|
Келтірілген сандық көрсеткіштері бойынша қолданыстағы заңнамаға қайшы келетін НҚА көбісі келесі мемлекеттік органдарында анықталған, ҚҚА(19), ЭБЖМ(8), ЭМРМ(4), ККМ(3). Мониторингтің өткізу сапасына бөлек, ерекше назар аудару қажет болуда. Мысал ретінде, Әділет министрлігімен жүргізілген талдаудың нәтижесінде, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіміне сәйкес ЭБЖМ қолданыстағы НҚА барлығы – 18 болып тіркелген, бірақ ЭБЖМ ұсынылған ақпараты бойынша оның саны 1-ден аспайтындай болып көрсетілген, бұл жолданған ақпараттың бұрмалауын куәландырады. Осындай жолсыздық сондай-ақ, ТЖМ (барлығы – 9 НҚА, ұсынылған ақпарат бойынша – 3 НҚА) және ҰҚК (барлығы – 8 НҚА, ұсынылған ақпарат бойынша – 3 НҚА) анықталған. Мониторингке қатысты бекітілген есеп нысандарын толтыру бойынша бірқатар кемшіліктер кездесіп, сонымен қатар ақпарат уақытылы жолданбауда, бұл Үкімет қаулысының мерзімде орындалуына кедергі тигізіп отыруда. Аталмыш кемшіліктерге келесі мемлекеттік органдар жол берген: ҚҚА, ҚМ, ҚОҚРА, АБА, ККМ, ҰҚК – толтырылған кезде кемшіліктер кездесуде. ^ ақпарат уақытылы жолданбаған. ЭБЖМ, ТЖМ, ҰҚК – ақпарат шындыққа сай келмейді. МАМ, АШМ, ҚМ, ҚОҚМ, ДСМ, БП, ЖС СӘК – ақпарат мүлдем жолданбаған. Ақпарат мүлдем жолданбаған мемлекеттік органдарға қатысты Әділет министрлігі 2009 жылдың 5 ақпанында №4-1-1-1/И-295 мониторинг бойынша ақпаратты ұсыну туралы ескерту хаты жолданған болатын. Сонымен бірге, аталмыш Ереженің 7 тармақ 3) тармақшасына сәйкес мониторинг жүргізілген кезде заңға тәуелдi кесiмдердi қолдану практикасына қатысты уәкiлеттi органға келiп түскен азаматтардың өтiнiштерiн талдау мен қорыту және прокурорлық ден қою актiлерiн қарау нәтижелерi қарастырылу қажет. Бірақ, аталған тармақ тек ҰБ (есепті кезең кезінде тиісті құжаттар жолданбаған) және ҚҚА (есепті кезең бойынша 503 жеке тұлғалардың өтініштерін қарастырды) орындалады. Белгі қоятынымыз, Бас прокуратурамен тіркелінген 3 НҚА прокурорлық қадағалаудың 3 акті түскен болатын, алайда ҚМ, ККМ мен ҰҚК бұл туралы ақпарат жолданбауда. Мониторингтің жүргізілген нәтижесі бойынша атап кететініміз, мемлекеттік органдардың заңға тиісті шығармашылық қызметі төмен деңгейде өтуде. Баяндалғандардың негізінде, мемлекеттік органдардың өткізілген мониторингтің қорытындысы бойынша ақпаратты әзірлеу мен ұсыну кезінде ғана емес, сонымен қатар мониторингті өткізу процесінің өзіне де формальді түрде жақындайтынын көріп, бұл себептен, мониторингтің мақсаты іске асырылмай, сондай-ақ қамтамасыз етілмейді деп атап кеткеніміз жөн. Осыған орай, НҚА мониторинг жүргізу сапасын көтеруінің жұмысын үйлестіру мен жақсартуына негізделген, сондай-ақ оларды iске асырудың тиiмдiлiгiн бағалау әрi оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану бойынша уақытылы шаралар қабылдау үшiн Әділет министрлігіне бақылау функциясын жүктеуді жорамалдаймыз. ^ Бұл жағдай жергілікті органдарға шаққанда келесідей көрінісін тапты:
Ұсынылған ақпаратты талдау нәтижелері, мониторингтің (өзгерістер мен толықтыруларды ескермей) орталық мемлекеттік органдарымен мемлекеттік тіркеуден өткізілген, қолданыстағы 5666 НҚА қатысты өткізгендігін көрсетті. Мониторингті іске асыру барысында орталық мемлекеттік органдармен, қолданыстағы заңнамаға сәйкестендіруді қажет ететін, барлығы 295 НҚА анықтады, оның ішінде: заңға қайшы келетін ретінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіруді талап ететін НҚА, жалпы саны: 105 (96 НҚА сәйкестендірілген, 9 НҚА сәйкестендіруді талап етеді); тиімсіз іске асырылатын НҚА, жалпы саны: 33 (27 НҚА сәйкестендірілген, ал 6 НҚА сәйкестендіруді талап етеді); ескірген ретінде анықталған НҚА, жалпы саны: 157 (100 НҚА сәйкестендірілген, ал 57 НҚА сәйкестендіруді талап етеді.). Жасалған талдау, анықталған актілердің ішінде, басым көпшілігі, жалпы саннан 53% (пайызды) құрайтын, ескірген ретінде нормалары бар НҚА екендігін көрсетті. Қолданыстағы заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу кезінде Астана қала әкімшілігі, Қарағанды, Қостанай облыстарының жергілікті органдарының мониторинг нәтижелері жөніндегі ақпарат толық, сапасыз, және өз уақытылы ұсынбағандықтан Ереженің 21 тармағында көрсетілген мерзімдер бұзылған. Қарағанды, Манғыстау облыстарының жергілікті мемлекеттік басқару органдар мониторинг есебін заңнамадағы өзгерістерді ескермей, ескі нысанымен жолдауды жалғастырып келеді. Ережеге сай, мониторинг жүргізу кезінде заңға тәуелдi кесiмдердi қолдану практикасына қатысты уәкiлеттi органға келiп түскен азаматтардың өтiнiштерiн талдау мен қорыту және прокурорлық ден қою актiлерiн қарау нәтижелерiн қаралады. Азаматтардың өтініштерін заңға тәуелді актілерді қолдану практикасы жөнінде мониторинг жүргізу барысында жергілікті мемлекеттік органдары тарапынан түскен жоқ. 2008 жылдың екінші жартыжылдығында прокурордың қадағалау актілері ббойынша 44 нормативтік құқықтық актілер өзгертілген немесе бұзылған. Сонымен қатар, Алматы қаласы, Ақтобе, Солтүстік-Қазақстан облыстарының жергілікті мемлекеттік атқару органдары тарапынан аталған сұрақ жөніндегі сәйкес ақпарат ұсынылмаған. Сонымен қатар, көрсетілген фактілерді болдырмау мақсатында, аумақтық әділет органдарымен тұрақты негізде жергілікті мемлекеттік басқару органдарының заңға тәуелді нормативтік құқықтық кесімдерге мониторинг жүргізу мәселелері бойынша «дөңгелек үстелдер», семинарлар, жұмыс кездесулері өткізіледі. |