Лисаков қаласының 2011-2015 жылдарға арналған icon

Лисаков қаласының 2011-2015 жылдарға арналған



НазваниеЛисаков қаласының 2011-2015 жылдарға арналған
Дата конвертации31.01.2013
Размер243.71 Kb.
ТипДокументы
источник




Лисаков қала әкімдігінің

2010 жылғы 26 қазан

№ 502 қаулысымен

мақұлданған



Лисаков қаласының 2011-2015 жылдарға арналған

әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы


Кіріспе



Лисаков қаласының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1251 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық даму болжамын әзірлеу ережелеріне сәйкес әзірленген.

Қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Қазақстан Республикасындағы дамудың макроэкономикалық көрсеткішінің болжамы негізінде есептелген және құрайтыны: экономикалық даму үрдісі, қала экономикасының даму факторлары мен шарттары, нысаналы индикаторлары және бес жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің болжамы.

Қаланың 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы жергілікті атқарушы органдардың бес жылдық кезеңге арналған, қалалық бюджеттің үш жылдығына арналған стратегиялық жоспарларын әзірлеудің негізі болып табылады.


  1. Қаланың экономикалық даму үрдісі




    1. Қаланың 2009 жылдағы экономикалық даму үрдісі


^ Экономикалық өсім

Соңғы жылдардағы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрақтанды және өсімнің айқын үдерісі бар.

Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өндіріс саласында қалада алты мыңнан аса адам іске қосылды. 2009 жылда қаланың өнеркәсіп өндірісінде қолданыстағы бағада жалпы 16307,4 миллион теңге сомасына өнім өндірілді, ол сәйкесінше 2008 жыл кезеңіне 93,1 % құрайды.

Қала бойынша жеке көлемнің индексі – 114,9 % құрды.

Қала өнеркәсібі мына кәсіпорындармен ұсынылды: «Алюминий Казахстана» Красного боксит кен басқару акционерлік қоғамы (бұдан әрі АҚ), «Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан әрі ЖШС), «Арай-91» ЖШС, «Вид» ЖШС, «Дон Мар» ЖШС, «Шаймерден» АҚ, «ДЕП» ЖШС филиалы, сондай-ақ басқа да шағын және орта бизнес кәсіпорындармен.


Сала құрылымында тау-кен өндірісі басым болды, оның үлесі 70,4 пайызды құрды, өңдеуші өнеркәсібі 22,4 пайыз алды, электр энергиясын, газ бен суды өндіру және тарату – 7,2 пайыз.

2009 жылы тау-кен өндірісінде 11485,1 миллион теңгеге өнім өндірілді, ол 2008 жылдың деңгейінен 7,6% артық. Төмендеу 2009 жылы «Шаймерден» АҚ мырыш кен өндірумен белгіленген, ол алғашқы түрде қайта өндіру үшін шикізат тауар болмайды, ол одан әрі қайта өндеуді даярлауға (ұзақ тотықтырғыш) талап ететін аралық өнім болып табылады.

2008 жылмен салыстырғанда темір кен өндіру (нақты көрсетілімде) 2,0 есе, боксит – 6,2% артты.

1999 жылы «Өркен» ЖШС Лисаков филиалының теміркен қоспасының негізгі тұтынушысы болып табылатын Лисаков ТӨК «АрселорМиттал Темиртау» АҚ («Испат-Кармет» корпорациясы) меншігіне көшті. 2009 жылы 3046,8 миллион теңгеге немесе өткен жылға 188,3% өнім өндірілді.

«Алюминий Казахстана» Краснооктябрь боксит кен басқармасы АҚ филиалы боксит өндіру бойынша Павлодар алюминий зауытына шикізат жеткізетін ірі өндірісінің бірі. Өткен жылы филиалмен 8428,7 миллион теңге өндірілді, ол өткен жылға 114,0% құрды.

2009 жылда өңдеуші өнеркәсібінде 3689,5 миллион теңгеге өнім өндірілді, ол сәйкесінше 2008 жылдан 8,3% төмен. Өңдеуші өнеркәсіп көлемінде 62,2% азық-түлік өніміне (сусындар мен темекіні қоса) келеді: азық-түлік өнімі 2294 миллион теңгеге (2008 жылдың деңгейіне 98,3%), олардың ішінде: темекі өнімі – 27,2 миллион теңге (2008 жылдың деңгейіне 80,0%) өндірілді.

2009 жылда азық-түлік өнімінде: печенье – 1,5 есе, сүт – 17,7%, қойылтылған сүт – 25,4%, ірімшік – 44,8%, қаймақ – 1,4 есе, сары май – 8,8%, макарон өнімдері – 15,4%, нан – 2,9%, шұжық өнімдері- 0,7% өндіріс ұлғайды.

«Арай-91» ЖШС, қаланың қайта өндіру өнеркәсібінің ірі кәсіпорындарының бірі, ликер-арақ өнімін, сыра, спирт, алкогольсіз сусындар, нан өнімдерін өндіреді және шарапты құйып сатуды жүзеге асырады.

Нарықтағы жоғары бәсекелестік үшін 2009 жылы «Арай-91» ЖШС нақты көрсетілімдегі ликер-арақ 0,8 %, алкогольсіз сусындар 32,9% және сыра 29,1% өнімі бойынша өндіріс көлемі кеміді.

Машина жасау саласында «Дон Мар» ЖШС 464,4 миллион теңге сомасына (70,6%) 168 ауыл шаруашылық егін оратын машина (2008 жылға 58,2%), қауманы дорбалау үшін 3 бүріккіш және 1 орауыш жасалып шығарылды.

    Тігін өнеркәсібінде 4087 бірл. (2008 жылдың деңгейіне 132,1%), ақшалай білдірімде 11,1 миллион теңге сомасына (2008 жылдың деңгейіне 103,0%) тігін өнімі жасалды.

    Полиэтилен пленкасының өндірісі – 21,3%, поребриктер – 23,5%, жиһаз бен ағаштан жасалған өнімдер – 0,8% (ақшалай білдірімде) ұлғайды.

    Электр энергияны, газды және суды бөлу саласында қаланың өмірін қамтамасыз етумен “Лисаковқалакоммуэнерго” ӨШБ айналысады, 2009 жылы өткен жылға қарағанда өндіріс көлемі 1175 миллион теңгені немесе 112,7% құрды.




    ^ Ауыл шаруашылық қалада үй шаруашылығы секторымен көрсетілген (100%).

    Қала тұрғындарымен өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы негізінде өз қажеттіліктері үшін өндіріледі (91%).

    2009 жылы ауыл шаруашылықтың жалпы өнімін 813,7 миллион теңге құрды, соның ішінде мал шаруашылығы өнімі – 212,5 миллионтеңге, өсімдік шаруашылығы – 601,2 миллион теңге. 2009 жылда жеке көлемнің индексі: барлығы – 101,2%, мал шаруашылығында – 100,4%, өсімдік шаруашылығында 101,3% құрды.

    2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылық саласының барлық шаруашылық дәрежесіндегі мал мен құс санының өсімі орта есеппен 1,4 пайызды құрды.

^ Шағын кәсіпкерлік. 2009 жылы қалада шағын кәсіпкерліктің 3142 субъектісі тіркелген, соның ішінде әрекет ететін - 3003. Өткен жылдың сәйкесінше кезеңіне қарағанда шағын кәсіпкерліктің әрекет ететін субъектілер саны 11,1% өсті.

Олардың ішінен өз қызметін 95,1% (2857 субъект) жеке кәсіпкерлік ауқымында, қалған 4,9% (146 субъект) - заңды тұлға ауқымында жүзеге асырады.

Жеке кәсіпкерлікке 3818 адам тартылған, ол сәйкесінше өткен жылдың кезеңінен 8,6% (303 адамға) артық.

Салалық құрылымдағы субъектілердің негізгі үрдісі сауда саласында – 66,5%, өнеркәсіп- 3,0%, құрылыс- 1,4% қамтылған және басқа да салаларға 29,1% тиісті.

2009 жылы шағын бизнес саласында 169 жаңа жұмыс орны құрылды, 27 шағын кәсіпорын тіркелді.

Лисаков қаласында 2009 жылы шағын бизнес кәсіпорындарымен - 2213,2 миллион теңге сомасына (облыс бойынша жалпы көлемнен 3,8%) өнім өндірілді, ол өткен жылдың деңгейінен 27,1% артық.

^ Негізгі капиталған инвестициялар. 2009 жылы негізгі капиталға инвестицияның көлемі 10252 миллион теңгені құрды, ол сәйкесінше 2008 жылдың кезеңінен 14,6% төмен. Олардың ішінде 159,2 миллион теңге – жергілікті бюджет қаражаты, 1875,4 миллион теңге – кәсіпорындар мен тұрғындар қаражаты, 36,0 миллион теңге – республикалық бюджет қаражаты, 8181,4 миллион теңге – басқа несиелік қаражаттар.

Металлдың төмен бағасына және кәсіпорынның төмен пайдалылығы сәйкес, компания жағдайы 2009 жылда өндіріс пен жұмыс орны санын («Шаймерден» АҚ, «Өркен» ЖШС ЛФ және т.б.) сақтауға бағытталған және инвестиция салдары ретінде 990,9 миллион теңгеге қысқартылды.

Облыс көлемінде қала инвестициясының үлесі 8,1% құрайды және ұқсас 2008 жылдың кезеңімен салыстырғанда 0,9% ұлғайды.

2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша тұрғын үйдің 6039 шаршы метр іске қосылды, ол өткен жылдың сәйкесінше кезеңінің деңгейіне 95,8% құрды.

Бюджет. Бюджеттің кіріс бөлігін орындау саласында 2009 жылда барлық деңгейдегі бюджеттерге жоспарлы көрсеткіштен 2 17,5 миллион теңге немесе 112,7% көлемде салықтар мен жиындар, соның ішінде қала бюджетіне 1407,4 миллион теңге келіп түсті, ол 112,7% құрды.

Алдағы жылмен салыстырғанда мемлекеттік бюджетке келіп түсетін төлемдер жиыны 357,1 миллион теңгеге немесе 15%, соның ішінде қалалыққа 52,4 миллион теңгеге немесе 3,6% кеміді. Негізгі себеп салық заннамасының өзгеруі, соның ішінде республикалық бюджет бойынша «КБКБ» АҚ бойынша 330,0 миллион теңге сомасында пайдалы қазбалар шығарудың салық төлем орнының өзгеру есебінен, қала бюджеті бойынша өзінің негізгі үлесінде 27,2 миллион теңге сомасында жеке табыс салығы, төленген дивиденттерден («Арай-Холдинг» ЖШС – 26,9 мл. еңгеге төмендеу) және 36,9 миллион теңге сомасына әлеуметтік салық бойынша табыс салығын (5%) тоқтатуға байланысты, мөлшерлеменің өзгеруі (8,5%-дан 7%-ға дейін), сондай-ақ «Стомед» ЖШС мен «Арыстан Фарм» ЖШС заңды тұлғалардың орналасқан жерінің өзгеруі болып табылды.

^ Инфляция процесстері. Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес баға мониторингінің шеңберінде Лисаков қаласының әкімдігі қаладағы инфляциялық процесстерді сақтауға бағытталған жұмыс жүргізіледі.

Жүргізілетін жәрмеңкелер нәтижесінде және кәсіпкерлер тарапына өзара түсінушілік бағаның айрықша тұрақсыздануы мен олардың негізделмеген артуына жол бермеумен сипатталады. ЖЖМ белгіленген бағаның өсуіне жол бермеу жұмысы қосымша бақылауға қойылды.

Қалада бөлек түрлер бойынша орташа баға деңгейі орта облыстан жоғары екенін мойындамауға болмайды.

Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдармен 2009 жылда жүргізілетін жұмыс нәтижесі жоғары сортты ұнның бағасы 28,5%, 1 сортт ұн 14%, макарон өнімі 4,2%, сан еті 7,2%, күнбағыс майы 9,1%, пияз 10%, сәбіз 21,4%, картоп 16,7%, қырыққабат 15% төмендегенін көрсетеді.

Қант, сүт, жұмыртқа, шай бағасының артуы өнімді өндіруші-жеткізушілер бағасының өсуіне байланысты.

^ Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау.

2009 жылы халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау көрсеткіштері 2008 жылмен салыстыру бойынша оң қарқынмен сипатталады. Нақты: ресми жұмыссыздық деңгейі 0,4% (өткен жылы 0,8%), кедейшілік деңгейі – 0,5% (өткен жылы 0,6%), жұмысқа орналастырылғандар деңгейі 71,7% (өткен жылы 71,4%).

2009 жылы табысы аздардың әлеуметтік төлем сомасы 2008 жылға қарсы 4 682 теңге өсумен 31 521 теңгені немесе 24,3% құрады.

Орташа айлық еңбекақы сәйкесінше өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 10,8% ұлғайды және 53 615 теңгені (өнеркәсіптік кәсіпорындарының ішінен ең төмен еңбекақы «Арай-91» ЖШС (19 678 теңге, 2008 жылға өсім - 26%), ең жоғары – «Шаймерден» АҚ (93 170 теңге, 2008 жылға өсім 22%) құрады.



    1. ^ 2010 жылдың басындағы әлеуметтік-экономикалық даму үрдісі туралы


Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы 2010 жылдың басынан барлық негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша экономикалық дамудың оң үрдісін көрсетеді. Өнеркәсіп өндірісінің саласында қалада ағымдағы жылдың 9 айында қала кәсіпорындарымен қолданыстағы бағаның жалпы – 15 173,7 миллион теңге сомасына немесе сәйкесінше 2009 жылдың кезеңіне 137,9% өнім өндірілді.

Қала бойынша жеке көлем индексі – 100,7%.

Нәтижесінде, 2010 жылдың бағасы бойынша, өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 21931,9 миллион теңге, немесе 2009 жылға 134,2 пайызды құрайды. 2009 жылмен салыстырғанда кен-тау өнеркәсінде өсу қарқынының үрдісі 45,5 пайызда, сондай-ақ: темір кен қоспасы – 25,1 пайызда, боксит – 49,9 пайызда сақталады.

Өңдеуші өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 2,0 пайызға өсу күтіледі.

^ Негізгі капиталға инвестициялар көлемі баға бойынша 2010 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 6064 миллион теңгеге жетті (2009 жылдың ұқсас кезеңіне 71,7%).

Ағымдағы жылдың қаңтар-қыркүйегінде инвестициялар көлемі 1934 миллион теңгеге немесе 28,3% қысқарды.

Қала көлемдегі инвестициялардың негізгі үлесі «Алюминий Казахстана» КБКБ АҚ (2009 жылы-91%) алады, 2010 жылы дағдарыстан кейінгі кезеңде қаржы қаражаттарының жетпеушілігіне сәйкес, «Алюминий Казахстана» АҚ жаңартуға арналған инвестицияның жылдық көлемдерін 8106,1 миллион теңгеден 5540 миллион теңгеге дейін қысқарту туралы шешім қабылданды.

Ағымдағы жылдың есеп беру кезеңінде кәсіпорынмен инвестиция көлемін 32% төмендетуге жол берілді.

Инвестицияның күтілетін көлемі жылдың аяғына дейін 7600 миллион теңгеге (2009 жылы-9569,5 миллион теңге) немесе 2009 жылға 79,4%.

^ Шағын кәсіпкерлік саласында 2010 жылдың 1 қазанына арналған жағдайы бойынша қалада 3 093 шағын кәсіпкерлік, соның ішінде қолданыстағы – 3 014 субъектілері тіркелді. өткен жылдың сәйкесінші кезеңіне қатысты жұмыс істейтін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 59 немесе 1,2% артты.

Жеке кәсіпкерлікте 3 839 адам іске қосылды, ол сәйкес інше өткен жылдың кезеңінен 1,7% (66 адамға) ұлғайды.

2010 жылдың 1 қазанына арналған бюджеттің кіріс бөлігін орындау саласында барлық деңгейдегі бюджеттерге 1579,3 миллион теңге көлемінде салықтар мен жиындар келіп түсті, соның ішінде: өткен жылдың өсіміне қарсы 27,7% өсімімен республикалық бюджет-ке 234,6 миллион теңге (48,6%), облыстық бюджетке – 65,2 миллион теңге (9,3 есе), қалалық бюджетке – 1279,5 миллион теңге. Қалалық бюджетке қосымша 209 миллион теңге түсті.

Өткен жылдың сәйкесінше кезеңіне республикалық бюджет бойынша 247,8 миллион теңгеге кірістердің төмендеуі «КБКБ» АҚ және «Шаймерден» АҚ филиалдары 2009 жылдың екінші жарты жылдығынан пайдалы қазба өндірісіне арналған салықты бас кәсіпорын орналасқан орын бойынша аударатынымен түсіндіріледі.

^ Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау көрсеткіштері өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда оң қарқынмен сипатталады. Атап айтқанда: ресми жұмыссыздық деңгейі – 0,7% (өткен жылы 0,9%), кедейшілік деңгейі – 0,4% (өткен жылы 0,8%), жұмыспен қамту деңгейі – 70,9% (өткен жылы 63,5%).

Қаржыландырудың барлық көздерінен 90,9 миллион теңге сомасына (2009 жылдың қаңтар-қыркүйегіне 123,8%) көмек көрсетулду.

Қаржыландырудың барлық көздерінен бір шағын қамтылғанға көрсетілген көмек сомасы 26742 теңге құрайды, ол 2009 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 609 теңгеге немесе 2,3% артық (2009 жылы – 26133 теңге).

Орта айлық еңбекақы өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда 16,4% ұлғайды және 59896 теңгені құрады.

Экономикалық қызметтің барлық салаларында еңбекақының өсуі байқалады.

Қала бойынша еңбекақы еңбекақының ең төменгі мөлшерін 4,0 есе (14952 теңге), ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерін – 4,7 есе (12673 теңге) артады, облыстық көрсеткіштен – 10,1% (54389 теңге) артық, облыс аймақтары арасында 2 орын алады.


  1. ^ 2011-2015 жылдарға арналған экономиканың даму факторлары мен шарттары


Дамудың сыртқы жағдайларын есептей, қала экономикасы 2011-2015 жылдарда ішкі факторлардың әсерінен дамиды.

Экономиканың жаңдану және қаланың экспорттық өніміне сұранысты арттыру шамасы бойынша өнеркәсіп өндірісінің өсімі қалпына келтіріледі.

Лисаков қаласының экономикалық өсімін қамтамасыз ету көзі тау-кен өндірісінің бұдан әрі дамуы қалады. Аймақ экономикасының шикізат бағыты тау-кен өндірісінің басымдылығын алдын-ала анықтады.

Ең алдымен өңдеуші (азық-түлік өнідіріс) саладағы ішкі тапсырысқа бағытталған шикізат емес саланың даму есебінде артады және өсімі қамтылады.

Одан басқа, шағын және орта бизнес саласында экономикалық белсенділікті арттыру кәсіптің «Бизнестің жол картасы -2020» бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын деректі секторды сауығуға және оның қызметін ынталандыруға шаралар себепші болады.


3. 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы индикаторлары


^ 3.1. Әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы индикаторлары


Қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы 2011-2015 жылдарда Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының стратегиялық жоспарында анықталған әлеуметтік-экономикалық дамудың нысаналы и ндикаторларына жетуге бағытталды.

2011-2015 жылдарда жұмыссыздық деңгейін 5,5% төмендету жоспарланады.


    1. ^ 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамы


2011-02015 жылдардағы экономикалық саясат мақсаты – старегиялық міндеттерді орындауға қажетті экономикалық өсімді сапалы қамту және баланстандыру.

Экономикалық саясаттың шегінде мақсаттарға жету үшін келесі негізгі міндеттер шешіледі:

Өнеркәсіп өнімі өндірісінің ішкі секілді сыртқы тапсырысқа бағытталған қалай тау-кен саласы болсын, солай өңдеуші өнекәсібі көлемін ұлғайту. Ол үшін қажет:

макроэкономикалық тұрақтылықпен қамту;

экономиканы жаңарту және жан-жақты дамыту;

аймақ деңгейінде өндіріс факторын тиімді пайдалануды арттыру.

Қолайлы экономикалық ортаның қалыптасуына отандық өндірушілер үшін сыртқы нарыққа қол жеткізуді жасауға және ықылассыз бәсекені жоюға бағытталған тиімді сауда саясаты себепші болады. Бәсекеге қабілеттілігін арттыруды дамытуға және қала кәсіпорындарына инвестицияларды қатыстыруға тұғырнама құрылып жатқан Қазақстан, Ресей және Белорусьтің кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру болады.

2015 жылға қарай өнеркәсіп өнімінің көлемін 39702,7 миллион теңгеге дейін жеткізу жоспарланады, ол 2010 жылан 88,3 пайызға артық, сондай-ақ: тау-кен өнеркәсібінде – 28296,4миллион теңге (2010 жылға 178,0%), өңдіруші өнеркәсібінде – 9479,8 миллион теңге (2,5 есе), электр энергиясын, газ бен суды өндіру және таратуда 1926,5 миллион теңге (139,3%).

Жоспарланған кезеңде шағын кәсіпкерліктің дамуы белсендіріледі. 2011 жылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3033 бірлік (100,5%), жұмыспен қамтылғандар саны – 3852 адам (100,5%) құрады.

2015 жалға қарай ШКС саны, жұмыспен қамтылғандар саны ұлғаяды және:

саны 3093 бірлік, 2010 жылға қарсы өсу – 2,5 пайызды;

жұмыспен қамтылғандар саны – 3924 адам, өсу қарқыны – 2010 жылға 102,4 пайызда құрайды.

Негізгі капиталға иныестициялар 2011 жылы 7036,6 миллион теңгеге жетеді, ол 2010 жылға 77,7%, ал 2015 жылға - 9230 миллион теңге, немесе 2010 жылға 101,9% құрады.

Инвестициялардың қысқару себебі негізгі инвестор – «Алюминий Казахстана» КБКБ АҚ, дағдарыстан кейінгі кезеңдегі қаржы қаражатының жетіспеуіне байланысты болғандықтан, 2011-2015 жылдардағы кезеңдегі инвестициялар мөлшерін қысқарту туралы шешім қабылдады.

Бұрынғыдай негізгі капиталға инвестициялврдың негізгі үлесі кәсіпорынның экономиканың жеке секторларына бағытталған (90,0%). Мемлекеттік бюджет инвестицияларының үлесі 8,1%, халық – 1,9% құрайды.

^ Жоспарланған кезеңде жергілікті бюджет, облыстық бюджет және 2011-2015 жылдарда республикалық бюджеттен дамуға арналған насыналы трансферттер есебінен мына жергілікті инвестиция жобаларын іске асыру жоспарланады:

  1. Лисаков қаласының шағын аудандарында көше жарықтандыру желілерін құру

  2. Лисаков қаласындағы қалалық стадионының жаршысын қалыптастыру

  3. Жеңіс саябағын қалыптастыру

  4. Жеңіс саябағындағы темір төбесін құру

  5. Лисаков қаласының су құбыры таратушы желісін қалыптастыру

  6. Лисаков қаласы Октябрь кентінің бірінші көтерелемнің сорғышы мен екінші көтерелемнің сорғышы арасындағы ауыз Тобыл өзені арқылы су құбырына арналған дюкерін қалыптастыру

  7. Лисаков қаласының сүзу станциясында хлор қоймасын қалыптастыру

  8. Лисаков қаласының 6-шағын ауданындағы муниципалды киім-кешек базарын құру

  9. Лисаков қаласында әмбебап муниципалды азық-түлік базарын құру

  10. Лисаков қаласы Октябрь кентінде зират салу

  11. Лисаков қаласының нөсет ағын тұндырғышында мұнай ұстағыш салу

  12. Лисаков қаласы Октябрь кентінің шығыс бөлігінде ауыз су құбырын салу

  13. Октябрь кентінің су құбырын тарату желісін қалыптастыру

  14. Октябрь кентінде ауыз су құбырын қалыптастыру

  15. Лисаков қаласының Темірбаев, Мир, Больничная көшелері бойынша су өткізу желілерін қалыптастыру

  16. Лисаков қаласында 280 орынға балабақша салу

  17. Лисаков қаласының 12, 14, 24-шағын аудандарында су құбырын салу

  18. Лисаков қаласының 12, 14, 24-шағын аудандарындағы КСС, канализация желісін салу

  19. Лисаков қаласының 12, 14-шағын аудандарында электрмен қамтудың сыртқы желісін салу

  20. Лисаков қаласының жылу желісін қалыптастыру

  21. Лисаков қаласы Октябрь кентінде 140 орынға «Белочка» балабақшасын қалыптастыру

  22. КО-1 қысымды коллекторының желісін қалыптастыру

  23. Лисаков қаласындағы «Алый парус» лагерін салу

  24. Октябрь кентінің орталығындағы саябағын қоршау, қалыптастыру және жөндеу

  25. Лисаков қаласының Труд көшесі бойынша жолдар салу


2011 жылы 2011 жылмен салыстырғанда автомобиль көлігінің жүк тасымалдау көлемі 14,3 пайыз құрады және 0,8 миллион теңгеге артады. 2015 жылға қарай жүк тасымалдау көлемі 28,6% ұлғаяды және 0,9 миллион теңге құрады.

2011 жылы 270 тонна жүк тасымалдау жоспарланады (2010 жылға 107,1%), 2015 жылы 2010 жылмен салыстырғанда автомобиль көлігінің жүк тасымалдау көлемі 11,1 пайызға өседі және 280 тонна құрайды.

2011 жылы жүк айналымы 243 тонна-километр (2010 жылға 105,6%), 2015 жылы 252 тонна-километрге (2010 жылға 109,6%) дейін ұлғаяды.

Аймақтық жұмыспен қамту стратегиясын және жұмыссыздық төмендетуге бағытталған басқа да іс-шараларды іске асыру, болжамдалатын көзеңде жұмыссыздық деңгейінің қырқынының төмендеуін жыл сайын орташа 0,2% қысқартуды қамтамасыз етеді.

Қаланың экономикалық белсенді халқының саны 2015 жылға қарай 2010 жылмен салыстырғанда 2,4% құрайды және 25,3 мың адамды құрайды. Жалдану бойынша экономикада жұмыспен қамтылғандар саны 3,5% өседі. Өздігінен жұмыспен қамтылған халық саны керісінше, 2010 жылмен салыстырғанда 12,5% төмендейді және 2015 жылы 2,8 мың адамды құрайды.

Нәтижесінде жалпы жұмыссыздық деңгейі 2010 жылы 6,6%-дан 2015 жылы 5,5%-ға дейін төмендейді. 2015 жылы жұмыссыздар саны 2010 жылмен салыстырғанда 12,5% төмендейді және 1,4 мың адамды құрайды.

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халқына 0,6% құрайды.


  1. ^ 2011-2013 жылдарға арналған бюджеттік парамертлер болжамы




    1. Салық-бюджеттік саясаттың негізгі бағыттары

Қаланың алдағы кезеңдегі салық-бюджеттік саясаты бюджеттің тұрақты кіріс бөлігін құру және 2009 жылда шығыстарды оңтайландыру нәтижесінде қысқартылған бюджеттің ағымдағы өсімінің баланстырылған және ұстамдалған принцитеріне ұстана, басталған жаңа жобаларды аяқтау және іске асырылуының кешеулетуіне жол бермеу жолымен қаланың әлеуметтік-экономикалық даму басымдылықтарына сәйкес бюджеттік қаражаттардың ұтымды және тиімді шығындалуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қаланың 2011-2013 жылдарда дамуының негізгі басымдылықтары анықталды:

  • білімнің дамуы;

  • әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;

  • өмір ортасын абаттандыру жолымен жақсарту;

  • бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру;

  • қаланың бюджеттік ортасындағы материалдық-техникалық базасын нығайту.

Бюджеттік саясат нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін іске асыруға бағытталады.

Стратегиялық, әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді міндеттерінің және экономиканың бәсекеге қабілетті өсімінің тұрақтылық индикаторларына сәйкес келетін мемлекеттік орган қызметі ақырғы нәтижелерге және нысаналы индикаторларға бағдарланған.

Білім саласындағы бюджетті шығындау саясаты шығындардың қалыптасу ына, дамуына және кәсіби тұлға болуына бағдарланған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар құру бойынша қойылған міндеттердің толық көлеміндегі орындалуды қамтамасыз ететін деңгейде қолдауға көзделген.

Білім, мәдениет объектілерінің күрделі жөндеуін жүргізуге, мектеп асханаларының және балалардың мектепке дейінгі ұйымдары асханаларының ескірген құралдарын ауыстыру қажет.

2010 жылы №1 орта мектебі, №2 орта мектебі, Октябрь орта мектебі ғимараттарын күрделі жөндеуге жобалы-сметалық құжаттама даярлау жүзеге асырылады, одан әрі №4 орта мектебін, Мектеп-гимназиясын, №6 орта мектебін жобалы-сметалық құжаттамасын әзірлеу жоспарланады. Алдағы жылда осы мектептерде күрделі жөндеулерді жүзеге асыру жоспарланады.

Алдағы үш жылдық кезеңде кезең-кезеңдеп жүз пайыз тозған мектеп асханасының құралдарын, мектеп жиһаздарын, балалардың мектепке дейінгі мекемелерінің асханасы мен кір жуатын орындардағы құралдары ауыстыру жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің балабақша желілерін кеңейту бастамасын орындау үшін 2010 жылы «Лисаков қ. Октябрь к. «Белочка» балабақша ғимаратын жаңғырту» объекттің мемлекеттік сараптамасымен жобалы-сметалық құжаттамасы әзірленді. Осы жобаны кезеңдеп іске асыру жоспарланады.

Әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек саласындағы негізгі мақсат, қала тұрғындарының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, тұрғындарға тұрғын үй көмегін көрсету арқылы қаланың әлеуметтік қорғалмаған бұқара топтарының өмір сүруі бойынша қолайлы жағдай жасау, қоғамдық жұмыс, әлеуметтік жұмыс орындарын, жастар практикасын ұйымдастыру, жұмыссыз тұрғындардың қайтадан оқытуын, жергілікті уәкілетті органдардың мұқтаж ететін азаматтардың жеке санттарына әлеуметтік көмек көрсету бойынша төлем жүргізу болып табылады, мүгедектерді оңалту аймақтық бағдарламаның іс-шаралары іске асырылады.

Жастар саясаты саласында, ағымдағымен қоса, студенттердің білім алуларына байланысты шығындарын ішінара өтеу үшін әлеуметтік көмек көрсету бойынша іс-шаралар қарастырылады.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағдарламалары бойынша шығындар қала тұрғындарын қайта түгендеудегі облыстық көрсеткіштерді қолдана анықталады.

Жыл сайын лифт шаруашылығын жөндеуге шығыс жоспарланады.

Одан басқа, дамудың бюджеттік бағдарламалары бойынша шығындар қалай жергілікті бюджет есебінен болса солай жоғарыда тұрған бюджеттің нысаналы трансферттерден бөлінген түрде қарастырылады.



    1. ^ Лисаков қаласының жергілікті бюджет болжамы

Бюджеттің кіріс болжамы. Лисаков қаласының 2011-2013 жылдардағы бюджетінің түсімдері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52-бабына сәйкес, макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамды параметрлеріне сәйкес орта мерзімдік кезеңге Салық кодексінің ережелері мен басқа нормативті құықтық актілерді есептеумен жүзеге асырылады.

2009 жылда күшіне енген Қазақстан Республикасының Салық кодексінде экономиканың шикізат емес секторларға, экономиканың модернизациясына және диверсификацияға көмек көрсететін жағдайлар құруға жалпы жүктеулердің төмендеуін, салық әкімшілік ету есебінен бизнесті жүргізу және салық процедурасын оңайлату үшін қарастырады.

Экономиканың шикізат емес секторына салық жүктемесінің төмендеуі, мемлекеттік акцизді саясаттың өзгеруі, нарықта алгокольды және темекі өнімі сұранысының төмендеуі, темір, боксит және мырыш кенінің конъюктуралық бағасының өзгеруі 2008-2010 жылдардағы бюджетаралық қатынастардың кезеңіне есептелген түсімдер деңгейіне жергілікті бюджет түсімдерінің жалпы көлемі 98,9% құрайтын салық түсімдерінің күтілетін төмендеуінің негізгі себебі болып табылады.

Қала бюджетінің болжамдалған кіріс (1, 2, 3-санаттағы) сомасы 2011 жылда – 1 618 679 мың теңге, 2012 жылда – 1 781 428 мың теңге, 2013 жылда – 1 887 853 мың теңге құрайды.

2012 жылда қала бюджетінің кіріс бөлігінің өсімі 10,1 пайызды, 2013 жылда 6 пайызды құрайды және әлеуметтік және жеке табыс бойынша салық салу базасының өсу есебінен қамтылатын болады.

Қала бюджетінің тұрақты кіріс базасын құру мақсатында:

  1. Қала экономикасына жұмыс істейтін өндірісті құру және кеңейтуге, жалпы түсім көлемінде акциздік салық үлесін төмендету үшін инвестицияларды тартуға көмек көрсету қажет.

  2. Кіріс болжамын салық салу базасына ықпал ететін ішкі және сыртқы факторларын қатаң есептеумен әзірлеу қажет.

  3. Коммуналдық меншікті тиімді пайдалану, жалға беру кірістерін арттыру қажет.

Лисаков қаласы бюджетінің шығысы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52-бабына сәйкес мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

жалпы сипаттағы мемлекеттік қызмет;

қорғаныс, қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік;

білім;

әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету;

тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық;

мәдениет және спорт;

жер қатынастары;

көлік және коммуникациялар;

сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі;

басқа бағыттар.

Қала бюджетінің құрамында Октябрь кенті және Красногор селосы әкімі аппараттарының бюджеттік бағдарламалары мына бағыттар бойынша қарастырылған:

қалада аудан, поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімі аппараттарының жұмыс істеуі;

мектепке дейінгі тәрбие мен білім ұйымдарын қолдау;

жедел жағдайда ауыр науқас адамдарды таяудағы дәрігерлік көмек көрсететін денсаулықты сақтау ұйымына жеткізуді ұйымдастыру;

елді мекендердің көшелерін жарықтандыру;

елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету;

елді мекендерді абаттандыру және жасылдандыру;

жергілікті деңгейде мәдени-бос уақыт жұмысын қолдау;

аудан маңызы бар қалада, поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округте автомобиль жолдарының жұмысын қамтамасыз ету;

елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыру.

Орта мерзімдік кезеңде міндеттік белгілер бойынша бюджеттік қаражат шығыстарының негізгі болжамы анықталған.

Жоспарланған кезеңде шығын өсімін ұстау саясаты жүргізіледі.

Бюджетті орта мерзімдегі болашаққа әлеуметтік бағыттау сақталады және шығыстарды жоспарлаудағы негізгі басымдылықтар қала тұрғындарының ырысы, оларды әлеуметтік қолдау, білімі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолданған жолдауымен сәйкес бюджет саласындағы жұмыскерлердің еңбекақы төлемдерін 2011 жылдың 1 шілдесінен 30 пайызға көтеру жоспарланады.

Жергілікті бюджет шығыстары келесі мөлшерде жоспарланады:, 2011 жыл – 1 918 679 мың теңге, 2012 жыл – 1 781 428 мың теңге, 2013 жыл – 1 887 853 мың теңге мың теңге.

Ағымдағы шығыстармен қатар басталған инвестжобаларды іске асыруды жалғастыру жоспарланады.

Лисаков қаласының 2011-2013 жылдарға арналған бюджетінің болжамды өлшемдері кестеде берілген.


Лисаков қаласының 2011-2013 жылдарға арналған бюджетінің болжамды көрсеткіштері














мың теңге






















Көрсеткіштер

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

баға

Болжам

1,2,3 санатағы табыстар

1 527 172

1 618 679

1 781 428

1 887 853

Салық түсімдері

1 511 774

1 597 799

1 760 201

1 866 164

Салық емес түсімдері

5 598

9 480

9 227

9 689

Негізгі капиталды сатудан келіп түсетін түсімдер

10 100

12 000

12 000

12 000



^ 2011-2013 жылдарға арналған жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша болжамдалатын шығын мөлшері

мың теңге

ӘББ

ӘББ атауы

соның ішінде жылдар бойынша




2011

2012

2013




112

Лисаков қалалық мәслихаты

15 444

16 899

17 040




122

Лисаков қаласы әкімінің аппараты

52 635

57 467

58 657




123

Октябрь кенті әкімінің аппараты

52 987

55 134

56 715




123

Красногор селосы әкімінің аппараты

7 476

7 679

7 828




452

Лисаков қаласы әкімдігінің қаржы бөлімі

229 231

305 292

283 787




453

Лисаков қаласы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі

15 641

16 919

17 152




464

Лисаков қаласы әкімдігінің білім бөлімі

844 010

909 396

1 014 177




451

Лисаков қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

103 986

116 259

121 243




455

Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі

60 778

64 072

65 643




456

Лисаков қаласы әкімдігінің ішкі

саясат бөлімі

29 869

31 640

33 082




465

Лисаков қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі

18 867

20 170

20 778




474

Лисаков қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімі

10 435

11 371

11 942




463

Лисаков қаласы әкімдігінің жер

қатынастары бөлімі

5 770

6 284

6 483




467

Лисаков қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі

7 394

7 434

7 600




468

Лисаков қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімі

6 414

6 361

6 504




469

Лисаков қаласы әкімдігінің кәсіпкершілік бөлімі

5 582

6 152

6 085




458

Лисаков қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және

автомобиль жолдары бөлімі

152 160

142 899

153 137




ЖИЫНЫ

1 618 679

1 781 428

1 887 853





__________________



Похожие:

Лисаков қаласының 2011-2015 жылдарға арналған iconЗайсан адунының 2013 -2015 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Лисаков қаласының 2011-2015 жылдарға арналған iconЗайсан адунының 2012 -2014 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Лисаков қаласының 2011-2015 жылдарға арналған iconЗайсан ауданының 2012 -2014 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Лисаков қаласының 2011-2015 жылдарға арналған iconЗайсан адунының 2012 -2014 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011 -2015 жылдарға арналған әлеуметтік...
Лисаков қаласының 2011-2015 жылдарға арналған iconКурчатов қаласының 2011-2015 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы
«Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу ережелерін бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға...
Лисаков қаласының 2011-2015 жылдарға арналған iconЗайсан ауданының 2011 -2013 жылдарға арналған бюджетінің негізгі параметрлары бойынша ақпарат
Туралы қаулысына және Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған даму болжамына және Шығыс Қазақстан облысының 2011-2015...
Лисаков қаласының 2011-2015 жылдарға арналған iconҚазақстан Республикасы «Октябрь кент әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже лисаков қаласы Октябрь кенті
Октябрь кенті әкімінің аппараты” мемлекеттік мекеме, бұдан әрі «Әкім аппаратты» Октябрь кентінің аумағында мемлекеттік басқармасының...
Лисаков қаласының 2011-2015 жылдарға арналған icon2011-2013 жылдарға арналған аудандық бюджеттің негізгі параметрлері бойынша ақпарат Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын іске асыру Ережесін бекіту туралы»
Республикасы дамыту болжамын және 2011-2015 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес...
Лисаков қаласының 2011-2015 жылдарға арналған iconҚоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспардың
Р Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №98 ҚР Үкімет қаулысымен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған жылдарға...
Лисаков қаласының 2011-2015 жылдарға арналған iconЖарма ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы