Сапа саласындағы конкурстар туралы ақпарат «Алтын сапа» icon

Сапа саласындағы конкурстар туралы ақпарат «Алтын сапа»



НазваниеСапа саласындағы конкурстар туралы ақпарат «Алтын сапа»
Дата конвертации01.05.2013
Размер58.93 Kb.
ТипДокументы
источник

Сапа саласындағы конкурстар туралы ақпарат


«Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын алуға талпынушылар конкурсы және «Қазақстанның ең үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 09 қазандағы № 194 Жарғысына сәйкес жыл сайын «Қазақстаннның ең үздік тауары» көрме- конкурсы және «Алтын сапа» ҚР Президентінің сыйлығына талпынушылар конкурсы өткізіледі.

«Алтын сапа» ҚР Президентінің сыйлығына талпынушылар конкурсы қатысушыларының материалдарын рәсімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау Ережелерін және «Қазақстанның ең үздік тауары» республикалық және аймақтық көрме- конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімдерді рәсімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 Қаулысымен «Алтын сапа» ҚР Президентінің сыйлығына талпынушылар байқауы қатысушыларының материалдарын рәсімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау тәртібі және «Қазақстанның ең үздік тауары» республикалық және аймақтық көрме- конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімдерді рәсімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау тәртібі белгіленді.


«Қазақстанның ең үздік тауары» көрме- конкурсы


«Қазақстанның ең үздік тауары» көрме-б конкурсының негізгі мақсаттары:

1) жеке және заңды тұлғадардың отандық өнімдердің сапасын арттыруға бағытталған қызметін белсендіру;

2) Қазақстан нарығының жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өніммен тойымына көмектесі;

3) отандық және халықаралық стандарттар негізінде қазіргі басқару және сапаны қамту әдістерінің кең енгізуіне алғышарттарды жасау және көмек көрсету;

4) өнеркәсіптік, коммерциялық және қоғамдық ұйымдардың сапа мәселелерін шешу қажеттілігіне назарын аудару;

5) халық арасында сапа идясын көпшілікке тарату.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі № 1167 Қаулысымен «Қазақстанның ең үздік тауары» республикалық және аймақтық көрме- конкурстарына ұсынылатын материалдар мен өнімдерді рәсімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау Ережелері бекітілді.

Ережелерге сәйкес байқауға:

1) Қазақстан Республикасы аумағында өнеркәсіптік, азықтық тауарларды және өнеркәсіптік-техникалық мақсаттағы өнімдерді (қару-жарақтан және әскери техникадан басқа) өндірілетін;

2) өнімнің тұрақты жоғары сапа деңгейін қамтамасыз ету және оны жүйелілі жақсарту жөнінде оң нәтижелер бар жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.

Қазақстан Республикасы аумағында өнеркәсіптік, азықтық тауарларды және өнеркәсіптік-техникалық мақсаттағы өнімдерді өндірілетін жеке кәсіпкер байқауға қатыса алады.

Конкурс үш номинация бойынша өткізіледі:

1. «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;

2. «Халық үшін үздік тауарлар»;

3. «Үздік азықтық тауарлар».

Аумақтық конкурсқа ұсынылатын материалдар мен өнімдердің алдын ала сараптамалық бағалауын өткізу үшін аумақтық сараптамалық топ құрылған.

Аумақтық конкурс қатысушыларының материалдары мен өнімдерінің алдын ала сараптамалық бағалауын сараптамалық топ аумақтық конкурстың ұйымдастырушымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізеді.

Конкурс қатысушыларының материалдары мен өнімдерінің алдын ала сараптамалық бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық топ алдын ала сараптамалық ұйғарым құрастырады.

«Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме- конкурсының ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Минитсрлігі болып табылады, «Қазақстанның үздік тауары» аумақтық көрме- конкурсының ұйымдастырушы Қостанай облысының әкімдігі болып табылады.

Аумақтық конкурстың ұйымдастырушысы байқау ұйымдастырушысына аумақтық конкурс жеңімпаздарының қажетті құжаттарын және алдын ала ұйғарымды жолдайды.

Аумақтық конкурстың жеңімпаздары республикалық конкурсқа қатысады да, дипломанттар атағына ие болады.

Конкурс дипломанттары эмблемамен және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме- конкурсының әр номинациядағы І-інші, ІІ-нші және ІІІ-інші дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Дәрежелер конкурс дипломаттары алған орындарға байланысты беріледі.

Конкурс дипломаттарының тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Конкурс дипломанттарына жарнамалық мақсаттарда байқау эмблемасын екі жыл бойы қолдануға құқық беріледі.


«Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығына талпынушылар конкурсы


«Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығы (бұдан әрі – сыйлық) конкурсы негізінде ұйымға өнімнің және/немесе қызметтердің сапасы, олардың қауіпсіздігін қамту саласында айтарлықтай нәтижелерге жеткені үшін, сапа басқару тиімділігі жоғары әдістерін енгізгені үшін жыл сайын беріледі.

Сыйлық лауреаттар атағына лайықталған байқау қатысушыларына конкурс эмблемасының және лауреаттар дипломдарының беруін көздейді.

Конкурс қатысушылары Комиссияға үш жыл мерзіміндегі шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтің жоғары сапасын дәлелдеу тиіс.

«Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлық лауреттардың атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме- конкурсының дипломанттар атағын беру жөнінде Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) жыл сайын үш номинациядағы екі категория бойынша сыйлық береді:
1) «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;

2) «Халық үшін тауарларды шығаратын үздік кәсіпорын»;

3) «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын».

Әр номинацияда келесі категориялар бойынша екі сыйлық беріледі:

1) шағын және орта кәсіпкерліктің субъектісі;

2) ірі кәсіпкерліктің субъектісі.

Конкурс номинацияларында конкурс лауреаты мен дипломатының қосымша атақтары берілу мүмкін, бірақ екіден артық емес.

Сыйлық лауреатының атағы «Алтын сапа» Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығына талпынушылар конкурсының (бұдан әрі – байқау) жеңімпаздарына Комиссия шешімі негізінде беріледі.

Сыйлық алуға конкурстың ұйымдастыруы республикалық бюджетте тиісті қаржылық жылға бұл мақсаттарға қарастырылған қаражат есебінен және олардың шегінде жүргізіледі.

Сыйлық алу үшін Қазақстан Республикасы аймағында қызмет көрсететін, тауар шығаратын (қару-жарақты және әскери техниканы шығарудан басқа) заңды тұлғалар (бұдан әрі – байқау қатысушылары) үміткерлер бола алады.

Сыйлық алу конкурсының ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі болып табылады (бұдан әрі – байқау ұйымдастырушысы).

Сыйлық алу үшін белгілі бір номинацияда сыйлық алғаннан кейін екі жыл ішінде қайта жоғарылатуға болмайды.

Конкурс ұйымдастырушысы жыл сайын ақпан айында бұқаралық ақпарат құралдарында осы байқаудың өткізуі туралы хабарлайды.

Конкурсқа қатысқысы келетін байқау қатысушылары Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілетін «Алтын сапа» ҚР Президентінің сыйлығына талпынушылар конкурсы қатысушыларының материалдарын рәсімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау Ережелеріне сәйкес материалдарды рәсімдейді және байқау ұйымдастырушысына тапсырады.

Конкурс ұйымдастырушысы Комиссияның қарауына конкурс қатысушыларының материалдарын және бұл материалдар бойынша алдын ала тұжырымды тапсырады.

Осы Ережелердің 10 тармағында көрсетілген ұсынылған материалдар және Комиссия отырысының хаттамасы негізінде Комиссия конкурс қатысушыларына сыйлық лауреттарының атақтарын беру туралы шешім қабылдайды.

Сыйлық лауреттары атақтары берілген конкурс қатысушыларына тиісті диплом мен байқау эмблемасы беріледі.

Конкурс қатысушыларын марапаттау рәсімі жыл сайын салтанатты түрде өткізіледі және Дүниелік сапа күніне ұштастырылады.

Сыйлық лауреаттары атақтарына ие болған конкурс қатысушыларының тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Сыйлық лауреттары атақтарына ие болған конкурс қатысушыларына жарнамалық мақсаттарда конкурс эмблемасын екі жыл бойы қолдануға құқық беріледі.

Сыйлық лауреаттары атақтарына ие болмаған басқа қатысушыларына Конкурс ұйымдастырушысынан сапа саласында қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстарды алады.

Сөйтіп, сапа саласындағы конкурстың өткізуі сапа басқару және кәсіпорындардың өнім сапасы саласында айтарлықтай нәтижелерге жетуі, қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларының ілгерлетуіне және де сапа басқару тиімділігі жоғары әдістерін енгізуге себепші болады.



Похожие:

Сапа саласындағы конкурстар туралы ақпарат «Алтын сапа» iconО проведении ежегодного регионального конкурса- выставки «Алтын сапа» в соответствии с пунктом 4 Указа Президента Республики Казахстан от 9 октября 2006 года
Президента Республики Казахстан «За достижения в области качества» и Правил оформления, представления и предварительной экспертной...
Сапа саласындағы конкурстар туралы ақпарат «Алтын сапа» iconДокументи
1. /Алтын сапа 40 листов/Конкурс на соискание премии каз.doc
2. /Алтын...

Сапа саласындағы конкурстар туралы ақпарат «Алтын сапа» iconДокументи
1. /Алтын сапа 40 листов/Конкурс на соискание премии каз.doc
2. /Алтын...

Сапа саласындағы конкурстар туралы ақпарат «Алтын сапа» iconИнформация о конкурсах в области качества
Казахстан «О конкурсе на соискание премии Президента Республики Казахстан «Алтын сапа» и республиканского конкурса-выставки «Лучший...
Сапа саласындағы конкурстар туралы ақпарат «Алтын сапа» iconДокументи
1. /Алтын сапа 40 листов/Конкурс на соискание премии каз.doc
2. /Алтын...

Сапа саласындағы конкурстар туралы ақпарат «Алтын сапа» iconДокументи
1. /Алтын сапа 40 листов/Конкурс на соискание премии каз.doc
2. /Алтын...

Сапа саласындағы конкурстар туралы ақпарат «Алтын сапа» iconДокументи
1. /Алтын сапа 40 листов/Конкурс на соискание премии каз.doc
2. /Алтын...

Сапа саласындағы конкурстар туралы ақпарат «Алтын сапа» iconҚазақстан Республикасы Статистика агенттігінің сапа саласындағы саясаты
Агенттік сапаның халықаралық стандарттарын енгізудің маңыздылығы мен артықшылығын және мемлекеттік статистиканы қоғам мен мемлекеттің...
Сапа саласындағы конкурстар туралы ақпарат «Алтын сапа» iconПрезидента Республики Казахстан «Алтын сапа» Общие положения > Правила оформления, представления и предварительной оценки материалов участников конкурс
Об утверждении Правил оформления, представления и предварительной оценки материалов участников конкурса на соискание премии Президента...
Сапа саласындағы конкурстар туралы ақпарат «Алтын сапа» iconОб утверждении Правил оформления, представления и предварительной оценки материалов участников конкурса на соискание премии Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и Правил оформления,
Президента Республики Казахстан "Алтын сапа" и Правил оформления, представления и предварительной экспертной оценки материалов и...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы