«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті icon

«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті



Название«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті
страница1/4
Дата конвертации28.05.2013
Размер0.58 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4







Ақтөбе облысы әкімдігінің

2012 жылғы _____23.11.______

№ ___417____ қаулысымен

бекітілген



«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға

мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау»

мемлекеттік қызмет регламенті


1. Негізгі ұғымдар


1. Осы «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» регламентінде (бұдан әрі - Регламент) мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) тұтынушы - жеке тұлғалар, 18 жасқа дейінгі балалары бар, отбасының жан басына шаққандағы табысы азық-түлік себеті құнынан төмен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары және оралмандар;

2) отбасының жиынтық табысы - отбасының ақшалай да, заттай да нысанда алған табысының жалпы сомасы;

3) отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

4) «жалғыз терезе» қағидаты - өтініш берушілердің мемлекеттік қызметтерді алуға құқығын растайтын құжаттар мен анықтамаларды ұсыну және әр түрлі инстанциялардан жинау барысында өтініш берушілерді шығарып тастау немесе барынша шектеуді қарастыратын мемлекеттік қызметтерді ұсыну;

5) халыққа қызмет көрсету орталығы - қызметінің негізгі мәні «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және ресімделген құжаттарды беру жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету болып табылатын мемлекеттік мекеме (бұдан әрi - ХҚКО);

6) құрылымдық-функционалдық бірліктер - электрондық мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын, уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер немесе олардың ішкі жүйелері (бұдан әрі - ҚФБ).


^ 2. Жалпы ережелер


2. Мемлекеттік қызметтің нормативтік құқықтық анықтамасы:

18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау.

3. «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет тұтынушының тұрғылықты жері бойынша Ақтөбе облысының қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді, уәкілетті органдардың мекенжайлары тізбесі осы Регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.

Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті орган болмаған жағдайда тұтынушы мемлекеттік қызмет алу үшін кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкіміне (бұдан әрі - ауылдық округтің әкімі) өтініш жасайды, олардың мекенжайлар тізбесі осы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетіледі. Орталықтың мекенжайлары осы Регламенттің 3-қосымшасында көрсетілген.

4. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

5. Сұраныстың қай тілде рәсімделуіне байланысты, мемлекеттік қызметтің көрсетілуі мемлекеттік және/немесе орыс тілдерінде жүргізіледі.

6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы «Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар туралы» Заңының 4-бабы 1-тармағы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 қарашадағы № 1092 қаулысымен бекітілген «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу ережесі» негізінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» қаулысына 2012 жылғы 17 тамызда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып көрсетіледі.

7. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы тағайындау туралы қағаз жеткізгіште хабарландыру, немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.


^ 3. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар


8. Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсету туралы ақпарат алу үшін, уәкілетті лауазымды адамдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданудың тәртібін түсіндіретін, сондай-ақ керек жағдайда мемлекеттік қызметтін сапасын бағалауға, тұтынушы уәкілетті органға, ауылдық округ әкіміне немесе Орталыққа жолығуына болады, атауы, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмірлері, электронды поштасының мекенжайлары осы Регламенттің 1, 2, 3-қосымшаларында көрсетілген.

9. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) тұтынушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап:

уәкілетті органға - он жұмыс күні ішінде;

тұрғылықты жері бойынша ауылдық округ әкіміне - күнтізбелік отыз күннен аспайды;

Орталыққа - он жұмыс күні ішінде (мемлекеттік қызметке құжат қабылдау және беру (нәтиже) күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);

2) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің жол берілетін ең көп уақыты бір тұтынушыға қызмет көрсетуге уәкілетті органда, ауылдық округтің әкімінде 15 минуттан, Орталықта 30 минуттан есептегенде кезектегі адамдардың санына байланысты болады;

3) тұтынушы өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет тұтынушыға қызмет көрсетудің жол берілетін ең көп уақыты уәкілетті органда, ауылдық округтің әкімінде 15 минуттан аспайды, Орталықта - 30 минут.

10. Уәкілетті орган:

1) егер әкесi немесе анасы (асырап алушылар) бiрiншi, екiншi топтағы мүгедектердiң, мүгедек балалардың, сексен жастан асқан адамдардың, үш жасқа дейiнгi баланың күтiмiмен айналысатын жағдайларды қоспағанда, баланың еңбекке жарамды ата-анасы (асырап алушылар) жұмыс iстемейтін, күндiзгi оқу бөлiмiнде оқымайтын, әскерде қызметiн өткермейтiн және уәкілетті органда жұмыссыз ретiнде тiркелмеген болса;

2) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы азық-түлік себетінің белгіленген құнынан асып түскен жағдайда жәрдемақы тағайындаудан бас тартады.

Мемлекеттік қызметті көрсетуді тоқтату үшін мыналар негіздеме болып табылады:

  1. баланың қайтыс болуы;

  2. баланы толық мемлекет қарауына алу;

  3. өтініш берушінің жәрдемақыны заңсыз тағайындауға әкеп соқтыратын жалған мәліметтерді беруі;

  4. Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру немесе шектеу, бала асырап алуды (қыз асырап алуды) заңсыз деп тану немесе жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өздерінің міндеттерін орындаудан босату немесе шеттету.

Мемлекеттік қызметті Орталық арқылы көрсеткен кезде уәкілетті орган жоғарыда аталған себептер бойынша бас тарту себебін жазбаша дәлелдейді және құжаттар пакетін алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қайтарады және кейіннен тұтынушыға беру үшін Орталыққа жібереді.

Құжаттардың рәсімделуінде қателер анықталған кезде, құжаттар пакетін толық ұсынбаған және құжаттар дұрыс рәсімделмеген жағдайда құжаттар пакетін алған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде қайтарады және кейіннен тұтынушыға беру үшін Орталыққа жібереді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтата тұру үшін негіздемелер жоқ.

11. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:

1) тұтынушы уәкілетті органға, ауылдық округтің әкіміне немесе Орталыққа өтініш береді;

2) Орталық инспекторы өтінішті тіркейді, Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы құжаттарды уәкілетті органға жібереді.

Құжаттар пакетін Орталықтан уәкілетті органына жіберілгенін сканер штрихкодтың көмегімен белгілейді, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құжаттардың қозғалысын қадағалауға мүмкіндік береді.

3) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері Орталық ақпараттық жүйесінде тіркейді (уәкілетті органында өзінін ақпараттық жүйесі жоқ жағдайда) және алынған құжаттардың тіркеуін жүргізеді және қарау үшін басшыға жібереді;

4) анықтап қарағаннан кейін уәкілетті органның басшысы жауапты орындаушыға тапсырма береді;

5) уәкілетті органның жауапты орындаушысы құжаттардың толық және дұрыс толтырылуын тексереді, хабарландыруды рәсімдейді немесе дәлелденген бас тартуды дайындайды, сосын уәкілетті органның басшысына қол қоюға жібереді;

6) уәкілетті органның басшысы хабарландыруға немесе дәлелденген бас тартуға қол қояды және уәкілетті органның кеңсесіне жібереді;

7) кеңсесінің қызметкері хабарландыруды немесе дәлелді бас тартуды тіркейді, мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін ауылдық округ әкіміне, Орталыққа жібереді немесе уәкілетті органға өтініш жасағанда тұтынушыға береді.

Уәкілетті органнан алған мемлекеттік қызметтің дайын нәтижесін Орталық сканер штрихкодтың көмегімен келген құжаттарды белгілейді.

8) Орталық тұтынушыға хабарландыруды немесе дәлелденген бас тартуды береді.

12. Мемлекеттік қызмет көрсету үшін тұтынушының құжаттарын қабылдауды уәкілеттік органында, ауылдық округ әкімінде және Орталықта жұмыс кестесі бойынша жұмыс күннің ішінде бір қызметкер жүзеге асырады.


^ 4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі іс-әрекет (өзара іс-қимыл) тәртібін сипаттау


13. Тұтынушының талапқа сай құжаттарын қабылдау және тіркеу уәкілетті органның, ауылдық округ әкімі кеңсесінің қызметкері ол Орталықта «жалғыз терезе» қағидаты бойынша өтініштерді қабылдау және рәсімделген құжаттарды беру жөніндегі Орталық инспекторы жүзеге асырады.

Тұтынушыға мынаулар беріледі:

1) уәкілеттік органда немесе ауылдық округ әкімінде - тіркеу нөмірі, күні және парақ саны құжаттарды қабылдаған қызметкердің тегі мен аты-жөні көрсетілген талон;

2) Орталықта - сауалдың нөмірі мен қабылдаған күні, қызметтің түрі, қоса берілген құжаттардың саны мен атауы, құжаттар берілген күні, уақыты және жері, құжаттарды қабылдаған Орталық инспектордың тегі, аты-жөні көрсетілген қолхат.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі туралы хабарлау тұтынушының уәкілетті органға немесе ауылдық округтің әкіміне жеке өзінің баруы арқылы, немесе пошталық хабарлама арқылы жүзеге асырылады.

14. Мемлекеттік қызмет алу үшін тұтынушы «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет стандартының 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.

Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары тұтынушыға қайтарылады.

Ата-аналардың, қорғаншылардың немесе қамқоршылардың бірінің жәрдемақы тағайындату туралы өзі жолығуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, ата-аналар, қорғаншылар немесе қамқоршылар жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш жасауға белгіленген тәртіппен берілген сенімхат негізінде басқа адамдарға уәкілеттік беруге құқылы.

15. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Қабылдау уәкілетті органда немесе ауылдық округ әкімінде кезек тәртібімен, Орталықта - «электрондық» кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

16. Мемлекеттік қызмет уәкілеттік органның, ауылдық округ әкімінің және Орталықтың үй-жайында көрсетіледі, орындықтар, үстелдер, толтырылған бланкілердің үлгілерімен ақпараттық стенділер бар, мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық үлгісіне, өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сай келеді, үй-жай кіру тәртібі - еркін.

17. Уәкілетті органның, ауылдық округ әкімінің және Орталықтың жұмыс қағидаттары:

1) адамның конституциялық құқығын және бостандығын сақтау;

2) қызметтік борышын орындау кезінде заңдылықты сақтау;

3) кәсіби этика мен мәдениетті сақтау;

4) жан-жақты және толық ақпарат ұсыну;

5) тұтынушының белгіленген мерзімде алмаған құжаттарының сақтығын қамтамасыз ету.

18. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар: уәкілетті орган, ауылдық округтің әкімі және Орталық тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың cақтығын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз етеді.

19. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде қатысатын ҚФБ-ның тізбесі:

1) Орталық инспекторы;

2) Орталықтың жинақтау бөлімінің инспекторы;

3) уәкілетті орган кеңсесінің қызметкері;

4) уәкілетті органның басшысы;

5) уәкілетті органның жауапты орындаушысы.

20. Әкімшілік іс-әрекеттің (рәсімі) орындалу мерзімін көрсете отырып, әрбір ҚФБ-нің әкімшілік іс-әрекеттер (рәсімдер) реттілігін және өзара әрекеттестігі мәтіндік кестелік сипаттамасы осы Регламенттің 4-қосымшасында көрсетілген.

21. Әкімшілік іс-әрекеттердің қисынды реттілігі, мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде мен ҚФБ арасындағы, өзара байланысты көрсететін схемасы осы Регламенттің 5-қосымшасында көрсетілген.


^ 5. Мемлекеттік қызметтер көрсететін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

22. Уәкілетті органның, ауылдық округтің әкімі және Орталықтың басшылары мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өздері қабылдаған шешімдері мен іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапы береді.


«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға

мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау»

мемлекеттік қызмет регламентіне

1-қосымша

^ Уәкілетті органдардың мекенжайлары тізбесі




Уәкілетті органның атауы

Уәкілетті органның орналасқан заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үйдің (пәтердің) №, электрондық пошта мекенжайы)

Қала коды және телефон нөмірі

Жұмыс кестесі

1.

Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030000,

Ақтөбе қаласы,

Ағайынды Жұбановтар көшесі, 289

zanyatostaktobe@mail.ru

8-7132

51-64-18

51-22-49

51-22-41

Демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына

бес күн

сағат

9-00 бастап

18-00 дейін,

түскі үзіліс сағат

13-00 бастап

14-00 дейін.

2.

Әйтеке би ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030100, Әйтеке би ауданы,

Комсомол селосы,

Балдырған көшесі, 10

aitekebi_ozisp@mail.ru

8-71339

21-2-18

21-4-69

3.

Алға ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030200, Алға ауданы,

Алға қаласы,

Сейфуллин көшесі, 17

alga_zanytos@mail.ru

8-71337

41-1-52

41-4-07

4.

Байғанин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030300, Байғанин ауданы,

Байғанин кенті,

Қонаев көшесі, 37

aset2306@mail.ru

8-71345

22-5-73

22-4-33

5.

Ырғыз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030400, Ырғыз ауданы,

Ырғыз ауылы,

Әбілқайыр хан көшесі, 52

irgizsobez@mail.ru

8-71343

21-4-81

21-6-50

6.

Қарғалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030500, Қарғалы ауданы,

Бадамша ауылы,

Пацаев көшесі, 11-А

kargala_zzsp@mail.ru

8-71342

22-2-98

22-7-31

7.

Қобда ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

031000, Қобда ауданы,

Қобда ауылы,

Әбілқайыр хан көшесі, 47 hobda6161@mail.ru,

hobda_sobes@mail.ru

8-71341

21-3-24

21-0-06

8.

Мәртөк ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030600, Мәртөк ауданы,

Мәртөк ауылы,

Сейфуллин көшесі, 38

kazaevanatalja@mail.ru

8-71331

21-6-37

22-8-15

9.

Мұғалжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030700, Мұғалжар ауданы,

Қандыағаш қаласы, Шынтасов көшесі, 2

zhamald@mail.ru

8-71333

36-2-02

36-8-62

10.

Темір ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030800, Темір ауданы,

Шұбарқұдық кенті,

Байғанин көшесі, 13

temir-sobes@mail.ru

8-71346

23-0-93

22-2-95

11.

Ойыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

030900, Ойыл ауданы,

Ойыл ауылы,

Көкжар көшесі, 69

s_nauyrizbaev@mail.ru

8-71332

21-9-42

21-9-45

12.

Хромтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

031100, Хромтау ауданы,

Хромтау қаласы,

Жеңіс даңғылы, 4

hromtay_s@mail.ru

8-71336

21-6-57

21-8-63

13.

Шалқар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

031200, Шалқар ауданы,

Шалқар қаласы,

Үргенішбаев көшесі, 13

shalkarsobes77@yandex.ru

8-71335

23-0-11

21-5-77
  1   2   3   4



Похожие:

«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті icon«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау»
Осы «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент)...
«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті icon«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» регламентінде (бұдан әрі Регламент) мынадай ұғымдар...
«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті icon«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» регламентінде (бұдан әрі Регламент) мынадай ұғымдар...
«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті icon«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» регламентінде (бұдан әрі Регламент) мынадай ұғымдар...
«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті iconМемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау»
Жалпы ережелер 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау болып табылады
«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті iconМемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау»
Жалпы ережелер 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау болып табылады
«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті icon«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
Бмж) – жан басына шаққандағы орташа айлық табысы облыста белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен, 18 жасқа дейінгі балалары...
«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті icon1-қосымша Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау
«Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңын іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы Қазақстан Республикасы...
«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті icon«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайларының тізбесі осы «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау»
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді. Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті...
«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті icon«18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайларының тізбесі осы «18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау»
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган) көрсетеді. Тұрғылықты жері бойынша уәкілетті...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы