«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету регламенті icon

«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету регламенті



Название«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету регламенті
Дата конвертации16.04.2013
Размер101.64 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

2007 жылғы «___» _____ № ____

бұйрығымен бекітілген


«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау»

мемлекеттік қызметін көрсету регламенті



  1. Негізгі ұғымдар


1. Қолданылатын терминдер мен аббревиатуралардың анықтамасы.

Мемлекеттік арнайы жәрдемақы 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайы ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда заңмен белгіленген еңбек стажы бар адамдарға төленетін ақшалай төлем;

жәрдемақы тағайындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – облыстық, Астана және Алматы қалаларының Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменттері (бұдан әрі – Департаменттер);

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (бұдан әрі – ЗТМО) – Қазақстан Республикасы Үкіметі «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайы ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі ҚР Заңының шарттары негізінде функцияларды жүзеге асыруға уәкілеттеген заңды тұлға;

ЗТМО филиалы – облыстық, Астана және Алматы қалаларының ЗТМО филиалдары;

ОДҚ – Орталықтың ОДҚ.



  1. ^ Жалпы ережелер


2. Мемлекеттік қызметтің анықтамасы:

Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау – бұл 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайы ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда заңмен белгіленген еңбек стажы бар азаматтарды әлеуметтік қорғауға бағытталған мемлекеттік қызмет.

^ 3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны:

Автоматтандырылмаған.

4. Оның негізінде мемлекеттік қызмет көрсетілетін нормативтік құқықтық актінің атауы, бабы (тармағы) және баптың (тармақтың) мазмұны.

- «Жерасты және ашық кен жұмыстарында, еңбек жағдайы ерекше зиянды және ерекше ауыр жұмыстарда істеген адамдарға берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы туралы» ҚР Заңының 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтары осы Заңда белгіленген тәртіппен жәрдемақы алуға құқылы;

- «Мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берілетін мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды, Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындауды және төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы № 819 қаулысы.

^ 5. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін мемлекеттік органның, мемлекеттік мекеменің немесе өзге де субъектілердің атауы:

- облыстық, Астана, Алматы қалаларының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаменттері;

- ЗТМО және оның құрылымдық бөлімшелері.

^ 6. Тұтынушы пайдаланатын мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны (нәтижесі):

Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау туралы шешім.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі уақытқа қатысты шектеулердің мерзімдері тиісті мемлекеттік қызмет көрсету стандартымен белгіленеді.

Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау үшін құжаттарды қарауды Департамент құжаттар ұсынылған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

^ 8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне енгізілген мемлекеттік органдар мен өзге де субъектілердің тізбесін көрсету:

1) ЗТМО құрылымдық бөлімшелері – құжаттарды қабылдауды және жәрдемақы алушы ісінің макетін қалыптастыруды жүзеге асырады, сондай-ақ әлеуметтік жәрдемақыны алушының жеке немесе кәртішкелік шотына уақтылы аударуды қамтамасыз етеді.

2) Департаменттер – жәрдемақы тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

9. Егер мемлекеттік қызмет бірнеше мемлекеттік органдардың және өзге субъектілердің қатысуымен көрсетілсе, мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мүдделі мемлекеттік органдармен келісім бойынша бекітіледі.

ЗТМО Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бағынысты – бірлескен бұйрықтарға қол қою талап етілмейді.



  1. ^ Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі әрекеттер

(өзара әрекеттесу) тәртібінің сипаттамасы


10. Кіріс (оның ішінде электронды) құжаттарды ресімдеудің және тұтынушының мемлекеттік қызмет көрсетуге сауалының (өтінімінің) қабылданғаны (тіркелгені) туралы ақпарат алуының тәртібі.

ЗТМО істер макетін қалыптастыру бөлімінің маманы өтініш пен оған қоса берілген құжаттарды арнайы журналға тіркейді. Өтініш иесіне құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар өтініштің үзбелі талоны беріледі.

^ 11. Мемлекеттік қызметтерді алу үшін қажетті құжаттардың, нысандардың, үлгілердің толық тізбесін келтіру (қосымшада).

Жәрдемақыны тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізбесі регламентке 2-қосымшада келтірілген.

^ 12. Қажет болғанда ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар көрсетілсін:

Жоқ.

13. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер (ҚФБ) тізбектеліп сипатталсын (ҚФБ – уәкілетті органдардың жауапты қызметкерлері, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, мемлекеттік органдар, ақпараттық жүйелер және олардың шағын жүйелері және т.б.):

1) ЗТМО аудандық (қалалық) бөлімшесінің маманы:

- өтініш пен тиісінше құжаттарды қабылдайды, өтінішті журналға тіркейді және өтініш иесіне құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар үзбелі талон береді;

- іс-қағаз макетін қалыптастырады және жәрдемақыны тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешімнің жобасын дайындайды;

- жәрдемақы алушы іс-қағаз макетін Департаментке жібереді.

2) Департаменттің қызметкері:

- алушының іс-қағазын қарайды;

- әлеуметтік жәрдемақыны тағайындау немесе себебін көрсете отырып, тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

3) ЗТМО төлем бөлімінің маманы:

- осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес жәрдемақы алушының мәртебесін растайтын ресми құжат болып табылатын куәлік (бұдан әрі – куәлік) береді;

- жаңа әлеуметтік жәрдемақы алушының деректерін ОДҚ енгізеді;

- әлеуметтік жәрдемақыны алушының жеке немесе кәртішкелік шотына уақтылы аударуды қамтамасыз етеді.

^ 14. Әрбір КФБ қарапайым іс-әрекеттері (рәсімдер, функциялар, операциялар) дәйектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы.


1-кесте. ҚФБ іс-әрекетінің сипаттамасы

^ Негізгі процестің (жұмыстар барысының, ағынының) іс- әрекеттері

1

Іс-әрекеттің (жұмыстар барысының, ағынының) №,

1

2

2

КФБ атауы

ЗТМО аудандық (қалалық) бөлімшесінің маманы

Департаменттің қызметкері

3

Іс-әрекеттің (процестің, рәсімнің, операцияның) атауы және олардың сипаттамасы

Қажетті құжаттары қоса берілген өтінішті қабылдау, оларды журналда тіркеу және кейіннен әлеуметтік жәрдемақы алушы іс-қағазының макетін қалыптастыра отырып, өтініш иесіне құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар үзбелі талонды беру

Құжаттарды тексеру және жәрдемақыларды тағайындау немесе оны тағайындаудан бас тарту туралы шешімді бекіту.

Егер жәрдемақыны тағайындау туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың барлығы ұсынбаған немесе ЗТМО қызметкері жіберген қателік анықталған жағдайда іс-қағаздың макеті толықтырып ресімдеу үшін ЗТМО бөлімшесіне қайтарылады.

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-нұсқаулы шешім)

Ұсынылған құжаттарды қоса отырып, іс-қағаз макеті Департаментке беріледі немесе жолданады (ЗТМО филиалы арқылы)

Жәрдемақыны тағайындау туралы оң шешімді ЗТМО төлем бөліміне, ал жәрдемақыны тағайындаудан бас тартқан және іс-қағаз макетін толықтырып ресімдеу үшін қайтарған жағдайда - ЗТМО аудандық (қалалық) бөлімшесіне жіберу

5

Орындау мерзімі

5 жұмыс күні

5 жұмыс күні

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

Тағайындау туралы шешім – 3.

Бас тарту туралы шешім – 4.

Іс-қағаз макетін толықтырып ресімдеуге қайтару – 5.


1-ші кестенің жалғасы

^ Негізгі процестің (жұмыстар барысының, ағынының) іс-әрекеттері

1

3

4

5

2

ЗТМО төлем бөлімінің маманы

ЗТМО аудандық (қалалық) бөлімшесінің маманы

^ ЗТМО аудандық (қалалық) бөлімшесінің маманы

3

Куәлік беру. Жәрдемақының жаңа алушысының деректерін ОДБ енгізу және алушыларға әлеуметтік жәрдемақыны уақтылы аударуды қамтамасыз ету

Жәрдемақыны тағайындаудан бас тартқан жағдайда, бас тарту себептері туралы Департаменттің хатын қоса отырып, іс-қағазды өтініш иесіне қайтарады

Департаменттен толықтырып ресімдеуге түскен құжаттарды өңдеу

4

Куәлікті қол қойдыртып беру; қаражатты алушының жеке немесе кәртішкелік шотына аудару

Құжаттарды өтініш иесіне беру

Өңделген құжаттарды Департаментке жіберу (ЗТМО филиалы арқылы)

5

Ағымдағы немесе келесі айдың 25-не дейін

2 жұмыс күні

5 жұмыс күні

6






2



^ 2-кесте. Пайдалану нұсқалары. Негізгі процесс - жәрдемақыны тағайындау туралы шешімнің бекітілу жағдайы

^ Негізгі процесс (жұмыстар барысы, ағыны)

ЗТМО аудандық (қалалық) бөлімшесінің маманы

Департаменттің қызметкері

^ ЗТМО төлем бөлімінің маманы

1. Қажетті құжаттары қоса берілген өтінішті қабылдау, оларды журналда тіркеу өтініш иесіне құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар үзбелі талонды беру

4. * Құжаттарды тексеру

8. Жәрдемақыны тағайындау туралы іс-қағаз макетіне нөмір бере отырып, тиісінше жазбалар жүргізеді

2. Жәрдемақы алушының іс-қағаз макетін қалыптастыру және жәрдемақыны тағайындау туралы шешімнің жобасын ресімдеу

5. Жәрдемақыны тағайындау туралы шешімді бекіту

9. Куәлікті жазып береді

3. Ұсынылған құжаттарды қоса отырып Департаментке беріледі немесе жолданады (ЗТМО филиалы арқылы)

6. Шешімге нөмір бере отырып, журналға тіркеу

10. Жәрдемақының жаңа алушысының деректерін ОДБ енгізу




7. Жәрдемақы алушының іс-қағаз макетін шешімімен ЗТМО-ға жіберу

11.Төлемдерді жәрдемақы алушының шотына аудару

* Жәрдемақыны тағайындау туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың барлығы ұсынбаған немесе ЗТМО қызметкері жіберген қателік анықталған жағдайда, іс-қағаздың макеті толықтырып ресімдеу үшін ЗТМО бөлімшесіне қайтарылады.


^ 3-кесте. Пайдалану нұсқалары. Баламалы процесс - жәрдемақыны тағайындаудан бас тартылу жағдайы

^ Баламалы процесс (жұмыстар барысы, ағыны)

ЗТМО аудандық (қалалық) бөлімшесінің маманы

Департаменттің қызметкері

1. Қажетті құжаттары қоса берілген өтінішті қабылдау, оларды журналда тіркеу өтініш иесіне құжаттардың қабылданғаны туралы белгісі бар үзбелі талонды беру

4. Жәрдемақыны тағайындаудан бас тарту туралы шешімді тексеру және бекіту


2. Жәрдемақы алушының іс-қағаз макетін қалыптастыру және жәрдемақыны тағайындау туралы шешімнің жобасын ресімдеу

5. Іс-қағаз макетін бас тарту себептері туралы хатты қоса ЗТМО-ның аудандық (қалалық) бөлімшелеріне қайтару

3. Ұсынылған құжаттарды қоса отырып Департаментке беріледі немесе жолданады (ЗТМО филиалы арқылы)



6. Өтініш иесіне жәрдемақыны тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама береді және бас тарту себептері туралы Департаменттің хатын қоса отырып, ұсынылған құжаттарды өтініш иесіне қайтарады




15. 14-тармақтағы олардың сипаттамасына сай іс-әрекеттердің қисынды реттілігі (мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде) мен ҚФБ арасындағы өзара
байланысты көрсететін диаграммаларды көрсету.



^ Функционалдық өзара әрекеттесу диаграммасы


Мемлекеттік қызметті көрсету процесі

ЗТМО аудандық (қалалық) бөлімшесінің маманы

^ Департаменттің қызметкері

ЗТМО төлем бөлімінің маманы















иә


жоқ






иә


 

16. Хабарлама нысандарын, түрлі хаттарды, еске түсірулерді және т.с.с. қоса алғанда, оларға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі ұсынылуы тиіс нысандарды, қалыптарды, бланкілерді және т.с.с. көрсету.

Осы Регламентке 2, 3 қосымшалар.




Похожие:

«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету регламенті icon«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау»
Осы «Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы»...
«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету регламенті icon«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау»
Осы «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі Регламент) «Әкімшілік рәсімдер...
«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету регламенті icon«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайлары «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау»
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының аумақтық бөлімшелерінде...
«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету регламенті icon«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты Жалпы ережелер Мемлекеттік қызметті мекенжайлары «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау»
Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының аумақтық бөлімшелерінде...
«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету регламенті iconЗейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың құрылымдық бөлімшелерінің тізбесі
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету регламенті icon«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік қызмет регламенті
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі...
«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету регламенті icon«Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау»
Осы «Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті (бұдан әрі – регламент) «Әкімшілік...
«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету регламенті icon«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына

«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету регламенті icon«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне

«Мемлекеттік арнайы жәрдемақыны тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету регламенті icon«Бала туғанда және бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер Осы «Бала туғанда және бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақыларды тағайындау»
Осы «Бала туғанда және бала күтімі бойынша берілетін жәрдемақыларды тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсету регламенті (бұдан әрі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы