Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «II, III және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызметі icon

Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «II, III және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызметі



НазваниеОңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «II, III және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызметі
Дата конвертации01.01.2013
Размер204.98 Kb.
ТипКодекс
источник






Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат

пайдалануды реттеу басқармасының «II, III және IV санат объектілері үшін
мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»
мемлекеттік қызметі
регламентінің жобасы


1. Негізгі ұғымдар


1. Терминдер мен аббревиатуралардың анықтамасы:

  1. Кодекс – Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы
    212-III «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі»;

  2. ҚФБ - құрылымдық-функционалдық бірліктер (мемлекеттік органдар, ұйымдар және т.б.);

  3. қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) - шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған орта мен адам денсаулығына ықтимал салдарлары бағаланатын, Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптары ескеріле отырып, қолайсыз зардаптарды (табиғи экологиялық жүйелер мен табиғи ресурстардың жойылуын, жұтаңдауын, бүлінуін және сарқылуын) болдырмау, қоршаған ортаны сауықтыру жөніндегі шаралар әзірленетін рәсім;

  4. регламент – «II, III және IV санат объектілері үшін
    мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызметтің ішкі тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акт;

  5. тұтынушы – ІІ, ІІІ және IV санат объектілері бар жеке немесе заңды тұлға.

 

^ 2. Жалпы ереже

 

  1. Мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы:

II, III және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру (бұдан әрімемлекеттік қызмет) - көзделiп отырған шаруашылық және өзге де қызметтiң қоршаған орта сапасының нормативтерiне және экологиялық талаптарға сәйкестiгiн белгiлеу, сондай-ақ осы қызметтiң қоршаған ортаға тигiзуi мүмкiн қолайсыз әсерлерiнiң және олармен байланысты әлеуметтiк салдарлардың алдын алу мақсатында экологиялық сараптама объектiсiн iске асыруға жол берiлуiн айқындайтын рәсім.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органның атауы:

«ОҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті орган).

  1. Көрсететін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.

  2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге негіз болатын нормативтік құқықтық актінің атауы, бабы (тармағы) және баптың (тармақтың) мазмұны:

мемлекеттік қызмет Кодекстің 48-б. 2-т. және 20-б. 3) т. және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 тамыздағы №1033 қаулысымен бекітілген «II, III және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес көрсетіледі (бұдан әрі – стандарт).

  1. Тұтынушы алатын мемлекеттік қызметтің қорытындысы және ұсыну түрі:

мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі II, III және
IV санат объектілері үшін «келісіледі/келісілмейді» нәтижесімен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын электронды түрде немесе қағаз тасығышта беру.

7. Мемлекеттік органдардың және басқа да мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне енгізілген субъектілердің тізбесі:

мемлекеттік қызметті көрсету кезінде басқа мемлекеттік органдар қатыспайды.


^ 3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар


  1. Мемлекеттік органның, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үшін хабарласу қажет болатын басқа да мүдделі органдардың орналасқан жері және жұмыс кестесі:

Уәкілетті орган Шымкент қаласы Желтоқсан көшесі, н/ж бойында орналасқан. Жұмыс кестесі: жұмыс күндерінде 900–дан - 1900 -ге дейін, түскі үзіліс 1300-1500 аралығында. Тел.: (87252)214463, факс. (87252)534201.

Ресми сайт www.priroda-uko.kz

9. Мемлекеттік қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету барысы туралы мәселелер жөнінде ақпарат алу тәртібі:

мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпаратты мемлекеттік қызметті алушылар осы регламенттің 8 тармағында көрсетілген уәкілетті органның орналасу жері бойынша алады.

Қосымша ақпарат уәкілетті органның интернет-ресурсында орналасқан.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері стандарттың 7 тармағында көрсетілген.

11. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға, оның ішінде құжаттар қабылдаудан және қарастырудан бас тартуға негіздеме стандарттың 16 тармағында көрсетілген.

12. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін тұтынушыдан сауал алған кезден бастап мемлекеттік қызметтің қорытындысын шығару кезіне дейін мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру мынадай тәртіппен жүргізіледі:

1) қызметті тұтынушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу, құжаттарды уәкілетті орган басшысының немесе басшының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесіне беру;

2) құжаттарды қарайтын құрылымдық бөлімшені анықтау және оның бастығына құжаттарды жолдау;

3) құжаттарды орындайтын жауапты орындаушыны анықтау және оған құжаттарды тапсыру;

4) ұсынылған құжаттар тізбесін және жобаның Кодекстің талаптарына және оны іске асыруға қабылданған нормативтік-құқықтық актілерге сәйкестігіне қарау, ұсынылған құжаттарды қайтару үшін негіздің жоқ болуын анықтау;

5) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын дайындау немесе ұсынылған құжаттарды қайтаруға негіз болған жағдайда хатты ресімдеу;

6) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын немесе қайтару хатын уәкілетті органның ресми бланкісінде басып шығару және қол қойдырту;

7) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын немесе қайтару хатын уәкілетті органның кеңсесінде тіркеу;

8) мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру немесе қайтару хатын пошта арқылы жолдау.

13) Мемлекеттік қызметті көрсету үшін уәкілетті органда құжаттарды қабылдайтын тұлғалардың ең минималды саны – бір қызметкер.


^ 4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау


14. Кіріс хат-хабарды ресімдеу тәртібі және мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетуге жазған сауалын (өтінімін) қабылдау (тіркеу) туралы ақпарат алу:

Құжаттарлы қабылдау уәкілетті органның кеңсесі арқылы осы регламенттің 8-тармағында көрсетілген уақыт және мекенжайлар бойынша жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде кеңсенің қызметкері кіріс құжаттары есебі кітабына / Lotus электрондық дерек қорға ілеспе хат (өтінім) түскен кезде тиісті жазылым кіргізеді.

Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсыру растамасы уәкілетті органның кеңсесінде тіркеу мөртабаны бар (кіріс нөмірі, күні және қоса берілген құжаттар саны) мемлекеттік қызмет алушының өтінім көшірмесі болып табылады.

15. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың, нысандардың, қалыптардың тізбесі:

Мемлекеттік қызмет алу үшін мемлекеттік қызметті алушы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

16. Ақпараттық қауіпсіздікке талаптар жоқ.

17. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ):

1) уәкілетті органның кеңсесі;

2) уәкілетті органның басшысы;

3) уәкілетті органы басшысының орынбасары;

4) құрылымдық бөлімшенің бастығы;

5) құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы.

18. Әкімшілік іс-әрекетінің (рәсімінің) ҚФБ әкімшілік іс-әрекетінің (рәсімінің) кезектілігі мен өзара әрекет етуінің сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

19. Функционалдық өзара әрекеттесу диаграммасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

 20. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 114-ө бұйрығымен бекітілген МЭС қорытындысының нысаны осы регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.


^ 5. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі


21. Мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін жауапты тұлғалар уәкілетті органның лауазымды тұлғалары болып табылады.

Лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметті көрсетуді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы заңнамасымен қаралған тәртіпте жауапты болады.


«II, III және IV санат объектілері үшін
мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне 1-қосымша


^ 1-ші кесте. ҚФБ-ның іс-әрекеттерінің сипаты


 Негізгі үдерістің іс-әрекеті (жүрісі, жұмыстың ағымы)




Іс-әрекеттің №

(жүрісі, жұмыстың ағымы)

1

2

3

4

5




ҚФБ-ның атауы


Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкерлері

Уәкілетті органның басшысы

Уәкілетті орган басшысының орынбасары

Құрылымдық бөлімшенің басшысы

Жауапты орындаушы




Іс-әрекеттің атауы (үдерістің, рәсімнің,

операцияның) және олардың сипаттамасы

Құжаттарды қабылдау, тіркеу

Корреспонденциямен танысу, жетекші орынбасарды айқындау

Корреспонденциямен танысу, қарау үшін құрылымдық бөлімшені анықтау

Корреспонденциямен танысу, қарау үшін жауапты орындаушыны анықтау

Құжаттардың толымдығын анықтау, мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізу және заңнаманың талаптарына сәйкестігін анықтау




Аяқтау нысаны

(мәлімет, құжат, ұйымдастырушы-басқарушылық

шешім)


Құжаттарды басшыға бұрыштама қою үшін жолдау

Бұрыштама қою, басшының жетекші орынбасарына жолдау

Бұрыштама қою, құрылымдық бөлімшенің басшысына жолдау

Бұрыштама қою, жауапты орындаушыға құжаттарды жолдау

Сәйкес немесе сәйкес емес жөнінде қорытынды дайындау, материалдармен қоса қорытынды жобасын құрылымдық бөлімшенің басшысына жолдау




Орындалу мерзімі

1 сағат

2 сағат

1 сағат

1 сағат

(қорытынды үшін мерзім 1 айдан артық емес, қайтару хатын ресімдеуге 5 жұмыс күнінен артық емес)




Іс-әрекеттің №

(жүрісі, жұмыстың ағымы)

6

7

8

9







ҚФБ-ның атауы


Құрылымдық бөлімшенің басшысы

Жауапты орындаушы

Уәкілетті орган кеңсесінің қызметкерлері


Жауапты орындаушы







Іс-әрекеттің атауы (үдерістің, рәсімнің,

операцияның) және олардың сипаттамасы

Жауапты орындаушының қорытынды жобасына қол қою

Қорытындыны тіркеу үшін кеңсеге жолдау

Қорытындыны тіркеу

Мемлекеттік қызмет алушыға жолдау үшін ұйымдастырушылық іс-әрекеттер







Аяқтау нысаны

(мәлімет, құжат, ұйымдастырушы-басқарушылық

шешім)


Материалдармен қоса қорытынды жобасын жауапты орындаушыға тіркеу үшін кеңсеге қорытындыны жолдау үшін беру

Қорытындыны кеңсеге тіркеу үшін жолдау

Рәсімделген қорытындыны уәкілетті орган басшысының орынбасарына қол қою үшін жолдау

Мемлекеттік қызмет алушыға қорытындыны беру







Орындалу мерзімі

Жұмыс күні барысында

1 сағат

2 сағат

30 мин





 


^ 2-ші кесте. Қолдану нұсқалары. Негізгі үрдіс

 

ҚФБ 1-тобы Уәкілетті органның кеңсесі

ҚФБ 2-тобы Уәкілетті органның басшысы

ҚФБ 3-тобы Уәкілетті органның басшысының орынбасары

ҚФБ 4-тобы Құрылымдық бөлімше

№1 іс-әрекет Құжаттарды қабылдау, өтінімді тіркеу

№2 іс-әрекет Жетекші орынбасарды анықтау

№3 іс-әрекет

Бұрыштама қою және орындау үшін құрылымдық бөлімшені анықтау

№4 іс-әрекет Өтінімдерді қарау, материалдардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау, мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізу, қорытындыны дайындау










№5 іс-әрекет Қорытындыны рәсімдеу










№6 іс-әрекет

Қорытындыға қол қою

№7 іс-әрекет

Қорытындыны тіркеу







№8 іс-әрекет

Мемлекеттік қызмет алушыға қорытындыны беру


 


 


^ 3-ші кесте. Қолдану нұсқалары. Альтернативтік үрдіс

  

ҚФБ 1-тобы Уәкілетті органның кеңсесі

ҚФБ 2-тобы Уәкілетті органның басшысы

ҚФБ 3-тобы Уәкілетті органның басшысының орынбасары

ҚФБ 4-тобы Құрылымдық бөлімше

№1 іс-әрекет Құжаттарды қабылдау, өтінімді тіркеу

№2 іс-әрекет Жетекші орынбасарды анықтау

№3 іс-әрекет

Бұрыштама қою және орындау үшін құрылымдық бөлімшені анықтау

№4 іс-әрекет Өтінімдерді қарау, материалдардың заңнама талаптарына сәйкестігін анықтау, мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізу, дәлелденген бас тартуды дайындау










№5 іс-әрекет

Берілген материалдардың толық емес фактісі анықталған жағдайда хатты ресімдеу







№6 іс-әрекет

Хатқа қол қою




№7 іс-әрекет

Хатты тіркеу және поштамен өтінушіге жолдау












 




«II, III және IV санат объектілері үшін
мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне 2-қосымша


Функционалдық өзара әрекеттесу диаграммасы



1. ^ Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының құжат айналымы бөлімі

Қызметті тұтынушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу

Құжаттарды Басқарма бастығының немесе Басқарма бастығының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесіне беру (1сағ.)

^ 2. Табиғат ресурстары және табиғат пайдалануды реттеу басқарамасы бастығының немесе Басқарма бастығының жетекшілік ететін орынбасарының қабылдау бөлмесі


Танысу, қарар шығару және Басқарманың жауапты бөлімшесіне беру (2 сағат)


^ 3. Басқарманың тиісті бөлімшесінің Уәкілетті басшысы

Құжаттарды қарау және орындаушыға тапсырма беру. Келіп түскен құжаттарды орындаушыға беру. (1 сағ.)




^ 4. Басқарманың тиісті бөлімшесінің Уәкілетті қызметкері (орындаушы)

Құжаттарды заңнамаға сәйкестігіне қарау, құжаттардың толықтығын тексеру, қорытынды жобасын дайындау не негізделген бас тартуды жөнінде хатты ресімдеу

(қорытынды үшін мерзім 1 айдан артық емес, қайтару хатын ресімдеуге 5 жұмыс күнінен артық емес)


^ 6. Басқарманың тиісті бөлімшесінің Уәкілетті қызметкері (орындаушы)

Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру

(30 мин.)

^ 5. Басқарманың тиісті бөлімшесінің Уәкілетті басшысы

Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын тексеру және қол қою (жұмыс күні барысында)


^ 5. Басқарма кеңсесі

Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын тіркеу (1 сағ.)




«II, III және IV санат объектілері үшін
мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»
мемлекеттік қызмет регламентіне 3-қосымша


Өтінім беруші (ұйым атауы)


^ Мемлекеттік экологиялық сараптаманың

қорытындысы


__________________________________________________________________

(жобанның, құжаттың атауы)

__________________________________________________________________


__________________________________________________ материалдар әзірленді

(жобаны әзірлеген ұйым атауы)


Жоба материалдарын тапсырушы ________________________________________________

(тапсырушы ұйымның толық атау, мекен-жайы)


Мемлекеттік экологиялық сараптаманың қарастыруына ұсынылды: __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

(жобалық құжаттаманың атауы, ұсынылған құжаттардың комплектілігін өзге құжаттарды атап шығу)


Материалдардың қарастыруға келіп түскен күні 20___ жылғы ________________ (кірістің тіркелу күні, номірі)


^ Жалпы мағлұматтар

Сараптама объектінің орналасу ауданының физика-географиялық жағдайы, қоршаған ортасының фондық жай-күйі, негізгі техникалық, технологиялық шешімдерінің қысқаша сипаттамасы, сонымен бірге қоршаған ортаға теріс ықпал ететін технологиялық үдерістің сипаттамасы, қазіргі заманғы үздік аналогтарды салыстырумен балама нұсқаларды қарастыру.


Қоршаған ортаға белгіленіп отырған қызметінің әсерін бағалау (ҚОӘБ)

Объектінің ауа ортасына, жер беті және жер асты суларына, жер ресурстарына, өсімдік және жануарлар әлеміне, жер қойнауына әсерін, физикалық әсерін, апаттық жағдайлардың, экологиялық қатердің мүмкіндігі мен ықтималдығына толық сипаттамасы.


Елді мекендердің архитектуралық-жоспарлау құжаттамаларын, инженерлік инфрақұрылымын дамыту сызбасын, қызмет етіп отырған кәсіпорындарды қайта құру (кеңейту) жобаларын қарастыру кезінде қоршаған табиғи ортаға әсер ету бөлігінің барлық көрсеткіштері қазіргі күнгі жағдайы, сонымен қатар есептік мерзім жағдайы бойынша беріледі.


^ Ескертулер мен ұсыныстар

Ескертулерді дайындау кезінде белгіленген өндірісті орналастыру ауданына қалыптасқан экологиялық жағдайды ескере отырып ұсынылатын айрықша талаптар ескерілуі қажет.

Қарастырылып отырған құжаттамалар бойынша бар ескертулер тізбесі блоктарға тоқталады:

  • жобаның негізгі ережелерінің бөлігіндегі ескертулер;

  • белгіленіп отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау бөлігіндегі ескертулер, соның ішінде:

  • ауа бассейнін қорғау;

  • су ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану;

  • жер ресурстарын қорғау;

  • өсімдік және жануарлар әлемін қорғау;

  • халық денсаулығын және өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын сақтау.


Тұжырым

Ұсынылған құжаттаманы келісу немесе келісуден бас тарту жөнінде мемлекеттік экологиялық сараптама органының қорытындысы қалыптасады.


Жергілікті атқару органының

Сарапшылық құрылымының басшысы қолы аты-жөні


Орындаушы:

Сараптаманы жүргізген мемлекеттік

Экологиялық сараптаманың сарапшысы

(сарапшылық комииссия)

(аты-жөні, атқаратын лауазымы)


*Ескертпе: Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің (аумақтық құрылым) немесе жергілікті атқару органы құрылымының ресми бланкісінде рәсімделеді.



Похожие:

Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «II, III және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызметі icon«II, III және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі арқылы және «электрондық үкіметтің»...
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «II, III және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызметі iconОңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының ІІ, ІІІ және IV санат объектілері
Кодекс – «Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы №212-iii кодексі
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «II, III және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызметі icon«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің
Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «II, III және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызметі iconОңтүстік Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға стратегиялық жоспары
Түстік Қазақстан облысы аумағындағы табиғи ресурстарды мемлекеттік басқару және табиғат пайдалануды реттеу, сондай-ақ қоршаған ортаны...
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «II, III және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызметі icon«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру»
«Батыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – уәкілетті...
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «II, III және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызметі icon«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» электрондық мемлекеттiк қызмет регламентi
«ІІ, ІІІ және ІV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «II, III және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызметі icon«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызмет регламенті Негізгі ұғымдар Осы «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»
Осы «II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) регламентінде...
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «II, III және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызметі iconРегламентіне 2 қосымша
«II, III және IV санат объектілері үшін «Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру»мемлекттік қызмет
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «II, III және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызметі icon«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер «ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру»
Не IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» электрондық мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – электрондық мемлекеттік...
Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «II, III және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» мемлекеттік қызметі iconПавлодар облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Павлодар облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының миссиясы – қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы