Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы icon

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы



НазваниеҚазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
страница1/9
Дата конвертации28.04.2013
Размер1.65 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 98 Қаулысы


"Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 14 маусымдағы № 249-250 (26648); Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., N 18, 215-құжат


      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2011 жылғы 8 ақпандағы 
№ 98 қаулысымен    
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің
2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

(2012.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен )

      Ескерту. Стратегиялық жоспар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2011.12.31 № 1741 (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

Мазмұны

      1. Миссия және пайымдау
      2. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті салаларының (аяларының) даму үрдісін талдау
      3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері
      4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамыту
      5. Ведомствоаралық өзара іс-қимыл
      6. Тәуекелдерді басқару
      7. Бюджеттік бағдарламалар

1-бөлім. Миссия және пайымдау

      Миссия: қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаны сақтау, қалпына келтіру және сапасын жақсарту, Қазақстан Республикасының төмен көміртекті дамуға көшуін қамтамасыз ету жөнінде жағдай жасау.
      Пайымдауы: қолайлы қоршаған орта, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және адам өмірі мен денсаулығы, экономика, бизнес үшін экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

^ 2-бөлім. Ағымдағы ахуалды және қызметтің тиісті
салаларының даму үрдісін талдау

      1. 1-стратегиялық бағыт. Қоршаған ортаның сапасын тұрақтандыру және жақсарту
      Ескерту. 1-стратегиялық бағытқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 № 1756 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
      Қоршаған ортаны қорғау саласын дамытудың негізгі параметрлері
      Табиғи ресурстарды ұтымсыз пайдалану, қоршаған табиғи ортаның ластануы және орта сапасы мен адам денсаулығының нашарлауы еліміздің жеделдетілген индустриялық-инновациялық дамуымен тығыз байланысты, қазіргі кезеңде олар қоршаған ортаға түсетін антропогендік салмақты төмендету бойынша тиімді тұтқыштарын қолдануды талап етеді.
      Атмосфералық ауаның ластануы халық денсаулығына кері әсер ететін қоршаған ортаға әсер етудің негізгі факторларының бірі болып қала береді. Атмосфералық ауаға ең көп кері әсерді жылу-энергетика және мұнай-газ секторының, кен өндіру және кенді қайта өңдеу саласының, қара және түсті металлургия кәсіпорындары тигізеді.
      Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарының атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары жылына 3 миллион (бұдан әрі – млн.) тоннадан астам болды, олардың – 85 %-ы І санатты объектілері бар және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат алатын ең ірі табиғат пайдаланушыларға тиесілі. 2009 жылы атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көлемі 3,4 млн. тоннаны құрады. 2010 – 2011 жылдары азаю 2009 жылға қарағанда 1,5 % құрады.
      Ластаушы заттардың жыл сайынғы шығарындылары шамамен 2,8 млн. тоннаны құрайды. Осылайша, 2009 жылы бұл көлем 2,85 млн. тоннаны құрады және 2010 – 2011 жылдары азаю 1,7 % болды.
      Эмиссияның жоғарыда аталған көлемдері нормативтік-белгіленген болып табылады. Экологиялық нормалау экологиялық қауіпсіздікті кепілдендіретін, шаруашылық қызметті орнықты дамыту жағдайында табиғи ресурстардың ұтымды пайдаланылуын және қалпына келтірілуін қамтамасыз ететін рұқсат етілетін шекті әсер ету нормаларын белгілеу мақсатында жүргізіледі.
      2012 жылдың басынан бері экономика салаларының оң даму динамикасына байланысты табиғат пайдаланушылар мәлімдеген ластаушы заттардың қоршаған ортаға шығарындыларының арту үрдісі байқалды. 2010 жылы нақты ЖІӨ 2009 жылға қарағанда 7,3 % өсті. 2010 жылы өнеркәсіптік өнімді өндіру 10,0 % өсті, оның ішінде тау-кен өндірісінің және кеніштерді жетілдірудің есебінен 5,3 %, өңдеуші өнеркәсіптер есебінен - 18,4 % өсті.
      Қалыптасқан жағдай 2009 жылмен салыстырғанда нормаланған эмиссияларға қарағанда эмиссияларды төмендетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
      Қоршаған орта ластануының нақты деңгейін көрсететін эмиссияның нақты көлемі реттеуге, құралдық бақылауға және қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем өндіруге жатады.
      Ластаушы заттардың шығарындылары және төгінділері бойынша нақты көлемдер көрсеткіштеріне көшу республика бойынша шынайы экологиялық ахуалдың көрініс табуына және адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету және жақсарту бойынша тиісті іс-шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.
      Басым экологиялық бағыттардың бірі өндіріс және тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу болып қала береді. Елімізде 100 млн. тоннадан астам тұрмыстық қатты қалдықтар (бұдан әрі – ТҚҚ), 22,3 млрд. тоннадан астам өнеркәсіптік қалдықтар жинақталған, оның ішінде 12 млрд. тоннадан астамы техногендік минералдық түзілімдер.
      Тарихи ластануларға» өнеркәсіптік кәсіпорындардың банкрот болуы нәтижесінде иесіз қалған, олардың қызметі нәтижесінде түзілген қалдықтар да жатады. Соттың 9 шешімінің негізінде Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе облыстарының аумағында орналасқан 4,7 млн. тонна қауіпті қалдық мемлекеттік меншікке берілді.
      Соттың шешімімен республикалық меншікке берілген иесіз қауіпті қалдықтарды басқару рәсімі зертханалық зерттеу жолымен қалдықтардың қауіпті құрамын зерделеуді, қауіпті қалдықтар паспортын құру үшін, сондай-ақ оларды одан әрі басқару бойынша шешім қабылдау үшін олардың қауіптілік деңгейін анықтауды талап етеді.
      2009 жылы елімізде 669,3 млн. тонна қалдықтар түзілген, оның ішінде, 665,6 млн. тонна өнеркәсіптік қалдықтар, 3,7 млн. тонна тұрмыстық қалдықтар. Еліміздің бір тұрғынының үлесіне орта есеппен алғанда жинақталған өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың 1,4 мың тоннасы келеді.
      Қалдықтарды басқару саласында «тарихи ластанулар» аса маңызды проблема болып табылады. Қазір олар тек қана адам денсаулығына, қоршаған ортаға емес, сондай-ақ жалпы еліміздің тұрақты дамуына кері әсер етеді. Тұрақты органикалық ластағыштар (бұдан әрі – ТОЛ) «тарихи ластанулардың» бір түрі болып табылады.
      ТОЛ қоры бойынша Қазақстан Республикасы Батыс және Орталық Еуропа елдері ішінде Ресей Федерациясынан кейін екінші орынды алады. Қалдықтардың жалпы көлемі қазірге құрамында ТОЛ бар шамамен 250 мың тоннаны құрайды. Олар 1500 тоннадан астам ескірген пестицидтер, құрамында полихлордифенилдер (бұдан әрі – ПХД) бар 50 мың данадан астам жабдықтар және 8 ластанған аумақтар.
      Қазіргі уақытта республика аумағында құрамында ПХД бар 116 трансформатор және 50 мыңнан астам конденсатор көлемінде құралдар анықталған, олардың жартысынан азы қолданыста.
      Экологиялық тепе-теңдікті тұрақтандыру мәселелерінде қоршаған ортаны қорғау қызметінің негізгі құралы мемлекеттік экологиялық сараптама, бақылау және лицензиялау, қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру рәсімдерін орындау арқылы экологиялық реттеу болып табылады. Халықаралық тәжірибеге сәйкес мемлекеттік табиғат қорғауды бақылау жүйесінің жұмысы Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын қатаң сақтау қамтылған түпкілікті нәтижелілікке, оны бұзғаны үшін табиғат пайдаланушылардың жауапкершілігін күшейту, қоршаған ортаға кері әсерді төмендету бойынша іс-шараларды іске асыруға, қолданылатын санкцияларды орындауға бағытталатын болады.
      Қоршаған ортаға эмиссияларды азайту индустриалдық объектілерді технологиялық жарақтандыруды әртараптандыру, ең озық қолжетімді технологияларды ендіру жолымен қамтамасыз етілетін болады.
      Қоршаған ортаға эмиссиялар параметрлерін ғана емес, энергия-, су және ресурстарды сақтауға, ең озық қолжетімді технологияларды және олардың негізінде нормалау жүйесін ендіруге міндетті талаптарды да қамтитын кешенді экологиялық рұқсат алуға, барлық ірі табиғат пайдаланушылардың кезең-кезеңімен көшу арқылы рұқсат жүйесінің тиімді жұмыс жасауы қамтамасыз етілетін болады.
      Ғылыми зерттеулер негізгі экологиялық проблемалар бойынша жүргізіліп жатыр, оның ішінде: судың ластануы, ірі қалалардағы атмосфералық ауаның ластануының жоғары деңгейі, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы, радиациялық және химиялық ластану, жерлердің тозуы, экологиялық апат аудандарының, Каспий маңы және Балқаш аймақтарының проблемалары, әскери-ғарыш полигондары аумақтарын оңалту, климаттың өзгеруі, озон қабатының жұтаңдауы, биоәртүрліліктің қысқаруы, ғылыми-негізделген қоршаған орта сапасын тұрақтандыру және орнықты даму бойынша салалық нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу.
      Ақпаратқа кіру, шешімдер қабылдау процесіне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әділдігіне қол жеткізу туралы конвенциясын (бұдан әрі – Орхусс конвенциясы) іске асыру бойынша Қазақстанның міндеттемелерін орындау мақсатында институционалдық құрылым – Орхусс орталығы құрылды, оның негізгі қызметі қоршаған ортаны қорғау саласындағы ақпараттық мәліметтер базасын қалыптастыру және қолдау, жеке және заңды тұлғалардың сұраулары бойынша экологиялық ақпаратты ұсыну болып табылады.
      Қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру мақсатында 2007 жылы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі қабылданды.
      Кодекс заңнамалық деңгейде қоршаған ортаны қорғау мәселелерін жалпылап жүйелендірді, экологиялық талаптар мен нормативтердің мәртебесін тікелей әсер ететін заңнамалық актісінің деңгейіне дейін көтерді, қоршаған ортаны қорғау тәжірибесіне халықаралық стандарттарды ендірді.
      Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық Экономикалық комиссиясының (бұдан әрі – БҰҰ ЕЭК) Экологиялық саясат жөніндегі комитетінің сарапшылары ауыспалы экономикасы бар елдер үшін экологиялық саясаттың нәтижелігі бойынша шолу жасады. Шолу шеңберінде Қазақстанға экологиялық заңнаманы жетілдіру ұсынылып, Еуропа Одағының сәйкес Директиваларымен үйлесімділігін жалғастыру ұсынылды.
      «Тарихи» ластануларды жою бөлігінде ел Президентінің Ақтөбе қаласындағы Елек өзеніндегі алты валентті хроммен тарихи ластануларды жою жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жұмыстар жалғастырылады.  Алаңы 0,8 км2 құрайтын № 3 тәжірибелік-өндірістік учаскедегі жер асты суларын алты валентті хроммен ластанудан тазарту бойынша жұмыстар өткізу жоспарлануда және осы учаскедегі жұмыстар нәтижелерінің негізінде ғана № 2 және 1 учаскелердегі жобаның іске асырылуы жалғастырылады. Елек өзеніндегі алты валентті хроммен тарихи ластанулардың жалпы ауданы 5,8 км2 құрайды.
      Қазақстан Арал, Семей ядролық полигонының проблемалары бойынша халықаралық-танылған экологиялық бастамалардың арқасында кеңінен танымал және халықаралық қауымдастықтың қолдауын табуда. Халықаралық қауымдастық үшін, сондай-ақ Қазақстанның геосаяси орналасуының да маңызы бар, ол трансшекаралық және аумақтық бағдарламалар арқылы Еуропа және Азия аумақтарының саясаты мен көзқарастарын үйлестіруге, сондай-ақ халықаралық сауда, энергетика, көлік, туризм және тағы басқа мәселелерде барлық артушы рөлді ойнайтын экологиялық және өзге де стандарттарды үйлестіруге мүмкіндік ашады.
      Жоғарыда көрсетілген мүмкіндіктерді іске асыру үшін Мемлекет басшысы Н. Назарбаев халықаралық қауымдастықтар тарапының қолдауымен аяқталған бірқатар халықаралық бастамалар ұсынды. Астана қаласында 2010 жылы Азия-Тынық мұхиты өңірінің 62 елінің Қоршаған ортаны қорғау және орнықты даму жөніндегі алтыншы конференциясы өткізілді. Аталған конференцияда «Жасыл көпір» Астана бастамашылығын іске асыру жөніндегі серіктестік бағдарламасы арқылы қағидаттарын ендіру көзделген «Жасыл өсуді» іске асыру жөніндегі Еуропа, Азия және Тынық мұхиты елдерінің серіктестігі» атты Астана бастамашылығы қолдау тапты.
      2011 жылы Солтүстік Америка, Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерін қоса алғанда Еуропа аймағының 56 елінің «Еуропа үшін қоршаған орта» жетінші конференциясын өткізу туралы бастамасы халықаралық қолдау тапты.
      Қоршаған ортаны қорғау саласында Қазақстан Республикасының оң сипатты имиджін қалыптастыру және ілгерілету мақсатында Қазақстан Республикасының халықаралық экологиялық конвенциялар бойынша міндеттемелерін іске асыру шеңберінде халықаралық және аймақтық ынтымақтастықты нығайту үшін Министрлік Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасымен (бұдан әрі – БҰҰДБ) бірлесіп іске асырылып және жоспарланып жатқан жобаларының мониторингін жүзеге асырады. Жоспарланған кезеңде БҰҰДБ бірлескен жобалары бойынша басым бағыттар мыналар: энергия тиімді инфрақұрылым құру, Қазақстан Республикасының стратегиялық жоспарлауына «Жасыл өсу» тетіктерін ендіру және Қазақстандағы ТОЛ жою.
      Қазіргі уақытта Қазақстан Ластаушыларды тасымалдау шығарындылары тізілімінің хаттамасына (бұдан әрі – ЛТШТ) қосылу мүмкіндігін қарау үстінде. Хаттама қоршаған ортаның шаруашылық жүргізуші объектілерімен ластануы туралы ақпаратты реттейді және осы салада қоғамдастық тарапынан бақылауды күшейтуге бағытталған. Хаттамаға сәйкес ұлттық ЛТШТ құру экологиялық есептің барлық нысандарын дайындау үшін қажет мәліметтерді жинауды айтарлықтай жеңілдетеді.
      Тегеран конвенциясына мынадай хаттамалардың жобаларын дайындау бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады:
      Мұнаймен ластануға әкелетін тосын оқиғалар жағдайындағы өңірлік әзірлік, ден қою және ынтымақтастық туралы хаттама;
      Қоршаған ортаға трансшекаралық контексте әсер етуді бағалау жөніндегі хаттама;
      Каспий теңізін жерүсті көздерінен ластанудан қорғау жөніндегі хаттама;
      Биоәртүрлілікті сақтау туралы хаттама.
      Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің бақылау желісін дамыту Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және кеңістіктік даму сценарийлерімен, стратегиялық басымдылықпен үйлестіре жасалған бірыңғай ұзақ мерзімді жоспар негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
      Ең алдымен бұл - суперкомпьютерлік технологияларды белсенді қолдану арқылы болжамдау және мәліметтерді өңдеу жүйесін қамтамасыз ететін есептеу және телекоммуникациялық құралдарды дамытуға қатысты. Тек осы негізде ғана ауа райын болжаудың, сонымен қатар алдын ала әртүрлі қоршаған ортаны ластаушы заттардың таралуын болжаудың, сондай-ақ гидрометеорологиялық мәліметтердің жасалу және таралу жүйесінің заманауи үлгілері мен технологияларын енгізу мүмкіндігі бар.
      Бұл үшін өзара үйлескен жүйенің барлық элементтерін қазіргі заманғы әлемдік деңгейге шығару және қайтадан техникалық жарақтандыру, жаңарту қажет: қоршаған ортаның жай-күйі туралы ақпараттарды алу, жинау, беру, талдау және мәліметтерді өңдеу, оларды жинақтау және мұрағаттау, ақпараттық өнімдерді құрастырып, тұтынушыларға ақпараттарды жеткізу.
      Осыған орай, Министрлік өз алдында «Гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингті жетілдіру» мақсатын қояды, оның шеңберінде мемлекет пен тұрғындарды гидрометеорологиялық және экологиялық ақпараттармен қамтамасыз етудің сапасын жақсарту бойынша міндеттер орындалуы қарастырылады.
      Гидрометеорологиялық мониторинг – бұл гидросфераның, атмосфераның, төсеніштік және топырақтық жамылғының жай-күйіне тұрақты және ұзақ бақылау жүргізу, объективті талдау мен бақылау деректерінің, әртүрлі индекс пен болжамдарының есептерін қоса алғандағы өңдеу жүйесі.
      Қазіргі уақытта болжамдық, режимдік-анықтамалық гидрологиялық, метеорологиялық, агрометеорологиялық, аэрологиялық ақпараттарды дайындау үшін гидрометеорологиялық мониторинг 260 метеорологиялық станцияларда, 12 метеобекеттерде, 291 гидрологиялық бекеттерде, 186 агрометеорологиялық бақылау пункттерінде, 8 аэрологиялық станцияларда, 2 қар көшкіні станцияларында және 20 қар өлшеу бағыттарында жүргізіледі.
      Агрометеорологиялық мониторинг – бұл топырақтың ылғалдылығы мен температуралық режимі, ауыл шаруашылық дақылдарының фенологиялық жай-күйі туралы, олардың қолайсыз ауа-райы құбылыстарынан: үсік, қатты суық, аз қарлы қыс, құрғақшылықтан, сондай-ақ зиянкестер мен ауа-райы жағдайына байланысты таралатын аурулардан зақымдану мүмкіндігі туралы бақылау жүргізу.
      1992 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымының (бұдан әрі – БМҰ) конвенциясына қосылды және Бүкіләлемдік метеорологиялық ұйымының құрамына кірді, аталған ұйымдар шеңберінде даму стратегиясы, болжам әдістері және кадрлардың біліктілігін арттыру бағдарламалары жасалуда.
      БМҰ-ның стандарттарына сәйкес жергілікті жердің нақты тығыздығы мен жер бедерін, сонымен бірге аумақтың экономикалық игерілуін және елді мекендердің санын есепке алғанда, бақылау жүйесі мынадай ең төмен санда: 421 метеорологиялық станциялар, 507 гидрологиялық бекеттер, 280 агрометеорологиялық бақылау жүргізетін пункттер, 15 аэрологиялық станциялар болуы қажет.
      Метеорологиялық желіні ұтымды орналастыру негізіне станциялар мен бекеттер республика аумағына біркелкі таралуы, кез келген нүктеде интерполяция жолымен көрші станцияның ақпараттары бойынша әрбір метеорологиялық элементтердің көрсеткіштерін белгілі бір дәлдікпен алу мүмкіндігі сияқты талаптар енгізілген.
      Экологиялық мониторинг – бұл атмосфералық ауаның, жер беті және жер асты суларының, топырақтың ластануына, радиациялық жай-күйге жүргізілетін бақылау жүйесі. Атмосфералық ауаның жай-күйін бақылау 78 стационарлық бекеттерде жүргізіліп, ластаушы заттардың 16 көрсеткіші бойынша бақыланды. Жер үсті суларының жай-күйі мен сапасын гидрохимиялық көрсеткіштері бойынша қадағалау 215 гидрохимиялық орында жүргізіледі, олар 86 объектіде, соның ішінде 58 өзенде, 12 көлде, 1 теңізде, 12 су қоймасында және 3 каналда орналасқан (ластаушы заттардың 40 астам көрсеткіштеріне дейін анықталады), 5 ластаушы заттар бойынша (қорғасын, мырыш, кадмий, мыс, хром) 23 елді мекеннің топырақ жамылғысының жай-күйіне мониторинг жүргізіледі.
      Стационарлық желілерде жүзеге асырылатын атмосфералық ауаның сапасын бақылау, аймақтық (экспедициялық) зерттеулермен, бағыттық және жылжымалы бекеттердегі қарқынды бақылаулармен толықтырылады.
      Топырақ және атмосфералық ауа сапасының жай-күйіне мониторинг барлық елді мекендерде жүргізілуі тиіс. Атмосфералық ауаның ластануына бақылау жүргізуші стационарлық бекеттердің саны «Атмосфераның ластануын бақылау жөніндегі нұсқаулық» нұсқаулық құжатына (бұдан әрі – НҚ) сәйкес тұрғындардың санына байланысты саналуы қажет және аз санды тұрғындары бар аудандарда қосымша экспедициялық зерттеулер жүргізуді қоса алғанда 50 мың тұрғынға - 1 бекет; 50-100 мың тұрғынға - 2 бекет; 100-200 мың тұрғынға - 2-3 бекет; 200-500 мың тұрғынға -3-5 бекет; 500 мыңнан аса тұрғынға 5-10 бекет; 1 миллионнан аса тұрғынға - 10-20 бекетті (стационарлық және бағыттық) құрайды. Бекеттердің саны жергілікті жердің күрделі жер бедеріне, ластаушы көздерінің көп болуы, берілген аумақтағы ауаның тазалығы ерекше маңызды болып табылатын объектілер (ұлттық саябақтар, тарихи ғимараттар т.б.) жағдайында көбейтілуі мүмкін.
      Республика аумағы бойынша НҚ сәйкес атмосфералық ауаның жай-күйіне бақылау жасау жөніндегі бекеттердің ең аз саны 250 болуы қажет.
      Даму үрдістері мен перспективалары. Қазақстанның гидрометеорологиялық қызметінің даму барысы өткен ғасырдың 80-ші жылдары ең жоғары шарықтау шегіне жетті. Бірақ кейін жағдай күрт өзгерді. 1983-99 жылдары Қазгидромет метеорологиялық станциялардың 35%, гидрологиялық бекеттердің 65%, агрометеорологиялық бақылау пункттердің 55%, аэрологиялық станциялардың 47% жабуға мәжбүр болды.
      2000 жылдан бастап бұрынғы жабылған бақылау бекеттері қалпына келтіріліп, жаңа бақылау желілері мен талдау зертханалары ашылды. Болашақта жаңа бақылау пункттерін ашу, бар пункттерді жаңғырту, автоматты метеорологиялық станцияларды орнату, ақпараттарды жинақтау, өндеу және таратудың базалық технологиясын, қоршаған ортаның жай-күйін болжау әдістерін дамыту, сонымен қатар ақпараттарды өңдеу мен тарату жүйесін жетілдіру ұйғарылып отыр. Трансшекаралық өзендердің мониторингіне ерекше назар аударылатын болады.
      Гидрометеорологиялық және қоршаған ортаның жай-күйі мониторингін дамыту нәтижесінде қауіпті және апатты гидрометеорологиялық құбылыстарды алдын ала ескерту ұлғайып, гидрометеорологиялық болжамдардың өзін-өзі ақтауына, қоршаған ортаның жай-күйі жөнінде ақпараттардың дәлдігін көбейтуге мүмкіндік береді.
      Ескі болжау әдістерін жетілдіру және жаңаларын енгізу әкімшілік аудандар бойынша метеорологиялық болжауларды жан-жақты талдауға мүмкіндік береді. Қазақстанның таулы өзендерінде айлық гидрологиялық болжамдар жылдың жылы мезгілінде жасалады, сонымен қатар өсімдік және мал шаруашылығына қатысты агрометеорологиялық жаңа болжамдардың түрлері енгізілетін болады.
      2008 - 2010 жылдары «Экологиялық паспорттарды құру мақсатымен ауылдық аймақтарды экологиялық-демографиялық зерттеу» жобасы бойынша 1603 ауылдық елді мекен (бұдан әрі – АЕМ) зерттеліп, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары округтерінің 473 экологиялық паспорттары құрылды. 313 ауылдық округтегі экологиялық жағдай қанағаттанарлық, ал 160 елді мекенде алаңдаушылық туғызарлық деген бағаға ие болды. Бұл ретте, ауылдық тұрғындарды сумен қамсыздандыруды қанағаттарлық деп санауға болмайды. Әзірленген АЕМ экологиялық паспорттарында экологиялық жағдайды жақсарту бойынша іс-шаралар ұсынылған.
      2008 - 2009 жылдарда Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарының 572 ауылдарында радиациялық мониторинг жүргізілді. Ауылдардағы радиациялық жағдай жалпы қанағаттанарлықтай, сонда да, 203 ауылда ауыз судағы альфа-активтіліктің шектен асуы анықталды, 123 ауылда тұрғын және қызметтік үй-жайлардың ауасында радонның шоғырлануы шектен асады және 24 ауылда судағы радонның шоғырлануы шектен асады. 2010 жылы 325 ауылда радиациялық мониторинг жүргізілді.
      Қазақстан тұрғындарының табиғи радиоактивті көздерден сәулелену тәуекелін төмендету 2012-2017 жылдардағы зерттеу бойынша қамтамасыз етіледі, оның мақсаты Шығыс Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарында 8000 үйдің ауасында (жылына 2000 үйден) радон шоғырлануын анықтау болып табылады.
      Азаматтық авиация әуе кемелерінің ұшуларын қауіпсіз, тұрақты және тиімді жүзеге асыру мақсатында нақты метеорологиялық ақпаратпен жедел қамтамасыз ету және ауа райының қауіпті құбылыстарының туындауын алдын ала ескерту қажет.
      2007, 2010 жылдары «Қазаэросервис» АҚ жарғылық капиталын толықтыруға республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге көлемінен астам қаражат бөлінді, бұл 13 әуежайлардағы метеорологиялық жабдықты жаңғыртуды және техникалық қайта жабдықтауды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Алдағы уақытта осыған ұқсас метеорологиялық жабдықпен Орал, Талдықорған, Балқаш, Петропавл және Семей қалаларындағы әуежайларды жабдықтау жоспарлануда.
      Ауа райының қауіпті құбылыстарының туындауын ертерек ескерту және болжамдардың ақталу деңгейін арттыру бойынша ұшулардың қауіпсіздік деңгейін арттыру үшін еліміздің барлық аумағы бойынша қос поляризациялы доплерлік локаторлар жүйесін құру қажет.
      Халықаралық авиацияны метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жүйесін жетілдіру аясында елдің авиаметеорологиялық мәліметтер банкін құру және Қазақстан Республикасының әрбір әуеайлағының климаттық сипаттауын әзірлеу қажет.
      Аталған іс-шара Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы стандарттарына сәйкестендіруге, сонымен қатар халықаралық және отандық авианавигациялық пайдаланушыларды метеорологиялық ақпаратпен жедел қамтамасыз ету аясында авианавигациясына қызмет көрсетудің сапалы жаңа әдістеріне көшуге мүмкіндік береді.

      ^ Негізгі проблемаларды талдау
      Қазақстан экологиясы саласындағы негізгі проблемалық мәселелерге мыналар жатады:
      1) ірі қалалар мен өнеркәсіптік орталықтардың ауа бассейнінің ластануы. Каспий және Балқаш өңірі;
      2) жерүсті және жерасты суларының ластануы, трансшекаралық сулар проблемасы;
      3) өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталуы;
      4) суды бұру және кәріздік тазарту құрылыстары жүйелерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы;
      5) жердің шөлейттену және тозу үдерістері;
      6) экологиялық апаттың Арал және Семей аймақтары;
      7) «тарихи» ластанулар.
      Түзілетін қалдықтар көлемінің жыл сайынғы өсуіне қарамастан, оларды қайта өңдеу төмен деңгейде қалуда: түзілген қалдықтардың 20 % жуығы кәдеге жаратылады. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 30 % асады. Өндіріс қалдықтарын, оның ішінде улы қалдықтарды қайталама қайта өңдеу Қазақстанда тәжірибеге алынбаған. Қалдықтар техногенді қарқынды ластанатын ландшафттарды құра отырып, арнайы полигондарда, жинақтағыштарда және үйінді сақтағыштарда қоймаланады. Сонымен, мысалы, республикадағы электростанциялардың күл-шлак қалдықтарын кәдеге жарату және қолдану 1 % аспайды, ал Еуропада бұл көрсеткіш орташа есеппен алғанда 60 % құрайды.
      Республика үшін ТОЛ, ескірген пестицидтер және онымен ластанған аумақтар мәселесін шешу өзекті проблема болып табылады. Бұл мақсаттар үшін ТОЛ-ды және басқа да қауіпті қалдықтарды экологиялық қауіпсіз жою жөніндегі зауыт салу, сондай-ақ ластанған жерлерді қалпына келтіру қажет.
      2010 жылы БҰҰДБ/ ЖЭҚ «Қазақстанда ескірген пестицидтер және полихлордифенилдер қорларын және қалдықтарын жинау және жою бойынша зерттеу және ұсыныстар» жобасы аяқталды. Жобаны іске асыру барысында 14 ластанған аумақтар (10 ПХД бойынша, 4 пестицидтер бойынша) анықталды.
      Стокгольм конвенциясы бойынша ұлттық міндеттемелерді орындау мақсатында Министрлік ТОЛ-дармен ластанған аумақтарды оңалту үшін жекелей алғанда Дүниежүзілік банктің жобасын іске асыру арқылы халықаралық инвестицияны тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр.
      Дүниежүзілік банктің жобасы осындай ұсыныстардың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта Жаһандық экологиялық қор Қазақстанда тұрақты органикалық ластағыштарды жою жөніндегі зауыт салудың техникалық экономикалық негіздемесін (бұдан әрі - ТЭН) дайындауға құны 200 мың АҚШ долларын құрайтын грантты растады. Жобаның әкімшісі ретінде Дүниежүзілік банк Қазақстан Республикасының Үкіметі жобаны бірлесіп қаржыландырған жағдайда (50%-ға дейін) зауытты салуды қаржыландыруға қаражат бөлетіндігі туралы ниетін растады. Ұсынылған жоба республикалық бюджеттен, Дүниежүзілік банк займынан және Қазақстан Республикасы үшін сомасы 10,35 миллион АҚШ долларын құрайтын ЖЭҚ грантынан қаржыландырылатын болады.
      Жобаны іске асыру туралы инвестициялық шешім қабылдау үшін жобаның ТЭН дайындау көзделген. ТЭН зауыт салуға және басымдық берілген ластанған учаскелерді қалпына келтіру бағдарламасына қатысты жобаның оңтайлы техникалық шешімін және техникалық, қаржылық, экономикалық және экологиялық/әлеуметтік жүзеге асырылуын көрсетеді.
      Белсенді қорларды анықтау және миллиондаған аршынды жыныстардың үйінділері мен үйінді сақтағыштарын кәдеге жарату мәселесін шешу мақсатында техногендік минералдық түзілімдерді (бұдан әрі – ТМТ) түгендеуді жалғастыру қажет.
      Экономикалық өсім, эмиссия көздерінің көбеюі және өнеркәсіптік қызмет көлемдерін кеңейту шамасы бойынша ластану деңгейін төмендету үшін негізгі шарт табиғат қорғау саясатын үздіксіз арттыру болып табылады.
      Бұл ретте, жылу энергетика секторының, кен өндіру және кенді қайта өңдеу салаларының кәсіпорындарын ең озық қолжетімді технологияларды ендіру жолымен техникалық қайта жарақтандыру мәселесі маңызды болып қалады.
      Табиғи ресурстар және қоршаған орта мониторингінің бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінің болмауы - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі және басқа мүдделі мемлекеттік ұйымдар арасындағы экологиялық ақпараттың жүйелі алмасуына мүмкіндік бермейді. Көп пайдаланушылар жүйесін көбейту, қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласында, оның ішінде ғарыштық мониторинг нәтижелері бойынша тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауға жағдай жасайды.
      Қазіргі уақытта Қазақстан гидрометеорологиялық қызметін дамыту өзекті мәселе болып табылады. Республика аумағының мониторингпен қамтамасыз етілуі, метеорологиялық мониториг - 61%, агрометеорологиялық мониторинг - 66%, гидрологиялық мониторинг - 57%, атмосфералық ауаның жай-күйіне мониториг – 31% құрайды.
      Еліміздің барлық аумағындағы инфрақұрылым объектілері (қызметтік ғимараттар) мүшкіл жағдайда, қызметкерлердің жұмыс орындары қанағаттанарлықсыз, еңбекақыларының төмен болуы, кадрлармен қамтамасыз ету қиындығын туғызады. Бақылау пункттерінің көпшілігінде бақылаулар қолмен жүргізіледі.
      ^ Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
      Еуропа өзіне 2028 жылдың соңына дейін ТОЛ, ескірген пестицидтерді және онымен ластанған жерлерді кәдеге жаратуды аяқтау міндетін алды. Қазақстан Стокгольм конвенциясының тарапы болғандықтан 2028 жылға дейін құрамында ТОЛ бар барлық қалдықтарды экологиялық қауіпсіз жою және олармен ластанған аумақтарды қалпына келтіру бойынша өзіне алған міндеттемелерін орындауы тиіс.
      Сонымен бірге, Қазақстан жыл сайын қауіпті химиялық заттар мен қалдықтарды басқару мәселелерін реттейтін Роттердам, Базель және Стокгольм конвенциялары бойынша есеп беруі тиіс. Конвенциялардың негізгі міндеттері: ЖОЛ қорлары мен қалдықтарын басқару бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және жетілдіру, Жойылмайтын органикалық ластаушылар туралы Стокгольм конвенциясының ережелеріне сәйкес Қазақстандағы ТОЛ қорлары мен қалдықтарына егжей-тегжейлі түгендеу жүргізу жұмыстарын жалғастыру және оларды экологиялық қауіпсіз жою бойынша, сондай-ақ Орхусс конвенциясына сәйкес жұртшылықтың хабардар болуын арттыру бойынша жұмыстардың орындалуы болып табылады.
      Қазақстан Республикасының гидрометеорологиялық қызметінің халықаралық қызметі БМҰ негізгі бағдарламалары: Бүкіләлемдік ауа-райы қызметі, Бүкіләлемдік климаттық бағдарлама, Метеорологияны қолдану, гидрология және су ресурстары, кадрларға білім беру және дайындау, техникалық ынтымақтастық және т.б. бойынша атмосфералық зерттеу және қоршаған орта жөніндегі бағдарламаларға қатысу арқылы жүзеге асырылады.
      БМҰ шеңберінде Қазақстанның міндеті, сондай-ақ еліміздің экономикалық салаларын дамыту гидрометеорологиялық және экологиялық ақпараттардың қажеттілігін арттырады. Гидрометеорологиялық қызметтің дамуын тежейтін факторларға: мамандандырылған кадрлардың тапшылығы, сонымен қатар республикалық бюджеттен осы саланы жеткіліксіз қаржыландыру жатады.
      Экологиялық заңнаманы одан әрі дамыту, оны жетілдіруге және халықаралық тәжірибемен жақындастыруға бағытталады. Ең бастысы, заңнамаға мынадай мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін болады:
      1) коммуналдық және өнеркәсіптік қалдықтарды басқару жүйесі;
      2) қоршаған ортаның ластануын реттеу және алдын алудың экономикалық құралдары;
      3) экологиялық нормалау және жобалау;
      4) халықаралық стандарттарға сәйкес шаруашылық қызметті жүзеге асыруға экологиялық талаптар жүйесі;
      5) рұқсат беру жүйесін жеңілдету, кешенді экологиялық рұқсат берудің қолданыстағы тетіктеріне көшу;
      6) қоршаған ортаға келтірілген залалды бағалауды анықтауды жетілдіру;
      7) қоршаған орта мониторингінің жүйесін дамыту.

      ^ 2. 2-стратегиялық бағыт. Қазақстан Республикасының төмен көміртекті дамуға көшуі
      Қоршаған ортаны қорғау саласын дамытудың негізгі параметрлері
      Қазақстан Республикасындағы парниктік газдар шығарындылары негізгі жылы 376 млн. тоннаны, ал 2009 жылы СО2 эквивалентті 289 млн. тоннаны құраған. Еліміздегі парниктік газдар шығарындылары көздерінің орындалған түгендеуі, сондай-ақ көміртегі диоксиді эмиссияларының әзірленген болжамдары парниктік газдар шығарындыларының ІҰӨ бірлігіне (3,38 кг/АҚШ доллары) үлесті көрсеткіші бойынша Қазақстан әлем бойынша бірінші орынды иеленіп отырғандығын растайды.
      Түрлі елдердің шығарындыларының салыстырылатындығын қамтамасыз ету үшін тұрғындардың жан басына шаққандағы негізгі парниктік газдардың жылдық эмиссияларының көрсеткіштерін есептеу қабылданған. 2005 жылы Қазақстан парниктік газдардың жалпы үлес эмиссиялары бойынша орта және жоғары көміртек сыйымдылығы экономикасы бар елдер арасында жан басына шаққанда 19,1 тоннаны құрап, 14 орын алды. 2009 жылы жан басына шаққанда 17,3 тонна құрап, оның ішінде шамамен 13,7 тоннасы көміртек диоксидінің эмиссиясына арналған.
       Көміртек диоксиді шығарындыларының көлеміне ең көп үлесті энергетика, ал энергия тасығыштарынан – көмір қосады, бұл ретте есептер көрсеткендей, шығарындылар генерациясындағы көмірдің үлесі үдемелі қарқынмен өсетін болады. Отынды жағудан түзілетін жалпы шығарындылардың көлемінде ол 2010 жылға қарай 63 %, ал 2020 жылға қарай 66 % құрайды.
      2009 жылғы 26 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасын (бұдан әрі – БҰҰ КӨНК) ратификациялап, көмірсутекті жанармайды жағудан пайда болатын парниктік газдар көлемінің өсуіне әкеліп соғатын жаһандық жылынудың алдын алу бойынша дүниежүзілік қозғалысқа қосылды. Киото хаттамасын іске асыру шеңберінде парниктік газдар шығарындылары бойынша мониторинг пен есептіліктің ұлттық жүйесін құру, көміртегі бірліктерінің мемлекеттік тізілімін, квоталарды үлестірудің ұлттық жоспарын, сондай-ақ квоталарды саудалау нарығын құру бойынша шаралар қабылданады, техникалық және консультативтік көмек ұсыну үшін халықаралық банктермен және ұйымдармен келіссөздер жалғастырылатын болады.
      Парниктік газдар шығарындылары жөніндегі заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік бекітіледі, атап айтқанда парниктік газдар шығарындыларына белгіленген көлемді асырғаны үшін айыппұлдар енгізіледі. Еуроодақта айыппұл асырған әрбір тонна үшін 100 евро көлемінде белгіленген, биржадағы парниктік газдардың тоннасының құны әр тоннаға 8-11 евро аралығында ауытқиды. Қазақстанда әрбiр тоннаға шамамен 70 евро көлемінде айыппұл болжанады, биржадағы құны сұраныс пен ұсыныспен реттеледі, бірақ тоннасы 4-5 евродан төмен емес. Мұндай шаралар парниктік газдардың шығарындыларын қысқарту бойынша жобаларды iске асыру есебiнен парниктік газдар шығарындыларын төмендетуге мүмкiндiк бередi.
      ^ Негізгі проблемаларды талдау
      Парниктік газдар эмиссияларын қысқартуға мүмкіндік туғызатын МАРКАЛ-Қазақстан үлгісіне сәйкес қолданыстағы технологиялар және саланың жалпы жай-күйі жағдайында энергетикалық сектордағы парниктік газдар шығарындылары 2012-2014 жылдарға қарай Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының конференциясында Қазақстан үшін негізгі болып анықталған 1992 жылдың деңгейіне жетуі мүмкін.
      Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығымен бекітілген Қазақтан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының бағдарламасы шеңберінде көзделген отандық экономиканың үдемелі диверсификациясы Қазақстанға 2015 жылдан бастап, парниктік газдар шығарындыларының күтілетін төмендетуін жоспарлауға мүмкіндік береді. Пост-Киото кезеңіне (2012 жылы Киото хаттамасының мерзімі біткеннен кейін) 2009 жылғы желтоқсанда Копенгагенде өткен Тараптар Конференциясында Қазақстан негізгі 1992 жылмен салыстырғанда парниктік газдар шығарындыларын 2020 жылға қарай 15 %, ал 2050 жылы 25 % төмендету жөніндегі шешімін мәлімдеді.
      Осы мақсаттарда Қазақстан төмен көміртекті немесе «жасыл» экономиканы ендіру жолына түсуі керек. Төмен көміртекті немесе «жасыл» экономиканың өсуі қоршаған ортаның ластануының алдын алып және оны төмендетіп, парниктік газдармен қатар басқа да зиянды заттар шығарындыларын қысқартуға мүмкіндік беретін орнықты өсуге жатады.
      Судың, жердің биологиялық ресурстарын ұтымды пайдалану және экожүйелердегі биологиялық әртүрлілікті сақтау «жасыл» экономикаларды дамытуда шешуші маңызға ие.
      Аталған үдерістерді кіріктіру тетігі ретінде «Жасыл» өсу саясатын ілгерілету жөніндегі Еуропа-Азия-Тынық мұхиты өңіраралық серіктестік бағдарламасы шеңберінде «Жасыл көпір» Астана бастамашылығы ұсынылып отыр.
      Үкіметтің аталған бағдарламаны қолдауы Қоршаған ортаны қорғау министрлерінің 6-шы конференциясының шешіміне сәйкес Қазақстанның міндеттерін орындауға және БҰҰ ЕЭК арнайы сессиясында «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын ілгерілету бойынша ұсынысқа ықпалдасатын болады.
      ^ Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау
      Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 10 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарымен инвестицияларды тарту, экологиялық проблемаларды шешу, антропогендік салмақтың жағымсыз әсерін азайту, табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға эмиссияларды азайту, қалдықтарды кешенді қайта өңдеуге жауапкершілігін күшейту мәселелерінде төмен көміртекті экономиканың «жасыл» саясатын орнықты дамытуды басқару жүйесін оңтайландырудың қажеттілігі анықталады.
      Қазақстан отын-энергетика кешені дамыған ел ретінде, өзінің экономикалық және технологиялық даму деңгейін ескере отырып, төмен көміртекті дамуға жол таңдау проблемасына тап болуда. Төмен көміртекті экономикаға көшу мүмкіндігі ең алдымен төмен эмиссиялы энергетиканың даму үрдісімен, экономиканы қайта құрылымдаумен, энергия үнемдеумен және орнықты дамумен байланысты болады.
      Төмен көміртекті даму барлық мүдделі тараптарды тартумен экономика секторлары арасындағы ынтымақтастықты, келісімділікті және өзара іс-қимылды талап етеді, қоғамның бүкіл әлеуеті пайдаланылып, оның барлық күштері өндіріс және тұтыну салаларындағы жаңа төмен көміртекті тұрғыға көшуді іске асыруға бағытталуы тиіс. Сондықтан, Министрлік «жасыл» экономика қағидаттарын қалыптастыруға жағдай жасау, ең алдымен, қоғамдық компанияларды өткізу, табиғат пайдаланушылармен қалпына келетін энергия көздерін ендіру және энергия тиімділік бойынша шаралар қолдану, экологиялық таза технологияларды ендіру мәселелері бойынша оқу семинарлары арқылы алдына орта мерзімді мақсат қояды.
      Құрамына халықаралық даму банктері кіретін Таза технологиялар қорымен келіссөздер үдерісінде 2010 жылғы наурызда үш бағыт бойынша Қазақстанда таза технологиялар бойынша жобалар/бағдарламаларды қаржыландыру үшiн жеңiлдiктi бiрлесiп қаржыландырудың Инвестициялық жоспары мақұлданған:
      1) орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйесін жаңғырту;
      2) қаржы институттары арқылы орнықты энергетикаларды қаржыландыру;
      3) жаңартылатын энергия көздерін дамыту.
      Павлодар, Петропавл, Атырау қалаларында кейбір жасыл жобаларды іске асыру үшiн инвестицияларды тарту үдерісі басталды.
      Орнықты төмен көміртекті болашаққа барар жолда жүйелі жылжыту үшін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және оның климаттың өзгеруі үдерістерінің алдын алу бойынша жұмыстар саласындағы халықаралық талаптарға сәйкес үйлесуі бар және күтілетін климаттық өзгерістерге табиғи және адам жүйелерінің осал жерлерін қысқартуға бағытталған заманға сай бейімдеу іс-шараларын әзірлеу және өткізу қажет.
      «Жасыл экономикаға» көшу, сонымен қатар климаттың өзгеруімен шартталған проблемаларды шешуге мүмкіндік туғызатын болады. Бұл ретте, әсер етудің нақты шарасы төмен көміртекті, ресурстық тиімді экономиканы құруды, оның ішінде Киото хаттамасының тетіктері арқылы инвестициялау болады.
      Жаңартылатын энергия көздерін ендіру, жаңартылатын ресурстар мен энергия көздерін пайдалану саласындағы бәсекеге қабілетті ғылыми әзірлемелерді және инновациялық технологияларды құру бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізу, осы саладағы басым міндеттерге айналады.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9



Похожие:

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің
Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің
Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспардың
Р Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №98 ҚР Үкімет қаулысымен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған жылдарға...
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспардың 2012 жылдың іске асыру туралы талдау жазбасы
Р Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №98 ҚР Үкімет қаулысымен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған жылдарға...
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған Стратегиялық жоспардың
Р Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №98 ҚР Үкімет қаулысымен бекітілген 2011-2015 жылдарға арналған жылдарға...
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconЖоба Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Астана қ. Мазмұны
Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі қызметінің стратегиялық бағыттары
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
...
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2010 – 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Миссиясы: қазіргі және болашақ ұрпақтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қоршаған ортаны сақтау, қалпына келтіру және сапасын...
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасында Білім және ғылым министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
Азақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы 2008 жылғы...
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы iconҚазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы