|
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013 – 2015 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына түсіндірме жазба Осы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013 – 2015 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан әpi – Заң жобасы) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 24-бабының 2-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу, Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес әзірленді. Заң жобасында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшерін бекіту көзделіп отыр. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 962 Жарлығына сәйкес республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферт абсолютті мәнде 8 млрд. АҚШ доллары деңгейінде тіркелген. Бұл ретте, республикалық бюджетке берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшері экономикадағы жағдайға байланысты (контрциклдық қағидат) 15 %-ға дейін (6,8-ден 9,2 млрд. АҚШ долларына дейін) азайту немесе ұлғайту жағына түзетілуі мүмкін. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының басқару кеңесі «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан 2012 – 2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 15 қарашадағы Заңымен бекітілген Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшерін 2013 жылы 180 млрд. теңгеге (1 380 млрд. теңгеге дейін) арттыру туралы ( 2012 жылғы 29 ақпандағы № 01-7.1 хаттамасы) шешім қабылдады. Жыл сайын 1 АҚШ долларының болжамдық бағамы 148,5 теңге екенін ескере отырып, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт 2014 – 2015 жылдары 1 188 млрд. теңге мөлшерінде белгіленген. 2013 – 2015 жылдарға Ұлттық қордың айқындалған кепілдендірілген трансферттің мөлшері Ұлттық қорда төмендетілмейтін қаражаттың қалдығы бойынша шартты орындауды 20 % мөлшерде тиісті қаржы жылының соңына ЖІӨ-нің болжамдық мәнінен қамтамасыз етеді. Тұтастай алғанда, Заң жобасын қабылдау орта мерзімді кезеңге арналған бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды, сондай-ақ республикалық бюджеттің басқа да шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеліп соқпайды. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов |
![]() | Қазақстан республикасының заңЫ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013 – 2015 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы Бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің... | ![]() | ТҮсіндірме жазба «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2012 – 2014 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының... |
![]() | «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы... | ![]() | 2013-2015 жылдарға арналған аудандық бюджет жобасына ТҮсіндірме жазба Республикасының Бюджет кодексіне, 2012–2016 жылдарға арналған Жаңақорған ауданының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы және бюджеттік... |
![]() | 101 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына «Ақпаратты Қазақстан 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту... | ![]() | 2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша ақпарат Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын іске асыру Ережесін бекіту туралы» Республикасы дамыту болжамын және 2011-2015 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес... |
![]() | Зайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат Туралы қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011-2015... | ![]() | «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Республикасы Заңының жобасы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы» Қазақстан Республикасының Президенті – Қазақстан... |
![]() | «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Аулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына | ![]() | «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Аулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасына |