«Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» icon

«Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»



Название«Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»
Дата конвертации20.08.2014
Размер123.11 Kb.
ТипДокументы
источник


«Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы»

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 14 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қоса берiлiп отырған жеке сот орындаушыларының қызметiн жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар тiзбесi бекiтiлсiн.

2.Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Сот актiлерiн орындау комитетi жеке сот орындаушыларының қызметiн жүзеге асыру бойынша лицензиар болып белгiленсiн.

3. «Жеке сот орындаушыcы қызметiмен айналысу құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1456 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 64, 901-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

«Жеке сот орындаушыcы қызметiмен айналысу құқығына біліктілік емтиханын өткізу және лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетіледі:

1) біліктілік емтиханы тапсыру – ақысыз;

2) жеке сот орындаушыcының қызметiмен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру үшін қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығының лицензиялық алымы алынады, ол «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 471-бабына сәйкес мынаны құрайды:

лицензия беру – 6 айлық есептік көрсеткіш;

лицензияның телнұсқасын беру – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 100 %-ы;

лицензияны қайта ресімдеу – лицензия беру кезіндегі мөлшерлеменің 10 %-ы, бірақ 4 айлық есептік көрсеткіштен көп емес.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін төлемақы қолма-қол және (немесе) қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүргізіледі, олар төлемақы мөлшері мен күнін растайтын құжат (түбіртек) береді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету үшін портал арқылы электрондық сұрау салынған кезде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.»;

9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

біліктілік емтиханын тапсыру үшін:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) жеке басын куәландыратын құжаттың деректері көрсетілген еркін нысанда жазылған өтініш;

2) жоғары заңгерлік білімі туралы қосымшасы бар дипломның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);

3) жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасы куәландырған тағылымдамадан өту нәтижесі туралы қорытындының көшірмесі;

4) көрсетілетін қызмет берушіге ұсынғанға дейінгі бір айдан кем емес уақытта берілген наркологиялық және психиатриялық ұйымдардан медициналық анықтамалары.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

Порталға:

1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

2) жоғары заңгерлік білімі туралы қосымшасы бар диплом электрондық көшірме түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі;

3) тағылымдамадан өту нәтижесі туралы қорытынды сканерден өткізілген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі;

4) көрсетілетін қызмет берушіге ұсынғанға дейінгі бір айдан кем емес уақытта берілген наркологиялық және психиатриялық ұйымдардан медициналық анықтамалары электрондық көшірмелер түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын, біліктілік емтиханын тапсыру үшін төлем төленгені туралы құжаттардың (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда) мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Лицензия алу үшін:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;

2) қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) жоғары заңгерлік білімі туралы қосымшасы бар дипломның көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған);

4) еңбек кітапшасының немесе тұлғаның еңбек қызметін растайтын өзге құжатының көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған көшірмесі) – тағылымдамадан өтпей және бiлiктiлiк емтиханын тапсырмай жеке сот орындаушысының лицензиясын алуға мүмкіндігі бар тұрақты судьялар, тұрақты судья болып жұмыс iстеген адамдар не атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi органда және оның аумақтық органдарында кемiнде үш жыл жұмыс iстеген адамдар, құқық қорғау органдарының кемінде он жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлер үшін талап етіледі;

5) көрсетілетін қызмет берушіге ұсынғанға дейінгі бір айдан кем емес уақытта берілген наркологиялық және психиатриялық ұйымдардан медициналық анықтамалары.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын, біліктілік емтиханынан өткені туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Порталға:

1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық түрінде құжат нысанында сұрау салу;

2) лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат электрондық көшірмесі түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда);

3) жоғары заңгерлік білімі туралы қосымшасы бар диплом электрондық көшірме түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі;

4) еңбек кітапшасының немесе тұлғаның еңбек қызметін растайтын өзге құжаты электрондық көшірмесі түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі – тағылымдамадан өтпей және бiлiктiлiк емтиханын тапсырмай жеке сот орындаушысының лицензиясын алуға мүмкіндігі бар тұрақты судьялар, тұрақты судья болып жұмыс iстеген адамдар не атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкiлеттi органда және оның аумақтық органдарында кемiнде үш жыл жұмыс iстеген адамдар, құқық қорғау органдарының кемінде он жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлер үшін талап етіледі;

5) көрсетілетін қызмет берушіге ұсынғанға дейінгі бір айдан кем емес уақытта берілген наркологиялық және психиатриялық ұйымдардан медициналық анықтамалары электрондық көшірмелер түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басты куәландыратын, лицензиялық алымды төлегені туралы (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда), біліктілік емтиханынан өткендігі туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Лицензияны қайта ресімдеу үшін:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) лицензияның деректері көрсетілген лицензияны қайта ресімдеу туралы еркін нысанда жазылған өтініш;

2) лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) тегінің, атының және әкесінің атының ауысуы туралы куәліктің көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқасы берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған).

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған лицензия беру туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында алады.

Порталға:

1) ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;

2) лицензиялық алымды бюджетке төлегені туралы құжат электрондық көшірмесі түрінде электрондық сұрау салуға бекітіледі (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайларды қоспағанда);

3) тегінің, атының және әкесінің атының ауысуы туралы куәлік электрондық көшірмесі түрінде электрондық сұрау салуға қоса бекітіледі.

Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған лицензиялық алымды төлегені туралы (ЭҮТШ арқылы төлеген жағдайда), лицензия беру туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші өз бетімен тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

Көрсетілетін қызметті алушыға лицензия бұрын қағаз жеткізгіште берілген болса, көрсетілетін қызметті алушы қайта ресімделген лицензияны алғанға дейін бұрын берілген лицензияның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады.

Лицензия жоғалған, бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы тиісті ақпараттық жүйелер порталынан лицензия туралы мәліметтер алу мүмкіндігі болмағанда ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін мына құжаттарды ұсынып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді:

көрсетілетін қызметті берушіге:

1) лицензияның телнұсқасын беру туралы еркін нысанда жазылған өтініш;

2) телнұсқаны беру үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

Қағаз жеткізгіште берілген лицензия бүлінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алғанға дейін бұрын берілген лицензияның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады.

Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына біліктілік емтиханынан өту үшін құжаттар тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға күні, уақыты, құжаттарды қабылдаған тұлғаның аты-жөні мен тегі көрсетілген талон беріледі.

Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына лицензия алу, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылған құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжаттардың қабылданған күні туралы белгісімен көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі (беріледі).

Мемлекеттік көрсетілетін қызметке портал арқылы өтініш берілген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне», мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдағаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі.».

4. Осы қаулыға сәйкес «Жеке сот орындаушыларының қызметiн лицензиялаудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 13 наурыздағы № 239 қаулының күшi жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрi К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2013 жылғы 13 наурыздағы
№ 239 қаулысымен   
бекiтiлген      

^ Жеке сот орындаушыларының қызметiн жүзеге асыру үшiн қойылатын
бiлiктiлiк талаптары және оларға сәйкестiктi растайтын құжаттар
тiзбесi

Р/с


Бiлiктiлiк талаптары

Құжаттар

Ескертпе

1

2

3

4

1

Жасы жиырма беске толған Қазақстан Республикасының азаматы

Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметі

талап етілмейді, ақпарат ЖТ МДҚ-да жатады

2

Жоғары заң бiлiмiнiң болуы

дипломының көшiрмесi (қосымшасымен) (салыстыру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырылған көшiрмесi)




3

Жеке сот орындаушысында үздiксiз тағылымдамадан өтуi

жеке сот орындаушыларының өңiрлiк алқасы куәландырған тағылымдаманың қорытындылары туралы қорытындының көшiрмесi

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 142-бабы 7-тармағында көрсетiлген тұлғалар үшiн талап етiлмейдi

4

Бiлiктiлiк емтиханын тапсыру

бiлiктiлiк комиссиясының шешiмi

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 142-бабы 7-тармағында көрсетiлген тұлғалар үшiн талап етiлмейдi

5

Қазақстан Республикасының заңымен белгiленген тәртiппен адамды әрекет етуге қабiлетсiз немесе әрекет ету қабiлеттiлiгi шектеулi деп танылғаны туралы мәлiметтердiң болмауы

әрекет ету қабiлеттiлiгi шектелуiнiң немесе әрекет ету қабiлеттiлiгiнiң шектелмегендiгi туралы анықтама

«Е-лицензиялау» МДҚ ықпалдасқан ҚР БП ҚСАЕК дерекқорында болған жағдайда талап етiлмейдi

6

Жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындалғанға дейiн үш жыл аралығында сот тәртiбiмен әкiмшiлiк өндiрiп алу салынғандығы туралы, сыбайлас жемқорлық жасаған құқық бұзушылықтар туралы мәлiметтердiң болмауы

жеке сот орындаушысы лауазымына тағайындалғанға дейiн үш жыл iшiнде сот тәртiбi мен әкiмшiлiк өндiрiп алу салынғандығы, сыбайлас жемқорлық жасаған құқық бұзушылықтар туралы мәлiметтердiң болмауы туралы анықтама

«Е-лицензиялау» МДҚ ықпалдасқан ҚР БП ҚСАЕК дерекқорында болған жағдайда талап етiлмейдi

7

Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәлiметтердiң болмауы

сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәлiметтердiң болмауы туралы анықтама

«Е-лицензиялау» МДҚ ықпалдасқан ҚР БП ҚСАЕК дерекқорында болған жағдайда талап етiлмейдi

8

Заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген соттылығының болуы немесе соттылығының алынбағандығы туралы мәлiметтердiң болмауы

заңда белгiленген тәртiппен өтелмеген соттылығының болуы немесе алынбағандығы туралы анықтама

«Е-лицензиялау» МДҚ ықпалдасқан ҚР БП ҚСАЕК дерекқорында болған жағдайда талап етiлмейдi

9

Мемлекеттiк, әскери қызметтен, құқық қорғау және арнайы мемлекеттiк органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан жағымсыз себептер бойынша қызметтен босату туралы мәлiметтердiң болмауы

мемлекеттiк, әскери қызметтен, құқық қорғау және арнайы мемлекеттiк органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан жағымсыз себептер бойынша бұрын қызметтен босату туралы мәлiметтердiң болмауы туралы анықтама

«Е-лицензиялау» МДҚ ықпалдасқан ҚР БП ҚСАЕК дерекқорында болған жағдайда талап етiлмейдi

тұлғаның еңбек қызметiн растайтын еңбек кiтапшасы немесе өзге құжатының көшiрмесi (салыстыру үшiн түпнұсқасы берiлмеген жағдайда нотариалды куәландырылған көшiрмесi)

10

Атқарушылық iс жүргiзу бойынша берешектiң болуы және үш айдан артық мерзiмдi өндiрiп алу бойынша берешегiнiң болуы туралы мәлiметтердiң жоқтығы




«Е-лицензиялау» МДҚ ықпалдасқан ҚР Әдiлетминi дерекқорында болған жағдайда талап етiлмейдi

11

Тұлғаны жеке сот орындаушысы қызметiмен айналысу құқығына лицензиядан айыру туралы мәлiметтердiң болмауы




«Е-лицензиялау» МДҚ ықпалдасқан ҚР Әдiлетминi дерекқорында болған жағдайда талап етiлмейдi

12

Наркологиялық және психиатриялық ұйымдарда есепте тұрған туралы мәліметтердің болмауы

наркологиялық және психиатриялық ұйымдардан медициналық анықтамалары




      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ЖТ МДҚ - «Жеке тұлға» мемлекеттiк дерекқоры
      «Е-лицензиялау» МДҚ - «Е-лицензиялау» мемлекеттiк дерекқоры
      ҚР БП ҚСАЕК - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетi
      ҚР Әдiлетминi - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi.




Похожие:

«Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» icon«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» қаулысының жобасына с алыстырмалы кесте
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» 2013 жылғы 13 наурыздағы...
«Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» icon«Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасына ТҮсіндірме жазба

«Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» iconБайланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»
...
«Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» iconБайланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы»
...
«Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» icon«Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына негіздеме анықтамасы
«Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Қр заңының 21-1 бабы 2-тармағына сәйкес жоғары деңгейдегi нормативтiк құқықтық актiнiң күшi...
«Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» iconБілім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және "Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан
Білім және ғылым саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және "Білім беру қызметін лицензиялаудың кейбір...
«Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» iconЖеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялау
Жеке басын куәландыратын құжатының деректері (нөмірі, кім және қашан берді)
«Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» icon«Жеке сот орындаушысы ның қызметіне ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына ан ықтама-негіздеме Бұрын «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы»
Республикасы Заңының (бұдан әрі Заң) 117-бабын және 118-бабының 5-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің...
«Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» iconБайланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына Анықтама-негіздеме
«Байланыс саласында қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы»
«Жеке сот орындаушыларының қызметін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» iconКелісі у парағЫ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасының атауы «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы»
...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы