Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік бірыңғай анықтамалығы 9-шығарылым І бөлім Бөлімдер: «Электр станциялардың және желілердің жабдықтарын пайдалану, энергия пайдаланушыларға қызмет көсету» icon

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік бірыңғай анықтамалығы 9-шығарылым І бөлім Бөлімдер: «Электр станциялардың және желілердің жабдықтарын пайдалану, энергия пайдаланушыларға қызмет көсету»



НазваниеЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік бірыңғай анықтамалығы 9-шығарылым І бөлім Бөлімдер: «Электр станциялардың және желілердің жабдықтарын пайдалану, энергия пайдаланушыларға қызмет көсету»
страница1/21
Дата конвертации16.04.2013
Размер3.38 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21



Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі


Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің

тарифтік-біліктілік бірыңғай

анықтамалығы


9-шығарылым


І бөлім

Бөлімдер: «Электр станциялардың және желілердің жабдықтарын

пайдалану, энергия пайдаланушыларға қызмет көсету»

«Электр станциялар мен желілердің жабдықтарын жөндеу»


ІІ бөлім

Бөлімдер: «Жылу электр станциялары», «Гидроэлектр станциялар»,

«Электр желілері», «Жылу желілері»,

«Энергия өткізу және оны пайдалану жөніндегі кәсіпорын

(энергия өткізу)»


Астана қ., 2008 ж.


Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА), 9 шығарылым, 1-бөлімі, «Электр станциялары мен желі жабдықтарын пайдалануға беру, энергия тұтынушыларына қызмет көрсету», «Электр станциялары мен желі жабдықтарын жөндеу», 2-бөлімі, «Жылу электр станциялары», «Гидроэлектр станциялар», «Электр желілері», «Жылу желілері», «Энергия өткізу және оны пайдалану жөніндегі кәсіпорын (энергия өткізу)» бөлімдері Қазақстан Республика Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2008 жылғы «26» тамыздағы № 225-ө бұйрығымен бекітілген.

БТБА ТМД қатысушы-мемлекеттерінің қатысуымен Ресей Федерациясының Еңбек және әлеуметтік дамыту министрлігінің Еңбек жөніндегі орталық нормативтер бюросы әзірленген.

Тарифтік-біліктілік сипаттамалары жұмыстарды тарифтеу және ерекше айтылған жағдайларды қоспағанда, осы бөлімде (дерде) көрсетілген өндірістер мен жұмыстар бар ұйымдарда, меншік нысаны мен ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру кезінде қолданылады.


Кіріспе


Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік бірыңғай анықтамалығының (БТБА) осы шығарылымы бұған дейін қолданылып келген КСРО Мемеңбеккомитеті мен БКООО Секретариатының 1985 жылғы 17 шілдеде № 225/15-87 қаулысымен бекітілген БТБА, 9-шығарылымы, негізінде әзірленді. Оны әзірлеу технологиясының өзгеруіне, өндірістік қызметтегі ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына, жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білімі мен арнайы даярлығына, өнімнің сапасы мен ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекелестік қабілетіне қойылатын талаптардың артуына, сондай-ақ еңбек мазмұнының өзгеруіне байланысты туындап отыр.

Жұмыстардың разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбектің күрделілігі деңгейіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды жоғарлататын төтенше жағдайларды қоспағанда) белгіленді.

Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасы: екі бөлімнен тұрады.

«Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде жұмысшы орындауға тиіс жұмыс сипаттамасы қамтылады.

«Білуге тиіс» бөлімі жұмысшыға арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс ережелерді, нұсқаулықтар мен басқа да материалдарды, әдістер мен құралдарды білуге қатысты қойылатын талаптарды қамтиды.

Тарифтік-біліктілік сипаттамаларында жұмысшы кәсібінің осы разрядына тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиіс барлық жұмыстарды қамтымайды. Жұмыс беруші сайланбалы кәсіптік органның немесе қызметкердің өзге де өкілді органның пікірін ескере отырып, орындалу күрделілігі бойынша тиісті разрядтардағы жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылғандарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.

«Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстардан басқа, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, аспаптарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмысты орындауға тиіс.

«Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық талаптармен қатар, жұмысшы: өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын (қызметтің) сапасына, жұмыс орнында еңбекті тиімді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды; ақау түрлерін және оның алдын алу мен жоюдың тәсілдерін; өндірістік дабылдатуды білуге тиіс.

Тарифтік-біліктілік сипаттамаларда көрсетілген білімнің көлеміне сәйкес алтыншы және жоғары білікті топтары белгіленетін жұмысшылардың орындайтын жұмыстарында орташа техникалық және жоғары білімді мамандарды пайдаланған орынды.

БТБА осы шығарылымында кейбір кәсіптердің біліктілігі төмен топтарының сипаттамаларында өндіріс жағдайын немесе орындалатын жұмыссипаттамасын негізге ала отырып, жекелеген жұмыстар біліктілігі жоғары жұмыскердің басшылығымен орындалады деп көрсетілген. Бұндай жағдайларда біліктілігі жоғары жұмыскерлер осы кәсіптегі біліктілігі төмен жұмысшыларды басқара білулері керек. Осыған байланысты төмен разрядты кәсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында келтірілген жұмыстар ережеге сәйкес жоғары разрядтардың сипаттамаларында берілмейді.

Қолданыстағы ережелермен және нұсқаулықтармен орындаушылықтың ерекше талаптары көзделген Темір жол, су көлігінде, көтерме-көлік жабдықтарында, қысымда жұмыс істейтін қазандық және турбина қондырғыларына, аппараттарына және ыдыстарына қызмет көрсетумен, улы заттарды сақтау және қолдану бойынша және басқа жұмыстармен айналысатын жұмысшылар осы ережелер мен нұсқаулықтарды білулері және сақтаулары қажет және қажет жағдайларда тиісті құжаты болы керек (дәнекерлеушінің дипломы, техникалық қадағалаудың куәлігі және басқалары).

Кәсіпті біріктіру және әр типті жабдықтарға қызмет көрсету кезінде белгілі кәсіп бойынша біліктілік тобы жабдықтарға күрделі қызмет көрсету бойынша белгіленеді.

Қызмет көрсетілетін жабдықтар саны қызмет көрсету нормаларымен айқындалады.

Анықтамада көрсетілген сандық көрсеткіштерді (мысалға 100 кгм/см²) қоса алған дұрыс.

Разрядтарда көрсетілген жұмысшылардың кәсіптік біліктілігі осы БТБА келтірілген біліктілік тобында көрсетілген жұмысшылардың кәсіптік біліктілігіне сәйкес келеді.

Біліктілік тобы айлық тарифтік ставка тобына сәйкес келеді.

Агрегаттарға, машиналарға және басқа технологиялық жабдықтарға қызмет көрсетумен байланысты жұмыстарға тағайындалған жұмысшыға кәсіпорынның әкімшілігі кәсіподақтар комитетінің келісімі бойынша, егер жұмысшы технологиялық процестерді өздігінен жүргізу шаралары мен әдістерін игермесе, 6 айға дейін осы БТБА шығарылымында көзделген төмен топ біліктілігін беруге құқығы бар.

Осы мерзім аяқталған кезде біліктілік тобын беру туралы шешім белгіленген тәртіппен шешіледі.

Тарифтік-біліктілік сипаттамаларды пайдалану, электр станциялар, жылу желілерін және энергия өткізу жабдықтарын пайдаланумен айналысатын жұмысшыларға біліктілік беру және арттыру, өзгерістер мен толқтырулар енгізу тәртібі жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік бірыңғай анықтамалығының Жалпы ережелерінде, 1-шығарылым, көрсетілген.

Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, анағұрлым біліктілігі төмен жұмысшыларды орындай алуға, сондай-ақ осы кәсіптегі анағұрлым төмен разрядтағы жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разрядтар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары разрядтар кәсіптерінің сипаттамасында әдетте көрсетілмейді.

Тарифтік-біліктілік сипаттамалары сегіз разрядты тарифтік кестеге лайықталып әзірленді.

Қызметкердің еңбек қызметін растаушы құжаттарды толтыру кезінде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерту кезінде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.


І бөлім


«Электр станциялары мен желі жабдықтарын пайдалануға беру, энергия тұтынушыларына қызмет көрсету»

«Электр станциялары мен желі жабдықтарын жөндеу» бөлімдері


Тарифтік-біліктілік сипаттамалары


§ 1. ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫНДАҒЫ АҚАБАСУДЫ ТАЗАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АППАРАТШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Ақабасуды бейтараптандыру және тұндыру үдерістерін, ағындарды ақабасудың сапасы бойынша бөлу. Реагенттерді даярлау, жоғарылау білікті аппаратшының басшылығымен оларды түсетін ақабасудың көлемі мен құрамына байланысты мөлшерлеу. Тазаланған суларды, қождарды және тұнбаларды тартып алу және қайта жіберу. Аппараттар мен коммуникацияларды қождан тазарту. Технологиялық журналдағы жазбаларды жүргізу.

^ Білуге тиіс. Тазалау тәсімі аппараттарының, бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті мен жұмыс істеу қағидаттары; ақабасуларды тазалау үдерісінің технологиялық параметрлері, қолданылатын реагенттердің химиялық қасиеттері.


§ 2. ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫНДАҒЫ АҚАБАСУДЫ ТАЗАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АППАРАТШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өнеркәсіптік ақабасуларды технологиялық үдерістерде тұндыру, флотациялау және фильтрден өткізу әдістерімен қоспалардан тазарту және бағалы заттарды ұстау үдерістерін жүргізу. Өлшеу құралдарының көрсеткіштері және химиялық талдау нәтижелері бойынша үдеріс параметрлерін реттеу. Ақабасуларды тазалау толықтығына бақылау талдау жүргізу. Сүзгілердің жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіру. Жұмыстағы ақаулықтарды жөндеуге анықтау, жөндеуден қабылдап алу. Жабдықтың остандарын іске қосу. Технологиялық журналда жазбаларды жүргізу.

^ Білуге тиіс: Ақабасуды тазалау жөніндегі құрылғының технологиялық тәсімі мен қызмет көрсетілетін жабдық пен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы мен жұмыс істеу қағидатын; үдерістің технологиялық тәртібін; физика мен жалпы химия негіздерін.


§ 3. ХИМИЯЛЫҚ РЕАГЕНТТЕРДІ ДАЯРЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АППАРАТШЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қолданылатын реагент атауларының үшеуге дейінгі санымен химиялық реагенттер мен реагенттік шаруашылық қоймасының (бактар, бункерлер, цистерналар, сорғылар, араластырғыштар мен тиеу-түсіру тетіктері) жабдықтарына қызмет көрсету. Аппараттарда әкті езу, әкті сүтті, коагулянт, фосфат, гидразин-гидрат, гидразин-сульфат, трилон және басқа химиялық сумен тазартуға арналған реагенттер ерітінділерін даярлау. Химиялық реагенттер мен материалдарды жұмыс орнының шеңберінде тасымалдау. Тетіктердің мойынтіректерін майлау.

^ Білуге тиіс: жүк түсіру мен реагенттер даярлау тораптарының технологиялық тәсімін; қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы туралы негізгі мәліметтерді; реагенттер мен сүзгіден өтетін заттардың құрамы мен қасиеттерін; суды механикалық және химиялық тазалаудың негізгі тәсілдерін; ыдыстар мен аппаратураны тазалау және жуу ережесін.


§ 4. ХИМИЯЛЫҚ РЕАГЕНТТЕРДІ ДАЯРЛАУ ЖӨНІНДЕГІ АППАРАТШЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Реагенттерді шығын бактары, өлшегіштер, араластырғыштарға қабылдап, тартып алып және бере отырып реагенттік шаруашылығы тәсімдеріне қызмет көрсету. Коагуляциямен әктендіру, сүзгілердің алмастырғыш қабілетін қалпына келтіру, ішетін және қазандық суларын түзете отырып өңдеу үдерістері, қазандық агрегаттарын бейтараптандыру және химиялық жуу үшін берілген шоғырландырудың химиялық реагенттерін (3-ден 10-дейін) даярлау. Технологиялық регламентті сақтауды бақылау. Бақылау-өлшеу аспаптардың көрсеткіштері мен химиялық талдау нәтижелері бойынша берілген ерітінді шоғырландыруын қолдап отыру. Жабдықтың жағдайын бақылау және оны тазалау. Жабдықты жөндеуге даярлау және жөндеуден қабылдап алу. Реагенттің жұмсалуы мен болуын бақылау. Технологиялық журналда жазбаларды жүргізу.

^ Білуге тиіс: реагенттерді қабылдап алу, беру және даярлаудың технологиялық тәсімін; негізгі және қосалқы жабдықтардың және бақылау-өлшеу аспаптардың құрылғысы және жұмыс істеу қағидаттарын; үдерістің технологиялық тәртібі мен реттеу ережесін; сынамаларға таңдап алу ережесін; қолмен химиялық талдау әдісін және есептеу әдістемесін; қорғану құралдарын қолдану және бірінші дәрігерге дейінгі көмекті көрсету ережесін.


§ 5. ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ СУМЕН ТАЗАЛАУ АППАРАТШЫСЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қазандықтар мен жылу беретін желілер үшін бастапқы судың сапасына байланысты ағартқышта суды реагентті өңдеумен және одан кейін механикалық сүзгілер арқылы сүзгілеумен жұмсарту тәсімі бойынша суды химиялық тазалау үдерісін жүргізу. Салынды заттар мен мұнай өнімдерінен суды тазарту үдерісін жүргізу. Өлшеу құралдары көрсеткіштері және химиялық талдау нәтижелері бойынша өңдеу сатылары жөніндегі салынды заттар мен мұнай өнімдерінен суды тазарту үдерістерін бақылау. Үдеріс параметрлерін реттеу. Тұз ерітіндісімен регенерациялық ерітінді, сүзгі регенерациясын даярлау. Флотатор, механикалық және көмір сүзгілерінің, технологиялық қорғау, АВР блоктау және дабыл қағу жабдықтарын қосу, тоқтату және сынамалау жөніндегі операцияларды жүргізу. Жабдықтың, арматураның, коммуникациялар мен аспаптардың жағдайын бақылау және жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау. Апаттық жағдайларды жоюға қатысу. Жабдықты жөндеуге шығару және жөндеуден қабылдап алу. Жабдықты іске қосу және тоқтату. Шұғыл құжатнаманы жүргізу.

^ Білуге тиіс: химиялық-сумен тазалаудың технологиялық тәсімін; қызмет көрсетілетін (сүзгілер, сорғылар, өлшейтін құрылғылар) жабдықтардың құрылғысы және жұмыс істеу қағидаттарын; негізгі технологиялық параметрлерді, оларды бақылау және өлшеу құралдары; химиялық талдау мен есептерді орындау әдістері; химиялық реагенттерді қолдану ережесін; жалпы химия негіздерін.

Жоғарылау білікті аппаратшының басшылығымен суды химиялық тазалау үдерісін жүргізуде - 2-разряд


§ 6. ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ СУМЕН ТАЗАЛАУ АППАРАТШЫСЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Одан әрі механикалық сүзгілер арқылы сүзгілеумен ағартқыштардағы (коагуляция, әктеу) суды алдын-ала реагентті өңдеу үдерісін жүргізу. Сыланған және өндірістік қойыртпаны, катиондық алмасу жолымен жұмсарту тәсімі бойынша қазандықтар ен жылу желілері үшін суды химиялық тазалауды, ішкі регенерациямен блоктық тұзсыздандырылған құрылғыларда қойыртпаны тұзсыздандыруды жүргізу. Өлшеу құралдарының көрсеткіштері мен химиялық талдау нәтижелері бойынша суды реагентті өңдеу және жұмсарту үдерістерінің параметрлерін реттеу. Ион алмасу және реагенттердің салыстырмалы шығысының технологиялық сипаттамасын есептеу. Жоғарылау білікті аппаратшының басшылығымен қазандықтарды қоректендіру және ионитті сүзгілерді тұздың, қышқылдың, сілтілердің ерітінділерімен регенерациялау үшін суды тұзсыздандыру үдерісін жүргізу. Химиялық талдауды орындау және жұмсарту, тұзсыздандыру және қойыртпаны тазалау, алдын-ала тазалау тәсімі бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін бақылау. Флотатор, механикалық және көмір сүзгілері, технологиялық қорғау, АВР блоктау және дабыл қағу жабдықтарын іске қосу, тоқтату және сынамалау. Апаттық жағдайларды анықтау және жою. Жабдықты жөндеуге даярлау және жөндеуден қабылдап алу. Шұғыл құжатнаманы жүргізу.

^ Білуге тиіс: суды алдын-ала реагентті өңдеу, катионды алмасу жолымен қоректендіру суды жұмсарту және ішкі регенерациямен блокты тұзсыздандыру құрылғыларының технологиялық тәсімін; аппараттардың, жабдықтардың және бақылау-өлшеу аспаптарының жұмыс істеу қағидаттарын; сүзгілердің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіру үдерісін; химиялық талдау және есептеуді орындау әдістемесін; тазаланған су және қойыртпа сапасының нормативтік көрсеткіштерін; жалпы химия негіздерін.


§ 7. ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ СУМЕН ТАЗАЛАУ АППАРАТШЫСЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тұзсыздандырудың бір- және екі сатылы тәсімдері және «тізбек» тәсімі бойынша суды тұзсыздандыру үдерісін жүргізу. Қойыртпаны блоктық тұзсыздандыру құрылғыларында шығармалы регенерация және суды екі ағынды-қарсы ағынды сүзгілерде жұмсартумен және ағындардың қайталама пайдаланумен тұзсыздандыру үдерісін жүргізу. Үдерістердің өлшеу құралдары көрсеткіштері және химиялық талдау нәтижелері бойынша параметрлерін реттеу. Сүзгілердің алмасу қабілетін қышқыл, сілті, тұз ерітінділерімен қалпына келтіру. Ақабасуларды бейтараптандыру және жарым-жартылай пайдалану. Тұзсыздандыру тәсімінің технологиялық сипаттамасын есептеу. Флотатор, механикалық және көмір сүзгілерінің, технологиялық қорғау, АВР блоктау және дабыл қағу жабдықтарын қосу, тоқтату және сынамалау жөніндегі операцияларды жүргізу. Жабдықтар мен аспаптардың жұмысын бақылау, ақауларды анықтау және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау. Апаттық жағдайларды жоюға қатысу.

^ Білуге тиіс: химиялық-сумен тазартудың технологиялық тәсімін; қызмет көрсетілетін жабдық мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы және жұмыс қағидаттарын; үдерісті жүргізудің технологиялық регламентін; химиялық талдау және есептеуді орындаудың әдістерін; тазартылған су мен қойыртпа сапасының көрсеткіштері; қолданылатын химиялық реагенттер мен сүзгіленетін материалдардың қасиеттерін.


§ 8. ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ СУМЕН ТАЗАЛАУ АППАРАТШЫСЫ

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Реагенттердің қысқартылған шығысы және ақабасудың қайталама пайдаланумен сүзгілейтін материалдың қысылған қабаттарымен үш сатылы тұзсыздандыру, қарсы ағын және екі ағынды-қарсы ағынды сүзгілерде және қарсы ағын тәсімі бойынша одан әрі тұзсыздандырумен суды алдын-ала тазарту үдерісін жүргізу. Бақылау-өлшеу аспаптары және химиялық талдау нәтижелері жөніндегі өңдеу сатылары бойынша тұзсыздандыру үдерісін бақылау. Технологиялық үдерістерінің өлшеу және бақылау құралдарының көрсеткіштері, сондай-ақ химиялық талдау және АСУПТ деректері бойынша параметрлерін реттеу. Технологиялық сипаттаманы есептеу. Жабдықтарды, технологиялық қорғау, АВР блоктау және дабыл қағу жабдықтарын іске қосу, тоқтату және сынамалау. Жабдықтар мен аспаптардың жұмысын бақылау, ақауларды анықтау және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау. Апаттық жағдайларды жоюға қатысу. Шұғыл құжатнаманы жүргізу.

^ Білуге тиіс: химиялық-сумен тазартудың технологиялық тәсімін; қызмет көрсетілетін жабдықтар мен автоматты бақылау және үдерісті басқару жүйесінің құрылғысы және жұмыс істеу қағидаттары; технологиялық регламент; химиялық талдау және есептеулерді орындау әдістері; қолданылатын сүзгіленетін материалдар мен химиялық реагенттердің қасиеттері; химиялық реагенттерді қолдану ережесі.


§ 9. ЭНЕРГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ БАҚЫЛАУШЫСЫ

1-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электр энергиясын тұрмыстық тұтынушыларына қызмет көрсету. Есептеу аспабының жағдайы мен жұмысын бақылау. Электр энергиясын есепсіз қолдану жағдайларын анықтау. Кәсіпорындар мен ұйымдарда электр есептегіштердің көрсеткіштерін алу. Тұрмыстық абоненттермен есептесуде тарифтердің қолданылуын бақылау. Тұрмыстық тұтынушылар шоттарының уақытылы төленуін қамтамасыз ету. Оларға төлеу туралы алдын-ала ескертулерді беру.

^ Білуге тиіс: электр есептегіштер мен токты өлшеу трансформаторларының жұмыс істеу қағидаттары және пайдалануға беру ережесін; электр есептегіштерді қосу тәсімдерін; олардың жұмысындағы жол берілген қателіктерді; есептеу коэффициенттерін; халық қызмет көрсететін және пайдаланатын электр құрылғыларының негізгі мәліметтері; электр энергиясын есепсіз пайдалану тәсілдері.


§ 10. ЭНЕРГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ БАҚЫЛАУШЫСЫ

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электр энергиясын тұрмыстық тұтынушылардың өзіне-өзі қызмет көрсетуі немесе төленген шоттар бойынша есептеулерін бақылау. Бірфазалық тұрмыстық электр есептегіштерді өшіру және қосу. Электр энергиясын тұрмыстық тұтынушыларды электр есептегіштің қыспағы мен қорабынан өшіру және қосу.

^ Білуге тиіс: бір фазалық электр есептегіштердің жұмыс қағидаттары мен қосылу тәсімдері; тұрмыстық тұтынушылардың электр энергиясын есептеу технологиясы мен есептеу жөніндегі құжатнаманы жүргізу тәртібі.


§ 11. ЭНЕРГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ БАҚЫЛАУШЫСЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электр энергиясын төлеу ведомостілері немесе банктен түсетін төленген шоттар бойынша есептесуін, және тұтынушылардың энергияны жұмсауын бақылау. Бекітілген тұтынушылар бойынша электр энергиясымен есептесу жүргізу. Тұтынушылармен олардың жұмсаған энергиясын есептегіш машиналарда есептесуді жүргізу. Есептегіш құралдардың жағдайын қадағалау. Бұзылған электр есептегіштерді ауыстыру. Электр энергиясын есепсіз пайдаланғаны үшін актілер жасау және актілер бойынша соманы төлету үшін материалдарды сотқа, прокуратураға дайындау. Актілер бойынша төлемнің түсуін бақылау. Төмендеу білікті бақылаушыларға жұмыс дайындау, тапсырмалар беру және қабылдап алу.

^ Білуге тиіс: электр есептегіштер, токты өлшеу трансформаторлар мен басқа қызмет көрсетілетін электр аспаптарының жұмыс істеу қағидаттары, техникалық сипаттамасы және пайдалануға беру ережесі; есептеу техникасын пайдаланып энергияны есептеу ережесі; энергияны есептеу бойынша төлеу ведомостілерін пайдалану тәртібі.

Энергия тұтынушыларымен есептесуді жүргізу кезінде есептеудің автоматтандырылған жүйесін Қазақстан Республикасындағы кассалық операцияларды жүргізу ережесіне сәйкес қолданып, ақшалай қаражатты қабылдау, есептеу, сақтауға күнделікті тапсыру жөніндегі операцияларды жүзеге асыру -4-разряд.


§ 12. ЖАҒАДАҒЫ СОРҒЫ СТАНЦИЯЛАРЫНЫҢ МАШИНИСТІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Өнімділік бірлігі 10000 с/м-ге дейінгі орталықтан тебетін және осьтік сорғылармен жабдықталған жағалық сорғы станцияларының берік жұмыс істеуіне қызмет көрсету және қамтамасыз ету. Айналымдағы судың қысымын, мойынтіректердің температурасы мен майлауды, сорғылар мен электр қозғалтқыштардың жұмысын, су қабылдағыштар мен гидротехникалық имараттар торларының жағдайын бақылау. Сорғыларды іске қосу, тоқтату және сынамалау. Жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою. Апаттық ахуалдарды жою.

^ Білуге тиіс: сорғылар мен су қабылдағыштардың торларының құрылғысы мен жұмыс істеу қағидаттары; сорып алатын және қысып толтыратын құбыржолдар мен реттейтін құрылғылардың тәсімі; өлшеу құралдары мен арматураның орналасуы және міндеті; гидравлика мен механиканың негіздері.

Жағалық сорғы станцияларына қызмет көрсетуде сорғылардың өндірістік бірлігі:

10000-нан 20000 с/м-ден жоғары - 3-разряд

20000-нан 50000 с/м-ден жоғары - 4-разряд

50000-нан жоғары - 5-разряд


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21



Похожие:

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік бірыңғай анықтамалығы 9-шығарылым І бөлім Бөлімдер: «Электр станциялардың және желілердің жабдықтарын пайдалану, энергия пайдаланушыларға қызмет көсету» iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (27-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (27-шығарылым) «Полимерлі материалдар өндірісі...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік бірыңғай анықтамалығы 9-шығарылым І бөлім Бөлімдер: «Электр станциялардың және желілердің жабдықтарын пайдалану, энергия пайдаланушыларға қызмет көсету» iconТарифтік-біліктілік анықтамалығы (57-шығарылым) 1-бөлім. Жалпы ережелер
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (57- шығарылым) (бұдан әрі бтба) «Жарнамалық-безендіру...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік бірыңғай анықтамалығы 9-шығарылым І бөлім Бөлімдер: «Электр станциялардың және желілердің жабдықтарын пайдалану, энергия пайдаланушыларға қызмет көсету» iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (50-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі бтба) (50-шығарылым) «Балық және теңіз...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік бірыңғай анықтамалығы 9-шығарылым І бөлім Бөлімдер: «Электр станциялардың және желілердің жабдықтарын пайдалану, энергия пайдаланушыларға қызмет көсету» iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (13-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (5 шығарылым) (бұдан әрі бтба) «Қаңылтыр-банкі...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік бірыңғай анықтамалығы 9-шығарылым І бөлім Бөлімдер: «Электр станциялардың және желілердің жабдықтарын пайдалану, энергия пайдаланушыларға қызмет көсету» iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (16-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (бұдан әрі бтба) (16- шығарылым) «Медициналық...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік бірыңғай анықтамалығы 9-шығарылым І бөлім Бөлімдер: «Электр станциялардың және желілердің жабдықтарын пайдалану, энергия пайдаланушыларға қызмет көсету» iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (12-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (12- шығарылым) (бұдан әрі бтба) «Ремиз-берд өндірісі»...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік бірыңғай анықтамалығы 9-шығарылым І бөлім Бөлімдер: «Электр станциялардың және желілердің жабдықтарын пайдалану, энергия пайдаланушыларға қызмет көсету» iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (63-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (63-шығарылымы) (бұдан әрі бтба) «Қала, ауыл және...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік бірыңғай анықтамалығы 9-шығарылым І бөлім Бөлімдер: «Электр станциялардың және желілердің жабдықтарын пайдалану, энергия пайдаланушыларға қызмет көсету» iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (33-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығы (бұдан әрі бтба) (33 шығарылым) «Жасанды тері жасау өндірісі» бөлімінен...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік бірыңғай анықтамалығы 9-шығарылым І бөлім Бөлімдер: «Электр станциялардың және желілердің жабдықтарын пайдалану, энергия пайдаланушыларға қызмет көсету» iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (62-шығарылым)
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (62-шығарылымы) (бұдан әрі бтба) «Тұрмыстық...
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің тарифтік-біліктілік бірыңғай анықтамалығы 9-шығарылым І бөлім Бөлімдер: «Электр станциялардың және желілердің жабдықтарын пайдалану, энергия пайдаланушыларға қызмет көсету» iconЖұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (43-шығарылым)
Жұмысшылардың кәсіптік және жұмыстың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасы (бұдан әрі бтба) (43-шығарылым) «Мақтаны және тінді...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы