеу журналында расталады және күні, құжаттар саны, беті, құжаттарды қабылдаған маманның тегі көрсетілген және қолы қойылған жыртып берілген талонмен расталады;

ұйымдар мен кәсіпорындардан істер макеттері келіп түскен кезде ЖҚжӘББ жиырма күннен кешіктірмей азаматтардың істер макеттерін азаматтарды тіркеу журналына тіркейді;

тұтынушы Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен деп тану немесе бас тарту туралы хабардар ету арқылы ақпарат алады;

2) тұтынушы ХҚКО-ға хабарласқан жағдайда ХҚКО инспекторы қабылданған тиісті құжаттар жайында келесі мәліметтер көрсетілген қолхат береді: қабылданған өтініш мерзімі мен нөмірі, сұралған мемлекеттік қызмет түрі, қосымша құжаттардың саны мен атауы, мерзімі, уақыты мен құжаттарды беру орны, құжаттарды рәсімдеуге өтініш қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты.

16. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың,
нысандардың, қалыптардың тізбесі:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат;

3) тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігін растайтын құжат;

4) салық төлеушінің куәлігі (бар болса жеке идентификациялық нөмірі);

5) әлеуметтік жеке код беру туралы куәлік (бар болса жеке идентификациялық нөмірі);

6) жинақ кітапшасы немесе екінші деңгейдегі банкте шот ашқандығын растайтын құжат;

7) Семей ядролық сынақ полигонының аумағында 1949-1965 жылдары, 1966-1990 жылдарда тұрған фактісін және кезеңін растайтын құжаттар (мұрағаттық анықтамалар, селолық, кенттік (ауылдық) Халық депутаттары кеңестерінің, тұрғын үй-пайдалану басқармаларының, үй басқармаларының, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтың әкімдерінің, пәтерлер иелері кооперативтерінің анықтамалары; еңбек кітапшасы; оқу орнын аяқтағаны туралы диплом; әскери билет; туу туралы куәлік; орта білімі туралы аттестат; негізгі мектепті аяқтағаны туралы куәлік; Заңда белгіленген тәртіпте берілген, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккендерге жеңілдіктер беру құқығын растайтын куәлік).

Егер мұрағаттық және басқа да құжаттар сақталмаған жағдайда – заңдық фактіні және ядролық сынақ әсерiне ұшыраған аумақтарда тұру кезеңін белгілеу туралы соттың шешімі.

Құжаттар салыстыру үшін түпнұсқа және көшірме түрінде ұсынылады, кейіннен құжаттардың түпнұсқалары тұтынушыға қайтарылады.

17. Ақпараттық қауіпсіздік талаптары:

«СЯСП» АИС ЖҚжӘББ-ның авторлық әзірлемесі болып табылады, тек қана оның қызметінде көшірме жасау құқығынсыз қолданылады.

18. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі – ҚФБ):

1-ҚФБ – меншік нысанына қарамастан ұйым және мекеме;

2-ҚФБ – ЖҚжӘББ-ның Алматы, Есіл және Сарыарқа аудандарының әлеуметтік көмек көрсету бөлімдерінің маманы;

3-ҚФБ – ХҚКО инспекторы;

4-ҚФБ – ЖҚжӘББ-ның кеңсесі;

5-ҚФБ – ЖҚжӘББ-ның басшылығы;

6-ҚФБ – облыстардың, Алматы қаласының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары;

7- ҚФБ- арнайы комиссиялар;

8- ҚФБ- ЗТМО.


19. 1-кесте. ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы:


Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағымы)

1

Іс әрекеттің №

1

2

3

4

5

6

2

ҚФБ атауы

ҚФБ-1

ҚФБ-5

ҚФБ-2

ҚФБ-2

ҚФБ-7

ҚФБ-2

3

Іс-әрекеттің (үдерістің,
рәсімнің, операцияның)
атауы және оның сипаттамасы

Жұмыс істейтін азаматтарға іс қағаздары макет-терін қалыптастыру, оны 2-ҚФБ-ға тапсыру


Жауапты мамандар арасында келіп түскен істер макетін, өтініштерді бөлу

Жұмыссыз азаматтар, зейнеткерлер мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың ҚФБ-1-ден істер макетін қабылдау.

СЯСП базасына және журналға іс қағаздарының макеттері туралы деректерді енгізу, ҚФБ-6 сұра-ныстарды жолдау, «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ-ның тізілімімен салыстыру

Істер макетін қарау

Арнайы комиссияның шешімімен қоса іс қағаздарының макеттерін 8-ҚФБ-ға жолдау, арызданушыға немесе 1-ҚФБ-ға хабарламалар жолдау

4

Аяқтау нысаны (деректер,
құжат, ұйымдық-өкімдік шешім)




Бұрыштама

Істер макеті

Тізілімдермен салыстыру нәтижелері мен ҚФБ-6-дан жауаптар алу

Азаматтарды зардап шеккен деп тану туралы шешімін шығару

ЗТМО-ға іс қағаздары макеттерінің тізімі, өтініш берушілерді арнайы комиссия қабылдаған шешім туралы хабардар ету

5

Аяқтаудың баламалы нысаны




Іс қағазының макеті

7-ҚФБ жауаптар алу және 8-ҚФБ тізілімімен нәтижелерін салыстыру




Азаматтарды зардап шеккен деп танудан бас тарту туралы шешімін шығару

Жазбаша хабарламамен іс қағаздарының макеттерін 6-ҚФБ-ға қайтару

6

Орындау мерзімдері

-

1 сағат

15 мин

10 күн

5 күн

5 күн

7

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4

5

6

-

2-кесте. ХҚКО-да қызметті тұтынушы хабарласқанда ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы:


Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағымы)

1

Іс әрекеттің №

1

2

3

4

5

6

7

8

2

ҚФБ атауы

ҚФБ-1

ҚФБ-3

ҚФБ-4

ҚФБ-5

ҚФБ-2

ҚФБ-7

ҚФБ-2

ҚФБ-3

3

Іс-әрекеттің (үдерістің,
рәсімнің, операцияның)
атауы және оның сипаттамасы

Жұмыс істейтін азаматтарғаіс қағаздары макеттерін қалыптастыру, оны 2-ҚФБ-ға тапсыру

1-ҚФБ-дан, жұмыссыз азаматтар-дан, зейнеткерлерден және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алу-шылардан іс қағаздары макеттерін қабылдау, ҚФБ-4 жолдау

ҚФБ-3-тен құжаттарды қабылдау, ҚФБ-5-ке жолдау

Жауапты мамандар арасында келіп түскен істер макетін, өтініштерді бөлу

СЯСП базасына және журналға іс қағаздарының макеттері туралы деректерді енгізу, ҚФБ-6-ға сұра-ныстарды жолдау, ҚФБ-4 арқылы «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ-ның тізілімімен салыстыру болмаса ҚФБ-3-те қайтару

Істер макеттерін қарау

Арнайы комиссияның шешімімен қоса іс қағаздарының макеттерін 5-ҚФБ-ға жолдау, арызданушыға немесе 1-ҚФБ-ға хабарламалар жолдау

Арнайы комиссия-ның қабылда-ған шешімі жөнінде өтініш берушіге хабарлама жолдау

4

Аяқтау нысаны (деректер,
құжат, ұйымдастыру-өкімдік шешім)




Істер макеті

Тізілім бойынша құжаттарды қабылдау, кіріс хат-хабарды тіркеу

Бұрыштама қою

7-ҚФБ жауаптар алу және 8-ҚФБ тізілімімен нәтижелерін салыстыру

Азаматтарды зардап шеккен деп тану туралы шешімін шығару

ЗТМО-ға істер макеттерінің тізімі, арнайы комиссия қабылдаған ҚФБ-3-те шешім туралы хабарлама

ҚФБ-5 қолымен қағаздық жеткізу-шіде хабарлама

5

Аяқтаудың баламалы нысаны













Азаматтарды зардап шеккен деп танудан бас тарту туралы шешімін шығару




3 ҚФБ-да

істер макетін жазбаша хабарламамен

қайтару




6

Орындау мерзімдері

-

15 минут;

құжаттарды жолдау – күн сайын күннің соңында

1 сағат

1 сағат

10 күн

5 күн

5 күн

1 сағат

7

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3

4

5

6

7

8

-

3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі үдеріс


Негізгі үдеріс (барысы, жұмыс ағыны)

ҚФБ-2

ҚФБ-5

ҚФБ-7

1.Ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің арнайы комиссияларынан, жұмыссыз азаматтардан, зейнеткерлерден және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алушылардан істер макеттерін қабылдау

2. Жауапты мамандар арасында келіп түскен істер макетін, өтініштерді бөлу




3. Істер макеттерінің деректерін журналға және СЯСП ААЖ-ға енгізу, аумақтарға сұраныстар жолдау, Халық банкі және Қазпошта тізілімімен салыстыру




4. Азаматтардың істер макеттерін қарау







5. Азаматтарды зардап шеккен деп тану туралы шешім шығару


6. Арнайы комиссияның шешімін және зардап шеккен азаматтардың істер макеттерін ЗТМО-ға жолдау

7. Арызданушыға немесе ұйымдарға, кәсіпорындар мен мекемелерге хабарламаларға қол қою




8. Арызданушыға немесе ұйымдарға, кәсіпорындар мен мекемелерге хабарламалар жолдау








4-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы үдеріс


Баламалы үдеріс (барысы, жұмыс ағыны) немесе кеңейту

ҚФБ-2

ҚФБ-5

ҚФБ-7

1. Ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің арнайы комиссияларынан, жұмыссыз азаматтардан, зейнеткерлерден және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар алушылардан істер макеттерін қабылдау

2 . Жауапты мамандар арасында келіп түскен істер макетін, өтініштерді бөлу




3. Іс қағаздары макеттерінің деректерін журналға және СЯСП АИС базасына енгізу, аумақтарға сұраныстар жолдау, «Қазақстанның халықтық жинақтаушы банкі» АҚ-ның және «Қазпошта» АҚ тізілімімен салыстыру




4. Азаматтардың істер макеттерін қарау







5. Азаматтарды зардап шеккен деп танудан бас тарту туралы шешім шығару

6. Зардап шеккен деп танудан бас тарту туралы шешім қабылданған азаматтардың істер макеттерін ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің арнайы комиссияларына қайтару, арызданушыларға хабарлама жолдау

7. Арызданушыға немесе ұйымдарға, кәсіпорындар мен мекемелерге хабарламаларға қол қою




20. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде әкімшілік әрекеттердің логикалық бірізділігі мен ҚФБ арасындағы өзара байланысты көрсететін диаграмма
ҚФБ-2 ҚФБ-5 ҚФБ-7












21. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ұсынылуы тиіс бланкілердің нысандары, бланк шаблондары:

Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен Қазақстан Республикасының азаматтарын тiркеу және есепке алу туралы шешiм жөнiнде хабарлама не болмаса осы Регламентке 6-қосымшаға сәйкес қағаз жеткізгіште мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап, бұрын куәлік алмаған тұлғалар үшін – 5-қосымшаға сәйкес жеңілдіктер мен өтемақылар алу құқығын растайтын куәлік.

^ 5. Мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
22. Мемлекеттік органның лауазымды тұлғалары мемлекеттік қызмет көрсету барысында қабылдаған шешімдері мен әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіпте жауапкершілік алады.
______________________________

«Семей ядролық сынақ

полигонында ядролық

сынақтардың салдарынан

зардап шеккен азаматтарды

тiркеу және есепке алу»

мемлекеттік қызмет

регламентіне

1-қосымша
Астана қаласы бойынша Еңбек

және халықты әлеуметтік қорғау

министрлігі Астана қаласы

бойынша департаментінің

директорына

______мекен-жайы бойынша тұратын
жеке басын куәландыратын құжат

ЖИН/СТН_______________________

жеке шот №____________________

банктiң атауы____________________
Өтініш

Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың
салдарынан зардап шегушi ретiнде бiржолғы ақшалай
өтемақы (бұдан әрi – өтемақы) тағайындауды сұраймын.

____________жылдан__________жылды қоса алғанда радиациялық әсер аймағының_____________аумағында тұрдым.

Өтiнiшке жоғарыда көрсетiлген аумақтарда тұру фактiсiн
растайтын мынадай құжаттарды қоса берiп отырмын.

Ұсынылған құжаттар үшiн толық жауапкершілік аламын.
      1993 жылдан бастап қазiргi уақытқа дейiнгi кезеңде өтемақы
алған жоқпын __________________________________________________

(алған жағдайда алынған өтемақының сомасы көрсетiледi)

Қоса беремін:

Күні _________________    Қолы__________________

-----------------------------------------------------------------------------------------------------
                         (кесу сызығы)

Азамат_______________________өтiнiшi қоса берiлген құжаттарымен

«__»____________20___жылы______данада қабылданды

______________________________________________________________
                    (құжаттарды қабылдаған адамның лауазымы, Т.А.Ә.)
___________________________________

«Семей ядролық сынақ

полигонында ядролық

сынақтардың салдарынан

зардап шеккен азаматтарды

тiркеу және есепке алу»

мемлекеттік қызмет

регламентіне

2-қосымша


Біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы алу үшін азаматтарды тіркеу журналы


Р/с№

Өтініш беруші-нің Т.А.Ә.

Өтініш беруші-нің туған жылы

Өтініш берушінің санаты (жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін, зейнеткер, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы)

Өтініш қабыл-даған күн

^ Радиациялық қатер аймағында тұру

Ұсыныл-ған құжаттар тізбесі (нөмірі, күні және берген орган көрсетіл-ген)

Іс қағаздар макетін ұсынған ұйымның, кәсіпорын-ның және мекеме-нің атауы

^ Ар-найы комис-сияның шешімі

жыл-дар

аймақ

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10


 

_____________________________________

«Семей ядролық сынақ

полигонында ядролық

сынақтардың салдарынан

зардап шеккен азаматтарды

тiркеу және есепке алу»

мемлекеттік қызмет

регламентіне

3-қосымша

Кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң комиссияларына іс қағаздар макеттерін тапсырған азаматтардың тізімі


    _______________________________________________________,
            (кәсiпорынның, ұйымның, мекеменiң атауы)
            

Р/с


Өтiнiш берушiнiң
Т.А.Ә.


^ Туған жылы

Тұратын жерi

Іс қағазын-
дағы парақ
саны


1

2

3

4

5



Берген:
Комиссияның төрағасы:_____________________
Комиссияның хатшысы:______________________


Күні ___________________________
М.О. (кәсiпорынның, ұйымның, мекеменiң)
Қабылдап алған:___________________________
Арнайы комиссияның хатшысы:_______________

Күні ___________________________
М.О.
_________________________________

          


«Семей ядролық сынақ

полигонында ядролық

сынақтардың салдарынан

зардап шеккен азаматтарды

тiркеу және есепке алу»

мемлекеттік қызмет

регламентіне

4-қосымша

Астана қаласы ___________ ауданы әкiмiнiң

жанындағы арнайы комиссияның Қазақстан Республикасының
      азаматтарын Семей ядролық сынақ полигонында ядролық
        сынақтардың салдарынан зардап шеккен деп тану
          (танудан бас тарту) туралы шешiмi



               № _____ хаттамаға, күнi___________

  1. Азамат_____________________________________________________

___________бастап ____________ дейiн _________________радиациялық қатер аймағында тұрған кезеңi iшiнде Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушi деп саналсын.

      2. «Қазақстан Халық Банкi» АҚ-мен салыстырып тексеру қорытындылары бойынша_______теңгерiмнен тыс шотты жабу қажет деп санаймыз.

3. Азамат____________________________________________________:

1) 1993 жылдан бастап осы уақытқа дейiнгi кезеңде өтемақы төлеу жүргiзілген жоқ/жүргiзiлдi (қажеттiсiнiң астын сызу).

_______________теңге___________тиын сомасында жүргiзiлген.

2) _______________теңге___________тиын жалпы сомасында теңгерiмнен тыс арнайы шотқа есептелген, бiрақ төленбеген.

4. Азамат__________________________Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шегушi ретiнде тiркеуден бас тартылсын.

5. Қабылданған шешiм жөнiнде өтiнiш берушi хабардар етiлсiн.
Комиссияның төрағасы______________________

Комиссияның мүшелерi______________________

Мөр орны
______________________________________

«Семей ядролық сынақ

полигонында ядролық

сынақтардың салдарынан

зардап шеккен азаматтарды

тiркеу және есепке алу»

мемлекеттік қызмет

регламентіне

5-қосымша

Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен тұлғаның жеңілдіктер алу құқығын растайтын

куәлік
cерия ______________________________ № ______________________________

Тегі ________________________________________________________________

Аты ________________________________________________________________

Әкесінің аты _________________________________________________________

Туған жылы _________________________________________________________

19 ___________жылдан бастап ____________ жылға дейiн ______________ қатер аймағында __________________________________________ орналасқан, 19 ___________жылдан бастап 19____________ жылға дейiн ______________ қатер аймағында __________________________________________ орналасқан _______________тұрдым. ____________________________________________________________________

(куәлік берген мекеме)

Берген күні М.О. Қолы

Куәліктің мерзімі шексіз және Қазақстан Республикасының барлық аумағында әрекет етеді.
____________________________________

«Семей ядролық сынақ

полигонында ядролық

сынақтардың салдарынан

зардап шеккен азаматтарды

тiркеу және есепке алу»

мемлекеттік қызмет

регламентіне

6-қосымша

___________________________________

( атауы)
Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу бойынша Астана қаласы «____________» ауданының арнайы комиссия отырысының 20 _____ жылғы «____» ___________ № ____ хаттамасы негізінде __________________________

(зардап шеккен деп тану немесе танудан бас тарту туралы, егер бас тартылса – бас тарту негіздемесі) шешім қабылданғанын хабардар етеміз.

Біржолғы ақшалай өтемақы тағайындау үшін іс қағаздарының макеттері өтемақы төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымға (ЗТМО) жолданды.

«Астана қаласының

Жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасы»

мемлекеттік мекемесі

бастығының орынбасары
_____________________________________





Похожие:

«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» регламентінде...
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» регламентінде...
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік...
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу мемлекеттiк қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік...
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет стандарты
Мемлекеттік қызметті мекенжайлары осы «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу...
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті icon1-қосымша Мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгі стандарты Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу.»
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік қызметінің регламенті
Осы «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу және есепке алу» мемлекеттік...
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті icon«Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, және есепке алу» мемлекеттік қызметінің регламенті
Семей ядролық сынақ полигонында зардап шеккен азаматтардың құжаттарын тіркеуге алу жөнінде (мұнан әрі – Регламент) келесі ұғымдар...
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті iconСемей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды есепке алу және тіркеу туралы ақпарат «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы»
Олигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы 1992 жылғы 18 желтоқсандағы №1787-хіі...
«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті icon2 «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу» мемлекеттiк қызмет стандарты

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы