Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon

Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы



НазваниеҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
страница6/27
Дата конвертации28.04.2013
Размер5.42 Mb.
ТипДокументы
источник
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

Мәлімет көзі: Қостанай облысы бойынша статистика департаменті, интернет ресурс: www.kostanai.stat. kz;

2007 жылмен салыстырғанда 2009 жылы ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының барлық түрлерінің мал басының: ірі қара мал – 4,9, қой мен ешкі – 8,4, шошқа – 6,7, жылқы – 9, құс – 8 өсуіне қол жеткізілді.

Барлық меншік нысанындағы шаруашылықтар 2009 жылы 237,9 мың тонна – тірі салмақта ет; 636,3 мың тонна – сүт, 441 млн. дана – жұмыртқа өндірді. 2008 жылға өндіріс көлемінің өсуі ет – 1,0, сүт – 1,4, жұмыртқа – 8 құрады.

Облыста сүтті мал шаруашылығы өте күрделі және ерекше сала болып табылуына қарамастан, жеткілікті тиімді дамып келеді. Бұл салада оң қарқын байқалуда, сүт өндірісінде үлес салмақ (барлық санаттағы шаруашылықтарда) 12,1 құрайды және 2007-2009 жылдары бір сиырдан орта жылдық сүт сауу 168 кг ұлғаюы байқалып отыр.

^ Асыл тұқымды мал шаруашылығы

Облыс бойынша 36 аттестацияланған асыл тұқымды мал шаруашылығы субьектілері бар. 2010 жылдың басында асыл тұқымды мал шаруашылығы зауыттары мен шаруашылықта барлығы 39420 бас ірі қара мал ұсталды, бұл жалпы мал басының 7,0 құрайды. Сүт бағытындағы мал басының саны – 16868 басты, ет бағытында – 22552 ІҚМ басын; жылқы – 445 бас, құстар: үйрек – 18653 бас, түйе құс – 134 бас, тауық – 81247 басты құрайды.

2010 жылы малдың қайта өндірісінде биотехнологиядағы ғылымның озат жетістіктері негізінде алынған мүлде жаңа асыл тұқымдық материалды (ұрық трансплантациясы мен біржыныстық тұқым) қолдану жөнінде жұмыс жалғастырылуда.

148 аттестацияланған аналық мал басын қолдан ұрықтандыру пункттері қызмет етеді.

Мал шаруашылығын әрі қарай дамыту мақсатында облыста малды ұстау мен бағу технологияларын жетілдіру жөнінде мақсатты жұмыс жалғасуда. 4 мал бордақылау алаңдары, 2 сүт-тауарлық фермасын салу және 3 құс фабрикасын жаңарту бойынша ивестициялық жобалар жүзеге асырылуда.

Облыстың мал шаруашылығының дамуына 2010 жылы көлемі 237,6 млн. теңгені құрайтын «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау» бағдарламасы бойынша, сондай-ақ әрекет етуі 2007 жылдан басталып, қазіргі күні қаржыландыру көлемі 5 есе ұлғайып, 1023 млн. теңгені құрайтын «Мал шаруашылығы өнімінің сапасы мен өнімділігін арттыру» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен қаржылық қаражаттың бөлінуі ықпал етуде. Сонымен қатар жыл сайын облыстық бюджеттен «Мал шаруашылығын қолдау» бағдарламасы бойынша 20 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді.

Ауыл шаруашылығы малдарын теңдестіру жүргізіліп тұрады, оны 2012 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр.

Ветеринария

Облыста мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен эпизоотикалық қолайлылықты қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдануда.

Жергілікті атқарушы органдардың ветеринарлық қызметі 250 мал дәрігерімен қамтамасыз етілген, қажеттілігі 324 (77). 260 округте 198 мал дәрігерлері еңбек етеді (қажеттіліктің 76).

2010 жылы 25 жұқпалы ауруға қарсы алдын алу іс-шаралары, алдын-ала егу бойынша 3,2 мыңнан астам әртүрлі әрекеттер, қан тексеру бойынша 948 мың әрекеттер жүзеге асырылуда. Бұл мақсаттарға республикалық бюджет қаражатынан 175,3 млн. теңге бөлінді.

Мал ауруының диагностикасы мақсатында 364 мыңға жақын ірі қара мал басы бүрселез ауыруына тексерістен өткізілді, ауру жұқтыруы – 1,9 құрайды.

Облыста 26 мал сою пункттері қызмет етеді, олардың жұмыс жүктемелігі 40-50 құрайды және 60 мал сою алаңдары бар.

Инфекцияланған малды жерлеу 303 мал моласында жүзеге асырылады, олардың ішіндегі 37-сі – қалыпты болып табылады.

Облыста жабайы және үй жануарларының құтыруы бойынша шиеленіскен жағдай сақталып отыр. 2010 жылы құтырудың алдын алу үшін қаңғыған ит пен мысықтарды ұстау және жоюды ұйымастыру үшін жергілікті бюджеттен 10,1 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді, оның ішінен 6,3 млн. теңге игерілді.

^ Азық базасы

2009 жылы азық дақылдарының алқабы 468,2 мың гектарды құрады, 2015 жылға қарай 529,1 мың гектарға жеткізілетін болады (өсуі 13). 2010 жылдың қыста малды қорада ұстау кезеңіне 793,9 мың тонна көлемінде шөп, 53,6 мың тонна пішендеме, 817,6 мың тонна сабан, 73,4 мың тонна сүрлем, 432 мың тонна азықтық жем дайындалды, бұл азық мұқтаждығын толық қамтамасыз етеді.

2015 жылғы қарай азықтың барлық түрлерін дайындау көлемі 1 малдың шартты басына шаққанда 25-30 центнер азықтық бірлікті құрайды.

^ Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

Облыста 400-ден астам кәсіпорын ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен айналысады.

15-кесте

Қайта өңдеу кәсіпорындары

2008 жыл

2009 жыл

бар-лы-

ғы

жобалық қуатты-лығы

тәулігіне/т

жұмысбастылық

%

бар-лы-

ғы

жобалық қуатты-лығы

тәулігіне/т

жұмысбастылық

%

Диірмендер

105

5715

60

102

5617

62

Наубайханалар

221

218,2

82

219

193,3

82

Макарон цехтары

22

39,9

58

16

36,7

60

Өсімдік майын өндіру цехтары

4

5,4

25

4

5,5

43

Жарма өндіретін цехтар

5

22,5

76

7

56,92

76

Сүт қайта өңдеуші цехтар

15

693,5

40

15

693,5

41

Шұжық цехтары

37

43,4

33

36

46,2

33

Консервілеу цехтары

4

29000

15

4

29000

30

Жүнді қайта өңдеуші цехтар

3

3,1

70

3

3,1

70

Теріні қайта өңдеуші цехтар

2

6,5

0

2

6,5

0

Өндіріс көлемінің өсуі және өндірілетін өнімдердің сапасын арттыру технологиялық желілер мен өндірістік қуаттылықтарды жаңарту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және өндіру технологияларын жетілдіру арқылы қамтамасыз етіледі.

16-кесте

 

2008 жыл

2009 жыл

^ 2008 жылғы қарағанда 2009 жылы, %

Ет және азықтық ішек-қарын өнімдері, тонна

3088

3549

114,9

Шұжық өнімдері, тонна

2439

2515

103,1

Сұйық өңделген сүт пен кілегей, тонна

31062

35623

114,7

Сары май, тонна

2113

2115

100,1

Сүт және қоюлатылған кілегей, тонна

732

911

124

Сүзбе және ірімшік, тонна

1906

2037

106,8

Ұн, тонна

859469

878982

102,3

Макарон, тонна

10707

11255

105,1

Жаңа піскен нан, тонна

31920

32196

100,9



Облыс өнімнің негізгі түрлері бойынша өзін-өзі қамтыған болып табылады: астық бойынша – 25,2 есе, нан өнімдері бойынша – 8,4 есе, еттің сойыс салмағы бойынша – 3,5 есе , сүт – 4,3 есе, жұмыртқа – 3,6 есе, сары май – 1,2 есе.

Тамақ өнеркәсібін дамыту және ауылшаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қайта өңдеу кәсіпорындарына айналым қаражаттарын толтыру үшін екінші деңгейдегі банктер беретін кредиттер бойынша банктік сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бойынша бюджеттік бағдарлама іске асырылуда.

Қайта өңдеуші 33 кәсіпорында халықаралық ИҚО және ХАССП менеджмент сапасы жүйесі енгізілді. 2010 жылдың аяғына дейін тағы да 15 кәсіпорында сапа стандарттарын енгізу жоспарланып отыр. 2015 жылға дейін сапа стандартын енгінзген кәіспорындардың саны 58 бірлікке жетеді. Өнімнің негізгі тұтынушылары Ресей Федерациясының, Батыс Қазақстанның, Украина мен Белоруссияның шекаралас аудандары болып табылады.

^ Тауарлық балық өнімдерін өндіру

Балық қорларын ұлғайту және оның биологиялық әртүрлілігін сақтау тауарлық балық өсіруді дамытусыз мүмкін емес. Соңғы 3-5 жылда орта жылдық балық аулау көлемі (14 тонна тауарлық балық өндіруді қосқанда) 966 тоннаны құрады. Соңғы уақытта балық аулау көлемінің төмендеу үрдісі байқалып отыр. Табиғи су қоймаларында балық өсіру арқылы балық ресурстарын қалпына келтіру балық ресурстарының жағдайын қалыпты деңгейде ұстауға мүмкіндік берсе де, балық өнімдерінің көлемін ұлғайту мәселелерін шеше алмай отыр. Балық саласының басым бағыттары тауарлық балық өсіру болып табылады. Бірақ бұған: тауарлық өндірісті дамытуға нақты жауапты уәкілетті органның болмауы; тауарлы балық өндірумен айналысқан кезде су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы жүргізудің әділетсіздігі және мақсатқа лайықты болмауы, жергілікті бюджеттің қаржылық қаражаттарының тапшылығы сияқты мәселелер кедергі жасап отыр.

Агроқалашық

2009 жылы облыстың ауылдық жерлерінде 649 елді мекен болды. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша 266 елді мекен жоғары, 373-і – орта, 6-ы – төмен даму әлеуетіне сәйкес келеді және 4-і – тұрғынсыз әлеуетке.

Облыста негізгі саланың бірі ауыл шаруашылығы болып табылады. Халықтың жартысы ауылдық жерлерде тұрады, сондықтан Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігі мен аймақтағы ауыл шаруашылығының қарқынды дамуы үшін мықты ауыл шаруашылығы құрылымдары негізінде агроқалашықтар құру қажет.

Агроқалашық жаңа сапалы селолық кенттер ретінде айқындалады. Агроқалашық – мыңнан аспайтын халық саны бар, онда тұрып жатқан адамдар мен маңайындағы аумақтардың тұрғындарды әлеуметтік стандарттармен қамтамасыз ету үшін өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым құрылатын жабдықталған елді мекен:

орталықтандырылған және жергілікті (суық және ыстық), оның ішінде өрт сөндіру үшін сумен жабдықтау; орталықтандырылған газбен жабдықтау (немесе ұжымдық пайдаланудағы сұйытылған газбен жабдықтау жүйесін дамыту);

қатты жол жабындыларымен жабылған көшелер;

қызмет көрсететін аймақтағы елді мекендерді байланыстыратын жол жүйесі; облыстық және аудандық орталықтармен жолаушылардың көлік қатынасы;

стационарлық және мобилдік байланыс жүйелері негізінде телефон байланысының обьектілері;

тұтынушылар кооперацияларының сауда-сатылым обьектілері;

тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсететін аудандық кәсіпорындардың филиалдары; халықтың жеке көмекші шаруашылығына қызмет көрсететін құрылымдары; мектепке дейінгі мекемелер мен мектептер;

спорт обьектілері мен құрылыстар, экологиялық туризмді ұйымдастыру, аңшылық шаруашылықтар;

жалпы тәжірибелі дәрігердің амбулаториясы, өрт сөндіруші апаттан қорғайтын депо мен бекеттер;

жол маңындағы сервистік қызмет көрсету обьектілері (қоғамдық тамақтану, ТҚС, АҚС, қонақ үйлер);

мәдениет мекемелері (мәдениет үйлері, клубтар, кітапханалар және т.б.), нотариалдықтарын қоса алғанда халыққа заңдық қызмет көрсету.

әрі қарай дамытуға бағытталған ауылдық елді мекендер үшін жоспарлау, салу және жайластыру жоспарларының жобаларын жетілдіру қажет, оларда ауыл тұрғындарының еңбек ету және өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған өзара байланыста болатын іс-шаралар кешені айқындалған.

Берілген құрылымдар мыналарға:

ауылдық жерлерде тұру мәртебелігі және ауылдағы демографиялық жағдайды жақсарту үшін негізін қалап, ауыл тұрғындарының табыстарын арттыруға;

ауылдың әлеуметтік және өндірістік инфрақұрылымын дамыту, ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты дамуына жағдай жасауға;

ішкі және сыртқы нарықтар үшін жеткілікті ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлікті тиімді өндіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.


Құрылыс

2009 жылы облыста 294 құрылыс ұйымдары қызмет етті, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 15,3 артық. Тиісінше 2009 жылы 37 627 млн. теңге құрайтын, орындалған құрылыстың мердігерлік жұмыстар көлемі де өсті, бұл 2007 жылға қарағанда 24,5-ға асады.

2009 жылы облыс аумағында барлық қаржыландыру көздері бойынша 187,9 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, 2007 жылғыдан 15,9 жоғары, оның ішінде: 15 мың шаршы метр – жалдамалы тұрғын үй; 14,8 мың шаршы метр – кредиттік тұрғын үй (10,1 мың шаршы метр – салынып жатқан 100 мектеп пен 100 аурухананың қызметкерлері үшін, 4,7 мың шаршы метр – кредитті қайта пайдалану арқылы); 157,7 мың шаршы метр – азаматтардың қаражаттары және жеке инвестициялар, 0,4 мың шаршы метр – басқалар есебінен пайдалануға берілді.

2009 жылы тұрғын үй құрылысына 10364,7 млн. теңге инвестициялар бағытталды. Негізгі капиталға инвестициялар көлемінде тұрғын үй құрылысына жұмсалған инвестициялардың үлесі 8,5 құрайды.

2010 жылдың қаңтар-маусымында тұрғын үйлердің жалпы көлемінің бір шаршы метрінің нақты орташа құрылыстық құны 64,1 мың теңгені құрады.

Құрылыс нарығында бәсекелестіктің дамуына кедергі жасайтын көптеген нақты және жасырын кедергілер орын алады. Олардың негізгілеріне:

кейбір нарыққа қатысушылардың билік органдарымен үлестесуіне байланысты әділетсіз бәсекелестілік;

салынған обьектілерге төмен төлеу қабілеттілікті сұраныс;

байқауға қойылған жер участкелерінің жеткіліксіз саны мен инфрақұрылымының төмен қамсыздандырылуы;

салынған және салынып жатқан обьектілердің инфрақұрылымдарына қосылу кезіндегі кедергілер жатады.


Туризм

Облыс аумағындағы Наурызым қорығының, «Сосновый бор» шипажайының, аңшылық пен балық аулау туризмін ұйымдастыру үшін табиғи және су ресурстарының болуы туризм дамуының маңызды факторларының бірі болып табылады.

2010 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша туризм саласында 40 туристік ұйымдардың, олардың ішінде 5 туроператордың, 35 турагенттіктің жұмысы ұйымдастырылды. 2007-2009 жылдары туристік фирмалардың саны 7 бірлікке ұлғайды. 2009 жылы туристік фирмаларда 106 адам жұмыспен қамтылды немесе 2008 жылмен салыстырғанда 163-ға артты.

2009 жылы туристік ұйымдар 7593 адамға қызмет көрсетті, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 105-ды құрайды, оның ішінде келу туризмі бойынша – 63 туристке, ішкі туристік бағыттарда – 1805 туристке, сыртқы туризм желісі бойынша 5725 адамға қызмет көрсетілді.

17-кесте

^ 2004-2009 жылдардағы туризм көрсеткіштерінің даму серпіні


Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

2007 жыл

2008 жыл

2009 жыл

Туристік қызметтерден көрсетілген қызметтер көлемі

млн. теңге

170,9

190,4

210,6

Келу туризмнің көлемі

мың адам

7,9

8,6

5,6

Ішкі туризмнің көлемі

мың адам

52,3

54,3

65,1

Туристік іс-шаралардың саны

бірлік

74

98

101

Облыста туристік имиджді қалыптастыратын жұмыс жүргізіледі: 2011 жылы республика облыстарының және Ресей Федерациясының туристік компанияларының өкілдерін шақыра отырып, Өңірлік туристік жәрмеңке өткізу жоспарланып отыр; облыстың басым инвестициялық жобаларының қатарына (құрылыс құны – 140 млн. теңге жеке инвестициялар) «Қаратомар суқоймасы жағасында демалыс базасын салу» инвестициялық жобасын енгізу жөніндегі мәселе қарастырылуда.

Бүгінгі таңда туристік обьектілер саны 101 бірлікті құрайды, оның ішінде 58 – қонақ үй, 17 – демалыс базасы, 17 – жазғы шынықтыру лагерьлері, 6 – шипажай мен профилакторий бар.

Негізгі мәселелерді анықтау үшін талдау жүргізілді:

^ Күшті жақтары

Тиімді географиялық орналасу, облыс Ресей Федерациясының (Орынбор, Челябинск, Қорған облыстарымен) және Қазақстанның 4 облысымен (Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды және Солтүстік Қазақстан) шектеседі.

Өңірдің орасан биологиялық әртүрлілігі.

«Сосновый бор» ерекше емдеу суы бар шипажайдың, Наурызым қорығының, Торғайдағы ыстық су көздерінің болуы.

Әлсіз жақтары

Дамыған туристік инфрақұрылымның болмауы.

Қонақ үй қызметінің төмен деңгейі.

Шетелдерде облыстың туристік ресурстарын дұрыс танымау.

Мүмкіндіктері

Туризм саласында жаңа жұмыс орындарын құру.

Туристік инфрақұрылымның дамуы.

Сыртқы және ішкі туризм бойынша туристік ағымдарды ұлғайту.

Қауіп-қатерлер

Туристік ағымдар көлемінің төмендеуі.

Инвестициялық белсенділіктің төмен деңгейі.

Жасалған талдауға сәйкес өңірде туризм саласының дамуына кедергі келтіретін проблемалардың қатарын анықтауға болады:

1) туризмнің дамыған инфрақұрылымының болмауы, қонақ үйлерді, пансионаттарды, үйлер мен демалыс базаларын, сонымен қатар шипажайлық-курорттық ұйымдарды қоса алғанда орналастыру обьектілерінің материалдық базасы моралдік және физикалық тозу деңгейімен сипатталады;

2) қонақ үй қызмет көрсетуінің төмен деңгейі, қазіргі күні туризм ауқымдары, түрлері, сапасы және туристер үшін ұсынылған орналасу орындары халықаралық талаптарға сәйкес келмейді;

3) әлсіз насихаттау және облыстың тарихи-мәдени орындары бойынша туристік маршруттарды көбейту;

4) өңірді шетелде төмен деңгейде тануы, әлемдік нарықта облыстың имиджін көтерудің жеткіліксіздігі, өңірдің туристік әлеуеттері жөнінде жарнамалық ақпараттардың жеткілікті көлемде болмауы.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27



Похожие:

Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon6. 2012 жылдың қорытындысы бойынша Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың барысы туралы талдаухат
Бағдарламалық құжаттардың реквизиттері: Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconАҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Негізгі бағдарлар, мақсаттар, талаптар, нысаналы индикаторлар, НӘтижелер көрсеткіштері және іске асыру жолдары 101
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconҚамысты ауданы аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
БАҒдарламаның паспорты
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconМЕҢДІҚара ауданының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы боровской, 2012 жыл
Ажетті ресурстар
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconАҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Орта мерзімдік келешекте аумақтың негізгі мәселелерінің, тәуекелдерінің, кедергі туғызатын факторларының, бәсекелестік артықшылықтары...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы iconАҚТӨбе облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Орта мерзімдік келешекте аумақтың негізгі мәселелерінің, тәуекелдерінің, кедергі туғызатын факторларының, бәсекелестік артықшылықтары...
Қостанай облысының аумағын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы icon2011-2015 жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2010 мазмұНЫ

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы