«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»



Название«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
страница1/7
Дата конвертации25.08.2014
Размер0.79 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің            
2011 жылғы 7 сәуірде      
№ 394 қаулысымен       
бекітілген          

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – стандарт) 1-қосымшада көрсетілген Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді. Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаса, өтініш беруші мемлекеттік қызмет алу үшін кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің әкіміне (бұдан әрі – ауылдық округтің әкімі) өтініш жасайды.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      3. Мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы ^ Заңының 2-бабы 1-тармағының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы № 1685 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу ережесінің 2-тарауының, «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің http://www.enbek.gov.kz интернет-ресурсында, уәкілетті органның, ауылдық округ әкімінің стенділерінде, ресми ақпарат көздерінде орналастырылады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі тұтынушыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау туралы хабарлама не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз жеткізгіштегі дәлелді жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға: жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға, босқындарға, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға (бұдан әрі – тұтынушыларға) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) тұтынушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      уәкілетті органға - жеті жұмыс күні ішінде;
      тұрғылықты жері бойынша селолық округтың әкіміне - жиырма екі жұмыс күнінен кешіктірмей;
      2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алғанға дейін кезекте күтудің ең жоғары шекті уақыты бір өтініш берушіге қызмет көрсетуге 15 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;
      3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақ шекті уақыты – 15 минуттан аспайды.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.16 № 65 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Уәкілетті органның, ауылдық округ әкімінің жұмыс кестесі: демалыс (сенбі, жексенбі) және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органның немесе ауылдық округ әкімінің үй-жайында көрсетіледі, онда орындықтар, үстелдер, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стенділер болады, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдай жасалған.
      Уәкілетті органның және ауылдық округ әкімінің үй-жайы санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттардың қауіпсіздік, оның ішінде өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай болады, үй-жайға кіру режимі – еркін.

^ 2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі

      11. Тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректемелері көрсетілген белгіленген үлгідегі өтініш, әлеуметтік жеке кодтың нөмірі;
      2) белгіленген үлгідегі отбасы құрамы туралы мәліметтер;
      3) белгіленген үлгідегі отбасы мүшелері алған табыстары туралы мәліметтер;
      4) белгіленген үлгідегі жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы мәліметтер;
      5) өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі не мекенжай анықтамасы не селолық және/немесе ауылдық әкімдердің анықтамасы;
      6) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда әлеуметтік келісімшарттың көшірмесі.
      Атаулы әлеуметтік көмек алу құқығы тоқсан сайын табыс туралы құжаттарды берумен расталып отырады.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.01.16 № 65 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      12. Уәкілетті органда өтініш нысандары күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады. Ауылдық округтің әкімінде өтініш нысандары құжаттарды қабылдайтын қызметкерде болады.
      13. Мемлекеттік қызмет алу үшін қажетті өтініштің толтырылған нысаны мен басқа да құжаттар заңды мекенжайы, телефоны осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген уәкілетті органның жауапты адамына немесе тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне тапсырылады. Жауапты адамдардың кабинет нөмірлері туралы мәліметтер уәкілетті органның мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі ақпараты орналастырылған стендісінде ілінген.
      14. Барлық қажетті құжаттарды тапсырғаннан кейін уәкілетті органда немесе ауылдық округ әкімінде тұтынушыға мемлекеттік қызметке тұтынушыны тіркелген және алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
      15. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаны жеткізу тұрғылықты жері бойынша уәкілетті органға немесе ауылдық округ әкіміне тұтынушының өзі келгенде не пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады.
      16. Мынадай:
      1) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы белгіленген кедейлік шегінен асатын жағдайда;
      2) мүгедектерді және стационарлық емделуде бір айдан астам уақыт кезеңінде болатын адамдарды, күндізгі оқу нысанында оқитын оқушыларды, студенттерді, тыңдаушыларды, курсанттар мен магистранттарды, сондай-ақ I және II топтардағы мүгедектерді, сексен жастан асқан адамдарды, жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын азаматтарды қоспағанда, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдарда тіркелмеген жұмыссыздарға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысудан жазбаша түрде бас тартқан Қазақстан Республикасының еңбекке жарамды азаматтарына;
      3) уәкілетті органдар ұсынған жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналастырудан, кәсіби даярлаудан, қайта даярлаудан, біліктілігін арттырудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, осындай жұмыстарға қатысуды және оқуды өз бетінше тоқтатқан жұмыссыздарға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылады.
      Жұмыссыз адам жұмысқа, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орнына немесе қоғамдық жұмысқа орналасқан, кәсіби даярлауға, қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілген күннен бастап, ал Қазақстан Республикасының еңбекке жарамды азаматтары жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан күннен бастап атаулы әлеуметтік көмек қайта қалпына келтіріледі.
      Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер көзделмеген.
      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.01.16 № 65 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

^ 3. Жұмыс қағидаттары

      17. Уәкілетті органның және ауылдық округ әкімінің қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезінде заңдылықтың сақталу қағидаттарына негiзделедi және сыпайылық, толық ақпараттың берілуін, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.

^ 4. Жұмыс нәтижелері

      18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа мен тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Уәкілетті органның және ауылдық округ әкімінің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы мен тиімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

^ 5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданудың тәртібін түсіндіретін және шағымды дайындауда жәрдем көрсететін мемлекеттік органдардың атаулары, олардың заңды мекенжайлары, электронды поштасының мекенжайлары, телефон нөмірлері осы стандартқа 1, 3-қосымшаларда көрсетілген.
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда шағым атауы, жұмыс кестесі, телефондары, электронды поштасының мекенжайы осы стандартқа 4-қосымшада көрсетілген аталған мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жауапты жоғары тұрған уәкілетті орган басшысының атына беріледі.
      22. Қызмет дөрекі көрсетілген жағдайларда шағым кабинет нөмірі уәкілетті органның, облыс әкімі аппаратының, орталықтың стендісінде көрсетілген уәкілетті органның, облыс әкімі аппаратының, орталық басшысының атына немесе ауылдық округ әкіміне беріледі. Уәкілетті органның жұмыс кестесі, заңды мекенжайы, телефоны, электронды поштасының мекенжайы, облыс әкімі аппаратының және орталықтың телефоны мен мекенжайы осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген.
      23. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда тұтынушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
      24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы көрсетіледі. Шағымға тұтынушы қол қоюға тиіс. Шағым берілгенде қызметіне шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты, өтініш беру және талап ету себептері көрсетіледі.
      25. Жазбаша шағым берген өтініш берушіге берілген шағымға жауап алуға болатын күні және уақыты, шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.
      26. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, сол жақ жағалау, Орынбор көшесі, № 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, интернет-ресурс: www.enbek.gov.kz.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік     
көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет 
стандартына 1-қосымша        

^ Уәкілетті органдардың тізбесі

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.17 N 1059 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

^ Ақмола облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, электронды поштаның мекенжайы)

Телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Ақкөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 81 akkol_ozsp@mail.ru

8-71638 2-10-48

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда, аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

2

Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Аршалы ауданы, Аршалы ауылы, Тәшенов көшесі, 47 arshaly_rotz@kokshetau. online.kz

8-71644 2-13-76

3

Астрахан ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 50 astr_socz@kokshetau. online.kz

8-71641 2-25-34

4

Атбасар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Ағыбай батыр көшесі, 50 atb_rotziszn@kokshetau. online.kz

8-71643 2-45-69

5

Бұланды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Некрасов көшесі, 19 bulandy_rozsp@mail.ru

8-71646 2-14-26




6

Егіндікөл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 6 egindykol_ozsp@mail.ru

8-71642 2-15-44

7

Еңбекшілдер ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Ленин көшесі, 64 oz_sp.enbek@bk.ru

8-71639 2-21-29

8

Ерейментау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Кенесары көшесі, 87 eremzsp@mail.ru

8-71633 2-37-44

9

Есіл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Есіл ауданы, Есіл қаласы, Қонаев көшесі, 5 esil_sobes@mail.ru sobes@kokshetau.online. кz

8-71647 2-16-57

10

Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Достық көшесі, 3 soc_zahita_21@kokshetau.online.kz socasp@mail.ru

8-71635 2-13-00

11

Жарқайың ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Жарқайың ауданы, Державин қаласы, Ленин көшесі, 32 rusz_irk@kokshetau. оnline.kz

8-71648 9-17-02

12

Зеренді ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Бейбітшілік көшесі, 64 sobes_zer_08@mail.ru

8-71632 2-11-68

13

Қорғалжын ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Балғамбаев көшесі, 9 kszn@kokshetau.online.kz

8-71637 2-11-83




14

Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Ленин көшесі, 117 Sondyktau_OZSP @kokshetau.online.kz

8-71640 9-17-43

15

Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15 otdelakmol@mail.ru

8-71651 3-11-10

16

Шортанды ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Шортанды ауданы, Шортанды кенті, Абылайхан көшесі, 22 shortsobes@mail.ru

8-71631 2-19-75

17

Бурабай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, 8 наурыз көшесі, 24 soczachita@ kokshetau. оnline.kz

8-71636 4-27-68

18

Степногор қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Степногор қаласы, 4-шағын аудан soc_progr@mail.ru

8-71645 6-26-33 6-20-30

19

Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Көкшетау қаласы, Локомативная көшесі, 9 а Sobes_kokshe@kokshetau.оnline.kz

8-71623 1-92-76 1-92-78

^ Ақтөбе облысының аудандық, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері

Р/с №

Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, электронды поштаның мекенжайы)

Телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

1

Әйтеке би ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылы, Балдырған көшесі, 10 aitekebi_ozisp@mail.ru

8-71339 2-12-18 2-14-69

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда,аптасына бес күн сағат 9-00 бастап 18-00 дейін, түскі үзіліс сағат 13-00 бастап 14-00 дейін

2

Алға ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Алға ауданы, Алға қаласы, Сейфуллин көшесі, 17 alga_zanytos@mail.ru

8-71337 3-11-52 3-14-07

3

Байғанин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Байғанин ауданы, Байғанин кенті, Қонаев көшесі, 37 aset2306@mail.ru

8-71345 2-25-73 2-24-33

4

Ырғыз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ырғыз ауданы, Ырғыз кенті, Әбілхайыр хан көшесі, 52 irgizsobez@mail.ru

8-71343 2-14-81 2-16-50

5

Қарғалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Патсайы көшесі, 11а kargala_zzsp@mail.ru

8-71342 2-22-98 2-27-31

6

Қобда ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Қобда ауданы, Қобда кенті, Әбілхайыр хан көшесі, 47 hobda6161@mail.ru hobda_sobes@mail.ru

8-71341 2-13-24 2-10-06

7

Мәртөк ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Мәртөк ауданы, Мәртөк ауылы, Сейфуллин көшесі, 38 kazaevanatalja@mail.ru

8-71331 2-16-37 2-28-15

8

Мұғалжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Шынтасов көшесі, 2 zhamald@mail.ru

8-71333 3-62-02 3-68-62

9

Темір ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Темір ауданы, Шұбарқұдық кенті, Байғанин көшесі 13 temir-sobes@mail.ru

8-71346 2-30-93 2-22-95

10

Ойыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Ойыл ауданы, Ойыл ауылы, Көкжар көшесі, 69s_nauyrizbaev@mail.ru

8-71332 2-19-42 2-19-45

11

Хромтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Хромтау ауданы, Хромтау қаласы, Жеңіс даңғылы, 4 hromtay_s@mail.ru

8-71336 2-16-57 2-18-63

12

Шалқар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Шалқар ауданы, Шалқар қаласы, Үргенішбаев көшесі,13 shalkarsobes77@yandex.ru

8-71335 2-30-11 2-15-77

13

Ақтөбе қ. жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030000, Ақтөбе қ., Ағайынды Жұбановтар көшесі, 289 А

87132
51-22-49,
51-64-18
  1   2   3   4   5   6   7



Похожие:

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
...
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы»...
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаса, өтініш беруші мемлекеттік қызмет алу үшін кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің...
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаса, өтініш беруші мемлекеттік қызмет алу үшін кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округтің...
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы: «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартының жобасы
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі...
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Жао), баламалы негізде «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – ЭҮП) арқылы көрсетіледі
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі Регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін...
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайы осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» регламентінде (бұдан әрі Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы