Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру icon

Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру



НазваниеМикроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру
Дата конвертации24.04.2013
Размер182.94 Kb.
ТипДокументы
источник


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «29» желтоқсандағы

№ 1772 қаулысына

5-қосымша


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2011 жылғы 18 шілдедегі

№ 819 қаулысымен

бекітілген


Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және

кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру

қағидалары


1. Жалпы ережелер


      1. Осы Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары мен кредиттік серіктестіктерге конкурстық негізде кредит беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 316 қаулысымен бекітілген Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) шеңберінде конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібін, кредиттік ресурстарды іріктеу және микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары мен кредиттік серіктестіктерге беру, сондай-ақ олардың бөлінген кредиттік ресурстарды мақсатты пайдалануына мониторинг жүргізу шарттарын айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

     1) Бағдарлама операторы – халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіруші орталық атқарушы орган;

     2) уәкілетті өңірлік ұйым – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экономиканың белгілі бір салаларында мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруға уәкілетті ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының жүз пайызы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі заңды тұлға, сондай-ақ банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын, мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйым және әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар;

     3) кредиттік ұйымдар (бұдан әрі – КҰ) – Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен қызметін жүзеге асыратын микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдары және кредиттік серіктестіктер;

      4) микрокредиттік ұйым – (бұдан әрі – МКҰ) – микрокредит беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;

5) микроқаржы ұйымы – (бұдан әрі – МҚҰ) – коммерциялық ұйым болып табылатын, ресми мәртебесі әділет органдарында мемлекеттік тіркелумен және есептік тіркеуден өтумен айқындалатын, микрокредиттер беру жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етілген қызметтің қосымша түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлға;

6) кредиттік серіктестік (бұдан әрі – КС) – жеке және (немесе) заңды тұлғалар оған қатысушылардың кредитке және басқа қаржыға, оның ішінде банк қызметтеріне қажеттіліктерін олардың ақшаларын шоғырландыру арқылы және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа көздердің есебінен қанағаттандыру үшін құрған заңды тұлға;

7) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

8) өңірлік комиссия – облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) маңызы бар жергілікті атқарушы органның жанындағы Бағдарламаны іске асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия;

9) бағалаушы – бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар және міндетті түрде бағалау палатасының бірінің мүшесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;

10) тіркеуші органдар – кепілдік мүлікке Кепіл шартын және/немесе құқық белгілейтін құжаттарды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркеуге уәкілетті органдар;

11) кредиттік ресурстар – қамтамасыздық және мақсатты пайдалану шарттарында кредитті пайдаланғаны үшін қарыз алушының сыйақы төлеуімен, уәкілетті өңірлік ұйым кредиттік ұйымдарға белгілі бір кезеңге беретін ақшалай қаражат;

12) кредит бойынша сыйақы ставкасы – берілген кредиттік ресурстарға кредит сомасында пайызбен көрсетіліп белгіленген төлем мөлшері;

13) МҚҰ (МКҰ) үшін соңғы қарыз алушы – ішінара жұмыспен қамтылғандар; жұмыссыздар; өз бетінше жұмыспен айналысушылар; табысы аз адамдар; жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күнтізбелік жылы бітірген 11-сынып бітірушілері; еңбекке қабілетті мүгедектер; жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер; ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды алушылар болып табылатын адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтары және оралмандар;

14) КС үшін соңғы қарыз алушылар – ішінара жұмыспен қамтылғандар; жұмыссыздар; өз бетінше жұмыспен айналысушылар; табысы аз адамдар; жалпы білім беретін мектептерді ағымдағы күнтізбелік жылы бітірген 11-сынып бітірушілері; еңбекке қабілетті мүгедектер; жиырма үш жасқа дейінгі балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; жалпыға бірдей белгіленген зейнетақы жасына дейін зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер; ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін және мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды алушылар болып табылатын адамдар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтары және оралмандар болып табылатын КС мүшелері;

15) қарыз алушы – Бағдарлама шеңберінде соңғы қарыз алушыларға микрокредит беру жөніндегі конкурста жеңген кредиттік ұйым;

16) техникалық сарапшылар – кредиттік ұйымдар ұсынатын қызметтердің конкурс құжаттамасы талаптарына сәйкестігі туралы сараптау қорытындысын әзірлеуге қатысу үшін тартылатын мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып белгіленген сараптау комиссиясы.

3. Республикалық бюджеттен облыстық маңызы бар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органдарға қайтарымдылық, жеделділік және ақылылық қағидаттарында 0,01% жылдық сыйақы ставкасымен бюджеттік кредит беріледі.

4. Облыстық маңызы бар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы орган уәкілетті өңірлік ұйымды айқындайды және 5 жылдан аспайтын мерзімге кредит береді және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес онымен келісім жасайды.

Мыналар үшін:

1) қаржы агенттігі мәртебесі бар уәкілетті өңірлік ұйым үшін жылдық сыйақы ставкасы 0,01% мөлшерінде белгіленеді;

2) басқа заңды тұлғалар үшін кредит бойынша жылдық сыйақы ставкасы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган эмитеттеген, тиісті мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша бағалы қағаздардың ұйымдасқан қайталама нарығындағы операциялардың нәтижелері бойынша өткен тоқсанда қалыптасқан мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірістің орташа мөлшерлік ставкасы деңгейінде белгіленеді.

5. Уәкілетті өңірлік ұйым осы Қағидаларда белгіленген шарттарда КҰ-ға конкурстық негізде кредиттік ресурстар ұсынады.

6. КҰ кредит беруді жүзеге асыру мақсатында уәкілетті өңірлік ұйым:

1) конкурсқа қатысатын КҰ-ға қойылатын талаптарды, оларға кредиттік ресурстар беру және соңғы қарыз алушыларға кредит беру шарттарын айқындайды;

2) өтініштерді бағалау және КҰ-ды іріктеу арқылы конкурс өткізеді;

3) КҰ-ға кредиттік ресурстарды беруді қамтамасыз етеді;

4) кредиттік ресурстардың мақсатты пайдаланылуына және олардың уақтылы өтелуіне мониторинг жүргізуді жүзеге асырады.

7. КҰ ұйымдары арасында конкурс өткізбей соңғы қарыз алушыларға кредит беруді қаржы агенттігі мәртебесі бар уәкілетті өңірлік ұйымның өзі жүргізе алады.


^ 2. Кредиттік ұйымдарға кредит беру шарттары


8. КҰ-ға кредиттік ресурстар жеделділік, қайтарымдылық, ақылылық, қамтамасыздық және мақсатты пайдалану шарттарында ұсынылады.

КҰ-ға кредит беру шарттары:

1) кейіннен соңғы қарыз алушыларға кредит беру үшін КҰ-ның айналым қаражатын толықтыруды;

2) кредиттік ресурстарды игеру мерзімі – бес айға дейін;

3) кредит беру мерзімі – бес жылдан аспайды;

4) уәкілетті өңірлік ұйымның ұсынатын кредиттері бойынша жылдық сыйақы ставкасын ол өңірлік комиссиямен келісім бойынша уәкілетті өңірлік ұйым үшін белгіленген кредиттер бойынша сыйақы ставкасына және оның кредит беруді ұйымдастырумен байланысты жоспарланған шығыстарына қарай белгілейді;

5) негізгі берешекті бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезеңді;

6) кредит және сыйақы бойынша қайтарылған қаражат сомасына пропорционал КҰ-ның кепілін алып тастауды;

7) өңірлік комиссиялардың келісімі бойынша транш түрінде кредит қаражатын бөлу мүмкіндігін көздейді.

9. Кредиттік ресурстар:

1) кредиттік серіктестіктерге КС барлық мүшелерінің немесе қаржылық жай-күйі уәкілетті өңірлік ұйымның талаптарына жауап беретін үшінші тұлғалардың кепілдіктерінің негізінде кепілсіз;

2) МҚҰ-ға (МКҰ-ға) міндетті кепілдік қамтамасыз ету негізінде беріледі. Бұл ретте, бюджеттік кредиттің қайтарылуын қамтамасыз ету құны сыйақы сомасын ескергенде, бюджеттік кредит мөлшерінен кем болмауға тиіс.

МҚҰ-ны (МКҰ-ны) кепілдік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген.

10. МҚҰ-ның (МКҰ-ның) кепілдікті қамтамасыз етілуін бағалауды уәкілетті өңірлік ұйым конкурстық негізде айқындаған бағалаушы «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» 2000 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізуге тиіс.

Бюджеттік кредит бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді бағалау жөніндегі қызметтерге ақы төлеуді қарыз алушы жүргізеді.

11. КҰ-ға қойылатын біліктілік талаптары осы Қағидаларға 3-қосымшада көзделген талаптарды қамтиды.

12. КҰ-ға іріктеу мынадай өлшемдерге сәйкес жүзеге асырылады:

1) МҚҰ (МКҰ) үшін:

берілген микрокредиттердің саны;

ұсынылған микрокредиттердің орташа мөлшері;

меншікті капиталдың мөлшері;

портфель қатері;

соңғы қарыз алушыға арналған кредит бойынша сыйақы ставкасы;

ауыл тұрғындарына микрокредит беру саласындағы жұмыс тәжірибесі және кредит беру нарығындағы кәсіби біліктілігі;

2) КС үшін:

меншікті капиталдың мөлшері;

соңғы қарыз алушыға арналған кредит бойынша сыйақы ставкасы;

микрокредит алуға үміткер қатысушыларда бизнес-жоспарлардың болуы;

жеке немесе жалға алынған кеңселік үй-жайының болуы;

кредиттік портфельдің көлемі;

жұмыс істейтін кәсіпкерлер қатарындағы адамдардың КС құрамында болуы;

КС төрағасы лауазымында тауарлар, жұмыстар, қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі, микрокредит алуға үміткер қатысушылардың тиісті бизнес-жоспарлары бар адамның болуы;

Іріктеу өлшемдерін бағалау балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады. МҚҰ іріктеу өлшемдерінің мәні осы Қағидаларға 4-қосымшада берілген.


^ 3. Кредиттік ұйымдарды кейіннен кредит беру үшін іріктеу жөнінде конкурс өткізу


13. Уәкілетті өңірлік ұйым осы Қағидаларға 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13-қосымшаларға сәйкес:

1) лоттардың атауы мен саны көрсетілген қызметтердің тізбесін;

2) техникалық ерекшелікті;

3) конкурсқа қатысуға өтінім нысанын;

4) біліктілік туралы мәліметтер нысанын;

5) бағалар кестесінің нысанын;

6) конкурстық өтінімді қамтамасыз ету нысанын (банк кепілдігі);

7) кредит беру туралы шарттың жобасын;

8) кепіл шартының жобасын;

9) кредиттік портфельдің құрылымы туралы ақпараттың нысанын қамтитын конкурстық құжаттаманы әзірлейді және бекітеді.

14. Уәкілетті өңірлік ұйым жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, өңірлердегі Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығы өкілдерінің, уәкілетті өңірлік ұйымның және өзге де мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйым қызметкерлерінің қатарынан конкурстық комиссияны қалыптастырады.

15. Конкурстық комиссия конкурс комиссиясы мүшелерінің тақ санынан тұрады және кемінде бес адамды қамтуға тиіс.

Конкурс комиссиясының құрамына төраға, төрағаның орынбасары және конкурс комиссиясының мүшелері кіреді. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды.

16. Конкурстық комиссияның төрағасы уәкілетті өңірлік ұйымның басшысы не оның қызметін басқаратын, комиссия отырыстарында төрағалық ететін, жұмысын жоспарлайтын және оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асыратын басшының орынбасарынан төмен емес адам болып табылады.

17. Комиссияның әрбір мүшесі бір дауысқа ие болады. Комиссия мүшесінің өзінің дауысын комиссияның басқа мүшесіне беруіне болмайды. Комиссияның шешімдері ашық дауыс беру арқылы комиссия отырысына қатысып отырғандардың қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып саналады.

18. Конкурстық комиссияның хатшысы уәкілетті өңірлік ұйымның конкурсты ұйымдастыруға және жүргізуге жауапты қызметкері болып табылады. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кезде дауыс беру құқығына ие болмайды.

  19. Конкурстық комиссияның хатшысы КҰ-ға конкурстық құжаттаманы ұсынады, олардан конкурстық өтінімі бар конверттерді қабылдайды, конкурстық комиссияның конверттерін ашу бойынша конкурстық комиссия отырысының күн тәртібі жөнінде ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және оны өткізгеннен кейін отырыс хаттамаларын ресімдейді; келіп түскен конкурстық өтінімдерді және конкурстық өтінімдері бар конверттерді КҰ-ға беру уақыты мен күні және КҰ-ның уәкілетті өкілінің (конкурстық өтінімдері бар конверттерді ұсынған және конкурсқа қатысатын адамның) тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген конверттерді ашу рәсіміне қатысуға ниет білдірген КҰ-ны тіркеу журналын жүргізеді.

20. Уәкілетті өңірлік ұйым конкурстық құжаттама бекітілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ КҰ конкурсқа қатысу өтінімдерін беретін соңғы күнге дейін кемінде он бес күнтізбелік күн бұрын конкурс өткізу туралы хабарландырудың мәтінін бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жариялауға міндетті.

21. Қайталама конкурс жүзеге асырылған жағдайда уәкілетті өңірлік ұйым конкурстық құжаттама қайта бекітілген күннен кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Қағидалардың 20-тармағында көзделген талаптарды орындауға міндетті.

     Конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтіні жарияланғанға дейін конкурстық құжаттаманы ұсынуға жол берілмейді.

  22. Конкурстық құжаттама уәкілетті өңірлік ұйым белгілеген, бірақ бір айлық есептік көрсеткіштен аспайтын төлемге ақылы негізде ұсынылады, және оны уәкілетті өңірлік ұйым конкурс өткенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

23. КҰ конкурсқа қатысу үшін ұсынатын конкурстық өтінімнің жарамдылық мерзімі конкурстық өтінім салынған конвертті ашқан күннен бастап кемінде күнтізбелік алпыс күн болуға тиіс.

       24. Жарамдылық мерзімі конкурстық құжаттамада көрсетілген мерзімнен анағұрлым қысқа конкурстық өтінімнен бас тартылады.

  25. КҰ дайындаған конкурстық өтiнiм, сондай-ақ конкурстық өтiнiмге қатысты барлық хат-хабар мен құжаттар мемлекеттік немесе орыс тiлдерінде жасалып, ұсынылады. КҰ ұсынып отырған iлеспе құжаттама мен баспа әдебиет, оларға нақты, нотариат куәландырған мемлекеттік немесе орыс тілінде аудармасы қоса берілген жағдайда, басқа тiлде жасалуы мүмкiн және бұл жағдайда конкурстық өтiнiмдi дұрыс талдау мақсатында, мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде жазылған құжаттар басымдыққа ие болады.

   26. Конкурстық өтiнiмдi КҰ тiгiлген түрде, беттерiн нөмiрлеп ұсынады және соңғы бетiне қолы қойылған болады және мөрмен куәландырылады. Банктiк кепiлдеменiң түпнұсқасы конкурстық өтiнiмге бөлек тiркеледi.

27. Конкурстық өтiнiм басылуға немесе өшпейтiн сиямен жазылуға және оған КҰ басшысы қол қоюға тиiс.

28. Уәкілетті өңірлік ұйым (оның жауапты тұлғасы) конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түскен конкурстық өтінімдердің ешқайсысын ашпайды және оларды табыс еткен әлеуетті қатысушыларға қайтарады.

29. КҰ өзiнің конкурстық өтiнiмiн кепілдікті қамтамасыз етудi қайтарып алу құқығын жоғалтпай, конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн өзiнiң конкурстық өтiнiмдерiн өзгертуге немесе керi қайтаруға құқығы бар.

30. Кері қайтарып алу туралы хабарлама КҰ-ға жазбаша нысанда, бірақ конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімінен кешіктірмей жіберілуге тиіс.

31. Осы Қағидалардың 29-тармағында көзделген конкурстық өтінімді өзгертуді КҰ дайындауға, оған мөр басуға тиіс және ол конкурстық өтінім сияқты ұсынылуға тиіс.

  32. Конкурстық өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурстық өтiнiмдерге өзгерiс енгiзуге жол берілмейді.

    33. КҰ конкурстық құжаттама ережелеріне түсініктеме беру туралы жазбаша сұрау жіберуге құқылы, бірақ ол конкурстық өтінім ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейінгі он жұмыс күнінен кешіктірілмеуі керек. Уәкілетті өңірлік ұйым сұрау тіркелген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оған жауап береді және сұраудың кімнен келіп түскенін көрсетпей, мұндай түсініктемелерді конкурстық құжаттаманы берген барлық КҰ-ға хабарлайды.

      34. Уәкілетті өңірлік ұйым конкурстық өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей өзінің жеке бастамасымен немесе конкурстық құжаттаманы алған КҰ өкілдерінің сұрауына жауап ретінде хаттама ресімдеу арқылы конкурстық құжаттамаға өзгеріс енгізуге құқылы.

      35. Уәкілетті өңірлік ұйым конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн конкурстық құжаттаманы алған КҰ өкілдерімен кездесу өткiзуге құқылы. Мұндай кездесудің хаттамасы тез арада конкурстық комиссияға және барлық әлеуетті қарыз алушыларға жiберiледi.

  36. Өтінімдерді қабылдау аяқталған соң келесі күні конкурсқа қатысушылардың тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурстарда жарияланады.

37. Конкурстық комиссияның отырысы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей тағайындалуға тиіс. Әрбір лот бойынша барлық қажетті құжаттарымен екі КМҚҰ-дан кем өтінім берілген жағдайда конкурс өткізілмеген болып есептеледі.

    38. Егер конкурстық комиссия мүшелерiнiң қажеттi санының болмауы себебiнен конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердi ашу жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысы белгiленген күн мен уақытында өтпеген жағдайда, конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа ұсынылған конкурстық өтiнiмдер салынған конверттердiң сақталуын қамтамасыз етедi және жарияланған мерзiмнен 24 сағаттан кешiктiрмей, конверттердi ашуды өткізу күнi мен уақыты туралы жариялайды. Бұл ретте жаңадан берiлген өтiнiмдер қабылданбайды.

      39. Конкурстық комиссияның отырысы конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысқан жағдайда өткізіледі. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді барлық келген қатысушылардың немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен ашады.

      Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашқан кезде қатысып отырған адамдарға конкурсқа қатысушы КҰ-ның атауы мен мекенжайын, соңғы қарыз алушы үшін сыйақы ставкасын көрсете отырып, олар сұратқан қарыз сомасын, егер олар құжат жүзінде көрсетсе, конкурстық өтінімнің кері қайтарып алынуын және өзгертілуін, осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес конкурстық өтiнiмдi құрайтын құжаттардың бар немесе жоқ екендігі туралы ақпаратты жариялайды.

40. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдері бар конверттер ашылған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде конкурстың қорытындысын шығарады.

      41. Конкурстық комиссия конкурстық өтiнiмдердi олардың толық болуы тұрғысынан зерделейді, сондай-ақ жалпы конкурстық өтінімдердің дұрыс ресімделуін тексереді.

      42. Конкурстық комиссия осы Қағидалардың 40-тармағында айтылған сәйкессіздіктер анықталған жағдайларда конкурстық өтiнiмнен бас тартады.

43. Конкурстық өтiнiм Конкурстық құжаттама талаптарына жауап бермейді деп белгiленiп, конкурстық комиссия одан бас тартқан жағдайда, кейiн оны белгіленген талаптарға сәйкес деп таныла алмайды.

44. Конкурстық өтінім сәйкес келген жағдайда конкурстық комиссияның мүшелері балдық жүйе бойынша бағаланатын осы Қағидаларға 4-қосымшада көзделген өлшемдер негізінде КҰ-ны іріктеуді жүзеге асырады. Конкурстық комиссия балдарды есептеу арқылы МҚҰ, МКҰ мен КС қатарынан кредиттік ресурстарды алуға әлеуетті үміткерлердің тізімін айқындайды. Ең жоғары балл жинаған МҚҰ, МКҰ мен КС жеңген болып есептеледі.

      45. Конкурсқа қатысушылардың бiрнешеуiнің жинаған балы тең болған кезде, конкурс жеңімпазы конкурстық комиссия мүшелерiнiң қарапайым дауыс беруiмен анықталады.

       46. Мынадай жағдайларда:

1) оған екі конкурсқа қатысушыдан кем қатысса;

2) конкурс қатысушыларының ұсыныстары конкурс шарттарын қанағаттандырмайды деп танылса;

3) ұсынылған конкурс өтінімдері конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда конкурс өтпеді деп танылады.

Бұл жағдайларда конкурс комиссиясының барлық мүшелері қол қоятын хаттама ресімделеді.

     47. Конкурс өтпеді деп танылған жағдайда, комиссия конкурсты қайта өткізу туралы шешім қабылдайды.

48. Қайталама конкурс өтпеді деп танылған кезде, осы Қағидалардың 46-тармағында көрсетілген жағдайларда комиссияның шешімі бойынша соңғы қарыз алушыларға микрокредит беру үшін КҰ анықталады, ол туралы тиiстi хаттама жасалуға тиiс.

       49. Қажет болған жағдайда заңнамаға сәйкес уәкілетті өңірлік ұйым техникалық сарапшылардан тұратын сараптау комиссиясын құра алады.

50. Техникалық сарапшылар (сараптау комиссиясы) үш жұмыс күні ішінде КҰ ұсынған қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестiгi жөнiнде сараптамалық қорытынды бередi және конкурстық комиссия шешiм қабылдаған кезде олардың дауыс беруге құқығы болмайды.

      51. Техникалық сарапшылардың (сараптау комиссиясының) қорытындысы конкурсқа ұсынылған конкурстық өтiнiмдердi бағалау мен салыстыру және конкурс жеңiмпазын анықтау кезiнде, ол конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегiнде жасалған жағдайда ғана ескерiледi.

52. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресiмделедi, оған техникалық сарапшылар (сараптау комиссиясының мүшелерi) қол қояды және ол конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қоса берiледi.

53. Конкурсқа қатысатын КҰ конкурстық өтінімдерін бағалау және салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысының нәтижелері бойынша:

1) конкурстық комиссияның төрағасы, ал ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары конкурстық баға ұсыныстарын бағалауды және салыстыруды жүргізу күні:

конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған адамдарға өткізілген конкурс нәтижесін жариялайды және қатысушыларға конкурс жеңімпазын хабарлайды;

конкурс жеңімпазына конкурстық комиссияның төрағасы не оның міндетін атқарушы адам қол қойған жазбаша хабарламаны береді;

конкурсқа қатысушыларға не оның уәкілетті өкілдеріне өткізілген конкурстың қорытындысы туралы хаттаманың көшірмесін ұсыну күні, уақыты және орны туралы ақпаратты береді;

  2) конкурстық комиссияның хатшысы:

конкурсқа қатысушы КҰ-ның конкурстық өтінімдерін бағалау және салыстырып қарау жөніндегі конкурстық комиссия отырысы өткізілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей конкурс қорытындысы туралы хаттама жобасын жасайды және оған отырысқа қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелерінің, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысы өзінің қол қоюын және әрбір бетін дәйектеуін қамтамасыз етеді;

конкурсқа қатысушы кез келген КҰ-ның талап етуі бойынша (ол туралы мәліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді тіркеу журналына енгізілген) мұндай жазбаша сұрауды алған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде уәкілетті өкілдерге өткізілген конкурс қорытындылары туралы хаттаманың көшірмесін өтеусіз негізде жіберуді не ұсынуды ұйымдастырады.

Өткізілген конкурс қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде облыстық маңызы бар (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергілікті атқарушы органына көрсетілген хаттаманың көшірмесін жібереді.

54. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесінің ерекше пікір айтуға құқығы бар, ол жазбаша жазылуға және конкурстық комиссияның отырысы хаттамасына қоса берілуге тиіс. Конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесі өндірістік немесе басқа да себептер бойынша болмаған жағдайда конкурстық комиссияның хаттамасында оның болмауының себебі және осы фактіні растайтын қағаз құжатқа сілтеме көрсетіледі.

  55. Жеңімпаздарды бекіткеннен кейін екі жұмыс күні ішінде конкурстық комиссияның хатшысы бұқаралық ақпараттық құралдарына конкурс қорытындысын жариялау мәселесі жөнінде хабарландыру беруге бастамашы болады.

56. Егер конкурс жеңімпазы үш жұмыс күні ішінде тиісті шарттарға қол қоймаса немесе берілген кепілдікті қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда, онда уәкілетті өңірлік ұйым КҰ-мен (конкурсты жеңген) кепілдікті қамтамасыз ету құнына сәйкес тиісті кредиттік ресурстар беруге немесе жеңімпаздан кейінгі ең көп балл жинаған конкурстың басқа қатысушысымен шарт жасауға құқығы бар.

      57. Кредиттік серіктестікке кредиттік ресурстар төленген жарғы капиталының көлеміне байланысты (жарғы капиталының 1 бірлігіне кредиттің 10 бірлігінен асырмай) беріледі.


^ 4. Кредиттік ұйымдарға кредит беру тәртібі


  58. КҰ-ға кредит беру жөніндегі өткізілген конкурс қорытындысы бойынша уәкілетті өңірлік ұйым мен МҚҰ (МКҰ) және/немесе КС (конкурсты жеңген) арасында:

  кредит ұсыну шарттары, соңғы қарыз алушыға микрокредит беру шарттары, тараптардың құқықтары, міндеттемелері мен жауапкершіліктері белгіленген кредит беру туралы шарт;

  кепіл беруші мен кепіл ұстаушының өтініштері мен кепілдіктері, кепіл заттан өндіріп алу және тараптардың жауапкершілігі көзделген кепіл шарты жасалады.

  59. Кредиттік ресурс беру ақша аудару арқылы ғана жүзеге асырылады.

60. Төлемдерді өтеу кестесі кредиттік ресурстарды берген күні дайындалады және ресімделеді.

61. Кепілмен қамтамасыз ету жөніндегі құжаттардың түпнұсқаларын қарыз алушы уәкілетті өңірлік ұйымға қабылдау-тапсыру актісі бойынша жібереді.

62. Барлық құжаттар, хат алмасу, шоттардан үзінді-көшірмелер, төлем тапсырмалары, КҰ-мен келіссөздердің актілері олардың кредиттік досьесіне тігіледі.


^ 5. Кредиттік ресурстардың мақсатты пайдаланылуына

және олардың уақтылы өтелуіне мониторинг жүргізу


    63. Кредиттік ресурстарды бергеннен кейін уәкілетті өңірлік ұйым кредиттік ресурстар беру шартына сәйкес мониторингтің жасалған актілерін міндетті түрде қоса отырып мониторинг жүргізуді жүзеге асырады. Кредиттік ресурстар мақсатсыз пайдаланылған жағдайда уәкілетті өңірлік ұйым кредит беру және кепіл туралы шарттарда көзделген қаржы санкциялары шараларын қолданады.

64. Кредиттік ресурстар толық өтелген кезде уәкілетті өңірлік ұйым кепілдікті қамтамасыз ету бойынша ауыртпалықты алу туралы өкім дайындайды және уәкілетті тіркеуші органға басшының қолы қойылған хат жібереді.

65. КҰ-ның өтініші бойынша уәкілетті өңірлік ұйым кредиттің өтелген сомасының бөлігіне мөлшерлес кепілдікті қамтамасыз ету бойынша ауыртпалықты алу туралы өкім дайындайды.

   Бұл ретте кепілдікті қамтамасыз етудің құны кредит бойынша сыйақы ставкасының сомасын ескергенде, кредит мөлшерінен аз болмауға тиіс.

66. Уәкілетті өңірлік ұйым қабылдау - тапсыру актісінің негізінде қарыз алушыға құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқалары мен хат жібереді.


____________________




Похожие:

Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру iconКонкурстық негізде микрокредит беру тәртібі
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі №819 қаулысымен бекітілген, конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібін, кредиттік...
Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру iconЖұмыспен қамту 2020 бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарының бекіту туралы
Заңының 27 бабының 2- тармағына, 2011 жылғы 18 шілдедегі №819 қаулысымен бекітілген микрокредиттік ұйымдар мен кредиттік серіктестіктерге...
Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру icon«Шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл тұрғындарына шағын кредит беру үшін «КазАгро» Ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамының еншілес ұйымдарына кредит беру» бағдарламасы бойынша бюджеттік кредит беру негізгі талаптарын белгілеу туралы
«Шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл тұрғындарына шағын кредит беру үшін «КазАгро» Ұлттық басқару холдингі акционерлік...
Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру iconМикрокредиттiк ұйымдар мен кредиттiк серiктестiктерге конкурстық негiзде кредит беру қағидасын бекiту туралы
Оса берiлiп отырған Микрокредиттiк ұйымдар мен кредиттiк серiктестiктерге конкурстық негiзде кредит беру қағидасы бекiтiлсiн
Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру iconА қ паратты қ қ ызметтер к ө рсету рыногында а қ парат берушілерді ң, кредиттік бюроларды ң ж ә не кредиттік есептерді алушыларды ң (кредиттік тарих субъектілерін
Ақпараттық қызметтер көрсету рыногында ақпарат берушілердің, кредиттік бюролардың және кредиттік есептерді алушылардың (кредиттік...
Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру icon«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі (7 жасқадейінгі) балаларды тіркеу» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті
Регламент қалалық және аудандық білім бөлімдерімен, баламалы негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы және «электрондық...
Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру icon«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметтің регламенті Жалпы ережелер «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды және балаларды қабылдау»
«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметтің осы регламенті (бұдан әрі – регламент)...
Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру iconТехникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына
Лдедегі Заңының 26-бабымен және «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...
Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру iconТехникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына
Лдедегі Заңының 26-бабымен және «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына...
Микроқаржы (микрокредиттік) ұйымдарына және кредиттік серіктестерге конкурстық негізде кредит беру iconТехникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесі
Рі – Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес меншік нысаны және ведомстволық бағыныстылығына...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы