|
![]() Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі N 319 Заңы Ескерту. Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 68-баптан қараңыз. МАЗМҰНЫ Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша: "соғысқа қатысушылар мен cоғыс мүгедектеріне" деген сөздер "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне" деген сөздермен ауыстырылсын; "Оқу және тәрбие процесін", "оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесін", "Оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесінің" деген сөздер тиісінше "Оқу-тәрбие процесін", "оқу-тәрбие процесі", "оқу-тәрбие процесін", "Оқу-тәрбие процесі", "оқу-тәрбие процесінің" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «ауыл (село)», «ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)», «ауылдың (селоның)» деген сөздер тиісінше «ауыл», «ауылдың, ауылдық», «ауылдың» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
2-1) академиялық оралымдылық – оқыту немесе зерттеулер жүргізу үшін белгілі бір академиялық кезеңге: семестрге немесе оқу жылына өзінің жоғары оқу орнында немесе оқуды жалғастыру үшін басқа жоғары оқу орнында кредиттер түрінде меңгерген білім беретін оқу бағдарламаларынан міндетті түрде қайта сынақ тапсыра отырып, басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелге) білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді ауыстыру; 2-2) аккредиттеу органдары – стандарттарды (регламенттерді) әзірлейтін және өздері әзірлеген стандарттар (регламенттер) негізінде білім беру ұйымдарын аккредиттеуден өткізетін заңды тұлғалар; 2-3) аккредиттеу стандарттары (регламенттері) – аккредиттеу органының аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін құжаттары;
ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын, оқу орнының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене қатысатын неғұрлым қабілетті білім алушыларды көтермелеу үшін жеке немесе заңды тұлғалар тағайындайтын стипендия; 3-1) әдістемелік кабинет – білім беруді басқару органдарының білім беру процесінің ұйымдастырушылық-әдістемелік қамсыздандырылуын, нәтижелілігін талдау мен бағалауды, педагог кадрлардың шығармашылық өсуіне және олардың кәсіптік тұрғыдан өзін-өзі жетілдіруіне жәрдемдесетін инновациялық педагогикалық тәжірибені жинақтау мен таратуды қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі;
5-1) бейіндік мектеп – жалпы орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламасын іске асыратын оқу орны;
7-1) біліктілікті арттырудың ваучерлік-модульдік жүйесі – білім беру қызметкеріне ұйымды, оқытудың мазмұны мен мерзімдерін таңдауға мүмкіндік беретін, мемлекет белгілеген және белгілі бір ақша сомасымен қамтамасыз етілген, атаулы құжат (ваучер) түрінде ресімделген жан басына шаққандағы норматив негізінде қаржыландырылатын біліктілікті арттыру нысаны; 7-2) біліктілікті арттыру институты – үздіксіз білім беру жүйесінде кадрлардың кәсіптік біліктілігін арттырудың және оларды қайта даярлаудың актуалды білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық процестерді қолдауды жүзеге асыратын білім беру ұйымы; 7-3) біліктілікті беру – нақты мамандық бойынша тиісті кәсіптік қызмет түрінің шеңберінде жұмысты орындау үшін қажетті жеке қабілеттілік, кәсіптік білім, шеберлік пен дағдылар жиынтығын растау рәсімі; 7-4) білім алу үшін арнайы жағдайлар – мүмкіндігі шектеулі адамдардың онсыз жалпы білім беретін және кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы білім беретін оқу бағдарламаларын және арнайы оқыту әдістерін, техникалық және өзге де құралдарды, өмір сүру ортасын, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де қызметтер көрсетуді қоса алғанда, білім алу үшін жағдайлар;
заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы; 10-1) білім беру кредиті – қаржылық ұйымдар мерзімділік, ақылылық және қайтарымдылық шарттарымен оқыту ақысын төлеу үшін қарыз алушыға беретін ақша;
13) білім беру саласындағы уәкілетті орган
салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
17) білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау
беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарт талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатымен жүргізілетін рәсім; 17-1) білім беру ұйымының ерекше мәртебесі – оқуға қабылдаудың тәртібін дербес анықтауға, өз бетінше әзірленген білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыруға, оқу, ғылыми және әдістемелік қызмет саласында өзінің нормалары мен нормативтерін пайдалануға, білім туралы өз үлгісіндегі құжаттарды беруге мүмкіндік жасайтын жұмыс істеудің ерекше режимі;
18-1) ғылыми-әдістемелік жұмыс – ғылым жетістіктері мен озық педагогикалық тәжірибеге негізделген және үздіксіз білім беру жүйесінің жұмыс істеуін және оны дамытуды жетілдіруге бағытталған қызмет түрі; 18-2) ғылым кандидаты, ғылым докторы – ізденушілердің диссертациялар қорғауы негізінде берілген ғылыми дәрежелер; 18-3) докторант – докторантурада білім алатын адам; 18-4) докторантура – философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі беріле отырып, ғылыми және педагог кадрларды даярлауға бағытталған, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламасы;
21-1) жоғары техникалық мектеп – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны; 21-2) зерттеу университеті – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасын және мамандықтардың үш және одан да көп тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өз бетінше әзірленген білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, жаңа білімді жинақтау мен трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу нәтижелерін пайдаланатын жоғары оқу орны; 21-3) инклюзивті білім беру – оқытудың тиісті білім беретін оқу бағдарламаларына білім алушылардың өзге де санаттарымен тең қолжетімділікті, арнайы жағдайларды қамтамасыз ету арқылы дамытуға түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдауды көздейтін, мүмкіндігі шектеулі адамдарды бірлесіп оқыту және тәрбиелеу;
қаржылық және өзге де ресурстарды біріктіретін, тең құқықты бірлестік; бірлескен қызмет туралы шарт негізіндегі ерікті
26-1) интеграцияланған білім беретін оқу бағдарламалары – білім беретін оқу бағдарламаларының тиісті мазмұнды аспектілерін біріктіру негізінде әзірленген білім беретін оқу бағдарламалары;
28-1) кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары – ата-анасын немесе басқа да заңды өкілдерін анықтағанға дейін үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды, оларды уақтылы орналастыру мүмкін болмаған жағдайда ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың қамқорлығынсыз қалған балаларды, қорғаншылық және қамқоршылық органы балалардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген кезде ата-анасынан (олардың біреуінен) немесе қамқорлыққа алған басқа адамдардан алып қойған балаларды, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарына жіберілген балаларды қабылдауды және уақытша ұстауды қамтамасыз ететін, білім беру органдарының қарамағындағы ұйым;
29-1) кәсіптік даярлау – техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлау бойынша қысқартылған мерзіммен оқытудың кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыруды көздейтін техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің бір бөлігі;
35-1) кооперативтік оқыту – мемлекеттің, жұмыс берушілердің және оқу орындарының корпоративтік жауапкершілігіне негізделген, кадрларды кәсіптік даярлауды ұйымдастыру нысандарының бірі; 36) кредиттік оқыту технологиясы - білім алушының және оқытушының оқу жұмысының көлемін өлшеудің сәйкестендірілген бірлігі ретінде кредитті пайдалана отырып, білім алушылардың пәндерді оқып зерделеу дәйектілігін таңдауы және дербес жоспарлауы негізіндегі оқыту;
37-1) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының "Өркен" білім беру гранты (бұдан әрі – "Өркен" гранты) – "Назарбаев Зияткерлік мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуына ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті тағайындайтын грант; 37-2) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор – жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның қолдаухаты бойынша білім беру саласындағы уәкілетті орган беретiн ғылыми атақтар;
41-1) магистрант – магистратурада білім алатын адам; 41-2) магистратура – тиісті мамандығы бойынша "магистр" академиялық дәрежесі беріле отырып, ғылыми және педагог кадрлар даярлауға бағытталған, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламасы;
Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын стипендия; 45) мемлекеттік білім беру тапсырысы - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөнінде, экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін молықтыру үшін білікті қызметкерлер мен мамандарды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөнінде, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөнінде мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсетулер көлемі; 45-1) мемлекеттік бітіру емтиханы – білім алушылардың жалпы орта білім беру курсын бітіргенін куәландыратын мемлекеттік үлгідегі құжатты алуы үшін қажетті талап болып табылатын, жалпы орта білім беру ұйымдарында оларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі;
аппаратурамен, фантомдармен және муляждармен жабдықталған және білім алушылардың және (немесе) медицина қызметкерлерінің практикалық (клиникалық) машықтарды меңгеруіне және оларды бақылауға арналған құрылымдық бөлімшесі;
Конституциясымен кепілдік берілген, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруі нәтижесінде алатын білімі; 49-1) "Орта білім беретін үздік ұйым" гранты – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына рейтингілік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындылары бойынша жыл сайын бөлетін ақша;
51-1) резидентура тыңдаушысы – клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеретін маман;
53-1) студент – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымында оқитын адам; 53-2) тірек мектеп (ресурс орталығы) – шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы білім алуына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қысқа мерзімді сессиялық сабақтарды және аралық әрі қорытынды аттестаттауды өткізу үшін базасында таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердің білім беру ресурстары шоғырланатын жалпы орта білім беру ұйымы;
56-1) ұлттық жоғары оқу орны – елдің жетекші ғылыми және әдістемелік орталығы болып табылатын, ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орны; 56-2) ұлттық зерттеу университеті – ерекше мәртебесі және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасы бар, мамандықтардың үш және одан да көп тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өз бетінше әзірленген білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, жаңа білімді жинақтау мен трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу нәтижелерін пайдаланатын жоғары оқу орны;
57-1) халықаралық мектеп – өз бетінше әзірлеген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыратын, Халықаралық Бакалавриат Ұйымында авторландырудан немесе халықаралық институционалдық аккредиттеуден өткен білім беру ұйымы;
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. |
![]() | Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі n 319 Заңы Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім... | ![]() | Қазақстан республикасының жоғары білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аралық бақылауды өткізу технологиясы Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-ііі заңына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 20 қарашадағы... |
![]() | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №1253 Қаулысы «Білім туралы» «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабы 17 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының... | ![]() | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1385 Қаулысы «Білім туралы» «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 7 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының... |
![]() | Оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-аналардың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 31 – бабының 2 тармағына, Қазақстан... | ![]() | Аралауданыны ң Ә кімдіг І қ аулы арал қаласы №298 «21» қазан 2013 жыл «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1 тармақшасына сәйкес, Арал... |
![]() | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 29 қаңтардағы №40 бұйрығы «Білім туралы» «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 52-бабының 2-тармағына сәйкес БҰйырамын | ![]() | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы №8 бұйрығы «Білім туралы» «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 21 тармақшасына сәйкес БҰйырамын |
![]() | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы «24» желтоқсандағы Осы Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесі (бұдан әрі Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27... | ![]() | Қолтаңба, ақпараттандыру және байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өткізетін көрсетілетін бағаларын бекіту туралы «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Заңы 20-1 бабының 2-тармағына, «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-1 бабының 2-тармағына... |
![]() | Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру ережесін бекіту туралы «Білім туралы» «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 17 тармақшасына сәйкес БҰйырамын |