Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың icon

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың



НазваниеӘлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
Дата конвертации23.10.2013
Размер107.21 Kb.
ТипДокументы
источник

Жоба


Ұзынкөл аудандық мәслихаты сессиясының

шешімі


Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның

мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген


санаттарының тізбесін айқындаудың

Қағидалары туралы


«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес, Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Ұсынылған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Ұзынкөл аудандық мәслихатының

24-нші кезектен тыс сессиясының төрайымы С.Руденко


Ұзынкөл аудандық

мәслихатының хатшысы В. Вербовой


КЕЛІСІЛДІ


«Ұзынкөл ауданының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

___________________ Г. Асқарова

2013 жылғы « » тамыз


«Ұзынкөл ауданының экономика және

бюджеттік жоспарлау бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің басшысы

___________________ Н. Әбдірахманова

2013 жылғы « » тамыз


Ұзынкөл аудандық мәслихатының

«___» тамыз 2013 жылғы

№ ____ шешіміне қосымша


Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін


айқындаудың қағидалары



  1. ^ Жалпы ережелер


      1. Осы әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі –Қағида) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

2. Осы қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;
      2) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Ұзынкөл ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      3) ең төменгі күнкөріс деңгейі – Қостанай облысының статистика органдарымен есептелген мөлшер бойынша бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс ең төменгі тұтыну себетінің құнына тең;
      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;
       6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзып, ол оны өз бетінше жеңіп шыға алмайтын жағдай;
      7) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;

  8) уәкілетті ұйым – «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ұзынкөл аудандық филиалы;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін село, селолық округі әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;
      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

11) жергiлiктi атқарушы орган - Ұзынкөл ауданның әкiмi басқаратын, өз құзыретi шегiнде тиiстi аумақта жергiлiктi мемлекеттiк басқаруды және өзiн-өзi басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган (әрі қарай - ЖАО).
      3. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде ЖАО мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсіндіріледі.


^ 2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау
және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі


4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

5.Әлеуметтік көмек:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тұрмыстық қажеттіліктеріне ай сайын 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерін кем емес;
      2) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша теңестiрiлген тұлғаларға, сондай-ақ соғысқа қатысушыларға жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша теңестiрiлген тұлғалардың басқа да санаттарына, табыстарын есепке алмай, тұрмыстық қажеттiлiктерге, ай сайын, 3 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiннен кем емес.

6. Өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне азаматтардың жекелеген санаттарына мынадай біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:

1) барлық санаттағы мүгедектерге, нақты шығындар бойынша жедел емделуге 50 айлық есептiк көрсеткiштен көп емес қызмет көрсету нақтылығын растайтын құжаттарының негізінде;

2) барлық cанаттағы мүгедектерге, жедел емделуге жол жүрумен байланысты табыстарын есепке алмай, нақты шығындар бойынша көрсетілсін, 3 айлық есептiк көрсеткiштен кем емес;

3) арнайы туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын тұлғаларға, қосымша тамақтануға 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

4) білім беру ұйымдарында оқуды төлеуге бағытталған, мемлекеттік бюджеттен өзге төлемдерді алушылар, мемлекеттік білім беру гранттарының иелері болып табылатын тұлғаларды есептемегенде, өтініш жасалған соңғы он екі айдың алдындағы жан басына шаққандағы орташа табысы Қостанай облысы бойынша белгіленген төменгі күнкөріс деңгейінен (әрі қарай - төменгі күнкөріс деңгейі) төмен табыстары бар отбасылардың жастарына, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқуды жалғастыратын, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын жастарға, жоғары білімді алуға байланысты білім беру ұйымдарына нақты шығындар бойынша шығындарды өтеуге, жылдық оқу құнын, расталатын оқу құжаттарының негізінде, ағымдағы оқу жылда, екі бөліммен аудару, 400 айлық есептiк көрсеткiштен кем емес.

5) өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыстары бар, отбасылардың тұлғаларына, қайтыс болған туыстарын жерлеуге, қайтыс болған күні уәкілетті органға жұмыссыз ретінде тіркелген болса, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      6) өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен табыстары бар отбасыларға тұрмыстық қажеттiлiктерге, 7 айлық есептiк көрсеткiш артық емес мөлшерiнде;

7) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) кірістің есебінсіз 50 айлық есептiк көрсеткiштен кем емес;
      8) Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      9) Ұлы Отан соғысының Жеңiс күнiне орай Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша теңестiрiлген тұлғаларға, сондай-ақ соғысқа қатысушыларға жеңiлдiктер мен кепiлдiктер бойынша теңестiрiлген тұлғалардың басқа да санаттарына, 1941 жылғы 22 маусымнан бастап 1945 жылғы 9 мамырды қоса алғанда кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қаржылық еңбегi мен қалтқысыз әскери қызметi үшiн бұрыңғы Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде көрсетілсін.

7. Азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздер мыналар болып табылады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;
      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру не әлеуметтік мәні бар аурулардың болуы;
      3) Қостанай облысы бойынша белгілеген ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.

      8. Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде көрсетілген оқиғаның басталған күнінен бастап үш күннен кеш емес әлеуметтік көмек көрсетіледі.

9. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.


3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

10. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша ЖАО бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.
      11. Осы Қағиданың күшіне енгенге дейін оны алғандар осы Қағиданың 5 тармағында көрсетілген тұлғаларға ай сайынғы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштер талап етілмей көрсетіледі. Қайта өтінген азаматтар өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

1) жеке басын куәландыратын құжатты;

2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

3) Өтінушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат.

12.Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе село, селолық округтер әкімдеріне өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:

  1)жеке басын куәландыратын құжатты;

2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжатты;

3) Үлгілік Қағиданың 1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;
      5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/ немесе құжатты ұсынады;

6) алушының банктық шоты бар болуын растайтын құжат;

13. Құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

14. Әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті органға немесе село, селолық округтер әкімдеріне бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.
      15. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша үлгілік Қағидаларға 2, 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе село, селолық округтер әкімдеріне жібереді.

Село, селолық округтері әкімдері акті және учаскелік комиссия қорытындысы алған күннен бастап екі күн ішінде оларды құжаттар қосымшасымен өкілетті органға жібереді.

16. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.
      17. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
      18. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан село, селолық округтері әкімдерінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.
       19. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
      20. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Осы Қағидалардың 16 және 17 - тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      21. Уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда – негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

22. Белгіленген негіздемелердің біреуі бойынша әлеуметтік көмек күнтізбелік бір жыл ішінде қайта көрсетілмейді.

  23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің сенімсіздігі анықталғанда;
      (2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарғанда;

  3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін Қостанай облысында белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.
      24. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Ұзынкөл ауданының бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат

шегінде жүзеге асырылады.


4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату

және қайтару үшін негіздемелер


 25.Әлеуметтік көмек:
     1) алушы қайтыс болғанда;
     2) алушы Қостанай қаласының шегінен тыс тұрақты тұруға кеткенде;
     3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жібергенде;

4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады. Аталған оқиғалардың болған айынан төлеу тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.
      26. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.


5. Қорытынды ереже

27. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган «Е-Собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.



Похожие:

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың iconЖоба Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік...
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың iconӘлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік...
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың iconӘлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және
Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек...
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың iconӘлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы
Заңына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың...
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың iconБейнеу ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің
Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің...
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың iconКезекті он тоғызыншы сессия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу
Заңына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың...
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың iconӘлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидасын бекіту туралы
Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің...
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың icon1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек көрсету үшін мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізімін бекіту туралы
Икасы Заңының 31-бабына, «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының...
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың iconЖоба ХХVІІІ сессия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу
Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін...
Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың icon2014 ж. № Жоба
Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы