Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon

Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы



НазваниеҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
страница8/19
Дата конвертации03.05.2013
Размер3.65 Mb.
ТипДокументы
источник
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19

^ Халықты әлеуметтік қорғау

Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша облыстағы экономикалық жағынан белсенді халықтың саны 2007 жылдан 2009 жылға дейін 2,8, яғни 565 мың адамнан 545 мың адамға азайды. Жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі 92,5-нан 93,7-на өсті.

Сонымен қатар, облыста қала және ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтамасыз ету деңгейі арасында сәйкессіздік байқалады.

Республиканың жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санында өңірдің үлес салмағы 6,5 құрайды.

Жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 2007-2009 жылдар аралығында 1,2 пайыздық орынға қысқарды, 2007 жылы 7,5-ға, ал 2009 жылы 6,3 дейін, яғни 42,1 мың адамнан 34,5 мың адамға дейін төмендеді. Жұмыссыздардың жалпы санында 6,2 облыстың үлесі болып табылады. Жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі Арқалық (9,4), Қостанай (8,7), Лисаков (7) және Рудный (7) қалаларында тіркелді.

2010 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздардың деңгейі 0,5 (2009 жылдың деңгейінде) республикалық көрсеткіште 0,6 құрайды. 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін жұмыспен қамтамасыз ету органдарының есебінде тұрған жұмыссыздардың саны 2709 адамды құрады, олардың ішінде 180-і – қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып отыр. Жұмыссыздардың құрамында 73,6 немесе 1995 адамды әйелдер құрайды.

Экономика салалары бойынша жұмысқа тартылған адамдардың көбісі 2007-2009 жылдар аралығында ауыл шаруашылығында – 37,9, саудада – 18,7, өнеркәсіпте – 11,4 жұмыс істегені байқалды.

Жұмысқа тартылған адамдардың саны азаюының негізгі себебі экономикалық белсенді халықтың ішкі көші-қонуы болып табылады.

Облыс аграрлық-индустриялық бағытқа ие. Өңірдің негізгі мәселелері – мамандандырылған кадрларымен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі, еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессіздік. 2009 жылы жұмыспен қамтылған халық құрамында білікті жұмыс күшінің үлесі 55 құрады.

Еңбек нарығында жол картасының инвестициялық бағыттарын, Өңірлік жұмыспен қамтамасыз ету стратегиясын іске асыру оң көрініс тапты.

Халықты өңірлік жұмыспен қамтамасыз ету стратегиясын іске асыру шеңберінде өнімді жұмыспен қамтамасыз етуді қолдау үшін бос жұмыс орнын іріктеу мен белсенді іздеу пайдаланады, жұмыссыздар мен басқа арнаулы топтар өкілдерін оқыту, қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, әлеуметтік жұмыс органдарын құру, бос орындар жәрмеңкелерін өткізу, жастар мен әйелдердің жұмысқа тұруына қолдау көрсету, кепілді әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету және мүгедектерге, үлкендер мен басқаларға әлеуметтік қолдау көрсету пайдаланылады.

2009 жылы облыста 23,6 мың, оның ішінде Жол картасы шеңберінде – 10,2 мың жұмыс орны құрылды. Жұмыспен қамтамасыз ету органдарына тіркелгендердің жалпы санынан жұмыспен қамтылған тұлғалардың үлесі – 87 құрайды. 2009 жылы облыс бойынша жалпы еңбекке жарамды жастағы оралмандардың жұмыспен қамтамасыз етілгендердің деңгейі – 56,4. Қоғамдық жұмыстарға 4973 жұмыссыз қатысты. Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен әлеуметтік жұмыс орындарында 1330 жұмыссыз адам жұмысқа орналасты. Жол картасы шеңберінде әлеуметтік жұмыс орындарына және жастар тәжірибесіне 8223 адам жұмысқа орналасты.

Сондай-ақ ауылдық елді мекендер үшін бос тұрған жұмыс орындардың жеткіліксіз саны негізгі проблема болып қала бермек.

4481 жұмыссыз, оның ішінде Жол картасы жобасының шеңберінде – 3465 адам кәсіби оқуға жіберілді. Даярлау және қайта даярлау 31 мамандық бойынша 29 оқу орындарының негізінде ұйымдастырылды. Жұмыссыздық деңгейін төмендету және жұмыссыздарды жұмыспен қамтамасыз етуді жақсартуға бос орындар-жәрмеңкесі жәрдемдеседі.

Тиісті рұқсат бойынша тартылған шетел азаматтарының саны көп емес. Еңбектің ішкі нарығын қорғау, қазақстандық азаматтарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында жұмыс берушілерге тек қана еңбектің ішкі нарығында жеткіліксіз жоғары білікті жұмыс күшін, мамандарды тартуға рұқсат беріледі. 2009 жылы 3-ші санат бойынша шетелдік азаматтарды жұмысқа тартуға рұқсат берілген жоқ, жұмысқа тартылған шетелдік жұмыс күшінің құрамында 1 және 2-ші санатты мамандардың үлесі 100-ды құрады.

Бүгінгі таңда Жол картасының басты мақсаттарының бірі – жұмыссыздықтың елеулі өсуіне жол бермеуге қол жетті. Әр түрлі меншік нысанындағы мекемелерде 2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 2666 ұжымдық шарт әрекет етті.

Ұжымдық-шарттық қатынастар негізінде әрекет ететін кәсіпорындардың үлесі 32,5, сонымен қатар ірі және шағын кәсіпорындар – 56 құрайды.

2010 жылдың 1 қарашасына дейін 3087 ұжымдық шарт жасалып және әрекет етуде. Әрекет ететін кәсіпорындарының ұжымдық-шарттық қатынастарымен қамтылу пайызы – 37,8, сонымен қатар ірі және орта кәсіпорындар – 91,1 (мемлекеттік меншік нысандағы – 97,6, жеке меншікті – 84).


Әлеуметтiк қамтамасыз ету

2009 жылы кедейшілік шегінен төмен табыстары бар облыс тұрғындарының үлесі 2007 жылмен (1,5%) салыстырғанда 0, 3 %-ға төмендедi.

Ана мен баланы қорғау әлеуметтiк саясаттың тағы бiр маңызды басымдылығы болып табылды және табылады. 2006 жылы 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға (1 айлық есептiк көрсеткiш) ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақы қосатын балалы отбасыларды қолдаудың жаңа жүйесі енгізілді. 2009 жылы 48023 балаға 546 миллион теңге сомасына балалар жәрдемақысы тағайындалды. 2010 жылдың бюджетi балалар жәрдемақысын, тұрғын үй көмегiн және басқа әлеуметтiк төлемдерді қаржыландыруды ұлғайта отырып, тұрмысы төмен отбасыларды көбірек қамтуды қарастырып отыр. Осылайша, мемлекеттiк атаулы көмекке 202, 1 млн. теңге, мемлекеттiк балалар жәрдемақысына – 552,9 млн. теңге, тұрғын үй көмегiне – 615,1 млн. теңге бөлінді. Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына 2010 жылы әлеуметтiк төлемдерге 2009 жылға қарағанда 17,2%-ке артық қаражат бөлу жоспарланды және 310 млн. теңгені құрайды. Әлеуметтiк бағдарламаларды iске асыруға жалпы 1,4 млрд. тенге қарастырылды, бұл 2007 жылмен салыстырғанда (952, 9 млн. теңге) 1,7 есе артық.

2008 жылдың 1 қаңтарында атаулы әлеуметтiк көмек тағайындалған алушылардың жалпы саны 136474 мың теңге сомасына тұрмысы төмен 12189 адамды құрады. МАӘК (Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар) арасында еңбекке жарамды азаматтардың саны 4707 адамды (жұмыссыздар, есепте тұратындар, жалдамалы жұмыс істейтіндер, өз бетімен жұмыс істейтіндер, күтім жасайтын адамдар және басқалар) немесе алушылардың жалпы санынан 39% құрады. 2010 жылдың 1 қарашасында атаулы әлеуметтiк көмек тағайындалған алушылардың саны 9288 адамды құрады, олардың ішінде еңбекке жарамды тұрғындар – тұрмысы төмен 3482 отбасы, бұл алушылардың жалпы санының 37% құрайды. 2007 жылмен салыстырғанда еңбекке жарамды тұрғындардың саны 2% -ға төмендедi.

2009 жылы тұрғындардың табыстары 2007 жылмен салыстырғанда (21860 теңге) 26,1%-ға өсті және 1 адамға шаққанда 27569 теңгенi құрады. 2009 жылы орташа айлық жалақы 49130 теңгенi құрады, бұл 2007 жылға қарағанда (37584 теңге) 30,7%-ға артық.

2009 жылы облыстағы ең төменгi күнкөрiс 11777 теңгенi құрады және 2007 жылмен салыстырғанда 40, 3%-ға өстi.

Алайда тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтiк қолдау жүйесінде оң өзгерiстермен қатар шешiлмеген мәселелер де сақталып отыр:

кедейлiктен шығу бойынша белсендi шаралардың төмен тиiмдiлiгi;

кедейлiк пен теңсiздiктiң сақталуы;

мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың толық қамтылмауы;

көп балалы үйлерде кедейлiктiң басымдылығы;

әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттарының жетілдірілмеуі.

Осындай жағдайда ең төмен бекітілген табыстан төмен табысы бар халықтың қауқарсыз тобына әлеуметтік көмек көрсету басқарма жұмысының стратегиялық бағыты болып табылады.

^ Күштi жақтары

Еңбек нарығында жаппай жұмыстан босату көзделіп отырған жоқ, бұл жұмыссыз азаматтар санының ұлғаюына апармайды.

Жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға жергiлiктi атқарушы органдардың қаражаттары жеткiлiктi.

Әлеуметтiк қолдауға мұқтаж азаматтардың барлық санаттарын іс жүзінде қамту.

Медициналық-әлеуметтiк мекемелерде мүгедектерді, қарттарды, мүгедек балаларды арнайы әлеуметтiк қызмет түрлерiмен толық қамту.

Мүгедектерді әлеуметтiк және кәсiби оңалтуға бағытталған іс-шараларды өткiзу мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға барынша тәуелсіздікке, толық физикалық, зерделi, әлеуметтiк және кәсiби қабiлеттiлiктерге қол жеткізуге және сақтауға және оларды өмiрдiң барлық кезеңдерінде толық қосуға және тартуға мүмкiндiк береді.

Әлсiз жақтары

Қала және ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылу деңгейiнiң арасындағы сәйкессіздік.

Ауылдық елдi мекендердегi бос жұмыс орындар санының аздығы.

Еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессiздiк.

Азаматтардың белгілі санаттарына мемлекеттiк бюджеттен жәрдемақы алу ақша алудың жалғыз қайнар көзi болып табылады.

Үнемі бөгде адамдардың күтіміне мұқтаж, психоневрологиялық аурулармен ауыратын 18 жастан жоғары тұлғалар санының өсуi.

Оңалту құралдарымен немесе қызметтермен қамтылған мүгедектердiң үлесі жүз пайызға жетпейдi, бұл мыналарға байланысты:

мүгедектерге бюджет қаражаты есебінен барлық қызметтер көрсетілмейді, атап айтқанда мүгедектердің жеке санаттарына протез-ортопедиялық көмек бойынша қызметтердi көрсету бұйымдардың құнынан 50 пайыз жеңiлдiкпен немесе жеке меншiк қаражат есебінен белгіленген;

медициналық-әлеуметтiк сараптамалық комиссиялары мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасы мүгедектің жүгінуіне қарай әзірленеді, ал келесi қаржы жылына бюджеттi құрастыру ағымдағы жылдың үшiншi тоқсанында қалыптасады, сондықтан бюджеттi құрастырудан кейiн әзірленген ОЖБ мерзiмінде орындалмайды.

Мүмкiндiктер

Жұмыс орындарын жасау, оның iшiнде халықтың жұмыспен уақытша қамтылуына жәрдемдесудiң белсендi бағдарламаларын iске асырудың бөлiгiнде:

а) қоғамдық жұмыстар;

б) әлеуметтiк жұмыс орындары.

Жұмыссыз азаматтарды кәсiптiк оқыту, қайта даярлау.

Бос жұмыс орындары мен бос лауазымдардың жәрмеңкелерiн өткiзу.

Әлеуметтiк қобалжушылықтың төмендеуi.

Әлеуметтiк қызмет түрлерiн көрсету саласындағы жұмыс iстейтiн ҮЕҰ-дың қызмет саласын кеңейту.

Қауiп-қатерлер

Бүркемелі жұмыспен қамту.

Тiркелген жұмыссыздар санының өсуi.

Жасанды жұмыссыздықты жасау (мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау жұмыспен қамтылмаған тұрғындардан жұмыссыз азаматтың мәртебесiн және табыстар туралы анықтама берудi талап етеді).

Арнайы әлеуметтiк қызмет түрлерiн беру саласында ҮЕҰ құру бойынша ынталы топтардың болмауы.

Мүгедектердің оңалту іс-шараларымен толық қамтылмауы.


^ Мәдениет және тілдерді дамыту

Облыста 710 мәдениет объектілері (641 – мемлекеттік ), оның ішінде 398 кітапхана (395 – мемлекеттік), 292 клуб (228 – мемлекеттік), 10 мұражай, 4 кинотеатр (2 мемлекеттік), филармония, 3 театр, 1 киновидеопрокат және 1 мәдениет және демалыс паркі қызмет етеді. Облыста 728 тарих және мәдениет мүсіндері бар, олардың 6-ының мемлекеттік маңызы бар.

2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы мәдениет ұйымдарының саны 7 бірлікке өсті: кітапхана желісі 3 бірлікке, клуб мекеме желілері 3 бірлікке, кинотеатрлар – 1 бірлікке ұлғайды.

2009 жылы кітап қорын толтыру үшін 6,05 дананы құрай отырып, 45,7 млн. теңге сомасына 34,8 мың дана кітап түсті.

2009 жылы клуб мекемелерінде 19,9 мың іс-шара өткізілді, оларды 2858 мың адам барып көрді (2008 жылғыдан 295 мың адамға артық).

Мұражайларда 7619 экскурсия, 402 дәріс, 412 көрме өткізілді, оларға 311 мың адам барды.

2009 жылы театрлар 936 спектакль (оның ішінде 19 – қойылым) қойды, оларды 190 мың көрермен тамашалады, бұл алдыңғы жылғыдан 66,9 мың адамға артық.

Е. Өмірзақов атындағы облыс филармониясында 203 концерт ұйымдастырылды, оларды 102,4 мың адам тамашалады.

Кино мекемелері 7,7 мың киносеанс көрсетті, оларға 267,0 мың адам барды.

Облыс әкімінің және шаруашылық субъектілерінің қолдауымен жалпы 475,5 млн. теңге сомасына 307 мәдениет объектісі күрделі және ағымдағы жөндеуден өтті.

2009 жылы республикалық және халықаралық фестивальдер мен конкурстарға қатысушылардың саны 2 есе ұлғайып, 300 адамды құрады.


^ Тілдерді дамыту

Облыстың тілдер саясаты Қазақстан халықтары бірлігінің факторы ретінде мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейтуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жағдайларды жасауға және өңірдің лингвистикалық капиталын сақтауға бағытталған.

Өңірлік тілдерді үйрету орталықтарының желісі дамуда: 2007 жылы – облыстық тілдерді оқыту орталығы, 2008 жылы – Рудный қалалық тілдерді оқыту орталығы ашылды, 18 қала мен аудандарда мемлекеттік тіл кабинеттері қызмет етуде. Жыл сайын мемлекеттік тілді оқитын ересек тұрғындардың саны өсіп келеді. 2004 жылы 4 мың адам, 2010 жылы – 9,8 мың адам мемлекеттік тілді оқумен қамтылды немесе ұлғаю 2,4 есені құрады.

Тілді оқытудың әдістемелік базасын қамтамасыз ету мақсатында «Тобыл» оқу кешені әзірленді. Осылайша 2011 жылы мемлекеттік тілді үйрену үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында басқарма сайтын құру жоспарланып отыр.

Құжат айналымының жалпы көлемінде мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілде іс қағаздар жүргізудің сыбағалы көлемі 2008 жылы 51%, 2009 жылы 22% ұлғайып, 73% құрады. Бұл ретте қазақ тілімен қатар орыс тілі де ресми түрде пайдаланылатынын ескеру қажет, ағылшын тілін оқуға жағдайлар жасалынуда.

Білім беру жүйесінде мемлекеттік тілдің рөлі нығаюда. 2010 жылы мектепке дейінгі мекемелерде балалардың 34%-ы және жалпы білім беру мектептеріндегі оқушылардың 27%-ы қазақ тілінде оқиды. Қазақ ұлтының ана тілінде оқитын оқушыларының үлесі ұлғаюда.

Мемлекеттік тілдің коммуникативтік функциясы нығаюда. Тұрғындарға мемлекеттік тілді үйренуге қолдау көрсету мақсатында, «Алау» облыстық теле арнасында телесабақтар циклінен тұратын «Тілашар» жобасы іске асырылуда. «Костанайские новости» өңірлік газетінде қазақ тілі сабақтарының цикілі жариялануда.

Жалпы облыста қазақ тілін меңгеру деңгейі 40%-ды құрайды.

Өңірдің лингвистикалық капиталын сақтау мақсатында 16 ұлттық-мәдени орталықтарында облыста тұратын этностардың тілдерін үйрететін 9 мектеп жұмыс істейді. Орталықта 255 тыңдаушы мемлекеттік тілді, украин, неміс, татар, армян, белорусь, польша, грек, корей және иврит тілдерін оқиды.

Сонымен қатар, белгілі оң нәтижелерге қарамастан мемлекеттік тілдің дамуында проблемалар:

қоғамда мемлекеттік тілді мегерудің тұрақсыз деңгейі;

өңірдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі болып табылады.

Негізгі ішкі және сырқы факторларды бағалау:

мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай әдістемесінің және стандарттарының, оқу инфрақұрылымы қызметтерінің жалпы стандарттарының, сондай-ақ мемлекеттік тілді меңгеру үдерісін ынталандыру және мониторингі жүйесінің болмауы қоғамда мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру ісіндегі ұстап тұрған фактор болып табылады.

Мемлекеттік тілді әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке енгізу үрдісінде маңызды фактор коммуникация, ойын-сауық, демалыс салаларында оны белсенді қолдану аясын кеңейту, отбасылық құндылық ретінде мемлекеттік тілді қолданудың мерейін арттыру және насихаттау, балаларды мемлекеттік тілде танымдық, радио және теле бағдарламаларды оқып-үйренуді қалыптастыруда БАҚ рөлін күшейту.

Бұл ретте іскер қарым-қатынас, бизнес, ғылым сияқты халыққа қызмет көрсету саласында, мемлекеттік қызметтер көрсету жүйесінде де мемлекеттік тілді қолданудың төмен деңгейінің сақталуы жалғасып отыр.


^ Дене шынықтыру, спорт және туризм

Спорт

2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша спорт кешендерінің саны 66 объектіге өсті және 2234 бірлікті құрады (2008 жылға қарағанда 103%).

2009 жылы Челябі мемлекеттік университеті Қостанай филиалы спорт кешенінің спорт залы ашылды, сонымен қатар бұрын өндірістік шеберхана болған Қостанайдың орта-арнайы ғимараттарында 2 зал қалпына келтірілді. Жангелдин ауданы Қарасу және Қамысты ауданының Қамысты селоларында жаңа спорт залдары бар жалпы білім беру мекемелері салынды. Тартылған қаражат есебінен Сарыкөл ауданының Барвинов селолық округінің «Аманжол АКРО» ЖШС Мәдениет үйінде спорт зал қалпына келтірілді, Таран ауданының Варварин селосында спорт зал салынды. Қостанай қаласының оқу ғимараттарында 9 шаңғы базасы қалпына келтірілді. Облыс қалалары мен аудандарында 52 жазық спорт кешендері салынды.

«Жол картасы» инвестициялық жобаларын іске асыру шеңберінде «Қостанай қалалық балалар жас өспірімдер спорт мектебі» ғимаратын күрделі жөндеу» жобасы іске асырылды, оған 100 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 75,2 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 24,7 млн. теңге бөлінді. Барлығы 2009 жылы спорт объектілерін салуға және жөндеуге – 223 млн. теңге, оның ішінде: республикалық бюджеттен – 75,3 млн. теңге, жергілікті бюджеттен – 67 млн. теңге, тартылған қаражаттар – 80,7 млн. теңге бағытталды. 2009 жылы 497 спорт объектілеріне ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысатын тұрғындар саны 210,8 мың адамды – облыс жалпы тұрғындарының санынан 23,7%, республика бойынша орташа көрсеткіш – 15,6% құрайды.

2009 жылы 3446 спорт іс-шаралары өткізілді, оның ішінде ауылдық жерлерде – 2096 іс-шара өткізілді. Іс-шараларға 330,8 мың адам, оның ішінде ауылдық жерлерде – 194,6 мың адам қатысты.

28 балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жұмысы қамтамасыз етілді, оларда 16001 оқушы оқиды. Спорт мектептерінде жалпы білім беру мектептері оқушыларының 15,2%-ы спорт мектептерінде сабақтармен қамтылды, БЖСМ-де мектеп оқушыларының сабақпен қамтылуы бойынша орташа республикалық көрсеткіш – 7,2%.

Дене шынықтыру сабақтарын 1777 штат жұмыскерлері, оның ішінде ауылдық жерлерде – 871 адам өткізеді.

2009 жылы: Қазақстан Республикасының 55 спорт шебері, 10 халықаралық кластағы спорт шеберлері, спорт бойынша 6 ұлттық төреші және 18 жоғары санаттағы жаттықтырушылар даярланды.

Талдауға сүйене отырып, тұрғындардың спорт және дене шынықтыру қызметтерінде қамтамасыз етілу деңгейі, сонымен қатар осы секторлар мекемелерінің құрылымдарының тармақтылылығы аудандарға қарағанда қалаларда және аудандар бойынша орташа есеппен жоғары деген қорытынды жасауға болады.

Спорт мекемелері ұсынатын қызметтер кешенін кеңейту қажет. Осындай шараларға арнайы объектілерді (бассейндер, корттар, веложолдар, спорт алаңдары) жатқызуға болады.

Негізгі проблемалардың бірі – дене шынықтыру мен спорт секторынан кадрлардың кетуі.

Жүлделі орындарға шығу үшін және мықты олимпиада чемпиондарын тәрбиелеу үшін балалар-жасөспірімдер спорт ұйымдарын қаржыландыру қажет, мысал ретінде көршілес елдер Қытай және Рессей Федерациясын келтіруге болады.

^ Күшті жақтары

Тұрғындардың спорт объектілеріне баруын ұлғайту;

2006 жылмен салыстырғанда (2067) 2009 жылы спорт объектілерінің 7,5% (2234 бірл.) немесе 167 бірлікке ұлғаюы.

Әлсіз жақтары

Материалдық-техникалық базаның төмен деңгейде жабдықталуы;

Спорт залдарының жеткіліксіздігі;

Ауылдық жерлерде спорт жөнінде әдіскерлер санының аздығы.

Мүмкіндіктері

Облыстық инфрақұрылымда дене шынықтыру және спорт сабақтары үшін жағдайлар жасау, жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу, қолданыстағы спорт объектілерін қайта жаңарту және күрделі жөндеуден өткізу. Барлық қызмет салаларында жұмыскерлердің кәсіби деңгейін арттыру (даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру).

Қауіп-қатерлер

Халықаралық деңгейдегі ресми жарыстарда жоғары спорт нәтижелерін көрсететін спортсмендер мен жаттықтырушыларды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында нормативтік актілердің жетілдірілмеген нысандарының салдарынан кадрлардың осы сектордан кетуі туындап отыр және осы бағытта біліктілігі жоғары мамандардың төмен қызығушылығы байқалып отыр.

Жүргізілген талдау негізінде облыстың қалалары мен аудандарында дене шынықтыру мен спорттың дамуын тоқтатып тұрған негізгі проблемалар анықталды:

1. Спорт инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы, спорттық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтармен жабдықтаудың төмен деңгейі;

2. Дене шынықтыру мен спорт секторынан кадрлардың кетуі;

3. 2010 жылғы жағдай бойынша облыстың 669 селосында және кентінде небәрі 16 спорт кешендері бар, спорт жөнінде 54 әдіскер жұмыс істейді. Жазықтықты спорт кешендерінің саны 901 бірлікті құрайды.

Туризм

Облыс аумағындағы Наурызым қорығының, «Сосновый бор» шипажайының, аңшылық пен балық аулау туризмін ұйымдастыру үшін табиғи және су ресурстарының болуы туризм дамуының маңызды факторларының бірі болып табылады.

2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша туризм саласында 40 туристік ұйымдардың, олардың ішінде 5 туроператордың, 35 турагенттіктің жұмысы ұйымдастырылды. 2007-2009 жылдары туристік фирмалардың саны 7 бірлікке ұлғайды. 2009 жылы туристік фирмаларда 106 адам жұмыспен қамтылды немесе 2008 жылмен салыстырғанда 163-ға артты.

2009 жылы туристік ұйымдар 7593 адамға қызмет көрсетті, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 105-ды құрайды, оның ішінде келу туризмі бойынша – 63 туристке, ішкі туристік бағыттарда – 1805 туристке, сыртқы туризм желісі бойынша 5725 адамға қызмет көрсетілді.

17-кесте

^ 2004-2009 жылдардағы туризм көрсеткіштерінің даму серпіні


Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

Туристік қызметтерден көрсетілген қызметтер көлемі

млн. теңге

170,9

190,4

210,6

Келу туризмнің көлемі

мың адам

7,9

8,6

5,6

Ішкі туризмнің көлемі

мың адам

52,3

54,3

65,1

Туристік іс-шаралардың саны

бірлік

74

98

101

Облыста туристік имиджді қалыптастыратын жұмыс жүргізіледі: 2011 жылы республика облыстарының және Ресей Федерациясының туристік компанияларының өкілдерін шақыра отырып, Өңірлік туристік жәрмеңке өткізу жоспарланып отыр; облыстың басым инвестициялық жобаларының қатарына (құрылыс құны – 140 млн. теңге жеке инвестициялар) «Қаратомар суқоймасы жағасында демалыс базасын салу» инвестициялық жобасын енгізу жөніндегі мәселе қарастырылуда.

Бүгінгі таңда туристік обьектілер саны 101 бірлікті құрайды, оның ішінде 58 – қонақ үй, 17 – демалыс базасы, 17 – жазғы шынықтыру лагерьлері, 6 – шипажай мен профилакторий бар.

Негізгі мәселелерді анықтау үшін талдау жүргізілді:

^ Күшті жақтары

Тиімді географиялық орналасу, облыс Ресей Федерациясының (Орынбор, Челябинск, Қорған облыстарымен) және Қазақстанның 4 облысымен (Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан) шектеседі.

Өңірдің орасан биологиялық әртүрлілігі.

«Сосновый бор» ерекше емдеу суы бар шипажайдың, Наурызым қорығының, Торғайдағы ыстық су көздерінің болуы.

Әлсіз жақтары

Дамыған туристік инфрақұрылымның болмауы.

Қонақ үй қызметінің төмен деңгейі.

Шетелдерде облыстың туристік ресурстарын дұрыс танымау.

Мүмкіндіктері

Туризм саласында жаңа жұмыс орындарын құру.

Туристік инфрақұрылымның дамуы.

Сыртқы және ішкі туризм бойынша туристік ағымдарды ұлғайту.

Қауіп-қатерлер

Туристік ағымдар көлемінің төмендеуі.

Инвестициялық белсенділіктің төмен деңгейі.

Жасалған талдауға сәйкес өңірде туризм саласының дамуына кедергі келтіретін проблемалардың қатарын анықтауға болады:

1) туризмнің дамыған инфрақұрылымының болмауы

Қонақ үйлерді, пансионаттарды, үйлер мен демалыс базаларын, сонымен қатар шипажайлық-курорттық ұйымдарды қоса алғанда орналастыру обьектілерінің материалдық базасы моралдік және физикалық тозу деңгейімен сипатталады;

2) қонақ үй қызмет көрсетуінің төмен деңгейі

Қазіргі күні туризм ауқымдары, түрлері, сапасы және туристер үшін ұсынылған орналасу орындары халықаралық талаптарға сәйкес келмейді;

3) әлсіз насихаттау және облыстың тарихи-мәдени орындары бойынша туристік маршруттарды көбейту

4) өңірді шетелде төмен деңгейде тануы

Әлемдік нарықта облыстың имиджін көтерудің жеткіліксіздігі, өңірдің туристік әлеуеттері жөнінде жарнамалық ақпараттардың жеткілікті көлемде болмауы.


Ішкі саясат

800 астам қоғамдық ұйымдармен және бiрлестіктермен өзара іс-әрекет жүзеге асырылуда, олардың қатарында: 9 – саяси партиялардың облыстық филиалдары, 185 – дiни бiрлестiктер, 33 – этномәдениет орталықтары, 599 – ауылдық ҮЕҰ 22% үлесі бар үкiметтiк емес ұйымдар (ҮЕҰ) бар. Қазіргі уақытта қызметтiң әр түрлi 30 бағыты бойынша ҮЕҰ тұрақты топтары орын алды.

2010 жылы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қаржыландырудың көлемi 48,5 млн. теңгені құрады. Мемлекеттiк әлеуметтік тапсырыс топтамаларының тақырыптамаларын қалыптастыру кезінде ашықтық және айқындылық қағидаттары енгізілді (жыл сайынғы әлеуметтік зерттеулер, ҮЕҰ жобалық идеяларының қорытындыларын пайдалану; облыстық маслихат депутаттарының, ҮЕҰ, БАҚ және нысаналы топтар өкiлдерiнің қатысуымен қоғамдық тыңдауларда талқылау; ҮЕҰ-мен өзара іс-әрекет жөнінде облыстық кеңесте мемлекеттік тапсырыстың негізгі бағыттарын бекiту). Ауылдық ҮЕҰ-дың мемлекеттік тапсырысқа қатысу үлесi 45%-ға дейiн ұлғайды.

Азаматтық қоғамның сапалы өсуiн және мемлекет пен ҮЕҰ арасында әлеуметтiк әрiптестiкті әрі қарай iске асыруды қамтамасыз ету шеңберiнде тұрақты жұмыс істейтін диалогтiк алаңдар, араларында «Спектр» саяси клубы, Азаматтық форумдар, ауылдық ҮЕҰ, қоғамдық тыңдаулар дәстүрлі болып табылатын үнемі қызмет ететін сұхбаттасу алаңдарының жұмысы қалыпқа келтірілді.

Қазақстанның жаһандық халықаралық ұйымдардағы көшбасшылығын мойындаудың жетекші факторларының бiрi облыстағы мемлекеттiк саясатты, Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларының негiзгi бағыттарын және оларды іске асыру барысын түсiндiру мен насихаттау жөніндегі жұмыстар қолдайтын iшкi саяси тұрақтылық болып табылады. Тұрғындардың арасындағы ақпараттық-насихаттау жұмысы басты тетік болып табылады. Мемлекет басшысының жолдауына сүйене отырып, облыстық ақпараттық-насихаттау тобының (ОАН) құрамы қалыптасуда. Аудандар мен қалаларда жаппай ақпараттандыру үшін мемлекеттiк органдардың жетекшiлерi, аудандық және қалалық мәслихаттардың депутаттарынан, жұртшылық пiкiрiнiң жетекшiлерiнен тұратын 1565 мүшелерді біріктіретін 316 ОАН құрылды.

2010 жылы облыс аумағында 112 бұқаралық ақпарат құралдары, оның iшiнде 80 баспа және 32 электрондық БАҚ-тар жұмыс iстедi, олардың 76% (87 БАҚ) мемлекеттiк емес болып табылады.

2007 жылдан бастап байланыстың спутниктік арналары бойынша облыстың 95% аумағында «Қазақстан-Қостанай» телеарнасы бір сағаттық жаңалықтар бағдарламасын тарату бойынша жүзеге асырылуда.

2010 жылы облыстың бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттiк ақпараттық саясатты iске асыру бойынша мемлекеттiк тапсырыстың жалпы сомасы 263,4 млн. теңгені құрады. Мемлекеттiк тапсырыс жүйесiне 26 облыстық, қалалық, аудандық газет, 2 республикалық газет және 11 телерадио студиялары қатысады.

Облыста тұрғындардың жалпы санынан 28,2% құрайтын 14 пен 29 жас аралығындағы 247,3 мың жастар тұрады.

99 жастар ҮЕҰ-дары, олардың iшiнен 23-і ауылдық жерде, 72-і қалаларда жұмыс iстейдi. Жастар ҮЕҰ-дары 6 негiзгi бағыттар бойынша жұмыс iстейдi: құқық қорғайтын – 11, отан сүйгiштiк – 25, азаматтық әрекеттi дамыту жөніндегі ұйымдар – 15, экологиялық – 4, шығармашылық әрекеттi дамыту – 23, СӨС мәдениетін дамыту бойынша – 21 құрайды.

«Қостанай облысының балалар және жастар ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ белсенді жұмыс iстейдi.

Облыстағы мемлекеттiк жастар саясатын iске асыруда жастардың қызығушылығы мен қажеттiлікктерiн iске асыруды, мемлекеттік органдардың, жастар ҮЕҰ-ның және бизнес-құрылымдарының іс-әрекетін біріктіруді қамтамасыз етуге шақырылған мемлекеттiк органдардың, қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-әрекетін үйлестiру мақсатында облыста әкімдік жанында Жастар ісі жөніндегі кеңес жұмыс iстейдi. Кеңестер қала және аудандар әкімдіктерінде де құрылған.

11 жастар көшбасшылары барлық деңгейлердегі маслихат депутаттары болып табылады.

2010 жылда жастар әлеуметтiк жобаларының саны 20-ға дейiн ұлғайды. Есепті мерзімде облыста педагогикалық және дәрiгерлiк мамандықтар бойынша оқуға «Қостанай облысы әкімінің гранттары мен стипендиялары» жобалары іске асырылды. Жоғары оқу орындарында барлығы 165 студент оқытылды, жоғары және орта кәсіби оқу орындарында 38 оқу озаттары және белсендiлер облыс әкiмiнің ай сайынғы стипендияларын алады.

268 студент қала және аудандар әкiмдерiнің гранттары бойынша, 200 адамнан астамы – шаруашылық субъектілері есебінен оқиды. 2010 жылы 9 жас ғалым және магистрант кандидаттық диссертацияларын қорғау және магистратурада оқу үшiн облыс әкiмнің гранттарын алды. Облыс әкiмiнің гранттары бойынша барлығы 33 жас ғалым ғылыми жұмыстарын жалғастырды. Мүмкiндiктерi шектеулi 83 студент «Мүгедектерді әлеуметтiк оңалту» бағдарламасы бойынша оқиды.


^ Күштi жақтары

Мемлекеттік тапсырыс желісі бойынша әлеуметтiк маңызы бар жобаларды iске асыруға тартылғын ҮЕҰ сандық және сапалы өсуi үшiн жағдайлар жасалған.

ҮЕҰ үшін облыстық және 2 өңірлік ресурстық орталық ашылды және белсене жұмыс iстейдi.

Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде іске асырылатын әлеуметтiк маңызы бар жобалардың қоғамдық сарапшыларының тобы – сараптамалық бағалау институты белсене жұмыс iстейдi.

Әлеуметтiк-маңызы бар жобалардың орындалу сапасын бағалаудың белгiлері жасалып, енгізілді.

Қостанай облысының ҮЕҰ Қор орталығының интернет-қоры – Vopros-otvet.kz, zhastar.kz жастар сайты тиiмдi қолданылады.

Кәсіби топтарда жұмыс істейтін облыстық, үнемi жұмыс iстейтiн 3 тақырыптық ақпараттық-насихаттаушы топтардың, «Жас саясаткер» жастар ҮЕҰ және тақырыптық ҮЕҰ жұмыстарының қорытындылары бойынша қызмет және керi байланыс қалыптасты.

Жастар үкiметтiк емес ұйымдарыны саны 99-ға дейiн өсті.

Кандидаттық диссертацияларды қорғау үшiн жоғары және орта оқу орындары студенттерiнің, магистранттардың және жас ғалымдардың қатарынан шыққан дарынды жастарды мемлекеттiк қолдауды қаржыландыруды ұлғайту.

Әлсiз жақтары

Бейінді ҮЕҰ үшiн әлеуметтiк тапсырысты салалық қаржыландырудың жеткiлiксiз деңгейi.

Азаматтық қоғамдық институттарды кадрлық қамтамасыз ету.

Дiни нанымның бостандығын қамтамасыз ету төңiрегiндегi заңның кемелiне жетпегенi және адепттердi тарту бөлігінде өз қызметінде жаңа жүйке технологияларын қолданушы жалған дiндер өкілдігiнің өңірге енуі және таралуы.

Басқару үдерістерінің жеткiлiксiз ақпараттануы.

Ақпараттық-насихаттау жұмыстарын өткiзу кезiнде жаңа ақпараттық технологияларды, коммуникативтік технологияларды қолданудың жеткiлiксiз жоғары деңгейi.

Қазiргi ақпараттық нарықтың талаптарын сай кәсіпқой-мамандардың тиiстi санының жоқтығы, журналисттiк кадрлардың төмен құқықтық сауаттылығы.

Облыстың шекарамен шектес өңірлерінде шетелдiк (ресейлiк) бұқаралық ақпарат құралдарының үстемдiк етуi.

Қалалар және аудандарда БАҚ-тардың төмен тиiмдiлiгі және әлсiз материалдық-техникалық жабдықталуы.

«Қазпошта» акционерлiк қоғамының (АҚ) реттелмеген тарифтiк саясаты, тарифтердің жыл сайын жоғарылауы бюджеті аз аудан газеттері үшiн қиынға соғып отыр.

Салалық және аумақтық белгi бойынша әлеуметтiк қызмет түрлерiн көрсету процессінде ауылдық жастар ҮЕҰ-ның жеткiлiксiз тартылғандығы.

Өңірлік деңгейдегi мемлекеттiк жастар саясатын орталықтандырылған басқарудың жоқтығы.

Мүмкiндiктер

Әр түрлi сұхбаттық алаңдарда, кездесулерде талқылаудың нәтижесiнде, заңнамалық нормативтiк-құқықтық базаға ұсыныстар енгiзу.

Мемлекет пен ҮЕҰ әлеуметтiк әрiптестiгiн әрі қарай тереңдету.

Ақпараттық-насихаттау жұмысының кадрлық әлеуетін нүктелiк бағыттауы және кәсібилендіру.

Мемлекеттiк ақпараттық саясатты қаржыландыру көлемiн ұлғайту.

Өңірлік БАҚ-тардың контент сапасының жоғарылауы.

Мемлекеттiк органдар мен БАҚ-тардың өзара әрекеттесуiнiң күшеюi.

Облыстағы ақпараттық сектордың дамуы Қазақстан аумағында сандық телерадиохабарды енгiзу жағдайларындағы аймақтық БАҚ-тардың бәсекеге қабілеттілік деңгейiн жоғарылатуға бағытталуы тиіс.

Мемлекеттiк жастар саясатын табысты iске асыру үшiн жас буынның отан сүйгiштiк сезiмін, азаматтық жауапкершілiгін жоғарылатуға, белсендi қоғамдық позицияларын қалыптастыруға, жас қостанайлықтардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған тиімді модель әзірлеу қажет.


Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Соңғы жылдары облыста қалыптасқан қолайлы экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайлар, мақсатты шаралар кешенін қабылдау ішкі істер органдарының қызметін айтарлықтай белсендіруге мүмкіндік берді.

2007 жылмен салыстырғанда 2009 жылы қылмыс жасаудың 16,6%-ға төмендегені байқалып отыр. Тіркелген ұрлық саны – 13,8%-ға, тонау – 48%, денсаулыққа әдейі ауыр жарақаттар жасау – 40,6%, зорлық-зомбылық – 60,8% қысқарды.

Сонымен қатар, қылмыскерлікпен күрес саласындағы шұғыл жағдай облыстың дамуына және ішкі қауіпсіздігіне теріс әсерін тигізіп отырған шиленісушіліктің соңғы уақытта аздап өсуімен сипатталып отыр.

2010 жылы облыста негізгі бөлігін мүліктік түрлері құрайтын тіркелген қылмыстар қатарының өсу қарқыны байқалып отыр.

Соңғы екі жыл ішінде қоғамдық орындарда, оның ішінде қоғамдық тәртіп жағдайының және қоғамдық қауіпсіздік индикаторы болып табылатын далада жасалатын қылмыстардың өсу қарқыны сақталып отыр. Қоғамдық орындарда 1 мыңға дейін қылмыстар жасалады, бұл ретте олардың 70% көшелерде жасалады.

Жалпы айтқанда қылмыстардың ашылуы жоғары деңгейде тұрақты болып қалады. Қылмыстарды ашу деңгейі 2008 жылғы – 66,4% (13,3%-ға өсім) қарағанда 2009 жылы 79,7% құрады.

Қабылданатын шаралардың арқасында соңғы жеті жыл ішінде жас өспірімдер арасындағы қылмыстың төмендеу қарқыны сақталып отыр. Жасөспірімдер жасаған қылмыстың үлес салмағы 2007 жылғы 8,7%-дан 2009 жылы 13,1%-ға төмендеді.

Қылмыс жасаған жасөспірімдердің жартысынан көбісі мектеп, лицей, гимназия оқушылары. Бұл ретте олардың жасаған қылмыстарының маңызды бөлігі ауыр қылмыстар және өте ауыр қылмыстар санатына жатады.

Осыған байланысты полицияның «мектеп» инспекторларын дамытуды жалғастыру қажет. Полиция инспекторы әрбір қала және ірі ауылдық мектептерде болу қажет деген болжамдар бар. Бұл оқушылардың арасында құқық бұзушылықтардың ертерек алдын алумен айналысуға мүмкіндік береді.

Соңғы жылдары облыста көлік апаты жағдайлары негізгі көрсеткіштерінің төмендеу қарқыны байқалады. Жол-көлігі апаттарының деңгейі (пайдаланатын көліктің 10 мыңына) 2007 жылғы 65-тен 2009 жылы – 41-ге дейін, жол-көлігі апаттарынан қайтыс болғандардың деңгейі (100 жарақат алғандарға шаққанда) – 11,7-ден 9,9-ға дейін, жол-көлігі апаттарында жарақат алғандардың деңгейі (10 мың адамға шаққанда) – 14,7-ден 10,6 дейін төмендеді.

Сонымен қатар жол-көлігі кешені қиын жағдайларда қызмет етеді. Автомобильдер парктерінің және осы заманғы автомобильдердің жылдамдық сипаттамаларының өсу қарқыны көше-жол желілерінің даму қарқынынан асады. Республикалық маңызы бар жолдар ұзындығының айтарлықтай бөлігі түбегейлі қайта жаңғыртуды, жүру бөліктерінің жалпақтығын кеңейтуді, оларды тосқауылдық шектеулермен, жол белгілерімен жабдықтауды қажет етеді. Жергілікті маңызы бар жолдар өте қанағатсыз жағдайда тұр.

Жол қозғалысы қатысушыларының көлік тәртібі, ең алдымен көлік құралдары жүргізушілерінің тәртібі төмен болып отыр. Жүргізушілердің дайындық жүйелерін жақсарту талап етіледі.

Осы және басқа да себептердің кешені жол-көлігі жағдайларының өте ауырлығын алдын ала анықтап отыр.

Бірнеше жылдар бойы қылмыс құрылымында есірткі қылмыстары үлесі азаяр емес (10-10,9%). Анықталған есірткі сату фактілерінің саны да кемитін емес. Облыс аумағына әкелінетін есірткінің негізгі түрлері марихуана, гашиш және героин болып табылады.

Жыл сайын заңсыз айналымнан орташа есеппен 500 кг есірткі заттары, оның ішінде героиннің айтарлықтай көп мөлшері алынады. Жалпы есірткі қылмыстары санынан есірткі сатуға байланысты анықталған қылмыстар үлесі 2007 жылғы – 45,8%, 2008 жылы – 41,7% дейін төмендеді.

Қазақстанмен іргелес мемлекеттермен тұрақсыз әлеуметтік-саясаттық жағдай көші-қон ағындардың өсуіне және олар жасайтын қылмыстардың әсіресе заңсыз есірткі айналымына, мылтықтар, ұрлықтар және т.б. байланысты қылмыстардың өсуіне әсер етіп отыр.

Кеден одағы және болашақ бірыңғай экономикалық кеңістік қызмет еткен жағдайда трансұлттық байланыстары бар, әсіресе шекаралас өңірлерде қылмыстық топтардың іс-әрекеттері белгілі қауіп тудырады.

Облыстағы есірткі жағдайына әсер ететін белгілі фактор Ауғанстаннан, ортаазиялық республикалардан және елдің оңтүстік өңірлерінен Ресейге «оңтүстік-солтүстік» бағытындағы есірткі тасымалдаудың пайдалы «транзиттік дәлізі» ретінде оның географиялық орналасуы болып табылады. Бұған Ресей Федерациясының ұзындығы 1200 км үш іргелес облысымен (Челябі, Қорған, Орынбор) шекараның айқындылығы қолайлы болып отыр.

Тұрғындардың есірткіні пайдаланудағы қызығушылықтары жоғары деңгейде қала бермек. Нашақорлықтың ертерек алдын алудың жүйесін құру, сондай-ақ мамандандырылған медициналық мекемелерді дамыту қажет.

Есірткіге қарсы насихаттың жалпы мемлекеттік жүйесін қалыптастыруға тәсілдерді ұйымдастыру толық жетілдіруді, оның ішінде заңнамалық деңгейде жетілдіруді талап етеді. Осыған байланысты барлық мемлекеттік органдардың әлеуетін және бұқаралық ақпарат құралдарын қолдана отырып, әрекет етуші ақпараттық-насихаттық шаралар кешенін қабылдау қажет.

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19



Похожие:

Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon6. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың барысы туралы талдаухат
Бағдарламалық құжаттардың реквизиттері: Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconАҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Негізгі бағдарлар, мақсаттар, талаптар, нысаналы индикаторлар, НӘтижелер көрсеткіштері және іске асыру жолдары 101
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconМЕҢДІҚара ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы боровской, 2012 жыл
Ажетті ресурстар
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconАҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Орта мерзімдік келешекте аумақтың негізгі мәселелерінің, тәуекелдерінің, кедергі туғызатын факторларының, бәсекелестік артықшылықтары...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconАҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Орта мерзімдік келешекте аумақтың негізгі мәселелерінің, тәуекелдерінің, кедергі туғызатын факторларының, бәсекелестік артықшылықтары...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2010 мазмұНЫ

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы