Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарға жатқызу критерийлерін айқындау жөніндегі қағида icon

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарға жатқызу критерийлерін айқындау жөніндегі қағида

НазваниеЖұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарға жатқызу критерийлерін айқындау жөніндегі қағида
Дата конвертации21.12.2012
Размер41.47 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік

қорғау министрінің

2011 жылғы «5» қарашадағы

№ 353-ө бұйрығымен

бекітілген

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын

іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және

табысы аз адамдарға жатқызу критерийлерін

айқындау жөніндегі қағида

1. Жалпы ережелер

1. Осы Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде азаматтарды өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарға жатқызу критерийлерін айқындау жөніндегі қағида (бұдан әрі – Қағида) «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына (бұдан әрі –Бағдарлама) сәйкес әзірленді.

2. Осы Қағида Бағдарламаға қатысатын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарға Қазақстан Республикасы азаматтарын жатқызу критерийлерін айқындайды.

2. Азаматтарды

халықтың өз бетінше жұмыспен айналысушылар

қатарына жатқызу критерийлері

3. Заңға сәйкес:

1) жалдамалы қызметкерлер еңбегін пайдаланушы жұмыс берушілер;

2) жеке пайдалануға арналған өндірістерді қоса алғанда, табыс алу үшін тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді өндірумен (іске асырумен) айналысатын жеке тұлғалар;

3) отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) ақы төленбейтін қызметкерлері;

4) өндірістік кооператив мүшелері өз бетінше жұмыспен айналысушыларға жатады.

4. Өзінің (отбасылық) кәсіпорнын, ферманы басқарушы, сондай-ақ кәсіби қызметпен немесе өз бетінше кәсіпкерлікпен айналысушы және үнемі жалдамалы қызметкерлер еңбегін пайдаланушы адам жұмыс берушілерге жатады.

5. Жеке пайдалануға арналған өндірістерді қоса алғанда, табыс алу үшін тауарлар мен қызметтерді өндірумен (іске асырумен) айналысатын адамдарға:

1) кәсіпорынды заңды тұлға ретінде тіркемей, өзінің жеке кәсіпорнында, фермерлік шаруашылықта, жалдамалы қызметкерсіз немесе жалдамалы қызметкермен жұмыс істейтін адам;

2) заңды тұлға құрмай, қызметін тіркеп те, тіркемей де заңды тұлғаның білімінсіз, жалдамалы қызметкерсіз немесе жалдамалы қызметкермен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын адамдар;

3) үй шаруашылығында ауыл шаруашылық, орман шаруашылығы өнімдерін өндірумен, өткізу үшін аң және балық аулаумен айналысатын адамдар;

4) үй шаруашылығында өндірістік тауарларды өндірумен және сату үшін қызмет көрсетумен айналысатын адамдар;

6. Туысының иелігіндегі жеке меншік отбасылық кәсіпорында ақысыз жұмыс істейтін адамдар отбасылық кәсіпорындардың (шаруашылықтардың) ақы төленбейтін қызметкерлеріне жатады.

7. Өндірістік кооператив мүшелеріне жеке еңбек қатысуы мен оның мүліктік жарналарының (пайларының) мүшелерінің бірлестігіне негізделген, бірлескен кәсіпкерлік қызметі үшін мүшелік негізіндегі адамдар жатады.

8. Өз бетінше жұмыспен айналысушы ретінде Бағдарламаға қатысуға өтініш берген азаматтарды айқындау кезінде Халықты жұмыспен қамту орталығы:

«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының дерекқоры бойынша зейнетақы жинақтау қорында міндетті зейнетақы жарнасы аударымдарының жоқ екендігі немесе бар болуы (мөлшері) туралы;

«Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйе дерекқоры бойынша жұмыссыз ретінде тіркелуі (немесе тіркеудің болмауы) туралы;

«Атаулы әлеуметтік көмек» автоматтандырылған ақпараттық жүйе дерекқоры бойынша атаулы әлеуметтік көмекті, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақыны алатыны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы;

«Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйе дерекқоры бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімімен әлеуметтік төлемдерді алу туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы жөнінде мағлұматтарды салыстырып тексереді.

^ 3. Азаматтарды жұмыссыздарға жатқызу критерийлері

9.Үш негізгі критерийге жауап беретін адамдар жұмыссыздарға жатады. Олар:

1) жұмыссыз болған (табыс алатын жұмысы жоқ);

2) оны іздеумен айналысқан;

3) еңбек етуге дайын адамдар.

10. Адамдарды жұмыссыз ретінде тіркеу Заңның 15-бабына сәйкес жүзеге асырылады.

^ 4. Азаматтарды табысы аз адамдарға жатқызу критерийлері

11. Заңға сәйкес табысы аз адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес атаулы әлеуметтiк көмек және/немесе 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалынатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыны алуға құқығы бар, еңбекке жарамды жастағы адамдар жатады;

12. Табысы аз адамдар (отбасы) адамның (отбасының) жалпы жиынтық табысына және алатын мемлекеттік әлеуметтік төлемдерінің түріне қарай мынадай топтарға бөлінеді:

жиынтық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен (бұдан әрі - ЕТКД) төмен еңбекке жарамды адамдар;

жиынтық табысы азық-түлік себетінің шамасынан (ЕТКД мөлшерінен 60%) төмен еңбекке жарамды адамдар;

жиынтық табысы кедейлік шегінен (ЕТКД-нің 40%) төмен еңбекке жарамды адамдар.

13. Өтініш берушінің табысы аз адам ретіндегі мәртебесін растау үшін Халықты жұмыспен қамту орталығы:

«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының дерекқоры бойынша зейнетақы жинақтау қорында міндетті зейнетақы жарнасы аударымдарының жоқ екендігі немесе бар болуы (мөлшері) туралы;

«Атаулы әлеуметтік көмек» автоматтандырылған ақпараттық жүйе дерекқоры бойынша атаулы әлеуметтік көмекті, 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақыны алатыны туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы;

«Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйе дерекқоры бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша әлеуметтік төлемдерді алу туралы мәліметтердің болуы немесе болмауы жөнінде мағлұматтарды салыстырып тексеруді жүзеге асырады.

______________________

Похожие:

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарға жатқызу критерийлерін айқындау жөніндегі қағида iconҚазақстан Республикасы азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыз және табысы аз адамдарға жатқызу критерийлерін айқындау жөніндегі
Халықты жұмыспен қамту туралы Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №316 қаулысымен...
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарға жатқызу критерийлерін айқындау жөніндегі қағида icon3. Ағымдағы жағдайды талдау
«Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауында еңбек нарығының тиімділігін арттыру, табысы аз адамдарды,...
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарға жатқызу критерийлерін айқындау жөніндегі қағида icon«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Жалпы ережелер «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру»
«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» мемлекеттiк қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік...
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарға жатқызу критерийлерін айқындау жөніндегі қағида iconЖұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарды оқытуды, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесуді және оларға мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуді ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы
Наурыздағы №316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) бірінші бағыты шеңберінде өз бетінше...
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарға жатқызу критерийлерін айқындау жөніндегі қағида icon«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» мемлекеттік қызмет регламенті Жалпы ережелер Осы «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру»
Осы «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі...

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарға жатқызу критерийлерін айқындау жөніндегі қағида icon«Саран қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 22 қарашадағы №43/03 қаулысы «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру»
...
Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы азаматтарын өз бетінше жұмыспен айналысушылар, жұмыссыздар және табысы аз адамдарға жатқызу критерийлерін айқындау жөніндегі қағида icon«Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» мемлекеттік қызмет регламенті
Осы «Адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді нысандарына қатысуға жолдама беру» регламентінде (бұдан әрі Регламент) мынадай...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы

База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы