Издается по решению методического совета гу «Рудненский городской отдел образования» содеражние icon

Издается по решению методического совета гу «Рудненский городской отдел образования» содеражние



НазваниеИздается по решению методического совета гу «Рудненский городской отдел образования» содеражние
страница1/7
Дата конвертации27.05.2013
Размер1.35 Mb.
ТипТезисы
источник
  1   2   3   4   5   6   7



В сборник включены тезисы докладов пленарного и секционных заседаний в рамках темы городских педагогических чтений. Вниманию читеталей представлены материалы, посвященные развитию профессиональной компетентности совеременного педагога начального общего образования в условиях перехода на 12-летнюю модель обучения. Заслуживает внимания практическая ценность представленных материалов по созданию образовательной развивающей среды, способствующей формированию ключевых компетенций учащихся. Особый интерес представляет опыт учителей по созданию учебно-дидактических комплексов для учащихся 1-4-х классов, как результата ввнедрения педагогических инноваций в учебно-воспитательный процесс. ЧАСТЬ 2


^ Издается по решению методического совета

ГУ «Рудненский городской отдел образования»


СОДЕРАЖНИЕ

2 Секция Білім үрдісінде қазіргі замаңға сай инновационды технологияларды меңгер. Освоение современных инновационных технологий в образовательном процессе

  1. Жаркынбекова Р.Т. …………………………………………………………………3-8

«Бастауыш сыныптарда тұлға құзыреттілігін қалыптастыру»

  1. Дангилова А.Б. ............................................................................................... 9-14

«Білім беру үрдісінде жаңаша инновациялық технологияларды меңгеру»

  1. Бирюкова Е.В. ……………………………………………………………………. 14-19

«Формирование ключевых компетентностей и развитие информационной культуры учащихся через применение ИКТ»

  1. Бойченко И.А. ............................................................................................... 19-24

«Использование мультимедийных технологий в начальной школе»

  1. Бушуева Н.А. ……………………………………………………………..………. 24-33

«Технология полного усвоения знаний»

  1. Соколова Г.Л. ……………………………………………………...……………… 33-41

«Применение информационных технологий на уроках в начальных классах»

  1. Щербина З.М. …………………………………………………………………… 41-48

«Освоение современных инновационных технологий в образовательном процессе»

  1. Савенкова И.В. ............................................................................................ 48-59

«Формирование учебных и практических умений учащихся на уроках познания мира»


3 Секция Жаңа моделді білімін іске асыруға қамтамасыз ету мақсатында отбасылардың және мектептің өзара әрекеті. Взаимодействие семьи и школы в целях обеспечения реализации новой модели образования

  1. Ахбергенова М.Т. ………………………………………………………………. 59-66

«Жаңа үлгідегі білім берудегі жүзеге асыру мақсатында мектеп пен отбасы қарым-қатынасын қамтамасыз ету»

  1. Исмакова А.С. …………………………………………………………………… 66-69

«Взаимодействие семьи и школы в целях обеспечения реализации новой модели образования»

  1. Отто О.В. ………………………………………………………………………… 69-74

«Система работы с родителями как условие успешного взаимодействия семьи и школы»

  1. Нуртазина А.Ю. ……………………………………………………………….... 74-79

«Сотрудничество семьи и школы. Влияние семьи на обучение и воспитание детей»

  1. Борисенко Н.М. ………………………………………………………………….. 79-84

«Взаимодействие семьи и школы в целях обеспечения реализации новой модели образования»


«Бастауыш сыныптарда тұлға құзыреттілігін қалыптастыру»


Жаркынбекова Роза Тыныштыкқызы,

учитель начальных классов

первой категории,

ГУ «Средняя школа № 7»


«Бастауыш сыныптарда тұлға құзыреттілігін қалыптастыру»   Құзыреттілік  дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін – өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Оқушылар ұстаздар  қауымынан тек білімге ғана емес, өмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Міне,  құзыреттілік   қалыптастыру  дегеніміздің өзі болашақ  мұғалім  – қазіргі оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интелектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезуіне үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзыреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Мұндай құзырлылықтың қатарына мыналар жатады: бағдарлы  құзыреттілік ; мәдениеттанымдық  құзыреттілік ; оқу- танымдық  құзыреттілік ;  коммуникативтік құзыретілік; ақпараттық- технологиялық  құзыреттілік ; әлеуметтік- еңбек  құзыреттілігі ; тұлғалық өзін- өзі дамыту  құзыреттілігі .

Шығармашыл мұғалім үшін өзгенің тәжірибесін қайталағанна гөрі өз тәжірибесі мен жаңалықтарын басқаларға ұсына алуының, шығармашылық бағыттылықтың болуының мәні зор.

Шығармашылық - бүкіл тіршілік көзі. Ал бүгінгідей күрделі әлеуметтік – экономикалық жаңартулар тұсында оқушы да шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен мәселе саналып, оның барлық ұстаздар қауымын ойландыруы тиіс деп білемін. Мұндай күрделі мәселені шешуде бастауыш сыныптардың алатын орыны ерекше.

Қазақстан Республикасында орта білімді дамыту тұжырымдамасы білім беру мекемелерінің ең негізгі мақсаты: дүниетанымдық, құзырлық шығармашылық деп атап көрсетеді. Қазіргі қоғамда «орындаушы» адамнан гөрі «шығармашыл» адамға сұраныс көбейіп отыр.

Шығармашыл сабақ дегеніміз не? Дәстүрлі сабақпен салыстыра тұжырым жасай кетсем, дәстүрлі сабақтың мақсаты мұғалім үшін жаңа материалды түсіндіру, оқушы үшін жаңа білімді меңгеру болса ,қазіргі қойылып отырған талап мұғалім үшін нәтижеге бағытталған іс – әрекет,оқушы үшін шығармашылық өнім ойлап табу. Оқушының іс – әрекетіне тоқталсам, дәстүрлі оқытуда мұғалімнің түсіндіргенін оқушы есінде ұстаумен шектелсе, қазіргі мектептерде оқушы үшін жаңа нысанды зерттеу,іздену.

12 – жылдық білім беруге көшуге байланысты бүгінгі күні мектеп алдында кез – келген жағдайда туындаған проблеманы шешуге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Зерттеу түсінігі жаңа білім алу үрдісі , танымдық әрекет түрлерінің бірі болып табылады. Зерттеушілікке оқытудың негізгі мақсаты оқушының өз бетімен жаңа іс – әрекет тәсілдерін игеруге даярлығы мен қабілетін қалыптастыру.

Дәстүрлі оқыту кезінде оқушыны ізденіске баулу үшін алдымен мұғалім, оқушы, оқу құралы болып тұратын болса қазіргі жаңа технология элементтерін пайдалану кезеңінде алдымен оқушы, оқу, оқу құралы, содан кейін мұғалімнің ролі тұр. Бұған қарап әрине мұғалім түсіндірмейді, білім бермейді деп айтуға болмайды. Ол білімді балалардың өз бетімен, ізденісімен алуына ықпал жасайды,жағдай туғызады. Оқушыны жаттандылықтан құтқарады, керсінше оның өз еңбегіне жол ашады. Яғни, оқушы алдына проблема тастап отырады, олардың оны шешуіне жол сілтейді,іс – әрекетін ұйымдастырады.

Білім негізі – бастауышта. Іздену, зерттеу жұмысы проблемадан туындайды. Дәстүрлі оқыту кезінде сабақты жоспар бойынша өткізуім міндетті болса, қазіргі жаңа білім беру жағдайында сабағымның құрылымын жағдайға байланысты өзгерте аламын.Әр сабақ кезеңінде әсіресе, қазақ тілі пәнінде оқушыларым тірек сызбалар арқылы өткен сабақты түгел еске түсіре алады және жаңа сабаққа байланысты тірек сызбалар жасайды.

Бастауыш сыныптарда оқыту үрдісіндегі зор рөл атқаратын интеллектуальды дағдыларының мазмұны ерекше. Бастауыш сынып оқушыларының арасында «Мен» қалыптаса бастауы, ересектер және өз достарымен қатынас жасаудың тәсілдерін меңгеруі оқу – танымдық әрекеттің қажетті шарты болып табылады. Бастауыш сынып оқушылары үшін негізгі бөліктер - оқу тапсырмалары, оқу әрекеттері: бақылау мен бағалау. Оқу тапсырмасын қабылдауда тапсырманы шешу қабілеті, тапсырманы сапалы орындау қабілеті, дербес жұмыс жасау қабілеті.

Бастауыш сыныптың шығармашылығы өзіне ғана тән жаңалық болып табылады. Сондықтан оларға тән шығармашылық кезеңдерін шартты түрде былай топтастырамын.

  1. Жаңалықпен бетпе – бет келу.

  2. Шығармашылық , екі ұштылық, белгісіздік.

  3. Шешімнің жарқ етуі.

  4. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Құрғақ ойлау мен жаттап алудан гөрі өз ізденісіне нәтижесі немесе шығармашылық әрекетінің жемісі болғанда ғана оқушы білімді терең меңгере алады. Оқушының өзіне деген сенімін арттырып және және іс- әрекетін демеп, қабілетін дамытып, шығармашылық мүмкіндіктерін ашатын әрине біз.Оқытудың мотиві таным.

Өйткені таным арқылы балаға қуаныш және тұрақты қызығу тудырады. Оқушылардың өз нәтижелерін бағалай білуі маңызды. Жеке тұлғаға бағытталған көзқарасыма тоқтала кетсем негізгі түсінігім мынадай жолдармен анықталады.

  • даралық , ұқсамайтын ,өзіндік ерекшелігі

  • тұлғалық

  • өзін - өзі көрсету.

  • мендік тұжырымдама.

Оқушыға белгілі бір көлемде білік-дағдыларды меңгертумен бірге айнала қоршаған дүние туралы түсініктерді кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабы.

Оқушылар бойындағы шығармашылық қабілеттерін дамытуда мына жағдайларды қарастырамын. Шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың болуы, жекелік қасиеттер болуы, нәтиженің жаңалығы.

Бұдан шығарар тұжырымым шығармашылық қарама-қарсы қайшылықтарды шешуге бағытталған, соңы жаңалыққа әкелетін, бойында жеке қасиеті бар адам.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту проблемасын ұқыпты қадағалау, оқу процесінің тиімді болуында қандай көрініс табады? Шығармашылық қабілетін дамытуға және логикасын дамытуға бағытталған тапсырмалар тек біліміне әсер етіп қана қоймай, оқушылардың ойлау қабілетін дамытады.

Оқушылардың шығармашылығын, ізденімпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке, ұжымдық , ғылыми ізденістер сияқты жұмыстар ұйымдастырудың маңызы зор. Сондай – ақ пәндік олимпиадалар, шығармашылық кештер оқушының дарындылық қасиетін аша түседі.

Бастауыш сынып оқушыларының қабілеттері екі түрлі жағдайда дамиды. Біріншіден – кез-келген бала адамзат баласының осы кезге дейін жинақтаған тәжірибесін меңгертуге бағытталған оқу әрекетінде дамиды. Екіншіден шығармашылық әрекеттер орындау арқылы өздерінің мүмкіндіктерін дамытады. Оқу әрекетінен шығармашылық әрекеттің айырмашылығы ол баланың өзін - өзі қалыптасуына өз идеясын жүзеге асыруға арналған жаңа тәсілдер іздейді. Оқу әрекеттері баланың жалпы қабілеттерін дамытса, шығармашылық әрекеттер баланың іздену жұмысында басты негіз болып саналады. Оқушыларымды шығармашылық жұмысқа баулуда мынадай әдістерді қолданамын.

  1. Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау.

  2. Пікірталас тудыру.

  3. Жағдаяттар шешу.

  4. Логикалық ойлауын дамытатын сөзжұмбақтар шешу.

  5. Қиялдау арқылы эссе жаздырту.

  6. Ұнатқан кейіпкеріне мінездеме беру.

Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру үшін дидактикалық ойындардың алатын орыны ерекше. Әр сабақ кезеңінде оқушыларды өз бетімен дәлелдеуге талпындырамын. Мысалы, күн тізбесін қарап отырып, оқушы мынадай тұжырым жасады. «Әрбір айда төрт сенбіден болады». Осы дұрыс па? Дәлелдеп көрсету керек.

Төменгі сынып оқушылары тұжырымдаманың ақиқаттығына сенімсіз болғанда олар негіздеудің қажеттігін сезінеді. Негіздеудің қажеттілігін мынадай сұрақтардан байқауға болады. « Неліктен сен олай ойлайсың?», «Мұны қалай дәлелдеуге болады?»

«Егер, кейбір, барлық» сөздерін қосып ойларын негіздей білу керек. Бұдан қандай тұжырым жасаймын.

  1. Құрама, жай пікірлерді тану.

  2. Тұжырым жасай алу.

  3. Өз пікірін дәлелдей алу.

Бастауыш сынып оқушыларының әр сабағының мазмұнын дидактикалық ойындар ашады. Атап айтқанда еңбекқорлығын дамытатын ойын түрлері, ақыл – ойын, белсенділігін дамытатын және жүйелі түрдегі ойындар. Міне, осы ойындарды тиімді пайдалана білсек, оқушыларымыз ізденіске ұмтылары сөзсіз. Соңғы жылдары зерттеу жұмыстары енгізіліп отыр.

Зерттеу тәртібі негізінде баланың ізденушілік белсенділігі, қоршаған ортаны танып – білуге құштарлығы жатыр. Нақты бір өзекті мәселені зерттеу, оны тәжірибе ісінде жүзеге асыру оқушылардың өз бетінше білім игеру белсенділігінің қалыптасуына әсер етеді. Балалар өздерінің шығармашылық практикалық іc – әрекет нәтижесінде жаңа білім мен білік түріндегі соңғы өнімге қол жеткізеді.

Шығармашылық тұлғаның басқа оқушылардан ерекшелігі неде? Шығармашылық тұлға, яғни жас дарын жасының ерекшелігіне қарамастан өзгелерден дарындылығымен ,табандылығымен, шұғыл шешімділігімен, өз күшіне сенімділігімен,сезім ұшқырлығымен, өз бетімен жұмыс істеуімен асқан шабытымен ерекшеленеді. Сондықтан оқулықтағы берілген тапсырмалардан басқа шығармашылықты дамытудың басты нысанасы ретінде төмендегідей жұмыстар жүргіземін.

- өздігінен бақылау жүргізу.

- қарапайым тәжірибелер жасау.

  • мәтінмен, сызбамен, тірек сызбамен жұмыс

  • жекеден жалпы шығару.

«Жаңалық» ашып, оның нәтижесінің қызығына бөлейтін қызықты тапсырмалар тұрақты жұмыс жүргізіліп отырылуы біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні белгілі. Шығармашылықты оятудың кезеңдеріне тоқталатын болсам, идеялардың көп болғанынан қорықпауға үйретемін.

Бақылау сұрақтары арқылы шығармашылыққа үйрету әдісінің тиімділігі жазуға үйретуде таптырмайтын құрал. Сұрақтар арқылы оқушылар монолог түрінде жауаптар жазады. Берілген тапсырмаларға сәйкес болашақ шығарманың желісін құрайды.

Тағы бір әдіс қарама-қарсы қайшылықтарды шешу әдісі арқылы оқушыға өмірде «жақсы» деп қабылдаған заттың немесе құбылыстың екінші «жаман», «жағымсыз», «тиімсіз» жақтары да болатынын зерттеу арқылы білдіруге болады. Қарама – қарсы қайшылықтарды шешуде «жақсы», «жаман» ұғымдарын дәйекті түрде дәлелдей алу талап етіледі.Осы мақсатта ана тілі пәнінен көбінесе мәтінді талдау барысында «Жетім» мәтінінде оқушыларым жетім Қасымның ата-анасы қайтыс болса ,осы өмірде сәбилерін өз қолымен жетім жасайтынынан мысал келтіре отырып, «Жетім көрсең, жебей жүр» деген бағдарлама бар екенін айтты.

12 жылдық мектептегі білім беру үрдісінің моделі білім мазмұнының әртүрлі деңгейлік негіздерін қалыптастыруға тиісті. Бастауыш сыныптан бастап оқушылар танымдық қызығушылық пен ой еңбегін сүюге, қажетті интеллектуальдық жүк жүктеуге тәрбиеленген оқушылардың оқуға ынтасы кемімейді, қайта ой еңбегімен өз міндетін абыроймен орындауға деген әдет пайда болады.

Білім молайған сайын бастауыш сынып оқушыларының өмірге деген көзқарасы өзгереді, табиғатын сүюді үйренеді, оның адамға қандай пайдасы бар екендігін түсінеді.

Сыныбы өскен сайын оқушының ой – пікірлері мен ой қорытындылары бірте – бірте ақылға қонымды бола түседі. Оқу үрдісінде бастауыш сынып мектеп оқушысында ғылыми түсінік қалыптаса бастайды, ол теориялық ойлаудың дамуын көрсетеді.Мысалы «Кім боламын?» атты шығарма жазу барысында оқушыларым қарапайым мамандықтан гөрі беделі , ақысы жоғары мамандықты таңдаған.

Оқушылардың таным процестерін дамыту , әрі оның тұрақты болуы бастауыш сыныптан бастап қаланады. Алдымдағы оқушыларымды ғылымға жетелеудің әліппесі оларды өз беттерімен орындайтын жұмыстарына дағдыландырудан бастап жүрмін. Оқушыларымның өзіндік дамуына, дербестігіне көп көңіл бөлемін. Ғылыми жұмыстарымды айналадағы табиғи ортамен тиімді байланыс жасауға тәрбиелеуге негіздеймін.

Бір тақырыптың өзіне бірнеше тапсырмалар орындатуға болады. Оның тиімділігі оқушылардың өз таңдауына жағдай туғызады. Өз алдына мақсат қоя алады. Оқушым ғылыми ізденіске бет бұрған кезеңде ұлы ғұлама Ы.Алтынсариннің көрегендікпен болжаған ата – ана, мұғалім, оқушы үшбұрыш болған жағдайда ғана оқушыны жан – жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелей аламыз деген сөздерін үнемі жадымды ұстаймын.Оқушы - дамушы тұлға.

12 – жылдықтағы мақсат шығармашыл , жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару болса, оқушым Шуйншибаев Мұратханның ғылыми жобасында үнемі нәтиже көрсетіп жүргені дәлел. Оқушым 1 – сыныптан бастап дүниетану пәніндегі «Өсімдікті қорғау» тақырыбын басты нысанаға алған. Сатылап көтерілу барысына тоқталсам, 1 – сыныпта жай топыраққа гүлді тамырландырып отырғызып тәжірибе жасап, қалалық сайыста 1 –нші орында иеленсе, 2 - сыныпта «Өсімдіктерге тыңайтқыш қосу» атты ғылыми жобасында қалалық сайыста екінші орынды иеленген болатын. Тәжірибе барысында 4 түрлі деңгейде гүл өсірген.

Жас ерекшелігіне қарамастан 2 –сыныпта Лисаковьск қаласында «Наурызым қорығы» атты ғылыми жобасында бас жүлдені иеленіп, былтырғы оқу жылында Ұлы Жеңіске 65 жыл толуына байланысты өткен «Мирас» атты ғылыми жобада жас ерекшелігіне қарамастан студенттер арасында 2 – орынды иеленген болатын. Биыл үшінші жылы осы жобаны жалғастыруы оқушының дүниетанымы кеңейе түскені оқушылар арасында акция, дөңгелек үстел, өз бетімен сенбілік ұйымдастыруынан, теориялық жұмысын практикалық жұмыспен жалғастырғанынан айқын байқалды.

Тек қана «Өсімдік» тақырыбында қалалық «Алтын аймақ», «Магнетит» баспасөздерінде өсімдіктерді қорғау туралы жазған мақалаларынан, теледидардан «Тіршілік айнасы» хабарының тұрақты тілшісі болуы, оқушымның қазіргі талапқа сай шығармашыл тұлға болып қалыптасып келе жатқаны анық байқалады.

Оқушым өзінің шығармашылық еңбегіне қарай ,оқушылар арасында ерекше дарындылығы байқалып, оқу жылы қорытындысында «Жыл оқушысы» болуы оның өнімді еңбек еткеніне дәлел.

Міне, бізге бүгінгі нәтижеге бағытталған білім беруде қойылып отырған міндет осындай дамушы тұлғаны қалыптастыру емес пе? Нақты тоқтала кетсем, оқушының тек дүниетану пәнінен ғылыми жобаға ізденіс жасауы оның табиғатты біле түсуге деген құштарлығынан болып отыр.

Міне, оқушыларды ғылыми жобаларды қорғау арқылы олардың бойында салт – дәстүрді, ұлттық құндылықтарды сақтаудағы тұрақты жүйелерді қалыптастыра аламыз. Білім беру мазмұнында күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағдарлау қажет. Бұл оқушылардың игерілген білімдерін ,іскерліктерін, дағдаларын, іс – әрекеттерін өмірлік жағдайда қолдана білуге дайындығынан көрініс табады. Нәтижеге бағытталған білім беру тұжырымдамасын негізге алу дегеніміз әр оқушының нәтижеге жетуі үшін жауапкершілікті белгілеп алу дегенді білдіреді.Дарынды балалармен жұмыс істеуде оқушының өзіндік дамуына , дербестігіне көп көңіл бөлгеніміз жөн. Демек, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта білсек, алдымыздағы жеке тұлғаны интеллектуальдық тұрғыдан жетілдіре түсеміз.

^ ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы. Астана, 2000.

  2. Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.

  3. Ж..Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002.



«Білім беру үрдісінде жаңаша инновациялық технологияларды меңгеру»


^ Дангилова Айгул Бакытжановна,

учитель начальных классов

второй категории,

ГУ «Средняя школа № 19»


«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,

білім, ар, мінез деген қасиеттермен озады» деген ұлы ақын

Абай


Соңғы жылдары білім беру үрдісінде жеке адамды қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген инновациялық технологиялар ұсынылуда. Педагогикалық технология грек сөзі “шеберлік, жасампаздық” дегенді білдіреді. Технология - баланың мүмкіндігін пайдаланып, жоба жасау. Инновация сөзі – латын тілінен аударғанда “жаңалықты енгізу” ұғымын білдіреді Инновациялап оқыту – жаңалықты ашу, оны игеру, өмірге енгізу дегенді білдіреді. Иновациялық технология түрлері 50 –ге жуық. Соның ішінде қазіргі таңда, 25 түрі қолдануда. Кейбір ұстаздар осы иновациялық технологияның сабақта элементтерін пайдаланады. Иновациялық технологиялардың бірнеше түрлері бар. Солардың бірі:Қазақстан ғалымдарының иновациялық технологиялары. Қараев Ж.А. Саралап деңгейлеп технологиясы, Кобдикова.Ж.У. Оқытудың «Үшөлшемді әдістемелік жүйе»педагогикалық технологиясы. Жампейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы Жүнісбеков Ә Жеңілдетіп оқыту технологиясы Тұрғымбаева Т. Дамыта оқыту технологиясы. т.б. НұрахметовН.Н.Абдығалиев К.А. Шоғырландырып-қарқындап оқыту. (қосымша 1. схема)

Жаңаша технологиялардың басты міндеті –оқушының оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету болып табылса, педагогикалық технология мектеп қызметінің ерекше түрі болып есептеледі.Оқытудың жаңа технология ларын меңгері мұғалімнен орасан зор іскерлік пен шығармашылыққа негізделген ізденістерді қажет етеді. ҚР «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіліерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру-маңызды мәселелердің бірі. Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруге міндеттейді. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Сондықтан да білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асуда: І кезең – оқып үйрену; ІІ кезең – меңгеру; ІІІ кезең – дамыту. Жаңа технологиялармен жұмыс істеу үшін мынандай алғы шарттар қажет: оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу.

Қазіргі кезеңгі қоғам талабына сай оқытуда жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің шығармашылық әлеуетін көтерудің маңызы зор.Білім беру үрдісіндегі жаңаша иновациялық технологияларды меңгертудің бірден бір түрі:

Қараевтың инновациялық технологияларының бірі: Оқытудың «үш өлшемді әдістемелік жүйе» педагогикалық технологиясы бойынша сабақты өту барысы төмендегідей болуы шарт І кезең(5-7 минут)

а) ұйымдастыру;

б) үй жұмыстарын тексеру: (кеше өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмаларды үйде аяқтап келу керек болған) оларды аяқтау дәрежесі тексеріледі;

в) «Көпір» тапсырмалары (үйге берілген болатын) тексерілді. Бұлар қтіп кеткен тақырыптардан бүгінгі сабаққа негіз болатын тапсырмалар. Бұл технологияның бір ерекшелігі: өткенді пысықтауға арналған материалды оқушылар үйде қайталап, жаңа тақырыпты меңгеруге үйден дайындалып келеді.

I-кезенде төмендегідей және басқада интерактивті әдістерді қолдануға болады:

сұрақ-жауап әдісі; немесе «Ассоциациялар катары», мысалы: мұғалім тақтаға тақырыпты жазады, оқушылар тақырыпқа байланысты ассоциацияларды дәптерлеріне жазады.

ІІ кезең – технология бойынша синектикалық бөлім (20-25 минут)

а) Өз бетімен жаңа тақырыпты меңгеру. Бұл жерде мұғалім әдеттегідей сабақты өзі түсіндіруден бастамайды, ол 5-7 минуттық өзіндік топтық жұмыс ұйымдастырады. Мысалы, оқушыға зерттеушілік әдістің алгоритімі бойынша іріктелген сұрақтарға жауап беру ұсынылады. Олар төмендегідей ретте қойылуы тиіс: Теорияны меңгеру үшін: 1. «Білу» мақсатына сайкес Не? Қашан? Қай жылы? Қайда?... құрылымы қандай? Аяқта, формуланы жаз, т.с.с. 2. «Түсіну» Сұрақтар түрі: Неге? Неліктен? Себебі? түсіндір, бірнеше тәсілмен шеш, тексер, 3. «Талдау» талда, салыстыр, айырмашылығы неде?

4. «Жинақтау»: Классификация жаса, қорытынды шығар т.б.

Сұрақтарға жауап беру үшін оқушылар алдымен өз бетінше мәтінді (жаңа тақырып бойынша) оқиды, жауап табады. Немесе оқулықтағы мәтінмен жұмысты төмендегі әдістер бойынша ұйымдастыруға болады.

«Дана үкілер» техникасы

  1. Мәтінмен жұмыс істеудің негіздері.

Мәтіннен негізгі (жаңа) ұғымдарды тауып, оларды алфавиттік ретте жазыңыз. Мәтіннен сіз күтпеген, сіздің бұрынғы ұғымдарыңызға қарсы тұрған ақпаратты табыңыз. Сізге жаңалық болған ақпаратты жазыңыз. ( қосымша кесте 1)

  1. Маңызды өмірлік даналық

Мәтіннің негізгі ойын бір сөйлеммен білдіріңіз.

  1. Таныс және таныс емес.

Мәтіннен сізге алдында таныс болған және сізге мүлдем таныс емес ақпаратты табыңыз.

  1. Иллюстрациялық бейнелеу.

Мәтіннің негізгі ойын сурет, сызба, т.б. арқылы бейнелеп көрсетіледі..

5.Үлгі боларлық қорытынды.

Оқыған мәтіннен келешекте қажет болатын маңызды қорытынды шығаруға болады ма? Дегенде оқушылар өз пікірлерін ортаға салады.( қосымша кесте 2.)

6.Талқылауға арналған маңызды тақырыптар.

Сыныпта талқылауға тұрарлықтай, ерекше көңіл бөлуге болатын ойларды, пікірлерді табыңдар.

Б) Мұғалім оқушылармен бірге жоғарыдағы топтық жұмыстың нәтижесін талдайды(8-10 мин.)

Негізгі мақсат –ой ояту, оқушыға өзіндік ой –пікір,қорытынды шығаруға мүмкіндік беру. Жоғарыда айтқандай, мұғалім жаңа тақырыпты дайын түрде бермей, оқушылардың өздері күш салып, қаншалықты меңгергендерін қадағалайды. Ол тек көмектеседі,қосымша фактілер береді, қажет болса өзі түсіндіреді, демек мұғалім оқушылардың танымдық қызметін тек басқарады, бағыт-бағдар береді.[6]

ІІІ кезең (кері байланыс) – технология бойынша нәтижеге бағытталған бөлім (12 минут +3 минут қорытынды шығаруға арналады).

Бұл кезеңнің негізгі мақсаты: деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында жоғарыдағы 2-ші кезеңде алған білімдерін дәлелдеп, қабілетіне қарай тереңдету және оқу жетістіктерін 12 ұпайлық рейтинг жүйесі бойынша әділ бағалау болып табылады. Оқушыларға стандарт көлеміндегі үш деңгейлік тапсырмалар ұсынылады.

1-ші деңгей –оқушылық (өнімсіз- репродуктивтік деңгей-мемлекеттік стандарттың ең аз қажетті көлемін қамтиды.Бұл деңгейде оқушылар репродуктивтік әрекеттерін жасайды:

А) екінші кезеңде қарастырылған ұғымдарды, ережелерді, анықтамаларды т.б. Фактілерді білу талап етіледі.Қойылатын сұрақтар түрі мынадай болмақ:не? Қашан? Қай жылы? Қайда? Құрылымы қандай ? аяқта, нақтыла.( формуланы жаз,т.с.с)

Б) үлгі бойынша берілген практикалық тапсырмаларды орындау арқылы –біліктілігі анықталады.Жұмысты барлық оқушы міндетті түрде 1-ші деңгейге баға бірден қойылмайды, «сынақтан өтті», «сынақтан өтпеді» деген ұғымның екіліктен айырмашылығы, сынақты қайтадан тапсыруға болады. 1-ші деңгейдің барлық тапсырмасы дұрыс орындалған жағдайда сынақ тапсырылған болып саналады. Бір мәрте міндетті деңгейден өткен соң, олар алға ұмтылады, бойларында оқуға ынта, өз күшіне сенімдік пайда болады.1-ші деңгей -5 балл, «сынақтан өтті» , «3» журналға қойылады, егер келесі деңгейлерді меңгере алмаса. Бұл деңгейде оқушының білім сапасы «дұрыс», «толық»деген категорияларды қанағаттандырады.

2-ші деңгейде оқушылардан: 1-ші деңгейде меңгерген білімдерін себеп –салдарларын анықтайтын тапсырмаларды орындап, өз білімдерін түрлі жағдайда қолдана білуі, оқу материалын талдау іскерлігі болып табылады.

2-ші деңгейде 5 балл+4 балл=9 балл = «4» журналға 4 деген бағасы қойылады.

3-ші деңгейде оқушылар танымдық –ізденушілік сипаттағы, білімнің тереңделуіне, қорытындылуына бағытталған тапсырмаларды орындайды.Тапсырма түрлері :өз шешіміңді тап,қорытынды жаса,жетістіктерін сипатта.

4-ші деңгейдедің тапсырмалары оқушылардан жаңа әдістерді пайдаланып, білімдерін қалыптан тыс (стандарттан жоғары) шығармашылық жағдайында қолдана білуін талап етеді»олимпиадалық тапсырмалар,реферат жазу,ғылыми жобалар қорғау)т.б.Олар стандарттан жоғары болғандықтан өзіншке 12 балдық жүйемен ерекше бағаланады.Бұл жағдайда оқушы мұғалімнің көмегінсіз өз бетімен білім алып,өзін-өзі басқару арқылы өз бтімен дами алатын тұлғаға айнала бастайды деп табылады.Демек,мектеп түлектерінің әр қайсысының өз бойындағы қабілетіне сәйкес, «жоқ» дегенде, бір бағытта, мысалы математикадан «өмір бойы білім ала алатын тұлғаға»айналуына кепілдік бар. [7]


ҚОРЫТЫНДЫ

Президенттің жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» - деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз.

Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, педагогикалық жұмыста қалыптасқан бұрынғы ескі сүрлеуден тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.Оқу тәрбиесі үрдісінде педагогикалық жаңалықтарды енгізу IV кезеңнен тұрады:І. Жаңа идеяны іздеуИнновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіруІІ. Жаңалықтарды ұйымдастыруІІІ. Жаңалықтарды енгізуОқу - тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану IV. Жаңалықтарды бекітуҚазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.

Бүгінгі таңда қоғам білім беру саласында және мұғалімдерге үлкен де жоғары талап қояды. Сондықтан мұғалімдер әркез және үздіксіз ізденісте болуы керек. «Қырық бес жыл мұғалім болсаңда, қырық бес минуттық сабаққа мұқият дайындал» дегендей, әр сабақтың қызықты да тартымды, сапалы өтуі үшін үлкен дайындық қажет.

  1   2   3   4   5   6   7



Похожие:

Издается по решению методического совета гу «Рудненский городской отдел образования» содеражние iconИздается по решению методического совета гу «Рудненский городской отдел образования»
Особый интерес представляет опыт учителей по созданию учебно-дидактических комплексов для учащихся 1-4-х классов, как результата...
Издается по решению методического совета гу «Рудненский городской отдел образования» содеражние iconГородское методическое объединение учителей географии. Методическая тема методического кабинета гу «Рудненский городской отдел образования»
Методическая тема методического кабинета гу «Рудненский городской отдел образования»: «Создание единой методической среды как фактор...
Издается по решению методического совета гу «Рудненский городской отдел образования» содеражние iconГородское методическое объединение учителей биологии. Методическая тема методического кабинета гу «Рудненский городской отдел образования»
Методическая тема методического кабинета гу «Рудненский городской отдел образования»: «Создание единой методической среды как фактор...
Издается по решению методического совета гу «Рудненский городской отдел образования» содеражние iconПриказ №15 Рудный қаласы город Рудный о проведении городского Фестиваля «Минута славы» в соответствии с планом работы гу «Рудненский городской отдел образования»,
В соответствии с планом работы гу «Рудненский городской отдел образования», в целях создания условий для проявления творческих инициатив...
Издается по решению методического совета гу «Рудненский городской отдел образования» содеражние iconИнформация отдела образования города Рудного по специальным классам
Гу рудненский городской отдел образования сообщает, что по итогам 2011-2012 учебного года в городе Рудном было 45 класс-комплектов...
Издается по решению методического совета гу «Рудненский городской отдел образования» содеражние iconПриказ №91 Рудный қаласы город Рудный
В соответствии с планом работы гу «Рудненский городской отдел образования», в целях повышения профессионального мастерства и престижа...
Издается по решению методического совета гу «Рудненский городской отдел образования» содеражние iconПриказ №246 Рудный қаласы город Рудный
В соответствии с планом работы гу «Рудненский городской отдел образования», в целях создания условий для творческой самореализации...
Издается по решению методического совета гу «Рудненский городской отдел образования» содеражние iconГу «Рудненский городской отдел образования» акимата города Рудного мониторинг правонарушений за 2012 год Анализ состояния преступности среди несовершеннолетних в городе Рудном за 2012 год и задачи на предстоящий период
Деятельность городского отдела образования, учебных заведений направленная на предупреждение детской и подростковой преступности...
Издается по решению методического совета гу «Рудненский городской отдел образования» содеражние iconПриказ №208 Рудный қаласы город Рудный
«Рудненский городской отдел образования», в целях содействия формированию казахстанского патриотизма, дальнейшего развития общеказахстанской...
Издается по решению методического совета гу «Рудненский городской отдел образования» содеражние iconПриказ №3 Об итогах II (городского) этапа республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам в 2012-2013 учебном году
В соответствии с приказом гу «Рудненский городской отдел образования» от 19. 12. 2012 г. №709 «О проведении городского этапа республиканской...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы