Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің icon

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің



НазваниеҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің
Дата конвертации27.12.2012
Размер94.5 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігінің

Білім және ғылым саласындағы

бақылау комитетінің

2012 жылғы «11» мамырдағы

№ 605 бұйрығымен бекітілген


«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті

Батыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау

департаменті» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ


1. Жалпы ережелер


1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің (бұдан әрі - Комитет) құзыреті шегінде білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі функцияларды, сондай-ақ оның құзыретіне қатысты саладағы бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын аумақтық органы болып табылады. Осы Департамент туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 шілдедегі № 778 қаулысына және «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 наурыздағы № 282 қаулысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жауапты хатшысының 2011 жылғы 27 қазандағы № 289-К бұйрығымен бекітілген Комитет туралы Ережеге сәйкес әзірленген.

2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Департаменттің құрылтайшысы – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, ұйымның уәкілетті органы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі болып табылады.

4. Департаменттің құрылымы мен штаттық сандарын Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен сәйкес Министрліктің Жауапты хатшысы бекітеді.

5. Департамент келесі бөлімдерден тұрады:

1) білім сапасын сырттай бағалау;

2) әкімшілік және қаржы жұмысы.

6. Департаменттің жұмыс тәртібі оның ішкі регламентімен айқындалады.

7. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен аумақтық қазынашылық органдарда ашылған шоттары болады.

8. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан қатысады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитетке уәкілеттілік берілген жағдайда, оның азаматтық-құқықтық қатынастарға мемлекет тарапынан шығуға құқығы бар.

9. Департамент Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұйрықтар мен қаулылар түрінде құқықтық актілер шығарады (мемлекеттік аттестаттаудың және білім беру ұйымдарын тексеру нәтижелері бойынша заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты әкімшілік шаралар қолдану туралы).

10. Департаменттің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Достық-Дружба көшесі, 201.

11. Заңды тұлғаның толық атауы:

- мемлекеттік тілде: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Батыс Қазақстан облысының Білім саласындағы бақылау департаменті» мемлекеттік мекемесі»;

- орыс тілінде: «Государственное учреждение «Департамент по контролю в сфере образования Западно-Казахстанской области Комитета по контролю в сфере образования и науки Министерства образования и науки Республики Казахстан».

12. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

13. Департаментке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау үшін кәсіпкерлік субъектілермен шарттық қатынастарға түсуіне тыйым салынады.

Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен түскен кірістер республикалық бюджет кірісіне жіберіледі.

14. Департамент өз қызметінде Комитетке бағынысты.

15. Есеп беру мерзімдері мен нысандарын Комитет белгілейді.


^ 2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары


16. Міндеті: білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.

Функциялары:

1) бiлiм беру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензияларды және (немесе) қосымшаларды:

бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға;

техникалық және кәсіптік білім берудің, оның ішінде кәсіптер мен мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламаларды іске асыратын заңды тұлғаларға;

орта білімнен кейінгі, оның ішінде мамандықтар бойынша кәсіптік бағдарламаларды іске асыратын заңды тұлғаларға береді;

2) меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мыналарды:

мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің;

арнайы және мамандандырылған білім берудің;

балаларға арналған қосымша білім берудің;

балалар мен жасөспiрiмдерге арналған спорт бойынша қосымша білім берудің;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарын мемлекеттiк аттестаттаудан өткiзедi;

3) меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы заңнамаларының және білім саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының орындалуына мемлекеттік бақылау жүргізуді жүзеге асырады;

4) бақылау және тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптар бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырады, әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолданады, істерді қозғайды және сот органдарына береді, сот процесстеріне қатысады;

5) тексерілетін субъектілерді тексерулердің санын, сондай-ақ тексеру парақтарына сәйкес анықталған бұзушылықтарды және оларға қолданылған әкімшілік ықпал ету шараларын ведомстволық есепке алуды тұрақты және үздіксіз негізде жүргізеді;

6) тексеруді тағайындау туралы актінің құқықтық статистика органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етеді;

7) заңнамада белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарына тексеріс жүргізу жоспарын әзірлейді және бекітеді;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен өтініштерін қарайды.

17. Міндеті: сыртай бағалау әдісімен мемлекеттік бақылау және білім беру қызметін беру сапасын көтеру.

Функциялары:

1) бірыңғай ұлттық тестілеуді ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

2) оқу жетістіктерін сырттай бағалауды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу;

3) білім беру сапасын сырттай бағалау әдісімен білім беру мониторингін жүргізеді.

18. Құқықтары мен міндеттері:

1) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

2) Департаментке жүктелген міндетін атқару мақсатында басқа мемлекеттік органдардан, аймақтық ұйымдардан қажетті ақпараттар мен мәліметтерді сұрауға және алуға;

3) Департамент құзыретіне жататын мәселелерді орындау үшін ғылыми және өзге де ұйымдарды, жеке ғалымдарды, ұстаздарды, мамандар мен сарапшыларды белгіленген тәртіппен тартуға;

4) Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша комиссия жұмысына, жұмыс тобы құрамына қатысуға;

5) өз қызметі саласында консультативтік кеңестер (комиссиялар, кеңестер, алқалар) құруға;

6) мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін білім саласындағы білікті мамандардардан сарапшылардың деректер базасын құруға;

7) Комитетке атқарып жатқан жұмыстар бойынша уақытылы және сапалы ақпарат беруге;

8) Департамент құзыретіне жататын мәселелер бойынша түсініктеме беруге.


^ 3. Департаменттің қызметін ұйымдастыру


19. Департамент Қазақстан Республикасының Президентінің актілеріне, өзге де білім және ғылым саласындағы бақылауды ұйымдастыру сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес негізгі міндеттері мен қызметтерін іске асыру үшін қажетті өкілеттікке ие.

20. Департаментті Жауапты хатшының келісімі бойынша Комитет төрағасы қызметке тағайындайтын және босататын директор басқарады.

21. Департамент директоры департаменттің жұмысын ұйымдастырады, оған басшылық етеді және департаментке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты.

22 Департамент директоры департаменттің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныс енгізеді.

23. Осы мақсатта Департамент директоры:

1) Департаменттің қызметкерлерінің функционалдық міндеттері мен өкілеттіктерін белгілейді;

2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Департамент қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;

3) Департаменттің тәртіптік, аттестациялық және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады, еңбек және орындаушылық тәртіпке, кадр қызметінің жұмысына және құжат айналымының ұйымдастыруына бақылау жасайды;

4) Департамент қызметкерлерінің іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, біліктілігін арттыру, даярлау (қайта даярлау), көтермелеу, үстемақы және сыйақы беру сұрақтарын шешеді;

5) Департамент қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады;

6) барлық Департамент қызметкерлері үшін міндетті түрде орындалуға тиісті құзыретіне енетін мәселелер бойынша құқықтық бұйрықтар шығарады;

7) Департаменттің бұйрықтары мен қаулыларын шығарады;

8) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған баптарға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды, әкімшілік жаза қолданады, оларды қозғайды және сот органына береді, сот процесстеріне қатысады;

9) Комитеттің келісімі бойынша Департаменттің жұмыс және тексеріс жоспарын бекітеді;

10) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда Департаменттің атынан өкілдік етеді;

11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдау жұмысына басшылық жасайды, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды сақтауын қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жұмыстарының жай-күйіне дербес жауапты.

12) Қазақстан Республикасы заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес басқа да өкілеттілікті жүзеге асырады.


^ 4. Департаменттің мүлкі


24. Департаменттің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі бар.

Департаменттің мүлкі оған мемлекет берген жекеленген мүліктің есебінен қалыптасқан және негізгі қорлар мен айналымдағы қаражаттан, сондай-ақ құны Департамент балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.

25. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

26. Департаменттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті Комитеттің келісімінсіз иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

27. Департамент міндеттері бойынша өзіне бөлініп берілген қаржы көлемінде жауап береді.


^ 5. Департамент қызметкерлерінің жауапкершілігі


28. Департамент директоры және қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес негізгі Ережеге, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің Ережесіне және қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулығында қарастырылғандай жүктелген міндетті уақытылы және сапалы орындауға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте жауапты.


6. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату


29. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

30. Таратылған ұйымның мүлкін қолданыстағы заңнама шеңберінде Уәкілетті орган қайтадан бөледі.


____________________



Похожие:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысының білім саласындағы бақылау департаментінің 2012 жылдың II жартыжылдығына арналған тексеру жүргізу жоспары
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төраға орынбасарының 2012 жылғы 4 мамырдағы...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитетінің 2014 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған тексеру жоспары
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №1519...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2012 жылдың екінші жарты жылдығына арналған тексеріс жүргізу жоспары
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төраға орынбасарының 2012 жылғы 4 мамырдағы...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2012 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған тексеріс жүргізу жоспары
Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының 2012 жылғы 07 желтоқсандағы №1181...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, осы Ережеге,...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің icon«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызмет стандарты
Орталық) көрсетеді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің icon«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызмет стандарты
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – комитет) уәкілетті орган...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің iconБілім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу туралы
Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы №1111 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің icon2012 жылғы 27 маусымдағы №304 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аккредиттеу органдарының
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №98 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым...
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің iconҚазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жауапты хатшысы Б. С. Әбдірәсіловтің «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы